Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бірқатар шет елдердегі мамандандырылған соттардың қалыптасу ерекшеліктері

Дүние жүзі бойынша əрбір елдің Конституциясында сот жүйесінің нысаны (құрылымы), оның құрамына жалпы соттардан өзге мамандандырылған соттардың құрылатындығы да бекітіледі. Əрине бір айта кетер жайт, бұл зерттеуде таңдалмалы түрде тек ғана өмірлік іс тəжірибесі мол, ертеректе құрылған мамандандырылған соттарға ғана шолу жасалады. Қазақстанда да құрылып, не болмаса құрылу үстінде дайындық жасалып жатқан соттарға ғана тоқталып өтетініміз анық. Олар, яғни əскери, экономикалық, əкімшілік, қаржы  жəне ювеналды соттар болып отыр. Мұндай соттардың қызмет ерекшелігін қарастыруда біз тек өркениетті жоғары дамыған - АҚШ, Франция жəне Германия елдеріне тоқталмақпыз. Ең алдымен сот жүйесінің, əсіресе, мамандандырылған соттар туралы, осы аталған елдерде Конституцияларындағы бекітілуіне тоқтала кетейік.

АҚШ-ң Конституциясы 17 қыркүйек 1787 ж. қабылданған. ІІІ бапта (бізше бөлімде) 3 тарауы бар. 1-тарау Біріккен штаттарда сот билігі Жоғарғы Сот жəне төменгі соттармен жүзеге асырылады, олар өз уақытымен Конгреспен құрылып отырады. Жоғарғы сот аппелляциялық саты (инстанция) болып табылады, - делінген. 2- тарауы Жоғарғы Сот өкілеттігі, қарайтын істері жайында бекітілген. Ал мамандандырылған соттар туралы нақты бап жоқ екендігін көреміз. Олардың қызметі жеке заңдармен реттеледі деп қарастырдық. АҚШ үш буында федералды сот жүйесі мен қатар əрбір штатта өз сот жүйесі болады, Штаттың Жоғарғы сотына бағынады. Жалпы АҚШ федералды сот жүйесін 1789 ж. Сот құрылысы туралы АКТ құрайды [1,356].

Франциядағы сот жүйесі мəселесін, оның құрылысын ең алды оның 3 маусым 1958 жылы қабылданған Конституциясынан қарастырайық. Франция Конституциясының VII бөлімінде «Сот билігі» туралы бекітілген. 64- бабына сəйкес, онда: «сот билігінің тəуелсіздігіне Президент кепілдік береді, оған Магистратураның Жоғары Кеңесі көмек көрсетеді»- делінген. Конституциясының осы бөлімінде үш бап, яғни 64,65,66 сот билігіне арналған. 65-бабы Магистратура Жоғары Кеңесі құрамы, құзіретіне арналған. Ал, ІХ бөлім «Сот төрелігінің Жоғары палатасы» деп аталады. 67-бапқа сəйкес, Сот төрелегінің Жоғары палатасы құрылады оның құрамы, қызметінің тəртібі Конституциялық заңмен реттеледі. 68- бап Республика сот 15 судьядан тұрады, оның құрамының қызметке келуі жəне басқа да жағдайлар Конституциялық заңмен реттеледі [1,48].

Германиядағы соттардың мамандандырылу мəселесі оның Негізгі Заңында (23 мамыр 1949 ж. Қабылданған) қарастырылады. Оның ІХ бөлімі «Сот төрелігі» деп аталады, құрамына 92-104 аралығындағы баптар кіреді.  92- бап Сот билігіндегі судьяларға тапсырылған; ол Федералды Конституциялық сот, федералды соттар жəне жерлер соты (суды земель) арқылы орындалады. Ал осы мамандандырылған соттарға байланысты Германия Негізгі заңында 95- бапта былай делінген: «жалпы  əкімшілік, қаржылық, еңбек жəне əлеуметтік юстиция аясында сот төрелігін жүзеге асыру үшін Федерация Жоғары сот палатасы ретінде Федералды сот палатасын, Федералды əкімшілік сот, Федералы қаржылық палатасын, Федералды еңбек ісі бойынша соты (трудовой суд) жəне федералды əлеуметтік сот құрады. Бұл соттардың судьяларын тиісті саладағы министр судьяларды сайлау комитетімен бірлесе шешеді жəне олардың (сот) құзыреті – Федералды заңмен реттеледі». 96-бапта Федерация өнеркəсіптік меншікті құқықтық қорғау ісі бойынша Федералды сот құруы мүмкін делінген. Федерация Қарулы Күштер үшін əскери- қылмыстық соттарды Федералды соттар ретінде құруы мүмкін. Бұл соттар қылмыстық юрисдикциясын қорғаныс кезінде немесе Қарулы Күштердің құрамындағыларға жəне шетелге жіберілген, немесе əскери кемедегілерге жүзезеге асырылады [1,102].

