Қолайлы қоршаған ортаға адам құқығының тиімділігі мен əлеуметтік маңыздылығын анықтау, мақсатқа лайықты адам бостандығы мен құқығы жүйесінде осы құқық орнын анықтаудан бастаудан ұсынылады. Осы мəселені талдау адам құқығы мен бостандығын əр түрлі жүйелі құру болғанда маңызды қиындықты туғызады. Əрбір əлеуметтік құбылыс сияқты адам құқығы институтының тарихи айырмашылығы бар. Осы тұрғыдан қарағанда тарихтың өткен беттерін шолу барысында адамның қолайлы қоршаған орта құқығын зерттеу өзекті болып отыр.
Осы құқықты «таза түрінде» қалыптастыру мен нығайту қазіргі кезеңге қатысты екені айқын. Егер адам құқығы идеясының тууының өзі б.э.д. V – IV ғасырда болса, онда қолайлы қоршаған ортаға адам құқығын бекіту əрекеті ХХ ғасырдың 80-жылдарының басына жатқызуға болды. Г.Б.Старушенконың пікірі бойынша қолайлы қоршаған орта құқығы өзінің алғашқы негізінде өзін анықтау құқығына ие.
Біздің ойымызша əлеуметтік институт ретінде əрбір адам құқығын қалыптастыру үшін алдын ала адамдық өркениеттің анықталған даму деңгейі болуы керек. Мысалы, орта ғасырлардағы Русь əлеуметтік қамтамсыз ету құқығы туралы айту маңызды емес еді, немесе инквизиция кезеңіндегі дін тұтынушылық бостандығында. Сонымен қатар, қолайлы қоршаған ортаға құқықты қалыптастыру өзін анықтау үшін халықпен күрес логикалық байланыс ұсынылмайды, ал əлемде соңғы 10-15 жылда болған, үдерістерімен жалпы адамдық құндылықтар басымдылығына сипатталатын. Басқа сөзбен айтқанда, дамып жатқан əлем осы мемлекеттердің мелекеттік минималды деңгейде іргелі құқытары өмірге деген, бостандыққа, теңдестікке т.с.с құқықтарға бекіту қажеттілігі кезеңінде тұр.
Адам құқығы қолайлы қоршаған ортаға, табиғи құқықтық немесе жалпы адам құқығы табиғатына позитивті қарау маңыздылығы ерекше. Бəріміз білетіндей адам құқығы табиғатына табиғи-құқықтық негізге табиғи құқықтық иелігінен арылмау туралы бекіту салынған. Дəл осы теория адамның құқығы жəне бостандығы институтының қалыптасуына қуатты түрткі болды жəне мемлекет жəне тұлғаның қарым-қатынасына жаңа сипат пен адам құқығы басымдығының бағыттарын анықтады.
Табиғи-құқықтық оқыту жорамалдары адам мен азаматтар құқығы Декларациясында 1789 жылы анықтылды. Адам құқығы негізіне Декларация бостандықты, меншікті, қауіпсіздікті езуге қарсылық енгізді. Сол уақытта табиғи-құқытық оқытумен бірге адам құқығы оның көлемі жəне мазмұны мемлекетпен анықталатын позитивті жақтары дамыды, олар адамға «сыйлайды» тұтынушы функцияларына сəйкес жүзеге асырады. Мемлекет пен тұлғаның қарым-қатынасы сипаты мен маңызын əр түрлі түсініктеріне қарамастан, қазіргі ғылым осы оқулардың жандандыру үрдістерін теріс бағалайды.
Адам туылғаннан бастап құқығына ие болатынына қарамастан, «қорғанушылық» пен кепілдікті тек мемлекеттен алады.
Осы аспектті зерттегенде мынадай сұрақ туады, қолайлы қоршаған ортаға құқық табиғи құқық болып табыла ма, əлде жоқ па? ҚР Экологиялық Кодексі туылғаннан бастап негізгі құқық деп аталатын иелігінен арылмайтын жəне жатқызады. Бірақ Конституцияның ережесі негізгілерге қандай құқықтар жататынын əшкерлемейді.
Бірқатар «негізгі құқық» авторлары құқықты, мемлекет конституциясында жəне адам құқығы бойынша халықаралық-құқықтық құжаттарға жақызады.
