Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шаруа немесе фермер қожалығы - жеке кəсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысаны ретінде

Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан нарықтық реформа бағдарламасында шаруа (фермер) қожалығының қалыптасып дамуына үлкен көңіл бөлінген. Сөз жоқ, бұл факторлар ауыл шаруашылығы құрылымдарының түбегейлі өзгеруіне негіз болды. Бүгінгі таңда əлемдік тəжірибеде шаруа (фермер) қожалықтары аграрлық салада ең тиімді, əрі кең тараған шаруашылық жүргізуші нысан ретінде танылып отыр. Олар кəсіпкерлік үлгідегі экономикалық жəне құқықтық дербестік негізінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші шаруашылық ретінде де түсіндіріледі.

Қазақстан Республикасында шаруа (фермер) қожалықтарының күш алып кең таралуына 1990 жылы 21 мамырда қабылданған «Шаруа шаруашылығы» туралы заңы ұйытқы болды [1]. Бұл заң Қазақстанда алғаш рет шаруа (фермер) қожалықтарының дамуының негізгі қағидалары мен олардың шаруашылық дербестігін жəне əлеуметтік əділеттілік құқығы мен заңды мүдделерінің қорғалуына кепілдік бере отырып қызметінің бағытын, оның өзге аграрлық кəсіпкерлік субъектілерінен ерекшелігін, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамытуда басымдыққа ие болатынын айқындап берді. Осы заңға сəйкес шаруа шаруашылығына «ауыл шаруашылығын бірлесіп жүргізетін адамдардың семьялық, еңбек бірлестігі» - деген анықтама берілді.

Ал 1998 жылы 31 наурызда қабылданған шаруа (фермер) қожалығы туралы заңында [2] бұл анықтама толықтырылып, шаруа (фермер) қожалығы азаматтардың жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыруы ауылшаруашылығына арналған жерлерде, ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен, сондай-ақ осы өнімді ұқсатумен жəне өткізумен тығыз байланысты отбасылық еңбек бірлестігі ретінде танылды.

Онда шаруа (фермер) қожалығының бірнеше нысандарда құрылуы мүмкін екендігі де нақты көрсетілді.

Қазақстан Республикасы тəуелсiздiк алып нарықтық экономикалы қоғам құруы елiмiздiң тыныс- тiршiлiгiне бiрқатар өзгерiстер əкелдi.

Кеңестер Одағы кезеңiндегi əкiмшiлдiк-əмiршiлдiк əдiске негiзделген жоспарлы экономиканың құлдырап, сұраныс пен ұсынысқа, тараптардың теңдiгi мен шарт еркiндiгiне негiзделген нарықтық қатынастың келуi қоғамда кəсiпкерлiктiң пайда болып, үлкен қарқынмен дамуына ықпал еттi.

Бiздiң пайымдауымызша, шаруа (фермер) қожалығының бүгiнгi күнгi құқықтық жағдайын (құқық субъектiсi ме, əлде объектiсi ме) анықтауда келесі негiздерге сүйенген дұрыс болатын сияқты. Себебi, қазiргi кезде шаруа дегенiмiз - кəсiпкерлiк қызметтi ауылшаруашылығында жер пайдалану арқылы жүзеге асыратын жеке кəсiпкер. Ал, шаруашылықты (кəсiпкерлiктi) жүзеге асыру үшiн алынған жер жəне басқа да мүлiктердiң жиынтығы (кешенi) кəсiпкер-шаруаның иелiгiн, яғни қожалығын қалыптастырады. Олай болса, қожалық дегенiмiз – ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердi пайдалану арқылы отбасылық-еңбек немесе басқа да нысандарда жүзеге асырылатын кəсiпкерлiктi жүргiзуге негiз болатын мүлiктердiң жиынтығы. Қазақстан Республикасының ²Жеке кəсiпкерлiк туралы² заңының 15-бабында ²жеке кəсiпкерлердiң өз қызметiн жүргiзуге негiз болатын мүлiктiк құқықтары мен мүлiктерiнiң жиынтығы – кəсiпкерлiк iс болып табылады² - делiнген. Демек, кəсiпкерлiк қызметiн ауыл шаруашылығында жер пайдалану арқылы жүзеге асыратын жеке кəсiпкердiң кəсiпкерлiк iсi - шаруа (фермер) қожалығы деп аталады[4].

