Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қажетті қорғану жағдайында жасалған әрекеттерді субъективті жағынан жіктеу

Егер қорғанушы өзіне немесе басқа бір тұлғаға қатысты өмірлеріне қауіп төндіретін, зорлық- зомбылықпен немесе осындай күш көрсетудің тікелей қаупімен байланысты шабуыл жасалып жатқандығын ұғынса, және өз құқықтарын, жеке тұлғасын, заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғау мақсатында, шабуылдаушыға қатысты күш қолданғысы келсе, онда шабуылдаушыға кез келген ауырлықта зиян келтіру қажетті қорғаныс жағдайында жасалған әрекет болып саналады. Енді қылмыстық заңның жаңа редакциясы бойынша қорғанушы өзіне шабуыл жасалған кезде, қолсұғушылық өміріне айқын қауіп төндіретін болса, қорғаныс құралдарының шабуыл сипатына сәйкес келуі туралы ойламауы тиіс.

Егер қорғанушы өзіне жасалған қастандықтың кенеттілігі салдарынан шабуыл қауіптілігінің дәрежесі мен сипатын объективті түрде ұғына алмаса және өз құқықтарын, жеке тұлғасын, заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғау мақсатында, шабуылдаушыға қатысты күш қолданғысы келсе, онда шабуылдаушыға кез келген ауырлықта зиян келтіру қажетті қорғаныс жағдайында жасалған әрекет болып саналады.

Егер қорғанушы өзіне немесе басқа бір тұлғаға қатысты олардың өмірлеріне қауіп төндіретіндей зорлық-зомбылықсыз немесе осындай күш көрсетудің тікелей қаупімен байланысты шабуыл жасалып жатқандығын ұғынса, және өз құқықтарын, жеке тұлғасын, заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғау мақсатында, шабуылдаушыға қатысты қастандық сипаты мен қаупіне сәйкес күш қолданғысы келсе, онда шабуылдаушыға осындай зиян келтіру қажетті қорғаныс жағдайында жасалған әрекет болып саналады.

Егер қорғанушы өзіне немесе басқа бір тұлғаға қатысты олардың өмірлеріне қауіп төндіретіндей зорлық-зомбылықсыз немесе осындай күш көрсетудің тікелей қаупімен байланысты шабуыл жасалып жатқандығын ұғынса, және өз құқықтарын, жеке тұлғасын, заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғау мақсатында, шабуылдаушыға қатысты қастандық сипаты мен қаупіне айқын сәйкес келмейтін зорлық көрсетуді қалаған болса, немесе ондай зорлық көрсетуді қаламаса да, оның жасалуын саналы түрде мүмкін деп санаса немесе оның жасалуына немқұрайды қараса, онда шабуылдаушыға осындай зиян келтіру қажетті қорғаныс шектерін асыру ретінде жіктеледі.

Қорғанушы қорғалатын мүдделеріне қоғамдық қауіпті қолсұғушылықты тоқтатып, болдырмау мақсатын ғана емес, сонымен бірге қолсұғушының сазайынын тарттыру мақсатын көздейтін жағдайларды да қажетті қорғаныс шектерін асыру ретінде жіктеу қажет, себебі екі мақсаттылықтың болуы қажетті қорғаныс шектерінің қасақана асырылуына алып келеді. Шабуылды төбелес бастау,сазайын тарттыру, кек алу актін жүзеге асыру сияқты заңға қайшы әрекеттерді жасау үшін сылтау ретінде пайдалану үшін қасақана бастайтын тұлға да қажетті қорғаныс жағдайында болды деп саналмайды.