Германия сот жүйесі негізінен Конституциясынан кейінгі ретте 1975 ж. қабылданған «Сот құрылымы туралы» заңмен («Закон о судоустройстве») реттеледі. Міне, аталмыш елдерде арнаулы түрде нақты мамандандырылған соттарға байланысты баптар Конституцияда көрсетілмеген. Олар конституциялық заңдарда жеке бекітіледі. Бастапқыда сот жүйесінде құрылған мамандандырылған, кейбір елдерде арнаулы соттар деп те аталып жүретін ең көп таралған түрі бұл - əкімшілік соттар. Мамандандырылған əкімшілік соттар құру барлық мемлекеттердің өзіне сай ұлттық құқық жүйесіндегі əкімшілік құқық саласының одан ары дамуына жаңа серпіліс берді. Əкімшілік юстиция қызметін, дүние жүзіндегі өркениетті дамыған елдердегі олардың құрылуын, ары қарай даму өзгерістерін талдап қарастыру қажеттілігі туындап отыр. Адам құқығына лауазымды тұлғалардың тарапынан қысым көрсетілмеуіне сонау ежелгі грек елінің жəне ежелгі Римде қарастырылған мəселелердің бірі болған. Римде республикалық кезеңде аппелляциялық құқық орнатылып, əр жапа шеккен адам (яғни римляндіктер) еркін Жиынға (кейінірек Халық трибуналы) өтінішпен шағымдана алған. Орта ғасырлар тарихында, мысалы, Англияда бітімгершілік судьяларының (мировые судьи) қызмет бабы, яғни лауазымы орныққан сəттен басталады деуге болады. Өйткені, олар ортақ басқару функцияларымен қоса əкімшілік юстиция қызметін атқарды. Бұл ағылшындық бітімгершілік судьялар тұрғындардың салық, полиция жəне басқа мемлекеттік органдар арасындағы дау- дамайды шешіп отырған. Ортағасырлық Францияда мұндай істерді Парламент қарастырған. Бұл уақытта олар жоғарғы - əкімшілік ұйым ретінде қалыптасқан [2,45].

Сонымен, Францияда əкімшілік юстицияны – Мемлекеттік Кеңес басқарады, құрамына: Əкімшілік апелляциялық соттар (1987 ж. құрылған) жəне əкімшілік соттар бар. Француздық құқық əдебиеттерінде əкімшілік юстицияны ерекше ақындап көрсетеді. Оның құрамына Есеп соты (Счетный суд), Қаржы жəне бюджеттік тəртіп соты, банктер ісі бойынша комиссия, əлеуметтік көмек көрсету Орталық комиссиясы, ұлттық  білім  Жоғары Кеңесі, жəне де əр түрлі қызметтік бағыт бойынша ұлттық жəне жергілікті кеңестер (мысалы, дəрігерлер ісі бойынша) Ұлттық кеңес, Ұлттық архитектура кеңесі жəне өзге де 30-дан аса ұйымдар кіреді [3,405].

