Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жергілікті өкілді орган - тұрақты комиссиясының ұйымдастырылуы мен қызметі

Жергілікті өкілді органдардағы тұрақты комиссиялар қызметінің негіздері мен ұйымдастырылуы заңды тәртіп бойынша мәслихаттың қарауына жатқызылған мәселелерді алдын ала қарау мен әзірлеу, оның шешімдерін, Қазақстан Республикасының заң актілерін іске асыруға жәрдемдесу, өз құзыреті шегінде бақылау қызметтерін жүргізу мақсатында жүзеге асырылады.

Мәслихаттың алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруда депутаттарды қатыстыруды қамтамасыз етуші ұйымдастырушылық-құқықтық әдістемелік жүйенің ең маңыздысы, әрі мәслихаттың күнделікті қызметін жандандырушы көзі жұмысшы корпорациясының тұрақты комиссиялары болып табылады.

Олардың құрылымдық саны мәслихатта жетіден аспауы тиіс. Қажет болған жағдайда, мәслихат тұрақты комиссияларды қайтадан құруға, өзгертуге, таратып жіберуге құқығы бар. Әрине, олардың төрағалары мен мүшелерін депутаттар өздері арасынан сайлайды. Тұрақты комиссиялар жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясында оның өкілеттігі мерзіміне комиссиялардың төрағалары мен мүшелері құрамында құрылады.[1]

Тұрақты комиссиялардың тізбесін, сан құрамын тиісті мәслихат анықтайды. Қажет болған жағдайда өкілеттік мерзімі ішінде мәслихат олардың құрамына өзгеріс енгізе алады. Атап айтқанда, тұрақты комиссиянын төрағасын, орынбасары мен хатшысын сайлайды. Тиісті мәслихаттың хатшысы мен мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы мәслихаттың тұрақты комиссиясының құрамына сайлана алмайды.

Комиссиялар функционалдық және салалық белгілер бойынша құрылады. Функционалдық белгілерге: жоспар-бюджет, заңдылық және құқық тәртібі комиссиялары жатады. Жұмысы бірқатар салаларға байланысты комиссиялар да болады. Олар өзіндік ерекшелігі бар әлеуметтік мүдделерді есепке алу мен қамтамасыз ету үшін құрылады. Бұлар - жастар ісі, спорт және туризм жөніндегі, әйелдердің еңбегі мен тұрмысы, ана мен баланы қорғау мәселелері жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі комиссиялар.

Заңдарда мәслихаттардың ең маңызды мәселелер бойынша кейбір комиссиялар құру міндеті тікелей белгіленеді. Басқа комиссияларды мемлекеттік немесе жергілікті маңызы бар шаруашылық және мәдени құрылыстың салалары мен аясы бойынша тиісті мәслихаттың өз қалауы бойынша құруына құзыреттілік берілген.

Мәслихаттарда заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі, жастар ісі жөніндегі, табиғатты қорғау жөніндегі комиссиялар міндетті комиссиялар қатарына жатады. Ең көп тарағаны салалық және салааралық комиссиялар қатарына жататындар: табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі, халыққа білім беру, ғылым және мәдениет жөніндегі комиссиялар.

Тұрақты комиссиялар мәслихаттардың үздіксіз және тиімді жұмыс істеуін, депутаттардың шешімдерін әзірлеуге, оны орындауды ұйымдастыру мен бақылауға тікелей және кеңінен қатысуын қамтамасыз етеді. Олар мынандай негізгі міндеттерді: дайындаушылық-кеңесшілік, бақылаушылық, ұйымдастырушылық міндеттерді жүзеге асырады.

