Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Гендерлік саясаттың даму барысы жəне маңыздылығы

Гендерлік саясаттың даму тарихының шығуы XIX ғасырда басталды деп есептеуге болады. Батыс Еуропа жəне АҚШ елдерінде екі жыныстылардың теңдігі туралы феминистік қозғалыс пайда болды. Бұның негізгі бағыты - əйелдердің сайлау құқығы туралы күрес болды.  XX  ғ. 60-  шы  жылдары  жаңа  гендер  ұғымы  пайда  болды.  Ғылымда  осы  кезде «гендер» ұғымына анықтама беріле бастады. Онда биологиялық жынысы негізінде қоғамда қалыптасқан əйел мен еркектің əлеуметтік рөліндегі ерекшелігі ретінде қарастырған. Гендерлік ерекшеліктің негізі мынада жатыр: ерлердің бастауы - үстемдік ету, ал əйелдер – бағынушы. Барлық мəселе осыдан шығады. Бірақ гендер - биологиялық жыныстық ерекшеліктеріне қарағанда өте күрделі құрылым. Жыныстық биология, гендерлік ұқсастық, гендерлік идеалдар жыныстық ұқсастықтың бірнеше бөлігінің компонентінен тұрады [1]. Гендер екі жыныстылардың, яғни өз кезегінде бір жыныстың екінші жынысқа жататындығына байланысты белгілі бір əлеуметтік рөлдерінің орындауындағы айырмашылықтары физиологиялық, психологиялық даму ерекшеліктерінің анықтамасын сипаттайды. Əйелдер мен ерлер гендерлік аспектде, яғни белгілі бір мəртебесі, мүддесі, қажеттілігі жəне жүріс-тұрыстың əлеуметтік стратегиясын иеленетінін əлеуметтік индивид ретінде қарастырылады.

Сонымен, гендерлік саясаттың маңызы - қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдік, əйелдерге қатысты барлық түрлі дискриминацияны жою, оларды саяси əлеуметтендіру. Əлеуметтік дискриминация қоғамның барлық саласында кездеседі. Əсіресе, қоғамның саяси өмірінде ерекше айқын көрініс табады. Қазақстанда гендер саясатының белсенді дамуы, ҚР егемендік алғаннан кейін басталды деп есептеуге болады. Егер гендер саясатының шығу тегін салыстырып зерттесек, ол Қазақстанда 90-шы жылдарын  бастау алып, қазіргі күнге дейін жалғасын тауып отыр. Бұның жағымды жетістіктерінің болғанын сенімді түрде атап көрсетеуге болады. Екі жыныстылар ішінде қайсысы аз қорғалады деген сұрақ туса, оған тек бір ғана жауап бар: ол- əйел адамдар. Оған келесі фактіні айтуға болады,: яғни əйелдерді қорғау үшін дүниежүзінде көптеген ұйымдар құрылған жəне құрылуда. Олар өз мақсаттарына жету үшін өте белсенді жұмыс жасап жатыр. Ал ер адамдарға келсек, олар саясат жəне барлық қоғам өмірінде əрқашанда биік орын алады. Бұның себебін мақала барысында əрі қарай жалғастырып көрсетеміз.

Мақаладағы негізгі мəселе төмендегі мақсатына сəйкес бөліп қарастырылады: əйелдердің саяси жəне экономикалық алға жылжуы; қоғамда, тұрмыстық өмірде əйелдерге зорлық көрсетуге қарсы күрес; əйелдердің денсаулығын жақсарту жəне т.б.

Өткен ғасырдың аяғында Қазақстанда əйелдер қоғамдық-саяси өмірде белсенді субъект болған жоқ.

Саясат əйелдерді нақты қажет етпеді, бұның себебі психологиялық ерекшелік болып табылады: əйелдер ерлерге қарағанда төмен бағаланады. Бұның негізінде əйелдермен қатар ерлердің төмен бағалануы жатыр. Қазір əйелдердің психологиялық қайта қалыптасуы анық байқалады. Қазіргі кезеңде əйелдердің əлеуметтік саяси бейімделуі өте тиімді болуы қажет. Бүгінгі таңда əйелдердің азаматтық белсенділігі байқалады, бұның негізгі көрсеткіші əйелдер қызмет ететін үкімет емес ұйымдар санының өсуі болып табылады. Əйелдердің үкіметтік емес ұйымдары гендерлік саясаттың индикаторы деп айтуға болады. Тəуелсіздікті алумен Қазақстанда бұқаралық əйелдер ұйымының құрылу процесі қарқынды өсуде. Республикада 150 -ден аса əйелдер мəселесімен айналысатын əйелдердің үкіметтік емес ұйымдары қызмет етеді. Əйелдер қозғалысы қалыптастырған бүгінгі таңда белгілі мынадай ұйымдар бар,  олар«Іскер əйелдер ассоциациясы», «Феминисткая лига», «Жалғыз басты аналардың Алматылық ассоциоциясы» жəне т.б.

