Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Экономикалық контрабанданың криминологиялық сипаттамасы

Қазақстанның өз алдына жеке мемлекет болып тәуелсіздік алуы оның көптеген мемлекеттермен экономикалық байланыс орнатуына мүмкіндік берді.

Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасында көптеген шетел мемлекеттерімен бірлескен кәсіпорындар пайда болып, шетел мемлекеттерінің ірі компанияларының өкілдіктері ашылды, табиғи ресурстар мен ішкі заттарды өңдеудің жобалары жасалды.

Мемлекеттің экономикасының дамуында маңызды салалардың бірі- сыртқы экономика. Сыртқы экономиканы дамыту әртүрлі мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдардың сыртқы рынокқа еркін шығуына, көптеген халықаралық бірлестіктердің, қорлардың және бірлескен кәсіпорындардың құрылуына мүмкіндік береді.

Сыртқы экономикалық қатынастарға көшу көптеген жағымсыз құбылыстардың бетін  ашты, кеден, қылмыстық және әкімшілік заңдары бұзылды, ол мемлекетке экономикалық зиян, саяси нұқсан келтірді.

Бұл қылмыстар қылмыстық-құқықтық саралауда пайдакүнемдк іс-әрекеттерге жатады. Бірақ ұрлық, тонау, қарақшылық сияқты қылмыстармен салыстырғанда бұл қылмыстарды, тәжірибеде мүлікке заңды негізде қолын жеткізе алатын адамдар жасайды. Олар тауарларды, материалдық басқадай құндылықтарға билік етуге заңды құқығы бар материалдық жауапты, лауазымды адамдар немесе жеке тұлғалар жасайды.[1, 225 б].

Экономикалық қылмыстылыққа әртүрлі анықтама берілуде. Мысалы, Э. Садерленд былай анықтама береді: «Экономикалық қылмыстылық дегеніміз – әлеуметтік мәртебесі жоғары құрметті адамдардың өз кәсіби міндеттері негізінде және өздеріне көрсетілген сенімді бұзып жасайтын құқық бұзушылық» [2, 51 б].

Ал Швед криминологы Б. Свенсон экономикалық қылмыстылыққа мынадай анықтама берген:

«Осы іс-әрекеттің өзінің негізгі құрайтын шаруашылық қызметтің шегінде жүзеге асырылатын созылмалы, жүйелі, жазаланатын, пайдакүнемдік сипаттағы іс-әрекет» [3,10 б].

Экономикалық өзгеріске байланысты экономикалық қылмыскерлік те біршама өзгеріске ұшырады және экономикалық қылмыстардың мынадай жаңа түрлері пайда болды:

  • ақпараттандыру ережелерін бұзу;
  • Қазақстан Республикасының мүдделеріне қайшы мәмілелер жасау;
  • валютаның немесе асыл тастар мен металдардың заңсыз айналымымен байланысты әртүрлі қылмыстар;
  • Қазақстан Республикасының кеден, монополияға қарсы және салық заңдарын бұзу;
  • жалған банкроттық, жалған кәсіпкерлік, банкроттықты жасыру және басқалар.

Сонымен, экономикалық қылмыстылық дегеніміз – қоғам институттарына теріс ықпал ететін, мемлекеттік материалдық негізі – экономиканың қалыпты жұмысын бұзатын әлеуметтік теріс құбылыс [4,45 б].

Экономикалық контрабанда экономикалық қылмыстардың ең қауіптілерінің бірі. Ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 10-бабының 3-бөлігіне сәйкес ауырлығы орташа қылмысқа жатқызылады, ал оның дәрежеленген ауыр түрі (209-баптың 3-бөлігі) ауыр қылмысқа жатады.

1997 жылғы Қылмыстық кодекс қабылданғанға дейін контрабанда әртүрлі қылмыстардың қатарына жатқызылып келді. Мысалы, С.В. Дьяков контрабанданы мемлекеттік қылмыстар тобына кіргізді, онда елдің экономикалық қауіпсіздігін бұзу мүмкіндігі бар деп санады [5, 34 б].

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі экономикалық контрабанданы «экономикалық қызмет саласындағы» қылмыстардың біріне жатқызады. Сонымен заң шығарушы экономикалық контрабанданы қылмыстардың қандай тобына жатқызу керек екендігі туралы сұрақта толық шешті.