Осыдан, ҚР ЭК қолайлы қоршаған орта құқығына негізгі құқық арасында адам иерархия құқығында құрметті орынды алады, бірақ бұл факт қойлған мəселег жауап болып табылмайды. Толықтыра айтсақ, табиғи жəне иелігінен айырылмаған құқық ретінде нақты қолайлы қоршаған ортаға құқықтық идентификацияның байсалды əрекеті 1994 жылдың мамыр айындағы қоршаған орта мен адам құқығы туралы Декларацияның жобасы қоршаған орта мен адам құқығы бойынша сараптамашылар тобы дайындаған əзірлеме болып табылады. Осы жобаның 2-тармағы «барлық адамадар қауіпсіз, салауатты жəне қолайлы қоршаған ортаға құқы бар» екенін бекітті. Осы жəне басқа да адам құқығы, азаматтық, мəдени, экономикалық жəне əлеуметтік құқықтар əмбебап өзара байланысты жəне иелігінен айырылмаған болып табылады. Сонымен қатар құқықтық доктринада адам құқығының үш ұрпағын болжайтын, пайда болған кезінен айырылатын, дəстүрлі құқық классификациясы жəне адам бостандығы бар. Бірінші рет адам құқығының үш ұрпағы тұжырымдамасын француз ғалымы К. Васак ұсынды. Бірінші ұрпақ – бұл буржуазиялық революциямен жарияланған саяси жəне азаматтық құқық. Екінші ұрпақ – негізінде социалистік ұғымы бар, əлеуметтік-экономикалық құқық. Үшінші ұрпақ – ұжымдық деп аталатын, дамып жатқан мемлекеттер ұсынған, бірқатар талаптары бар. Соңғы жылдары ұжымдық немесе ынтымақтас құқық деп аталатындарға ұлт пен халыққа жататын көңіл бөлініп жүр жəне оларды халық құқығы ретінде классификациялау керек.
Адам құқығын үш ұрпаққа бөлуді барлығы қолдамайды. Кейбір ғалымдар құқықтың үшінші ұрпағына қарсы шығады, олардың ойынша ұжым немес халық емес тек индивид негізгі құқық пен бостандыққа ие бола алады. Үшінші ұрпақ құқығына қатысты жеке элемент абсолютті мағынасыз болып қалады. Сонымен қатар ғалымдардың көбісі біздің ойымызша, өте əділетті халық құқығын адам құқығына қатастырады. Американдық профессор Л.Сон «халықаралық құқық жеке құқықты мойындамайды, сонымен қатар үлкен топтарға, халық пен ұлтты қосқанда индивидтармен бірге жүзеге асырылатын анықталған ұжымдық құқықты мойындайды. Бұл құқық адам құқығы болып табылады; ұжымдық құқықты тиімді жүзеге асыру саяси жəне экономикалық басқа да құқықтарды жүзеге асыруға алдын ала ұсынылған қызметін атқарады».
Осы құқықтардың арасында көптеген авторлар ұлт құқығын өзін-өзі анықтауды, салауатты қоршаған ортаға құқығын көрсетеді,. Кейбір ғалымдар адам құқығының үшінші ұрпағын адам құқығы мен халық құқығына жатқызуға болады деп ойлайды: əлемге құқық, салауатты қоршаған ортаға немесе əлеуметтік жəне экономикалық дамуға əр адамға жəне əр халыққа жəне жалпы бүкіл адамзатқа жатады деп айтуға болады.
К.Васак айтылғандарды үшінші ұрпаққа жатқызады. Сөзсіз, көрсетілген құқықтарды нақты адам қолдана алады. Бірақ, біздің ойымызша бұл құқықтардың ерекшелігі, олар ұжымдық жəне жеке адаммен емес, сонымен қатар ұжыммен, қауыммен, қауымдастықпен жүзеге асырыла алады.
Осы тұрғыдан қарағанда салауатты қоршаған ортаға құқық индивидке тəн құқық болып табылады, ал дамуға халық құқығы немес олардың өзін-өзі анықтау құқығы ұжымдық құқық болып табылады, олардың жүзеге асуы жеке адамға емес қауымға байланысты болады.
Сөзсіз, жеке адам осындай құқықты жүзеге асыруға қатысады, бірақ бұл қатысу тек оның жеке мəртебесіне байланысты емес, оның қандай да бір қауымның мүшесі ретіндегі жағдайына байланысты.
