Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Авторлық құқықтың даму тенденциялары мен халықаралық қайнар көздері

Авторлық құқық – цивилистік категориялардың бірі бола отырып, ғылым, əдебиет жəне өнер салаларындағы тұлғаның шығармашылық қызметінің нəтижесі болып табылатын туындыларды пайдалануды реттеуге жəне қорғауға бағытталған нормалар жиынтығы болып табылады. Əртүрлі құқық жүйелеріндегі оның түсінігі, ұғымдары түрлі өзіндік ерекшеліктерге ие жəне де оның мазмұны авторлық құқық («copyright») жəне автор құқықтары («droit d'ayter») терминдерімен сипатталады [1,345 с].

Халықаралық деңгейде авторлық құқық туралы идея көптеген зерттеушілердің (отандық та, шетелдік те) айтуынша кітап басу ісімен жəне техниканың пайда болуымен тікелей байланысты XVI ғасырда пайда болды. Бұрын баспа ісі жоқ кезде қолжазбаны көбейту өте қиын болатын да, автор мүлкіне қол сұғу сирек кездесетін. Кейіннен, XVI ғасырда Иоганн Гутенберг жылжымалы литерді ойлап тауып, кітап басатын станок дүниеге келісімен кітап шығару күрт өсіп, шығарма иесіне пайда түсіре бастады. Шығармашылық еңбек саудаға айналды. Бұл авторлардың осындай туындыларды еркін пайдалануына тежеу бола тұрса да, осы туындыларды пайдалануды реттеуге байланысты сауалдар авторлардың құқықтарын қорғау негізінде емес, кəсіпкерлердің – баспашылар мен кітап сатушылардың мүдделерінің қозғалуымен пайда бола бастады. Яғни, жақсы кітапты ұрлап шығаратындар, біреудің шығармасын екіншілердің жөнсіз пайдаланып кетуі, кітап басу арқылы пайда табатындардың арасындағы бəсекелестік алғашқы «əдебиет қарақшыларын» тудырды. Баспа өнімдерінің экономикалық пайдасымен қоса, саяси жəне əлеуметтік күш-қуатын тани білген билік иегерлері XV ғасырдың аяқ шенінде ыңғайлы жеке баспагерлерге ғана ерекше мүмкіндік тудырып, қалғандарын патшалар мен корольдердің жарлығы арқылы тежеп реттеп, басқарып отырды, яғни Англия мен Францияда корольдермен, германдық князьдықтарда – князьдармен, т.б. берілетін құзіреттер жүйесі орнықтырылды.

Англо-американдық құқық жүйесі елдерінде авторлық қарым-қатынастарды реттеуде сот прецедентімен қатар маңызды рольге заңнама ие болады. Тарихқа үңілетін болсақ, Еуропадағы осы аядағы алғашқы Заң XVII ғасырда дүниеге келді. Ағылшын баспагерлері мен кітап саудагерлері компаниясының автор құқығын қорғауға байланысты талаптарына сəйкес əзірленген заң жобасы 1709 жылы талқыланып, ол 1710 жылдың сəуірінде «Королева Аннаның Статуты» деген атпен күшіне енді. Бұл заң, басында тек баспагерлердің ғана мүддесін қорғап, кейіннен басқа буржуазиялық мемлекеттермен қабылданып, туындыға айрықша құқықтарды қорғаудың фундаменталды қағидаларын бекітті. Қазіргі кезде Англияда 1956 жылғы заңның орнына келген 1988 жылғы Авторлық құқық туралы заң жүзеге асуда жəне бұл заңның күші алғашқысы сияқты бүкіл Ұлыбритания территориясында таралады. Ал суретшілердің авторлық құқығы туралы заң Англияда 1735 жылдың өзінде қабылданған еді [2, 13-15б.].

Əдеби меншік туралы ұғым Францияда бұрыннан пайда болғанымен, ол 1977 жылы XVI Людовиктің күш салуымен бір жүйеге келтіріліп, автордың өз шығармасын басып шығаруын жəне сатуына деген құқығы заңдастырылды. Ал 1791 жəне 1793 жылғы декреттерде автор өз шығармасын қалай пайдаланып, қанша рет басып шығарамын десе де еркі бары айрықша айтылған [3, 21б.].

