Қазақстан Республикасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселесі тек елімізде ғана емес дүниежүзілік мəселе болып отыр. Жалпы əлемдік көкейкесті мəселелерінің бірі ол азық-түлік тапшылығы болып тұр. Азық-түлік тапшылығы Африка елдері мен Азияның кейбір елдерінде белең алып отыр. Бұл мəселені шешу мақсатында БҰҰ-ның азық-түлік тапшылығының алдын алу туралы самиттерін өткізді. Осыған сəйкес БҰҰ-ның азық-түлік бағдарламасы бойынша ашаршылыққа ұшырап отырған елдерге көмек көрсетуде. Осы өзекті мəселе бойынша дамыған АҚШ жəне Еурорпа елдері ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан қамқорлық көрсетіп, ірі фермерлеріне бəсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге мүмкіндік беріп жатыр.
Біздің көршілес жатқан мемлекеттерде басты өзекті мəселесі болып отырғаны бізге мəлім. Өйткені Ресей мемлекеті азық-түлік қауіпсіздікті шешудің бір жолы ол астықтың көлемін ұлғайту болып отыр. Азық-түлік қауіпсіздігінің алдын алудың негізгі жолы ол ауыл шаруашылығы кешенін дамыту, əсіресе жеке шаруашылық қожалығын қолдау, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру болып табылады. Оның дамитыны дамиды-ау, дегенмен БҰҰ-ның мəліметтері соңғы жылдарда егістікке жарамды жерлер азайып жатқаннын атап кетті. Ал халық саны дүние жүзінде жылдан-жылға өсіп, сонымен қатар азық-түлік бағасы да артып келе жатыр. БҰҰ бұл мəселені азық- түлік дағдарысын шешудің жолын таба алмай жатыр. Бірақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламаларын жасап, соған сəйкес барша елдерді 2030 жылға дейін азық-түлік өнімдерін өндіруде кемінде 50%-ке ұлғайтуға, бай елдер кедей елдерге қарасып, экспорт-импорт салықтарын азайтуға жəне ауыл шаруашылығын барынша қолдау көрсетуді көздеп отыр. Қазір кез технология мен техниканың дамуы қарқынды болып жатыр. Технологияның дамуына байланысты азық-түлік өндіруде жаңа технологиялар пайда болуда. Осыған орай азық-түлікті əртүрлі биологиялық жəне химиялық жолдармен алынып, өндіріп отыр. Ондай өнімдер адамның ағзасына жəне денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Негізінде азық-түлік қауіпсіздігі дегеніміз адамның ағзасына қауіп төндірмейтін тағамдар өндіру болып табылады.
Ал, Қазақстан Республикасындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге келетін болсақ, бұл елімізде де өзекті мəселенің бірі болып тұр. Осы мəселе бойныша елімізде бірнеше заңдар мен бағдарламалар қабылданып, олар жүзеге асып жатыр. Мəселен, Қазақстан Республикасының 2003- 2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына көрсетілген 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк бағдарламасының негiзгi мақсаты агроөнеркəсiптiк кешенiнiң тиiмдi жүйесiн қалыптастыру жəне бəсекеге қабiлеттi өнiм өндiру негiзiнде Қазақстанның азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады. Бағдарламаның мақсатына жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделедi: елдiң азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; аграрлық бизнестiң тиiмдi жүйесiн қалыптастыру; ауыл шаруашылығы өнiмiн жəне оның қайта өңдеу өнiмдерiн iшкi жəне сыртқы рыноктарда сату көлемiн ұлғайту; ауыл шаруашылығы өндiрiсiн мемлекеттiк қолдау шараларын ұтымды ету [1].
«Қазақстан Республикасының агроөнеркəсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сəйкес салаларының өнімділігі мен табыстылығын арттыру жəне отандық өнімдердің ұлттық бəсекелестік артықшылықтарын дамыту негізінде АӨК-інің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылды [2].