Ал АҚШ-ғы əкімшілік юстицияға келер болсақ, мұнда осы мəселеге байланысты іс қарайтын мамандандырылған органдар ХХ ғ. бастап ғана құрыла бастаған. Бұл органдар квазисоттық деп аталады, өйткені олар əкімшілік ведомстволар құрамына енген. АҚШ сот жүйесіне байланысты заңи əдебиет беттеріне тоқталар болсақ, мұнда жалпы юрисдикциялық соттардан басқа федералды соттар жүйесінің құрамында жеке категориялар бойынша іс қарайтын мамандандырылған соттар қызмет етеді деп көрсетіледі. Бірінші сатылы (инстанция) федералды мамандандырылған соттарға мыналар жатады: АҚШ-ң Наразылық соты (Претензионный суд) АҚШ Үкіметіне жеке тұлғалардың 10 мың доллардан асқан шағымдарын қарайды; Сыртқы сауда істері бойынша АҚШ соты, импорт тауарлары операциялары бойынша істерді қарайды; АҚШ салық соты, федералды салық ведомстволары шешімдеріне шағым білдірген істерді қарайды. Осы үшеуі АҚШ əкімшілік юстиция жүйесіне кіреді. Федералды мамандандырылған аппелляциялық соттар, оларға мыналар кіреді: АҚШ Колумбия федералды округі бойынша аппелляциялық соты, Наразылық соты (Претензионный суд) жəне сыртқы сауда ісі бойынша соттар, басқа да əкімшілік юрисдикциялық квазисоттық органдардың шешімдеріне шағымдарды қарайды [4,770].

Германияда əкімшілік іс жүргізу құқығы ең алдымен 21 қаңтар 1960 ж. Əкімшілік соттар туралы Ережеге сүйенеді. Əкімшілік юстиция бұл елде де 3 буынды болып құрылады: төменгі буын – федералды жерлерде əкімшілік соттар І саты (инстанция) бойынша шешімді 3 кəсіби судьялар мен 2 кəсіби маман еместер (заседательдер) жүргізеді; ортаншы буын – жоғарғы əкімшілік соттар құрылған, федералды жерлерде құрылған кейбіреулерінде əкімшілік сот палаталары деп аталады (аппелляциялық саты); Ең жоғарғы буында- Федерация, яғни Федералды əкімшілік сот құрылған Лейпциг қаласында (кассациялық саты) [5,24].

Осы соттарға қысқаша тоқтала кетейік. Əкімшілік соттар (Verwaltungsgericht) 1-сатылы істерді қарайды. Бұл соттың шешімдері аппелляциялық тəртіпте Жоғары əкімшілік сотқа шағымдалуы мүмкін. Əрине, ол үшін шағым беруге нақты бір жағдай, 1-сатылы сот шешіміне күмəннің болуы қажет, жəне де іс аса маңыздылығымен ерекшеленуі қажет. Жоғары əкімшілік сот (Oberverwaltungsgericht) бұл сот кейбір жерлерде (земли Федерации) Əкімшілік юстиция соты (Суд административной юстиции) деп аталады, ол 1-сатылы істерді қарайды, əрине бұл істер аса жоғары масштабты техникалық жобалар бойынша жəне т.б. Бұл соттың шешімі (оның рұқсатымен), тараптардың ұйғаруы бойынша Федералды əкімшілік сотқа шағымдалуы мүмкін. Федералды əкімшілік сот (Bundesverwaltungsgreicht), бұл сот Жоғары əкімшілік сот шешіміне жəне ревизиялық тəртіпте шағымдарды қарайды. Əкімшілік соттардың шешімдерін, егер олар бойынша апелляция беру мүмкіндігі тыйым салынған болса қарайды [6,84-85].

Əр дамыған өркениетті мемлекеттерде мамандандырылған соттар, соның ішінде - экономикалық соттар құрылатыны айқын. Олар ең алдымен сол елдегі кəсіпкерлік мəселелерге байланысты шаруашылық жəне экономикалық дауларды қарайтын мамандандырылған соттар болып табылады.

АҚШ экономикалық соттары. Федералды сот жүйесі өзіне арнаулы юрисдикция соттарын да қосады. Осы экономикалық сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты соттар қызметін қарастырып көрейік. Олар- халықаралық сауда ісі бойынша соттар. Олар халықаралық сауда жəне кеден төлемдеріне байланысты туындайтын дауларды қарайды. Ол өмір бойына Президентпен тағайындалатын 9 судьядан тұрады. Федералдық наразылық соты (претензионный суд) 1982 ж. бастап қызмет етеді. Ол федералды билік қызметінің тигізген əсеріне байланысты келтірілген нұқсанды өтеуге байланысты азаматтардың жəне жеке кəсіпкерліктердің шағымдарын қарайды. [7,164-165].

