Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысының ерекшеліктері негізінен 30 тамыз 1995 жылы жалпы халықтық референдумда қабылданған қазіргі қолданыстағы конституциямыздың 1 бабында көрініс тапқан болатын. Аталған конституцияның тиісті бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» [1, 6 б], – деп көрсетілген. Міне, бұл Қазақстан Республикасының экономикалық, саяси, мемлекеттік және құқықтық жүйесінің негізін айқындайтын басты ұстанымдар. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын айқындайтын аталған негіздер әлемдік тәжірбиенің, яғни мемлекеттік құрылысты қалыптастырудың сан ғасырлық сыннан өткен көрінісін бейнелейді. Демократиялық бағытта дамуды қазіргі таңда барлық дамыған мемлекеттер өздерінің негізі заңдарында бекітіп, жетілдіру үстінде.
Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың бір мүшесіне айналып отырғандықтан елімізде демократиялық мемлекет құруға бел байлады. Осы жерде айтатын жағдай, демократиялық қоғам орнату мәселесі тарихқа көз жүгіртетін болсақ, оңай болған жоқ. Әр кезеңде демократияны жоқтаушылар мен оны терістеушілер болды. Демократия өзінің бастауын сонау көне замандардан Грек, Рим антикалық дәуірлерден алатыны белгілі. Кейінгі Европаның мемлекеттік дамуында демократия қоғамда, оның қалыпты өмір сүруінің басты кепілдіктерінің біріне айналған еді. Бүгінгі таңда демократиялық мемлекетті қалыптастыру қоғам мүшелерінің барлық мүмкіндіктерін жүзеге асырудың алтын дігегіндей болып отыр.
Демократиялық мемлекет – Қазақстанды ең алдымен конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламентті сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар республикалық құрылыстағы мемлекет ретінде танытатын ұғым. Республикалық құрылыс, басқару тәртібінің нысанына (Президенттік, парламенттік немесе аралас) қарамастан, мемлекеттің жоғары органдары арқылы көпшілік қазақстандықтардың еркін шынайы анықтауға және мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар, демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді. Бұл ретте оларға Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сөз, ар- ождан бостандығы, тілі мен ұлтын өзі анықтауын қамтамасыз ете отырып, бірлесу, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізу, ереуілге шығу құқығымен қоса жекелей және ұжымдық еңбек дауын шешу, сондай-ақ мемлекеттік қызметке араласып, мемлекеттік тағы басқа да істерді басқару қызметіне қатысуға тең құқықтар беріледі.
Демократиялық мемлекеттің сипаттық ерекшелігі, сондай-ақ ондағы мемлекеттік аппарат жұмысының заңды шегі мен Республика азаматтарының мемлекеттік қызметтен өтуін ретке келтіру болып табылады [2, 26-27 бб]. Демократиялық мемлекет қалыптастыру жас тәуелсіз елімізден болашақта жүйелі жүргізілетін іс-шараларды қажет ететіндігі белгілі. Демократиялық қоғамның Қазақстан үшін үлкен қажеттігі бар. Осы мәселемен айналысып жүрген Н.Ж. Әуелбаева демократияның еліміз үшін қажеттілігін төмендегідей орынды айқындай білген: «Біріншіден, демократия Қазақстанның ең бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылуымыз үшін керек. Бәсекеге қабілеттілік деген барлық салаға қатысты, оның ішінде, мемлекеттік басқару ісіне, саяси дамуға да. Яғни, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі деген-тек экономикалық жүйесінің ғана емес, саяси жүйесінің де бәсекеге қабілеттігін білдіреді».
«Екіншіден, демократия қоғамдағы тұрақтылықты қолдау, нығайту үшін қажет. Мемлекетіміздің ендігі міндеті-мемлекеттік басқарудың тұрақтылығы мен тиімділігі жөнінде қазақстандықтардың сеніміне ие болу. Тәжірбие көрсеткендей, халықтың әлеуметтік, экономикалық ахуалын жақсарту қоғамдық өмірдің басқа салаларына олардың сұранысын туғызады».
