Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

XX ғасырдың басындағы ұлттық демократиялық ағымдағы қазақ зиялыларының бірі Ғабдулғазиз Мұсағалиевтің қызметі

XX ғасырдың басы - қазақ халқының тарихындағы бүкіл саяси қоғамдық ой-пікірдің өрлеуіне мүмкіндік туып, Ресей патшалығы əдейі тұмшалаған ой-сананың ояну дəуіріне жол ашқан кезең болды. XX ғасырдың екінші жартысында қазақ ағартушылары мен ақын жазушылары аңсаған ілімді-білімді үйренуге үндеу XX – шы ғасырдың бас кезінде біршама нəтижесін беріп, алдыңғы қатардағы қазақ азаматтарын елді ояту, азаматтықты аңсау мақсатына жетеледі. Осынау зиялылар ел бағытын айқындар сара жолды жаңылмай нұсқап, адастырмас даңғылға алға шығуға ұмтылған жаңа тұлғалар халыққа таныла бастады. [1]

Əр халықтың өзінің эволюциялық жəне революциялық даму арқылы қалыптасқан тарихы бар. Қиын-қыстау кезеңде халық арасынан суырылып шығып, саяси аренада реформаторлық, мемлекеттік-құқықтық көзқарастарымен, халық игілігі үшін атқарған қызметтері мен тарих беттерінде өшпес із қалдырған біртуар азаматтар болатыны ғасырлар бойы дəлелденген ақиқат. Бірақ, коммунистік идеология 70 жылдан астам уақыт ішінде саяси-құқықтық ой-пікірдің биік тұлғаларын зерттеуге қатаң тыйым салды, олардың көзқарастарын бағалауда əділетсіздікке, бұрмалауға жол берілді. Алайда осының өзінде қалың көпшілікке төл тарихымыз туралы жазған қазақ зиялыларының бəрінің бірдей есімдері мен еңбектері белгілі бола қойған жоқ. Тарихқа империялық тұрғыдан қараған кеңестік тарихнама қазақ авторларының аттары мен еңбектерін өз халқынан жасырып-жабуымен келгені мəлім. Солардың бірі- XX ғасырдың басында ұлт тарихының əр түрлі кезеңдері мен мəселелері туралы еңбектер жарияланған Ғабдулғазиз Мұсағалиев. Жетпіс жыл бойы тарих, саяси-құқықтық ілімдер тарихы большевиктердің идеологиялық параноизмінің қыспағында болып, таптық бағалау қағидасы негізінде жалған мағынада жазылды, келер ұрпақтың санасын, рухани өмірін коммунистік режимге қажетті идеялармен уландырды. Соның нəтижесінде тарихи-құқықтық ғылым, өтірік мағынамен жазылды. Егемендіктің туын ұстап, дербес мемлекет құру сəті ғана, есімдері тарих беттерінен өшіп қалған саяси-құқықтық   ой-пікірдің қайраткерлерін толыққанды мағынада зерттеуге мүмкіндік беріп отыр. «Осыған байланысты,-деп атап көрстетті заң ғылымдарының докторы, профессор Сəкен Өзбекұлы,- біртуар тұлғаларымыздың өмірі мен қызметін жəне саяси-құқықтық көзқарастарын ғылыми тұрғыдан зерттеу жəне оларды халық арасында насихаттау, əлемге идеялық ой-пікірлерін паш ету, мақтан тұту – бүгінгі күн мұраты». [2]

Ғабдулғазиз Мұсағалиевтың өмірі мен қызметі монографиялық деңгейдегі зерттеуді талап ететін жеке тақырып. Оның əр салада атқараған қызметі мен еліміздің бостандығы үшін ат салысқан игілікті істеріне баға беретін болсақ, оның есімі қазақ халқының тарихында ірі қоғам қайраткері, тұңғыш қазақ тарихшысы, публицист, ағартушы-демократ, өзінің ой-өрнегі бар дарынды ойшыл-философ жəне сегіз  тілді жетік меңгерген, XX ғасырдың басындағы жалпы демократиялық ағымда болған қазақ зиялыларының бірі.[3]