Франция экономикалық соттарының бірнеше ғасырлық тарихы бар сауда соттарды (торговые суды) құрайды. Бұл соттардың өзіндік ерекшелігі, олар толығымен коммерсанттардан тұрады, яғни оларды өз əріптестері сауда операцияларына қатысты дауларды шешу үшін сайлайды. Олар ерекше құзыреті бар,  олар  ұжымдық процедуралар бойынша, саудаға байланысты шаруашылықтардың мəртебесін өзгерту немесе олардың қызметін тоқтату (ликвидация) туралы мəселелерді қарайды. Төраға өкілеттілігі Францияның Үлкен сатылы сот (Суд большой инстанции) өкілеттігімен бірдей болады. Сауда соты жоқ жерлерде олардың орнына оның құзіреті қатысты істерді осы Францияның Үлкен сатылы соты (Суд большой инстанции) қарайды. Ғимараттарды коммерциялық мəселе бойынша қолдануға байланысты жалдау (аренда) ісі бойынша дауларды сауда соты емес Францияның Үлкен сатылы соты (Суд большой инстанции) шешеді. Ал ауыл шаруашылық бағыттағы жерлерді жалдау (аренда) бойынша туындаған дауларды ауыл шаруашылығы жерлерін жалдау (аренда) бойынша соттар қарайды. Бұл соттар құрамы: төраға жəне төрт заседатель, олардың екеуі жалға беруші, басқа екеуі жалға алушы болып табылады [6,285].

Германия экономикалық соты. Германияда нақты «экономикалық» деген атаумен мамандандырылған сот құрылмаған, оның функциясын өз құзіреті шеңберінде өзге соттар атқаруда. Бұған дəлел ресейлік з.ғ.д., профессор М.И. Клеандровтың пайымдауы негіз болады, яғни экономикалық сот төрелігін жүзеге асыруда оның құзіретін (толық түрде емес) əкімшілік жəне қаржылық соттар атқарады деп көрсетеді өз еңбегінде [8,328].

Қандай да болмасын мемлекет өзін əлемдік дəрежеде көрсеткісі келсе, онда осы жоғарыда айтылған Қарулы Күштері, əскери юстиция, яғни əскери соттары құрылып, өз құзыреті шегінде қызмет етеді.

АҚШ-ғы əскери соттар, əскери қызметшілердің құқық бұзушылығы туралы істерді қарайды жəне тəртіптік (дисциплинарлық) əскери соттар, олар көбіне қылмыстық құқық бұзушылыққа байланысты істерді қарайды; арнайы əскери сот – жасалған қылмыстар үшін бас бостандығынан айыру жазасы 6 айдан көбірек мерзімге тағайындалатын істерді қарайды; жалпы əскери соттар, олар барлық əскери қызметшілердің қылмысын қарастырады. Аппелляциялы юрисдикциядағы əскери соттар. Олар екі деңгейлі құрылымды, олар өзіне қадағалау əскери сот (Қарулы Күштердің əрбіреуіне бір- бірден құрылатын - əскери, əуе əскери күштері жəне əскери теңіз флоты), жəне де соңғы (түпкілікті) саты ретінде Əскери апелляциялық соты бар. Мамандандырылған аппелляциялық  соттың шешімдері  АҚШ Жоғарғы Сотына шағымдалуы мүмкін [3,139].

Францияда əскери сот төрелігі «аралас» юрисдикциядағы əскери соттар құрылған мемлекеттер қатарына жатады. Қазіргі уақытта бұл елде 1965 ж. қабылданған Əскери юстиция Кодексі (Code de Justice Militaire, қысқаша - CJM) қолданылады. CJM 1965 ж. 500 астам бап қамтыған төрт кітаптан тұрады. Осы баптың көбі əскери сот іс жүргізуіне (судоустройство) жəне қылмыстық –процессуалдық құқық мəселесіне арналған.

