Адам баласы ерте заманнан бері жеке адам мен мемлекеттің қарым-қатынасының оптималды жолдарын іздеуде. Идеалды жол, жеке адамның мүддесі бірінші орында болуы қажет және халыққа тиімді жағдай, мемлекет үшін жоғарғы заң болып есептелуі міндетті. Дегенмен, тәжірибеде әр уақытта ондай жоғарғы идеалға жету мүмкін болмағаны белгілі. Құқықтық мемлекет, қоғамдық санамен, құқыққа негізделген және құқықпен шектелетін, сол арқылы іске асырылатын билік кейпіндегі мемлекет ретінде қабылданады. Ондай түсінушілік дұрыс бола тұра, көпфакторлы қыйын, құқықтық мемлекеттің феноменін дәл түсінуге жеткіліксіз.
Философиялық тұрғыдан, бостандық – адамның өзінің мүддесіне сай, объективтік қажеттілік танымына сүйеніп, әрекет ету қабілеттілігі. Құқықтық мемлекетте, адам жөнінде, оның заңдылық бостандығын «не запрещенное законом дозволено» [1] принципінің негізінде жатқан өзіндік ынталандыру тетігін (механизімін) жасау. Адам автономды субъект ретінде, өз күшімен, қабілеттілігімен, өзінің мүлкімен, арымен өзі басқаруға ерікті. Құқық болса, бостандықтың нысаны мен өлшемі ретінде, ең алуымен экономикада, ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске кіргізу аясында, жеке адамды барынша шектеу шекарасын белгілеуге міндетті. Сондықтан да, Қазақстанда көптеген, маңызды экономикалық заңдар қабылданды. Олар негізінен, меншікке, жерге, салық жүйесіне, мемлекеттік мекемелерді жекешелендіруге арналды. Бұл меншік нысанының (формасының) көптүрлілігін көрсетеді және адамдардың инициативасын көтеріп, олардың өзіне-өзі бастық болғанын сездіретін мүмкіндік берді. Қазіргі кезеңде, адамның құқығы туралы мәселелер, халықаралық, мемлекетаралық деңгейге көтерілді. Яғни, өз артықшылығының мемлекеттік проблемалардан да жоғары болу құқығын және жалпыұлттық сипатта екендігін көрсетті. Олар ұлттық құқықтық жүйеде, құқықтық реттеуде беки түседі және бастау алады.
Құқықтық мемелкет дегеніміз, көп өлшемді даму үстіндегі құбылыс. Қоғам дамуының жетілу кезеңінде, жаңа қасиеттерді бойына сіңіреді және қоғамның дамуындағы кейбір ерекшеліктердің деңгейіне сай жаңа мазмұндармен баиды. Құқықтық мемлекет, ең алдымен мемлекеттік билікті Конститутцияға сай ұйымдастыру нысаны және құқық нормаларының әрекетімен бірге құрылады. Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізіне, көптүрлі меншік нысандарының құқықтық тәртіптеріне сүйенген өндірістік қатынастар жатады. Яғни, тең құқықты және бірдей деңгейдегі заңмен қорғалатын субъектілер мемлекеттік, ұжымдық, арендалық, жекешеленген акционерлік кооперативтер жатады. Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізін, өзін-өзі реттеуге қабілеті бар азаматтық қоғам құрайды. Азаматтық қоғам бос азаматтарды біріктіреді, оның ортасында әр түрлі мүдделері бар адам тұрады. Әлеуметтік институттардың қоғамдық жүйесі, әр азаматтың мүдделеріне сәйкес келетін, құқық нормалары арқылы шығармашылық, еңбек етуге қажетті жағдайлардың бәрін жасайды, ой плюрализмі, бостандығы қамтамасыз етіледі. «Құқықтық мемлекет – тәуелсіз мемлекет, ол өз бойына бүкіл халықтың ұлттың және елді мекендейтін аз ұлттардың тәуелсіздігін жинайды» [2] – деген пікірге толық қосыламыз. Құқықтық мемлекеттің концепциясында, мемлекеттік билікті тежеу жөнінде ертедегі ғалымдар: Платон, Аристотель де жазған. Одан басқа, кейінірек Монтескье, Дж. Локк жазған. И.Кант құқықтық мемлекеттің философиялық негізін жасаған. Сонымен бірге, құқықтық мемлекет туралы ойларды орыс заңгерлері: Н.М.Коркуновтың, П.И. Новогородцевтың, Г.Ф. Шершеневичтің еңбектерінен оқуға болады. Бұл мәселе туралы келесі қадам – қоғам мен мемлекет арасындағы қарым – қатынасты бөліп қарау – олармен өз азаматтарын қорғайтын жағдай жасау. Мысалы, Дж. Локк және И.Кант мемлекеттің жұмысын, өз азаматтарын сыртқы жаудан қорғауды қамтамасыз ету деп түсінген. [3] Дегенмен, буржуазиялық қатынастың дамуымен және бекуімен үстемдіктегі саяси және құқықтық ойлар, мемлекеттің ықпалын қоғамдық қатынастарға түбегейлі кеңейтті. Белгілі ғалым Н.М.Коркунов мемлекеттің қоғамдық өмірге араласу қажеттігін, тек сол уақытта қажет, егер азаматтардың өздері өз күштерімен жақсы жағдайға жете алмаса – деп негіздеген.