Жеке жəне ұжымдық құқықтар бір-біріне тəуелді болады, оның негізінде ұжымдық құқықты жүзеге асыру индивид бостандығы мен құқығына қысым жасамауына сəйкес болуы тиіс. Ол халықтың ұжымдық құқығы мен адам құқығын қарастырғанда анық көрінуі керек. Бұл мəселе қазіргі əлемде маңызды болып табылады, сондықтан біз оған толығырақ тоқтағанымыз жөн.
Жеке жəне ұжымдық құқық тығыз байланысты, бірақ табиғи əрі алуан түрлі. Индивидтің құқығы – бұл табиғи құқық, пайда болғаннан бастап оған тəн, адамзаттың маңызды бағалығының бірі жəне қоғамда болып жатқан барлық үдерістердің өлшеуші ретінде шығуы тиіс немесе адам құқығының табиғи жаратылысының бұзылуы қоғамның орташа дамуын өзгертеді жəне оны өркениет табысына айналдырады. Осының салдарынан ХХ ғасырдың соңғы тоқсанында халықаралық ынтымақтастық өндірген жəне қазіргі таңда əлемде болып жатқан, қарсы келетін үдерістерге бағыт сілтейтін «адамдық өлшеу» ұстанымының мағынасын бағалау қиын. Адам құқығымен (жеке құқық) қатар ұжымдық құқық (халық құқығы, ұлт құқығы, қауым, қауымдастық құқығы) бар. Олар қоғам мен ұжым қызығушылықтарының қалыптасу мөлшері бойынша қалыптасады жəне кристаллданатындықтан табиғи құқық болып табылады. Оларды қоғам немесе ұжымға кіретін, тұлғаның жеке құқықтары сомасы ретінде қарастыруға болмайды.
Бұл ұжымдық білім берудің мүдделері мен мақсаттарына байланысты сапалы өзге қасиет болып табылады. Бірақ бұл құқықтар алуан түрлі болғанымен, олардың заңдылығы «адамдық өлшеуден» - индивид құқығымен тексерілуі керек. Ұжымдық құқық еш уақытта адам құқығын елемеу, оларға қарсы немес басым көрсетпеуі керек (төтенше жағдайлар, халық пен ұлт өміріне қауіп болып табылатыннан басқа). Егер ұжымдық құқық жеке адам құқығына қысым жасаса, онда осындай қоғамды біріктіретін мақсаттар антигуманды жəне қарама-қарсы құқықты. Бұны индивидтің өзімшілдік қызығушылығының қоғам мүддесін қолдауды бекіту ретінде түсіндіру қажет емес. Өркениеттің мыңжылдық тəжірибемен өндірген маңызды мағынасы адамның универсалды құқығы, адам мен адамзаттың орташа тіршілік етуі үшін қажет, табиғи жəне міндетті қасиетінің əлеуеті қойылған. Сондықтан ұжымдық құқық жеке құқықтан жоғары деңгейге көтеріле алмайды, олар бір-бірімен сай болуы керек жəне олар «сапаға» тексерілуі керек. Дербес ретінде осы құқық даму жасайтын, қолайлы қоршаған орта құқығына орынын анықтау бойынша жақындау қызық. 40-60 жылдары «адам құқығы» жəне «қолайлы қоршаған орта» ұғымдары арасындағы байланыс айқындала бастады.
А.Г.Тарановскийдің айтуы бойынша осы байланыс 1948 жылдың 10 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 3-сессиясында жəне 1966 жылдың 19 желтоқсанында экономикалық əлеуметтік жəне мəдени құқықтар туралы Халықаралық келісімде қабылданған, адам құқығы жалпы декларациясының ережесінде көрсетілген. Адам құқығы жалпы декларациясының 3-бабында адамның өмірге, бостандыққа жəне жеке басына жатпайтын құқығы айтылған жəне бұл құқық əлеуметтік немесе биологиялық сипатта жүреді. Декларацияның 25-бабын талдау, өзінің ережесінде осындай байланысты үлкен ықтималдықпен бекіту мүмкін. Расында қарастырылып отырған бап денсаулық пен əл-ауқатты қолдауға қажетті өмірдің сондай деңгейіне құқықты ашады. Бұл мынадай қорытындыға келтіреді, бұл баптар жақын болғанымен, бірақ құқықтық қорғаудың түрлі объектілері – «қолайлы қоршаған орта жəне «адам денсаулығы». Л. Макфарлейннің көзқарасы осындай, ол денсаулықты сақтау құқығы өзінің ерекше, үздік табиғаттан қорғанатын бірнеше мəселелері бар деп ойлайды. 25-бапта «денсаулықты сақтауға қажет, тіршілік деңгейі» кіретін нақты анықтама жоқ. Əрине, бұған еңбекке, білімге, жылжуға, қоршаған ортаның қолайлы жағдайына құқықтарын жатқызуға болады, бірақ бұнын барлығы тек баптарда нақты бекітілмеген, яғни заңды негізі бар ойлаулар болып табылады.