Бұл міндеттер барлық буындағы мәслихаттардың тұрақты комиссияларына тән. Аталған міндеттерді орындау комиссияларға қажетті өкілеттіктер беру арқылы қамтамасыз етіледі. Комиссиялардың міндеттерін жүзеге асырудың мынандай ерекшеліктері бар: олар дербес мемлекеттік органдар ретінде әрекет жасамаса да, бұл жағдайда комиссиялар алдында белгілі бір міндеттер, мысалы комиссияларға қажетті мәліметтерді хабарлау, олардың ұсыныстарын қарау және мәселені қараудың нәтижелерін белгілі бір мерзімде хабарлау, тиісті ұсыныстар бойынша қажетті шаралар қолдану міндеттерін атқаратын әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық органдармен, мекемелермен және ұйымдармен тікелей катынастар жасауы мүмкін.

Дайындаушылық-кеңесшілік міндеті мемлекеттік өкімет және басқару органдарының ұсыныстар әзірлеуімен, мәслихаттардың қарауына мәселелер дайындаумен байланысты. Ол комиссиялардың мәслихат пен оның органдарының мәселелері мен актілерінің жобаларын дербес әзірлеу және оларды әзірлеуге қатысуы, олардың қаралып отырған мәселелер мен жобалар бойынша ұсыныстар енгізуі, олар жөнінде қорытындылар беру жолымен, сондай-ақ комиссиялардың мәслихаттар сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар жасау жолымен іске асырылады.

Комиссиялардың аталған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында пайдаланатын аса маңызды құқықтары: ұсыныстар енгізу (мысалы, сессиялардың күн тәртібі жөніндегі, актілердің жобалары жөпіндегі), мәселелер мен ұсыныстарды әзірлеу үшін қажетті ақпарат алу; қаралып жатқан мәселелер бойынша қорытынды беру құқығы; мәслихаттың сессияларында баяндамалар және қосымша баяндамалар жасауға өздерінің баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларын ұсыну құқылы.

Бақылаушылық міндеті мәслихаттар мен жоғары тұрған органдардың актілерін орындауға, оның орындалуын тексеруге, сондай-ақ зандылық пен құқық тәртібін сақтауға жәрдемдесу болып табылады. Тұрақты комиссиялар мәслихатқа бағынысты органдарға, кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға, сондай-ақ оның аумағында орналасқан, оған бағынбайтын, бірақ бақылауындағы ұйымдарға қатысты жалпы қадағалау жүйесін жүзеге асырады.

Мұнда бақылау обьектілерінің нысаны мыналар болып танылады, яғни: мәслихат пен жоғары түрған өкімет және басқару органдарының актілерін ұйымдастыру, зандарды, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін сақтау.

Осы міндеттерді жүзеге асыруға байланысты аса маңызды өкілеттік: сессияда сауалдар салу құқығы; комиссияның отырысында тиісті басшылардың, лауазымды адамдардың баяндамалары мен хабарламаларын тыңдау құқығы; бақылаудың нәтижелері бойынша мемлекеттік және коғамдық органдарға, кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға жол берілген олқылықтарды жою туралы ұсыныстар беру құқығы; лауазымды адамдарға жауаптылық қолдану туралы мәселе қозғау құқығы; сессияларға тексеру жүргізу туралы ұсыныстар енгізу құқықтарынан тұрады.

