Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мүлікті талан - таражға салу қылмысына қатысушыларының маңызы

 Тәжірибеде тек бөтеннің мүлкін ұрлаған емес сонымен қоса, бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру қылмысының құрамын саралау қиындық туғызып отыр. Егер бөтеннің мүлкін иеленіп алу нәтижесінде артынан оны жойып жіберсе, кінәлінің әрекетінде бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру қылмысының нормаларымен сараланбайды. Сондай-ақ ұрланған мүлікті жою соңынан оның талан- таражға айналуы кінәлінің толық көлемде ұрланған мүлікке билік ету мүмкіндігі болды.

Оқиғаны баянды ету үшін ҚР Жоғары сотының әскери коллегиясының тәжірибесінен мысал келтірейік. Азамат Т. автоматты талан-тараж жасап, соңынан оның ұңғысын кесіп тастаған. Судья Т- ның әрекетін қаруды ұрлап оны қасақана оны жойды деп саралап және сол үшін соттаған. ҚР Жоғарғы сотының әскери коллегиясы істі қарап, мұндай саралаумен келіспей, азамат Т. қасақана қаруды жою үшін негізсіз сотталған деп шешті. Талан-тараж тек құқыққа қайшы алу не кінәлінің пайдасына немесе басқаның пайдасына беру нәтижесінде онымен не істесе де пайдалану, билік ету өзінікі сияқты болады. Басқа жағдайда егер кінәлі иелену немесе басқа  да  талан-тараж нысанын жасау процесінде бір мезетте өзіне тиесілі емес басқа мүлікті жояды не бүлдіреді. Кінәліге сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етуді саралау кезінде бір немесе бірнеше адамның бір қылмысты жасауы қиындық туғызады. Бұл жағдайда қылмыстың екі түрлі әрекеті көрініс табады, соңынан оны саралау әрекеті туындайды. Алғашқысында иеленіп алу мен ысырап етудің (ҚР ҚК 176- б, 2-б а) саралану жағдайы туындаса, нақ осы қылмыс алдын-ала сөз байласу арқылы адамдар тобының жасаған әрекеті. ҚР ҚК 31-б, 2-б. бойынша егер мұнда күні бұрын адамдар тобы келісіп жасалған қылмыс болса, онда ол алдын-ала келісіп адамдар тобының жасаған қылмысы болып саналады. Осыған қарамастан заң шығарушы алдыңғы нормадағы сияқты қатысушылар түрлерін көрсетпейді, себебі ол алдын-ала сөз байласусыз адамдар тобын анықтауға және орындаушыны табуға септігін тигізбейді.

Осы жағдайға байланысты белгілі бір қорытынды жасауға болады ма, егер қылмыс болған жағдайда, соның ішінде сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу мен ысырап ету, екі немесе одан көп адам болса оның біреуі- орындаушысы, екіншісі-ұйымдастырушы, ал үшіншісі-көмектесуші болғанда олардың әрекетін адамдар тобы деп саралап жібереді. ҚР ҚК-нің 31 бабына сәйкес «логикалық және жүйелік түсіндірме сөздігінде - Н.Г. Иванов - қорытынды шығаруға септігін тигізеді, қоса орындаушылық алдын-ала сөз байласусыз құрылған топтың ғана ажырамас бөлігі  ретінде көрсетіледі. Қалған жағдайларда қылмысқа қатысушылар белгілі бір шектеудегі ғана рөлдерді қылмыстық топтың құрамында бола тұра иеленуі мүмкін. Сот тергеу тәжірибесі мынандай алдын-ала сөз байласқан қылмыстық топтың оқиғасы ізімен оларды қылмысқа қатысушы деп келген.

Сотта судья А. Мен Р-дың әрекетіндегі талан-тараж көрінісін саралауда оның біреуін орындаушы, екіншісін айдап салушы және көмектесуші болғанын назарынан жіберіп алған. А. өзіне сеніп тапсырылған «КАМАЗ» автокөлігімен құс фабрикасына жем тасыған. Р. А-дан өзіне жем шығарып беруді сұраған және А. оның гаражына жем әкеп беріп тұрған, ал Р. соңынан оны сатып отырған.