Ұқсас болып 11-бап талдауға болады (жеткілікті тіршілік деңгейіне құқық) жəне 12-бап (сыртқы орта тазалығының барлық аспектілерін жақсарту арқылы қол жеткізе алатын физикалық, психологиялық сауаттылық деңгейіне құқық) экономика, əлеуметтік жəне мəдени құқықтар туралы Халықаралық келісім туралы айитылған. Бұл жерде он бірінші бапты əлеуметтікке жатқызуға болады. 12-бапқа қатысты айтатын болсақ, оның ережесінде сыртқы орта тазалығына көңіл бөлінген. Сондықтан, бұл жерде «адам құқығы» жəне «қолайлы қоршаған орта» ұғымдары арасында байланыс нақты көрінеді. Сонда да, бұл жерде қолайлы қоршаған ортаға туыла бастаған жеке адам құқығын алдын-ала көруге болатын еді. Қолайлы қоршаған ортаға халықтың құқығы туралы мəселені өзінді талқылау 1987 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында басталды. 1972 жылы адамды қоршаған орта мəселелері бойынша Стокгольм конференциясының үдерістері Декларациясында, қоршаған ортаны қорғау жəне гармониялық дамуға қол жеткізу қажеттілігіне, сонымен қатар осы салада дамып келе жатқан мемлекеттердің қызығушылықтарын қорғау көрсетілген. Жеке айтқанда қолайлы қоршаған ортаға құқық жанама түрде бекітілген болатын: адамның бостандыққа, теңдік пен қоршаған ортаға қолайлы тіршілік жағдайына, лайықты жəне өркендеген өмірге мүмкіндік беретін сапаға құқығы бар жəне келешек пен қазіргі ұрпақ игілігіне қоршаған ортаны қорғау мен жақсартуға басты жауапкершілік жүктейді.
Қолайлы қоршаған ортаға құқық Африканың адам мен халық құқығы хартиясына да əсер етті (1981). Осылай, 24-бапта: «Барлық адамдар қолайлы қоршаған ортаға, олардың дамуына қолайлы қанағаттарлық сипатта құқығына ие» екені бекітілген. Сондықтан, біз көбінесе бұл жерде қолайлы қоршаған ортаға құқықтың дамуы адам құқығының жалпы жүйесіндегі бір элементі ретінде көреміз. Соның арасында, оны дербес ретінде көрсету жəне оның əрекеті мен қорғаныс механизміне императивті күш беру керектігі мəнді болар еді. Біз білетіндей, қоршаған ортаны рационалды қолдану жəне қорғауға бағытталған, халықаралық құқық нормалары көбінесе «soft law» (жұмсақ құқық) сипатта болады, өйткені олардың массасында ұсынылатын сипат бар.
Экологиялық дағдарыс өскенде «жұмсақ құқық» нормалары қоғам алдында тұрған мəселелерді шешуге бірдей емес болып табылатынын айтып кеткен жөн.
Қолайлы қоршаған ортаға құқықтың прогрессивті даму этапы өте маңызды екенің ескерту қажет – 1972 жылы Стокгольмде өткен адамның қоршаған ортасы мəселелрі бойынша БҰҰ Конференциясы. Оның жұмысына 113 мемлекеттің өкілі қатысты. Конференцияның қорытынды құжаты адам қоршаған ортасының Декларациясы, іс-шаралар жоспары мен ұйымдастырушы жəне қаржылық іс-шаралар Резолюциясы болды. Декларация қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық ынтымақтастықтың негізгі 26 үдерісін қалыптастырды жəне əйгілі мағынада Конференцияның басқа құжаттарына қатысты жоғары ирархияға ие. Қоршаған ортаны қорғау концепциясы дамуының негізгі қадамы Декларация кіріспесінде бұл қорғау «қазіргі жəне келешек ұрпақтың қызығушылығында» жүзеге асырылатыны туралы ереже бекітілген. Кіріспе (7 т.) тұлғалар, ұйымдар, жергілікті билік, ұлттық үкімет жəне ұйымдардан қоршаған орта сапасына тиісті қамтамасыз етуге жауапкершілікті декларциялайды. Осы жауапкершілікті жүзеге асырудың негізгі құралы – осы салада кең ынтымақтастықты ұйымдастыру. Кіріспеде қалыптасқан қоршаған ортаны қорғау жəне адамның негізгі құқықтары арасындағы өзара байланысы 1 Декларацияда дамыған. «БҰҰ Жарғысы жəне халықаралық құқық ұстанымдарына сəйкес мемлекет қоршаған орта мəселелеріне қатысты өзінің ұлттық саясатына сəйкес жеке ресурстарды қолдануға егеменді құқығы бар жəне ұлттық құқықтық өкілеттіліктен тыс, басқа мемлекеттер мен аудандар қоршаған ортасына зиянын келтірмеуге олардың бақылауы мен құқықтық өкілеттілігі шегіндегі қызметке дəл солар жауапты» - деп айтылған, 21-бап ұстанымына ерекше көңіл бөлу қажет.