Дегенмен, шаруа (фермер) қожалығы мен ауыл адамдарының өзiндiк қосалқы шаруашылығы бiр- бiрiне өте ұқсас. Шынында өзiндiк қосалқы шаруашылықтың жылдан-жылға көбейiп дами түсуi жəне онда ауылдың шаруа қожалықтарының белгiлерiнiң болуы оларды жақындастыра түседi. В. В. Устюкова өз еңбегiнде ²Өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзуге байланысты қатынастардың кеңiнен етек алуына қарамастан, бүгiнгi таңда заң əдебиеттерiнде де, экономика əдебиеттерiнде де оның бiрыңғай, нақты түсiнiгi қалыптаспаған. Əрбiр iзденушi бұл ұғымға өз анықтамасын беруде² [3, 7б.] - деп жазады. Əдебиеттерде өзiндiк қосалқы шаруашылық жеке меншiктiң ерекше нысаны  (түрi) немесе жеке меншiк объектiсi болып табылады деген көзқарастар кеңiнен таралған. Қазiргi кезде жағдай мүлдем өзгердi жəне өзiндiк қосалқы шаруашылықты азаматтардың жеке меншiгiнiң ерекше нысаны ретiнде қарастыруға болмайды. Өзiндiк қосалқы шаруашылық жеке меншiктiң бiр түрi емес, себебi мұндай нысан заңдарда қарастырылмаған. Өзiндiк қосалқы шаруашылық азаматтар мен олардың отбасы мүшелерiнiң үйiргелiк учаскесiндегi шаруашылық қызметi, ауылшаруашылық өндiрiсiн толықтыратын шаруашылық жүргiзу əдiсi. Сондай-ақ, колхоз мүшелерi мен совхоз жұмысшылырының, басқа да ауыл тұрғындарының негiзгi жұмысынан бос уақытында үйiргелiк жер учаскесiнде азаматтардың жеке меншiгi мен жеке тұтынуында болатын, сонымен қатар, сатылатын ауылшаруашылық өнiмiн өндiруi.

Қазiргi кезде өзiндiк қосалқы шаруашылықты ауыл шаруашылығындағы кəсiпкерлiктiң нысаны ретiнде қарастыру туралы ұсыныстар да айтылып жүр. Бұл ұсынысқа негiз болатын  факторлар өзiндiк қосалқы шаруашылықтың тұтынушылық сипатының төмендеп, тауар өндiру  қабiлетiнiң артуы болып отыр. В.В. Устюкованың пiкiрiнше бұл дұрыс емес. Өзiндiк қосалқы шаруашылықтың өндiрген өнiмдердi ұқсатудан түскен кiрiстерi шаруа қожалығындағыдай шаруашылықты кеңейтуге емес, тек тұтынушылық мақсатқа жұмсалады [3, 22б.]. Осы көзқарас бойынша өзiндiк қосалқы шаруашылық əдеттегiдей тұтынушылық шаруашылық болып саналады.

Өзiндiк қосалқы шаруашылыққа шаруа (фермер) қожалықтары мен шағын кəсiпкерлiктiң басқа да субъектiлерiне белгiленген жеңiлдiктердi беру арқылы оның мəртебесiн көтеру туралы ұсыныстар да жоқ емес. Сондай-ақ, өзiндiк қосалқы шаруашылық иелерi қолда бар жеңiлдiктерiнен айырылып қалуы мүмкiн. Атап айтсақ, шаруашылықта өндiрiлген өнiмнен түскен кiрiстерге кiрiс салығын төлемейдi, кəсiпкерлiк құқық субъектiсi ретiнде тiркелмейдi, салық органдарында да тiркелмейдi, бухгалтерлiк жəне статистикалық есеп жүргiзбейдi. Бiрақ, заңи тұрғыдан кəсiпкер ретiнде танылса жоғарыда айтылғандай жеңiлдiктер берiлмеуi мүмкiн. Сондықтан, мұндай ұсыныстарды алдымен жан-жақты қарастырған дұрыс.

Ендi осы кəсiпкерлiк қызметтiң ауылшаруашылығында жүзеге асырылатын түрi – шаруа (фермер) қожалығының құрылуына тоқталайық.

Жеке кəсiпкерлiктiң нысаны ретiнде шаруа (фермер) қожалығы ерiктi түрде құрылады жəне жер пайдалану құқығын мемлекеттiк тiркеуден өткiзген кезден бастап құрылды деп есептеледi [2].

Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін өздеріне арнайы жер қорының жерінен жəне босалқы жерден жер учаскелеріне меншік немесе жер пайдалану құқығы берілуіне мүдделі азаматтар жер учаскесінің орналасқан жері бойынша аудандық атқарушы органға өтініш береді.

Өтiнiште:

а) жер учаскесін пайдалану мақсаты; б) оның болжамды мөлшері;

в) орналасқан жері;

г) сұралып отырған пайдалану құқығы;

д) басқа жер учаскесінің болуы (болмауы);

е) шаруа (фермер) қожалығының құрамы көрсетілуге тиіс.

Жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішке шаруа (фемер) қожалығының басшысы мен мүшелері қол қояды.

