Қазақстан Республикасы қылмыстық заңы бойынша қандай жағдайда болмасын заңды тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Мысалы біздің жағдайымызда, экономикалық контрабанданың жасалуы барысында қылмыстық жауаптылыққа толығымен алғанда заңды тұлғаны емес, оны жасауға кінəлі заңды тұлға қызметкерін қылмыстық жауаптылыққа тарту орын алады. Кəмелетке толмаған жеке тұлға қылмыс субъектісі бола алмайды. Қылмыс субъектісі белгіленген жасқа жеткен жеке тұлға бола алады.
Қылмыстық жауаптылыққа тарту жасына толуын анықтауда адамның сана сезімі ескеріледі. Оның жасаған əрекетінің сипатын, қоғамға қауіптілік дəрежесін, мəнін түсіне білуі, сонымен қатар, өз іс əрекетін басқара алу қабілеті тексеріледі. Өзінің əрекетінің қоғамға қауіптілігін ұғына білу мен бағалай білу қабілеті əлеуметтік жағдайлардың, тəрбиенің тікелей əсеріне байланысты болады. Тəрбиенің əсері кейде адамның құбылыс пен əрекеттің нақты жақтарын ұғына білу қабілетінен кейін келіп жататыны да белгілі. Өзінің əрекетінің қоғамға қауіптілігін ұғына білу қабілеті сол əрекет үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылуын білудің алғышарттарының бірі болып табылады.
Қылмыс субъектісі кез келген жеке тұлға емес, есі дұрыс адам ғана болады. Есі дұрыс емес күйдегі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиісті емес жəне ол қылмыстың субъектісі бола алмайды. Соттар қылмыстық жауаптылық пен жаза түрін, мөлшерін тағайындау барысында, сотталушының елеулі мəні бар жеке басының мəліметтерін жан жақты, толық жəне объективті түрде зерттеуі керек. Бұл дегеніңіз сотталушының жеке басының қасиеттері, сонымен қатар, оның есі дұрыстық қабілетінің болуы сияқты мəселелердің де тиянақты тексерілуін талап етіп отырған норма. Белгілі бір қылмыс жасаған адамға сот өзіне лайықты жаза тағайындайды. Қоғамға қауіпті іс əрекетжасаған адам жазалауға жатпайды, оған тек медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шаралары қолданылады.
Қылмыстық заң есі дұрыс еместік ұғымының мазмұнын анықтағанда адамның психологиялық жəне медициналық көрсеткіштеріне яғни есі дұрыс емес адамның қасиетін көрсететін психологиялық жəне медициналық белгілеріне арқа сүйейді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық заңының құрылуына байланысты экономикалық контрабанданың субъектілерін екі түрге бөліп қарауға болады:
- жай субъектілер;
- арнайы субъектілер.
Аталған қылмыс құрамының субъектілерін жоғарыдай бөліп қарастыру қылмыстық заң нормасынан шығып отыр, себебі, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 209 – бабы аталған қылмыс құрамының лауазымды адамдармен жасалуын, сонымен қатар, ол қылмыс құрамының сыбайлас жемқорлық қылмыстар қатарына жататындығын бекітіп отыр. Көптеген қылмыстық құқық ғалымдары экономикалық контрабанда үшін жауаптылыққа 16 – жасқа толған адамдардың тартылатынын алға тартады. Мысалы К.Г. Байсақовтың пікірінше, экономикалық контрабанда құрамын жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа есі дұрыс, қылмыс жасау сəтіне 16 жасқа толған жеке адамның қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын алға тартады. Осы аталған пікірмен жоғарыда еңбегі аталып өткен М.М. Алиев те толығымен қосылады.
Біздің пікірімізше, жоғарыда еңбектері аталған ғалымдардың көзқарастарына қосыла отырып, аталған қылмыс құрамының субъектісі ретінде жасы 16 – ға толған есі дұрыс жеке тұлғамен бірге экономикалық контрабанданың келесі субъектісін бөліп шығаруға болады: олар 18 – жасқа толған есі дұрыс, жеке тұлғалар.
Экономикалық контрабанда субъектілерін жасына байланысты осылай бөлуіміздің себебі, аталған қылмыс құрамының ауырлататын мəн – жайларының ішінде «қызмет бабын пайдаланып» деген саралау белгісінің болуымен, сонымен қатар, саралау белгілерінің бірі болып табылатын 3 – бөлігінің а) – тармағының болуымен байланыстырамыз. Экономикалық контрабанданың арнайы субъектісі ретінде субъектінің жалпы белгілерімен қатар, қосымша белгілеріне де ие болатын жеке тұлғаны айтамыз.
Өз қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған лауазымды адам деп, қызмет парызы бойынша кедеңдік жəне шекаралық бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен басқа құнды заттар жəне нəрселерді қарау бойынша тиісті ықпал жасайтын жəне шекарадан өтуге рүқсат беретін адамды айтады.
