Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Заң пəндерін оқыту үрдісінде «powerpoint» көрінісін жасау мен пайдалану

Адамның тіршілігі күннен күнге дамып келеді, сол себептен де білім беру мəселесі заманға сай жəне əрдайым алдыңғы қатарда болуы тиіс. Заманауи оқытушы білімді дамытудағы жалпы үрдістер мен тенденциялардан алыс болмауы тиіс. Білім берудегі компетенцияның рөлі күшейіп келеді. Ал компетенцияның дамуы жоғары кəсіби білім берудің басты мақсатына, əлеуметтік тəжірибе мен тұлға тəжірибесінің құрылымдық көріністеріне, сонымен қатар бітіруші қызметінің оған əлеуметтік тəжірибені игеруге, қазіргі кездегі тіршіліктің жəне қоғамдағы тəжірибелік қызметтен дағды алуға ықпал ететін негізгі түрлеріне негізделеді. Ол үшін біз студенттермен жұмыс жасаудың жаңа түрін меңгеруіміз қажет. Білім беру компетенцияларына үйрету мен дамыту үшін жұмыстың жаңа түрі – презентация көмектеседі.

Біріншіден, презентация бұл жаңа бір затты көрсету болып табылады. Ол бір жүйеде ұйымдасқан компьютерлік анимациялардың, суреттердің, бейне, музыка мен дыбыс шығарудың үйлесімдігін көрсетеді. Презентация ақпаратты тиімді түрде қабылдау үшін ұйымдастырылған көріністен, сценарий мен структурадан тұрады.

Екіншіден, презентация – бұл жоғары оқу орындарында дəріс жəне семинар сабақтарында қолданылатын жұмыстың жаңа түрі. Презентациялар студенттерден пəнге қызығушылықты тудыртады жəне ой белсенділігін дамытады. Студент тек ақпаратты қабылдап қана қоймай, ол сонымен қатар экранда көріп тұрғанын есте сақтап қалады.

Үшіншіден, презентация оқытушыға сабақтар, іс-шаралар өткізу барысында, жобаларды, зерттеулерді қорғауға жəрдемдеседі. Ол арқылы əр түрлі кейпкерлер туралы, мемлекет пен құқықтың ескерткіштері жайлы көрсетуге жəне айтып беруге болады. Мысалы, рим құқығы бойынша, қазақ əдет-ғұрып құқығы бойынша «12 кесте заңдарын», қазақтың салт-дəстүрлері мен əдетін, атақты басқарушылар мен билердің кейіптерін көрсетуге болады. Презентациялар шыңдықты нақты жəне тура қабылдау сезімін тудырады.

«PowerPoint» бағдарламасы, əркімнің күнделікті қолданып жүрген «Microsoft Word» мəтіндік құжаттарды жасау бағдарламасы сияқты «Microsoft Office» бағдарламасының жиынтығына кіреді. Егер «Microsoft Word» мəтін жазуға арналған бағдарлама болса, PowerPoint бағдарламасы баяндамашының баяндамасына қосымша материал түрінде компьютер экранынан,  жалпы экрандардан немесе интерактивті тақталардан көрсетуге болатын слайдтардан тұрады. Бұл оны пайдаланудың ең қарапайым түрі.

Презентацияларды əзірлеуде білім беру үрдісінде басты орынға ие болып табылатын оқытушыға біз келесідей оңтайлы тұстарды белгіледік. Презентацияны жасау барысында, оқытушы біріншіден,студенттің жастық ерекшеліктерін ескеруі қажет. Сол себептен де презентацияны əзірлеу кезінде қолданатын іс-құжаттарды іріктеп алуы қажет. Сондықтан негізгісін таңдауы үшін, əдебиеттердің кең ауқымын қарастырып шығу керек. Осыған сəйкес презентацияны əзірлеу барысында оқытушы білім алады жəне оны жүйелендіреді, білімін арттырады, өзін-өзі үйрету арқылы білімін кеңейтеді.

Екіншіден, көрсететін материалдар сабақтың тақырыбына сай жинақталуы тиіс. Осыған байланысты оқытушы көптеген материалдарды, олардың түсін, суреттердің сапасын қарап шығуы тиіс. Бұл қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыда қабылдауға, шығармашылық белсенділікті көтермелеуге өз ықпалын тигізеді.

Үшіншіден, материал ғылыми бағыттағы материал болуы керек. Мұндай жағдайда оқытушы өзіне жаңа ілімдерді алуы да мүмкін. Оқытушы презентацияны жасау барысында оған өзіндік шығармашылық, дарындық қасиеттерін қолдануы керек жəне ол  салыстыруды, талдауды, пайымдауды үйренуі қажет.