В.М.Хвостовтың мемлекет пен құқықтың қарым-қатынасы туралы пікірі де, көңіл аударуға жатады. Онда құқықтық мемлекеттің қызметіне белгілі талаптар қойылады. Оның ойынша, жоғарғы билік құқықтық нормаларды қабылдаған кезден бастап мынаған міндеттенеді «сама сообразоваться с ней и не отпускать от нее, пока эта норма не будет изменена или отменена установленным для этого порядком. Только при этом условии нормы права действительно внесут в жизнь государства устойчивость и порядок». [4] Тек жоғарғы билікпен өздерінің талаптары сақталса ғана, халықтың заңға және заңдылыққа деген сезімі оянып силайтындығын білдіреді. Міне осыдан, құқықтық мемлекеттің деспотиялық мемлекеттен айырмашылығын байқаймыз.
Басқа сөзбен, құқықтық мемлекеттің идеяларын іс жүзіне асыру үшін, жоғарғы деңгейдегі әлеуметтік – экономикалық қатынастар жүйесінің толық мөлшерде болуы міндетті. Құқықтық мемлекеттің маңызды екі принципіне көңіл аударайық:1) адам бостандығы, оның құқығын көбірек қамтамасыз ету; 2) мемлекеттік билікті құқықпен шектеу. [5]
Бірінші принцип – Қазақстан Республикасының Конститутциясының 1 баптың 2 тармағында арнайы мынандай сөзбен бекітілген. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазахстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе парламентте дауыс беру арқылы шешілетіндігін анық көрсеткен. [6]
Қазіргі кезде, құқықтық ғылымдарда, табиғи түрінде толық мойындалатыны азаматтық (жекелеген), саяси, экономикалық, әлеуметтік және жекелеген адамдардың мәдениеті, ол «Адам құқығының 1948 жылғы жалпыға бірдей Декларациясында» және басқа да халықаралық актілерде бар. Құқықтық мемлекет өзінің басты мақсатын міндетті түрде тұрақты орындап отыруы қажет - әрбір азаматтың жеке басынан жан-жақты дамуына кепілдік беруі міндетті. А.И.Лукьянов, құқықтық мемлекеттің мүмкіндігін жекешелеп, ол өзін-өзі заңмен, алдымен, конституциямен өзінің әрекет орталығын тежейтіндігін көрсетеді. Бірінің-біріне екі жақты жауапкершілікті бөліп көрсету, адамға оның құқығы толығымен кепілденуі міндетті және әртүрлі биліктің, оның өкілдерінің қысымынан қорғалуы керек, керісінше - әрбір азамат өзіне жүктелген міндетті орындауы қажет. Б.М.Лазаревтың айтуы бойынша, құқықтық мемлекеттің белгілі қасиеті бар: біріншіден, ол өзінің функциясын (алдына қойған міндетін) орындау үшін құқықты, заңдарды пайдаланады; екіншіден, мемлекет, барлық лауазымды кісілер және оның органдары құқықпен байланысты, мемлекеттік билік құқық негізінде іс жүзіне асырылады. Алдын-ала болжаған құқықтық мемлекеттің сипаттамасы оның ең маңызды жағын атап көрсетеді: барлық қоғаммен мемлекеттегі қатынастар жүйесі құқықтық негізде құрылуы міндетті. Басқа сөзбен айтсақ, қоғамдық қатынастар міндетті түрде құқықпен көрсетілуі керек. [7]
Екінші принцип, ең алдымен мынандай тәсілдер мен құралдарды пайдалану арқылы белгілі болды:
Мемлекеттік билік құқықтың өзін және азаматтың бостандығын тежейді, яғни бірінші принциптің іске асырылуын, адамның құқығы «сдержек и противовесов» жүйесінің негізінде, мемлекеттің құқықтық режим негізіне қойылған, сонымен, кейінгінің жеке өмірге қол сұғуын болдырмайды. Яғни,«Индивидуальные права представляют все одну общую черту: они ограничивают права государства, - писал в начале ХХ в. А.Эсмен – государство должно воздерживаться от вмешательства в известные области, предоставляя известный простор личной деятельности». [8] Мұнда Р.