Сонымен қатар, адам құқығы басымдылығы туралы қайта айтатын болсақ, иелігінен айырылмаған жəне ажырамас адам құқығы, бейбітшілік немесе соғыс кезінде болсын бірінші ұрпақ құқығы жалпы мойындалған болып табылатынын айтып кеткен жөн. Осылай 1950 жылы Еуропа конвенциясы бойынша, ең біріншіден, өмірге құқық, құлшылық пен езгіден сақтану, қылмыстық істерден сақтану жəне т.б. Американдық конвенция бойынша 1969 жылғы иелігінен арылмаған құқықтар өмірге құқық жəне дін тұту бостандығы, құлдықтан бостандық, кейбір саяси құқытар адамдық үндеуі болып табылады. Біз ажырамас басымдық құқықтар арасында қолайлы қоршаған орта құқығы жоқ екенін байқаймыз. Бірақ, өмірге деген толық құқық туралы сөз қайдан болсын, егер экологиялық дағдарыс кезінде индивид тіршілігі қауіпке төніп тұрса. Сондықтан, Стокгольм Декларациясын қабылдау қоршаған ортаның адам құқығымен байланысына қатысты күдігін шеттеді. 1 ұстаным қолайлы қоршаған орта адамның басқа да негізгі құқықтарын қолдану мүмкіншілігінің алғы шарты болып табылатынын көрсетеді. Қоршаған ортаны қорғау халықаралық-құқытық кодификациясы саласында өзінің мəні бойынша маңыздысы 1982жылы БҰҰ ГА мақұлданған Бүкіл əлемдік Табиғат Хартиясы болды. Стокгольм Декларациясы сияқты, Бүкіл əлемдік Табиғат Хартиясы
Қоршаған табиғатқа қатысты мемлекеттер мен халықтар жүргізетін жетекші ұстанымдарды ұстайды. Бірақ, Стокгольм Декларациясымен салыстырғанда Хартияның прогрессивті маңызы, оның ережесі мемлекет ішіндегі құқықтық қатынастардан, мемлекетарлық қатынастарға көңіл бөлінген. Хартияның п.14 «... осы Хартияда жазылған ұстанымдар, əр мемлекеттің заңнамалық тəжірибесінде өзін табу керек» деп жазылған. Осы екі құжаттың жалғыз кемшілігі – бұл олардың ұсынылған сипаты, қолайлы қоршаған ортаға құқықты сақтау үшін оның статусына міндетті құқықтық күш беру қажеттілігі болып табылады.
Аталған қолайлы қоршаған ортаға құқық бекітілетін, халықаралық-құқықтық құжаттармен қатар, тағы бірнеше құжаттар, сонымен қатар 1981 жылғы адам жəне халық құықғының Африкалық Хартиясы бар. Ұлттық деңгейде бұл құқық конституцияда жəне басқа да заңнамалық актілерде бекітіледі. Осы құқықтың конституциялық бекітілуі, сонымен қатар оның қорғану кепілдігін алдын алады, мемлекетті табиғатты қорғау мəселлерін шешуге, экологиялық ойланбаған əрекеттерге жауапкершілік тартуға жəне М.М. Бринчук айтқандай əрекетсіздікке міндеттейді. Сонымен қатар, қолайлы қоршаған ортаға құқық заңнамалық бекіту оны ресми түрде адам құқығының бірінші кезекте тұрған санына жылжытады. Осы жерден оның халықаралық жəне ұлттық құқық жүйесіндегі орнын анықтау мəселелері шығады.