Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстандағы адам саудасының құқықтық мәселелері

Қазақстанда адам саудасы ұдайы ұлғаю үдесіне ие болып отыр. Адам саудасының негізгі құрбаны халықтың әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген бөлігі болып табылады.

Адам ұрлаған қылмыскерлердің әлеуметтік-демографиялық сипаттамасы олардың ішінде 21-ден 29 жасқа дейінгілер 40%-ды , ал 30-дан 39 жасқа дейінгілер 31%-ды құрайтындығын көрсетеді. Халықтың ке»бір бөлігінің ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайы және жұмыссыздық кейбір адамдарды осындай қылмыс жасауға итермелейді. Бірақ маңыздылығы аз болмай тұрған бас пайдасы мен баюды көздеуі осындай іс-әрекет жасауда басым болып тұр. Адамдарды ұрлауға қатысы бар арампиғылдылардың 71%-ды жұмыссыздар екен.

Ішкі істер министрлігінің мәліметтері бойынша «2008 жылы республика бойынша адам саудаласының 15 дерегі тіркелген, оның 5-і-жасы кәмелетке жетпегендер, 4-і адамдарды пайдалану мақсатында ұрлау». [1].

1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1  бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтыры мен бостаңдықтары» [2, 4 б.].

Мемлекет өзінің әрбір азаматы өмірінің қауыпсіздігі үшін өз территориясында немесе одан тысқары жерде жауапты және оған кепілдік береді. Адам саудасымен күресетін Қазақстан бекіткен бірнеше халықаралық шарттар мен келісімдер бар. Солардың бірі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 1948 жылдың 10 желтоқсанында қабылдаған « Адам құқықтарының жалпы деклорациясы» болып табылады. Оның 4- бабында былай делінген: «Ешкім құлдықта немесе еріксіз жағдайда ұсталуы тиіс емес; құлдықтың және жұмысшы сатудың барлық түріне рұқсат жоқ». [3, 13 б.]. Қазақстанда негізінен әйелді ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілігіне тартумен байланысты мәселелер зерттелді, ал адамды ұрлаған үшін жауапкершілік проблемасына қатысты іргелі зерттеулер жүргізілмеді. Адам ұрлаған үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселелерімен Акутаев Р.М., Бауськов Д., Брилльянтов В., Гаджиэминов Б.А., Журавлев И.А., Кулушев С.М., Культелеев Т.М., Мамутов А.М., Мартыненко Н.Э., Милявский А.И., Нуркаева Т., Резепкин О.Ю. және т.б. айналысты.

Адам трафигі, яғни, адам саудасы қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінің бірігіп күресетін мәселелерінің алдынғы қатарында тұр. Адам саудасы ежелгі дәурдегі құлдықтың көрінісі.

Адам саудасы қазіргі кезде теріс қоғамдық құбылыс болып табылады. Бұл құбылысты алғаш рет ХХ-ғасырдың басында құқық қорғаушылар көтерді. Сол кезде Еуропа мемлекеттерінде жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр етілген Ұлыбританиядан шықкан әйелдерге ерекше көңіл аударылған болатын. Сол кезде « ақ құлдық» термині пайда болды да, ол «адам саудасы» терминіне аусты. Озінің мәні жағынан «адам трафигі» («адам саудасы») ұғымы құл саудасы түсінігіне жақынырақ келеді. Қазіргі таңда «адам трафигі», яғни, «адам саудасы» ұғымының біздіңше әлдеқайда толық анықтамасы БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күресу жөніндегі Конвенциясын толықтыратын «Адам, әсіресе, әйелдер мен балалар саудасының алдын алу жөніндегі» хаттамада былай түжырымдалған: «Адам саудасы адамды пайдалану мақсатында мыналарды жүзеге асыру болып табылады: басқа жаққа асырып жібіру, алып кету, біреуге беру, жасыру немесе күшпен қорқыту немесе оны қолдану немесе мәжбүрлеудің басқа формаларын қолдану жолымен адамдарды алып кету, ұрлап кету, алаяқтық жасау, алдап - арбау, биілікті немесе қызмет орнына байланысты тәуелділікті асыра пайдалану, екінші адамды бақылайтын адамның келісімін алу үшін төлем немесе пайда табу түрінде сатып алу жолымен». [4, 1 б.].

Адам трафигі, яғни адам саудасы көптен бері және қазіргі кезге дейін әлемнің көптеген елдерінің бірігіп күресетін мәселелерінің қатарында түр. Тұлғаның негізгі құқықтары мен еркіндігін қоргауға байланысты 1948 ж. қабылданған адам құқығының Жалпыға бірдей Декларациясы, адам құқытарымен негізгі еркінділіктерін қорғау жөніндегі 1950 ж. Еуропа Конвенциясы, азаматтық және саяси құқықтар туралы 1966 ж. халықаралық пактылар осының айғағы. Қазақстанда адам құқытары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін және адам саудасымен кұресетін ең негізгі құралы 1995 ж. 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясы екендігі оның 1-бабында былай түжырымдалған: «Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтарымен бостандықтары». [2].