Егер тұлға оқиға жағдайының салдарынан қолсұғушылықтың орын алғандығы туралы өзінің болжамының қателігін ұғынбаған болса және ұғына алмаса және өз құқықтарын, жеке тұлғасын, заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғау мақсатында, болжамды шабуылдаушыға қатысты зорлық көрсетуді қалаған болса, онда шабуылдаушыға осындай зиян келтіруді қажетті қорғаныс жағдайында жасалған әрекет ретінде жіктеу қажет. Егер бұл жағдайда тұлға сәйкес нақты қолсұғушылық жағдайында рұқсат етілген қорғаныс шектерінен асатын зорлық жасайтындығын ұғынса және оны қаласа, немесе ондай зорлық көрсетуді қаламаса да, оның жасалуын саналы түрде мүмкін деп санаса немесе оның жасалуына немқұрайды қараса, онда шабуылдаушыға осындай зиян келтіру қажетті қорғаныс шектерін асыру ретінде жіктеледі.

Егер зиян келтіруші тұлға қолсұғушылықтың болжамдылығын ұғынбаса, бірақ іс жағдайы бойынша оны ұғынуы тиіс және ұғына алатындай жағдайда болса, онда мұндай тұлғаның әрекеттерін абайсыздықпен зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын ҚК баптары бойынша жіктеу қажет.

Егер қорғанушы ішкі сезім толқуы әсерінен шабуылдаушының өзінің қоғамдық қауіпті қолсұғушылығын тоқтатқандығын ұғынбай, оған зиян келтіруін жалғастыра беретін болса, тұлғаның қылмыстық жауапкершілігі туралы мәселе оның тарапынан кінәнің болуы-болмауына байланысты болады. Тұлға тек қажетті қорғаныс шектерін қасақана асыру үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Тұлға қоғамдық қауіпті қолсұғушылықтың тоқтатылғандығын ұғынып, өз бетімен жазалау мақсатында, қолсұғушыға зиян келтіргісі келген жағдайда, қылмыскерге белгілі бір уақыттан кейін зиян келтіретін тергеусіз сотты кешіктірілген қорғаныстан ажырата білу керек. Қажетті қорғаныстың субъективті негіздемесі ретінде арнайы мақсаттың, дәлірек айтқанда, жеке тұлғаны, қорғанушының немесе басқа тұлғалардың құқықтарын, заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекет мүдделерін қауіпті қолсұғушылықтан қорғау саналады.

Қажетті қорғаныс шектерін асырған тұлғалардың әрекеттерін олардың жасырын ниеттерінің бағыты бойынша емес, іс жүзінде орын алған салдарына байланысты жіктеу қажет деп санайтын ғалымдардың пікірі даулы болып табылады. Мұндай жіктеу қорғанушы белгісіз, баламалы немесе жанама жасырын ниетпен әрекет еткен жағдайда ғана мүмкін болады. Егер тұлға өз әрекеттерінің қоғамдық қаупін, өзі келтірген зиянның қолсұғушылық дәрежесі мен қауіптілігіне сәйкес келмейтіндігін ұғынған, нақты қоғамдық қауіпті салдардың, атап айтқанда, денсаулыққа нақты зиян келтірудің орын алу мүмкіндігін болжамдаған және осының орын алуын, келтірілуін қалаған кезде тікелей нақтыланған жасырын ниетпен әрекет еткен болса, онда қорғанушының әрекеттері жасырын ниеттің бағыты бойынша жіктелуі тиіс.

Адам өлтіруді, қажетті қорғаныс шектерін асыру барысында денсаулыққа ауыр зиян келтіруді жіктеу барысында оларды аффект жағдайында жасалған адам өлтіру мен ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруден ажырата білу қажет. Аффект (қатты ішкі толқу) жағдайында жасалған қылмыстар үшін зардап шегушіге зиянның қорғаныс мақсатында емес, демек, қажетті қорғаныс жағдайында емес келтірілуі тән болатындығын ескерген жөн. Егер тұлға бір уақытта қорғаныс жағдайында және аффект жағдайында болса, онда қатты ішкі толқу күйі маңызды болмайды, себебі бұл жағдайда әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын жағдайлардың бірі орын алады.