«Үшіншіден, демократия экономикалық дамуда жетістіктерге жету үшін соған сәйкес, республиканың сыртқы экономикалық, сыртқы саяси кеңістікте маңызды орын алуы үшін қажет. Экономикалық даму жағынан посткеңестік кеңістікте біздің еліміз жетекші орынды иеленді. Экономикалық еркіндіктің жоғарғы көрсеткішінің болуы елге инвестиция тартуға мүмкіндік туғызады, капитал тарта отырып, экономиканы одан әрі жаңғыртуға болады.
Конституцияға 2007 жылдың 21 мамырында енгізілген өзгертулер мен толықтырулар Қазақстанның демократияландырудың жаңа кезеңіне-еркін демократиялық қоғамды жеделдете дамыту кезеңіне бет алғанымызды дәлелдейді» [3, 189-190 б.б]. Әрине әлі де болса, демократиялық мемлекет қалыптастыру Қазақстан үшін алғашқы қадамдардың бірін құрайды. Біздің еліміздің демократиялық дамуы басқа мемлекеттерге ұқсамайтын өзіндік жол болуы да мүмкін. Себебі, демократиялық мемлекет оған қоғамдағы әртүрлі факторлар өзінің әсерін тигізеді. Еліміздің экономикалық дамуы, халық менталитеті т.б. жағдайлар соңғы роль атқармайды. Қанша да болса, демократияның озық үлгілеріне көңіл бөлеміз, соған қарамастан өзіндік «Қазақстандық» бет-бейнесі бар демократияны орнықтыруымыз қажет.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысының тағы бір тірегі зайырлы мемлекет болып табылады. Зайырлы мемлекет идеясы өзінің негізін жаңа дәуірлерде Европада қалыптастырды. Шын мәнінде зайырлы мемлекет қалыптастыру ғасырлар бойы діни теке – тірестердің тамырына балта шабуды көрсетеді. Шығыс пен Батыс елдерінің ортағасырлық тарихы бір қырынан діни лауазымдықтар мен жанжалдардан тұрады. Мемлекетте діннің үстемдік құруы ортағасырлардағы Европаның мемлекеттігінің дамуын тежеді. Мемлекет пен діннің ортасындағы таластар сол мемлекеттерді ыдыратуға дейін алып келген болатын. Сондықтан да дамыған елдердің бүгінгі дамуында конституциялық деңгейде орын алған, зайырлы мемлекет қалыптастыру сол өткен тарихтағы тәжірибені ескерудің, одан сабақ алудың көрінісі болып табылатындай. «Зайырлы мемлекет – Қазақстан Республикасында діни мекемелер мен ұстау мемлекеттен бөлектігін білдіреді және бұл Қазақстандағы ислам мен провославиелік, тағы да басқа нанымдық ағымдарға бірдей қатысты.
Әлдеқандай мемлекеттік немесе міндетті дін жоқ, діни негізде партия құруға жол берілмейді. Мемлекет органдары қағидалық заң негізінде емес, Конституция негізінде құрылып, жұмыс істеді. Сонымен бірге, әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Оны жүзеге асыру оның жалпы адамдық және азаматтық құқықтары мен мемлекет алдындағы міндеттеріне байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс. Наным немесе атеизм мәселесі-әркімнің жеке басының шаруасы.
Елдегі дің ұстау бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлекет белгілеп, бақылайды. Қазақстан аумағында шетелдік діни бірлестіктердің жұмыс істеуі, ол орталықтардың Республикадағы діни бірлестік жетекшілерін тағайындауы тек тиісті органдардың келісімі бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін» [2, 28 б]. Зайырлы мемлекетте діни мемлекеттен бөлінгендігін көріп отырмыз. Қазақстанда әлемдегі белгілі діндер өзара татулыққа, түсіністікте қатар өмір сүріп отыр. Бұл жалпы дін мәселесіне байланысты дұрыс саясаттың жүргізіліп жатқандығын білдіреді. Осы жерде елімізде толерантты қоғамның орныға бастағанын айтқанымыз жөн.