Қылмыстық - құқықтық нормалар үшінші кітапта «Əскери сот қолданатын жазалар жəне əскери қылмыстар» ретінде бекітілген, ол 110 баптан тұрады. Францияда ұзақ уақыт əскери қызметшілердің қылмыстық істерін қарайтын көптеген арнайы сот органдары қызмет етті. Бірақ 1982 ж. заң негізінде бейбіт жағдайдағы əскери трибуналдар қысқартылған (қызметін тоқтатқан), демек Франция Парламенті заңнамаға өзгертулер енгізу арқылы бейбіт кездегі Республика аумағында орналасқан əскери соттардың қызметі жойылады деп бекітті. 1999ж. осы CJM реформалау туралы Заңымен Париж қаласының Қарулы Күштер трибуналы (Tribunal aux Armees de Paris) құрылды, оның қарауына шет елдердегі француз əскери қызметшілері жасаған қылмыстар бойынша істер жатады делінді. Қазіргі уақытта Францияның ҚІжК (УПК) 702- бабында CJM де бекітілген қылмыстар  бойынша істер жəне де мемлекет мүддесіне қарсы қылмыстар: мемлекетке опасыздық жасау жəне шпионаж, оларды жалпы соттар: түзету соттары (исправительный суд) жəне «присяжный соты» қарайды. Бірақ бұл жерде де біршама мамандандырылу негізі көрінеді, өйткені əрбір түзету соттарында (исправительный  суд)  əскери  алқалар құрылады, ал присяжный соты əскери қызметшілер ісі бойынша олардың құрамы, халық арасынан таңдалатын алқа заседательдерінің орнына 7 кəсіби судьядан құрылады [9,38].

Германия əскери сот Негізгі заңының 96 (2)- бапта Федерация Қарулы Күштер үшін əскери- қылмыстық соттарды Федералды соттар ретінде құруы мүмкін. Бұл соттар қылмыстық юрисдикциясын қорғаныс кезінде немесе Қарулы Күштердің құрамындағыларға жəне шетелге жіберілген немесе əскери кемедегілерге жүзезеге асырылады [1,101].

Германия əскери соттары үшінші топ, яғни «бейбіт уақытта мемлекет аумағында əскери- қылмыстық соттар құрылмайды» деген мемлекеттер қатарына жатқызуға болады. Жоғарыда атап өткендей,  Германия  Негізгі заңының 96-бабының 2-тармағында осы Əскери сот туралы бекітілген. Əрине бұл бапта жалпы əскери соттар туралы емес, тек əскери- қылмыстық соттар  туралы айтылған.

Қазіргі уақытта неміс əскери- сот органының жүйесі екі округтегі (біреуі –солтүстік аумақ (регион), келесісі - оңтүстік) əскери соттардан жəне Федералды Əкімшілік сот, құрамында Жоғары Əскери сот деп аталатын екі əскери палата бар.Дегенмен де, əскери соттар бейбіт уақытта құрылмауымен қатар Германияда Əскери- қылмыстық кодекс қолданылатынын ескерген жөн, ол өйткені өз нормаларымен əскери соттың жоқтығын білдірмейді /компенсирует/ жəне əскери қызметшілердің қылмыстық жауаптылығының құқықтық  негіздерін жүзеге  асыру нысандарын  іске асырады   [9,44]. Келесі мамандандырылған  соттар  – қаржылық  соттар. Көбіне олар: Англия, АҚШ, Турция, Германия жəне Францияда бар. Германия қаржылық юстиция аясында екі сатылы қаржылық соттар бар, олар: қаржылық сот (Finanzgerichte) жəне Федералды қаржылық соты (Bundesfinanzhof). Германия Федеративті Республикасында 19 қаржылық соттар жəне Федералды қаржылық сот Мюнхенде орналасқан. Қаржылық сот шешіміне Федералдық қаржылық сотқа ревизиялық тəртіпте шағымдануға болады, егер де ол қаржылық сот шешімінде көрсетілсе.

Сонымен, осы соттың шешімі Федералдық қаржылық сотқа шағымдану пəні бола алады. Федералдық Қаржылық соты қаржылық соттың шешіміне ревизиялық жəне кассациялық негізде  шағымдарды  арайды. Бұл істер сенатпен,  ұрамында бес кəсіби судья  (кей кезде үш судьямен қаралады) [6,86-87].

Францияда Есеп палатасы, оны Франция есеп шоттар соты (Счетный суд) деп те атайды (Court Accounts of France қызмет етеді). Бұл Есеп палатасы – сот жүйесінің құрамында қалыптасқан. Сот ретінде қаржылық орталықтың есеп шоттарын тексереді. Есеп палатасы – аппелляциялық саты /инстанция/ болып табылады, аумақтық есеп палаталарының шешімдеріне түскен шағым арыздардың негізінде сот шешімдерінің- дұрыстығын қарайды. Есеп палатасы 7 платадан құрылады. Есеп палатасы жұмысының бір жылдық есебін тікелей Республика Президентіне табыстайды.

