Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыскердің тұлғалық ерекшеліктері

Қылмыскердің жеке тұлғасы дегеніміз - қылмыскерді бүтіндей алғанда тұлға деп сипаттайтын барлық әлеуметтік қасиеттердің, байланыстар мен қатынастардың жиынтығы болып табылады. Оған айыпталушының әлеуметтік байланысы (саяси, тұрмыстық, еңбек,т.б.) саяси-құлықтылық қасиеттері, психологиялық құрылысы мен ерекшелігі, демографиялық және тұлғасының белгілері, өмірлік жолы мен тәжірибесі, қоғам алдындағы кінәсі жатады. Криминалистік оқулықтарда айыпталушының жеке тұлғасын алдын-ала тергеуді зерттеу мәселесінде айыпталушының жеке тұлғасын зерттеу екі бағытта жүзеге асырылатындығы туралы айтылған.

Бірінші бағытта, қылмысты қандай адам жасағандығы жөнінде сөз болады. Н.Т.Ведерников: “Бұл бағыттың міндеті – қылмыс жасаған адам кім, деген сұраққа жауап алғанда шешіледі”, - деп өз ойын айтады. Бірінші бағыттың міндеті алғашқы тергеу жүргізу кезіндегі тергеуші қызметінің мазмұнын айқындайды.

Екінші бағытқа тоқталатын болсақ, ондағы ерекшелік қылмыс жасаған адамның белгілі болуы; яғни бұл бағыт анықталған жеке тұлғаны зерттеуге бағытталған және тергеу жүргізу кезіндегі тергеушінің қызметі туралы мәселелерді шешеді.

Өзіміз білетіндей, қылмыстарды тергеу барысында пайда болатын күрделі міндеттердің бірі - ол оқиға болған жерден қашып кеткен қылмыскерлердің, жәбірленушілердің, сондай-ақ қылмыс оқиғасына қандай да бір қатысы бар өзге де тұлғалардың тұлғасын анықтау болып табылады. Бұл міндетті шешуде адамның сыртқы бейнесі туралы мәліметтердің мәні жоғары. Тергеу және сот органдарынан жасырынған, қылмыстық жазадан жалтарған адамды, хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды және заңмен көзделген реттерде басқа да адамдарды іздестіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15-ші қыркүйектегі «Жедел іздестіру қызметі туралы» заңның міндеттерінің бірі ретінде қарастырылған. Сондай-ақ аталған заңының  11-ші бабында жедел іздестіру шаралары ретінде «белгілері бойынша жеке адамды іздеу және ұқсастыру» көзделген. Дербес жедел іздестіру шарасы ретінде тұлғаны ұқсастыру бірінші рет  көрсетіліп отыр. Заң шығарушы мұнымен жедел іздестіру қызметі барысында адамды анықтау кезінде орын алған тәжірибені заңдастырды десек те болады. Тұлғаны криминалистикалық анықтаудың мәнін қарастыра отырып, ол екі аспектіден тұратындығын ескеру қажет: 1) нақты адамды анықтау процесі; 2) анықтау, тергеу, сот органдарын қызықтыратын фактілерге оның қатыстылығын анықтау. Нақты аты-жөні бар индивидумды анықтауға мүмкіндік беретін ұқсастықты ғана анықтау ұғымын толық ашпайды, яғни оның жасалған қылмыс оқиғасымен байланысын көрсететін нақты адамның белгілерін анықтау маңызды болады.

Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы туралы ілімді құрғанға дейін қылмыскердің тұлғасы туралы мәліметтер криминалистикада тергеудің тактикалық міндеттерін шешу үшін және жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізудің барысына тиімді әдістерін анықтау үшін қолданған еді.

Қылмыскер тұлғасын криминалистикалық зерттеу оның әр қырын зерттейтін жекелеген мәліметтерден тұрмауы керек, керісінше, ол жөнінде нақты түсінік беруі керек. Қылмыс жасаған субъектінің тұлғасын жан-жақты және толық зерттеу-осы тұлға құрылған органы тікелей зерттеуді білдіреді. Кез - келген ғылыми түсінік, әрине, өздігінен пайда болмайды. Ол жаңа ұғым көмегімен бекітіледі деп есептелетін құбылыстарды зерттеу нәтижесін ескерген кезде ғана құрылуы мүмкін.

