Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жиынтық (консолидарлы) қадағалау – бұл қаржының айқындылығы

Қайсыбір елдегі банкілік жүйенің дәрменсіздігі, мейлі ол дамушы ел немесе дамыған ел болсын, сол елдегі, сондай-ақ соның аумағынан тыс жердегі қаржылық тұрақтылыққа қауіп төндіруі мүмкін. Әлем бойынша Базельдік қағидалар немесе стандарттар ретінде белгілі болып келетін «Тиімді банкілік қадағалаудың басты қағидалары» осы қағидадан басталады. Олардың саны 25. Қазақстан толығымен солардың 8-ін, ішінара 11-ін орындауда. Ал оның негізгі 3 тіреуіші бар:

  1. банк капиталдарына минималды талаптар;
  2. қадағалау процесі;
  3. нарықтық тәртіп.

Қаржылық-өнеркәсіптік топтардың қызметін консолидарлы қадағалау шарасы қаржылық нарықты қорғау үшін және ықтимал қаржылық дағдарыстардың туындауына жол бермеу үшін қажет. Ұлттық банк төрағасы Г.Марченконың пікірінше, құрамына коммерциялық банк кіретін кез - келген қаржылық-өнеркәсіптік топ ықтимал дағдарыстар туындай қалған жағдайда сол банктің тартып отырған салымшыларының қаражаттарын жасырып қалу қаупін тудырады. Оңтүстік-Азия мен Ресей елдерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мемлекеттік қадағалау үшін айқын емес болып табылатын қаржылық-өнеркәсіптік  топ  ,  әдетте  өз  банктерін  соның  балансын  жақсарту  үшін  заңсыз түрде «тазартып отырады» және бүкіл топтың шынайы балансын жасырып қалады. Дағдарыстар кезінде көптеген қаржылық-өнеркәсіптік топ өздерінде банктердің негізгі қаражаттары жайғастырылған өзінің нақты экономикадағы кәсіпорындарын сақтап қалу үшін банктерді банкроттыққа ұшыратады.

Қазіргі кезде бір қаржылық топтың барлық құрылымдарын қадағалау әрекеті бөлінген түрде жүргізіледі: банктерді Ұлттық банк бақылайды, сақтандыру компанияларын – Мемлекеттік сақтандырушылық бақылауы (бұрын Қаржы министрлігінің, қазіргі кезде Ұлттық банкінің жанындағы) бақылайды, зейнетақы активтерін басқару компанияларын Құнды қағаздар жөніндегі комиссия қадағалайды, ал осы қаржылық институттардың ірі акционерлері қадағалау органдарына мүлде ешқандай ақпарат ұсынбайды. Яғни, егер мысалы, топ банк, сақтандыру компаниясын, қорды, кәсіпорынды біріктіріп отырған болса, онда олар бір-біріне қаражат, несие ұсынумен түрлі қадағалау органдарынан ақпаратты жасырып отыруы мүмкін. Нәтижесінде бүкіл құрылымның нақты қаржылық жағдайы айқындала бастайды.

Жиынтық қадағалауды енгізу кезінде жекелеген банктер өзі үшін нақты қауіп төніп тұрғанын байқады, мұнысы олардың құрылымының айқын емес екендігін білдіретін.  Жасыратын  ешнәрсесі жоқ банктер қадағалауға келісімін білдірді. Егер  қаржылық-өнеркәсіптік  құрылымдар айқындылықтан қорқатын болса, онда барлығы соншама кіршіксіз емес деген қорытынды жасауға болады. Консолидарлы есепті енгізу капиталдың қазақстандық банкілік жүйеге құйылуына мүмкіндік береді: ол неғұрлым айқын болса, соғұрлым инвесторларға кімнің және қалай ақша  табатыны түсінікті бола түседі. Сол себептен адамдар банкілік жүйеге көбірек сенім білдіре бастады. Консолидарлы қадағалауды енгізу – бұл елбасының тапсырмасы. Консолидарлы қадағалау бірнеше ондаған елдерде қолданылады. Алайда, ол нақты бір адамға арнап емес, елдің бүкіл қаржылық жүйесінің дамуын қамтамасыз ету үшін және салымшылардың мүддесін қорғау үшін қабылданады.

