Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ислам міндеттеме құқығының негізгі нормалары

Ислам және оның шариат заңдарын зерделеу ғылымға көп жаңалық әкелері хақ. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында ислам мен ғылым арасында ерекше жүйелік және  үзуге  болмайтын байланысты күшейте түскен жөн. Ислам және оның Шариат заңының ғылыми тұстары әлі де ашыла түсетініне күмәніміз жоқ.

Шариаттың басты принципі – заңдылық. өйткені, әділеттік, шындық, туралық, ислам дінідегі жалпы рухани байлық жүйесінің негізі әрі адамзат баласының құндылықтарының басты байлығы.

Шариаттың және бір қайнар көздері болып әдет – ғұрып заң нормалары болып саналады. Әдеп-ғұрыпты тек имам Ағзам жолын ұстанушылар (соның ішінде қазақ халқы да бар) пайдаланады. Болса да әдет-ғұрып заң қағидалары кез келген халықтың тарихының өн- бойында қалыптасып, қоғамдық қатынастарды реттеп отырған. Рас, қазақ даласына хақ дін ислам және оның шариат заңдары қылыштың күшімен таралмағанын, келген исламдық имам Ағзам жолымен өзге ағымдардың әсер ете алмағанын баса айтқанымыз жөн.

Қазақ халқы әдет-ғұрып заң нормаларын әдемі сақтап, тіпті осы күнге жеткізіп отыр. Оның үстіне қазақи әдет-ғұрыптық заң нормаларының негізі әділдік, теңдік, заңдылық болғандықтан халықтық сипатқа ие болды әрі ислам діні оны жетілдіріп жіберді. Құқықтық сана-сезім дамыған, кемеліне жеткен ортада құқықтық реттеушілік оңайға түседі. Мұны терең түсінген ата-бабаларымыз адамаралық қарым-қатынастарды, мәмілелер мен келісім-шарттарды қасиетті міндет деп түсінген. Оларды адал міндеттеме, арам міндеттеме деп бөлген. Осындай биік дәрежеге жетудің қазақ қоғамында өзіндік баспалдақтары мен ерекшеліктері болып, олар нағыз адами қағида-ережелер жасауға алғы шарттар жасады.

Ең әуелгі ерекшелікті атасақ, ол көшпелі этностардың құқықтық сана-сезімі олардың дүниетанымының жемісі әрі құрамдас бөлігі. Оның мәні: адам, қоғам, қоршаған орта, олардың арасындағы қарым-қатынас, адам өмірінің мәні мен мақсаты, оның қоғамдағы орны алғы шарттар жасауға түрткі болды.

Кең дала, қоршаған табиғат көшпелілерді ерте оятты. Адамды қадірлеу, тану, қоршаған ортаны сезіну, қабылдау,  тіршілікті  бағалау  секілді  ой-әуендер  көшпелілерді  қатты  толғандырды.  Бұл  толғаныс  толқыны ежелгі дәуірлерден, ғұн, сақ замандарынан бастау алады. Ой-толғанысы әрқашан жемісті болды. Өйткені, бұл ой-толғамдар көпшілік мүддесіне, қажетіне арналған, адамның күнделікті өмір-тіршілігіне, тұрмыс қажетсінуін өтеу үшін қызмет етуге арналған. Сондықтан да мұндай ой-әуендер халықтық сипатты иеленді. «Халықтың ойлау мәдениеті қоғамдық өмірдің барлық салаларымен астасып, біте қайнасып жатты және солардан көрініс тапты, сонымен қатар қоғам мүшелеріне түсінікті нысандар да өмір сүріп қолданылды» [1].

Ислам діні дүниеге белгісіз көне дәуірдің өзінде-ақ әлем халықтары арасынан қазіргі Аллаға жақын ой-пікір ұстанғандар көшпелілер еді. Олар әлемді жаратушы бар, ол – көктегі Тәңірі деп ұқты.  Христиандар  іспетті оның баласы бар демеді, болмаса, арабтар секілді қолдан «құдай» жасамады, отқа, суретке табынбады.

Көшпелілердің иланым-сенімдері негізінен Тәңірі болғанымен, қасиеттейтін нәрселері де болған. Мысалы, Жерді, отты қастерлеген. От – өмір сүрудің негізі. Жылулық та, жарық та береді. Ал қара жер асырайды, бағады, жаралғанымыз да, барар мекеніміз де қара жер деп ұққан. Алайда Жерді де, отты да қасиеттегенімен, оларға табынбаған. Рас, От ана, Май ана деп жаңа босағадан аттаған келінге от жағып, май құю дәстүрі бар. Бірақ, отты жаратушы есебінде емес, пәктеуші, тазалаушы есебінде қараған.

Ел билеуші хандарын Тәңірі өз әмірімен хан етіп, билетіп отыр. Оған Тәңірінің нұры түскен деп санаған. Жалпы халқымыздың рухани-мәдени мұрасын құрайтын қасиеттер кішіпейілділік, елін, жерін сүю, тапқырлық, шешендік, төзімділік секілді сипаттарды ежелден-ақ қалыптастырған.