Мұндағы әдістемелік негізді «тұлға» ұғымының мазмұнын ашатын философияның жалпы және әлеуметтік психологияның жалпы теориялық ережелері құрады. Сөйтіп, «қылмыскер тұлғасының криминалистикалық сипаттамасы ұғымы «тұлға» және «қылмыскер тұлғасы» ұғымдарын қарастыру негізінде құрылады. Қылмыскер тұлғасына жүргізілетін зерттеулер криминалистика әдебиеттерінде тергеудің негізгі кезеңдерінің көрінісі ретіндегі екі негізгі бағытты ұстануға ұсыныс енгізеді.

Бірінші бағытқа сәйкес ол қылмысты кім жасады деген сұрақты шешуге бағытталғандығымен сипатталады. «Бұл бағыттың міндеті қылмысты жасаушы кім деген сұраққа жауап алынған кезде ғана шешіледі», – деп жазды Н.Т.Ведерников [1.67б].

Екінші бағыт анықталған қылмыскердің тұлғасын зерттеумен сипатталады.

Зерттеудің негізгі міндеті ол қылмыскердің тұлғасының криминалистикалық сипаттамасының табиғатын ашу және қылмыстық істі тергеп, ашудағы оның рөлі мен маңызын анықтау табылады.

«Мазмұны» туралы бастапқы түсініктерді философиялық зерттеулер береді. Мұндағы «мазмұн» ұғымы-ол  объектілердің  негізін  құратын және олардың  қалыптасуы  мен  дамуын шарттандыратын элементтер мен процестердің жиынтығы. Философиялық санат ретіндегі мазмұн заттың немесе құбылыстың болуының ішкі материалдық негізін көрсетеді.

Заң әдебиеттерінде қылмыскер тұлғасын зерттеу пәні қылмыстық іс жүргізу заңдарында дәлелдеу пәнінің дербес элементі ретінде көрініс табуы керектігі жөнінде ұсыныстар айтылған еді. Бұл ұсыныстар белгілі бір дәрежеде 1.01.1998 (209.07.04 өзгертулер мен толықтырулармен) жылы күшіне енген жаңа ҚР ҚІЖК-де көрініс тапқандығын айта кеткен жөн. Оған сәйкес іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлар бұрынғы Кодекспен салыстырғанда қылмыс жасаған тұлға туралы мәліметтерді нақтылайтын екі тармақшамен толықтырылған: «5) айыпталушының тұлғасын сипаттайтын мән- жайлар;» және «9) қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатуға мүмкіндік беретін мән-жайлар». Ал, қылмыскердің тұлғасын сипаттайтын бұл мән-жайлар нақты қылмысты тергеу барысында дұрыс анықталуы үшін олар жөніндегі типтік мәліметтер сәйкесінше қылмыс түрінің криминалистикалық сипаттамасында көрініс табуы керек.

Заң әдебиеттерінде әр қылмыстық істе қолданатын қылмыс субъектісінің тұлғасын зерттеудің жалпы формуласын беруге бірқатар талпыныстар болған еді. Айталық, Н.П.Яблоковтың пікірі бойынша қылмыскер тұлғасын криминалистикалық зерттеудің екі бағыты бар. Оның біріншісіне, сәйкес қылмыстың түсінігі, оның жасалу орны мен уақытын, қол сұғушылықтың затының оқиға болған жерде қалдырылған іздерге байланысты мәліметтерді ескере отырып белгісіз қылмыскердің тұлғасы туралы мәліметтерді алу. Екіншісі, субъект тұлғасына криминалистикалық баға беру мақсатында ұстанған сезіктінің немесе айыпталушының тұлғасын зерттеу.

Тұлғаны криминалистикалық анықтау ұғымынан шығатындай, оның мәнін түсінудегі негізгі момент болып криминалистикадағы тұлға ұғымынан шыға отырып қарастыру тиімді болатын адамның ақпараттық қасиеттері мен белгілері. «Тұлға» туралы қазіргі кездегі түсінікке сәйкес тұлға- тұрақты түрде қалыптасқан әлеуметтік, психикалық, психологиялық, биологиялық қасиеттерінің жиынтығы. Міне, осы тұлға мінездемесінің бірлігі туралы түсініктің негізінде адамның әртүрлі қасиеттері зерттеледі. Алайда мұнда зерттелуге барлық қасиеттер емес, оны зерттеу нақты қылмысты тергеу үшін маңызы бар бар болатын ситуациялардағы осы адамның рөлін анықтау міндетімен шектелген қасиеттердің, белгілердің, байланыстар мен қатынастардың кешені ғана жатуы керек. Сонымен қатар, зерттелуге ақпараттық сипаты бар қасиеттер де, яғни қылмыскер тұлғасының құрылымы туралы түсініктер құрылатын белгілер жатады. Қылмыскер тұлғасының құрылымы мен ақпараттық қасиеттері туралы сұрақты қарастыра отырып Г.А. Самойлов тұлғаның келесі құрылымдық компоненттерін көрсетеді: әлеуметтік бағытталуы, техникалық және соматикалық қасиеттердің ерекшеліктері [2.31б].