Ұйымдастырушылық міндет тұрақты комиссиялардың тәрбие жұмыстарын, мәслихаттар мен жоғары тұрған органдардың шешімдерін орындау жөніндегі әртүрлі нақты шараларды хабарлау, нұскау беру және үйлестіру, озық тәжірибені тарату әдістерінің көмегімен ұйымдастыру жөніндегі алуан түрлі қызметі болып отыр. Комиссиялардың ұйымдастырушылық қызметке байланысты өкілеттігі: комиссияның  жұмысына белсенді қоғамдық жұмыс істеушілерді, мамандарды тарту құқығы; ұсыныс беру құқығы; мемлекеттік және қоғамдық органдардан, кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларынан жәрдем сұрау құқығы болып табылады. Тұрақты комиссиялардың міңдеттерін іске асыруға қызмет ететін негізгі актілерін, олардың шығарған қорытындылары мен қаулылары деп танимыз. Тұрақты комиссияның қорытындылары мен қаулыларына әрқашан да комиссияның төрағасы міндетті түрде қол қояды. Қорытындыдағы шешімдерді  орындау мақсатында қаулылардағы ұсыныстарды тиісті мемлекеттік және қоғамдық органдар, кәсіпорындар мен мекемелер міндетті түрде карауға тиіс. Қараудың нәтижелері туралы немесе қолданылған шаралар туралы комиссияларға олар белгіленген мерзімде хабарлануы қажет. Комиссиялар мәслихаттар актілерінің жобалары бойынша, тиісті органдардың тапсырмалары мен өтініштері бойынша немесе өз бастамасы бойынша қорытындылар  береді.  Қорытынды  ерекше  құжат  ретінде  ресімделуі немесе жобаға виза қоюдан көрінуі мүмкін.

Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе мәслихат шешімі бойынша көпшілік тындаулар өткізе алады. Көпшілік тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, жеке азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтілген отырыстары түрінде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлінше маңызды және қоғамдық мәні бар мәселелерді талқылау мақсатында өткізіледі.

Енді Қызылорда облыстық мәслихатының Экономика және бюджеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі бойынша хабарламасына тоқталсақ.

ІV шақырылған облыстық Мәслихаттың Экономика және бюджеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы 2007 жылғы 29 тамызда өткен І сессияда сайланған. Комиссия құрамында 6 депутат бар, олар: Қ.Әжібеков, Қ.Баймаханов, Т.Шаутай, Е.Дүйсенов, И.Тілеп, Е.Ерманов және олар тұрақты комиссия отырыстарына мәселелерді әзірлеуге және оларды талқылауға өз мүмкіншіліктеріне қарай белсене атсалысуда.

Өткен бір жылдан астам уақыт ішінде тұрақты комиссияның 10 отырысы өтті, оларда сессиялардың күн тәртібіндегі осы тұрақты комиссия құзырына жатқызылған мәселелер алдын ала талқылаудан өткізіліп, тиісті қаулылар қабылданды.

Тұрақты комиссияның:

  • 2007 жылғы 14 қараша күнгі отырысында (№ 2 хаттама) комиссияның 2008 жылдың І жарты жылдығына арналған жұмыс жоспары бекітіліп, 2008 жылға арналған облыстық бюджет жобасы бойынша талқылаулар өткізу қарастырылды.
  • 2007 жылғы 15-17, 20 қараша күнгі отырысында (№ 3 хаттама) 2008 жылға арналған облыстық бюджет жобасы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қатысуымен алдын ала талқылаулар өткізілді. Тұрақты комиссия отырысының қаулысымен отырыста айтылған ұсыныстар бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізіліп, олардың орындалуы қадағаланды және облыстық бюджет жобасына ұсынылған бірқатар өзгерістер облыстық мәслихаттың ІІІ сессиясында қосымша баяндамада депутаттар назарына жеткізілді.
  • 2007 жылғы 11 желтоқсан күнгі отырысында (№ 4 хаттама):
  • «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағын белгілеу туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2005 жылғы 19 наурыздағы № 159 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  • бірқатар азаматтарға «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағын. беру туралы;
  • Қызылорда облысын басқару сызбасы туралы;
  • «2005-2007 жылдарға арналған «Кәсіби әкімдік» өңірлік бағдарламасын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 121 шешіміне өгеріс енгізу туралы;
  • «2006-2008 жылдар аралығында Қызылорда облысында «электрондық әкімдікті» құру бағдарламасын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы № 292 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
  • Қызылорда облыстық мәслихатының Регламенті туралы;
  • тұрақты комиссия төрағасының орынбасарын сайлау туралы мәселелер қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.
  • 2008 жылғы 29 қаңтардағы отырысында (№ 5 хаттама) «Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ІV сессиясының күн тәртібіндегі «2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер мен толқтырулар енгізу туралы» мәселені алдын ала талқылау өткізіліп, комиссия қаулысымен мәселе кезектен тыс ІV сессия қарауына енгізілді.
  • 2008 жылғы 27 наурыздағы отырысында (№ 6 хаттама):
  • 2005-2007 жылдарға арналған «Кәсіби әкімдік» бағдарламасының түпкілікті есебі.
  • «Қызылорда облысы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2007 жылғы 2 наурыздағы № 352 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  • «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2002 жылғы 21 қыркүйектегі № 114 шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
  • Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев ауылдық округінің құрамында Шобанқазған ауылын құру туралы мәселелер қаралып, тиісті қаулылар қабылданды..
  • 2008 жылғы 26 маусымдағы отырысында (№ 7 хаттама):
  • «2006-2008 жылдар аралығында Қызылорда облысында «электрондық әкімдікті» құру бағдарламасының» орындалу барысы туралы;
  • тұрақты комиссияның 2008 жылдың ІІ жарты жылдығына арналған жұмыс жоспары туралы;
  • 2007 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп туралы;
  • Қызылорда облысы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.
  • бірқатар қалалық елді мекендерді ауылдық елді мекендерге жатқызу туралы;
  • «Облыстық сайлау комиссиясын сайлау туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2004 жылғы 3 маусымдағы № 77 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  • 2008 жылғы 25 қыркүйектегі отырысында (№ 8 хаттама):
  • «Қызылорда облысының коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасының» орындалу барысы туралы.
  • «Қызылорда облысы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2008 жылғы 27 маусымдағы № 79 шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
  • 2008 жылғы 20 қарашадағы отырысында (№ 9 хаттама) «Қызылорда облысының 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының» және «2009 жылға арналған облыстық бюджеттің» жобаларын сессияда қарауға әзірлеу мақсатында комиссия отырысын жоспарлау және ұсыныс-пікірлерді талқылау мәселесі қаралып, тиісті қаулы қабылданды.
  • 2008 жылғы 24-26 қараша, 1-6 желтоқсанда өткен отырысында (№ 10 хаттама) «Қызылорда облысының 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының» және «2009 жылға арналған облыстық бюджеттің» жобаларын сессияда қарауға әзірлеу мақсатында облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қатысуымен талқылаулар өткізілді және оның қорытындысы бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар жолданды.

Тұрақты комиссия отырыстарында облыстық бюджетке байланысты мәселелерді және тиісті бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы мен түпкілікті есептерін қарау қорытындысында мынадай ой- пікірлер туындады.

Біріншіден, бюджеттік бағдарламалар паспорттары бойынша 2007 және 2008 жылдары өткізілген талқылаулар облыстық бюджет жобасымен жете танысып, оны жетілдіруге көп септігін тигізгенін атап өтуге болады. Бұл жұмыстың екі жаққа да: тұрақты комиссия үшін де, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін де пайдалы болғаны, әсіресе, ең негізгісі - облыстық бюджетті мақсатты әрі тиімді жоспарлауға оң ықпал еткені сөзсіз. [2]

Екіншіден, өңірлік бағдарламалар әкімшілері қабылданған бағдарламаның орындалу барысы бойынша мониторинг жүргізуге аса құлықты емес, жыл сайынғы есептердің көпшілігі атүсті дайындалады, тиянақты талдау жетіспейді.

Хабарламада тұрақты комиссияның өткен есепті мерзім аралығында істелген жұмыстарына жалпы шолу жасалынды және кейбір түйінделген ой-пікірлер ортаға салынды.

