Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітеді, оның ең жоғарғы қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары және бостандықтары деп Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында айтылған [1]. Демек Қазақстан Республикасының Конституциясының ережелерінен әртүрлі құндылықтарға кепілдік берілетіндігін және соның ішінде адамның өмірі мен денсаулығына кепілдік берілетіндігін көруімізге болады.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 10 тарауында адамдардың денсаулығын қорғау мақсатында есірткі заттарды немесе психотропты заттарды заңсыз таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.
Есірткі заттарды немесе психотропты заттарды заңсыз тарату қылмысын дәрежелеуде ерекше орын алатын қылмыстың объективтік жағы.
В.Н. Кудрявцевтің айтуы бойынша «Қылмыстық құқықтағы қылмыстың объективтік жағы болып заңмен қорғалатын мүдделерге оның сыртқы жағынан қарастырылатын қылмыстық әрекеттің (әрекетсіздіктің басталатын, яғни реттілікпен дамыған құбылыстарға және де қылмыстық нәтижесімен аяқталатын қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы қол сұғушылық».[2. 73 б]
Қылмыстық құқық теориясында әрбір қылмыс қоғамға қаіпті сол немесе басқа да іс-әрекеттерге тән объективтік және субъективтік құрылымдардан және белгілерден тұрады деген пікір жалпы танылған. Қылмыстың объективтік жағы әрекеттенген адамның сана сезімінен тыс объективті ортада болып жатқан процесті, ал субъективтік процесс оның сана сезімінде өтетін процесс.
Қылмыстың объективтік жағы – бұл қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге қауіпті қол сұғушылықтың сыртқы көрінісі, яғни ортада объективті жүзеге асатын әрекет және көрсетілген объектіге зардап тигізетін немесе оған зардап тигізу қаупін туындатады [3. 123 б].
Қылмыстық құқық теориясында жалпы қалыптасқан көзқарас бойынша тұлғаның әрекетін қылмыс деп табу үшін міндетті түрде біріншіден, қоғамға қауіпті, екіншіден, қылмыстық заңмен қаралуы, яғни құқыққа қайшы болуы керек [4. 166 б].
Қылмыстық-құқық әдебиеттерде көрсетілгендей қылмыс құрамының объективтік жағын негізгі белгілеріне: қоғамға қауіпті іс-әрекет, қоғамға қауіпті зардап және іс-әрекет пен зардаптың арасындағы себептік байланыс жатады. Факультативті белгілеріне – қылмыс жасау уақыты, орны, тәсілі жасалу жағдайы және қылмыс жасау құралы жатады.
Есірткі заттарды немесе психотропты заттарды заңсыз таратудың объективтік жағын белсенді әрекеттер құрады.
Мысалы, профессор Қурманов К.Ш. былай деп жазады, есірткі заттарды өткізудің объективтік жағы таратудың кез-келген формасында жүзеге асады (сату, қарызға беру, ауыстыру, сыйға беру, қарыз өтеміне беру т.б.).[5. 66 б].
Курманов К.Ш., есірткі заттарды тұтынуға көндірудің объективтік жағының мәнін аша отырып былай деп жазады: мұндай тектегі қылмыстың объективтік жағы текқан белсенді әрекеттермен көрінеді – ұсыну, кеңес беру, қорқыту немесе басқа да әсерлермен есірткі заттарды тұтынуға көндіру:
шегу, инекция жолымен егу, иіскеу, жұту т.б. Кінәлі өз мақсатына жетті ме жетпеді ме қылмысты дәрежелеуге әсерін тигізбейді. Қылмыс құрамы формальды.
Есірткі затты басқа адамға бір рет тұтынуға қайтарымсыз беру де – осы қаралған қылмыстың құрамын құрайды деп Курманов К.Ш., есептейді. 1998 жылғы 14 мамырдағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының №3 нормативтік қаулысында есірткі заттарды немесе психотропты заттарды өткізу және тұтынуға көндірудің түсініктері келесідей құрылған: «Заңсыз өткізу дегеніміз кез келген тәсілмен есірткі заттарды, психотропты заттарды, прекурсорларды тарату немесе бір адамның иелігінен басқа адамның иелігіне беру ( сату, сыйға беру, өтем ақы ретінде беру, аыстыру, қарызға беру, басқа адамға инекция егу т.б.» [6. 533 б].