Экономикалық контрабанданың экономикаға қарсы сипатынан кең көлемді, көп таралған және әлеуметтік тамырын терең жайған «көлеңкелі» экономика айқын көрініс табады [6,78 б].

Осы проблема бойынша отандық және ресейлік ірі мамандар экономиканың «көлеңкелі» жағы өз шегіне жетті деп отыр. [7, 304][8, 90б]. Егер жалпы ішкі өнімдегі заңсыз сектордың үлесі батыс елдерінде  –  5-10%  құраса,  ол  Қазақстанда  –  18%,  Ресейде  –  23%  қурайды  екен.  Бұл  көрсеткіш «көлеңкелі» экономика кең тараған Латын Америкасы елдерінің көрсеткішімен шамалас. Мысалы, Ресейде сыртқы сауданың, яғни тауарлардың импорты мен экспортының «көлеңкелі( экономикадағы үлесі 2002 жылы 53%,-ға жеткен.

Бұл сауда саласында тіркелмейтін қызметтің басым екендігін көрсетеді. Мұндағы бас кәсіпкерлер «челноктар». Олардың импортының көлемі 2001 жылы 10 млрд АҚШ долларына жеткен. Ресейдің Статистика жөніндегі мемлкеттік комитетінің ресми мәліметі бойынша, ол киімнің ішкі тауар айналымында – 76%-ға, трикотаж бұйымдарында – 68%-ға, аяқ киімде – 61%-ға жеткен. Заңсыз табыс 2002 жылы 170 трлн рубльге бағаланған, ол көлеңкелі айналымның Статистикада есепке алынғанының жартысы ғана [9,3 б].

Көлеңкелі экономиканың контрабанданың етек алуымен тікелей байланысты, бұл капиталды шетелдерге қарай ағызудың күшті арнасына айналып отыр.

Кедендік бақылау комитетінің мәліметтеріне жүгінсек, бұл арнамен келетін тауар импортының ресми көлемі барлық импорттардың 35-40% құрап отырғандығын көреміз. «Челноктар» елден декларация жаслмаған шетел валюталарын, антиквариат, мәдени құндылыққа жататын өнер шығармаларын алып шығады. Жылына 1-2 млн «челнок» Қазақстанның кедендік шекарасын екі бағытта кесіп өтеді екен. Олардың жұмыс істеу сызбасы жақсы қалыптасқан: валютаны шетелге алып барады, онда сатып алған тауарды Қазақстанда сатады, түскен ақшаны валютаға айналдырып, ол валютаны шетелге алып шығады, ары қарай сызба қайталанады.

Эконмикалық контрабанда, негізінен, жасырын жасалынатындықтан қандай тауардың қанша көлемде шекара арқылы заңсыз өткендігін анықтау мүмкін емес. Бірақ кейбір статистикалық мәліметтер ұғым беруге мүмкіндік береді.

Сатистика агенттігі автомобильдер экспорты, импорты туралы ресми мәліметтерді Жол полиция басқармасындағы мәліметтермен салыстырған, нәтижесінде жылына 5-6 мың автомашинаның мемлкеттік бақылауды жанай өтіп (көбіне ресей арқылы), Қазақстанға келетіндігі анықталған.

Тауардың елге контрабандалық жолмен өтуі мемлкетке материалдық зиян келтіреді және мұндай экономикалық қылмыс жасаған адамдар жазасыз қалады. Бұл жағдай елдің сыртқы экономикалық секторының криминалдануына алып келеді [10,49 б].

Егер Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Тергеу бөлімшелері Қылмыстық кодекстің 64-бабы бойынша 1988 жылы бір қылмыстық іс қозғаған болса, бұл көрсеткіш 1989 жылы – 12, 1991 жылы – 21, 1993 жылы – 40 болған. 1995 жылы соттарға осындай қылмыстар туралы 117 іс түссе, 1996  жылы 142 қылмыстық іс түскен [11,15 б].

1997 жылдың 10 айында республикада тауарлар мен құндылықтардың заңсыз айналымына қатысты 313 қылмыс тіркелген. Бас Прокуратураның мәліметтеріне қарағанда, қылмыстың бұл түрі Алматы қаласында (40 факты), Жамбыл облысында (37 факты), ШҚО – да (32 факты) және Алматы темір жолы қызмет көрсететін теміржол зонасында кең таралған көрінеді. Бұлардың 105  жағдайында

  • кеден органдары, 64 жағдайында – Мемлекеттік тергеу комитеті, 36 жағдайында – Ұлттық қауіпсіздік комитеті, 4 жағдайында – прокуратура, қалғандарында – салық полициясы органдары (қазіргі қаржы полициясы) қылмыстық іс қозғаған.

