Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құқығы

Қоғам көпсатылы жүйені білдіреді және қалыпты қызмет атқарушы үшін дұрыс ақпарат қажет болатын анықталған жүйешіктен тұрады. Осында тікелей байланыс үшін үлкен болып табылатын жүйеде, баспасөз, кітаптар, радио, телефондық байланыс, телеграф, пошта сияқты құралдар ақпараттық қызмет атқарады. Олардың қызметі бұқаралық ақпарат құқығы түсінігін қамтиды.

Бұқаралық ақпарат көпшіліктік сипатқа ие, яғни барлығына қатысты және барлығына қажеттілік деген қасиетке ие болады. Басқаша айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы еркін жиналып, жеткізіліп, басылымға шығып, таратылады.

Заң ғылымы үшін бұқаралық ақпарат құқығының табиғаты туралы мәселе қызығушылық тудырады.Берілген құқықтың табиғи құқықтық екенін анықтау маңызды, ал бұдан осы құқықтың ажырамастығы және абсолюттігі туралы айтуға рұқсат етіледі, не ол иеленген құқыққа жатады, ал бұл ол туралы түсінікті адамның белгілі бір мемлекетпен байланысының болуымен байланысты туынды құқық сияқты негіздеуге мүмкіндік береді.Жауаптың екінші нұсқасы көбірек мүмкін екендігі айқын, өйткені бұқаралық ақпарат құқығы адамның негізгі табиғи құқығы болып табылатын ақпараттың жалпы құқығынан туынды әрбір мемлекеттегі бұқаралық ақпараттың көлемі мен саны әлеуметтік-саяси және экономикалық сипаттағы факторлар қатарына байланысты өзгеріп тұрады, ал бұл да осы құқықтың мазмұнын анықтау үшін бастапқы құжат халықаралық актілер болып табылады. Адам құқықтарының жалпылама Декларация (1948 ж. 10 желтоқсан) заманда заңнамалық нормаларды, сондай-ақ, зерттелетін аймақты қалыптастыруға базалық құрылым болатыны белгілі.Декларация нормалары қоғамдағы өркениетті өзара қатынастар құрылатын рухани әрі тәрбиелік ережелер болып табылады. Кіріспеде Жалпылама Декларация «адамдар сөз бен сенімдерінің бостандығына ие болатын әлемді жасау қажеттігін таниды. Берілген фундаменталды ережені нақтылай отырып, Декларацияның 19-бабында әрбір адамның сенімдерінің бостандығына және оларды еркін білдіруге құқығы бар; бұл құқық өз сенімдерін еш кедергісіз ұстану бостандығын және ақпаратты және идеяларды кез келген тәсілмен және мемлекеттік шекараларға тәуелсіз  іздеу, алу және тарату бостандығын қамтиды. Бұл нормада ақпаратқа адамның құқығының мазмұны қарастырылған, сондай-ақ, оның адамының ішкі сенімімен тығыз байланысы анықталған [1]. Әрі қарай Декларацияда осы құқықтар мен бостандықтардың сипатын жалпылама түсінудің әлеуметтік прогресс пен көбірек бостандық жағдайында адамзат өмірі жағдайларын жақсартуға үлес қосу үшін үлкен маңызы бары атап айтылады. Сондай-ақ, қазіргі қоғамда адами құндылықтардың жоғалуы ақпараттық өркениеттің ғимараттарының фундаментін тұрақсыз, өмірге қауіпті етіп, жуып-шаяды және мұнда қоғамға еркін айналатын, сенімді және қоғамдық маңызды ақпарат аса қажет.