Жиынтық қадағалау қаржылық қадағалаудың маңызды құралы болып табылады. Тұтастай алып қарағанда, жиынтық қадағалаудың қажеттігі келесі жағдаймен байланысты болып  келеді:  банктер өте жиі жағдайда өз бизнесінің бір бөлігін немесе соның тәуекелдік бөлігін өздерінің қызметі жекелеген жағдайларда қаржылық қадағалауға жатпайтын еншілес немесе сонымен үлестес ұйымдарға көшіріп жатады. Осылайша, жиынтық қадағалау банктің өздеріне ұшырауы  мүмкін барлық тәуекелдерін, сол тәуекелдердің банктің немесе сонымен байланысты ұйымдардың бухгалтерлік есебінде көрсетілу-көрсетілмеуіне байланыссыз ескерумен банктің бүкіл қаржылық тобының тұрақтылығына баға беруді қамтамасыз етуі тиіс. Жиынтық қадағалаудың негізгі мақсатына банктің тұрақтылығына банкілік конгломераттың өзге қатысушыларының қызметін ескеру мен баға беру жатады.

Қазіргі кезде заңдарда банкілік конгломераттарға пруденциалдық реттеу шараларын қолдану ескерілген, ол шаралар банкілік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдардың  қаржылық жағдайына баға беруді, қаржылық ұйымдардың үлестес тұлғалары туралы барынша толық ақпарат алуды және қаржылық ұйымдардың елеулі тәуекелдерін жоюға арналған түзетпелеу шараларын қабылдау   мүмкіндігін,   банкілік   конгломераттың   құрамына   кіретін   ұйымдарға   арнап   әсер ету шараларын қолдануды ескереді. Қадағалау органдары жиынтық пруденциалды есептілікке ие болған жағдайда олар қаржылық топ өздеріне ұшырап отыратын қаржылық тәуекелдердің басым көпшілігін өлшеп және меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттері, бір қарызгерге қатысты тәуекелдік шек (лимит) тәрізді жиынтық қадағалаудың сандық стандарттарын қолдана алады. Жиынтық пруденциалдық есептілік қадағалау органдарына қаржылық топтың қаржылық жағдайының бірнеше аспектілеріне сандық негізде мониторинг жүргізіп отыруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көптеген елдердің банкілік қадағалау органдары солардың банктерінің капиталының несиелік тәуекелге қатысты баламалығын 1988 жылғы Базельдік капитал жөніндегі келісіммен белгіленген активтерді тәуекел мен меншікті капиталдың ең аз 8% жеткіліктілік коэффициенті бойынша өлшеу әдістемесіне сәйкес  реттеп  отырады.  Қазақстан  Республикасы Ұлттық  Банкінің  2000 жылдың  11  ақпанындағы №25 «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің жиынтық қаржылық есептілікті құрастыру ережелерін бекіту туралы» қаулысы Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің жиынтық қаржылық есептілікті құрастыру тәртібін белгілейді.

