Адам саудасы мəселесі – қазіргі таңда қоғамдағы теріс құбылыстардың біріне айналуда, бұл мəселе бірінші рет ХХ ғасырдың басында құқық қорғаушылардың тарапынан көтерілген болатын.
Қазақстанда бүгінгі таңда тауарлардың көзіне жəне алып өту орнына айналып отыр. Сонымен қатар, ол əрі соңғы жеткізілім орны сипатында көрініс беріп те қалады. Мұнымен қоса, мемлекет ішінде заңсыз адам саудасымен айналысу оқиғалары да тіркеліп отыр. Қазақстаннан əйелдер мен қыздарды Біріккен Араб Əмірлігіне (БАƏ), Грецияға, Түркияға, Израильге, Оңтүстік Кореяға сатып жіберу оқиғалары орын алуда. Мəліметтерге сəйкес, Қазақстан арқылы Қырғыз елінен аталған мемлекеттерге əйелдер жеткізіліп берілген. Қырғызстаннан жұмысшыларды (ерлер мен əйелдер) Алматы облысына (тікелей Қырғыз-Қазақстан шекарасы арқылы) темекі плантациясында жұмыс істеу мақсатында заңсыз алып өту деректері тіркелген [1, 1б].
Қазақстанда соңғы жылдары адам саудасына қарсы күресуге бағытталған бірқатар шаралар жасалып та жатыр. Қазақстан əлем таныған адам трафигімен күресуге бағытталған халықаралық ұйымдар мен конвенцияларға қатысып, қойылған талаптарды орындап отыр. Қазақстанның бұл саладағы оң қадамдары АҚШ Президентінің Конгресс алдында жасаған баяндамасында аталып та өтілді.
«Адам саудасы құрбандарын қорғау туралы» заңның адам саудасымен күресу жолында үлкен қадам жасауының арқасында он мемлекет санкцияларына ұшыраған жоқ. Ол мемлекеттер – Белиз, Босния жəне Герцеговина, Доминикан Республикасы, Грузия, Греция, Гаити, Қазақстан, Суринам, Түркия жəне Өзбекстан. Бұл мемлекеттерге АҚШ Мемлекеттік Департаментінің 2003 жылы маусым айында жарық көрген адам саудасы жөніндегі Баяндамасында жедел шаралар ұйымдастырғаны үшін жылы лебіздер білдірілді [2, 1б].
«Адам саудалау» ұғымы таяуда ғана қолданысқа енгенімен, оның түп төркіні болып саналатын«құлдық» ұғымы Қазақстан аймағында көнеден белгілі. Əдеткі құқықтың қылмыстық-құқықтық нормалары көшпенділік мəдениетінің принциптеріне негізделген ерекшелікпен сипатталады. Оны номадалық мəдениет деп атайды. Номадалық өркениеттің құрылу, даму жəне тасымалданып түрлену процесіне Шыңғысханның – Жаса немесе «Жасаң» заңдылығы өз үлесін қосты.
ХХҮІ ғасырдың басында Қазақстанда əлеуметтік қатынастардың реттеушісі Қасым ханның заңдары – «Қасым ханның қасқа жолы» болды. Ол өзіне Шыңғысханның Жасақта бекітілген əдеткі құқық нормаларын қамтиды. Қазіргі заң техникасы ұстанымы тұрғысынан бүгінгі күннің стандартына Тəуке ханның заңдары жақын келеді. «Жеті жарғы» - əдет нормаларын қорытындылау нəтижесі болып табылады. Патриархалдық-феодалдық қатынастарда əйелді некеге тұрғанға дейін күйеуі өзінің заты ретінде, меншігі ретінде сатып алған. Көптеген халықтар сияқты қазақтарда да əйел қоғамда да, отбасында да күң жағдайында болды [3, 22б]. Қалымның болуы əйелге мынадай қатынасты сипаттайды: əйел сатуға жəне сатып алуға болатын меншік ретінде, зат ретінде қаралды [4, 242 б].
Қазіргі құқықтық заң бойынша 18 жасқа жетпеген қызын басқа біреуге қалымға келін ретінде берген ата-ана ҚР ҚК-нің жаңартылған 133 бабымен «Кəмелетке жетпегенді саудалау» деп жіктемеленіп қылмыстық жауапкершілікке тартылады [5, 62 б], ал көрсетілген жастан үлкен болса, ҚР ҚК-нің 128 «Адам саудалау» деп жауапқа тартылады [5, 59 б.].