Иеленіп алу мен ысырап етуде алдын-ала сөз байласу қылмысты саралаудың міндетті белгісі болып табылады, бірақ дәлелдеуді қажет етеді. Егер иеленіп алу мен ысырап етуді алдын-ала тергеу немесе сот тергеуі барысында қандай да болмасын себептерге байланысты алдын-ала сөз байласу болған болмағаны туралы дәлел таппаса, онда ол ҚК 176-б, 2-б а)-мен емес осы баптың 1 бөлігімен саралану керек. Тәжірибеде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп алу мен ысырап ету алдын – ала сөз байласу нәтижесінде қылмыс жасаса, онда оның әрбір мүшесі өзіне алған үлеске емес, толық көлемде жаза алады. Сондықтан бұл ҚР ҚК 176 бабында көрініс тапқан ізгілік қағидасына сәйкес емес.

Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп алу мен ысырап етуде қатысушылардың ауысуы сияқты мәселелер туындайды және олардың жазасын ауырлататын және жеңілдететін жағдайлар қылмысқа қатысушыларға қолданылады. Кейбір ғалымдар көрсетілген жағдайлар  қатысушылардың ойындағыдай болса басқа қатысушыға ауысуы мүмкін дейді. Мысалы, А.И. Рарогтың пікірінше осындай туындайтын сұрақтар   қылмысты саралаудың   өзіне  тән   жақтары.Оның  айтуынша  -«шынымен де қылмысты саралаудың объективті белгілері әрекеттің қоғамға қауіптілік деңгейінің жоғары екенін, сондықтан олардың түсінігі - қатысушылардың керекті элементі. Бұл қатысушылардың қайсысының санасына әсер етсе соның белгілері болу мүмкін».

Сәйкесінше ауырлататын және жеңілдететін жағдайлар қатысушылардың біріне ғана қолданылуы мүмкін. В.Г. Бурчактың айтуынша егер бұл жағдайлар ушығып жауаптылық орындаушы тұлғасының жағдайын ауырлатса, онда басқа қатысушыларға олардың санасына қарай қолданылу керек, ал жауаптылықты жеңілдететін болса басқа қатысушыларға қолданылмау керек. А.А. Пионтковскийдің ойынша, басқа қатысушыларға олардың санасының жеткен жеріне дейін жаза қолданылу керек, ол орындаушының міндетіне жатса да, яғни ол оның қоғамға қауіптілік деңгейінің төмен не жоғары екенін анықтау керек.

Егер қылмыс жасалғанда соның ішінде иеленіп алу мен ысырап етуді екі немесе одан да көп адам жасаса ұйымдастырушы, арандатушы және көмектесушілерге осы қылмыстың саралану белгілері қолданылуы мүмкін және жазаны ауырлататын, орындаушының объективті жағының көріністерін орындауы мүмкін, егер ол олардың ниетімен сәйкес келсе. Осылайша ұйымдастырушы екі орындаушымен жасалған иеленіп алу мен ысырап етуге жауапты болуы керек, егер ол осы қылмысты екі не одан да көп адаммен жасайтынын біле тұра жасаған болса. Мұндай жағдайда оның әрекеті ҚР ҚК-нің 30-б, 3-б а), 176-б, 2-б саралану керек. Сондай ұйымдастырушының жауаптылығын ауырлататын жағдайы орындаушының иеленіп алу немесе ысырап ету әрекетін қандай жағдайда жасағанын есепке алу керек, мысалы табиғи немесе қоғамдық апаттар немесе төтенше жағдайлар не жаппай тәртіпсіздік кезінде не қылмыс рецедиві жағдайында.