Өзінің қызмет бабын пайдаланып, мұндай лауазымды адамдармен жасалған контрабанда лауазымдық қылмыс туралы қылмыстық заң баптары бойынша қосымша саралауды талап етпейді. Өзінің қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған басқа лауазымды адамдарға жалпы негізде, яғни лауазымды қылмыстар туралы қылмыстық заң нормаларын қолдану көзделген қылмыстардың жиынтығы бойынша жене аталған саралау белгілеріне сілтемесіз Қазақстан Републикасы Қылмыстық кодексінің контрабанда туралы баптарының тиісті бөліктері бойынша жауапкершілік жүктеледі. Экономикалық қызмет саласындағы мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуде кеден қызметі аса маңызды рольге ие, ол аталған саладағы негізгі құқық қорғаушы институттардың бірі болып табылады. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыс субъектісі болып есі дұрыс, қылмыс жасау уақытында 16 жасқа толған тұлға табылуы мүмкін, заңның тікелей көрсетуін негізге ала отырып, эканомикалық қызмет саласындағы кейбір қылмыстардың субъектісі болып тек лауазымды тұлға табылады.
Субъективтік жағынан эканомикалық қызмет саласындағы барлық қылмыстар қасақана кінəмен сипатталады. Кейбір құрамдардың субъективтік жағының міндетті белгісі болып мақсат табылады. Мысалға: жерге қатысты заңсыз мəселелерді тіркеу лауазымды тұлға тарапынан пайда күнемдік немесе басқа да жеке мүдделікті көздейді. Жалған кəсіпкерлік құрамын, несие алу, салық төлеу деп босатылу, өзгеде мүліктік пайда алу немесе тиым салынған қызыметті жасыру мақсаты бар əрекет құрайды.
Жерге қатысты заңсыз мəмілелерді тіркеу мен заңды кəсіпкерлік қызметке кедергі келтірудің құралы осындай. Жекелеген қылмыстардың субъектісі болып лауазымды жəне басқа да жеке тұлға болып табылады. (Мысалы тауарлық белгілі бір заңсыз қолдану, несиелік берешекті өтеуден əдейі жалтару).
Шаруашылық етуші субьектілердің экономикалық қызметті əртүрлі салада жүреді; кəсіпкерлік, ақша несие, қаржы, сауда, халыққа қызмет көрсету жəне т.б. Экономикалық қызметтің белгілі бір саласына қатысты қоғамдық қатынастардың қалыпты жұмыс істеуіне қол сұғатын, тауар мен қызметтерді өткізу, бөлу, айырбастау жəне тұтыну барысында туындайтын қылмыстар əдетте бірнеше топтарға жіктеледі. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың кодексте бекітілген жаңа жүйесіне қатысты əдебиетте қылмыстық əрекеттің келесідей топтарын бөліп көрсету ұсынылады: экономикалық қызметті жүзеге асыру тəртібін жəне белгіленген кепілдіктерді бұзатын лауазымды тұлғалардың қылмысы.
Кəсіпкерлік жəне басқа да экономикалық қызметті жүзеге асырудың бекітілген тəртібін бұзумен байланысты қылмыстар, монополизм мен жосықсыз бəсекенің көрініс табуымен байланысты қылмыстар, кеден қылмыстары, салық қылмыстары, тұтынушылар құқығын бұзулар байланысты қылмыстар. Аталған жіктеу екі субьектісі қатаң ғылыми көзқарасқа сəйкес аталған қылмыстар тікелей обьектісін, яғни жасаланылатын экономикалық қызмет саласын ескере отырып жіктеу тиімдірек. Осыған сəйкес экономикалық қызмет саласындағы базалық қылмыстардыкелесідей түрлерге бөлуге болады.
Кəсіпкерлік жəне басқа да экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар, заңда кəсіпкерлік қызметке кедерге жасау жерге қатысты заңсыз мəмілелерді тірекеу, заңсыз кəсіпкерлік, заңсыз банктік қызмет, жалған кəсіпкерлік, заңсыз жолмен алынған ақша қаржатын немесе өзге мүлікті заңдастыру, қылмыстық жолмен алынған мүлікті алу немесе тарату. Монополиялық іс əрекеттер немесе бəсекені шектеу.
Әдебиеттер
- .Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30 сəуірдегі №1 Қаулысы «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттарлың заңдылықты сақтау туралы»
- .Байсаков К.Г. Контрабанда как угроза экономической безопасности страны. Научные труды Академии финансовой полиции. Выпуск
- Колл. авторов. Алматы 2001. с.165-175.
- .«Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» ҚР 2001ж 2сəуірдегі заңы. Егемен қазақстан 4 сəуір 2001ж.
- .Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1997ж 18 шілде «Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік туралы заңдарды қолдану тəжірибесі туралы» қаулысы (Юридическая газета. 1997 ж 23 шілде)
- .Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқық кодексі 2005ж.
- Уголовное право Росси Кудрявцева В.Н, Наумова А.В.