Демек, демократиялы елдерде, əсіресе жас, дамушы елдерде сирек кездесетін мамандандырылған соттардың тағы бір түрі бұл – кəмелетке толмағандардың істері бойынша соттар (ювенальная юстиция). Көптеген мамандандырылған соттардың ішінде ерекше орынды иеленеді, кейде олар отбасы мəселесі бойынша соттардың функциясын біріктіреді. Олар қазіргі таңда бірқатар шет мемлекеттерде  құрылған.  Мысалы, Германияда кəмелетке толмағандардың істері көбіне 1-сатылы болып қаралады жəне де аппелляциялық та болуы мүмкін. Бұл соттың судьяларына қойылатын талаптың бірі – педагогикалық мамандық иесі болуы жəне де жасөспірімдермен тəрбиелік жұмыстарды жүргізе алатын болуы керек делінеді. Көбіне мұндай істерді қарау жабық түрде өтеді. Кəмелетке толмағандар ісі жөніндегі соттарда Көмек көрсету Орталығы (Служба Помощи) бар, олар жасөспірімдердің, яғни айыпталушының жеке қасиеттері, оның мінез – құлқы, оның қоршаған ортасы жайында мағлұмат береді жəне өз ойларын да қоса айтуы мүмкін жəне іс қарауда сарапшы қатысуы мүмкін [10,112].

Жастар ісі юстициясы Францияда. Францияда арнайы қылмыстық соттарға кəмелетке  толмағандар ісі бойынша соттар жатады. Қылмыстық істер бойынша жауаптылық – 13 жастан басталады, егер де кəмелетке толмағанға тəрбиелеу шарасы тағайындалса, онда жасөспірім құқық бұзушыға тəрбиелеу орнында жазасын өтеуге құқық беріледі əне іске адвокат қатысуы міндетті.

Кəмелетке толмаған құқық бұзушыға үш түрлі жаза қолданылады: тəртіптік- тəрбиелеу арқылы əсер ету. Ол тек ескерту, тəртіптік- тəрбиелеу орнына жатқызу, уақытша бас бостандығынан айыру /условное/; келтірілген нұқсанды өтеу. Оны қолдану үшін əрине жəбірленушінің келісімі талап етіледі. Егер де құқық бұзушы 16-18 ж. толған болса, ол қоғамдық жұмыстарға жіберілуі мүмкін; бас бостандығынан айыру, бұл орайда кəмелетке толмағанды бостандығынан айыру, кəмелет жастағы (ересек) адамдардың бас бостандығынан айыру мерзімінің жартысынан аспауы тиіс [3,405].

АҚШ ювеналды юстиция. АҚШ кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауапқа тарту жасы əр штатта  əр түрлі 10-18 аралығы. Іс қарауда адвокат қатысуы міндетті емес, сот отырысы жабық түрде болады (өтеді). АҚШ кəмелетке толмаған құқық бұзушылар құнын (выкуп) төлеу арқылы босатуға тыйым  салынған.  АҚШ кейбір құқық бұзушылық түрі үшін кəмелетке толмағандардың ата- анасы жауапқа тартылуы мүмкін, мысалы, егер де олар өздерінің ата-ана ретіндегі міндеттерін дұрыс (лайықты) орындамаса. Барлық кəмелетке толмаған құқық бұзушы үшін жаза түрі бірыңғай болып келеді. Американдық құқық жүйеде кəмелетке толмағандардың ісі жөніндегі соттар əр түрлі атауы бар, олар біршама актілермен реттеледі, дегенмен де олардың барлығына ортақ негіздер бар, олар:

  • кəмелетке толмағандардың ісі айыптау акті бойынша емес, құқық бұзушылық туралы «петицияға» негізделеді (бұл, кəмелетке толмағандардың соттық құқық бұзушылығы туралы петицияны: полицейлік қызметкер, ата-анасы, опекун, кəмелетке толмағандардың зардап шегуші, куəгер жəне т.б. бере алады).
  • əлеуметтік қызмет өкілдері жəне психиатрдың қатысуымен іс қарау жабық сот отырысында қаралады [11,56-57]. Сонымен, мамандандырылған соттардың қолданылу жағынан тəжірибесі мол АҚШ, Франция, Германия елдерін қарастырылып, талдау мен қорытынды жасалды.

