Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақтың əдет-ғұрып нормаларындағы қылмыстың түсінігі мен түрлері

Егеменді ұлттық мемлекетіміздің əрі қарай құқықтық мемлекетімізді құру процесіндегі негізгі қажеттіліктерді айта келіп Н.А. Назарбаев «Ұлт мəселесіне қатысты жалпы үрдіс тіəтанып түсіну, сөз жоқ қажет. Мұнсыз мемлекеттік дамудың логикасын болжау мүмкін емес» [1] – деп атап көрсетті.

Еліміздің жиырма жылдық тəуелсіздігін орнықтырудың стратегиялық міндеттерінің біріне- бұрынғы ұлттық тарихымыздағы тəуелсіз рухтағы көзқарасты орнықтыру болып табылады. Сондықтан Евроцентристік қатынасымдар негізінде қалыптасқан ұлттық тарихымыздың құрылымы мен мазмұнын қайта қарау бағытында, түрлі реформалардың жүргізілуінің қажет екендігін ескере отырып, дəстүрге бай қазақтың əдет-ғұрып құқығының бастаулары мен тарихи қалыптасу процесін жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттеу, заңтану ғылымындағы өзекті мəселелердің біріне жатады.

«Қылмыс» деген ұғым қазақтың əдет-ғұрып нормаларында арнайы белгіленбеген, жəне ұғым ретінде қалыптаспаған. Бірақ қылмыс адамның іс-əрекетінің бір түрі болғандықтан, сол əрекеттер не əрекетсіздіктер белгілі ортаға жақпаса, немесе зиян келтірсе, ондай əрекетті болдырмау мақсатында шара қолданылған. Сондықтан біздің ойымызша, қылмыс ұғымын, оның материалдық анықтамасын енгізу арқылы ғана анықтауға болатындығы дəлелденді. Себебі,  материальдық мəнде құқықтың қайнар көзі, қоғамның экономикалық негізі құралады жəне тікелей құқықтық көзқарастар пайда болып, соған сай келетін құқықтық мекеме белгіленеді.

Қазақ құқығы кең байтақ қазақтар мекендеген қыпшақ даласында еркіндік, бостандық жағдайда эволюциялық қалыптасқан өзін-өзі негізінде дамыды. Əдет-ғұрып нормаларының қайнар көздеріне «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» жəне Тəуке ханның «Жеті жарғысы» жатады. Сондықтан, қазақ хандарының заң шығару жағдайына көңіл аударсақ, сол заң жинақтарының жалпы қасиеттермен құндылықтарын түсінеміз.

Мақсатымыз, қазіргі кездегі заман талаптарына сай қабылданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында көрсетілген жаңа көзқарастарға сүйене отырып, əдет-ғұрып номаларындағы қылмыстың түсінігі мен түрлері туралы көзқарастарға көңіл аудару.

Қазақ құқығының қалыптасуы ХІІІ ғасырда өмір сүрген Шыңғыс ханның «Орда биі» атанған Майқы биден басталған. Соған байланысты қазақ құқығы туралы сөз болғанда «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген сөз қалғандығы белгілі. [1]. Өйткені, салыстырып қарасақ, «Жеті жарғы» мен əйгілі тарихшы Рашид ад-Диннің «ат Тарих» атты еңбегінде оның айтуы бойынша [2] Майқы бидің сол кездегі жарлықтарымен ұқсастығын көруге болады. Яғни, қазақ əдет-ғұрып құқығының негізгі басталуы Ұлы Ясамен қоса Майқы биден басталғандығын ақиқат деп санаймыз.

Бұл бойынша, тарихшы М.Х. Сүлейменовтың «Эра Чингисхана в истории Казахской нации» деген еңбегінде «В 1206 году Чингисхан решил реформировать учение «Билік» и поручил Майқы- бию разработать новый символический язык биев с тем, чтобы этот язык был образным, афористичным, емким, вместе с тем высокопоетичным, красочно-привлекательным» деп көрсетеді [3].

Зерттеуімізді «Жеті жарғының» бірінші бөлімі болып саналатын «Қасым ханның қасқа жолынан бастауды жөн көрдік.