Тұлға әрекеттерінде қажетті қорғаныс шектерін асыруды дұрыс жіктеу үшін қылмыскердің нақты қоғамдық қауіпті әрекеттегі кінәсінің табиғаты туралы мәселеге тоқталып кеткен дұрыс.

«Кінәнің психологиялық табиғатына» сәйкес кінә тұлғаның жасаған қоғамдық қауіпті әрекетіне және орын алған қоғамдық қауіпті салдарға қатысты, жасырын ниет пен абайсыздық түрінде көрініс табатын психикалық қатынасын білдіреді. Осы тұжырымдамаға сүйене отырып, жасалған қылмыстағы кінә - бұл заң қолданушымен белгіленуіне қарамастан, тұлғаның қылмыстық әрекетінде әркез объективті түрде болатын факт. Бұл факт алдын ала анықтау, алдын ала тергеу және сотта қаралу барысында дәлелденуі тиіс және іс бойынша жиналған барлық айғақтардың негізінде сотпен мойындалады. Тұлғаны қылмыс жасауда кінәлі деп табатын сот үкімі ол қоғамдық қауіпті әрекетті жасады деп тағылатын және судья санасынан тыс объективті түрде болатын кінәні білдіретін жағдайда ғана дұрыс болып табылады.

Қажетті қорғаныс шектерін асыру ретінде қолсұғушылықтың сипаты мен қауіптілігіне анық сәйкес келмейтін қасақана жасалған әрекеттер ғана саналады. Бұл жағдайда кінә былайша берілуі мүмкін: тұлға өз әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігін ұғынады, яғни, жасалған  шабуылдың сипаты мен  қаупіне айқын сәйкес келмейтін әрекет жасағанын ұғынады, қоғамдық қауіпті салдардың орын алу мүмкіндігін немесе шарасыздығын болжайды олардың орын алуын қалайды немесе қаламайды, бірақ саналы түрде олардың болуын мүмкін деп санайды немесе оларға немқұрайды қарайды. Сондықтан қажетті қорғаныс шектерін асыру қасақана да, абайсыз да әрекеттермен жасалуы мүмкін деп санайтын ғалымдардың пікірі даулы болып көрінеді.

Қажетті қорғаныс шектерін асыру ретінде, сондай-ақ, тұлға әйтсе де қастандылықтың кенеттілігі салдарынан шабуыл дәрежесі мен қауіптілігін объективті түрде бағалай алған кезде, қолсұғушылықтың сипаты мен қауіптілігіне айқын сәйкес келмейтіндей зиян келтіру де мойындалады. Бұл жерде қалыптасқан жағдайды қос бағалау орын алады: қорғаушы шабуыл қаупінің дәрежесі мен сипатын бағалайды, ал сот қорғалушының шабуыл қаупін объективті түрде бағалай алуы-алмауын анықтайды. Осыған орай, міндетті түрде келесі сұрақтар туындай бастайды: келтірілген бағалардың қайсысы екіншісінен басым болуы тиіс, және қорғалушы мен сот пікірлері сәйкес келмеген жағдайда, қылмыс қандай бағаға сәйкес жіктелуі тиіс?

Кінә қағидасына сәйкес тұлға тек кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті мен орын алған қоғамдық қауіпті салдары үшін қылмыстық жауапқа тартылады. «Кінәнің психологиялық табиғатын» негізге ала отырып, тұлғаны қажетті қорғаныс шектерін асыруда кінәлі деп табу үшін, сот тұлғаның өзі жасаған әрекетіне қатысты жасырын ниет түрінде көрініс табатын психикалық  қатынасын анықтап алуы тиіс. Тұлға шабуыл қаупінің сипаты мен дәрежесіне айқын сәйкес келмейтіндей зиян келтіретіндігін біліп, оны келтіруді қалайды, немесе қаламаса да, оны саналы түрде мүмкін деп санайды немесе оған немқұрайды қарайды.

