Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды саралауда оның зардаптарын анықтаудың маңызы

Әрбір құқық қолданушы сыбайлас жемқорлықты қылмыс құрамдарында берілген зардаптарды өздерінің құқықтық сана-сезімдері бойынша әртүрлі бағаласа, заң нормалары бұрмаланып, құқық қолданушылардың сыбайластық әрекеттер жасауына ықпал етуі ғажап емес. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықты қылмыс құрамдары жасалуында азаматқа, ұйымға, мемлекетке келтірілген материалдық зиян мөлшерлері нақты заңи нормада берілуі қажет. Оның себебі, біріншіден, заңи нормалардың қалыпты қолданылуына септігін тигізсе, екіншіден, зардаппен келтірілген материалдық зиянды анықтауға жағдай жасалса, үшіншіден, заңи нормаларды бұрмалаушылықтың алдын алады, төртіншіден, жазаны қатаң тағайындауға мүмкіндік береді.

Қоғамға қауіпті зардаптың ұғымын дұрыс түсіну үшін қылмыс объектісі және қоғамға қауіпті іс- әрекеттің ара-қатынасын анықтау маңызды.

В.В. Мальцевтің пікірінше, «іс-әрекеттердің барлығы бірдей объектіге фактілі зиян келтіреді деп саналмайды, сонымен бірге зардап келтірудің нақты мүмкіндігін және оның фактілі келтіруін ажыратады»[1. 56 б].

Зардаптың туындауына немесе туындамауына қарамастан, зардап келтірмейтін қылмыстар жөнінде кейбір авторлар ерекше ұстанымда болған.

А.Н. Трайниннің пікірінше, қылмыстық заң қол сұғушылықтан тиісті объектілерді қорғайды, объектіге қол сұғу әрқашанда әр түрлі дәрежеде оған шығын келтіреді, қол сұғушылық объектісіне шығын, өз кезегінде, әрбір қылмыс құрамының қажетті элементін құрайтын зардап болып танылады

[2. 25 б]. Аталған көзқарасты көптеген ғалымдар теріске шығарып, келіспеуде.

А.С. Михлиннің айтуынша, материалды құрамға адамды өмірінен айыру немесе денсаулығына зиян келтірумен қатар (жеке материалды зиян), мүлік немесе кірісті ала алмау (мүліктік зиян) жатқызылады, ал қалған зардаптар материалдық емес, яғни формалды құрамға жатқызылуы тиіс [3. 17 б].

В.В.Мальцевтің пікірі, А.С. Михлинннің көзқарасынан алшақ кетпейді. Сондықтан, мынадай сауал туындайды: материалды игілік, материалды емес игіліктен несімен ерекшелінеді? В.В. Мальцевтің айтуынша, материалды (сыртқы) әлемнің заттарымен немесе құндылықтарымен байланыстың болуын – материалды игілік, деп түсінеміз. Материалды емес қылмыс құрамының аясы неғұрлым кеңірек. Мұндай зияндар қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларына – азаматқа, ұйымдарға, мемлекетке және қоғамға орасан зор зиян келтіруі мүмкін.

Сыбайлас жемқорлық қылмыс құрамдары, материалды және формальды қылмыс құрамдарын құрайды.

Бізді алаңдатып отырған сондай мәселелердің бірі, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар (Қазақстан Республикасы ҚК-нің 13 тарауы) тарауындағы сыбайлас жемқорлықты қылмыстардағы зардаппен байланысты бағалылық белгілер жайында.

Тағы бір айта кететін жайт, заңи оқулықтарда келтірілген зиянға байланысты бір жерде зардап деп көрсетілсе, бір жерлерде келтірілген зиян деп жазылған. Осылардың айырмашылығын анықтау мақсатында, бізбен қарастырылған түсіндірме сөздіктерде де, аударма сөздіктерде де келтірілген зардап, зиян, зардап, шығын деп берілген.

