Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасындасында құқықтықтық мемлекеттің қалыптасуындағы прокуратура органының ролі

Тəуелсіз Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық қалыптасу кезеңі 1990 жылдардан бастау алады. Біздің ел өз егемендігіне қол жеткізіп, тəуелсіз мемлекет атанды. Дербес ұлыс ретінде танылып, саяси-құқықтық реформалар жүргізіліп, еліміз əлем мойындаған президенттік республикаға айналды. Тəуелсіздікті іс жүзінде нығайып, қоғамның орнықты даму арнасындағы алға басуы баянды жалғасын табуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы таяудағы 10 жыл ішінде бəсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы баяндалды.

Жалпы қоғам да өзінің заңдылықтарымен өмір сүреді. Қоғамды құрудағы ең негізгі мақсат оның сау- саламатты, таза, ашық болуында. Ашық дегеніміз барлық мəселе халықтың назарында тұрады дегенді білдіреді [1,27б.].

- Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдауында бəрінен бұрын, құқық қорғау жүйесін оңтайландырып, əрбір мемлекеттік органның нақты құзыретін түзу керектігін, біздің заңдарымызды ізгілендіріп, олардың сапасын арттыру қажеттігін айтты.

Құқық қорғау жүйесінің қызметінде екпін ішківедомстволық мүддеден азаматтардың құқы мен мемлекеттің мүддесін қорғауға қарай ауыстырылуы тиіс екендігін атап көрсетті [2, 2б.]. Тəуелсіз егемендік Қазақстан Республикасы дамыған құқықтық мемлекет құру жолына түсті. Осы уақыттың ішінде біздің еліміздің мемлекеттік жəне қоғамдық өмірінің құқықтық негізін нығайтуға, қоғам мүшелерінің құқығы мен еркіндігі кепілдігіне көп көңіл бөлінуде. Құқықтық мемлекет ретінде Қазақстан дамуының тұжырымдама негізіне жеке тұлғаның құқығы мен заңды мүдделер кепілінің жүйесін құру идеясы алынған. Қазақстан Республикасы Конституциясының   1-бабында   «Қазақстан   Республикасы өзін демократиялық, зайырлы  құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» - делінген [3].

Осы конституциялық норманың талдауынан, құқықтық мемлекеттің пайда болу процесі адам мен азаматтың мүддесін қамтамасыз ететін заңнаманың қалыптасуымен тығыз байланыста болуы қажет. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы Жарлығымен бекітілген 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы – мемлекеттің ұлттық құқықтық жүйесін дамыту мен нығайту бағдарламасындағы маңызды кезең. Ол 2002 жылы қабылданған Құқықтық саясат тұжырымдамасынан бастау алады. Бұл Тұжырымдама Қазақстан Республикасы заңдылықтарын жетілдірудегі негізгі бағыттарды анықтайды. Алдағы ондаған жылдарға арналған ұлттық құқықтық саясат саласындағы бағдарламаларының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайынғы заң жобалау жұмысындағы болашақ жоспарларының жəне Қазақстан республикасы құқықтық нормативтік актілері жобаларының негізі болып табылады.

Құқықтық мемлекеттің конституциялық идеялары құқық, əділеттілік, ізгілік идеяларына негізделген заңдарды қабылдап қалыптастыруда, құқық тəртібінде, материалдық құқық жəне адам мен азаматтың саяси құқық кепілдіктерінде көрініс табуы қажет. Мұның өзінде өздерінің конституциялық міндеттерін бұлжытпай орындауға жұмылдырылған мемлекеттік қызметкерлер мен басқа да азаматтардың  жауапкершілігін арттырудың маңызы зор. Сондай-ақ əлеуметтік мемлекеттің конституциялық идеяларын жүзеге асырудың да мəн-маңызы ерекше. Бұл жұмыс, ең алдымен, жеке адамның барлық қабілеттері мен экономикалық еркіндігін қамтамасыз ететін негіздерге сүйенетін мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылуы керек [4, 12-13б.].

Бəрімізге белгілі, заңдардың тура жəне бірегей қолданылу кепілдігіне прокуратура органының жұмысы, оның құрылысы мен дамуы қызмет етеді. Өзіне артылған міндеттерді нəтижелі орындау үшін заңдарды қолдануда прокуратура органының ұйымдастырушылық-құқықтық өкілеттілігі кеңітіліп, айқындалған Қазақстан республикасының «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» заңның талабына сай, прокуратура Қазақстан Республикасының жеке, орталықтандырылған, біртұтас жүйесі болып ұйымдастырылған. Қазақстан егемендік алғаннан кейін прокуратура органы елде орнаған ахуалға байланысты заңдылықтың үстемдік етуін жеделдетуге бағытталған ізденістер мен жұмыстарды іске асыра бастады. Елдегі жəне заңдардағы өзгерістер ең басты қазына адам жəне оның конституциялық құқықтары екендігін бекітті. Осыған байланысты прокуратураның да басты міндеті – азаматтардың құқықтарын қорғау болып саналады.

Мемлекеттік басқару органдары жүйесінде прокуратура өзінің конституциялық орнына ие болды. Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, ҚР Президенті жарлықтарының жəне өзге де нормативтік құқықтық актілердің дəлме-дəл əрі біркелкі қолданылуына жоғары қадағалау жасай отырып, ҚР Президентінің Республика халқы мем мемлекеттік биліктің бірлігінің, Конституцияның өзгермейтіндігінің, адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретіндегі өз қызметін асырудағы құқықтық тетігі болып табылады.

Прокуратураның өз қызметін заң шеңберінде атқарып, республика заңдылық пен тəртіптің нығаюына бағытталған жұмысының белсенділігінің артуына прокуратура туралы заңдар мен заң актілеріне енгізілген өзгерістер оң нəтижесін берді [5, 10-11б.].