Елімізде бəсекеге қабілеттілікті арттыру, сонымен қатар экспорт пен импортты арттыру іс- шаралары жүргізіліп жатыр. Яғни, Қазақстан Республикасында бəсекеге қабілеттілікті арттыра отырып, экспорттың деңгейін сапалы деңгейге жеткізудің 2008-2015 жылғы тұжырымдамасын атап өтуге болады. Бұл қазіргі заманның ерекшелігімен байланысты жəне əлемде экономиканың бəсекеге қабілеттілігі деңгейінің «көрнекі бетпердесі» ретінде көрсетілетін жаңа халықаралық экономикалық нақтылықты жасаумен сипатталады. Оның үстіне елдің бəсекеге қабілеттілігі кез келген елдің дамуы үшін қағидатты мəселе, өйткені бұл халықтың өмір сүру сапасы мен əл-ауқаты деңгейінің бірден-бір объективті өлшемі болып табылады. Тұтастай алғанда, Тұжырымдама үдемелі экспорттық саясат, тұрақты дамуға, білімге негізделген экономикаға кезең-кезеңмен көшу, сондай-ақ елдің озық дамуына кедергі болатын бар жəне келешектегі қауіптерді болдырмау, бейтараптандыру не жою есебінен Қазақстанның өз нарықтық кеңістігін ұлғайту көмегімен ел экономикасының бəсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізуге бағытталған [3]. Жалпы елімізде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, халықтың өмір сүру сапасы мен əл- ауқатын дамыту бірден - бір объективті өлшем болып отыр.
Қазақстан ұлан - байтақ жерде орналасқан. Сол себепті ауыл шаруашылығын дамытуға зор мүмкіншілігі бар. Соның ішінде егін шаруашылығы, мал шаруашылығын дамытуға қолдау көрсету қажет. Шыққан сапалы өнімдерді шетелге экспортқа шығарған жөн. Бірақ егін, мал өнімдерін, азық- түлікті өңдеп шетелден сатып алғаннан гөрі, өзімізде өңдеп керісінше шетелге шығарған бізге қолайлы болатын еді. Астық өнімдерін бірнеше жылдан бері экспортқа шығаруда. Ал мал өнімдерін шығаруда көптеген кемшіліктер болып жатыр.
Ветеринария жүйесін, ветеринариялық ұйымдардың қызметін мемлекеттік басқару мен реттеуді қайта қарау, сондай-ақ тамақ өнімдерінің, ветеринариялық препараттар мен дəрілік заттардың ветеринариялық-санитариялық қолайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелері бойынша кемшіліктерді жою арқылы Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізе отырып, ветеринария саласындағы заңнамасын жетілдіру қажет. Бұдан басқа Қазақстанның алдағы уақытта ДСҰ-ға кіруі жануарлардың саулығы мен өндірілетін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында нақты құқықтық нормаларды енгізуді талап етеді. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді жануарлардың созылмалы ауруларынан сауықтыруға жəне тұтастай алғанда Қазақстан Республикасында жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотикалық жағдайды жақсартуға əрі ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қауіпсіз тамақ өнімдерін өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ұсынылған түзетулерге сəйкес заң жобасына бірқатар толықтыру, атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдардың ветеринария мəселелері жөніндегі бөлімшелерін жəне мемлекеттік ветеринарлық ұйымдардың бөлімшелерін ауылды аумақтарда құру туралы толықтыру енгізілуі керек.
Біздің шығарған өніміміз шетел мемлекеттеріне экспорттаған жағдайда алушы мемлекет қатаң тексеріп, сапасы бақыланып алынады. Сол себепті бəсекеге қаблеттілігін арттыру қажеттігі туындап отыр. Бірақ еліміздегі азық-түліктің сапасы əлі де бəскеге қабілетті емес екендігі бəрімізге мəлім. Шетел азықтары Республикамыздың сұранысы бойынша өте жоғары. Оның ішкі құрамынан гөрі əрленгендігі мен дəміне қарай өтімді болып келеді. Ал біздің өндірген өнімдер заман талабына сай емес, техникалық өнімділігі өнімнің сапасының төмендігін айтуға болады. Ауыл шаруашылығынан өндірілген өнімдердің дұрыс жеткзілімеуі сұранысты төмендетіп, керісінше шетелдердің өнімдерін алған тиімдірек болып отыр. Бұл ішкі нарық бағасының көтерілуіне алып келеді.