Тұлға бар назары мен мұқияттылығын сала тұра, шабуыл жасаушыға қолсұғушылық қаупінің сипаты мен дәрежесіне сәйкес келетін, бірақ іс жүзінде ондай болып табылмайтын  зиян келтіргендігін ұғынған жағдайдағы қылмысты қалай жіктеу керек? Тұлға іс жүзінде, шабуыл мәнін бағалау қабілеті болғандығына қарамастан, кенет шабуыл барысында қолсұғушылық қаупін объективті түрде бағалай алмадым деп санаған кезде, қажетті қорғаныс жағдайында әрекет еткен болып санала ма?

Қажетті қорғаныс шектерін асыру тек қасақана жасалған жағдайда ғана қылмыстық жазалаға тартылады деп саналады. Егер де тұлға шабуыл жасаушыдан қорғанған кезде, өзіне шабуыл қаупінің сипаты мен дәрежесіне айқын сәйкес келмейтін зиян келтірілетіндігін ұғына  тұра, менмендікпен оның келтірілмеуіне сенген болса, немесе бар назары мен мұқияттылығын сала  тұра  оны болжай алуы тиіс болғандығына қарамастан, мұндай зиянның келтірілу мүмкіндігін болжай алмаған болса, қылмыс абайсыздықпен жасалған болып саналады. Қажетті қорғаныс шектерін абайсыздықпен асыру қылмыстық жазаға тартылмайды.

Егер қорғалушы бар назары мен мұқияттылығын салып әрекет ету барысында шабуылдаушыға зиян келтіретіндігін ұғынғанымен, қорғаныстың шабуыл қаупінің сипаты мен дәрежесіне айқын сәйкес келмейтіндігін түсінбесе, әйтсе де, қалыптасқан жағдайда мұны ұғынуы қажет болса, оның әрекеті абайсыздықпен жасалды деп саналмайды. Мұндай жағдайлар қажетті қорғаныс шектерін қасақан асыру болып жіктелуі тиіс.

Қажетті қорғаныс шектерін асырудың болуы немесе болмауы туралы мәселені шеше келе, соттар тұлғаның жасалған қылмыстық-құқықтық әрекетіне қатынасын анықтап қана қоймайды, сонымен қатар, қорғаныс құралы мен шабуылдың сәйкестігін немесе сәйкессіздігін, қорғалушыға төнген қауіп сипатын, оның қолсұғушылыққа қарсы тұрудағы күштері мен мүмкіндіктерін, сондай-ақ, қолсұғушы мен қорғалушының нақты арақатынасына әсер етуі мүмкін басқа да жағдайларды анықтайды.

Өкінішке орай, соттың шабуылға қатысты объективті жағдайларды бағалауы тұлғаның қолданатын қорғаныс түріне деген психикалық қатынасымен салыстырғанда, басым болып табылады. Тұлғаның қолсұғушылық сипаты мен қауіптілігіне айқын сәйкес келмейтін қорғаныс шектерін асыратындығын ұғынғандығы және осындай салдардың орын алуын қалағандығы әркез анықтала бермейді, ал бұл іс жүзінде міндетті түрде объективті кінә тағуға алып келеді.

Құқыққорғаушы органдар, сот өздерінің нақты іс-әрекеттерінде қандай да бір қылмыстық- құқықтық әрекетті тұлғаның өз қылмыстық әрекетіне деген психикалық қатынасына, қылмыскердің ұғынып, қалағанына емес, алдын ала анықтаушының, тергеушінің, соттың пікірі бойынша субъект біліп қалағанына сәйкес жіктейді, яғни, өзінің жеке болжамдарын бағалайды.[1]

Бір жағынан, сот бағасы тұлғаның, айыптының қылмыс жасауға деген шынайы психикалық қатынасын зерделеудің орнын баса алмайды, .... ал екінші жағынан, қылмыскер өзінің қылмысқа деген шынайы психикалық қатынасының орнына басқа неғұрлым тиімді психикалық қатынасты көрсетіп, оны жасыра алады.