Есірткі заттарды тұтынуға көндірудің түсінігі келесімен ашылады: «Есірткі заттарды немесе психотропты заттарды тұтынуға көндіру дегеніміз осы заттарды басқа адамдарды тұтынуға қоздыруға бағытталған қасақана жасалған кез келген әрекетті жасауды айтамыз (көндіру, ұсыныс, кеңес беру, алдау, қорқыту т.б.).
Қылмыс есірткі заттарды немесе психотропты заттарды тұтынуға көндіру мақсатында әрекеттерді жүзеге асыра бастаған кезеңнен, адам тұтынды ма немесе қандай да бір себептермен тұтыну болмай қалса да аяқталған болып есептелінеді. Сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа тұтынуға көндірілген адам есірткі заттарды немесе психотропты заттарды бұрын тұтынған ба, тұтынбаған ба оның маңызы жоқ.
Біздің ойымызша «тарату», «өткізу», «тұтынуға көндіру» әрқайсысы өз алдына жеке түсінік, ол терминдерді ұқсатуға болмайды. Оларды бірдей ұқсату құқық қолдану тәжірибесінде және қылмыстық құқық теориясында есірткі заттардың заңсыз айналымымен күресте проблеманы теориялық өңдеуде әртүрлі түсінбеушіліктерге әкелуі мүмкін.
Есіркі заттар немесе психотропты заттарды алуға мүмкіндігі бар адамдардың есірткі заттар мен психотропты заттарды таратуда білінетін әрекетінде барлық жағдайда адамдардың шеңберін кеңейтуі мүмкін, ал өткізу көп жағдайда есірткі заттар мен психотропты заттарды сатумен бағытталған әрекетпен сипатталады немесе есірткі заттарды сатуға тұтынушы адамдарды іздеуге байланысты.
Осыған байланысты Курманов К.Ш. есірткі заттарды өткізу кез келген формада болады дегені дұрыс емес сияқты.
Біздің ойымызша Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының нормативті қаулысында есірткі заттарды және психотропты заттарды өткізу деген түсінігі сынға жатады, соған сәйкес есірткі заттар мен психотропты заттарды заңсыз өткізу дегеніміз кез-келген тәсілдер мен әдістермен заңсыз тарату немесе есірткі заттар мен психотропты заттарды беру оған сатудан басқа, сыйға беру, қарызын төлеу, айырбастау, қарызға беру, басқа адамға инекция егу т.б.
Сонымен, есірткі заттарды тарату мен өткізудің арасында бөлінетін сызық қою керек.
Осы айтылғандарға байланысты өткізуді есірткі заттар мен психотропты заттарды сатуды білдіретін әрекеттерді түсінуіміз керек.
Есірткі заттарды немесе психотропты заттарды заңсыз қозғалысын жеке айналымымен байланысты әрекеттер, қайтарымсыз сыйға беру немесе басқа да сыйға беру, қарызға беру, инекция егу және басқа да әрекеттерді, есірткі заттар мен психотропты заттарды тарату деп көрсету мақсатты.
Есірткі заттар мен психотропты заттарды таратуды есірткі заттар мен психотропты заттарды тұтынуға көндірумен бірдей ұқсатуға болмайды, өйткені бұлар мәні және түсінігі бойынша әртүрлі.
Есірткі заттарды немесе психотропты заттарды тұтынуға көндіру әртүрлі әрекеттерді жасауды білдіреді, олар өз жиынтығында адамға міндетті түрде есірткі заттарды немесе психотропты заттарды тұтынуға байланысты мінез-құлықты таңдап алатын шешім қабылдауға дайын екенін білдіреді. Есірткі заттар мен психотропты заттарды тұтынуға көндіру, барлық жағдайда адамның есірткі заттарды қабылдауға ниетін қоздырып психологиялық дайын екендігін пайымдайды.