Германияның əртүрлі аймақтарында автордың құқығын мойындайтын құжаттар 1686 жылдан бастап қабылданғанымен, Бүкілгерманиялық алғашқы Заң 1837 жылы жарық көрді.

Ал Дания мен Норвегияда 1741 жылы қабылданып, 1814 жылға дейін күшін сақтаған декретте автор мен оның мұрагерінің құқығы өмір бойы сақталды. 1762 жылы Үшінші Карлдың патшалығы кезінде Испанияда қабылданған Заң кітап шығаруға тек автордың айрықша құқы барын бекітті.

Санаткерлік меншікті қорғауда өз жүйесін қалыптастырған Америкада авторлық құқық туралы заң тұңғыш рет 1790 жылы қабылданған болатын. Авторлық құқықты қорғаудың  американдық жүйесі қазір əлемнің қай еліне болса да өз ықпалын тигізіп отырғаны ақиқат. Өйткені жыл сайын мемлекет бюджетіне 350 миллиард доллар пайда келтіретін санаткерлік меншікке иелік жасап, азаматтарының шығармашылық қызметінің табыстарын қорғау арқылы ел байлығын еселей түсуге болатындығы əркімге ақиқат. Сондықтан бұл елдің осы аяны дамытуға күш-жігерді де, қаражатты да аямайтындығы сөзсіз [4, 17б.]

Ресейге келетін болсақ, əдеби туындыларды қайта шығару жəне таратумен байланысты қарым- қатынастарды реттеу баспашылар мен кітап сатушылар құқықтарын да, авторлар құқықтарын да қорғау үшін пайда болған жоқ. Ресей авторлық құқығының негізгі ерекшелігі оның цензуралық заңнамамен байланысы болып табылады. 1771 жылға дейін кітап шығарушылық қызмет Ресейде мемлекеттік монополиялар қатарына жатқызылып келді. 1771 жылы Петербургте  шет тілдерінде кітап басып шығаруға байланысты құзіреттер енгізіліп, сол кезде шетел əдебиеттеріне цензура енгізілген еді. Орыс тіліндегі кітаптарды басуға мүмкіншілігі бар жеке типографияларға келетін болсақ, оларды құруға рұқсат тек 1783 жылғы 15 қаңтардағы жарлықпен ғана беріліп, ол 13 жылдан кейін өте либералды нормативтік акт ретінде күшін жойған еді. Мемлекеттің кітап шығару аясындағы үстем ролі Ресейде XIX ғасырдың ортасына дейін сақталып келді. Ең бірінші авторлардың өз əдеби туындыларына құқықтарын бекітетін заң тек 1828 жылы Цензуралық жарғының арнайы бір тарауы ретінде пайда болды жəне оның бастау көзінде орыстың ұлы драматургтері А.Н. Островский, А.К. Толстой, И.С. Тургенев, Н.С. Лесков сияқты алыптар тұрды. 1875 жылы оған Н.А. Римский-Корсаков бастаған композиторлар келіп қосылды [5, 36-37б.]

Қазіргі кезде Францияда жүзеге асып отырған авторлық құқық туралы негізгі заң 1957 жылы 11 наурызда қабылданған Əдебиет жəне көркемөнер меншігі туралы заң (соңғы өзгерістер 1985 жылы жасалған), ал ГФР-дегі авторлық құқық туралы негізгі заң болып 1965 жылы 9 қыркүйекте қабылданған Авторлық жəне сабақтас құқықтар туралы заң (соңғы басты өзгерістер 1972-1974 жылдары енгізілген) жəне осы заңмен қатар қабылданған Авторлық құқықтарға билік ету туралы (авторлық қоғамдар туралы) заң танылады [6, 366б.].