Зайырлы мемлекет Қазақстан жағдайында айқындалған негізгі мақсаттардың біріне жатады. Қазақстан Республикасының конституциясында көрініс тапқан зайырлы мемлекет түсінігінің заңдық сипаттамасы қандай деген ой түсуі мүмкін. Ол жөнінде арнайы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің қаулысы бар. Соған сәйкес зайырлы мемлекет елімізде былай түсіндіріледі: «В соответсвии с Постановлением Конституционного Совета Республики Казахстан от 4 апреля 2002 года «О проверке конституционности Закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам свободы вероисповедования и деятельности религиозных объеденений» светский характер государства, предусмотренный пунктом 1 статьи 1 Конституции, предполагает отделение релегии от государства. Указания норма-принцип конкретезируется в других конституционных нормах. В соотвествии с пунктом 1 статьи 5 Конституции не допускается слияние общественных и государственных институтов. Согласно статье 14 Конституции все равны перед законом, что подразумевает равенство всех релегий и релегиозных объеденений перед законом, недопущение предоставления некоторым религиям и религиозным объединениям каких-либо преимуществам» [4, с 14]. Барлық мемлекеттік органдар зайырлы мемлекетті анықтауда, осындай мәселелер бойынша шешім қабылдауда, осы қаулының талабын басшылыққа алулары қажет. Конституциялық деңгейде бекітілген мемлекеттік құрылыстың тағы бір негізі елімізде құқықтық мемлекет қалыптастыру болып табылады.
Құқықтық мемлекет XVIII ғасырларда Германияда өмірге келген болатын. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуына ежелгі дәуірдің ойшылдарымен қатар кейінгі европаның рационалистік ойшылдары да ерекше үлес қосты. Қазіргі кезеңде құқықтық мемлекетті қалыптастыруды бұрынғы КСРО бұғауынан шыққан мемлекеттердің бұрынғы өзінің алдына мақсат ретінде қойып отыр. Бүгінде құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері айқындалып, орныққандай. Олардың қатарына қарап отырсақ, мыналар жатады:
- «верховенство правового закона именно посредством правовых законов можно обеспечить свободу личности;
- обеспеченность неотчуждаемых, естесвенных прав человека;
- справедливое государсвенное устройство, исходящее из принципов незыблемости прав и свобод человека, а также народовластия;
- реализация в жизнь требований либерализма, а также облюдение критериев конституционализма;
- разделение государственной власти на ветви;
- соответствие национальной правовой системы международным стандартам в области прав человека» [5, с 58]. Бұл белгілер әлемдік дамудағы құқықтық мемлекеттің тәжірибесін қорытудың негізінде айқын болып отыр. Сондықтан да бұл құқықтық мемлекеттің белгілерін негізгі динамикалық тұрақты белгілер деп айта аламыз. Қазақстан Республикасының конституциясында құқықтық мемлекеттің негізгі көріністері де орын алған. Осы мәселемен айналысып жүрген ғалымдардың бірі Э. Сапарбекова Қазақстан Республикасының конституциясында көрініс тапқан белгілердің қатарына:
- «безусловное верховенство конституции и законов перед иными нормативными актами:
- разделение государственной власти на законодательную, исполнительную, судебную ветвей власти на основе сдержек и противовесов
- принцип верховенства права, приоретет прав и свобод человека, признание их истественными и неотчуждаемыми
- связанность государства и гражданина взаимными правами и обязонностями
- независимость правосудия
- использование при реализации гражданских права и свобод принципа «разрешено все, что не запрещено законом», принцип равенства всех перед законом» [6, с 140] жатқызады. Жоғарыдағы құқықтық мемлекеттің белгілерінен алшақ кете қоймайтындығын көреміз. Қазақстанда құқықтық мемлекетті қалыптастыру аз уақытта мумкін емес екендігі белгілі. Біз құқықтық мемлекетті қалыптастыруды енді қолға алып жатқан мемлекеттердің қатарына жатамыз. Қазіргі таңда елімізде жүргізіліп жатқан рефериалдың басты мақсаты да осы құқықтық мемлекетті қалыптастыруға бірнеше ғасырлардан бері келе жатқандығын ескеретін болсақ, қазақстан үшін бұл қадамдардың үлкен жеңіс екендігін көреміз.