ҚР ҚК-нің 176 бабының ерекшелігі оның жасалуы арнаулы субъектімен, яғни заңды негізде өзіне мүлік сеніп тапсырылған тұлға. Осыған байланысты бір немее бірнеше адамның иеленіп алу мен ысырап етуді жасағанда оны саралауда қиындық туғызады, өйткені мүлік оның біреуіне ғана сеніп тапсырылған. Бұл тақырып иеленіп алу мен ысырап етуде актуальды болып отыр, себебі біреуіне заңды негізде мүлік сеніп тапсырылып отыр екіншісіне ол тапсырылмаған.

«Егер жасалған қылмыс құрамы арнаулы кінәлінің болғанын айқындаса онда оны басқа тұлғаның жасауы туралы мүмкіндігін жою керек, өйткені бірдей бір қылмысты оған икемі жоқ адам жасауы мүмкін емес» дейді Н.С. Таганцев.

С.Ф. Милюковтың белгілеуінше егер талан – тараж күш қолдану арқылы жасалса қылмыс басқа тұлғаның әрекетімен жасалуы мүмкін. Сол себепті зерттеуші ҚК баптарын өзгерту керек дейді.

Қазіргі кезде мұндай мәселелер зорлыққа сәйкес шешіледі, себебі, мұндай қылмысты жасаушы субъект тек ер адам ғана емес, бірақ, тек орындаушы немесе ұйымдастырушы, арандатушы немесе көмектесуші ретінде, әйел де бола алады. Бұл ұсыныс келесі себептер бойынша әділ болмақ: біріншіден, егер тұлға арнайы субъект болатын тұлғамен бірге қылмыстың тиісті құрамының объективті бөлігін немесе толығымен жасаса ( атап айтқанда, иемдену немесе шығын келтірсе), ол ҚР ҚК 28-б. заңнамалық ережелерге сәйкес, ұйымдастырушы да, арандатушы да, көмектесуші де болмайды; екіншіден, ұйымдастырушы, арандатушы және көмектесуші рөлі, сондай-ақ олардың әрекеті де ҚР ҚК 29-б. нақты анықталған.

Талан-таражға салу, иемдену және шығын келтіру формалары үшін қылмыс жасаудың алдын-ала келісілген сәтін анықтаудың маңызы зор. Көп жағдайда бір қатысушы иемденеді немесе шығын келтіреді, ал екіншісі оған қылмыс басталғаннан кейін қосылады, содан кейін  олар бірігіп әрекет етеді. Алайда, талан-таражға салудың аталған формалары уақыттың үлкен аралығында жасалады, соған байланысты, заң шығарушының қылмыстың бұл түрлерін жасауға тұлғалар тобының алдын-ала келісімдері бойынша қатысушы ретінде қарауы дұрыс емес. Дұрысырағы, тұлғалар тобының алдын- ала келісілмей әрекет етуі деп қарастыру.

Иемденуді немесе шығын келтіруді бірнеше мәрте қайталаған кінәлілердің әрекетін анықтағанда бірқатар сұрақтар туындайды. ҚР ҚК 13-б. 3 бөлігіне сәйкес қылмыстың қайталануы Кодексте ауыр жазаға алып келетін мән-жай деп қарастырылса, тұлғалар жасаған қылмыстар қылмыстың бірнеше рет қайталануына жаза қарастыратын баптың тиісті бөлігі бойынша сараланады. Заңның осы талаптарына сәйкес, ҚР ҚК 176 б. қарастырылған қылмыс жасаған тұлғалардың әрекетін ҚР ҚК 176- б. 2 бөлігі. «б» т. бойынша ғана саралау керек және бұл кезде алдыңғы қылмыстар өздігінен қарастырылмайды.