Авторлық келісім шарттар германдық Азаматтық Ережелерде көрініс тапқан келісім-шарттық құқық нормаларымен, 1922 жылы 7 желтоқсанда қабылданған швейцарлық Əдебиет жəне көркемөнер туындыларына авторлық құқық туралы федералдық заңымен (соңғы өзгерістер 1955 жылы енгізілген) реттеледі. АҚШ-та 1976 жылы Авторлық құқық туралы жаңа заң қабылданып (титул 17 «Авторлық құқық» Құрама Штаттардың заңдар Бостандығы), ол 1978 жылы 1 қаңтарда күшіне енді. 1988 жылы АҚШ-тың Берн конвенциясына қосылуымен  байланысты оған өзгерістер  енгізілген еді.Авторлық қарым-қатынастар АҚШ конституциясына сəйкес жекелеген штаттардың заңнамаларымен емес, федералдық заңнамамен реттеледі, сол себепті, 1976 жылғы заң да, оған дейінгі заңдар сияқты федералдық болып табылады [7, 471б.].

Сонымен, Еуропа елдерінде де, Ресейде де авторлық құқық алғашында əдеби туындыларды пайдалану құқығы ретінде көрініс тапқан еді. Кейіннен, авторлық құқықпен қорғалатын объектілер шеңбері кеңіп, өз қатарына музыкалық, көркемсурет жəне басқа да туындылар түрлерін қоса түсті.

Тарихи түрде авторлық құқықтың жүзеге асуы – автордың азаматтығы немесе қай елге бағыныштылығына байланысты анықталып келген еді. Бұдан қазір де орын алып отырған авторлық құқықтың территориалдық қағидасын көруге болады. Уақыт өтісімен, бір мемлекет азаматтарының өз туындыларын пайдалануға байланысты құқықтарының басқа мемлекеттер территорияларында да қорғалуы аса қажет етіле бастады. Бірақ, бұл мəселе терең түрдегі ізденіс пен шешімді қажет етті. Яғни, халықаралық байланыстың дамуы санаткерлік меншік иесін анықтап, оны тудырушы ел мен пайдаланушылар арасындағы қарым-қатынасты реттеудің, яғни, осы саланы бір жүйеге келтіретін халықаралық заңдарды қабылдаудың қажеттігін тудырды.

Бүгінгі таңда Қазақстан авторлық құқықтар жөніндегі мынандай халықаралық жəне аймақтық келісімдер мен конвенциялар талаптарын орындауға міндеттенуде:

  1. Бір ғасырдан астам тарихы бар Əдеби жəне көркем туындыларды қорғау туралы тұңғыш конвенция 1886 жылы 9 қыркүйекте Бернде қабылданды. Берн Конвенциясына бірнеше рет толықтырулар, өзгертулер енгізілгенімен оның жалпы қағидалары толық сақталған жəне ол барлық қатысушы елдерге ортақ болып саналады. Республика Президенті «Қазақстан Республикасының Əдеби жəне көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн Конвенциясына қосылу туралы» Заңына 1998 жылдың қарашасында қол қойды. Осы арқылы Қазақстан өзінің шығармашылық еркіндігін, санаткерлік потенциалды қорғау қағидаларының жолын берік ұстай отырып, əлемдік қауымдастыққа лайықты орын алуға ұмтылысын дəлелдей түсті.

Берн Конвениясына қосылған барлық елдер авторларының құқықтарының тең қорғалуы – осы құжаттың басты шарты. Яғни, əр тарап өз заңдарына сəйкес сол мемлекеттің азаматы болып табылатын авторлардың, сондай-ақ басқа ел авторларының да құқықтарын тең дəрежеде қорғауды жүзеге асыруға міндеттенеді. Шығармашылық еркіндікке осылайша жол ашу конвенцияға қосылған барлық елдерге тəн сипат. Сонымен, Берн Конвенциясына қосылу арқылы, біз үшін:

  1. осы Конвенцияға мүше болу арқылы Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіру мүмкіндігі артады;
  2. ең бастысы, Берн Конвенциясына республиканың өзінде де, басқа елдерде де авторлық құқықты тиімді қорғауға сенімді алғышарт орнайды;
  3. Берн Конвенциясындағы авторлар құқықтарын қорғаудағы қатаң талаптар мен тəртіптердің орын алуын, материалдық-құқықтық нормалар аздығын, ұлттық заңнамаларға сілтемелердің көптігін негізге ала отырып, дамушы елдердің мүдделерін ескеру мақсатында 1952 жылы 6 қыркүйекте Женевада Дүниежүзілік авторлық құқық жөніндегі конвенциясының қабылданғандығын атап өтуге болады. Осы Конвенцияның кіріспесінде санаткерлік меншік саласындағы тұлғалардың құқықтарын сақтау, оларды сыйлау, əдебиет, ғылым жəне өнердің дамуына ықпал жасау – халықаралық өзара түсіністікке игі əсерін тигізетіндігі нық басып айтылған. КСРО аталмыш Конвенцияға тек 1973 жылы ғана қосылған болатын. Біздің мемлекетіміз егемендікке қол жеткізгеннен кейін, Одақтың құқықтық мирасқорларының бірі ретінде аталған Конвенцияның мүшесі блып қалды. Осы екі Конвенциялардың да соңғы мəтіні 1971 жылы Парижде қабылданды [8, 28б.].
  4. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы 1996 жылы 20 желтоқсанда Женевада қабылданған Туындылардың кейбір түрлеріне жекелеген құқықтарды қорғауға байланысты авторлық құқық туралы ДСМҰ келісім-шартына 2004 жылы 16 сəуірдегі Заңымен қосылды. Бұл келісім-шарт авторлық жəне сабақтас құқықтар субьектілерінің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етудің бірден-бір қайнар көзі десек қателеспеспіз.
  5. Авторлық құқық идеясы мен жаңадан пайда болған құқықтар арасындағы компромисс жаңадан пайда болған объектілерге (орындау, фонограммалар, хабар таратушы ұйымдар бағдарламалары) қатысты алғашқы құқықтар авторлық болып табылмайтындығына, бірақ, санаткерлік меншік аясындағы құқықтарға жататындығында көрініс тапты. Сол себепті, 1936 жылдың өзінде Австрия мен 1941 жылы Италия орындаушылар мен дыбыс жазушыларға сабақтас құқықтарды ұсынды. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар жəне хабар таратушылар құқықтары өзара ортақ бір институтқа біріктіру туралы идея орын алды, кейіннен бұл идея 1961 жылы 26 қазанда Римде қол қойылған Орындаушы-артистер, фонограмма жасаушылар жəне хабар таратушы ұйымдар мүдделерін қорғау туралы Халықаралық Конвенцияда (Рим конвенциясы) көрініс тапты [9,37б.]. Жаңа құқықтар категориясын авторлық құқықтармен байланысын ескере отырып, оларды «жақын»,«байланысты», көршілес» немесе «сабақтас» құқықтар ретінде белгіледі.
  1. Жыл өткен сайын фонограмманы заңсыз қайта өңдеу мен көшіріп көбейту кең етек алып, ол авторлардың, артист-орындаушылардың жəне фонограмма өндірушілердің мүдделеріне үлкен залал келтіруде. Дыбыс жазу техникасы мен жабдықтардың жедел жетілуі іс жүзінде бұл саланы, əсіресе дыбыс, дыбыс-бейне өрісін жекелеген жылпостардың пайдасына айналдырып отыр. Сол себептен де бірқатар мемлекеттер халықаралық ұйымдардың көмегімен Фонограмма жасаушылар мүдделерін фонограммаларын заңсыз қайта шығарудан қорғау туралы Конвенцияға (Женева, 1971 ж.) қосылуды мақсат тұтуда. 2000 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының Фонограмма жасаушылардың мүдделерін олардың фонограммаларын заңсыз көшіріп көбейтуден қорғау жөніндегі Женева Конвенциясына қосылу туралы» Заңға қол қойды. Сонымен қатар, сабақтас құқықтарға тікелей қатынасы бар конвенциялар қатарында 1974 жылы 21 мамырда қабылданған Спутник арқылы берілетін сигналдар бағдарламаларын тарату туралы Брюссель конвенциясын [2, 32б.] атауға болады.
  2. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ДСМҰ-ның авторлық жəне сабақтас құқықтар саласындағы Берн Конвенциясын дамытудың жалғасы болып табылатын 1957 жылы Женевада қабылданған Фонограмма өндірушілердің мүдделерін қорғау туралы Конвенцияға 2000 жылдың 7 маусымындағы Заңымен қосылды. Бұл конвенция туындыларды орындаушылардың, фонограмма өндірушілердің жəне хабар тарату ұйымдарының мүдделерін қамтиды жəне қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Халықаралық ұйымдардың сарапшылары ДСМҰ-ның аталмыш келісімге Қазақстанның қосылуы фонограмма өндірушілер мүдделері бойынша мемлекеттер арасында бай мəліметтер жиынтығын еркін пайдалануға жəне оларды тиімді түрде қорғауға мүмкіндіктер береді деп есептейді [11, 89б.].
  3. Сабақтас құқықтар субъектілерінің мүдделерін қорғау аясындағы қайнар көздер қатарына, сонымен қатар, ҚР 04.2004 жылы №547-II Заңымен қосылған 1996 жылы 20 желтоқсанда Женевада қабылданған Орындаулар мен фонограммалар бойынша ДСМҰ келісім-шартын жатқыза аламыз.
  4. Қазақстан ТМД деңгейіндегі көпжақты жəне екіжақты келісімдерге де белсене қатысуда. Солардың ішінде ТМД-ның 9 мемлекет басшылары 1993 жылғы 24 қыркүйекте Мəскеуде қол қойған

