Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ноғайлы Едіге би мен Төле бидің билік-шешімдерінің арасындағы ортақтастық

Көшпелі далада сан ғасырлардан бері билік ісін жүргізудің және билік айтудың жібін үзбей келе жатқан тұтастай дәстүрі қалыпасқан болатын. Оның бастаулары ежелгі ғұн, түркі дәуірлеріне барып тіреледі. сол замандарда қалыптасқан билік айтудың даулы істі шешудің негізгі қағидалары мен сара жолдары сан ғасырлардан өтсе де, өзінің бірегей болмысын жоғалтпай сүттей ұйыған тұтастығын бұзбады. Оның бастаулары ежелгі үйсін дәуіріндегі аты аңызға айналған Майқы, Елжау билерге барып тіреледі.

Дәстүрлі би болудың және билік айтудың жолы да осы кезеңдерден өрби отыра, ноғайлы дәуіріне жеткен болатын. Кейіннен ноғайлы дәуірінің бұл саладағы негізгі жол-жоралғылары қазақ хандығына ұласып отырды. Қазақ билерінің билік шешімдерінің негіздеріне үңіле қарайтын болсақ, оның бастаулары одан әріге барып тірелетіндігін көреміз. Сондай бір билік айтудың жолы ноғайлы Едіге би мен кейінгі Төле бидің арасында қалыптасты. Екі бидің билік шешімдерін салыстыра қарайтын болсақ, көп ұқсастықты аңғарамыз. Бұл біздің ойызмызша, көшпелі даладағы прецеденттік билік жүйесінің қалыптасуының және қолданылуының бір көрінісі болып табылады. Кезінде ноғайлы Едіге би айтқан “түйе дауына” байланысты және бала дауына байланысты билік шешімдерді кейіннен сол негізде Төле биде қолданған болатын. Ауыздан-ауызға жеткен фольклорлық мәліметтерге көңіл бөлетін болсақ, Едіге би айтқан “бота дауына” байланысты шешімнің мәні қысқаша мынандай: “Тағы бір күні атан түйені жетелеген, екі адам Едігені көріп: “Әй, қойшы осы түйеге даулымыз, төрелігін бересің бе”? - деп сұрайды. “Беремін”, - дейді қойшы бала жасқанбай. “Осы түйе менікі. Бота кезінде жоғалған. Атан болғанында танып тұрмын. Ұрланған ұрым - мынау”, - дейді біреуі. “Өз інгенімнің ботасы: өз бурамның тұқымы. Бұл маған қылып отырған жаласы”, - дейді екінішісі. Едіге екеуіне түйенің енесін тауып әкеліңдер дейді. Екі інген келтірілген соң, Едіге атанның тақымына қыл бұрау салып бұрайды. “Жоғалтып едім”, - деген жоқшының інгені боздап атанның үстіне түсе қалады. Сонда бала: “Мұның ұрлатқаны шын екен. Түйесін қайтарыңыз”, - дейді. Екіншісі – бұл төрелікке көнбеймін деп, Тоқтамыс ханға барады. Түйесін таныған бірінші ханға: - Осындай бір төрелік айтылып еді, - дейді. “Ол қандай төрелік еді?” – дейді. Олар жолда бір қойшы балаға жолыққанын айтады. Хан: “ендеше сол төрелікке тоқтап, түйесін қайтарып беріңіз”, - депті [1, 36 б]. Кейіннен бұл шешімді қазақтың белгілі биі Төле би де негізін сақтай отыра, өзінің тәжірибесінде қолданады. Осыған байланысты оқиға желісін баяндайтын болсақ, ол былай: “Төле бала ауыл сыртында қозы бағып жүргенде, жанынан өтіп бара жатқан қос аттының бірі: “Әлібек қартайыпты, әділдігінен айныпты”, - деп ренжіп бара жатқанын естіп қалады. Төле олардың алдарынан шығып, сәлем беріп:

  • Оу ағалар, әкем Әлібектің билігіне ризамысыздар, наразысымысыздар? – дейді.
  • Наразымыз балам. Әкең әділ билік айтпады.
  • Ендеше қайтыңыздар.

Екі жақ Әлібектің алдына қайта келгенде бала Төле:

  • Ата, билікке екі жақ бірдей риза болу керек. Әйтпесе, ол әділ биліккке жатпайды. Жеңілген де, жеңген де шындықты мойындауы керек, - дейді.
  • Олай болса, балам осы даудың билігін өзің айтып берші?