АҚШ сот жүйесін зерттеу бойынша онда бірқатар мамандандырылған соттардың құрылып, қызмет етуі анықталды: еңбек даулары бойынша соттар, наразылық бойынша (претензионный), кеден ісі бойынша сот, кеден жəне патенттік істер апелляциялық соты, салық, əскери соттар. Бірақ АҚШ қандай да бір дауды шешуге құқылы ұйым (орган) сот органдары болып табылмайды. Көбіне бұл квазисоттық қызмет атқаратын əкімшілік ұйымдар (органдар).

Францияда мамандандырылған соттар екі топқа бөлінеді: жария құқық саласы аясындағы  бірқатар  соттар жəне қылмыстық істермен айналысатын соттар. Жария құқық аясындағы мамандандырылған соттарға сауда (торговые) соттар, прюдомдар кеңесі (советы прюдомов), əлеуметтік сақтандыру ісі бойынша соттар. Екінші топтағы мамандандырылған соттарға: кəмелетке толмағандар ісі бойынша соттар, əскери трибуналдар жəне теңіз сауда соты (коммерческие морские суды). Əсіресе, ерекше көңіл аудартатыны, бұл Францияның əкімшілік сот жүйесі (административная юстиция), ол өзіне жалпы əкімшілік соттар, мамандандырылған əкімшілік соттар, апелляциялық сот жəне Республиканың Мемлекеттік кеңесін қамтиды.

Германия сотттары мамандандырылуы сыртқы нысанда жүргізілген. Қазіргі уақытта мұнда сот билігінің органдарын дербес түрдегі бес соттық жүйе бөліктерін құрайды: жалпы, əкімшілік, еңбек, қаржылық, əлеуметтік юстиция. Дүние жүзінде өзге де мамандандырылған соттар қызмет етуде, олар: отбасы, салық, кеден, патенттік, мұрагерлік жөніндегі соттар, нашақорлыққа байланысты сот (АҚШ) жəне т.б.

Міне, бұл осы шет елдеріндегі мамандандырылған соттардың жалпы юрисдикциялық соттармен қатар сот жүйесінде немесе сот жүйесінен дербес өз алдына юстиция, сот бөлігін (подсистема) тəріздес құрылуын көреміз. Мамандандырылған соттарда іс жүргізуі көбіне азаматтық жəне қылмыстық іс жүргізу негіздерінде жүргізіледі, солардан тарайды. Сонымен, мамандандырылған соттардың құрылып, қызмет етуін екі нысанда қарастыруға болады делік, яғни сот жүйесінің құрамындағы жəне сот жүйесінен тыс жеке жүйебөліктерін құрайтын соттар болып табылады. Ал, Қазақстанда қалыптасып келе жатқан жаңа бір институт,  яғни  осы мамандандырылған соттар бұлар əрине сот жүйесіне енгізілген, соның құрамында қалыптасып отыр. Яғни, ішкі мамандандырылуға жатады.

 

Әдебиеттер

  1. .Конституции зарубежных государств / сост. В.В. Маклаков. - М., 2000.-592 с.
  2. .Абдраимов Б.Ж. «Административная юстиция: соотношение моделей и выбор цели» // Юрист, 2003, №12. – С. 44-46 Конституционное право зарубежных стран. Особенная часть. Отв.ред. д.ю.н., проф. Б.А. Страшун. –М.: Норма, 2006.- 1104 с. 4.Конституционное право зарубежных стран. Общая часть. Отв.ред. д.ю.н., проф. Б.А. Страшун. –М.: Норма, 2007.- 896 с.
  3. 5.Нугманова Э. «Административное правосудие в Германии» // Юрист 2005.- №1. - С. 24-25 6.Судебная система европейских стран. Перевод с англ., О.Ю. Кобякова.-М., 2002.-336с.
  4. .Лафитский В.И. Основы конституционного права США.- М., 1998.- 268 с.
  5. .Клеандров М.И. Экономическое правосудие в России: прошлое, настоящее, будущее.- М., -600 с. 9.Военные суды в современном мире / под ред. А.Я. Петроченкова. – М.: Норма, 2006. – 272 с.
  6. 10.Алебастрова И.А. Конституционное право зарубежных стран.- М., 2004. – 192с.
  7. Жетписбаев Б.А. Ювенальная юстиция.-Алматы: Данекер, 2002. -144 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.