Қасым хан ата-бабасынан қалған дəстүр, сонымен бірге қалыптасқан жаңа саяси, этникалық жағдайларға сай хандық билікті жалғастырушы, мемлекеттілікті дамытушы қайраткер болды. Яғни, Қасым хандық құрған кезде, өзінің заң жобаларын сол ата мұрасынан өзіне дейін, ұрпақтан- ұрпаққа жеткен ата-бабаларының заң-қағидаларын басшылыққа ала білген. Себебі, халықтың ата- бабаларынан келе жатқан міндетті түрде, ұрпаққа қалдыратын, əр отбасына тəн «шежіресі», жыр дастандары, ерекше тарихтары бар [4]. Сондықтан, біздің ойымызша, Қасым хан билікте отырған уақытта сол ата-бабаларынан қалған жыр-дастандарына, жол-жобаларына сүйене отырып билік жасаған, оларды өзінің «Қасым ханның қасқа жолына» негіз етіп алған. Сондай негіздің біреуі Шыңғыс ханның «Ясасы» деп айтуға болады [5].

Сол кездегі, қазақ қоғамы үшін ең маңызды рольді атқарған құбылыс елдің «Қазақ» деген атауға ие болуы. Осы туралы, белгілі ғалым В.П. Юдин «Қазақ этнонимінің этимологиясына қатысты айтар болсақ, ХІY-ХYІ ғасырларда «Қазақ» деп-əртүрлі себептермен өз  ортасынан бөлініп  кеткен  біртұтас  ұжымдарды  атаған»  деп  тұжырымдама  жасаған  [6].  Cонымен    қатар,«қазақ» деген атау Қазақ хандығына дейін ІХ ғасырдан бастап белгілі болғандығы айтылады. Шығыстанушы В.П. Юдин «қазақ» атауын зерттей отырып былай деген: «Осының барлығы Тəуке ханның «Жеті жарғысы» ХYІІ ғасырдың екінші жартысындағы əдет-ғұрып құқығының бірінші рет кодификацияланған жинағынан, құндылығы жағынан өте жоғарғы деңгейдегі конституциялық құжат болып есептеледі.

Сол Тəуке ханның басшылығымен кемеңгер үш би - Төле, Қазбек, Əйтеке, қазақтың тұрмыс салтына сай келетін түсінікті «Жеті жарғыны» жазды.

«Жеті жарғы» құқықтану заңдар жинағы ретінде бірнеше тарауға бөлінеді: əкімшілік, қылмыстық жəне азаматтық.

Қылмыстың материалдық анықтамасында, қылмыстың негізгі сапасы-оның қоғамға қауіптілігімен анықталады. Яғни, қылмыс дегеніміз –адамның қоғамға қауіпті іс-əрекеті. Сондықтан Қазақстан Республикасының «Қылмыстық кодекісінің» 9-бабының 1-бөлігіне сəйкес, қылмыс дегеніміз «Қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған, айыпталатын, қоғамға қауіпті іс əрекет /əрекет не əрекетсіздік/ қылмыс деп танылады»-деп көрсетілген.

Қазақтың əдет-ғұрып нормаларында «Жеті жарғыда» арнайы жазылған «қылмыс» деген сөз жоқ, бірақ оның орнына – «жаман қылық», «жаман іс» деген сөздер қолданылған, яғни «жаман қылық» қылмыстың түсінігін берген. Құқық нормаларында қылмыстың классикалық табиғаты дамыған феодализмдегідей сыртынан көрінбейді. Онда əдет-ғұрып нормалары бойынша қылмыс деп формалды түрдегі жəбірленуші мен оның туыстарына жасалған материалдық жəне моральдық зиян келтіру есептелген.

Осыған орай, қазақтың баяу дамыған құқықтық түсініктерін есепке ала отырып Шоқан Уəлиханов мынандай тұжырымдама жасаған: «От Киргизов и другом племенном организме и при других условиях среди и стихии нельзя требовать одинакового понимания и взгляда на преступления поступки, как у русских и от других европейцев» [2].

Əдет-ғұрып нормаларында қоғамға қауіптілік сипаты мен дəрежесіне байланысты, қылмыстардың ішіндегі ауыр қылмыстар туралы арнайы анықтама жоқ.