Жиынтық қадағалау шеңберінде банктермен ерекше қатынастарымен байланысты болып келетін тұлғалармен – банкілік топтың қатысушыларымен жасасқан мәмілелер талдаудан өткізіліп отырады. Аталмыш ақпаратты ұсыну банктің және сонымен байланысты болып келетін тұлғалардың өзара жасасып отырған әрекеттерін банктің аталмыш әрекеттерді жасауының нәтижесінде өзіне қабылдап отырған тәуекелдеріне баға беру үшін тексеру қажеттілігімен негізделген. Банктердің байланысқан тараптармен жүргізілген әрекеттері туралы мәліметтерді ұсынуға қатысты талап Банктер туралы заңымен белгіленген. Жоғарыда айтылып кеткендей, жиынтық қадағалаудың негізгі мақсатына банктің тұрақтылығына қаржылық топтың өзге қатысушыларының қызметін ескере отырып баға беру жатады. Кең мағынасында қадағалау келесі жағдайда жиынтық болып табылады:  қадағалау органдары банктердің өздерінің үлестестігінің нәтижесі ретінде ұшырап отырған тәуекелдеріне тұлғалармен немесе ұйымдармен бірге жалпы бақылау жүргізу арқылы баға беріп отырса және төтенше деп белгіленген тәуекелдерді басқару үшін қажет болатын шаралар қабылдап отырса. Жиынтық қадағалау аталмыш үлестес тұлғалар банктерге немесе қаржылық топтардың өзге де реттеліп отырған ұйымдарына арнап белгіленген тәртіп бойынша қадағалауға жатады дегенді білдірмейді. Бұл деген сөз, үлестес тұлғалардың банктерді ұшыратып отырған тәуекелдері бағаланып және қажет болса шектеліп отырады. Үлестес тұлғалардың банктерді ұшыратып отырған тәуекелдері жалпы бақылаудың орын алуына орай туындап отырады. Сонымен қатар, аталмыш фактор реттеліп отырған ұйымның үлестес тұлғалармен жүргізген әрекеттерінде едәуір дәрежедегі тәуекелдер мен белгілі болып қалған елеулі тәуекелдер бұрынғысынан да ұлғаюы мүмкін деген жоғары ықтималдығына әкеп соқтыруы мүмкін. Жалпы бақылау кез - келген бизнестің сынды элементтерінің бірін – клиенттердің барлығына деген абайлылық көзқарасты жояды, соның шеңберінде екі жақ тарап жүргізіліп отырған әрекеттің сапасына қатысты баға беру ісінде еркін болып келеді және өз бизнесі үшін тиімсіз болып келетін әрекеттерді орындаудан бас тарта алады.

Осыған орай, жиынтық қадағалаудың классикалық құрылымы келесідегідей болып келеді:

  • үлестес тұлғаларды анықтау;
  • қадағалау органының үлестес тұлғалар туралы сенімді ақпаратты алуға құзырлығының болуы (ұйымның атауы, жеке тұлғаның аты-жөні, қызмет түрі, қаржылық есептілік, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау мен корпоративтік басқару рәсімдері);
  • қадағалау органының тәуекелдерді азайтуға арнап шара қабылдауға немесе өзгелерді сондай шара қабылдауға мәжбүр етуге құзырлығының болуы (нақты әрекеттер бойынша түзетпелеу шараларын қабылдау, пруденциалдық нормативтерді белгілеу және үлестес тұлғалармен жүргізілетін әрекеттерге арнап өзге де талаптарды орнату және т.б. арқылы)

Тұтастай алып қарағанда, консолидарлы қадағалаудың мұндай тәртібі консолидарлы қадағалауға қатысты стандарттық көзқарасқа сәйкес келетін болады, алайда ол банкті қадағалауға арнап қолдану үшін көбірек ыңғайлы болып келеді, ол банктің өзінің қызметіне, оның ішкі саясаттарының сапасы мен тәуекелдерді басқару рәсімдеріне баға беруіне ықпалын тигізуі мүмкін, алайда, ол банк тобының қатысушыларының қызметін ескерумен банктердің тәуекелдерін бақылауды қамтамасыз етпейді. Басқаша сөзбен айтқанда, жоғарыда айтылып кеткендей, банктердің жүргізіп отырған әрекеттері, соның ішінде үлестес тұлғалармен бірге жүргізіп отырған әрекеттері банктің балансында ескеріліп отырады, соған сәйкес, сонымен байланысты тәуекелдер меншікті капиталға және банктің қаржылық қызметінің нәтижелеріне тікелей әсерін тигізеді. Өз кезегінде, өздеріне қаржылық топ ұшырап отыратын тәуекелдер банктің консолидарлы балансында көрсетіліп отырады және соған  сәйкес, оларға баға беру үшін қаржылық топтың консолидарлы қаржылық  және консолидарлы пруденциалдық есептілігін ұсыну қажет.