Қылмыстық-құқықтық әрекетті тек тұлғаның жасалған әрекетке деген психикалық қатынасына сәйкес жіктеу дұрыс болмайды, дегенмен, мұндай жағдай кінә қағидасына қайшы келеді. Бұл жерде мәселе қылмыскердің қылмысқа қатысты анықталған қатынасы салыстырмалы түрде ғана шынайы болатындығында болып отыр. Қылмыскердің қалауы, ниеті қайсыбір әрекеттерде әркез көрініс таба бермейді және қылмыскер қылмыстық процесс барысында өзінің шынайы ниеті туралы әркез айта бермейді.  Демек,  қылмыстық әрекетті жіктеу үшін,  тұлғаның  қылмыстық-құқықтық әрекетке деген «болжамды» анықталған психикалық қатынасынан басқа, қылмыскердің шындығында не қалағандығы және іс жүзінде не болғандығы туралы болжамды бағасы керек.

«Сот субъект әрекеттерінде қылмыстық құрамның болуын анықтап, оларды кінәлі деп бағалаған кезде, яғни, сотталушыны қасақана немесе абайсыз әрекет еткендігінде айыптаған» жағдайда, шын мәнісінде, кінә соттың пікірі бойынша мемлекет тарапынан теріс (моральдық-саяси) қоғамдық бағаға лайық болып табылатын және сотталушыны қылмыстық жауапкершілікке тартылуын талап ететін жағдайлардың жиынтығы болып табылады. Психикалық қатынастың дәл осындай ұғынылуы «кінәнің бағалау табиғаты» мектебіне тән болып табылады.

Қылмыстық құқықтағы басым «кінәні психологиялық ұғыну» доктринасы «кінә табиғатының бағалау мектебін» жоққа шығара отырып, өз жалғасында соған келіп тіреледі. Екі тұжырымдаманы да жоққа шығармай-ақ, қылмыстық-құқықтық әрекеттің дұрыс жіктелуі тек оларды қатар үйлестіре пайдалану барысында ғана мүмкін болатындығын көрсетуге болады. Бастысы, субъектінің теріс мінез-құлқының бағасын сот өзінің жеке төрелік қарауы бойынша емес, қолданыстағы заң негізінде белгіленуі керек.

Сот тұлға әрекеттерінде қажетті қорғаныс шектерін асыруды жіктеу туралы мәселені шешкен кезде, тұлғаның өзінің жасаған әрекетке деген қатынасын ескереді, бұл «кінәнің психологиялық табиғатының тұжырымдамасына» негізделеді, сонымен қатар, болған жайтқа берген өз бағасын ескереді, дәл осы тұс «кінәні бағалап ұғыну мектебіне» тән болып табылады. Расында да кінәнің мәні кінәнің «психологиялық» және «бағалау» тұжырымдамаларының өзара әрекеттесуінің нәтижесі болып табылады, енді «кінәнің аралас табиғаты» туралы сенімді айта беруге болады.

 

Әдебиеттер

  1. Пушечников А. Необходимая оборона по советскому уголовному праву. Алма-Ата, 1970, 37-б.
  2. 2.Сидоров Б.В. Уголовно-правовые гарантии социально-полезного, правомерного поведения. 3. Советское уголовное право. Общая часть: Учебник / Под ред. М.А.Гюльфера, П.И.Гришаева. М., 1972, 152-б.
  3. Арямов А.А. Об отдельных освещениях аспекта вины в отечественном уголовном праве / Вопросы совершенствования законодательства и правоприменительной деятельности: Сб. Науч. Тр. Челябинск, 148-б.
  4. Ковалев М.И. Понятие преступления в советском уголовном праве. Свердловск, 1987, 99-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.