Біздің ойымызша, ауыр қылмыстарды сол қылмыстарға арналған жазалардың ауырлығына байланысты айырып түсінуге болады. Мысалы, кісі өлтірген адамға өте үлкен құн төлеткен. Сонымен қатар, қылмыстың жалпы түсінігімен ауыр қылмыстар түсінігі туралы жəне сол не басқа қылмыстық əрекеттердің сипаты жөнінде, патриархалдық, феодалдық қатынастардың ерекшелігі жөнінде олардың пайда болып дамыған нақтылы ортасын зерттемей абстракты қарауға болмайды.

Кейбір авторлардың пікірінше, қазақтың əдет-ғұрып құқығында тіпті «қылмыстық əрекетті қылмыстан айырмаған» деген ойлармен келісуге болмайды. Сондай авторлардың бірі - Д Андре, былай деген: «Всякое преступление, совершенной ординцем /исключая преступление против веры/, может оставаться без наказания, если обиженное и пострадавшие от того преступления лицо не изьявит на то претензии и не будет требовать удовлетворений» [3]. Себебі, əдет-ғұрып нормаларымен жəбірленушіге не оның туыстарына тигізген материалдық зиянды формалды түрде қылмыс ретінде мойындау, жеке адамның еркіне тəуелді болмады. Керісінше, қоғамдық мүдделерге сай əдет-ғұрып нормаларында көрініс тапты.

Тəуке хан жинағында жəне басқа да кейінгі əдет-ғұрып заңдарында  қылмыстық əрекеттер тізімі көрсетіліп, олар үшін белгілі жазалар белгіленген.

Жəбірленушінің не оның туыстарының ықпалымен ғана қылмыстық істер қозғалған. Егер қылмыстық істер көшпенділер қоғамының мүддесіне қатысты болса /мал жайылатын жерді, қыстақты басып алса, көп мөлшерде малды ұрласа, əйелді ұрласа/ не көбірек беделді адамдардың заттық мүдделеріне тиісті болса, сұлтандармен билердің, ақсақалдардың көзқарастарына қарай іс қозғалып сотқа берілген [4].

Құлдардың  қылмыстық  іс  қозғауға  ешқандай  құқығы  болмаған.  Ол  туралы  Тəуке ханның «Жеті жарғысында» «Жалоба раба на господина не приемлется» деп көрсетілсе, сондай тəртіп 1824 жылғы қазақтың «Адат» жинағында көрсетілген [5].

Сонымен бірге, төлеңгіттердің өз сұлтандарына қарсы арыздары, мал бағушылардың өзін жалдаған адамдарға деген, қарым-қатынастарына, əйелінің күйеуіне, баласының əке-шешесіне арыздары қабылданбаған. Сонымен барлық талас-тартыс үстем тап өкілдерінің пайдасына шешілген.

Сот процесінде қорғалатын объектінің сипатына байланысты əдет-ғұрып нормаларында: 1. Адам өміріне қарсы қылмыстық əрекеттердің айырмашылығына байланысты төмендегідей қылмыс түрлеріне бөлінген: а) Кісі өлтіру; б)Ұрып-соғу жəне денеге жарақат салу; в) Қорлау [6].

 Қазақтың əдет-ғұрып нормаларында адам өлтіргені үшін жазаланатын жəне жазалауға жатпайтын түрлері болған. Оларға мынандай қылмыстық əрекеттер жатқызылған: иесінің өз құлын өлтіруі, ұрыны қылмыс үстінде өлтіру. Сонымен қатар, əдет-ғұрып  заңдары қасақаналықпен жəне абайсызда кісі өлтіруді айырып көрсеткен. Яғни, қорғалатын объектінің сипатына байланысты əдет-ғұрып нормаларында кісі өлтірудегі қылмыстық əрекеттердің айырмашылығына көңіл аударылып кінəні ауырлататын жəне кінəні жеңілдететін нормалар белгіленген.

Əдет-ғұрып нормаларындағы 2) От басына жасалатын қылмыстар. От басы-əр адамның өз ошағы, жұбайы, балалары, ата-анасы жəне жақын туыстары. Қазақ жерінде отбасы қасиетті болып саналған.

Қазақтың əдет-ғұрып нормаларының қылмыстық құқығында от басына қарсы мынандай қылмыстар белгіленген:

а) Əйел адамды ұрлау зорлау; б) Зинақорлық;

в) Əйелді, қызды ұрлау [7];

г) Ата-анаға қарсы қылмыс.