Көшпелілердің құқықтық өмірі осы дүниетанымдар аясында туындап,  қалыптасты. Бәрін билеуші  Тәңірі деп ұғынылды. Бұл бір ерекшелігі. Екінші бір ерекшелігі – аруақтарға илану. Көшпелілер адамды, оның қабілетін танып-білуден, құрметтеуден туындаған аруақ ұғымын қалыптастырған. Өте данышпан, ақылды, әділ қарияларды тәбәріктеп, «тірі аруақ» атаған. Ал, кез келген адамның өмірден озған, бақилық болған бабаларын арауақ деп атаған. Аруақ – араб сөзі, рух сөзінің көпшесі.

Көшпелілердің тағы бір ерекшелігі олардың құқықтанымында еркіндік, бостандық, әділдік, теңдік, имандылық ұғымдары басты орын алды. Азаттықтан, еркіндіктен айырылуды қор өмір, құлдық өмір ретінде бағалап, онан гөрі “өлгендерін” артық санады. Сондықтан да бостандық пен еркіндікті шектегенді айтпағанның өзінде оған бақылау орнатқанды жақтырмаған. Сол себепті де қылмыскер қаншалықты айыпты болғанымен жазасын лайықты беріп, бірақ түрмеде бас бостандығынан айырмаған. Сол үшін де қазақ қоғамында түрме, зындан дегендер мүлдем болмаған.

Көшпелілердің тағы бір ерекшелігі – отырықшылық өмірді ұнатпауы. Бір жерде отырып тұрмыс кешу қазыққа байланған ит өмір деп, саһарада емін-еркін көшіп-қонуды нағыз еркін өмір санады. Қағида- ережелерінің де бастауларын осы ой-әуендерден алды. Оны ауызекі сөйлеу шеберлігімен жүзеге асырып отырды. Қазақ құқық жүйесінің ислам діні және шариат заң жүйесінен бір ерекшелігі «дауды қарастырудағы қарапайымдылық, сот әділдігі мен дәлелдеу бостандығының қамтамасыз етілуі, тараптардың және процеске қатысушылардың әрқайсысының өкілдерінің іске қатысу мүмкіндігінің шектелмеуі, тараптарды татуластыруға тырысу және соттық шешімдердің, тіпті кінәлі тарапқа қатаң жаза тағайындалған кезде де қоғамның алдындағы әділеттігі мен логика заңдарына сай болуын қамтамасыз ету» билер сотының нысаны мен мазмұны болды. Ал, қазылық сот мұндай еркіндіктер мен бостандықтарды бермеді. Бұл жайлы Г.М. Керимов былай деп жазады:

«Дело разбиралось устно, публично, без всяких формальностей и окончательный исход его полностью зависил от кази» [2]. Сот процесіне қазы айыпкер мен жәбірленушінің қатысуын міндеттеп, әрі сот процесін үздіксіз жүргізе отырып жеке өзі шешкен, әрі бұл шешім ең соңғы шешім ретінде саналған. Одан әрі шағым айтуға тыйым салынды.

Қазақстанның құқық тарихында әдет-ғұрып заң нормаларының алатын орны ерекше. Қазақтың заңгер- ғалымдары С. Зиманов және Н. Өсеров былай дейді: «Үш жүзден тұратын қазақтарды тарих бетіне шығарды. Сонымен бірге өзіне тән ерекшеліктері бар қазақ әдет-ғұрып заңдары да қатар өмірге келді. Бұл заңдар мен қағидалардың, құқықтардың қоғамға араласпайтын, олар қамтымайтын салалары жоқтың қасы. Жеке индивидтерден бастап, бүкіл қоғамдағы қандай іс-әрекетті, қарым-қатынасты алмайық, мысалы, көші-қон, дау- дамай, ұрлық-қарлық, алым-салық, аза-қаза, өлім-жітім, алыс-беріс, жиын-той, т.б. бәрі де қазақи дәуірде қалыптасқан қағидалармен реттеліп отырған. Міне, осы қазақи дәуір ережелері көбіне басқалармен онша қарым-қатынас жасамауы себепті томаға-тұйық, өзгеріске онша түспеген қалпында күні кешеге дейін жетті» [3]. Исламда да: «Уәдеге опа етіп, міндеттеме-келісімдерді адал орындау» қажеттілігі міндеттелген.

Көшпелі қазақ қоғамындағы әдет-ғұрып заңдарында ұшырасатын міндеттеме түрлері: сауын, асар, жылу, жұртшылық, соғымбасы, қонақжайлық, жалдау және жалдану, қалыңмал және жасау, енші беру, мұра және мұрагерлік, өсиет айту, сақтауға беру, кепіл және кепілдік, сый алу және беру, қарыз беру және алу, аманат мал, бала асырап алу, т.б. былайша салт-дәстүр болып көрінгенмен міндеттеме институттары.