Иеринг сөзін келтіргеніміз осыған орай жөн болар, себебі, оның айтуы бойынша «кто защищает свое право, тот в узких пределах его защищает право вообще» [9] кім өз құқығын қорғаса, ол қысқа көлемде, оны құқық жалпылама қорғайды (Д.М.) Құқықты тежейтін шаралардың ішінде ерекше орынды биліктің бөліну проблемасы алады. Оның басты талабын Дж. Локк және Монтескье айтқан. Яғни олардың айтуы бойынша, буржуазияның феодализммен күрес кезіндегі мақсат, саяси бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз етіп, биліктің астамшылығын болдырмау және мемлекеттік биліктің заң шығару, атқару және сот биліктеріне бөлу қажеттігі айтылған. Олардың әрқайсысы, тәуелсіз және бірін-бірі тежейтін биліктер, өздерінің функцияларын ерекше органдардың және арнайыланған нысандар арқылы іс жүзіне асырады. Заң шығару билігінде, қатаң түрдегі заң шығару процедурасы (жұмысы) пайдаланылады, онда заң шығарудың негізгі кезеңдері мен оны іске асыру тәртібі белгіленеді: заң шығару инициативасы, заң жобасын талқылау, заңды қабылдау және жариялау. ҚР Конституциялық соты да құқықты тежеушілердің қатарына жатады, себебі, ол барлық конститутцияға қарсы нормаларды тоқтатуға құқығы бар.
Атқару билігі, өкілеттік берілген заңдардағы ведомствалық нормаларды тежеуге пайдаланылады. Бұған заңда президенттік билікпен белгіленген уақытты, үкіметке сенбеушілік вотумын, импичментті жатқызуға болады. Сонымен қатар, оған атқарушы органдардың жауапты қызметкерлерінің заңды құрылымдардың мүшелігіне сайлануына, коммерциялық әрекетпен шұғылдануға тыйым салу жатады. Сот билігінің тексеру құралдары Конституцияда, процессуалдық заңдарда, оның кепілдігі, принциптері көрсетілген: кінәсіздік презумциясы, қорғалуға құқығы, азаматтардың заңмен сот алдындағы теңдігі, процессінің ашықтығы, жарыс сөзге түсушілігі және соттың ауыстрылуы т.б. Федерализм де, өз үлесін, мемлекеттік билікті тежеуге қосады. Өз ерекшелігі бар мемлекеттік құрылым болғандықтан «федерация дополняет горизантальное разделение власти еще и разделением ее по вертикали и тем самым становится средством ограничения государственной власти, системой сдержек и противовесов» [10] Қорыта келіп, құқықтық мемлекеттің принциптеріне көп ғалымдардың мыналарды жатқызғанын дұрыс деп есептейміз:
- Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын толығымен көбірек қамтамасыз ету;
- Саяси биліктің құқығының көмегімен, мемлекеттік құрылым үшін құқықтық тежеу режимін қалыптастыру;
- Билікті заң шығару, атқару және сот биліктеріне бөлу;
- Федерализм;
- Заңның үстемдігі;
- Мемлекет пен жеке адамның өзара қарым-қатынасы;
- Қоғамдағы құқықтық саналық пен мәдениеттің жоғарғы деңгейде болуы;
- Азаматтық қоғамның болуы және өз жағынан, барлық құқық субъектілерінің заңдарды орындауына бақылау жасау.
Әдебиеттер
- Советское государство и право, 1989, №8
- 2.Ағдарбеков Т.А. Мемлекет және құқық теориясы, А.2003, 62 бет 3.С.А.Комаров, Общая теория государство и права, М.1996, стр. 130 4.С.А.Комаров, Общая теория государство и права, М.1996, стр. 130
- Теория государства и права, М.2001, стр.252
- Қазақстан Республикасының 1995 Конституциясы, 1,2 баптар
- С.А.Комаров, Общая теория государство и права, М.1996, стр. 135
- Эсмен А. Общая основания конститутционного права, СПб. 1909, стр. 398
- Иеринг Р. Борьба за право. СПб, 1907, стр. 44
- Федерализм и демократия // Государство и право. 1992, №4, стр. 143