«Авторлық құқық жəне сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы» Келісімді жəне де 1998 жылы 6 наурызда Мəскеу қаласында қабылданып Қазақстанмен 2001 жылы 11 мамырдағы №201-II Заңымен ратификацияланып, 2001 жылы 11 маусымнан бастап күшіне енген Санаткерлік меншік аясындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу аясындағы ынтымақтастық туралы Келісімін атауға болады. Енді бірі – ТМД Үкімет басшылары кеңесінің шешімімен 2000 жылы 20 маусымда бекітілген жəне ҚР Премьер-министрімен қол қойылған «Санаткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің бірлескен жұмыс комиссиясы туралы» Ереже. Сонымен қатар, осы сала қызметін ширата түсуге ықпал ететін жекелеген елдер Үкіметтер арасындағы Келісімдердің  де алатын орны ерекше.

Сонымен, жоғарыда аталған көптеген елдер соңғы 20-30 жыл ішінде өзінің авторлық құқық туралы заңнамасын едəуір жаңартып отыр. Бұл өзгерістер көбінесе қорғалатын туындылар шеңберін кеңейту, авторлар мен басқа да құқық иегерлер құқықтарының көлемін ұлғайта түсу, жекелеген авторлық құзіреттерді жəне де туындыларды пайдалану мен көшіріп көбейтудің (қайта жаңғыртудың) жаңа техникалық тəсілдерінің (кабельдік телеарна, телебағдарламаларды спутниктер арқылы беру, көшірмелер жасау, т.б.) пайда болу нəтижесін одан əрі реттей түсумен тікелей байланысты. Авторлық құқықтар жөніндегі ресми құжаттар Қазақстанда тұңғыш рет XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ғылыми-қоғамдық еңбектерде көрініс берді, ал одан соң қолданылып жүрген бірқатар заң ережелерінде, оның ішінде 1928 жылғы Заң кодексінде айқындала түскені мəлім. Дегенмен, бұл заңдар жүйесі 1917 жылғы 29 желтоқсанда қабылданған «Мемлекеттік баспа туралы» декреттен бастау алады. Қазіргі мемлекеттік кешенді заң жүйесіндегідей емес, ол кездегі заң ережелері əлемдік һəм аймақтық дəрежедегі көкейтесті мəселелерді шешуге, авторлық құқық саласының көптеген мəселелерін реттеуге дəрменсіз еді [11, 26б.]