Өкінішке орай, ресейлік және қазақстандық ғалым-заңгерлердің қылмыстық құқықтың жалпы бөлімі бойынша еңбектерінде (заңи оқулықтарда, түсініктерде) бағалылық белгілер Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімі баптарында кездесетіні туралы айтылмайды. Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінде кездесетін бағалылық белгілер жайында тек ғылыми еңбектерден ғана кездестіруге болады. Б.Ж. Жүнісов, қоғамға қауіпті зардап ұғымын ашуда, заң шығарушының шығынға сипаттама бермегендігін, тек ауырлық қасиетін көрсетумен ғана шектеліп, не ауыр зардап, не үлкен зиян, елеулі зиян, едәуір зиян деп атап кеткенін көрсетеді [4, 56 б].

Е.І. Қайыржанов, қылмыстық әрекеттің зиянды зардаптарының әртүрлілігі материалды және материалды емес сипатта болатынын айта келе, заңда, теория мен тәжірибеде қылмыстық зардапты білдіру үшін көптеген: «нәтиже», «зардап», «зиян», «адамдардың бақытсыз жағдайы», «адамдардың қаза болуы» және т.б. терминдердің қызмет атқаратын көрсетеді [5, 78 б].

А.Н. Ағыбаевтың пікірінше, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімдерінің баптары бойынша нақтыланбаған  терминдердің  («едәуір  зиян»,  «елеулі  зиян»,  «елеулі  бұзушылық»,  «ауыр зардап»,«өзге де ауыр зардап» т.б.) бағалылық деп саналатыны туралы түсінік беріле отырып, олар арнаулы түсіндірулерді қажет етеді [6, 74 б].

Сонымен, қылмыстық құқық теориясындағы қоғамға қауіпті зардаптың ұғымын дұрыс түсіну үшін, қылмыс объектісі және қоғамға қауіпті іс-әрекеттің ара-қатынасын анықтау барысында, келтірілген зардапқа байланысты анықтамаларды талдай келе, зардап - бұл қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға материалдық (материалдық емес) зиян келтіру,- деп тұжырымдауға болады.

Біздің зерттеуіміз бойынша ҚР ҚК-нің «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік  басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар» атты 13-тарауында да міне осындай бағалылық белгілер өз шешімін таппай келеді.

Сыбайлас жемқорлықты қылмыстардың тізімі ҚР ҚК-нің 307-баптың ескертуінде берілген. Дегенмен, осы берілген баптардың ішінде, біздің зерттеуімізге қатысты, нақты ҚК-тің тиісті баптарының мәтінінде келесі зардапқа байланысты: «елеулі түрде бұзу» (Қазақстан Республикасы ҚК-тің 307, 308, 315, 380 б. 1 б.,), «зиян келтіру мақсатында» (Қазақстан Республикасы ҚК-тің 314   –бап), «ауыр зардап» (Қазақстан Республикасы ҚК-нің 307 б. 4 б., 308 б. 4 б., 315 б. 4 б., 380 бабының 2-бөліміндегі) бағалылық белгілердің ашылмағандығы жайында сөз болып тұр.

Осы аталған мәселе төңірегінде өздерінің ғылыми еңбектері бойынша қалам тартқан ғалым- заңгерлердің пікірлеріне тағы да құлақ түрсек: Б.А. Амрекулов «елеулі бұзушылық», пен «аса ірі зардап» ұғымдары тең емес екендігін және сипаты мен көлемі бойынша елеулі бұзушылыққа қарағанда аса ірі зардап ауқымды болатынын айтады. Сондықтан, автор Қазақстан Республикасы ҚК– нің 307-бабындағы аса ірі зардапты келтіргені үшін жауаптылықты қарастыруды, «ауыр зардап», «аса ірі зардап», «ірі зардап», «елеулі бұзушылық» ұғымдарына ҚК-тің Жалпы бөлімінде заңнамалық анықтама берілуін ұсынады. Сондай-ақ, бағалылық ұғымдарды қолдануда түсінбеушіліктің, анықталмағандықтың заңдылық тізімге енгізілуі, соттық қарау саласын ығыстырып, заңдылық кепілдікті күшейтетін еді, – деген пікірді ұстанады [7, 15 б].

Рас, жоғарыда қарастырылған мәселелер біздің де ойдан шығады, бірақ біреуіне келісуге, біреуіне келіспеуге де болады. Осыған тоқтала кетсек, Б.А.Амрекуловтың, бағалылық белгілердің заңның нақты мәтінінде анықталуы заңдылық кепілдікті күшейтетін еді,– деген пікірімен толық келісуге болады.

