Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Парламенттік тергеу: құқықтық негіздері және жүзеге асыратын органдардың құқықтық мәртебесі

Әлем парламенттерінің қызметі негізінде қалыптасқан тәжірибе көрсетіп отырғандай парламенттік тергеу институты – парламенттік бақылаудың маңызды әрі қажетті элементі екендігін дәлелдей түседі. Негізінен бұл институт жоғары экономикалық көрсеткіштерге ие елдерге тән және мемлекеттік механизмнің нәтижелі жұмыс істеуіне, адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуіне тікелей ықпал етеді. Қазақстан парламентаризмінің тарихында ХІІ және ХІІІ шақырылған Жоғарғы Кеңес 1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласында алаңға шығып, қылмыстық қудалауға ұшыраған қазақ жастарын ақтау мәселесі бойынша тергеу комиссиясын құрып, едәуір жұмыстар атқарды. Бұдан басқа ретте парламенттік тергеу жүргізілген емес. Алайда бастауын кеңестік заңнамалардан алатын депутаттық тергеу институты белсенді болмаса да бірлі-жарым сұрақтар бойынша 1990-1995 жж. аралығында Жоғарғы Кеңес депутаттарымен қолданыста болды. 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданған еліміздің Конституциясында парламенттік тергеу институты бекітілген жоқ. Көптеген мемлкеттердің (мәселен АҚШ) негізгі заңдарында бұл сұрақ формальды анықталып жатпайды. Есесіне парламент қызметін реттейтін конституциялық және өзге де нормативтік (прецедентік) актілер заң шығарушы органның тергеу жүргізу құқығын заңи тұрғыдан бекітіп береді. Бірақ тәуелсіз Қазақстан жағдайында қабылданған конституциялық актілер, нақтырақ айтсақ “Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы” 16.10.1995 жылы ҚР Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы, кейінірек 06.05.1999 жылы конституциялық заң актісі нысанында қайта қабылданған құжаттарда бұл құқық мүлдем аталмайды. Сондықтан да парламенттік тергеудің негізгі сұрақтарын шет ел мемлекеттерінің тәжірибесі негізінде талқылау бұл институтты енгізудің теориялық және тәжірибелік ерекшеліктерін ескеруге мерзімдік жағынан мол мүмкіндік туғызады.

Парламенттік тергеу – парламенттің бақылау функциясының маңызды көрінісі болып табылады. Бұл парламенттік рәсім тек парламенттік республикаларда (ГФР, Италия және т.б.) ғана емес, сонымен бірге президенттік (АҚШ) және жартылай президенттік (Франция) республикаларда да  кездеседі.  Әлемдік тәжірибеде парламенттік тергеулер маңызды роль атқарады және олардың нәтижелері мемлекеттің ішкі саясаты ретінде ғана қалып қоймайды, сонымен қатар сыртқы қатынастағы мемлекеттің даму деңгейі мен саяси ұстанымын айқындайды. Мәселен бельгия парламенті 2000 жылдың ақпан айында Конго Республикасының (Бельгияның бұрынғы колониясы) бірінші премьер-министрі болған Патриса Лумумбаның өліміне, бельгия саясаткерлерінің қатысы болды деген күдікпен тергеу жүргізді. Парламенттік тергеу жүргізуге  – социолог Людо де Виттенің “Лумумбаның өлімі” атты кітабында келтірілген ақпараттар негіз болған. Кітап авторының жорамалы бойынша, бельгияның сол кездегі Африка істері жөніндегі министрі, қарамағындағы бір офицерге П.Лумумбаның көзін жою үшін тапсырыспен кісі өлтірушіні табу міндетін жүктеген. Европада орналасқан Бельгия мемлекетінің алыстағы Африка құрылығына жататын Конго Республикасының бірінші премьер- министрінің өліміне қатысты тергеу жүргізуі – әлемдегі демократия құндылықтары алдында бельгия парламентінің жауаптылықты сезінетіндігін және өз кезегінде мұндай сұрақтардың парламентті бей-жай қалдырмайтындығын паш етеді. Сондай-ақ көршілес Өзбекстан Республикасындағы “Әндіжан оқиғасыда” парламенттік тергеудің маңыздылығын және қажеттілігін бекіте түсті.