Қазақстандағы авторлық құқықты қорғаудың мемлекеттік негізі 1973 жылы Бүкілодақтық Авторлық құқық жөніндегі агенттіктің (ВААП) Қазақстандағы бөлімшесі жұмыс істей бастаған күннен басталды. Авторлық құқықты қорғаудың жаңа кезеңі Қазақстанның тəуелсіздік алуымен тікелей байланысты. 1992 жылы Бүкілодақтық Агенттіктің қазақ бөлімшесінің негізінде Қазақстанның авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар жөніндегі Мемлекеттік Агенттік құрылды [12, 39б.]. Қазіргі кезде жүзеге асып жатқан 10 маусым 1996 жылы қабылданған «Авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңы – авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу əдісі мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектің нəтижесі болып табылатын ғылым, əдебиет жəне өнер туындыларына қолданылады деп бекітеді (6-бап).

Конвенцияларға қосылу, Келісімдерге жəне Шарттарға қол қою біздің мемлекетке бірқатар жауапкершілік жүктейді, себебі, осы Келісімдер мен Шарттар арқылы белгілі міндеттемелер қабылданады. Бүгінгі таңда халықаралық ұйымдар, экономикасы дамыған өркениетті елдер Қазақстандағы санаткерлік меншік құқықтарын қорғау мəселелеріне түпкілікті назар аударып отыр. Олай дейтініміз, мысалға, Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы сауда қатынастары туралы 1992 жылдың 19 маусымында екі елдің Президенттері қол қойған Келісімдегі маңызды баптардың бірі – Тараптардың санаткерлік меншікті қорғау жөніндегі VII бабы болып табылады. Онда атап көрсетілгендей, тараптар əр елдің өз заңдарының ережелеріне сəйкес санаткерлік меншік құқығын қорғайды, соның ішінде əдеби, ғылыми жəне көркем туындылармен қоса ЭЕМ-ға арналған мəліметтер жиынтығы да бар. Кез-келген елдегі заңның тəжірибелік құндылығы оның неғұрлым тиімді түрде жүзеге асуымен тікелей байланысты. Авторларға кей кезде өз құқықтарын жеке дара жүзеге асыру қиын болған кезде авторлардың атынан олардың кейбір құқықтарын жүзеге асырушы арнайы ұйымдар құру тиімді тəсіл болатындығы сөзсіз.

Осы негізді басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасындағы авторлық жəне сабақтас құқықтарды реттеу үшін 1996 жылдың маусымында қабылданған тұңғыш Заң актісі болып табылатын «Авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар туралы» Заң негізінде 1997 жылы «Қазақстан Авторлар Қоғамы» (ҚазАҚ) құрылды. Оның басты міндеті əдебиет жəне өнер туындылары авторларының мүліктік құқығын қорғауды Қазақстан аумағында жəне шетелдерде қамтамасыз ету [11, 77б.].

 

Әдебиттер

  1. Деменкова Н.Г., Игнатова М.С., Стариков И.Ю.. Словарь латинских юридических терминов PDF. - М.,1994. - 568 с.
  2. Антимонов Б.С., Флейшиц Е.А. Авторское право. – М., 1957. – 369 с.
  3. Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского право. – М., 1995. – 421 с.
  4. Гордон М.В. Советское авторское право. - М., 1955. – 317 с.
  5. Сергеев А.П. Право интеллектуальной собственности в Российской Федерации. – М., 1996. – 358 с.
  6. Гаврилов Э.П. Советское авторкое право. – М., 1985. – 466 с.
  7. Савельева И.В. Гражданское и торговое право капиталистических государств. - М.: Международные отношения, 1993. – 571 с.
  8. Вольтер М.М. Связь и сопоставление Римской Конвенции, договора ВОИС по исполнениям и фонограммам и Соглашения по аспектам прав интеллектуальной собственности, связанным с торговлей (Соглашения ТРИПС); развитие и возможное совершенстование охраны смежных прав, признаваемых Римской конвенцией // Бюллетень по авторскому праву.

– 2000. – Т. XXXIV. – С. 28-40.

  1. Copyright aspects of the preservation of electronic publications – Amsterdam; Institute for information Law, University of Amsterdam, 1998. – р.243
  2. Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев, 24.08.2009 // www.akorda.kz/kz
  3. Оразалинов С.Ш. Право на права. – А.: Жеті жарғы, 2004. – 196 с.
  4. Абдуразаков М.Г. Борьба с нарушителями на потребительском рынке // ИС:Авторское право и смежные права. – А., - № 1. – С.38-45.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.