Қылмыстық-құқықтық доктринада кейбір зерттеушілер ондаған жылдар бұрын бір тұлғаның жасаған қылмыстарының бәрін Қылмыстық Кодекстің қайталану белгісін қарастыратын бабының бөлігі және тармақтары бойынша анықталуы тиіс деген пікірді ұстанған. Мысалы, В.П.Малков атап өткен:  «  қайталану  белгісі  бойынша  жасалған  әрекетті  анықтау  дегеніміз,  тұлға  бірнеше  мәрте жасалған біркелкі қылмыстары үшін немесе бір әрекеті үшін, бірақ, бұрынғы әрекеті бойынша соттылығын өтегенге дейін немесе сотталғандығын жойғанға дейін жасағанда, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сонымен, қайталану белгісі бойынша құқықтық баға беру бірінші және содан кейінгі жасаған қылмыстарын да қамтиды. Сондықтан, баға беруде алғашқы қылмыстық әрекет еткенін атап өтудің қажеті жоқ, өйткені, орын алатын әрбір келесі қылмыстарды құқықтық тұрғыдан атап көрсетудің қажеті жоқ»[1].

Заң шығарушының мұндай ұстанымын нақтылауды қажет етеді. Мысалы, алдымен алаяқтық жасаған (сипаты бойынша кінәліге сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемденуге бара-бар) тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, содан кейін кінәліге сеніп тапсырылған мүлікті иемденденуі ҚР ҚК 175 б. 1 т. және 176 б. 2 т. «б»т. қарастырылғандай, егер басқалай саралаудың белгілері болмаса, қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады. Айтылған мысалдағы  кінәлінің ең ауыр жазасы ретінде 10 жылға бас бостандығынан айырады. Өзгенің мүлкін иемденуге немесе шығын келтіруге байланысты бірқатар қылмыстар жасаса, басқадай саралаудың белгілері болмаса, оның әрекеті ҚР ҚК 176 б. 2 т. «б» т. бойынша сараланады, алдыңғы қылмыстары дербес құқықтық баға алмайды және қоғамдық қауіпті әрекеттер жасаған кінәлінің алатын ең ауыр жазасы - алты жылға бас бостандығынан айыру. Сонымен, бір ғана тұлғаның екі немесе одан да көп қылмыстарды жасауы, біртекті немесе соған тепе-тең қылмыстарды жасауына қарағанда,  қоғамдық қауіпті дәрежеде болмақ. Мұндай пікірді В.Шепельков та айтып, осыған байланысты, бірнеше мәрте қайталану институтынан және біртекті және соған ұқсас жасалған қылмыстарды саралауден бас тартуды ұсынған»[2]. Бірнеше мәрте жасалуы институтынан бас тарту, оның пікірінше, ҚР ҚК 11 және 13 б. арасындағы коллизия мен әділеттілік принципін жоюға мүмкіндік береді, өйткені, жекелеген жағдайларда бір тұлғаның әрекетінде жоғарыда айтылғандай, бірнеше мәрте жасалуы және рецидив белгілері қарастырылуы мүмкін. Бір ғана тұлға жасаған бір қылмысы үшін үш рет қылмыстық жазаға кесілетін жағдайлар болуы мүмкін. Кінәлі бірінші рет қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылады, екінші рет – келесі қылмысын саралағанда алдыңғысы ескеріліп, бірнеше рет қайталану деп сараланады ( біз талдап отырған қылмысқа қатысты: ҚР ҚК 1176 б. 2 т.«б» ) және үшінші рет- жаза тағайындау кезінде ескеріледі, себебі, рецидив орын алады ( ҚР ҚК 13б. 2 б. талаптарына сәйкес) »[3].