Прокуратура органдары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында өткен жылы жеке жəне заңды тұлғалардың 251 мыңнан астам арыз-шағымдарын шешіп берді. Олардың 14 мыңнан астамы негізді деп табылып, қанағаттандырылды. 66 мыңнан астам азамат пен заңды тұлғалардың өкілдері жеке қабылдауда болса, олардың 39 мыңнан астамын орталық жəне жергілікті орган басшылары тікелей қабылдады.

Тұтастай алғанда, əлеуметтік-экономикалық саладағы азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында 2009 жылы прокурорлар орталықта жəне жергілікті жерлерде 23 115 тексеру жүргізілген. Олардың нəтижелері бойынша 10 296 наразылық қанағаттандырылып, 553 ұйғарым орындалды, заң бұзушылықты жою үшін шаралар қолданыла отырып, 19 661 прокурорлық ұсыным қаралды. Прокурорлық ықпал ету шаралары бойынша 38 387 заңсыз құқықтық акті тоқтатылды немесе өзгертілді. Тəртіптік, əкімшілік жəне материалдық жауапкершілікке 52 538 адам тартылды, 71 іс қозғалып, қазірде олардың 18-і сотқа жіберілді. Сот қараған қылмыстық істер бойынша 18 адам сотталып, мемлекет кірісіне 55 миллиардтан астам қаржы қайтарылды. Құқықтық тəртіпті сақтау, қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес прокурорлар жұмысының басым бағыты болды жəне солай бола бермек. 2009 жылғы еліміздегі қылмыстық ахуалға жасалған талдау дағдарысқа жəне бірқатар салада өндіріс көлемінің белгілі бір дəрежеде төмендеуіне қарамастан, жұмыстарын прокуратура үйлестіріп отырған құқық қорғау органдары елімізде тіркелген қылмыстар санын 2008 жылмен салыстырғанда 4,6 пайызға төмендетуге қол жеткізді.

Қылмыстық ахуал статистикасының маңызды көрсеткіштері мен санаттары бойынша төмендету байқалып отыр. Мəселен, жалпы қылмыс саны 6,1 пайызға төмендеді. Ал ауыр қылмыс саны 10 пайызға төмендеп, қылмыстың ашылуы 71,8 пайыз артты.

2009 жылы сот төрелігін жүзеге асыру саласында заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында прокурорлар тарапынан барлық қылмыстық істер бойынша мемлекеттік айыптауға қолдау көрсетілді.(жеке айыптау істерін қоспағанда).

Прокурорлардың бастамасымен апелляциялық сатыдағы соттармен 1311 адамға қатысты үкімдер заңға сəйкестендірілді. Республика бойынша апелляциялық наразылықтардың қанағаттандырылуы 89,3%-ды құрады. Қадағалау тəртібімен прокурор наразылықтары негізінде 474 адамға қатысты сот қаулылары заңға сəйкес келтірілді, ал қадағалау наразылықтарының қанағаттандырылуы 93,5%-ды құрады. Азаматтарды заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартудың барлық фактілері бойынша кінəлі лауазымды тұлғаларға қатысты қатаң прокурорлық ықпал ету шаралары қабылданды. Прокуратура органдарының ең басты басым бағыттарының бірі ретінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету болған жəне солай болып қалады. Биыл прокуратура органдары өздерінің мəртебесінің көтерілуіне жəне өкілеттіктерінің кеңейтілуіне байланысты қызметін жоғары жəне сапалы деңгейге көшіруге бет бұрды. Атап айтқанда, жыл сайын прокуратура оргадарына азаматтардан келетін өтініштердің саны 20-30% арта түседі. Бір жағынан, бұл азаматтардың қадағалау органдарына сөзсіз сенімділігін жəне прокурорлар тарапынан олардың құқықтары мен мүдделері тиімді қорғалатыны куəландырады. Екінші жағынан, адамдардың қайырылу санының күрт өсуі қоғамның даму тұрақтылығы, тыныштық пен құқық тəртібі жағдайының сақталуын қамтамасыз етуге қосымша жауапкершілік жүктейді.

Соңғы кезде Бас прокуратураның Халықаралық ынтымақтастық департаментінің рөлі өсуде, əрине, оның себебі осы жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуіне байланысты. 2010 жылы бұл прокуратура бөлімшесінің бастапқы мақсаты ретінде Қазақстан тарапынан еуропалық мемлекеттерде ұйымдастырылыған негізгі іс-шараларға прокурорлардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету деп белгіленген [6, 3б.].

Прокуратура органдарымен өз тағдырын байланыстырған əрбір қызметкер мен барлық прокуратура органдарының əрекетіне өте көп жағдай байланысты, олар - əлеуметтік саяси тұрақтылық, азаматтардың амандығы, балалардың бақытты болашағы. Бұл өз еліміз бен барлық қазақстандықтар үшін ерен еңбек ету жəне бар күшімізді жұмылдыруға лайықты себеп екені сөзсіз.

 

Әдебиеттер

  1. Заң. № 9- 2008.
  2. Назарбаев Н.Ə. «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері». Егемен Қазақстан. №33-35- 2- 12бет.
  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Астана. 2008.
  4. Білісбеков Н. «Құқықтық саясат тұжырымдамасы – құқықтық мемлекет орнатудың жауапты кезеңі». Заң. №8-2009. 12-15 бет.
  5. Сейітқазықызы М. «Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау курсы». (оқу құралы). Алматы. 2006. 128 бет.
  6. Мəми Қ. «Прокуратура органдары». Егемен қазақстан. №26- 29-2010. 2-16 бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.