Әлемде бір-біріне ұқсамайтын құқықтық отбасылар мен құқықтық жүйелердің болуы себепті, парламенттік тергеу институтының құқықтық бекітілу және танылу тәртібі де әр түрлі сипатта көрініс тапқан. Негізінен құқықтық қамтамасыз етілуі келесі актілерде формальды анықталған:

  • Конституцияларда (Италия);
  • жалпы не арнайы заң актілерінде (Ресейде, Өзбекстан);
  • парламенттің (палаталардың) регламенттерінде.

Бірқатар елдерде парламенттік тергеу институты мемлекеттің негізгі заңынан бастап парламенттің (палаталардың) регламенттеріне дейін заңи бекітілу деңгейлерінен кезектілік тәртібімен өтеді. Алайда көптген елдерде бұл тәртіп сақтала бермейтінін байқаймыз, құқықтық бекітілуі тек белгілі бір деңгейде ғана анықталады. Мәселен ГФР-ның Негізгі заңында тергеу комитетін құрудың тәртібі тікелей бекітілсе, АҚШ Конституциясынан мұндай құқыққа өкілеттілік беретін норманы кездестіре алмаймыз. Англо-саксондық құқықтық отбасыға жататын мемлекеттерде парламенттің тергеу жүргізу құқығы прецеденттік құқықпен танылады. Айталық, АҚШ Жоғарғы Соты Конгрестің тергеу жүргізу құқығын “Уоткинс – АҚШ-на қарсы” ісін қарау барысында кең көлемде талдап-түсіндіреді: “Конгрестің тергеу жүргізу құқығы заң шығару  процесіне тән. Бұл құқықтың көлемі кең. Ол қолданыстағы заңдардың орындалуынан туындайтын тергеуді, сондай-ақ қажет болған жағдайда ұсынылған заң актілеріне қатысты тергеуді қамтиды”. Егер үкімет департаменттері алдау-арбау, нұқсан, зиян немесе шығын келтіріп әкімшілік жүргізсе, сот бұл құқықтың Конгреспен қолданылуы тіптен жандана түседі деп көрсетеді. Сот аталмыш прецедентте тергеу жүргізу құқығы – “Федералды Үкімет департаменттерінің коррупциямен, зиян және шығын келтірумен байланысты әрекеттерін тергеу салаларына тарайтындығын” бекітеді [1]. АҚШ-та парламенттік тергеуді жүргізу Сенаттың 28 ақпан 1991 жылғы № 62 резолюциясымен бекітілген процедуралық ереже негізінде іске асады. Франция Конституциясында да парламенттік тергеуді бекітетін норма орын алмаған. Есесіне бұл қызмет 17 қараша 1958 жылы қабылданған “Парламент Палаталарының қызметі туралы” Ордонанспен және 3 маусым 1959 жылы қабылданған Ұлттық жиналыстың Регламентімен реттеледі[2]. Ұлыбритания парламентіне келер болсақ, бұл қызметті реттейтін ортақ жазылған заң не қандай да бір құжат жоқ. Парламенттің тергеу қызметі өндіріс барысында процедуралық тәртіппен реттелініп отырады. Ал процедура ережелері кодификацияланбаған және бір құжатқа жинақталмаған, әр түрлі актілерде шашырай орналасқан (конституциялық дәстүр, парламенттің “тәжірибесі”, тұрақты және сессияға арналған ережелер, спикердің шешімі, заңдар). Кәзіргі таңда өкілді органның тергеу жүргізу құқығы сұрақтарын ретттейтін парламенттік процедураның негізгі қайнары тұрақты ережелер болып табылады [3] .