1917 жылы Қазан оқиғасынан кейін патриархалдық – рулық тұрмыстың көріністерімен, оның ішінде адам саудасымен жəне соған туыстас іс-əрекетпен күресу саласындағы қылмыстық саясат қатаңдаңды. Бұрын Қазақ ССР-нің аймағында қолданылған қылмыстық заңдылық рулық тұрмыстың қалдығын құрайтын қылмыстық іс-əрекетке мыналарды жатқызды: келін үшін төленетін жəне алынатын қалым (196 бап); əйелді некеге тұрғызуға немесе некелеп бірге тұруды созуға мəжбүрлеу, демеп некеге тұру үшін оны ұрлау (197 бап) [6, 6 б.].
1920 жылдың 28 желтоқсанында Қырғыз Орталық атқару Комитеті мен Халық Комиссариатының Кеңесі «Қалымды тойтару жөнінде» Декрет қабылдады. Онда мына түрдегі санкция болды: «екі жақты еркіндігінен бір жылға дейін айыру, оны алған адамдардың қалымдық мүлкін екі есе өлшеммен тəркілеу» [7, 48 б]. Бүкілодақтық Орталық атқару Комитетінің 1924 жылдың 16 қазанындағы ХІ шақыруының 2-сессиясында (СУ№79) «Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының автономдық республикалар үшін қылмыстық кодекске толықтырулар жөніндегі» автономдық Қырғыз КСР үшін іс-əрекеттің келесі түрлерін криминалдау қарастырылған: құн алу;барымталау; қалым төлеу жəне қалым алу (230бап); əйелді күйеуге шығуға еркіне қарамай, мысалы қалым төлеу жолымен мəжбүрлеу (231бап); екі əйел алу жəне көп əйел алу [8, 180-181 бб.].
1996 жəне 1997 жылдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі қабылданды. Қылмыстық заңдардағы нормалар жекелеген өзгешеліктерді есептемесе ҚР-дың ҚК-нің 133 «Кəмелетке толмағандарды саудалау» бабындағымен бірдей десе де болады.
Қазақстан Республикасының 2006 жылдың 2 наурызындағы «Қазақстан Республикасының адам саудасына қарсы əрекет жасау мəселелері жөніндегі кейбір заңдылық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» заңымен ҚР ҚК-не адам саудалағаны үшін жауапкершілікті қатайтатын түзетулер енгізілді [9, 3 б.].
Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 3 маусымындағы «Қазақстан Республикасының адам саудасына қарсы əрекет жасау мəселелері бойынша кейбір заңдылық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» заң жобасының түсінік хатында былай деп жазылған: «Бас прокуратура мен Ішкі Істер министрлігінің адам саудасымен байланысты қылмыстардың ашылуына, жолын кесуіне жəне тергеуіне жасаған талдауы адам саудасымен байланысты қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын 113, 126, 128, 133баптарының жетілмегендігін растайды» [10].
Қазақстанда 2000 жылы адам саудалау мəселесіне арналған бірінші Конференциясында қабылданған Резолюцияның негізгі қағидалары [11, 167-168 бб.]:
- адам саудалау (адамдар трафигі), əсіресе əйелдер мен балалар трафигі адамдарды ел ішінде жəне одан тысқары аттандыруды, сондай-ақ кейін сексуалдық қатынасқа жəне еңбекке пайдалану үшін адамды сатып алуы, сатуды жəне беруді қамтиды; құлға айналуды немесе құлдыққа ұқсас күйге келуді (қарыздық кіріптарлықты, некелесудің еріксіз формаларын, мəжбүрлеуші еңбектің басқа да формаларын) қамтиды:
- əйелдер трафигі елеулі антиəлеуметтік құбылысқа айналды, сонымен бірге бұл құбылыстың ауқымы мен формалары жөніндегі шынайы ақпарат айқын жеткіліксіз;
- əйелдердің жасырын миграцияға баруының жəне тартылуының себебі олардың қоғамдық мəртебесінің төмендігі, жұмыстың жəне жұмысқа орналасу болашағының жоқтығы;
- трафикті, оның ішінде əйелдер мен балалар трафигін ұйымдастыруға кейбір компаниялардың, туристік фирмалардың, некелесу агенттіктерінің жəне жеке адамдардың тартылуы;
- трафиктің құрбандары əдетте шекараның арғы жағына рұқсатнамасыз жəне төлқұжатсыз, немесе қолдан жасалған рұқсатнамамен жəне төлқұжатпен өтеді де, онда заңсыз мигрант ретінде тұрады. Нəтижесінде тіршілік пен жұмыстың кіріптарлық жағдайына қарамастан, олар құқық қорғау органдарынан көмек сұраудан қорқады;
- трафиктің құрбандары адам құқығының, оның ішінде өмір сүру құқығының, жеке еркіндігінің, заң алдындағы теңдік құқығының, бір жерден екінші жерге бару еркіндігі құқығының, кездейсоқ тұтқындалудан қорғану құқығының, ұстап алу мен қудалаудан, некеге өз еркімен тұру құқығының бұзылуына ұшырайды;
- шетелден трафик құрбандары əдетте мыналарға мұқтаж: трафикті ұйымдастырушылардан қорғануға, құқық қорғау органдарына хабарлау мүмкіндігіне, отанына қайтып оралуға көмек алуға, отанына қайтып оралған соң оларға психологиялық, медициналық жəне материалдық көмек сұрауға;
- адамдар трафигі мен саудалау проблемасын ең алдымен адам құқықтары көзқарасы тұрғысынан шешу керек, тек содан соң ғана мемлекеттің миграция саласындағы мүддесіне, ұйымдасқан қылмыспен күреске, мемлекеттің жезөкшелікке қатысы бойынша қарау қажет.