Қазақстанда гендерлік қозғалыс дамуының маңызды бір кезеңі ҚР Президенті жанындағы отбасы жəне əйелдер ісі бойынша ұлттық комиссияның құрылуы болды.

Соңғы кездері əйелдердің үкіметтік емес ұйымдарының қызметтерінде маңызды өзгерістер болды. Бастапқы кезде барлық ұйымдар бала жəне əйелді əлеуметтік жағынан қорғау, көп балалы жəне жалғыз басты аналардың, мүгедек аналардың жəне т.б. құқықтарын қорғаумен қатар психологиялық жəне заңдық көмек көрсетеуді қамтамасыз етумен айналысса, ал қазіргі таңда олардың қызметі əйелдердің саяси белсенділігінің денгейін көтеруге, саяси процестегі сұрақтарды шешуде олардың теңқұқылы қатысуына, саяси қатынастарда əйелдердің теңқұқылы субъект болуына бағытталған. Бұрын саясатқа ер адамдарға қарағанда əйелдер саяси тəжірибелері аз денсаулық сақтау, білім салаларынан келетін болатын, бірақ соңғы кездерде жағдай өзгерді, қазір саясатта саяси тəжірибесі өте жоғары заңгер, бизнесмен əйелдер саны өсіп келеді.

Əйелдердің үкіметтік емес ұйымдары қозғалысы саясатқа күшті əсер етіп отыр. 1998 ж«Əйелдердің сайлау бастамасы» коалициясы пайда болды, 1999 ж «Əйелдердің сайлау блогы» өзінің қоғамдық саяси қызметін бастады. «Əйелдерді дискриминациялайтын заңдарды алып тастау туралы» Əйелдер конвенциясының 2-бабының талаптарына сəйкес ұлттық заңнамаға гендерлік сараптама жүргізілуде.[4].

Қазақстан əйелдер құқығы бойынша БҰҰ-ның «Əйелдерді дискриминациялайтын барлық органдарды жою», «Əйелдердің саяси құқықтары туралы» конвенциясына, сонымен қатар 30-дан аса халықаралық келісімшарттар мен конвенцияларға қол қойып келісімшартқа отырды.

Қазақстандағы əйелдер саясатқа немқұрайлы деген ескі көзқараспен келісуге болмайды. Бізде саясатта белсенді əйелдер көп. Тек оларды қолдау керек. Парламент, мəслихат орындарына жету үшін əйелдерге сайлау технологиясын үйрету керек. ҚР Президенті жанындағы əйелдер жəне отбасы ісі бойынша ұлттық комиссия дəл осы жұмыспен айналысады. Əйелдерді алға тартып, имиджін жасап жəне оларға дауыс беру керек. Себебі елдегі тұрғындардың тең жартысын əйелдер құрайды.

Əйелдер отбасында əртүрлі қызмет атқарады, оны саясатпен байланыстыру өте қиын, бірақ мүмкіншілік бар.Олар отбасының бір мүшесі, үй шаруашылығында қызмет етеді, негізгі жұмысы бала күтімі болып табылады. Біз əйелдер үлкен ерік-жігердің, күштің, шыдамдылықтың иесі екендігін көре аламыз, ал енді саясатта айналысу олардың қолынан саясатпен айналысу келмейді деп айта алмаймыз.

Сонымен қатар зерттеулерге сүйенсек, лидер əйелдердің стилі ер адамдарға қарағанда өзгеше: əйелдер- сайлаушылардың мұқтаждықтарына сезімталдықпен қарайды, компромиске келуге бейім, саяси жұмыстарда мəселені шешуде демократияшыл. Ал лидер ер адамдардың стилі иерархиялығымен, технократиялығымен ерекшеленеді.

Əйелдердің экономикалық жағынан алға жылжуына көмектесу керек. Саясатқа экономикалық жағынан тəуелсіз əйел саясатпен нақты айналысып, əсер ете алады. Əйелдер мен ерлер экономикалық салада əртүрлі позицияны ұстайды. Əйелдер қызмет көрсету саласында көп кездеседі, мысалы, білім, ақпарат жəне құжатпен қамтамасыз ету, саудада, коммуналдық қызмет көрстеу жəне т.б. [5].