Төле әуелі таластың мінін сұрайды. Сонда дауды бастаған жігіт ботасында жоғалтқан түйесін жолда кезіккен керуеннен танығанын айтады.

  • Бұл өтірік айтып тұр, - дейд керуен басы саудагер.
  • Ал, енді жігітім, “тапқан таныған алады” деген, сен таныдым дейсің, қалай таныдың?
  • Менің танығаным, - дейді ол. – Түйем туар уақытысында жақындаған кезде бошалап кетті. Бір жетіге дейін таптырмаған түйем тау баурайында боздап, ары-бері кезіп жүрген екен. Ботасын қасқыр жесе де, шала туса да кетпес еді. Сонысына қарап, ботасын біреу алып кеткенін түсіндім. Содан бері жүргінші көрінген түйеге көз салып жүруші ем, көрген бойда таныдым.

Төле ойланып отырып:

  • Сол танып тұрған аруананың енесі бар ма? – дейді.
  • Бар.

Төле қарсы жаққа қарайды.

  • Иә, саудагерім, сөйле.
  • Бұл өз түйемнің ботасы. Жалақорға тура сөзіңізді айтыңыз. Іштегі ботаны танимын дегенге адам сене ме?
  • Енесі бар ма түйенің?
  • Туған енесі бар.
  • Онда екеуің де енелерін алып келіңдер?

Дауласқан екеу бесті атандарының енесін алдырады. Төле:

  • Атанды тізгіндеңдер де, тақымына қыл бұрауды салыңдар, - дейді. Жұрт айтқанын лезде орындайды. Бесті атанның тақымына қыл шыбырды салып, шыңғырта бұрағанда, таныған жігіттің түйесі көзінен жас парлап, мұрындығын жұла-жұла бақырып жатқан атанның үстіне түсе қалады. Ал саудагердің түйесі орнынан қозғалмай, жайымен күйсеп тұра береді:
  • Ау, халайық, көріп тұрсыздар. Мына жануар шын анасы екен, не дейсіздер?
  • Рас, аруана ботасын танып тұр. Төлежанның бұл әділдігіне ризамыз, - деседі жұрт. Төле саудагерге қарап:
  • Ә, саудагерім, мынау хайуан да болса әділетін халықтың алдында көрсетті. Атанның кімдікі екеніне халықтың көзі жетті. Сен енді құтыла алмайтын болдың. Күнәні мойынға алған жеңіл. Мына халықтың алдына шығып шындығыңды айт.
  • Оу, халайық, осыдан бес жыл бұрын жайлаудан қалаға қайтып келе жатып, жапан түзде, бір төбенің баурайында боталаған түйенің үстінен түстім. Ботасы аяқтана алмай, жығылып, тұрып жатыр екен. Түйені алсам, сіңіре алмаймын. Жолда ел көріп: “Пәленше саудагер алып бара жатыр”, - дейді. Мына ботаны алып кетсем ешкім білмейді. Алашаға ораймын да, қомның арасына таңа саламын. Бір жылдан кейін түйе боп шыға келеді. Бір түйе маған аз олжа ма деп сол ботаны алып кетіп ем. Кешсеңдер де, бас кессеңдер де өздерің біліңдер, - деп мойындапты. Міне, Төле би дауды осылай шешіп, жұртты риза етіпті” [2, 109-110 бб]. Көріп отырсақ, билік айтудың негізі бір. Сондықтан да, мұны бір билікті екі адамға телімей, дәстүрлі жолды сақтап, прецедентті кнегізде қолдану деп қабылдағанымыз жөн. Осы жерде тағы бір екі бидің арасындағы ұқсастықты аңғаруға болады. Ол “бала дауына” байланысты мәселені шешудегі ұқсастық. Бұл билікті де алғашында Едіге би айтады. Едігенің шешімі мынандай: “Едіге тағы бір күні орталарындағы бір балаға таласып келе жатқан екі қатын мен екі еркекке кездеседі. Әй, қойшы, біздер даулы болып келеміз, төрелік бересің бе?” - дейді жамырап. “Төрелігіме тек разы болсаңдар”, - дейді.
  • Осынау баланы бесікте жоғалтып едім, жүгіріп жүргенде танып отырмын, - дейді бір ерлі-зайыпты. “Он ай көтеріп омыртқамды сөгіп тапқан балама жала жабады”, - деп зар қағады қалған екеуі. Едіге төртеуіне де: “берген төрелігіме көнесіздер ме?” – деп сұрайды. Төртеуі де: “көнеміз”, - дейді. Сонда Едіге баланы екі қолынан екі қатынға ұстатады да даулы баланы семсермен екеуіңізге қақ бөліп беремін, - деп семсерді көтере бергенде, “жоғалтып едім” деген қатын білегінен ұстай алады. “Өлтірмеңіз”, - дейді жалынып, - менен туған бала болса, өскенде мені бір табар, әзірше мынау-ақ алсын. Едіге үндемеген қатынға: “Сенің ұрланғаның шын екен, өлтірсе өлтірсін деп үндемедің, мынаның баласын өзіне бер”, - дейді. Өзім таптым деген еркек пен қатын “бұл төрелікке көнбейміз”, - деп Тоқтамыс ханға барады. Төрелік тимеген қатын мен еркек ханға: “Даулы болып сізге жүгінуге келдік”, - депті. Болған жайды әбден тыңдап болған хан: “Қойшы баланың берген төрелігі- төрелік, ондай билікті мен бере алмас едім”, - дейді [3, 36-37 бб]. Ал, Төле биге баланысты оқиға желісі былай: “Әкесі бір балаға таласқан екі ананың дауын шеше алмай басы дал болып жүрген екен. Әлібек даулы баланың шын туған шешесі қайсысы екенін анықтай алмапты. Би көбінесе куәгерлердің сөзін салмақтап, анық-қанығына жете алмай-ақ қойды. Екі жақтың Әлібек алдында айтқан мәмілесі мынадай:
  • Жаудан үркіп, үдере көшіп жүргенде құндақтаулы баламды жоғалтып алдым. “Балапан басымен, тұрымтай тұсымен” дегенде іңір қараңғысында тайлы-тұяғымен дүр көтеріле жөнелген елдің қайсысының қолында бесіктен баламның кеткенін біле алмай шырылдадым да қалдым. Ел бет-бетіне тоз-тозы шығып, шілдің баласындай бытырай, безе қашты. Бесіктегі баламның жұртта қалмағанына бір Құдай куә. Зар еңіреп баламды іздеп, жұртта қалып қойғанымда қосағым қайтып келіп, ат сауырына сала алып кеткен еді. Сол түннен бастап он саусағыммен бетімді осып, қан жылаумен өмір өтіп кетті. Сұрау салмаған, арылтпаған жуық маңда ел қалған жоқ. Балам ізім-қайым жоғалды. Сонан бері ішкен асым әзім болмай, бойыма сіңбей, бүгінгі қара- ағаштай қатқан жайым бар. Мен бейбақ өстіп жүргенде, бір тойда баламды көрдім. Тұла  бойым елжіреп, аналық ақ сүтім омырауымнан сорғалап жүре берді. Жүрегім лоблығып, есімнен танып құладым. “Баламды таныдым, өзіме бер”, - десем мені мазақ етіп табалады. “Өзім туғанмен, ел-жұрт куә” деп безереді.