Парламенттік тергеудің пәнін анықтау мақсатында шет ел конституциялық заңнамаларына шолу жасағанымызда, негізгі үш түрлі үрдістің бары байқалады:

  • .Біріншіден, кейбір жекелеген мемлекеттердің конституцияларында парламентік тергеудің пәніне кіретін сұрақтар тікелей көрініс таппайды. Мұндай жағдайда парламент депутаттарына, депутаттық топтарға, палаталарға парламенттік тергеудің тақырыбы мен бағытын еркін таңдауға мүмкіндік беріледі.
  • .Екіншіден, парламеттік тергеудің пәні конституциялық деңгейде, белгілі бір сұрақтар түрінде көрініс табады. Атап айтар болсақ, Италия Конституциясының 82-бабына сәйкес “Әр палата мемлекеттік мүддені қозғайтын сұрақтар бойынша тергеу жүргізе алады”[4]. Ал, Испания Конституциясының 76-бабы парламенттік тергеудің пәніне “қоғамдық мүддені көздейтін кез-келген сұрақты”[5] енгізеді. Парламенттік тергеудің пәні болып табылатын мұндай сұрақтың сипаты шет ел конституцияларында әр түрлі. Ол Австрияда “белгілі бір сұрақтар”[6], Данияда “ерекше маңызды сұрақтар”[7], Жапонияда “мемлекеттік басқару сұрақтары”[8], Словенияда “жария сипаттағы сұрақтар”[9], Литвада “мемлекеттік маңызы бар сұрақтар”[10] сипатында бекіген. Жалпы мемлекеттің негізгі заңында парламенттік тергеудің пәнін нақты айқындау арқылы белгілі бір деңгейде оның көлемі тарылады. Сондықтан тергеу пәні болатын сұрақтардың мазмұнын анықтау барысында мүдделі тараптар ресми норматүсіндірушілік қызметке жүгінуге мәжбүр болады деп есептейміз. Аталған мемлекеттер ішінде Словения Республикасының 28.12.1991ж. қабылданған Конституциясы ғана парламенттік тергеудің пәнін нақты анықтауға тырысқан, яғни тек “жария сипаттағы сұрақтарды” ғана кіргізеді. Бұл дегеніміз экономиканың жеке секторына, ірі жеке меншік обьектілеріне қатысты сұрақтар парламенттік тергеу пәніне жатпайды деген сөз. Ал АҚШ-ның Конгресі парламенттік тергеуді мемлекеттік сектормен қоса жеке секторға да жүргізе береді. Мәселен, 2001 жылы ірі энергетикалық “Enron” корпорациясының банкротқа ұшырау фактісі Конгрестің бес тұрақты комитетіне тергеу жүргізуге негіз болды. «Enron» корпорациясының 1 млрд. долларға жуық зейнетақы қорының активтері корпорация акцияларын сатып алуға жұмсалған. Нәтижесінде «Enron» банкротқа ұшыраған кезде бір акциясының құны 85 доллардан 1 долларға жетпейтін деңгейге дейін құнсызданды. Халықтың зейнетақы қорында жинап жатқан ақшасы күйіп кетті. Конгресс халықтың өкілді органы болғандықтан, бұл сұрақты бей-жай қалдыра алмады. Сондай-ақ «Enron» компаниясы парламент сайлауында жеңіске жеткен Англияның лейбористер партиясына спонсорлық көмек көрсеткен. Бұл факті де өз кезегінде Ұлыбритания парламентінде қызу талқыға түсіп, консерваторлар тарапынан “лейбористер Ұлыбританияның энергетикалық саясатын «Enron»-ның пайдасына шешіп жүргізді” деп айып тағылуда[11]. Мемлекеттің экономикалық-қаржылық жүйесінің тұрақтылығына қауіп төндіретін, стратегиялық маңызы бар объектілердің қызметіне парламенттік бақылау орнатуды дұрыс шешім деп есептейміз және бұл  өз кезегінде «бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық дамуға» (ҚР Конституциясы 1-б.,1-т.) жол ашады.
  • .Шет елдік парламент заңнамаларында парламенттік тергеудің пәні болатын сұрақтар нақты анықталады. Қаралатын сұрақтардың тізбесі нақты көрсетіліп, мүмкіндігінше кең көлемді мәселелрді қамтиды. Мұндай құжаттың қатарына АҚШ Сенатының Тұрақты комитетіне қарасты Үкімет істерін тергеу қызметі Комитетінің Процедуралық ережесін жатқызуымызға болады[12].