В А. Снетков тұлғаны криминалистикалық анықтаудың объектісі ретінде қарастыра отырып, тумысынан бар және жүре келе пайда болған адам ағзасының ішкі және сыртқы құрылымының қасиеттері мен белгілерін, адамның физиологиялық және психикалық қасиеттерін, тұлғаның әлеуметтік мінездемесін атап көрсетеді [3.53-57б]. Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы құрылымындағы қылмыскер тұлғасы туралы мәліметтер оның басқа құрылымдық элементтерімен, атап айтсақ, қылмыстың жасалу жағдайымен, қылмысты жасау әдісімен, қалдырылған материалдық іздермен, қылмыстық қолсұғушылықтың затымен, қылмыстың жәбірленушісімен, қылмыстың ниеті мен мақсатымен тығыз байланыста болады.

Тергеу процесінде белгісіз қылмыскердің тұлғасын криминалистикалық зерттеу кезінде оқиға болған жерде табылған материалдық іздерді зерттеу жолымен, сондай-ақ жәбірленуші мен куәлердің көмегімен анықталған қылмысты жасаған тұлғаның биологиялық, физиологиялық және кәсіби белгілері ең алдымен көрінеді.

Г.И.Поврезнюктің пікірі бойынша тұлғаны анықтау кезінде соматикалық (биологиялық) ерекшеліктерді зерттеу-адам ағзасының ішкі және сыртқы құрылымын көрсететін белгілерді анықтаудан басталады. Олардың арасындағы ең маңыздысы-адамның сыртқы келбетін сипаттайтын белгілер. Ал, бұл белгілер тұлғаны анықтауға бағытталған көптеген жедел-іздестіру шаралары мен тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қолданылып, пайдаланылады және жасалған қылмысты бастапқы ақпарат алу үшін негізгі болып табылады. Мысалы, қол мен аяқ іздерінің мөлшері бойынша және олардың құрылу механизмдерінің ерекшеліктері бойынша мүмкін қылмыскердің жынысы, жасы туралы, онда белгілі бір дене кемшіліктерінің болып - болмауы туралы, биологиялық бөліністердің іздері бойынша (түкірік, қан, сперма және т.б.), қан тобы мен резус-факторы туралы, куәлердің және жәбірленушілердің есінде сақталып қалған идеалдық бейне бойынша оның сыртқы келбеті және т.б. туралы болжамдар жасауға болады. Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы үшін, сондай- ақ қылмыскер тұлғасының әлеуметтік, әлеуметтік-демографиялық және әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің де маңызы зор. Оларға келесілер жатады:

  • биографиялық сипаттағы мәліметтер (жынысы, жасы, ұлты, білімі, отбасылық жағдайы және т.б.);
  • қоғамның негізгі саласында тұлғаны сипаттайтын мәліметтер (еңбек, қоғамдық-саяси қызметке қатысу, тұрмыстағы жүріс-тұрысы және т.б.);
  • тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеттері (темперамент, ерік, эмоция).

Криминалистикалық тұрғыдан алғанда қылмыскер тұлғасының маңызды сипаттамасы ретінде бұл субъектінің заңға қатынасын анықтау көрінеді (яғни оның бұрын сотталған, сотталмағандығы, құқық қорғау органдарының онымен қызығуы, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, жасамағандығы).

Міне, осы әртүрлі қылмыстарды жасайтын субъектілердің тұлғасы туралы осы мәліметтерді жиынтықтау қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының маңызды элементтерінің бірі ретіндегі қылмыскер тұлғасын нақтылауға мүмкіндік береді. Ал оның өзі қылмыстарды тергеу әдістемесіндегі оның рөлін көтеруге септігін тигізеді.