Шетелдегі  консолидарлы   қадағалау  тәжірибесін  талдау  көрсетіп  отырғандай, қадағалау егер қадағалау органы банктер өздерінің өзге ұйымдармен байланысуының (жалпы бақылауға орай) салдарынан ұшырап отыратын тәуекелдерін бағалай алатын болса және банктің қаржылық жағдайы үшін шектен тыс деп танылған тәуекелдерді азайтуға бағытталған тиісті әрекеттерді қабылдай алатын болса ғана консолидарлы болып табылады. Консолидарлы бақылауды жүзеге асыру үшін банктің үлестес тұлғасының анықтамасы, сондай-ақ үлестес тұлғалар туралы ақпарат алып отыру және банктің немесе реттеліп отырған ұйымның қаржылық жағдайына қауіп төндіретін кемшіліктерді жоюға арнап шаралар қабылдау мүмкіндігі болуы қажет.

Тиімді консолидарлы қадағалау тек жоғарыда аталған әдістермен  ғана  шектелмейді. Консолидарлы қадағалау рәсімдері, сонымен қатар, қадағалау органының банктерге соның еншілес және тәуелді ұйымдарының әрекетіндегі, сондай-ақ банктің үлестес тұлғалармен жүргізіп отырған әрекеттерінде туындап отыратын тәуекелдерді басқару жөніндегі талаптарын ескеруі тиіс. Консолидарлы қадағалаудың негізгі мақсатына қаржылық топтарға арнап қаржылық топтың тәуекелдерін талдауды, яғни, банктің қаржылық жағдайына қаржылық топқа қатысушылардың және солардың үлестес тұлғаларының қаржылық жағдайын есепке ала отырып баға беруді ескеретін пруденциалдық консолидарлы қадағалау шараларын қабылдаудың негізінде Қазақстанның қаржылық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жатады.

Консолидарлы қадағалау қаржылық қадағалаудың маңызды аспабы болып табылады. Тұтастай алып қарағанда, консолидарлы қадағалаудың қажеттігі банктердің тым жиі жағдайларда өз бизнесінің бір бөлігін немесе тәуекелдік бөлігін өздерінің қызметі жеке жағдайларда қаржылық қадағалауға жатпайтын еншілес немесе солармен үлестес ұйымдарға көшіретіндігімен байланысты болып келеді. Осылайша, консолидарлы қадағалау банк өздеріне ұшырап отыруы мүмкін тәуекелдерді, олардың банктің және сонымен байланысты ұйымдардың бухгалтерлік есептілігінде көрсетілу-көрсетілмеуіне байланыссыз ескере отырып, банктің бүкіл қаржылық тобының тұрақтылығына баға беруді қамтамасыз етуі тиіс. Қаржылық топтардың қызметін халықаралық талдау көрсетіп отырғандай, банктердің басым бөлігі еншілес ұйымның банкроттыққа шалдығуына мүдделі емес, себебі, бұл басқа құрылымның беделіне жағымсыз әсерін тигізіп және банктің депозит салушылары мен кредиторларының сенімін азайтуы мүмкін. Сондай-ақ, банк, өз кезегінде корпоративтік топтың ішіндегі еншілес ұйым болып табылуы мүмкін және банктің аталық ұйымында немесе аталмыш корпоративтік топтың ішіндегі қатар ұйымдарда туындап жататын тәуекелдерге шалдығып отыруы мүмкін. Базельдік банкілік қадағалау жөніндегі комитетінің ұсыныстарына сәйкес, консолидарлы қадағалау алғашында халықаралық банктерге арнап, яғни, шетелдегі еншілес ұйымдары арқылы шетелдік әрекеттерді жүзеге асыратын банктерге арнап қолданылатын. "Тиімді банкілік қадағалаудың негізгі қағидалары" құжатында (1997 жылдың қыркүйек айы) Комитет қаржылық топтарды консолидарлы қадағалау банкілік қадағалаудың басты элементі болып табылады деп анықтаған болатын. Еуропалық Экономикалық Кеңістік (ЕЭК) елдерінің заң шығару  тәжірибесінде консолидарлы қадағалау ЕЭК елдерінің аумағына біріктірілген (инкорпорацияланған) банктердің барлығы үшін міндетті шарт болып табылады. Жоғарыда айтылып кеткендей, консолидарлы қадағалаудың басты мақсатына банктің тұрақтылығына қаржылық топтың өзге қатысушыларының қызметін ескере отырып баға беру жатады.