Бұқаралық ақпарат түсінігі алғаш рет 1991 ж. 28 маусымындағы «Баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақ КСР Заңында пайда болды.[2]. Заңда бұл ұғым көпшілікке таралатын басылымды, дыбыстық және дыбыстық-көрнекілік хабарламалар мен материалдар деген мағынаны білдіреді.Алайда бұл анықтама ең дұрысы болғанымен, ол еш өзгеріссіз 1999 ж. 23 шілдесінен БАҚ туралы әрекеттегі заңда да бар, мұнда бұқаралық ақпарат-адамдардың шектелмеген санына арналған басылған, дыбыстық-көрнекілік және басқа хабарламалар мен материалдар деп айтылған [3]. Біз жоғарда атап өткен бұқаралық ақпараттың ең маңызды қасиеті-жариялылық бұл әрекеттегі заңда ескерілмей қалған.

Бұқаралық ақпарат құқығының конституциялық мәнінің болуын және ҚР Конститутциясында көрініс табу қажеттігін атап айту тиіс.Сондай-ақ, әрекеттегі Конститутцияда тек бұқаралық ақпарат құқығы ғана емес, негіз қалаушы түсінік-ақпарат құқығы жоқ, ал бұл конститутциялық заңнаманың айтарлықтай кемшілігі болып табылады. Бұқаралық ақпарат құқығы қоғамдық пікірді мемлекет саясатына шешуші ықпал жасайтын және халықтың мемлекеттік құрылымдарымен кері байланысын қадағалауға жүзеге асыруға мүмкіндік беретін азаматтық қоғамның ерекше маңызды институты ретінде қалыптастырады.

ҚР Конститутциясында ақпарат құқығы туралы жанама түрде айтылады. ҚР Конститутциясында 20- баптың 2- тармағында әрбір адам ақпаратты кез келген, заң рұқсат еткен тәсіл мен ақпаратты еркін алып және таратуға құқылы деп айтылады. Ал ақпаратты еркін алып, тарату үшін ақпарат құқығына ие болу керек. Әрі қарай, ҚР Конститутциясының 18- бабының 3-тарауында: «Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және бұқаралық ақпарат құралдры әрбір адамзатты оның құқықтары мен міндеттеріне қатысты құжаттар, шешімдер мен ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті» - деп жазылған [4]. Берілген форма ақпарат құқығының жеке бастық аспкетісін қамтиды. Демек, негізгі заңда ақпарат құқығы қиылған сипатқа ие. ҚР Конститутциясында адамның бұқаралық ақпарат құқығы туралы мүлде айтылмайды.

Өзінің маңыздылығына қарамастан, аталған баптар толық көлемде ақпарат құқығын иеленудің қоғамдық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. БАҚ туралы ерекше баптың Конститутцияда болмауының өзі олардың дәрежесін қазіргі қоғамда құқықтық жағынан назарға алмау болып табылады, бұл билікке БАҚ айналасында аз ғана құқықтың аймақта шектелуге мүмкіндік береді.

1999 жылдың 23 шілдесінде шыққан ҚР-ның бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңы БАҚ-тың негізінен құқықтық мәртебесін анықтауға бағытталған. Дей тұрғанмен, бұл жерде біз заңнамада айтарлықтай жетіспеушілікті байқаймыз, өйткені заң нормаларының басым бөлігі тұтасымен ұйымдастыру мәселелеріне арналған.

Заңда бұқаралық ақпарат құқығы түсінігі берілмеген. Сонымен қатар, қоғамдағы айналымдағы ақпараттың басым бөлігі, бұқаралық ақпаратқа қатысты екендігіне қарамастан, бұқаралық ақпарат құқығының түсінігін анықтау айтарлықтай ғылыми және тәрбиелік құндылыққа ие. Ақпараттық құқық институтының құрылуы қалыптасып келе жатқан ақпараттық және азаматтық құрылымында бұқаралық ақпарат құралдары ерекше орын алатын жағдайда айтарлықтай өзекті.