Сондықтан да, біздің пікірімізше, әрбір баптың ескертуінде нақты көрсетілуі қажет. Олай дейтін себебіміз, қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасы ҚК-нің тиісті баптарында, яғни өзге де тарауларда, зардаппен байланысты бағалылық белгілер нақты баптың ескертулерінде мөлшері қарастырылған.

Енді, жоғарыда аталған, сыбайлас жемқорлықты қылмыс құрамдарына қылмыстық-құқықтық талдау жасасақ: қылмыстардың топтық объектісі - мемлекеттік аппараттың заңды  тұрғыдағы қалыпты қызмет атқаруы.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 307 «Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану» бабы бойынша қылмыс құрамының объективтік жағы – 1) лауазымды тұлға өзінің қызметтік өкілеттілігін қызмет мүдделеріне керағар пайдалануынан; 2) азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзудан; 3) келтірілген зиян мен қызмет өкілеттігін теріс пайдалану арасындағы себепті байланыстан тұрады.

Егер келтірілген зиянның мөлшері елеулі түрде бұзушылық болмаса, онда аталған баптарда көрсетілген лауазымды тұлғаның әрекеті тәртіптік қылық ретінде қарастырылады. Аталған қылмыстық құрамдар үшін лауазымды тұлғаның өзінің қызмет мүдделерін керағар пайдалануы мен заңда көрсетілген зардап арасында себепті байланыстың болуы шарт. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану субъективтік жағынан тек тікелей ниетпен жасалады. Ал кейбір авторлар, бұл қылмыс, субъективтік жағынан, кінәнің қасақаналығының тікелей және сондай-ақ жанама ниетімен жасалуы мүмкін, – деп санайды [8, 321 б]. Егер қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану ұрлықтың тәсілі болып табылса, онда әрекет ұрлық ретінде қарастырылып, лауазымды тұлғамен жасалған әрекет, өзінің қызмет өкілеттілігін пайдаланумен қатар жасалса, ҚР ҚК-нің 176-бабының 3-бөлімі «г») тармағымен саралануы керек.

Қылмыс құрамы, субъективтік жағынан, кінәнің тікелей және жанама ниетімен жасалынады. Сондай-ақ субъективтік жақтағы ниет пен мақсат (пайдакүнемдік, кек алу, карьеризм, қызмет мүдделерін дұрыс түсінбеушілік) қылмысты саралауда ескерілмей, жаза тағайындағанда ескеріледі.

Ал осы қылмыстардың субъектісіне келетін болсақ, ол жайлы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 қыркүйегіндегі және 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңдарымен  Қылмыстық кодекске өзгерістер мен толықтырулар және 307, 308, 310, 314, 315 баптарының диспозициясы қайтадан редакцияланып, Қылмыстық кодекстің 311, 312 баптарының мәтініне өзгерістер енгізіліп, нақты 307 баптың ескертуінде сыбайлас жемрқорлықты қылмыстардың тізімі мен субъектілері анықталды.

Қылмыстық заңның мәтінінен байқап отырғанымыздай, сыбайлас жемқорлықты қылмыс құрамдарының тізімі Қылмыстық кодекстің әртүрлі тарауларында берілген. Біз де аталған пікірмен толық келісеміз, өйткені Қылмыстық кодекстің кейбір қылмыс құрамдарын лауазымды тұлғалар жасағанымен, олардың әрекеттері арнайы нормалармен сыбайлас жемқорлықты қылмыс құрамдары ретінде (ҚК-тің 225-бап) қарастырылмағандықтан, бірақ жасаған қылмыстық әрекеттерінің қоғамға қауіптілігі сыбайлас жемқорлықты қылмыс субъектілерінің белгілерін толық қамтитын, мүліктік пайда мен артықшылықтар алу жағдайында қылмыс құрамдарын жасаған тұлғаларды сыбайлас жемқорлықты құқық бұзушы субъектілері деп тану мәселесі, не қылмыстық, не сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдармен әлі де болса толық шешілмеген. Сонымен біз жоғарыда аталған қылмыстардың объективтік жағынан (Қазақстан Республикасы ҚК-нің 307 б. 4 б., 308 б. 4  б.,315 б. 4 б.) азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзумен және ауыр зардаптарға әкеп соқтырудан аяқталған кезеңі болатынын білеміз.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 308-бабының аяқталу кезеңін заңмен қорғалатын мүдделерді елеулі түрде бұзудағы зардаптар дене немесе психикалық күш көрсетумен жасалатынын, сондай-ақ осы баптың ерекше дәрежеленген құрамындағы ауыр зардаптар ретінде, абайсызда кісі өлтіру, елеулі түрдегі материалдық немесе басқа да ауыр зардаптардың болуы айтылады.