Қазақ қоғамының құқық жүйесіндегі келісім-шарт түрлері міндеттеме құқықтарынан туындаған. Әсіресе, қазақтардың құқық жүйесіне, оның ішінде міндеттеме институттарына мұсылмандық құқық жүйесінің шариат заңдары айтарлықтай әсер еткені, әсіресе адамгершілікке, имандылыққа, уәдеге опа етуге шыңдағанын айтар едік. Міндеттемені бұзған кезде қолданатын қағида-ережелер міне осы сипатымен күрделі әрі әділеттілікпен шешуді талап етеді. Бұл шариат заңында ерекше көзге тұтылады. Әуелі, міндеттеме бір жақты не болмаса екі жақты немесе көп жақты екенідігіне қарамай, одан туындайтын қатынастар адал орындалуы тиістілігіне ислам діні және оның шариат заңы басты назар аударады әрі оның нақты түрде орындалуын екі тарапқа міндеттейді. Екіншіден, міндеттемеде екі (бір не көп) жақтың іс-әрекеті нақты көрсетіледі. Ол мәжүрлеу, күштеумен не болмаса тәуелділіктен туындамауы тиіс. Үшіншіден, міндеттемедегі шарттар екі (немесе бір не көп) жаққа да тиімсіз, қатаң түрде болмауы қажет. Төртіншіден, міндеттемені орындаудың мерзімі, орыны, тәсілі айқын көрсетілуі  тиіс.  Бұл  айтылған  талаптарды  Алла  алдында  әділ  шешуді  қамтамасыз  ететін  шариат заңдарын қалыптастыру исламмен бірге пайда бола қалғаны жоқ. Бұл мәселені шешу жолында ислам дінінің небір ғұлама саңлақтары ұзақ мезгіл заң шығарушылық ісімен айналысты. Нәтижеде, тек ислам діні пайда болғаннан соң, екі ғасыр өткенде ғана шариат заңы жүйеленіп, жүзеге келді.

Шариғат – барлық мұсылмандар үшін орындалуы тиісті, исламда көрестілген адамгершілік заң құрылымдары. Басқа құрамына білім және діни талаптар енеді. Ислам заңын тануда шариғаттың негізгі мазмұны Құран, Сунна, Иджа және Қияс деп танылады. Шариғатты жетілдіру үдерісінде кез-келген жағдайға байланысты негізгі категориялар жасалған. Ондай категориялардың қатары бесеу: оның екеуі мұсылмандардың міндеттеріне байланысты: парыз – қатаң міндетті бұйрықтар, мандуб – мақұлданатын, бірақ міндетті емес бұйрық. Екеуі шектеу салатын категориялар: харам – тыйым салынатын әрекеттер және макрух - тыйым салынбаған, бірақ мақұлданбайтын әрекет. Соңғы категорияға мухаб, бұл әрекетке ислам бейтарап қарайды.

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Э.Т. Телеуова шариғат туралы төмендегідей ой тұжырымдайды: “Шариғатта қоғамдық қатынастардың барлық жақтары қарастырылады. Далалық заңдардан шариғаттың басты айырмашылығы әр мұсылманның өз іс-әрекеті үшін жауаптылығы. Шариғатта жеке адамгершілік құқығы жоқ, бірақ діңге сенушілердің моралі бар. Мұндағы азаматтық, қылмыстық , отбасылық, шаруашылық құқықтары жинақталып, онын басты нормасы ретінде мұсылманның адал өмір сүру заңын құрады. Шариғат заңдары қоғамдық қатынастарды күшейтіп нығайтуға жол ашты. Шариғатта әдет-ғұрып ретінде еніп, кейін заң негізіне дейін көтерілген ережелер бар. Оның біразы отбасылық құқық бойынша неке қию, талақ ету,  қалыңдыққа қалың мал беру сияқты қазақ дәстүрлерімен сәйкес, бір өзгешелігі - күйеу жағы жер, бақша, махр берді”, - дейді [4].

Қорыта келгенде, қазақ құқығы шариғатты өзіне тиімділігі жағынан, шектен шығармай үйлесімді жағдайда қолданып отырған. Ислам міндеттеме құқығы әлемдегі ең өркениет талаптарына жақын құқықтық жүйе екені мойындалып, әлем жұртшылығы шариат заң нормаларына, қызығушылық танытып, оның механизмдерін қолданысқа алып жатқанда, Қазақстан Республикасының заңнамасы да белсенділік танытып, ата-бабаларымыз өз тұрмыс-тіршілігінде қолданған адамгершілік пен имандылыққа толы қағида ережелерімізге ойысқаны, оны кәдеге жаратуы заңды .

 

Әдебиеттер

  1. Кенжалиев З. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі мәдениет. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 192 б.
  2. Керимов Г.И. Шариат и его социальная сущность. – М., 1978 – 223 с.
  3. Зиманов С.З., Өсеров Н. Қазақ әдет-ғұрып заңдарына шариаттың әсері. – Алматы, 1998. – 128 б.
  4. Телеуова Э.Т. Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік- құқықтық ерекшеліктері. – Алматы. Қазақ университеті, 2007.- 29 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.