Қазақстанда құқықтық мемлекетті «мифтен» нақты өмірлік шындыққа айналдыру үшін адам құқықтары мен бостандықтарының шынайлықтың, билік бөлу жүйесінің нақты жұмыс жасауын, мемлекеттің адам мен азамат алдындағы жауапкершілігін тәуелсіз сот билігін қалыптастыру керек. Әрине бұл баптарда жұмыстар жүргізілуде. Іске асырылып жатқан шаралар жеткіліксіз. Сондықтан Қазақстанда құқықтық мемлекетті дамудың ғылыми негізделген бағдарламасын қабылдау қажет. Сол бағдарлама аясында құқықтық мемлекетті дамытуға бағытталған нормативтік базаны жетілдіре беру керек. Еліміздің мемлекеттік құрылысының тағы бір негізіне әлеуметтік мемлекетті орнықтыруды жатқызамыз. Әлеуметтік мемлекет идеясы да Германия жерінде өмірге келген болатын. О. Бисмарктың мемлекеттің көптеген ғалымдар әлеуметтік мемлекет ретінде бағалайды. Г.В. Малинин мен В.Ю. Дунаев: «О.Бисмарком была разработана социальная политика, вошедшая в историю под названием «социального маневрирования». В ней были реализованы патриархальные представления о помащи неимущим и принята серия социальных законов: закон о страховании на случаи болезни (1883-1884гг), закон о страховании от несчастных случаев (1884-1885гг) и закон о страховании в связи со старостью и инволидностью (1889-1981)» [7, с 39]. Әлемдік тәжірбиедегі ресми әлеуметтік мемлекетті қалыптастырады, міне осы жағдайлармен байланысты. Қазіргі кезеңде әлем елдерінің конституцияларында әртүрлі қырынан мемлекет бағдары көрініс тапқан. Айталық, Германия Федаративтік Республикасы Конституциясының 20-бабының 1-тармағы Герман Федеративтік Республикасы демократиялық және әлеуметтік федеративтік мемлекет болып табылады деп жариялайды. Осындай бағыттағы үлгіні Францияның (2-баптың 1-тармағы) Испанияның (1-баптың 1- тармағы) туркияның (2-бап) конституциялары қабылданған, ал Данияның (75-бап), Германияның (1975ж қабылданған Конституцияның 21-бабының 2және 3-тараулары), Италияның (2-4-баптары), Нидерландының (18-бап), Швейцарияның (1 қаңтар 1975 жылғы редакциясындағы басқару туралы Заңының 1-тарауының 2-бабы) Конституцияларында болса әлеуметтік мемлекеттің мақсаттары жайында әртүрлі көрсетіледі. Ұлыбритания, Австрия және Швейцария сияқты елдерде игілікті тұрмыс мемлекетінің формуласы қолданылады [8, 79 б].