Міне, көзінің жасын сорғалатып, Әлібектің алдында етпеттей құлаған бірінші  әйелдің сөзі осындай.

  • Әруақ, Құдайға салдым. Бала менікі, - деп өксігенде жас Төленің тұла бойы шымырлап, бетін басты.

Оның да көзінен ыстық жас ыршып кетті.

Әйтсе де екінші әйел де “оңайшылықпен жан беруден” аулақ екен. – Бұл сайқалдың айтып отырғаны бастан-аяқ жангештілік, өтірік сөз. “Өтіріктің, өсектің, қулықтың, сұмдықтың құйрығы бір-ақ тұтам” дегендей о заманда, бұ заман, біреудің тас емшегін иіткен, тас жүрегін жібіткен жалғыз “шөңгесіне” жабысып, “мен туғанмын” десе, бұдан артық күпірлік бола ма? Иә, ақ босағаны аттанғаннан бастап бір перзентке зар болғаным рас. Менің еңірегенде етегім жасқа торлғанын құдай көрген, тілегімді берген шығар. Қорасанға қой аттым, Арыстан Бапқа ат айттым. Қырық жасқа дейінгі пұшағым қанамады. Құдайдың маған берем десе баласы жоқ па, сен сайқалға жіберем десе жаласы жоқ па? Құдай берді, мен көрдім. “Қырықбай” деп ат қойдым. Атын азан шақыртып қойғыздым. Той жасап, ат шаптырдым. Енді бүгінде пешенесі қушиған салдақы “менің туған балам” деп, түп етектен жабысса, не бетімді айтқандаймын. Құдай-ау, куәге жүретін ел бар емес пе, халық бар емес пе? Алла атымен айтқан сөзімді солар растайды. Мына беті күйгірден, Би-еке, азат ете көріңіз? – деп жылағанның белгісін жасап, ол солқ-солқ етті. Осыдан кейін де екі жақтан куәлер тартылып, қызыл өңештері “жыртылғанша” дауласты. Ант–су ішушілер көбейе бастады. Екінші әйелді жақтаушылыр “туғаннан көрмесек те, той жасағанын білеміз. Айтқанының бәрі рас” дегенге сая береді. Ал бірінші әйелдің куәлері “үрке көшкенде бесіктегі баласынан айырылып, аңырап қалғаны рас”, - деседі.