Экономикалық бағыттағы қылмыстардың Қазақстандағы барлық қылмыстар құрамындағы үлесі мынадай:

1997 жыл – 8,4% (13897 қылмыс; 1998 жыл – 7,08% (10057 қылмыс); 1999 жыл – 8,97% (12502қылмыс); 2000 жыл – 10,35% (15609 қылмыс); 2001 жыл – 9,69% (17741 қылмыс); 2002 жыл – 11,17%(15099 қылмыс); 2003 жыл – 10,71% (12682 қылмыс); 2004 жыл – 6,99% (10032 қылмыс); 2005 жыл  –7,23% (11102 қылмыс); 2007 жыл – 6,85% (10003 қылмыс); 2008 жыл – 9,00% (13012 қылмыс). /12,21 б/.

Бұл келтірілген мәліметтер сыртқы экономикалық қызмет саласындағы шынайы жағдайды, жеке тұлғалардың кедендік шекара арқылы алып өтетін тауарлардың көлемін нақты көрсете алмайды, дегенмен құқық қорғау органдарының контрабандамен күресті біршама жандандырғанын байқауға болады. Ал контрабанданың заңды тұлғаларды да, жеке тұлғаларды да заңсыз экономикалық іс- әрекетке итермелейтіндігін ұмытпау керек.

Бұған қатысты А.С. Никифоров былай дейді: «қылмыстық қызмет, оның ішінде контрабанда біздің экономиканың құрамдас бір бөлігіне айналды, оған криминалдық сипат беріп отыр» /13,90 б/.

Экономикалық қылмыстылық динамикасының 2010 жылға дейінгі криминологиялық болжамы, соңғы 6-7 жылда контрабанданың ашылуы 9 есе өскенмен, көңіл жұбатарлық емес. Екінші жағынан, қылмыстың бұл түрінің өте жасырын жасалатындығы себепті, оның нақты жағдайын  басып айту қиын және бұл қылмысты жәбірленуші де, куәгер де, тіптен қылмыстың ізі де жоқ және контрабанда операциясы алдын ала мұқият ойластырылып жасалады.

Қылмыскерлікпен күресте Қазақстан Республикасы БҰҰ-мен, Еуропа Кеңесімен, өзге де мемлекеттермен, мемлекетаралық ұйымдармен қарым қатынастық байланыста болғанмен, қазіргі кезде оның құқық қорғау органдарының ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттестік мәселесі аса маңызды болып отыр.

 

Әдебиеттер

  1. Алауханов Е.О., Зарипов З.С. Профилактика преступлений. – Алматы: Юридическая литература, 2008. – 396 с.
  2. Садерленд Э. Криминология (теория западных школ): Учебник (перев. С англ.). – М.: Наука, – 340 с.
  3. Криминология: Учебник. – М.: АН СССР, 1975. – 298 с.
  4. Криминология //Под. Ред. Долговой А.И. – М., – 287 с.
  5. Дяков С.В. Проблемы совершенствования законодательства о борьбе с государственными преступлениями // В кн.
  6. «Организованная преступность». – М., 1996. – 311 с.
  7. Яковлев А.М. Экономическая преступность: закон и жизнь. – М., 1990. – 299 с.
  8. Алауханов Е.О. Криминология: Учебник. – Алматы: Жеті Жарғы, 2008 – 620 с.
  9. Исправников В.О., Кууликов В.В. теневая экономика в России: иной путь и третья сила. – М., 1997. – 296 с.
  10. Бюллетень Государственного комитета по статистике Российской Федерации. – 2003. – №1. – с.3-4.
  11. Мауленов Г.С. Основные характеристики преступности в Республике Казахстан. – Алматы: Ғылым, 1999. – 281 с.
  12. Бюллетен Главного следственного управления МВД РК. – Алматы, 1996. – №4. – С.12.
  13. 10.Статистические данные о состоянии, динамике и структуре экономической преступности в Республике Казахстан (1997-2008 г.г.). ДТС МВД РК. – Астана, 2008. – 50 с.
  14. Никифоров А.С. Что нам делать с организованной преступностью.// В кн. «Организованная преступность». – М., 1996. – 245 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.