Сонымен қатар, көптеген авторлар [9, 243 б] Қазақстан Республикасы ҚК-нің 307,308, 315- баптарында берілген «елеулі бұзушылық», «ауыр зардап» бағалылық белгілеріне берген түсініктерінде келтірілген материалдық зиянның мөлшерін ашпайды. Ауыр зардаптың бірден-бір түрі ретінде аса ауыр мөлшерде материалдық зардап келтіру танылады. Бұл сұрақты шешуде, заң шығарушы, әрбір нақты істің мән-жайы бойынша, келтірілген қылмыстық зардаптың ауыр немесе ауыр емес екендігін құқық қолданушының құқықтық сана-сезімімен бағалануына қалдырады.

Дегенмен, барлық құқық қолданушылардың нормаларды дұрыс қолдануы үшін, зардапқа байланысты бағалылық белгілер қылмыстық кодекстің ескертулерінде (барлық халыққа түсінікті болуы үшін) нақты анықталуы керек. Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстардың ерекшелігі қоғамдық қауіпті әрекеттерді, заңдарды сақтау және қорғауға міндетті адамдардың жасауында болып табылады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың ерекшелігі: біріншіден, өзінің қызметтік жағдайын пайдаланушы мемлекет қызметкері, екіншіден, қызметтік мүдделеріне қарсы әрекетін өзінің пайдасы үшін қолданатын адамдар болуымен сипатталады.

Аталған қылмыстардың кең таралуы мемлекет аппаратының сыбайластығы, заң шығарушының мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстармен күресуде қатаң шаралар қолдануына мәжбүрлейді.

Дегенмен,  біз   қарастырған  сыбайлас  жемқорлықты  қылмыстардағы зардаппен байланысты,«елеулі түрде бұзушылық», «ауыр зардап» бағалылық белгілеріне ғалым-заңгерлердің Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне берген түсініктерінде материалдық зардаптың мөлшері сотпен анықталатыны айтылған, сондықтан, біздің пікірімізше, мұндай әртүрлі көзқарастардың ортақ түйіні, ол заңи нормаларында анықталуы керек.

 

Әдебиеттер

  1. Мальцев В.В. Проблемы уголовно-правовой оценки общественно опасных последствий. Саратов: Издат-во Саратовского университета. 1989. –
  2. Трайнин А.Н. Общее учение о составе престпления. – М.: 1973. – 273с.
  3. Михлин А.С. Последствия преступления. – М.: Юрид. Лит., 1969. – 104с.
  4. Жүнісов Б.Ж. Қазақстан республикасының қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім): Оқулық басылым. – Қарағанды: Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институты. – 240б.
  5. Каиржанов Е.И. Уголовное право Республики Казахстан (Общая часть); Учебник для высших учебных заведений. – Алматы: 2006. – 248с.
  6. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Оқулық, Алматы: Жеті Жарғы, 2007. – 360б.
  7. Амрекулов Б.А. Уголовная ответственность за злопотребление должностными полномочиями. Автореферат. К.ю.н. Астана. 2001. – 147с.
  8. Комментарий к Уголовному кодексу Российской Федерации/ отв. Ред. В.И. Радченко. М., – 512с.
  9. Жемпиисов Н.Ш. Комментарий к статям головного кодекса Республики Казахстан по преступлениям, отнесенным к подследственности финансовой полиции. Под. Общей ред. Д.ю.н. проф. М.Ч. Когамова. – Астана: Полиграф – Мир, 2006. – 526с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.