Бірақ презентацияны əзірлеу жəне пайдалану барысында ұмытпау қажет:

  • Презентация – бұл оқулық емес, конспектілік оқу құралы емес, ол сабаққа қосымша көрсететін құрал болып табылады, сол себептен де оқытушының сəлемдесуі мен қоштасуының сөзін, мақсаты мен міндеттерін, тəртібін, сұрақтарын экранға шығару қажет емес. Сөзбен сөйлеп жеткізетін дүниені презентацияға енгізу артық болады.
  • Презентация студенттің тəжірибелік қызметін ауыстырмауы керек.
  • Презентацияны қарап шығу белгілі бір физикалық ауыртпашылықты талап етеді, əсіресе көзге ауыр тиеді. Экранға сабақ материалдарының барлығын шығарудың қажеті жоқ, тек оның жекелеген элементтерін ғана шығару керек. Сабақта презентациямен жұмыс істеу уақытының жалпы көлемі 25 минуттан аспауы тиіс.
  • Презентация – бұл көңіл көтеретін ойын-сауық емес, бұл сабақ мазмұнын суретпен сипаттау, сондықтан да көрсететін материалдарды ұқыптылықпен іріктеу керек. Кейбір оқытушылар Ғаламторда анимациялық суреттері бар сайттарды тауып алып, балаша қуанып, оларды презентацияның ішіне орналастырады. Ондай түрлі-түстілік жəне жылтылдау көз бен жүйке жүйесіне қосымша салмақ түсіретінін ұмытпаған жөн.
  • Презентацияда қолданылатын барлық материалдардың суреттердің, графикалардың, дыбыс пен əннің, бейне файлдарының авторлары бар. Егер оқытушы оның авторы болмаса, презентацияның соңында оқулыққа не Ғаламтордың сайтына сілтеме жасауы қажет. Əрине, заң бойынша автордың аты-жөнін көрсете отырып, материалдарды тек соның ғана келісімімен пайдалану керек, бірақ автор əрқашанда белгілі бола бермейді, сондықтан да өзіңе жауаптылық алмай, жүйеге орналастырған Ғаламтор сайттарының иелеріне жүктеген дұрыс. Оқытушының міндеті – пайдаланылған əдебиетке сілтеме беру.
  • Əрине, өзіндік авторлық құқықтар туралы ұмытпаған жөн! Өзіңіз жасаған презентацияңызға міндетті түрде аты-жөніңізді жəне бірінші бетте өзге де авторлық материалдарды жазу керек. Өз еңбегіңізді бағалаңыз!

Сонымен, сабаққа сапалы презентация жасауға мүмкіндік беретін, ережелер түріндегі қорытынды жасайық:

  1. Сабаққа арналған слайдтарда мақсатын, міндетін, құрылғылар тізімін енгізудің қажеті жоқ.
  2. Егер презентация аудиториямен көзбе-көз жұмыс істеу үшін арналған болса, онда слайдтарға тапсырманы орындау жөніндегі нұсқаулықты орналастырудың қажеті жоқ. Оқытушының өзі оны айтуына болады.
  3. Презентацияға қарағанда көзге ауыртпашылық келмеуі керек жəне слайдтағы объектілермен жұмыс істеуге кедергі жасамауы тиіс.
  4. Анимациялық материалдарды пайдалануға аса сақтықпен қарау қажет. Артық ештеңе болмауы керек. Анимацияны слайдтың бірінші беттегі объектілерге жəне бөлімнің атауына қолданудың қажеті жоқ.
  5. Слайдтарға көп мəтін орналастырудың қажеті (6-8 сөзден аспағаны жөн), шрифті жəне суреттер аудиторияда кез келген жерден қарағанда жақсы көрсетілуі тиіс. Мəтіннің шрифті 28 кегельден төмен болмауы керек.
  6. Слайдтарға арналған дайын шаблондарды аса сақтықпен пайдаланған жөн. Слайдта бөтен объектілер болмауы керек, егер олар мəтіннің бетін жауып қалса, мəтіннің немесе суреттің беті қараңғы болып қалуы мүмкін жəне ол слайдтардағы басқа объектілерге кедергі болуы ықтимал. Бір презентацияда рəсімдеудің əр түрлі шаблондарын пайдаланбаған жөн.
  7. Сабақ мазмұнын суретпен сипаттау бір стильде, бір өлшемде жəне бір форматта болуы керек.
  8. Кішкене графикалық файлдарды түрін өзгертетіндей дəрежеде үлкейтудің қажеті жоқ.
  9. Слайдтардағы сөздерді ерекше етіп көрсету үшін оның астын сызудың қажеті жоқ, оның орнына белгілі бір түске бояп, өлшемін өзгерткен дұрыс.
  10. Авторлық құқықтарды сақтау керек, презентацияда пайдаланылған əдебиеттерге жасалған сілтемені орналастыру қажет.
  11. Бірінші слайдта өзінің аты-жөнін жəне өзге де тиісті мəліметтерді орналастыру қажет.

Сонымен, PowerPoint презентациясы оқытушы үшін үлкен мүмкіндіктер ашады, оны пайдалану қиын емес жəне оған арнайы дағдылар талап етілмейді, осының барлығын ескере келе ол сабақ мазмұнын суретпен сипаттауды, интерактивті ойындарды, тестілеуді жəне тіпті фильмдерді жасауға мүмкіндік береді. Студенттер бұл бағдарламада баяндамалар, виртуалды экскурсиялар жасай алады жəне оны жобаларды қорғау үшін қолдана алады. Бұл бағдарламаны білім  беру жүйесінде қолданудың маңызы зор болып табылады.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.