Осы айталғандарды тұжырымдай келе қылмыскердің жеке тұлғасының криминалистикалық мінездемесінің керектігі мынада: ол алдын - ала тергеудің объективтік қажеттілігінен, қылмыскердің жеке тұлғасының ғылыми-тәжірибелік және іс жүзінде қолданылатын зерттеулері одан әрі тереңдетілген. Өзіміз білетіндей, қылмыстарды тергеу барысында пайда болатын күрделі міндеттердің бірі ол оқиға болған жерден қашып кеткен қылмыскерлердің, жәбірленушілердің, сондай-ақ қылмыс оқиғасына қандай да бір қатысы бар өзге де тұлғалардың тұлғасын анықтау болып табылады. Бұл міндетті шешуде адамның сыртқы бейнесі туралы мәліметтердің мәні жоғары. Тергеу және сот органдарынан жасырынған, қылмыстық жазадан жалтарған адамды, хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды және заңмен көзделген реттерде басқа да адамдарды іздестіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15-ші қыркүйектегі «Жедел іздестіру қызметі туралы» заңының міндеттерінің бірі ретінде қарастырылған. Сондай-ақ аталған заңның  11-ші бабында жедел іздестіру шаралары ретінде «белгілері бойынша жеке адамды іздеу және ұқсастыру» көзделген. Дербес жедел іздестіру шарасы ретінде тұлғаны ұқсастыру бірінші рет  көрсетіліп отыр. Заң шығарушы мұнымен жедел іздестіру қызметі барысында адамды анықтау кезінде орын алған тәжірибені заңдастырды десек те болады.

Тұлғаны криминалистикалық анықтаудың мәнін қарастыра отырып, ол екі аспектіден тұратындығын ескеру қажет: 1) нақты адамды анықтау процесі; 2) анықтау, тергеу, сот органдарын қызықтыратын фактілерге оның қатыстылығын анықтау. Нақты аты-жөні бар индивидуумды анықтауға мүмкіндік беретін ұқсастықты ғана анықтау ұғымын толық ашпайды, яғни оның жасалған қылмыс оқиғасымен байланысын көрсететін нақты адамның белгілерін анықтау маңызды болады.

Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы туралы ілімді құрғанға дейін қылмыскердің тұлғасы туралы мәліметтер криминалистикада тергеудің тактикалық міндеттерін шешу үшін және жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізудің барысына тиімді әдістерін анықтау үшін қолданған еді.

Қылмыскер тұлғасын криминалистикалық зерттеу оның әр қырын зерттейтін жекелеген мәліметтерден тұрмауы керек, керісінше, ол жөнінде нақты түсінік беруі керек. Қылмыс жасаған субъектінің тұлғасын жан-жақты және толық зерттеу-осы тұлға құрылған органы тікелей зерттеуді білдіреді. Кез-келген ғылыми түсінік, әрине, өздігінен пайда болмайды. Ол жаңа ұғым көмегімен бекітіледі деп есептелетін құбылыстарды зерттеу нәтижесін ескерген кезде ғана құрылуы мүмкін.

Мұндағы әдістемелік негізді «тұлға» ұғымының мазмұнын ашатын философияның жалпы және әлеуметтік психологияның жалпы теориялық ережелері құрады. Сөйтіп, «қылмыскер тұлғасының криминалистикалық сипаттамасы ұғымы «тұлға» және «қылмыскер тұлғасы» ұғымдарын қарастыру негізінде құрылады. Қылмыскер тұлғасына жүргізілетін зерттеулер криминалистика әдебиеттерінде тергеудің негізгі кезеңдерінің көрінісі ретіндегі екі негізгі бағытты ұстануға ұсыныс енгізеді. Бірінші бағытқа сәйкес  ол қылмысты кім жасады деген  сұрақты шешуге бағытталғандығымен   сипатталады.

«Бұл бағыттың міндеті қылмысты жасаушы кім деген сұраққа жауап алынған кезде ғана шешіледі», – деп жазды Н.Т.Ведерников [1.67б]. Екінші бағыт анықталған қылмыскердің тұлғасын зерттеумен сипатталады. Зерттеудің негізгі міндеті ол қылмыскердің тұлғасының криминалистикалық сипаттамасының табиғатын ашу және қылмыстық істі тергеп, ашудағы оның рөлі мен маңызын анықтау табылады. «Мазмұны» туралы бастапқы түсініктерді философиялық зерттеулер береді. Мұндағы «мазмұн» ұғымы-ол объектілердің негізін құратын және олардың қалыптасуы мен дамуын шарттандыратын элементтер мен процестердің жиынтығы. Философиялық санат ретіндегі мазмұн заттың немесе құбылыстың болуының ішкі материалдық негізін көрсетеді.