Өтiнiшке ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзудiң қысқаша бағдарламасы; шаруашылық басшысының ауыл шаруашылық өндірісіндегі еңбек қызметін растайтын құжаттар не тиісті білімі туралы немесе арнаулы дайындықтан өткені туралы құжат (шартта жер үлесіне құқығы  жоқ азаматтар үшін); салық төлеуші куəлігінің көшірмесі жəне шаруа (фермер) қожалығы басшысының мекен-жайы қоса тіркеледі.

Ауыл шаруашылығы ұйымдарының құрамындағы жерден жəне ортақ меншік немесе ортақ жер пайдаланудағы жерден шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін алатын азаматтар өтінішке жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, бөліп берілетін жер учаскесінің орналасқан жері туралы келісілген материалдарды қоса тіркейді.

Азаматтардың шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін бөліп шығару туралы ауыл шаруашылығы ұйымына немесе ортақ меншікке (ортақ жер пайдалануға) қатысушыларға берілетін өтінішті олар бір айдың ішінде қарауы тиіс. Бұл ретте жер учаскесін нақтылы бөліп шығару ауыл шаруашылығы егіс жұмыстары басталғанға дейін немесе аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Басқа жағдайларда жер учаскесін нақтылы бөліп шығару ауыл шаруашылығы ұйымының немесе ортақ меншікке (ортақ жер пайдалануға) қатысушылардың келісімімен жүргізіледі.

Мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін меншікке немесе жер пайдалануға алуға мүдделі тұлғаның өтініші негізінде, жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган тиісті аудандық атқарушы органның тапсырмасы бойынша, сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сəйкес мəлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды. Жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстар оны қарау жəне қорытынды дайындау үшін жергілікті атқарушы орган жанындағы комиссияға беріледі.

Аталған комиссияның қорытындысы негізінде жерге орналастыру жобасы жəне Қазақстан Республикасының жер заңдарына сəйкес жер учаскелеріне тиісті құқық беру туралы аудандық атқарушы органның шешімінің жобасы дайындалады.

Ауыл шаруашылығы ұйымдарының құрамындағы жерден жəне ортақ меншіктегі немесе ортақ жер пайдаланудағы жерден шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскесіне құқық беру туралы аудандық атқарушы органның шешім қабылдауы үшін комиссияның қорытындысы талап етілмейді. Жер учаскесіне құқық беру туралы аудандық атқарушы органның шешімі жерге орналастыру жобасының негізінде қабылданады.

Жер учаскесіне құқық беру туралы аудандық немесе қалалық атқарушы органның шешімі тиісті жерге орналастыру жобасы бекітілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қабылданып, жер учаскесіне меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын беру туралы шешімнің көшірмесі шешім қабылданған кезден бастап жеті күн мерзімде өтініш берушіге тапсырылады.

Жер учаскесіне құқық беруден бас тарту комиссия қорытындысы негізінде аудандық атқарушы органның шешімімен рəсімделеді жəне шешімнің көшірмесі ол қабылданғаннан кейін жеті күн мерзімде өтініш берушіге тапсырылады.

Жер учаскесіне құқық беру туралы аудандық атқарушы органның шешімі қабылданғаннан кейін белгілі бір жердегі жер учаскесінің шекараларын белгілеу жүргізіледі жəне жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар жер учаскесіне құқықты куəландыратын тиісті құжаттарды береді.

Жер учаскесіне құқықты куəландыратын құжат шаруа (фермер) қожалығына рəсімделеді жəне Қазақстан Республикасының жер заңдарына сəйкес барлық жеке меншік иелерін (жер пайдаланушыларды) көрсете отырып, шаруа (фермер) қожалығының басшысына беріледі.

Шаруа (фермер) қожалығының жер учаскесіне құқығы жылжымайтын мүлікке құқықтарды жəне онымен жасалатын мəмілелерді мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап пайда болады [2].

 

Әдебиеттер

  1. Қазақ ССР-нің 1990 жылы 21 мамырда қабылданған Шаруа шаруашылығы туралы заңы // ССРО Жоғарғы Кеңесінің Водомосы -1953, №
  2. Қазақстан Республикасының 31 наурыз 1998 жылы қабылданған «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» Заңы (енгізілген өзгерістерімен). – Алматы: Параграф, құқықтық анықтама жүйесі. -2011.

 

 

  1. Устюкова В. В. Правосубъектность крестьянского хозяйства // Советское государство и право. – М.: Наука,1992.-

№ 1. С. 54-61.

  1. Қазақстан Республикасының 19 маусым 2006 жылы қабылданған «Жеке кəсіпкерлік туралы» Заңы. – Алматы: Жеті жарғы,

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.