Сарапшылардың мәліметтері бойынша соңғы 10 жыл ішінде Қазақстаннан шамамен 5000 әйел шетелге сатылған. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 1999 жылғы мәліметтері бойынша Грециядан – 25, Біріккен Араб Әмірлігінен (БАӘ) – 21, Туркиядан – 16, Израйлден – 3 әйел елге қайтарылды. Құқық қорғау органдары қаңтар мен қазан айларының аралығында 300-дей адам тауарының контрабандасын тіркеген. Контрабандашылардың негізгі қолға түсетін олжалары 30 жасқа дейін қыздар. [5, 1 б.].

Шынайы статистикалық мәліметтер болмағандықтан Республикадағы шынайы жағдайдың қандай екендігін айту қиың. Бүл бізде адам саудасы жөніндегі жұмыстың іс жүзінде әлі  де болса дұрыс жолға қойылмағандығын көрсетеді. Адамды саудалауды криминалдаудың (берілген қылмыстың ерекшкліктерін және оны болдырмаудың әдістерін анықтаудың) әлеуметтік-құқықтық және тарих алғы шарттары деп адам саудалаудың қылмыстық ерекшіліктері мен оны болдырмаудың әдістерін құқықтық негіхдегі қоғамдық қатынастар және осы қатынастардың тарихи даму кезеңдеріне сүйеніп ой қорытудың бастапқы пунктін айтамыз. Адамды саудалауды криманалдау процессінің құрылымы өте күрделі. Сондықтан оны әртүрлі көзқарас тұрғысынан талдауға болады. Біз  аталған процессті оған қатысушы барлық адамдардың құқықтық негіздегі қарым-қатынасы тұрғысынан талдаймыз да, оны әлеуметтік-құқықтық талдау деп атаймыз. әрі берілген талдауды нақты тарихи  кезеңдер бойынша қарастырамыз. Нәтижесінде адамды саудалауды криминалдаудың әлеуметтік-құқықтық және тарихи алғышарттарын анықтаймыз.

С.И. Ожегов пен Н.Ю. Шведовтың орыс тілі түсіндірме сөздігінде [6, 944 б.] алғышартқа мынадай түсініктеме берілген: «Алғышарт. 1. Қандай да бір ой қорытудың бастапқы пункті. Дұрыс алышарттардан бастау керек. 2. Қандай да бір нәрсенің алдыңғы шарты».

Аталған сөздікте криминалогия қылмыс және оның алдын алудың әдістері жөніндегі ғылым [сонда, 468 б.], әлеуметтік «Адамдардың өміріне және олардың қоғамдағы қатынасына қатысты қоғамдық» [сонда, 752 б.] деп түсіндіріледі. Философиялық сөздікте құқық ұғымы былай анықталады: «Құқық- мемлекеттің қоғамдық қатынастардың бүкіл жүйесінің өмір сүруі мен дамуының маңызды факторы». Адам саудасына қарсы әрекет жасаудың қылмыстық-құқықтық саясатының теориялық тұжырымдамасы, арнаулы базалық заңы, нормалары, жоспарлары мен оларды жүзеге асырудың шаралары әлі де болса жетілмеген.

Адам саудасымен күресті белсенділендіруде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 24-ші ақпанындағы №219 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің адам саудалау жөніндегі қылмыс пен күресу, оны болдырмау және сауықтыру жөніндегі 2006-2008 жылдары жүргізілетін шараларының Жоспары туралы». Қаулысы үлкен роль атқарады. Ол адамның еркіндігін оны саудалаумен байланысты қылмыстық әрекеттерден қорғау жөніндегі шаралардың кешендік жүйесін бекітті, осындай әрекеттер үшін жауапкершілікті құқықтық реттеуді жетілдірудің бағыттарын анықтады.

Соған қарамастан адамдарды саудалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікпен байланысты проблемаларды кешенді және жүйелі зерттеулер 2009 ҚК-ті қабылдағанға дейін де, кейін де жүргізілмеді.

Адам еркіндігін қылмыстық-құқықтық қорғаудың жоғары мәнділігі, халықаралық қауымдастықтың оны болдырмауға баланысты күрестегі белсенділігі, құқықтық заңның адам саудасымен күрестегі ролінің артуы, сондай ақ аталған проблеманың (адамдарды саудалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік проблемасының) Қазақстан Республикасында ғылыми  тұрғыдан жеткілікті зерттелмеуі автордың осы бағытта ғылыми жұмыс жасауына негіз болды.

 

Әдебиеттер

  1. Бекмагамбетов А.Б. Торговля людьми: доктринальный и законодательный подход к проблеме противодействия (на материалах Казахстана и России), – 246 с.
  2. Қазақстан Республикасы Конституциясы. 1999 ж., 30 тамыз. – Алматы: Юрист, 2003. – 36 б.
  3. Права человека / Сборник международных документов. – М.: Юрид. Лит., 1998. – 608 с.
  4. Торговля людьми как явление // База данных / Международный женский правозащитный центр Ла Страда – Украина.//http://www.lastada.kiev.ua/tp
  5. Доклад о соблюдении прав человека в Казахстане в 2001 г. // Государственный департамент США.//http://www.state.gov. 1 б.
  6. Ожегов С.И., Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка. – 4-е издание, дополнено. – М.: Азбуковник, – 1200 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.