Шет елдерде парламенттік тергеуді жүргізу тәжірибелерінде назар аударарлықтай құбылыстар өте көп. Көп реттерде парламенттік тергеу келесі сұрақтар бойынша жүргізіліп жатады: лауазымдық дәрежесі жоғары тұлғалардың өз өкілеттіліктерін шектен тыс асыра пайдалануы, коррупция фактілері, бюджет ресурстарын мақсаттан тыс жарату, лауазымдық міндеттерін теріс салдарларға соқтыратын етіп орындау, лауазымды тұлғаның кәсіби дәрежесіне сай еместігі және т.б. Сондай-ақ техногенді және экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың орын алуы, әуе және су кемелерінің апатқа ұшырауы, парламентпен қабылданған заңдардың орындалмау фактілері парламенттік тергеудің кең көлемдегі талқысына түсіп отырады. Соңғы кездері террорлық актілер, әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты қаржылық және әлеуметтік мәселелер парламенттік тергеудің өзекті сұрақтарына айналып отыр. Мәселен Өзбекстанда орын алған террорлық акті – “Әндіжан оқиғасы”, Ресейдегі “Беслан” оқиғасы сәйкесінше аталған елдердің өкілді органдары тарапынан парламентік тергеу жүргізуге негіз болды.

АҚШ Конгресі парламенттік тергеуді тұрақты және жүйелі түрде жүргізетін парламенттік қызмет ретінде таниды. Жоғарыда аталған Үкімет істерін тергеу қызметі Комитетінің Процедуралық ережесі сұрақтардың тізбесін мүмкіндігінше кең көлемде анықтап, олардың сақталуына қадағалау жасап отырады. АҚШ Конгресі жүргізетін парламенттік тергеу саяси сипат қана алып қоймайды, ол сонымен бірге заңи негізде жүргізілетін фактілерді де өте көп қамтиды. Ал Францияға келер болсақ мұндағы парламенттік тергеу институты негізінен тек саяси сипатта қозғалады және жүзеге асады. Сондықтан да болар Франция Республикасының Конституциясына сәйкес парламенттік тергеуді парламент жүргізгенімен, жаза тағайындау сұрағын сот әділдігі органдары шешетіндігі.

Парламенттік тергеу органының құқықтық мәртебесі заңи және саяси тұрғыдан маңызды. Әдетте бұл орган тергеу комитеті, парламенттік комиссия немесе арнайы мамандандырылған комитет ретінде құрылады. Парламенттік тергеу органдарының жұмыс істеу тәртібіне қарай екі топқа бөліп қарастыруға болады:

  • уақытша және
  • тұрақты.