Əлеуметке маңызы бар бидай, күріш, ет, сары май, сүт, тағы басқа өнімдері ішкі азық-түлік қазірше тұрақтанып тұр. Бірақ экспортқа шығару жағынан əлі де шетел азығынан асып түсе алмай жатыр. Елімізде майлы дақылдар, қант қызылшасы, бақша өнімдерін қайта өңдеу сұранысын қанағаттандыра алмайды. Əсіресе жеміс-жидек бақша өнімдер халықты толығымен қанағаттандыра алмай, шет мемлекеттерінен алуға тура келіп отыр. Жалпы халықаралық ынтымақтастықта біздің еліміздің халықаралық стандартқа сай азық-түлік өндіру негізгі мақсат болып отыр. Агроөнеркəсіптік кешен ИСО жəне ХАСПП халықаралық халық стандарттарын өндіріске енгізу, енгізу жəне сертификаттау жөніндегі қызметтерінің құнын 50%ке дейін субсидиялау жөніндегі мемлекет тарапынан қолдау бағдарламасының одан əрі жүзеге асырылып жатыр. Кəсіпорындарды тамақ өнімдері өніруде техникалық жəне технологиялардың артта қалушылығының алдын алып, жаңаландыру қажет [3].
Қазақстан Республикасы халықаралық ынтымақтастық деңгейінде Ресей мен Беларусь, Қазақстанда аграрлық секторда үлкен орын алып отыр. Өйткені азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үш елдің ғылыми мектептерінің басында əлемдік атағы бар мамандар тұр, сондай-ақ кеден одағының тағы бір пайдасы – ғылыми кадрларды дайындауға, оларды тəжірибе алмастыруға жіберіп тұруға жол ашылады. Ресейдің ауыл шаруашылығы ғылымы бүгін де əлемдік деңгейде өз орнын ойып тұрып алғаны белгілі. Сондықтан үш елдің ғылыми қуатын интеграциялау əсіресе біздің мемлекетіміз үшін көбірек пайдалы болады . Жақын қарым-қатынас негізінде Қазақстанда көкөністің көптеген түрлері бойынша бағалы сорттар мен гибридтер пайда болатынына сенімдімін. Отандық өңделген азық-түлікті Еуропа рыногына шығару үшін Ресейдің көлік инфрақұрылымын жеңілдіктермен пайдалануға қол жеткізуге болады. Тиімді түрде тасмалдауды жүзеге асыра алатын болсақ, қазақстандық өнімнің əлемдік рынокта баға жағынан бəсекеге қабілеттілігі де арта түспек. Сонымен қатар, біздің тауарлар Кеден одағына мүше өзге екі елдің рыногына шығуы үшін қойылатын ветеринарлық жəне техникалық талаптар солармен бір деңгейде екендігі де біз үшін тиімді. Ал тиімсіз жағына келетін болсақ, ол кеден одағына мүше болу арқылы біз сол үлкен асулар алдындағы бəсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету, əлеуетті өсіру секілді маңызды мəселелерді меңгеріп алуымыз керек. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында азық-түлік қауіпсіздігі мəселесі бойынша агроөнеркəсіптік кешенді дамыту, ауыл шаруашылығында суды тиімді пайдаланудың артуымен қатар, өсімдік шаруашылығының жаһандық жылынуының ықтимал салдарларына бейімделу шаралары іске асырылады [5].
Ауылдық жерлерде ел халқының шамамен 50 %-ті тұратындығын ескере отырып аграрлық саланы дамыту ауылда тұратын халықтың өмір сапасын арттырудың шешуші факторы болып табылады. Осыған байланысты ауылдың əлеуметтік жəне инженерлік инфрақұрылымын дамыту, оңтайлы ауылдық орналастыруды модельдеу жұмысы жалғасады.