  • Мүліктік қатынастарға бағытталған қылмыстарға көңіл аударсақ, əдет-ғұрып заңдарында арнайыланған мүліктік қатынастарға қарсы қылмыстардың түсінігі берілмеген, тек «Мүліктік қатынастар» деп аталған. Мүліктік қатынастарға қарсы қылмыстық əрекеттерді екі топқа бөліп талдауға болады: а) ұрлық жəне тонау; б) біреудің мүлкін жою немесе зиян келтіру.
  • Қоғамға жəне басқару тəртібіне қарсы қылмыстар бойынша, əдет-ғұрып нормаларында билеу тəртібіне қарсы қылмыстардың түсінігі, басқа категориядағы қылмыстардың түсінігінен бөлініп көрсетілмеген. Мысалы, билік өкілдерінің қызметін, еңбегін бағалау, тіл тигізу, қорлау, қазақтың-ру зиялыларының ар – ұятына қарсы қылмыстың түсінігімен бірдей қаралады. Өтірік ант беру жəне өтірік куə болу, мемлекеттік билік органдарының қызметін бұзғандық қана емес, дінге қарсылық білдіру болып есептелген.

Тəуке хан заңдарында жəне басқа жоғарыда көрсетілген əдет-ғұрып нормаларының қайнар көздеріне мемлекеттік қылмыстарға не болмаса, солай аталатын «саяси» қылмыстарға қарсы белгіленген жауапкершілік жоқ.

Біздің ойымызша, оны бір орталыққа біріккен мемілекеттік биліктің жоқтығына не сондағы биліктің күшінің төмендігімен түсіндіруге болады. Яғни, «мемлекеттік қылмыс»-деген ұғым əдет– ғұрып нормаларында арнайы көрсетілмеген. Бірақ «мемілекеттік қылмысқа» жататын мынандай қылмыстық əрекеттердің барлығын байқаймыз. Оларға: отанды сатқандар, əскерден қашқандар жатады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап əлеуметтік-экономикалық қатынастардағы өзгерістерге байланысты əдет-ғұрып құқығындағы басқару тəртібіне қарсы қылмыстарға жəне қоғамдық тəртіпке қарсы қылмыстардың қауіпті деңгейіне көзқарастар өзгеріске ұшырады. Осындай жағдайларға байланысты, басқару тəртібіне қарсы қылмыстарды мынандай түрлерге бөлуге болады: өтірік жауап (өтірік ант, өтірік куəлік айту); құжаттарды ауыстыру; өтірік сөз тарату; үлкен қоғамдық жиналыстарда тəртіпті бұзу) [8].

  • Дінге қарсы қылмыстардың түрлері.

Шариғат заңдарында жəне əдет-ғұрып заңдарында да қылмыстың түсінігі, яғни оның қазіргі кездегідей қоғамға қауіптілігі, объектісі – неге қарсы қылмыстың жасалуы көрсетілмейді. Қылмысты шариғат заңдарында былай бөлген: қысас, диат, хадд.

«Жеті жарғының» мазмұнында дінге шариғатқа қарсы қылмыстардың (ауыр, жеңіл, орташа) түрлері көрсетілген.

Жоғарыдағы талданған ой-пікірлерді қорытындыласақ, қазіргі кездегі мəдениетіміздің қайта жаңғырулары - өміріміздің шын мəніндегі жетістіктеріне айналып отыр. Қазақтың əдет-ғұрып заңдарының қайнар көздерінің арасында, өткен кездеріне қарамай тікелей сабақтастықтың бар екенін көруге болады жəне олардың құқықтық нормалары бір-біріне, мақсаты жағынан, мазмұны жағынан ұқсас жəне бірін-бірі толықтырып, осы уақытқа дейін маңызын жоғалтпай сақталғандығын көреміз. Сондықтан, халық мұрасын қайта жаңғыртып ұрпақтың мұратына жаратуға ұсынуымыз қажет екендігіне арнайы көңіл аударамыз.

 

 

Әдебиеттер

  1. Назарбаев Н.Ə. Тарих толқынында. –Алматы. 9 б.
  2. Ш. Уəлиханов шығармалар, 170 б.
  3. Д. Андре
  4. «Жеті жарғы» 41 б.
  5. «Адат» жинағы 42 б.
  6. Культелеев Т.М. Уголовное обычное право казахов. -Алматы. -2004. 224 бб.
  7. Сонда 245 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.