Уақытша сипаттағы парламенттік тергеу органдары көп реттерде депутаттардың талап етуі  бойынша белгілі бір уақытқа ғана құрылады. Франция парламенті мәселен тергеу және бақылау жүргізетін комиссия құра алады. Бұл комиссиялардың айырмашылығы мынада: тергеу комиссиясы нақты факті не оқиға бойынша ақпарат жинауды жүзеге асырады, ал бақылау комиссиясы жария қызмет пен мемлекеттік кәсіпорындардағы әкімшілік, қаржылық және техникалық басқару сұрақтарын зерттеу үшін құрылып, алынған нәтижелерді өзін құрған палатаға табыс етеді. А.Д.Керимовтың пікірінше комиссияның мұндай екі түрін құру тек теориялық сипаттан туындаған деп көрсетеді. Әйтпесе аталған комиссиялардың құрылу және жұмыс істеу тәртібі бірдей заңи режиммен анықталады. 20 шілде 1991 ж. қабылданған № 91-968 Заңға сәйкес бақылау комиссиясының қызметі тоқтатылды. Қазіргі кезде үкімет қызметін бақылау жекелеген және алқалы тергеу жүргізу арқылы ғана жүзеге асырылады. Тергеу комиссиясы палатаның көпшілік даусымен құрылады және оның құрылуы келесідей сатылардан өтеді: тұрақты комиссиялардың бірі ұсынысты әзірлейді және палатаға баяндама  ұсынады, баяндама қорытындысы бойынша жарыссөз жүргізу жөнінде палатада қаралатын сұрақтардың тізіміне енгізіледі, палатаның пленарлы отырысында сұрақты талқылайды, одан кейін барып дауыс береді. Ұлттық жиналыс төрағасы тергеу комиссиясы құрылатындығы туралы әділет министрін хабардар етеді. Егерде әділет министрі аталған факті бойынша құқық қорғау органдар тергеу жүргізіп жатқандығын мәлімдесе, онда бұл сұрақ талқыға салынбайды. Ал парламенттік талқылау басталып кеткен болса, ол дереу арада тоқтатылады. Әділет органдарының алдын-ала тергеу жұмыстары парламенттік тергеу комиссиясы құрылып қойғаннан кейін жүргізілген жағдайдың өзінде, палата төрағасы бұл хабарды әділет министрінен ала отырып тергеу комиссиясының төрағасын хабардар етеді. Сәйкесінше тергеу комиссиясының төрағасы комиссия жұмысын тоқтатуы қажет. Комиссия мүшелері мажоритарлы жүйе негізінде сайланатындықтан, 20 шілде 1991 жылы № 91-968 Заң қабылданғанға дейін комиссия құрамында оппозициялық азшылық өкілдерінің болу мүмкіндігі шектеліп келді. Бұл факті сол кездерде Франция парламентінің тергеу жүргізудегі басты кемшілігі ретінде көрініс тапты[13]. Алайда жоғарыда аталған Заң қабылданғаннан кейін және қазіргі қолданыстағы Регламенттің 37-бап, 2-тармағына сәйкес фракциялар комиссия мүшелігіне Ұлттық жиналыстағы алатын орнына пропорционалды қатынаста өз депутаттарын енгізе алады. Комиссия құрамы Ұлттық жиналыста – 30, Сенатта –15 мүшеден аспауы керек. Сондай-ақ комиссия мүшелігіне ағымдағы легислатурамен құрылған комиссия жұмыстарында құпиялылық режимді бұзуына байланысты қылмыстық не тәртіптік жауаптылыққа тартылған депутаттар ене алмайды[14]. 17 қараша 1958 жылы қабылданған “Парламент Палаталарының қызметі   туралы” № 58-1100 Ордонанстың 6-бабының 5-абзацына және Ұлттық жиналыс Регламентінің 143-бабының 1,2 тармақшаларына сәйкес тергеу комиссиясы уақытша құрылады және және оның функциясы құрылған сәттен бастап алты айдан аспайтын уақыт ішінде немесе тергеу қорытындысы туралы баяндаманы табыс етумен яқталуы тиіс. Сондай-ақ Ұлттық жиналысты Франция Республикасының Президенті тарқатып жіберген жағдайда тергеу комиссиясының жұмысы тоқтатылады. Комиссияның функциясы аяқталған кезден бастап 12 айға дейін осы мақсатты көздеп қайталап тергеу комиссиясы құрыла алмайды. Жалпы Францияның “рационалды парламентіне” тән мұндай мерзімдік шектеулер (ценздер) комисияны құруға негіз болған оқиғаны толық және жан-жақты зерттеуге кедергі келтіреді деп есептейміз. Тіпті тергеу созылуы мүмкін объективті жағдайларды ескерілмеген, тергеу мерзімін ұзарту сұрақтары мен негіздері нормативтік актілерде көрініс таппаған.