Ғабдулғазиз Мұсағалиев 1888 жылы Астрахань губерниясының Бөкей ордасындағы Əбдіраш аталған ауылда (қазір Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы) өз аймағына танымал, ауқатты отбасында дүниеге келген. Руы-Нəртелі Қостаңбалы. Əкесі ескіше білімі бар, сауатты жан болған. Алғашқы сауатын өз əкесінен жəне ауыл молдасынан ашқан Ғабдулғазиз Мұсағалиев одан əрі Қазан медресесінде оқиды. Мұнда ислам дінінің негіздерімен, шариғат қағидаларымен, шығыс халықтарының тарихымен етене танысып, біршама кеңірек білім алады. Медресені аяқтағаннан кейін арнасына қарайласу үшін Ғабдулғазиз елге оралады. Алайда көп ұзамай ол білімін одан əрі тереңдету мақсатында мысыр еліне сапар шегіп, Каир университетінің заң факультетіне оқуға түседі. Осы кезеңде тамылжымай оқып, талмай ізденген Мұсағалиев əсіресе тарих ғылымына ерекше ден қояды. Мысырдың бай кітапханасын сүзіп, Халифат дəуіріндегі қолжазбаларымен танысты, түркі халқының ежелгі тарихына бойлайды. Соның нəтижесінде ол «Гулжиһан» атты дастанды зерттеп, қазақ тіліне аударады. Университеті бітірген соң 1909-1910 жылдары Мұсағалиев Үндістан, Пакистан,Индонезия, Жапония секілді бірқатар елдерін аралайды. Осы сапарында ол өзі аралаған елдердің тұрмыс-тіршілігі, салт-дəстүрі жайында сапарнамалар мен күнделіктер жазды. Сапардан оралған соң Мұсағалиев 1909 жылы Жетісу облысының Қапал уезіне келіп, Мамановтар əулеті ашқан «Мамания» мектебіне орналасады. Мұсағалиев бірнеше шет тілін меңгерген полиглот. Сегіз тілде еркін сөйлеп, жаза білген. Əсіресе араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгерген екен. Қапал мектепте сабақ бере жүріп, ол 1912-1914 жылдары сол тұстағы қазақ, татар тілдерінде жарық көріп тұрған мерзімді басылымдарда қазақ халқының тарихы мен мəдинеті, қоғамдық-саяси мəселелері туралы көлемді мақалалар жариялады. 1917 жылы буржуазиялық- демократиялық революция тұсында жəне қазан социалистік революциясында Ғабдулғазиз Мұсағалиев революциялық демократтар жағына шығып, қазақ еңбеккерлерінің мүддесін қорғады. 1917 жылдың ақпан айында патша тақтан түсі, Уақытша үкімет құрылғанда Ғабдулғазиз Мұсағалиев шілде айынан бастап, Орал қаласында өзінің əріптестерімен қосыла отырып, «Ұран» деп аталатын жартылай ресмей газетті шығарады. Ұлт істері комиссариатының қазақ бөлімшесінің Бөкей облысына көшуіне байланысты «Ұран» газеті Қазан революциясының мұраттарын насихаттайды.

1917 жылы желтоқсан айының басында Ғабдулғазиз Мұсағалиев Алаш орданың III съезіне қатысып, ол 33 делегаттың бірі ретінде Алаш орданың жетекші өкілдерінің контрреволюциялық тактикасын сынға алады. Бөкей ордасына 1917 жылы желтоқсан айында қайтып келген соң, Ордадағы Революциялық Комитеттің құрылуын жақтайды. 1918 жылдың басынан бастап, Ғабдулғазиз Мұсағалиев Бөкей губерниясында кеңес үкіметінің ауылдық жерлерде орнап, нығаюына барынша аянбай ат салысады. Осы жылдың сəуір-мамыр айларында ол Бөкей ордасында өткізілген Кеңестердің I съезіне делегат болып сайланған.Съезд ашылған күні Ғабдулғазиз Мұсағалиев оның төрағасы болып бірауыздан сайланды. Осы съезге сайланып келген делегаттарға беретін жəне басқа да қажетіне жарататын қаражат болмаған соң, 30 сəуір күні съездің бірінші мəжілісінде Ғабдулғазиз Мұсағалиев ұсыныс жасап, 11 адамды құрамына енгізіп, Қаржы комиссиясын құрады. Бұл комиссияға төтенше қаулының жобасын жасатып, съезде талқылап, бекітіп Ордадағы байларға, саудагерлерге прогрессивтік салық салып, тез қаражат жинатып, делегаттарға бөліп береді жəне Кеңес үкіметінің жергілікті органдарына таратады.

Сол Кеңестің I-съезінің 1918 жылы 13 мамырда өткен қорытынды мəжілісінде Ғабдулғазиз Мұсағалиев төрағалық етеді. Бұл мəжілісте Халық Комиссариаты туралы қаулыны қабылдағанда, Бөкей  губерниялық Халық ағарту комиссары болып Сейтқали Меңдешев, оның бірінші орынбасарлығына Ғабдулғазиз Мұсағалиев бекітілген болатын.