Тұрақты комиссияларда көпшілік тыңдаулар өткізу төртібі мәслихат регламентінде міндетгі түрде белгіленеді.Міне, осы шараларды жүзеге асыру нәтижесінде мәслихаттың тұрақты комиссияларының алдына күнделікті мынандай мақсаттар қойылады:

  • аталған мәслихат сессияның күн тәртібі бойынша, сондай-ақ онда қаралатын  кез-келген мәселе бойынша мәслихатқа, оның төрағасына, хатшысына ұсыныс енгізу;
  • өздерінің құзырына жататын, әрі мәслихат сессияның қарауына енгізілген мәселелер бойынша қорытындылар беру;
  • өз құзыреті шегінде сессияда жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептеріп тындау туралы мәслихатқа ұсыныс енгізу;
  • комиссияның жұмысына өз депутаттарымен қатар мемлекеттік органдар, ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерін және азаматтарды тарту құқығы;
  • өздерінің құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсыну.

Сонымен жергілікті әкімият пен орталық атқарушы органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің, атқарушы органдардың лауазымды адамдары, ұйымдар белгіленген тәртіпте тұрақты комиссияларға олардың құзыретіндегі мәселелер бойынша қажетті ақпараттар беруге міндеттенеді. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылдап отырады. Тұрақты комиссиялардың отырысы өз қажетгілігіне қарай жеке шақырылуға да жатады. Олардың құрамына кіретін депутаттар санының жартысынан астамы қатысса, отырыс заңды болып есептеледі. Онда жоғарыда айтылып өтілгеніндей, тұрақты комиссиялардың өз бастамасы бойынша немесе мәслихат шешімі бойынша көпшілік тыңдаулар өткізілуі мүмкін. Тұрақты комиссиялардың қаулысы комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады, тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бірнеше комиссияның бірлескен отырысы өткізілген жағдайда, тиісті комиссиялардың төрағалары тең дәрежеде қол қояды. Ондай отырыстар депутаттардың, атқарушы органдар, өзін-өзі басқару органдары, тиісті ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, жеке азаматтардың қатысуымен өткізіледі. Әрине, онда тұрақты комиссияның карауына жататын мейлінше  маңызды және қоғамдық мәні бар мәселелер талқылануы тиіс. Ол заңды болу үшін комиссия мүшелелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе жеткілікті.

Егер онда дауыс тең болса, онда тұрақты комиссияның төрағасының даусы шешуші болып табылады. Дәлірек айтсақ, оның дауысы екі дауысқа тең деген сөз. Ал, трақты комиссиялар өздерін сайлаған мәслихат алдында қашанда жауапты болып келеді және ж ылына бір рет өз жұмысы жөнінде есеп береді.

Сонымен мәслихат депутаттары мен тұрақты комиссиялардың жұмыстары ұйымдастырылуының негізгі бағыты аумақтық бюджетті қалыптастыру мен орындалу барысын тыңдау, қаражаттың мақсаты және тиімді жұмсалуын бақылау, жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің салық есебінен толығуы, бюджеттен берілетін қарыздарының қайтарылуы, атқарушылық тәртіпті күшейту мен мемлекеттік зандар мен нормативтік ережелердің дұрыс пайдалануын қадағалау құзыретімен астасып жатады деп тұжырымдауға тура келеді.[3]

Ал, мәслихаттың тұрақты комиссиялары ең алдымен өз отырысында өмірдің күнделікті талаптарына сай туындаған аумақтық көкейтесті мәселелерді талқылап, оған нақты ұсыныстар енгізіп, қорытындысын аумақтық мәслихаттың сессиясының күн тәртібіне енгізіп отыруымен жергілікті өкілді орган  жұмысының ұйымдастырылу тетігі қалыптасады.

 

Әдебиеттер

  1. .Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару және өзін- өзі басқару туралы заңы.2001ж 23қаңтар. Алматы; ЮРИСТ ;2009ж.
  2. .Қызылорда Облыстық маслихатының материалы.
  3. Ғ. Сапарғалиев «Конституциялық құқық» оқу құралы.2008ж.515бет

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.