Қазіргі кезде банкілік заңдар консолидарлы қадағалау шеңберінде төмендегілерді ескереді:

  • ірі қатысушы немесе банкілік холдинг ретінде, банктің, банкілік топтың үлестес тұлғасы ретінде танылған тұлғаларды анықтау;
  • ірі қатысушының және банкілік холдингтің қаржылық есептілік пен өзге де мәліметтерді міндетті түрде ұсынуы;
  • банктің байланысқан тараптармен жасасқан мәмілелері туралы ақпаратты міндетті түрде ұсынуы; банкілік топтарға арналған пруденциалдық нормативтер;
  • ірі қатысушылар мен банкілік холдингтерді инспекциялау;
  • банкілік холдинг болып табылатын тұлғаға оның жиынтық қадағалау мәселелерін реттеп отыратын заңдардың талабын бұзғаны үшін соған әсер ету шаралары мен санкциялар.

Тұтастай алып қарағанда, заңдарда ескерілген консолидарлы қадағалау тәртібі консолидарлы қадағалауға деген стандарттық көзқарасқа сәйкес келеді, алайда, ол банкті қадағалауға арнап көбірек қолданылады, ол түптеп келгенде банктің өзінің қызметіне, оның ішкі саясаттары мен тәуекелдерді басқару рәсімдеріне баға беруіне ықпалы етуі мүмкін, алайда ол банктің тәуекелдерін соның тобына қатысушылардың қызметін ескерумен бақылауды қамтамасыз етпейді. Былайша айтқанда, жоғарыда айтылып кеткендей, банктердің жүргізіп отырған әрекеттері, соның ішінде үлестес тұлғаларымен жүргізіп отырған әрекеттері, банктің балансында ескеріліп отырады, соған  орай  солармен байланысты болып келетін тәуекелдер де банктің меншікті капиталы мен соның  қаржылық қызметінің нәтижелеріне тікелей әсерін тигізеді.

Өз кезегінде, қаржылық топтың шалдығып отыратын тәуекелдері банктің консолидарлы балансында көрсетіліп отырады және соған орай оларға баға беру үшін қаржылық топтың консолидарлы қаржылық және консолидарлы пруденциалдық есептілігін ұсынып отыру қажет. Қазіргі кезде консолидарлы қадағалау ережелерінде топтың консолидарлы тәуекелдеріне баға беру рәсімдері дәл суреттелмеген, бұл ретте консолидарлы қаржылық есептілік жыл сайынғы негізде ұсынылып отырады. Шет елдегі консолидарлы қадағалау тәжірибесінде топтардағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қатысты талаптардың болуы ескерілген. Бұл талаптардың негізгі мақсатына бүкіл топтың тәуекелдерін, яғни консолидарлы негізде бақылау жатады. Осы талаптың шеңберінде топтар бүкіл топтың тәуекелдері бойынша ақпарат жинақтап және тәуекелдерді бақылап отыруға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелердің болуына арнап, сонымен қатар, қадағалау органының талаптарын орындау мақсатында ынталандырылады. Сондай-ақ консолидарлы қадағалаудың халықаралық тәжірибесіндегі маңызды нәрсеге банктің қызметіне, атап атйқанда, оның қаржылық жағдайына соның еншілес және қауымдасқан ұйымдарын ескеру мен баға беру жатады.

Консолидарлы қадағалаудың халықаралық тәжірибесіндегі банкілік топтардың топтың қызметі туралы бүкіл елеулі ақпаратты жариялауы ескерілген. Аталмыш ақпараттың пішімі негізінен қаржылық ұйымдар мен соның тобының әрекеттері мен қаржылық жағдайының айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында құнды қағаздар нарығын реттеу органдарымен белгіленіп отырады.

 

Әдебиеттер

  1.  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы Заңы 03.95.
  2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы», 08.95
  3. Банковское право Республики Казахстан/ Л.Давыдова, Д. Райманов- Алматы: Жеті жарғы,
  4. «Банк ісі» С.Б Мақыш Алматы, ИздатМаркет 2007

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.