Заң әдебиеттерінде қылмыскер тұлғасын зерттеу пәні қылмыстық іс жүргізу заңдарында дәлелдеу пәнінің дербес элементі ретінде көрініс табуы керектігі жөнінде ұсыныстар айтылған еді [60.79-83б]. Бұл ұсыныстар белгілі бір дәрежеде 1.01.1998 жылы күшіне енген жаңа ҚР ҚІЖК-де көрініс тапқандығын айта  кеткен  жөн. Оған сәйкес  іс бойынша  дәлелденуге жататын мән-жайлар  бұрынғы Кодекспен салыстырғанда қылмыс жасаған тұлға туралы мәліметтерді нақтылайтын екі тармақшамен толықтырылған: «5) айыпталушының тұлғасын сипаттайтын мән-жайлар;» және «9) қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатуға мүмкіндік беретін мән-жайлар». Ал, қылмыскердің тұлғасын сипаттайтын бұл мән-жайлар нақты қылмысты тергеу барысында дұрыс анықталуы үшін олар жөніндегі типтік мәліметтер сәйкесінше қылмыс түрінің криминалистикалық сипаттамасында көрініс табуы керек. Заң әдебиеттерінде әр қылмыстық істе қолданатын қылмыс субъектісінің тұлғасын зерттеудің жалпы формуласын беруге бірқатар талпыныстар болған еді. Айталық, Н.П.Яблоковтың пікірі бойынша қылмыскер тұлғасын криминалистикалық зерттеудің екі бағыты бар. Оның біріншісіне сәйкес қылмыстың түсінігі, оның жасалу орны мен уақытын, қол сұғушылықтың затының оқиға болған жерде қалдырылған іздерге байланысты мәліметтерді ескере отырып белгісіз қылмыскердің тұлғасы туралы мәліметтерді алу. Екіншісі, субъект тұлғасына криминалистикалық баға беру мақсатында ұстанған сезіктінің немесе айыпталушының тұлғасын зерттеу [5.34б].

Тұлғаны криминалистикалық анықтау ұғымынан шығатындай, оның мәнін түсінудегі негізгі момент болып криминалистикадағы тұлға ұғымынан шыға отырып қарастыру тиімді болатын адамның ақпараттық қасиеттері мен белгілері. «Тұлға» туралы қазіргі кездегі түсінікке сәйкес тұлға- тұрақты түрде қалыптасқан әлеуметтік, психикалық, психологиялық, биологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

Міне, осы тұлға мінездемесінің бірлігі туралы түсініктің негізінде адамның әртүрлі қасиеттері зерттеледі. Алайда, мұнда зерттелуге барлық қасиеттер емес, оны зерттеу нақты қылмысты тергеу үшін маңызы бар бар болатын ситуациялардағы осы адамның рөлін анықтау міндетімен шектелген қасиеттердің, белгілердің, байланыстар мен қатынастардың кешені ғана жатуы керек. Сонымен қатар, зерттелуге ақпараттық сипаты бар қасиеттер де, яғни қылмыскер тұлғасының құрылымы туралы түсініктер құрылатын белгілер жатады. Қылмыскер тұлғасының құрылымы мен  ақпараттық қасиеттері туралы сұрақты қарастыра отырып Г.А. Самойлов тұлғаның келесі құрылымдық компоненттерін көрсетеді: әлеуметтік бағытталуы, техникалық және соматикалық қасиеттердің ерекшеліктері [2.31б].

В А. Снетков тұлғаны криминалистикалық анықтаудың объектісі ретінде қарастыра отырып, тумысынан бар және жүре келе пайда болған адам ағзасының ішкі және сыртқы құрылымының қасиеттері мен белгілерін, адамның физиологиялық және психикалық қасиеттерін, тұлғаның әлеуметтік мінездемесін атап көрсетеді [3.53-57б].

Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы құрылымындағы қылмыскер тұлғасы туралы мәліметтер оның басқа құрылымдық элементтерімен, атап айтсақ, қылмыстың жасалу жағдайымен, қылмысты жасау әдісімен, қалдырылған материалдық іздермен, қылмыстық қолсұғушылықтың затымен, қылмыстың жәбірленушісімен, қылмыстың ниеті мен мақсатымен тығыз байланыста болады.

Тергеу процесінде белгісіз қылмыскердің тұлғасын криминалистикалық зерттеу  кезінде оқиға болған жерде табылған материалдық іздерді зерттеу жолымен, сондай-ақ жәбірленуші мен куәлердің көмегімен анықталған қылмысты жасаған тұлғаның биологиялық, физиологиялық және кәсіби белгілері ең алдымен көрінеді.

 

Әдебиеттер

  1. Ведерников Н.Т. Личность обвиняемого и подсудимого. Томск.,
  2. Самойлов Г.А. Основы криминологического учения о навыках. Москва.
  3. Снетков В.А. Проблема криминалистического установления личности //50 лет НИИ криминалистики. Москва., 4.Поврезнюк Г.И.   Проблема   криминалистического   установления   личности по признакам  внешности человека //Вестник КазГУ. Серия юридическая. П2 (19) 2001.
  4. .Яблоков Н.П. Криминалистическая характеристика преступлений /Криминалистика. Уч. М.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.