Бірнеше рет қайталануды қылмыстың дербес жасалған көп түріне жатқызу теориялық тұрғыдан негізсіз, және іс жүзінде зиянды да, өйткені, ҚР ҚК алғаш рет жариялаған әділдік принципіне қарама- қайшы деп санайтын еліміздің ғалымдары да осындай ұстанымда. Осы себептерге байланысты қылмыстық заңнамалықтан «бірнеше рет қайталану» түсінігін алып тастауды ұсынамыз,  бұл көптеген елдерде қылмыстардың жиынтығына жатады. Осы себепті ол ҚР ҚК 12 б. редакциясын өзгертуді ұсынамыз, бұл бапта біздің ойымызша, ҚК Ерекше түрлі бөлігі немесе баптарында қарастырылған қылмыстар ғана жататын жиынтық түсінігіне сілтемені алып тастау керек. Қылмыстарды санаттаудың бұндай ережелері тепе-тең қылмыстарды бірнеше мәрте жасаған тұлғаларды ( оларға жаза, әрине, қылмыстардың жиынтығы бойынша тағайындалды) және біртекті қылмысты бірнеше мәрте жасаған тұлғаларды тең жағдайға қоймайды деп санайтын, Т.Черненко да осы позицияны ұстануда.

Э.Ф.Побегайло бірнеше рет қайталану институтынан бас тартпайды, яғни ҚР ҚК 11 б. 3 б. өзгерістер енгізуді ұсынады; бұл бапқа сәйкес бірнеше мәрте қайталану қылмыстардың жиынтығын жоймайды: «Қылмыстардың бірнеше мәрте қайталануы әрекеттегі кодекстің баптарында ауыр жаза тағайындайтын мән-жайлар ретінде қарастырғанда, қылмыстың бірнеше мәртелігін түзетін әрбіреуі дербес сараланады. Бұл әрекеттердің бәрі сондай-ақ қылмыстың жиынтығын құрайды». Бұндай көзқарасты Э.Ф. Побегайло бұрындары да айтып келген.

Мәселенің бұндай қойылымына Б.В.Волженкин келіспейді, ол заңның бұндай өзгерісі қылмыстық заңнамалық алғаш рет жариялаған әділдік принципіне сәйкес келмейді деп санайды»[4].

Э.Ф.Побейгайлоның пікірін ең дұрысы деп санап, бірнеше мәрте жасалуы қылмыстың көптік формасы ретінде бас тартпау керек сияқты; жоғарыда аталған себептерге байланысты, ҚР ҚК 13 б.3 т. қарастырылған, заң шығарушының ұстанымын қайта қарастыру қажет. Яғни, өзгенің мүлкін иемденген немесе шығын келтіруді қайталаған тұлғаның әрекетін жасалған қылмыстың бірнеше рет қайталануы деп танып, ҚР ҚК 12 б. сәйкес, жиынтық ережелері бойынша жаза тағайындау керек. Өзгенің мүлкін иемденген немесе шығын келтірген тұлғалардың әрекетін саралағанда, бірнеше мәрте қайталанудың бірегей қылмыстық әрекеттің әр түрі болып саналатын, жалғасатын қылмыстан айырмашылығын анықтау қажет.

Кінәлі мүлікті иемдену ниеті болып, бірнеше қадаммен, бөлшектеу арқылы мүлікті талан-таражға салатын мән-жай (жалғасатын талан-тараждық) бірнеше мәртелік деп саналмайды. Себебі, мүлік сеніп тапсырылған тұлға, ұзақ  уақыт  бойына қызмет  бабын   немесе басқа да мән-жайларды пайдаланып, құрылыс материалдарын өзінің иелігіне айналдырып, саяжайының құрылысын салуға жұмсауы мүмкін. Жалғасатын қылмыс заңнамалық тұрғыдан біраз уақыт аралығынан кейін жүзеге асыратын, тепе-тең әрекеттер құрайды. Ол тепе-тең әрекеттердің соңғысын жасау кезінде аяқталған деп саналады. Жалғасатын қылмысқа жататын, жекелеген әрекеттер сараланбайды, себебі бұл, кінәлінің бір ғана қылмыстық ниетін жүзеге асыру кезеңі ғана болмақ. Жалғасатын қылмыс кезінде әрекеттердің әрбіреуі қылмыс құрамының бір ғана белгілерін құрайды»[5]. В.Н.Кудрявцев былай деп атап өткен: «Сонымен, жалғасатын қылмыс сол нормада қарастырылған, біртекті қылмыстарға жіктеле алады. Мысалы, кассир бірнеше күн бойына 2000, 3500 және 4500 т. бөлшектеп, 10 000 тенгені талан-таражға салса, нақты жағдайларда бұл аталған соманы талан-таражға салу деп қарастырылады. Іс жүзінде, кінәлінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру сәтінде, ал заңдылық тұрғысынан- эпизодтардың біріншісінің аяқталу сәті жалғасатын қылмыс аяқталды деп саналады[6]. Яғни, бұндай жағдайда қылмыстың бірнеше мәртелігі болмайды.