С.А. Алжанкулов аталған ғылыми форумнан жеті жыл өтсе де адам саудасының пайда болу жəне таралу себептеріне деген козкарастың іс жүзінде өзгермегендігін айтады [12, 45 б].
Адам саудасына қатысты кейбір авторлардың еңбектерінен алынған қылмыстың берілген түрінің ерекшеліктері мен даму сипатын қорытындыланып 1-кестеге енгіздік:
1-кестеден адам саудасы қылмыстық іс-əрекеттердің ішінде қауырт дамып келе жатқан түрі екендігін, оның құрбандары санының бүкіл əлем бойынша өсіп отырғандығын байқаймыз. Демек, қылмыстың осы түрін ауыздықтауға қарсы заңдылық пен іс-шараларды кең ауқымда күшейту керек.
Адам саудалауға қарсы əрекет жасау жөніндегі ҚР-ның 1996-2009 ж.ж. Заңдары мен қаулылары қорытындыланып 2-кестеге енгізіледі.
2-кестеде Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы бағытталған іс-əрекетті күшейтудің маңызды факторларының бірі заңдылықтар мен қаулылар жөнінде мəліметтер енген. Бұл мəліметтер елімізде аталған қылмысқа қарсы күрес жүргізуде бірқатар шаралардың орындалып жатқандығын білдіреді.
Әдебиеттер
- Доклад о соблюдении прав человека в Казахстане в 2001 г. //Государственный департамент США.//http://www.state.gov.
- США утверждает, что 10 стран предпринимают шаги по борьбе с торговлей людьми //Migrant.us. 09.2003//http://www.infohouse.us.
- Корзун И.В. ПРеступность среди женщин в Казахстане. –Алматы: Жеты Жаргы, 1998. –78 с.
- Культелеев Т.М. Уголовное обычное право казахов. –Алматы: Дауир, 2004. – 264 с.
- Уголовный кодекс Республики Казахстан. – Алматы: Юрист, 2008. -180 с.
- Мамутов А.М. Преступления, составляющие пережатки патриархально-родового быта. – Алматы: Казгоснздат, 1963 - 275 с.
- Культелеев Т.М. Совесткое законодательство в борьбе с преступлениями против раскропощения женщины//Известия АН КазССР, серия юрид., 1948 - №50. – вып.1 – С.48-52 .
- Уголовное законодательства Союза ССР и союзных республик в двух томах. Т.1.-М. Госюриздат, 1963 – 375 с.
- Казахстанская правда – 2006 – 11 марта. 10. СПС «Юрист», 19.04.2006, 10:56:04.
- Революция международной конференции «Женщины закон и миграция». г.Алматы 23-24 ноября 2000 г. «Женщины.
- Закон и Миграция/ под ряд» Михаэля Чанца; материалы конференции. – Алматы: МОМ в Казахстане. 2000 – С.167-168.
- Алжанкулов С.А. Причины возникновения и распространения торговли людьми // Вестник КазНУ им. Аль Фараби. Серия международные отношения и международное право. 2007. №3-47.– с7 44-49.
- Кара С.Раф. Защита жерт торговли людьми; первый закон о борьбе с рабством от 2000//Организованная преступность, терроризм и коррупция.- 2003.- №3//Московский исследовательский центр по проблемам организованной преступности и коррупции//http:www.mosogcrimecenter.ru.
- Синицин Ф.Л. Зарубежное законодательство по проблеме торговли людьми//Организованная приступность, терроризм и коррупция.- 2003.-, №3 //Московский исследовательский центр по проблемам организованной преступности и коррупции//http:www.mosogcrimecenter.
- Сюзан Х.Джексон. Выполнить и подчиниться: торговля «повестками по почте» //Организованная приступность, терроризм и коррупция.- - №3 //Московский исследовательский центр по проблемам организованной преступности и коррупции//http:www.mosogcrimecenter.ru.
- Кулакова Н.Г. Криминалогические и уголовно-правовые меры с торговлей несовершеннолетними: автореф. диссертации к.ю.н.- М.: Академия управления МВД России, 2000. - С.