Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасында арнайы табиғатты пайдалану құқығының теориялық және практикалық мәселелері

Еліміздің жаһандану кезеңін бастан кешіруі әр түрлі құқықтық реформалардың қабылдануына және дамуына әкеліп соқтыруда. Соның бірі 9 қантар 2007 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының экологиялық кодексін атауға болады. Мемлекетімізде адамзаттың табиғатты мақсатқа сай пайдалануының құқықтық мәселелері осы кодекспен және өзге де заңдармен реттеледі.

Қазақстан Республикасының экологиялық кодексінің 10-бабы табиғатты пайдалану ұғымын ашқан. Онда табиғатты пайдалануға мынадай түсінік берілген: «Адамның күнделікті өмірінде, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы және (немесе) қоршаған ортаға әсер етуі табиғат пайдалану болып табылады» делінген [1].

Аталмыш заңға сәйкес табиғат пайдалану екі түрге бөлінеді. Олар: жалпы табиғат пайдалану және арнайы табиғат пайдалану.

Табиғат пайдалану түрлерін бөлу - ол өзіне тән өзіндік құқықтық сипаттарға ие болып табылатын, соның нәтижесінде табиғатты пайдалану құқығын біртектес етіп топтастыру белгісі бойынша бөлуге болатын табиғат пайдалану құқығының бөліктері ретінде қарастырылады [2, 95 б.].

Жалпы табиғат пайдалану тұрақты болып табылады және халықтың өмірлік  қажетті сұраныстарын қанағаттандыру үшін және табиғи ресурстар пайдалануға берілмей, тегін жүзеге асырылады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, табиғатты жалпы пайдалануды шектеуге жол берілмейді.

Арнайы табиғат пайдалану - экологиялық және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды ақылы негізде пайдалануды және (немесе)  қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғаның қызметі болып табылады [1].

Біздің зерттеуміз арнайы табиғат пайдалану құқығының кейбір мәселелеріне арналып отыр.

Арнайы табиғат пайдалану құқығын екі түрлі мағынада қарастыруға болады. Бірі объективтік мағынада, екіншісі субъективтік мағынада қарастырылады.

Арнайы табиғат пайдалану құқығының объективтік мағынада қарастыратын болсақ, ол – азаматтар мен заңды тұлғалардың өзінің экономикалық, мәдени – сауықтыру, рекреациялық және олардың өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстарды арнайы мақсатқа сай пайдалануға беру тәртібін реттейтін нормалардың жиынтығы деп түсініледі.

Арнайы табиғат пайдалану құығының субъективтік мағынасын ашатын болсақ, ол – азаматқа экономиаклық, мәдени-сауықтыру, рекреациялық және өзге де қажеттіліктерді қанағаттандыру  үшін арнайы рұқсатқа сәйкес ақылы негізде табиғатты пайдалануға беру, табиғи ресурстарды иелену және пайдалану құқығының болуымен ерекшеленеді [2, 96 б.].

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінде табиғатты пайдалану объектілерінің топтастырылуы баяндалған. Аталмыш Кодекстің 10-бабының 5- тармағына сәйкес табиғатты пайдаланудың түрлеріне мыналар жатады:

  • жерді пайдалану;
  • суды пайдалану;
  • орманды пайдалану;
  • жер қойнауын пайдалану;
  • жануарлар дүниесін пайдалану;
  • өсімдіктер дүниесін пайдалану;
  • қоршаған ортаға эмиссиялар;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін өзге де табиғат пайдалану түрлері жатады.

Табиғатты пайдалану түрлеріне тоқтап кеткен жөн. Жер пайдалану құқығы: ауыл шаруашылығында жер пайдалану құқығы етіп, халықтың мекендеген жерлерін пайдалану, өндіріс, көлік, байланыс, қорғаныс, орман жерлерін пайдалану, су қорларын пайдалану және т.б. түрлерге бөлінеді.

Жер қойнауын пайдалану құқығы: жер қойнауын мемлекеттік геологиялық оқып, зерттеу, барлаулар, пайдалы қазбаларды табу, бірлескен барлау мен қазбаларды табу, жер асты құрылыстарын жүргізу және іске қосу үшін пайдалану және пайдалы қазбаларды барлаумен, алумен байланысы жоқ пайдалану деп бөлінеді.

Суды пайдалану құқығы өз алдына: халықтың тұрмыстық қолданысты қанағаттандыру үшін, ауыл шаруашылығының, өндірістің суға тапшылығын, гидроэнергетика, су көлігі үшін, емделу мен сауықтыру және рекреациялық мақсаты үшін, балық және аң аулау шаруашылығы қажеттілігі үшін, тұрып қалған суды жіберу үшін, өртке қарсы қажеттіліктер үшін пайдалану бөлінеді.

Орманды пайдалану құқығы: ағаштардан және өзге де қайталап қолданылатын орман материалдарынан дайындалатын заттарды жасау үшін, мәдени-сауықтыру, ғылыми – зерттеу мақсатында, аң аулау шаруашылығы мұқтажы үшін пайдалану деп бөлінеді.

Жануарлар әлемін пайдалану құқығы: аң аулау, балық аулау, аң аулау мен балық  аулау объектісіне жатпайтын шаруашылық мақсатында жануарларды пайдалану үшін, жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбие және эстетикалық мақсаттар үшін пайдалану, жануарлардың тіршілігінен жиынтықтар мен олардың өнімдерін пайдалану үшін деп жіктеледі.

Атмосфералық ауаны пайдалану құқығын: өндіріс қажеттіліктері үшін және ластанған заттарды тастау үшін атмосфералық ауаны пайдалану құқығы етіп бөлуге болады [2, 97 б.].

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде арнайы табиғат пайдалану табиғат пайдаланудың бiр түрiн не олардың бiрнеше түрiнiң жиынтығын қамту мүмкiншілігі туралы баянды етілген.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 12- бабында арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау негіздері мен оны жүзеге асыру шарттары қарастырылған. Ол келесідей болып келеді:

  • табиғат пайдалану табиғи ресурстарды пайдалану мен алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар және (немесе) рұқсаттар;
  • табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табиғат пайдалануға беру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерi;
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жасалатын табиғат пайдалануға арналған шарттар (келiсiмшарттар) негiзiнде туындайды.

Арнайы табиғат пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделгентәртiппен,бiр, екi не барлық актiлер негiзiнде туындауы мүмкiн.

Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылардың арнайы табиғат пайдалану құқығын жүзеге асыруына экологиялық рұқсаттар болған кезде жол берiледi. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес берiледi.Арнайы табиғатпайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларға билiк ете алмайды. Арнайы табиғат пайдалану құқығы мемлекет қауiпсiздiгiн және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына  сәйкес шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн [1].

 

 

 Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі 9 қантар 2007 ж.// Справочник Юрист.
  2. Бекишева С.Д. Экологическое право РК: Учебное пособие.- Караганда: Арко, - 472 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.