Төле әкесі Әлібектің шекесін сығымдап, қай жағының сөзін сөйлерін білмеуіненің мәнін  түсінді. Бойындағы қандай қасиет екенін өзі де сезбей қалды, әйтеуір бір күш итермелегендей орнынан қарғып тұрды да:

-           Әке осы жолғы билікті маған берсеңіз екен?- деп Әлібектің алдында тағзым етіп, иіле қалды.

Әкесі де, осындай дауға қатысып отырған Дулаттың “жақсылары” да Төледен мұндай қылықты күткен жоқ еді. “Әке тұрып, бала сөйлегеннен без, үлкен тұрып - кіші сөйлегеннен без” деген мәтелді мінәсәр тұтқан ел ағалары  ұялғаннан  жер  шұқылап  алды.  Иығына  қонған  ақ  тұйғыны  осы  Төле  емес  пе?  Қадыр  дарып, бақ қонатын да осы баласы екенін іштей сезетін-ді. Көзден-тілден аулақ ұстау үшін әдейі түйе, онан соң жылқы бақтырғанда Құдайдың құдіретімен ересен қылық көрсетті. Бұл баланың орны осы секілді ел тағдыры таразыға түсетін жиын-топ, қалың көпшіліктің арасы екенін іштей шамалап, түсінетін. Дәл қазір қанша елдің атқа мінгендері жиналған, ақыл мен парасат, әділеттілік пен қиянат таразыға түсіп тұрған шаршы топта үміт еткен аяулы баласының мәселін қайтаруға дәті шыдамады. Бәлкім Құдайдың құдіретімен төрелік айтуды сұранып тұрған шығар.

Осындай ойға тірелген Әлібек би ел дәстүрін де есіне алып, ақылдасқан сыңай танытып, жай ғана:

  • Жамағат, бұл қалай болды? Баламның тілегіне не дейсіңдер? - дейді. Тоғыз жасар Төле енді кешігудің реті жоғын аңдады да:
  • Уа, Би-еке! Уа жақсылар! “Құлдан да бір сөз деген” қазақта мәтел бар. Дат! Дат! – деп үш рет саңқылдады.
  • Датың болса айт!
  • Айтсын датын! Бердік билікті! – деп дауласушыларда, бақылап отырғандар да баланың сөзін-билігін естуге құштар болды.
  • Бердім билікті, - деп салды Әлібек те.
  • Ендеше, - деді Төле көзі шырақтай лапылдап жанып, - даулы баланы алдыма алып келіңіздер!

Төленің сөзін екі еткен жоқ. Үш – төрт жастағы ойын баласын алдына әкелді. “Ал әкелдік”, - деп қара дойыр, семіздеу әйел Төлеге күмәндана қарады.

  • Баламды жоғалттым деге ана да келсін бері! – деп Төле тіксінген қара дойыр әйелдің жүзіне барлай қарады.

Уайым – қайғыдан сары мейіздей қатып қалған, шашының самайына ақ түскен  әйел де жақындай берді.