Бізге мәлім болғандай қылмыс құрамының объективтік жағының белгілеріне іс-әрекет формасы әрекет немесе әрекетсіздік болады. Әрекет белсенді мінез-құлық, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көп тараған түрі, ол текқана әрекет жолымен жасалады. Кез келген әрекеттің негізіне белгілі бір мақсатқа жету үшін адамның саналы бағытталған дене қимылы жатады. Қылмыстық әрекеттің ерекшелігіне, адамның бүтін әрекеті түсінігіне сәйкес келмейді, ол адамның біріне бірі байланысқан жеке мінез- құлық әрекетінен тұрады.
Есірткі заттар мен психотропты заттарды таратудың объективтік жағы іс-әрекеттің белгілері бойынша біздің ойымызша әрекет жасаумен сипатталады. Бұл текті әрекеттер, белсенді мінез- құлықпен қоғамда, адамдар арасында есірткі затар немесе психотропты заттарды таратуға бағытталған белсенді әрекеттермен білінеді.
Келесі қылмыс құрамының объективтік жағының міндетті белгісі – қылмыстық зардап.
Юриспруденцияда қылмыстық зардап «нәтиже» терминімен ұқсатылады. Қылмысқа қолдануда «нәтиже» терминінің адамның әрекетінен пайда болған, осы әрекетпен объектідегі өзгеріс – қоғамға қауіпті зардап[7. 86 б].
Есірткі заттар немесе психотропты заттарды таратуда қылмыстық зардап жиынтығында біздің қоғамымызға зиянды белгілі нәтиже әкеледі.
Қылмыстық құқық теориясында зардап материалды және формалды құрам болып бөлінеді. Профессор Ковалев М.И., жазуы бойынша «Барлық қылмыстарды олардың зардаптары бойынша екі үлкен топқа бөлуге болады: қоғамға қауіптілігі қылмыскердің іс-әрекетімен білінетін және өздігінен қауіпті. Біріншісін заңнама сипаттай тұрып материалды құрам құрады, екіншіден қылмысты сипаттаумен шектеледі – формалды құрам.
Қылмыстық зардаптар бойынша материалды және формалды құрам деп жүйелеу қылмыстың қоғамға қауіптілік деңгейін немесе мүмкін зардабын білуге нақты реттеуге мүмкіндік береді.
Формалды қылмыс құрамын заңнама құрғанда сол немесе басқа да іс-әрекеттердің әлеуметтік қауіптілігін ескерген.
Есірткі заттар немесе психотропты заттарды заңсыз тарату фактісі азаматтардың денсаулығына жоғары қауіпті болады, заңмен қорғалатын қоғамдық қауіпсіздік мүддесіне қол сұғады. Есірткі заттар немесе психотропты заттарды тарату фактісінің қоғамға қауіптілік деңгейі ірі мөлшерде, аса ірі мөлшерде, сондай-ақ әлеуметтік қауіптілігін ескере отырып қылмыстық жауаптылық оның зардабының белгілері бойынша қылмыс құрамының құрылысын формальды құрылуы заң шығарушымен ескерілген. Яғни есірткі заттарды немесе психотропты заттарды кез келген формада тарату, ірі мөлшерде,аса ірі мөлшерде қылмыстық жазалылық әрекетке жатқызылуы керек.
Сонымен, есірткі заттарды немесе психотропты заттарды тарату құрамы зардап белгілері бойынша формалды қылмыс құрамына жатады. Есірткі зататрды немесе психотропты заттарды ірі мөлшерде немесе аса ірі мөлшерде немесе кез келген мөлшерде, кез келген кеңістікте жылжу формасын, есірткі заттар немесе психотропты заттарды тарату қылмысының объективтік жағын сипаттауда және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259 бабына сәйкес бөліктерімен дәрежелеу керек.
Әдебиеттер
- Қазастан Республикасының 1995 жылғы конституциясы (2007 жылғы 21 мамырдағы өзгертулермен).
- Кудрявцев В.Н. Объективная сторона преступления. – М., 1960. – 244 с.
- Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений. – М., Изд – МГУ, 1976. – 178 с.
- Уголовное право. Общая часть. Учебник под ред. Б.В. Здравомыслова. – М., 1994. – 530 с.
- Курманов К. Ш. Наркомания: Уголовно-правовые и криминологические проблемы. -Фрунзе, -232 с.
- Уголовный кодекс Республики Казахстан с постатейными материалами. Алматы, -944 с.
- Уголовное право. Общая часть. М., 1997. -153 с.