1918 жылы 2-5 қыркүйекте Орда қаласында шақырылған Бөкей губерниялық мұғалімдерінің I съезіне Ғабдулғазиз Мұсағалиев делегат болып сайланып, оның президиумының тұрақты төрағасы болады.1918 жылдың екінші жартысынан бастап, 1919 жылдың қазан айына дейін ол РСФСР-дің Ұлт Істері жөніндегі Халық Комиссары, қазақ бөлімінің Бөкей Ордасындағы бөлімше коллегиясының мүшесі болып тағайындалады. 1918 жылдары Қазан төңкерісінен кейін Ғабдулғазиз Мұсағалиев кеңес үкіметі жағына өтіп, Бөкей ордасындағы Ұлттар істері халық комиссариаты Қазақ бөлімінің мүшесі болып қызмет атқарады. 1918 жылы 17 қарашада қазақ жəне орыс тілдерінде «Хабар»-«Известия» газеті шыға бастады. Ғабдулғазиз Мұсағалиев осы «Дұрыстық жолы» газеті мен «Мұғалім» журналының редколлегия мүшесі қызметін қоса атқарады. Ғабдулғазиз Мұсағалиев Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ қоғамының тарихын зерттеп жазу ісін алғаш қолға алғандардың бірі. Ол қазақтардың Рессей қол астына кіру тарихы жөнінде жаңа қырынан мəселе көтереді. Ғ.Мұсағалиев жазған мақалаға сүйенетін болсақ, Əбілқайыр ханның қазақтарды Ресейге қосылуының себебі, сыртқы жаулардан қорғану, халық қамын ойлау емес, жеке басының пайдасы деп көрсетеді. Оны біз мына мақаладан көреміз: «Бірақ Əбілқайыр хан халық пайдасы үстіне өзінің құмар болған дəреже лауазымын рус қол астына кіріп сақтауды үміт етті. Сол ниет, сол үмітпен ол рус қол астына кіруді құптады, һəмде қазақтарды бастап русқа бағынуына сенбепші болды».[4] Осылай, Ғабдулғазиз Мұсағалиев мақалсында қазақтардың Ресейге қосылу тарихы, негізінен, дұрыс  көрсетіліп, обьектитвті бағаланған.

Бұл мақаладан біз Ғ.Мұсағалиевтың қазақтардың Ресейге қосылуының себебін, нақты шындыққа сай баға бергенін көреміз.Мұсағалиевтың бұдан кейінгі өмірі жөнінде деректер тым аз. Тек оның 1933 жылы Алматы қаласында дүние салғаны жөнінде мəлімет кездеседі.

Қорыта келгенде, Ғабдулғазиз Мұсағалиев XX ғасырдың басында Қазақстандағы философиялық, қоғамдық- əлеуметтік, саяси-құқықтық жəне тарихи ой-пікірлердің жаңа сапаға көтеріліп, дамуына өзінің үлесін қосып, айтулы еңбектерінде қолтаңбасын қалдарған ірі ойшыл-философ, қоғам қайраткері, ағартушы-демократ. Соған қарамастан ол қалдырған мол рухани мұра осы күнге дейін зерттелмеген жағдайда. Демек, ендігі жерде, еңсесі биік тұлғаның осы еңбектерін қажетіне асырып, оның өнегелі өмір жолын кітап бетіне түсіру- бүгінгі күн зиялыларының борышы болса керек. Болашақта Ғабдулғазиз Мұсағалиев туралы небір құнды деректер баспасөз беттерінде басылып, ол туралы біліміміз тереңдей түседі деген ойдамыз. Елге қызмет еткен ердің есімі халық санасында мəңгі қалуы тиіс.

 

Әдебиеттер

  1. .Қазақ əдебиетінің қысқаша тарихы. 2 кітап. Алматы.
  2. .Сəкен Өзбекұлы. XVII ғасырдың соңы- XX ғасырдың бас кезеңінде Қазақстандағы саяси-құқықтық ой-пікірдің тарихы жəне қайраткерлері. Докторлық дисс. Авторефераты. Алматы, 1999, 52б.
  3. .Сəкен Өзбекұлы. Арыстары алаштың. Алматы, Жеті жарғы. 1998, 192с. Мұса Ғ. Қазақ жайынан// «Айқап»,1913,№130

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.