Қолданыстағы БАҚ туралы заң бұқаралық ақпаратқа шектелмеген тұлғалар ортасына арналған баспа, дыбыстық, дыбыстық көрнекті және өзге де хабарламамен материалдар ретінде анықтама береді. Бұл анықтамада хабарламалар мен материалдар құрылымы және осы хабарламалар таралатын аймаққа басымдылық жасаған. Ереже бұқаралақ ақпараттың сапалы жағын анықтамайды. Біздің ұғынуымыз бойынша бұқаралық Ақпарат Құқығы деп анықтау - БАҚ арқылы қоғамда және мемлекетте орын алып жатқан оқиғалар туралы, мемлекеттік органдар қызметі туралы сенімді мәліметтерді жылдам алу құқығы дегенді білдіреді. Ақпараттың және бұқаралық ақпараттың қоғамдағы өсіп келе жатқан әсері туралы ақпараттандыру туралы заң (екі рет қабылданған), Президенттің жарғылары: 1997ж. 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының біртұтас ақпараттық аумақ қалыптастыру туралы және 2006ж. 18 тамыздағы 2006-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында бәсекеге қабілетті ақпараттық аумақты дамыту концепциясы және үкіметтің бірқатар қаулылары куә болады.

БАҚ-тың сенімді конституциялық құқықтық мәртебесі негізінің болмауы, бұқаралық ақпараат құқықтары БАҚ туралы қолданыстағы заңға конституциялық емес түзетулер енгізуге де жекелей алғанда, БАҚ бақылауды қатайту туралы 4-5 баптарына түзетулер енгізілді. Түзетулер БАҚ қызметін жоспарлы, жоспардан тыс және рейдтік тексерістер жүргізу мүмкіндігін қарастырады. Айта  кетерлік,«рейд» сөзі ағылшын тілінде «тұзақ» деген мағынаға ие. Заңда мұндай дұрыс емес түсініктің болуы біздің қоғамдық өмірімізде жол бермейтін құбылыс деп ойлаймыз.

БАҚ-тың сенімді конституциялық негіздері болмауының салдарының бірі -БАҚ иелерінің қоғам санасына манипуляция жасау мүмкіндігі,  сонымен  қатар өзінің  қарсылыстарына қарсы  ақпараттық соғыс жүргізу мүмкіндігі болып табылады. Ақпараттық дәуірде кім ақпаратқа ие болса, сол оған ие еместен гөрі, қосымша артықшылықтарға ие болатыны мұнан бұрын-ақ мәлім.

Жоғарыда атап көрсетілген түсініктерден шыға отырып, конституцияда бұқаралық ақпарат құқығы туралы бап қарастыру қажет, жай бұқаралық емес,- қоғамдық маңызға ие ақпарат құқығы туралы. Аталмыш мәселенің басқа қырын да байқауымыз керек. Құзырлы тұлғалар мен мемлекеттік органдармен адамдар өмірі мен денсаулығына қауып төндіретін жағдайларды және фактілерді бүркемелеу – бұқаралық ақпарат құқығының маңызды қыры.

Осылайша қазіргі таңда БАҚ туралы заң бар, бірақ оның қоғамдағы рөлі анықталмаған, олардың қызметтерінің мақсаттары мен ұстнымдары айқын жүйеге келтірілмеген қарама-қайшы жағдай қалыптасады. Бұқаралық ақпарат институты қалыптасуына әсер ететін маңызды жетіспеушілік БАҚ- тың мемлекеттік билікпен және басқа да институттармен қарым-қатнасы ұстанымын анықтауды құрайды. Бұл мәселелерді шешу үшін, Қазақстан Республикасының  Конституциясында БАҚ, олардың мақсаттары мен қызметтері туралы ереже қоғамның басқа құрылымдары арасында лайықты орын алуға тиіс, азаматтық қоғам туралы арнайы бөлімді қарастыруды ұсынды.Ресейде бұқаралық ақпарат бостандығын конститутциялық нығайту мәселелеріне аса мұқият назар аударылады. Осылайша М.А.Федотов былай деп жазады: «1993 жылдың 12 желтоқсанында бүкілхалықтық сайлаумен қабылданған , РФ-ның қолданыстағы Конститутциясы 5- тараудың 29-бабында бұқаралық ақпараттың  бостандығын бекіткен, осының  өзінде қысқа, бірақ  икемді  формуланы  қолданған:

«Бұқаралық ақпараттың бостандығына кепілдік беріледі, Цянзура тиым салынған». Ереже барынша түсінікті, дегенмен Конститутцияның жалпы мағынасы, басқа ережелердің мазмұнын есепке ала отырып, ол қажетті нақтылық пен жүйелікке ие болады [5].

Мұнан кейін ол бұқаралық ақпарат бостандығы мазмұнын байытуға 29-бапта көрсетілген басқа да ережелер қызмет ете алатыны баса көрсетілген. Осылайша 1-тарау әркімге ой және сөз еркіндігіне кепілдік береді, 4-тарау кез келген заңды жолмен ақпаратты еркін іздеуге, алуға, беруге, өндіруге және таратуға құқық береді, 3-тарау адамның өз ойын және пікірін немесе олардан бас тартуды ашық айтуға мәжбүрлеуге жол бермейді. Осылайша, біріншіден, бұл бостандықтардың қатысты тиімділігі, екіншіден, олардың терең генетикалық өзара байланысы, үшіншіден, олардың заңды мазмұнының өзара толықтыруларымен ерекшеленеді.

Біз бұқаралық ақпарат бостандығының конститутциялық кепілдіктері арасында экономикалық қызмет еркіндігін және Конститутцияда бекітілген жеке меншік құқығы еркіндігін атауға болады,- деп ерекшелеп айтқан Ресей ғалымдарының пікірімен келісеміз, сонымен қатар, ешқандай идеология мемлекеттік немесе міндетті ретінде қалыптасуы мүмкін емес деп қарастыратын идеологиялық әртүрлілік ұстанымымен де келісеміз. Осылайша ақпараттың плюрализмді бұрмалау әрекеттеріне қарсы, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын монополизациялау мен шоғырландыру жолымен де, қандай да бір қорғаныс механизмі қалыптастырады.

М.А.Федотовтың пікірінше, бұқаралық ақпараттың бостандығының  конститутциялық кепілдіктері ретінде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар мен фактілерді құзырлы тұлғалардың бүркемелеуіне жауапкершілігін қалыптастыратын: РФ Конститутциясының ережелері болып табылады (Әрбір адамның қоршаған орта жағдайы туралы сенімді ақпарат алуға, білім алу мен өнер еркіндігі, зияткерлік меншікті қорғау құқығын; Федералды Жиналыстың палаталарының отырысының ашықтығы, сот өндірісінің және т.б. ашықтығын бекітетін ); Көріп отырғанымыздай, РФ-да бұқаралық ақпарат бостандығының конститутциялық кепілдіктерінің жүйесі Қазақстандағыға қарағанда айтарлықтай кеңірек.

ҚР-ның Конститутциясында әлі де білім алу бостандығын және қоршаған орта жағдайы туралы сенімді ақпарат алуға құқығы және т.б. ережелерді алда қарастыруы керек. Осылайша қазақстандық заңнамаға ҚР Конститутциясында бұқаралық ақпарат құқығы түсінігін анықтау және нақтылау, қалыптастыру бойынша күрделі жұмыс атқаруы тиіс.

 

Әдебиеттер

  1. 1.Адамдар құқығы және сот өндірісі. Халықаралық құжаттар жинағы. М., 1996. 12 б.
  2. 2.Казахстанская правда, 1991, 3шілде.
  3. ҚР Үкіметі Ведомстары. 1999.№21. 771 б; .№10. 122 б.
  4. ҚР Конститутциясы. 1995 ж 30 тамыз
  5. М.А.Федотов: Ресей Федерациясындағы бұқаралық ақпарат құқығы. М, 2002. 40 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.