Гендерлік саясат əйелдердің денсаулығын жақсартуды көздейді. Басты мақсаты – əйелдердің денсаулығын жақсарту, анемия ауруымен күресу, бала мен ананың өлімін азайту, рак аурулары үшін арнайы орталықтар ашу жəне т.б.

Əйелдерге зорлық көрсетуге қарсы күрес жөнінде біраз істер атқарылды. Егер 1998 жылға дейін бұл мəселемен тек ҮЕҰ, халықаралық ұйымдар айналысатын болса, ал 2010 жылдан бастап бұл республикалық деңгейде қарастырылады. Бұған мысал – əйелдер ұйымдастырған екі республикалық конференциядағы ҚР Президентінің сөзі. Президент өз сөзінде əйелдерге зорлық көрсетушілік пен күресу жөнінде ашық айтты. Əйелдердің үкіметтік емес ұйымдары мемлекеттік органдармен бірге əйелдерге зорлық көрсетушілерге қарсы жұмыс істеп келе жатыр.

Тұрғындарға жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша зорлықты əйелдер əртүрлі түсінетін болған: олар өздеріне қатысты еңбек етуге, оқуға қысымшылық жасауды,   ұрысты,ұрып соғуды зорлық деп қабылдамайды. Өкінішке орай, біздің заңнама тек  ауыр жағдайларда ғана жаза қолданады.

Əйелдерге қарсы зорлық фактісі үлкен үрей туғызып отыр. ІІМ мəліметтері бойынша əйелдер көбінесе тонап кету, өлтіріп кету сияқты қылмыстарға тап болады. Осы əрекеттердің бəрі көшеде емес, өз үйлерінде болады.

Əйелдер отбасында да күш көрсетуге тап болады, бірақ олар қорғаныш іздеп, қорғануға талпынбайды. Бұл үйдегі жайсыз жағдайларды сыртқа шығармауға тырысудан пайда болады. Қазіргі таңда Қазақстандағы əйелдер өз құқықтары үшін күресте үлкен жетістіктерге жеткен. Біздің елдегі əйелдерді төмендету рейтингі төмен емес. Əйелдердің проблемалары өте көп.

  • Əйелдерді биліктен жəне меншіктен аластату болып мыналар табылады: күрделі əлеуметтік саяси жағдай;
  • ел өміріндегі экономикалық криминалогия; қоғамдағы əйелдер туралы ескі көзқарас; əйелдерді саяси процесте төмен бағалау;
  • заңшығарушы билік органдарына əйелдердің қатысуын қиындату; саяси өмірде əйелдер қозғалысының əлсіздігі.

Гендерлік сараптама жасау үшін жаңа заңдарды қабылдау үшін жұмыстар жүргізу керек. Біздер БҰҰ-ның халықаралық адам құқықтары жəне  əйелдерді дискриминациялаудың барлық түрлерін жою туралы Конвенцияны басшылыққа алуымыз тиіс.

Гендерлік саясаттың енгізілуі, əйелдер мүддесін ескере отырып Қазақстандағы саяси процестерді тұрақтандыру, əйелдерді дискриминациялауды жоюға бағытталған заң қабылдау жəне өкілетті органдарда əйелдердің санын көбейту болашақта əлеуметтік саяси келеңсіздіктердің алдын алады.

Жыныстық дискриминациямен күрес- мемлекеттік гендерлік саясаттың ең маңызды алғы шарты. Қазіргі таңда Қазақстан – гендерлік институттың дамуы жөнінде жəне дискримина- цияны жою мəселесі бойынша бірден-бір алда келе жатқан мемлекет.

 

Әдебиеттер

  1. Смелзер Н. Социология. -Москва, 1994 г. С.303.
  2. Мекебаева М.А. Изменение социально-ролевых функций женщин в РК и их влияние на политическое поведение// Саясат.- №10 - 11/2000 г. С.
  3. Дьяченко С.А. Эффективная социально-экономическая гендерная политика как важный фактор развития общества// Саясат.- №10-11/2000 г. С.8.
  4. Хасанова Г. Женское политическое участие в РК // Саясат. №5/2002 г.- С.
  5. Шеденова Н., Ускембаева М. Гендерные аспекты экономической активности сельского населения// Саясат.- №7/2005 г.- С.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.