КСРО Жоғары Соты Пленумының 1972 ж. 11 шілдедегі қаулысының «Мемлекеттік және қоғамдық мүлікті талан-таражға салу істері бойынша сот тәжірибесі туралы» 11 бөлігі. «... кінәлінің бір ғана ниетімен қамтылған және жалпы алғанда бір қылмысты құрайтын, мүлікті заңсыз иемденуді мақсат еткен, тепе-тең қылмыстардан жинақталатын, ...мүлікті бірнеше мәрте заңсыз иемденуді жалғасатын қылмыс деп санау керек» деп атап көрсетілген. Жалғасатын  талан-тараждың осыған ұқсас анықтамасы РСФСР Жоғары Соты Пленумының 1980 ж. 23 желтоқсандағы «Көліктегі талан- тараж туралы істерді қарастырғанда соттардың заңдылықты қолдану тәжірибесі» қаулысында да бар, соған сәйкес бұл «...бірқатар тепе-тең қылмыстық әрекеттерден құралатын, мемлекеттік мүлікті бірнеше мәрте заңсыз түрде қайтарымсыз алу, егер аталған әрекеттер оны жасаған тұлғада материалды құндылықтардың нақты көлемін талан-таражға салу туралы бірегей ниеті мен мақсатының болғанын растайтын жағдайларда жасалған болса».

Осы себептерге байланысты, ҚазССР Жоғары Соты стансадан зауытқа көмір тасымалдағанда, бір күннің ішінде жеті тонна көмірді екі қадаммен ұрлаған, автомобиль жүргізушісі Б. әрекеті бір ниетті қамтығанына байланысты оның әрекетінен қайталану белгісін таппады.

Бір талан-тараждың бірнеше белгімен сараланатын белгілері бар кінәлінің әрекеті, бірнеше мәрте жасалуын құрамайды, алайда, қылмысты саралағанда ескеріледі. Мысалы, бұл ҚР ҚК 176 б. 2 б   «а»,«б», және «в» т. қатысты. Егер тұлғалардың әрекетінде сараланған немесе ерекше сараланған белгілері бар қылмыс құрамы байқалса, олар осы қылмыстың екі бөлігі бойынша сараланбайды. Олар кінәлінің әрекетіндегі басқа да саралану белгілерін көрсетіп, қатаң жаза беруді қарастыратын баптың бөлігінің тармақтары бойынша сараланады, себебі, ҚР ҚК бір бабының түрлі бөлігі тармақтарындағы саралау белгілерін құрайтын, біртекті қылмыстарды жасау , қылмыстардың жиынтығын құрамайды.

 

Әдебиеттер

  1. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступлений.- М., 2001.- С.126. 2.Нұрмашев Ү.У. Қылмыстық құқық ерекше бөлім: Алматы., 2008 ж.
  2. Белокуров О.В.Ответственность за хищение, совершенное путем присвоения, растраты и злоупотребления служебным положением: Автореф.дис.юрид.наук.- М.,
  3. Волженкин Б.В. Квалификация хищений государственного или общественного имущества путем присвоения, растраты или злоупотребления служебным положением.- Л.,
  4. Гаухман Л.Д. Квалификация преступлений: закон, теория, практика.- М., 6.Борзенков Г.Н. Ответственность за мошенничество.-М., 2005.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.