  • Екеуіңіз мына баланың екі қолынан тартып ұстаңыздар!- Төле ес жиғызбай аса тез қимылда, өзі жәрдемдесіп жүрді. Екі ана айтқанын істеді. Бала бақырып жылай бастады. Төле жеңіл шидем шекпенінің ішінен ешкімге көрсетпей тығып отырған (жаңа көңілі босағанда үйден қолтығына қыса шыққан) қанжарын жарқ еткізіп суырып алды.
  • Екі ананың да өтініш-талаптарын орындаймын. Баланы қанжармен қақ бөлемін де беремін. Екеуіңіз де риза боласыздар, - деді де ай-шайға қарамай қанжарды жоғары көтере берді. Кірпік қағымда алмас қанар төмен қарай сілтенсе, бала екі бөлініп қалатындай көрінген “баламды жоғалттым” деген әйел шар ете тсүті. Төленің қанжар ұстаған қолына жабыса берді. Баланы итеріп жіберді.
  • Айналайын, шырағым. Бір ашуыңды маған бер. Баланы шаба көрме. Өлтіртпеймін. Амандығы жақсы. Бердім-бердім баламды. Қайда жүрсе де аман болсын! – деп дір-дір еткен қолдары Төленің білегіне жабысып айырлар емес. Төле қылышты төмен түсіргенде ғана әлі де жылап тұрған, жаңа ғана ажал аузынан қалған баланы құшақтап, тағы да бірдеңелерді айтып, ағыл-тегіл болды. Сүрініп, құлап та қалды. Ал “баланың атын азан шақыртып қойғанмын” деген әйел “баланы шапса шауып тастасын. Оған да жоқ, маған да жоқ”, - дегендей манаураған күйі теріс айнала берді.
  • Уай, халайық, енді түсінген шығарсыздар?-деді Төле ересек кісі секілді даусын қомдандыра.

Жиналған жұрт ебіл-дебілі шыққан, бірде “өліп”, бірде “тіріліп” пәруана болып жылап отырған “баламды жоғалттым” деген әйелге бір, теріс айналған “енді, шаруам бітті, жеңілдім” дегендей шашбаулы, тоқпақтай қос бұрымын жонына сілкіп тастап, ернін шығарғандай паңдана басып бара жатқан “баланы өзім тудым” деген әйелге бір қарап, бастарын шайқасты. Ел түгел есеңгіреп қалғандай еді.

  • Бейшараның баласын жоғалтқаны рас екен.
  • Тірі жетімек шын анасын енді таныды. Қарашы мойнына жабысуын. Аймалап өліп барады.
  • Ойпырай Әлібектің мына баласы төрелікті қанжардың жүзімен айтты-ау Мың күн ойласақ та мұндай төрелікті ойлап таппас ек-ау.
  • Өкімінен де, билігінен да айналдым.
  • Тапқыр болсаң, әділ болсаң осы баладай бол!
  • Халқымыздың бақытына аман болғай де.
  • Жүрім берсін.

Өмір берсін! – деп әр жерден айтылған сөздердің соңы үлкен батаға айналды” [4, 230-232 бб]. Қарап отырсақ, жалпы билік шешімді жүзеге асырудағы қағидалық негіздерді қолданудың ортақтастығын байқаймыз. Сондықтан да, бұл шешім ноғайлы мен қазақтың ортасында кең тараған прецеденттік үлгілі биліктің көрініс болып табылады. Кейіннен Төле би мал дауын шешкенде, осындай қағидалық талаптарды сақтап отырған болатын. Бұл мысалдардан біздің ойымызша, ноғайлы мен қазақ билерінің ортасындағы билік айту ісіндегі жақындықты ғана көріп қана қоймаймыз. Сорнымен қатар, екі түркі халқының ортасындағы құқықтық жүйе элементтерінің ортақтастығының болғанын да аңғарамыз. Бұл біздің ойымызша, көшпелі Еуразия ареалында, көшпелі болмысқа негізделген құқықтық кеңістіктің орын алғандығын аңғартады.

Жоғарыда айтқан жағдайлардың барлығы ноғайлы мен дәстүрлі қазақ құқығының негізгі бастауларының ортақтастығын, бұл құқықтық жүйелердің негізгі бастаулары, Алтын орда дәуірінде орныққан құқықтық жол- жоралғыларға сүйенетіндігін одан әрі жалпы ғұн, үйсін дәуірінде орын алған көшпелі қоғамдағы далалық заңдарға барып тірелетіндігін көрсетеді.

 

Әдебиеттер

1.Едіге би // Төреқұл Н. Даланың дара ділмарлары. – Алматы: Қазақстан, 2006. - 34-43 бб.

2.Төле би // Төреқұл Н. Даланың дара ділмарлары. – Алматы: Қазақстан, 2006. -106-131 бб.

3.Едіге би // Төреқұл Н. Даланың дара ділмарлары. – Алматы: Қазақстан, 2006. - 34-43 бб.

4.Тоғыз жасар Төленің бала дауына билігі // Қазақтың ата заңдары: Құжаттар, деректер және зерттеулер. 10 томдық, 2 басылым. - Алматы: Жеті Жарғы, 2004. – 1. Т. - 229-233 бб.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.