Қазақстан Республикасының конституциясында баяндалған әлеуметтік мемлекет идеясын жүзеге асыруды негізінен қоғамның әлеуметтік қорғалуға мұқтаж топтарынан бастау қажет. Олардың қатарына барлығымыз жақсы білетін зейнеткерлер, студенттер, әлеуметтік қорғауға мүдделі отбасылар, көпбалалы отбасылар т.б. жатады. Әлеуметтік мемлекетті Қазақстанда дамыту үшін зейнетақы жүйесін жетілдіре түсу керек. Әлемдік зейнетақы жүйесінде екі жүйенің орындағандығын көреміз. Оның бірлесі Германияның жүйесі екендігі белгілі. Бұл жүйе жөнінде А.А. Абдрахманова былай дейді: Социальная политика Германии которой уже более ста лет, основывается в основном на перераспределении. Распределительные пенсионные системы основаны на том, что государство заставляет граждан трудоспособного возраста содержать пожилых людей, для чего облагает налогом зарплату и перераспределяет средства от работающих к пенсионерам. Это означает, что допускается принудительное лишение граждан части их имущества или неимущественных прав с последующей передачей другим гражданам (в часности, путем налогооблажения) с помощью государсвенного насилия. На первых порах это действовало, так как чем богаче становилась страна, тем выше становился стандарт населения. Однако стимулы влияют на поведение людей. Если в стране платят за бедность, болезни и старость, то население через некоторое время становится бедным, больным и старым. Повышение уровня жизни населения, и все больше средств приходится направлять на пенсии. Разумеется, это время лоржится на граждан в виде увеличения налогов. Так, если еще шестидесятые годы государство измыло из зарплаты работающих на социальную защиту четверть заработка, то сегодня изымает налогами половину» [9, с 185]. Екінші жүйе туралы: «Так, в англо- американской модели применяются несколько иные механизмы социального обеспечения. Здесь большая роль отводится социальному страхованию. Если рассмотреть на примере пенсий по старости, то здесь используется модель накопительного счета на старость в фонде, который каждый имеет право выбирать сам. Это значит что больничные, отпускные, величина пенсии в старости не равны для всех, а зависят индивидуального от трудового вклада и от величины индивидуальной зарплаты. Это, с одной стороны, способствует четкой адресности, точности государственной поддержки сирых и убогих, с другой стороны, не будет препятствием на пути развития человеческой активности» деп ойын жалғастырды. Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті қалыптастыруда жүйелі түрде әлеуметтік қорғауға мұқтаж жандардың жағдайын түзетуге байланысты бағдарламалар қабылдап, соның негізінде нормативтік актілерге өзгерістер енгізу керек. Осы бағыттағы әлемдік озық үлгінің көріністерін өзіміздің тәжірибемізге ыңғайлы қолдану керек.
Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысының ерекшеліктері енді қалыптасып оның негіздері айқындалып келе жатыр.
Әдебиеттер
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Жеті жарғы, 2008. – 138 б.
- Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі. - Алматы: Жеті Жарғы, – 368 б.
- Ауелбаева Н.Ж. Елдің саяси-құқықтық дамуы жағдайындағы демократияландырудың қажеттілігі // Парламентаризм в Казахстане: история, современность, перспективы развития: Материалы международной научно-теоретической конференции, посвященной 80-летию заслуженного деятеля науки Республики Казахстан, академика НАН РК, доктора юридических наук, профессора Сартаева С.С. – Алматы, 2007. – 188-191 бб.
- Салимгерей А.А. Конституция Республики Казахстан и формирование Парламента РК // Научное издание. - Астана: Институт законодательства Республики Казахстан, 2005. – 36 с.
- Сагатова А.К. Построение правового государство как перспектива развития Республики Казахстан // Проблемы становления правового государство и конституционный процесс в Республике Казахстан: Материалы республиканской научно-теоретической конференции, посвященной 70-летию академика НАН РК М.Т. Баймаханова. – Алматы: Норма-К, – С. 57-60.
- Сапарбекова Э. Правовое государства и сущность правовой системы Республики Казахстан // Парламентаризм в Казахстане: история, современность, перспективы развития: Материалы международной научно-теоретической конференции, посвященной 80-летию заслуженного деятеля науки Республики Казахстан, академика НАН РК, доктора юридических наук, профессора Сартаева С.С. – Алматы, 2007. – С. 139-147.
- Малинин Г.В., Дунаев В.Ю. Человек и социальное государство. – Алматы: Институт философии и политологии МОН РК, 2005. – 235 с.
- Даулетбаев С.С. Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті орнықтыру мәселелері // Проблемы становления правового государство и конституционный процесс в Республике Казахстан: Материалы республиканской научно- теоретической конференции, посвященной 70-летию академика НАН РК М.Т. Баймаханова. – Алматы: Норма-К, 2004. – 78- 80 бб.
- Абдрахманова А. Проблемы формирования социального государства // Вестник КазНУ. Серия юридическая. – Алматы. - 2004. - №1 (29). – С. 184-186