Жаңа онжылдық –жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстаннның жаңа мүмкіндіктері атты ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2010 Жолдауында бірінші, елдің азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілуге тиіс. Ол үшін ауыл шаруашылығына жəне тамақ өнеркəсібіне инвестициялар тартуды ұлғайту қажет. Қазақстан азық-түліктің негізгі түрлері бойынша өз қажеттілігін қамтамасыз етеді əрі экспорттық əлеуетке ие. Ел мұқтажы қанағаттандырылмай отырған маңызды тамақ өнімдерін өндіруді ынталандыруға ерекше назар аудару талап етіледі. Мəселен, өсімдік майы, жемістер, қант жəне басқалар. Біздің бұл проблемаларды шешуге мүмкіндігіміз бар. Екінші. Ауыл шаруашылығының өнімдерді экспортқа шығаратын секторларын күшейтуге күш- жігерді шоғырландырудың маңызы зор. Атап айтқанда, Каспий жəне Қара теңіздердің порттары арқылы өтетін жəне Қытай бағытындағы экспорттық арналарды кеңейту қажет. Үшінші. Мал шаруашылығы саласы да үлкен экспорттық əлеуетке ие. Қосымша шара ретінде ветеринария жүйесін халықаралық стандарттарға көшіру қажет [6]. Қорыта келгенде, ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында халықаралық ынтымақтастықта азық-түлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі кейбір құқықтық мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді дамыту қажет. Осы заңнамаларды дамыта отырып, біріншіден мал өнімдерінде көмтеген аурулар болып жатыр. Сол ауру адам ағзасына да əсерін тигізеді.
Сондықтан «Ветеринария туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізе отырып, ветеринария саласындағы заңнамасын жетілдіру қажет. Оның ішінде шетелге экспортқа шығуға да əсері бар, сол себепті ішкі тексеру мен бақылауға мамандар тартып, жарамсыз мал еттерін таратуға шек қою керек. Екінші мəселе, мал өнімдерін экспортқа шығаруда көптеген келеңсіз жағдайлар туындайды. Малдың өлуі, шикідей шығарғанда бүліну қаупі туындайды. Қазақстан Республикасында бəсекеге қабілеттілікті арттыра отырып, экспорттың деңгейін сапалы деңгейге жеткізудің 2008-2015 жылғы тұжырымдамасының орындалуын, осыған сəйкес мемлекет тұрғысынан қолдау көрсету қажет. Үшіншіден, шағын жəне орта кəсіпкерлікпен айналысатындарды Үкімет тарапынан қолдап, жеңілдікпен несие беру жағын қарастыру қажет. Тауарға зиян келтірмей ауылдан ауылға, облыстан орталыққа жеткізуге, портқа шығаруды дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз ету қажет.
Агроөнеркəсіптік кешен халықаралық халық стандарттарын өндіріске енгізу, енгізу жəне сертификаттау жөніндегі қызметтерінің құнын өсіруді субсидиялау жөніндегі мемлекет тарапынан қолдау бағдарламасының одан əрі дамыту қажет. Агроөнекəсіптік кешенді дамыту саласындағы бағдарламаларды одан əрі жетілдіріп, оның орындалуын мемлекет тарапынан бақылау қажет.
Әдебиеттер
- Қазақстан Республикасы Президенті. 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы туралы: 5 маусым 2002 жылы № 889 Жарлық (ҚР Президентінің 31.03.03 ж. № 1051 Жарлығымен енгізілген өзгерістерімен) // Параграф ақпараттық құқықтық жүйесі/2010 ж.
- Қазақстан Республикасы Үкіметі. Қазақстан Республикасының агроөнеркəсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы: 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 Қаулысы 05.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен // Параграф ақпараттық құқықтық жүйесі/2010 ж.
- Қазақстан Республикасы Үкіметі. Қазақстан Республикасы экономикасының бəсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы: 28 желтоқсан 2007 жыл № 1332 Қаулысы // Параграф ақпараттық құқықтық жүйесі/2010 ж.
- Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары// Параграф ақпараттық құқықтық жүйесі/2010 ж
- Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстаннның жаңа мүмкіндіктері атты ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2010 Жолдауы// Параграф ақпараттық құқықтық жүйесі/2010 ж.