Франция V Республикасы құрылғалы бері 1958-2001 жж. аралығында Ұлттық жиналыс қызметінде 57 комиссия құрылған, оның 6-ы – бақылау комиссиясы және 51-і – тергеу комиссиясы сипатында қызмет атқарды. 1958-1970 жж. аралығында бір рет қана бақылау комиссиясы құрылған (1961 ж. –  Бас кинематографтар бірлестігі мен оның филиалдары және филиалдардың өз арасындағы  қарым-қатынасты зерттеу мақсатында құрылған бақылау комиссиясы). А.Д.Керимов бұл уақыт аралығында тергеу комиссияларының құрылмау себебін Д.Мостың “V Республиканың Парламенті” атты кітабына сілтеме жасау арқылы түсіндіреді: “...что в то время првительство при помощи Конференции председателей всячески препятствовало образованию таких комиссий, ибо рассматривало сам принцип их существования как посягательство на свою власть”[15]. Тергеу органдарының келесі бір тобы – тұрақты түрде жұмыс істейтін органдар ретінде танылады. Бұған АҚШ Конгресінің жүйесіне кіретін комитеттер жатқызылады. Атап айтсақ АҚШ Өкілдер палатасының Регламентіне[16] және Сенатттың Тұрақты ережесіне[17] сәйкес Конгрес жүйесіне келесі комитеттер кіреді: 1) әр палатаның мамандандырылған тұрақты комитеттері (standing committees); 2) аранайы комитеттері (select committees); 3) палаталардың бірлескен комитеттері (joint committees); 4) келісу комитеттері (conference committees [18]). Аталған комитеттердің ішінде, келісу комитетінен басқаларының бәрі өз құзыреттері аясында парламенттік тергеу функциясын жүргізуге өкілетті[19].

ГФР-да мамандандырылған тергеу комитетерімен қатар парламенттің кейбір тұрақты комитеттеріде тергеу жүргізе алады. Мәселен соңғысына Бундестагтың қорғаныс жөніндегі комитеті жатады. ГФР Негізгі заңының[20] 44 және 45а (2-бөлік) баптарында тергеу комитетін құрудың тәртібі айқындалған. Негізгі заңның 44-бабына сәйкес Бундестаг, мүшелерінің төрттен бірінің ұсынысымен тергеу комитетін құруға құқылы. Сондай-ақ Негізгі заңның 45-а бабының (2) бөлігіне сәйкес «Қорғаныс жөніндегі комитет тергеу комитетін құруға құқығы бар. Оның мүшелерінің төрттен бірінің ұсынысы бойынша комитет нақты іс бойынша тергеу жүргізуге міндетті». Бундестагта парламенттік тергеу жүргізуді тек парламенттік көпшілік қана емес,   сонымен қатар парламенттік азшылықта талап ету арқылы іске асыра алады. Кез-келген парламенттік басқару нысаны танылған елдерде парламенттік азшылық тарапынан жасалынатын іс-қимыл парламеттік  көпшіліктің қолдауына тәуелді. ГФР парламентіндегі өзге елдереге ұқсамайтын бұл ерекшелік 1918 жылы неміс конституциялық құқығында Макс Вебердің авторлығымен енді. Оның пікірінше парламенттік демократияда үкіметтегі көпшілікке оппозицияның ықпалы мейлінше төмен болатындықтан, парламенттік тергеу жүргізуді – теңсіз күштер күресінде оппозияцияның басты қаруы ретінде тану керектігін ұсынады [21]. Алайда ГФР-да парламенттік тергеу фактілері өте аз жүргізіледі. Тіпті жүргізілген күннің өзінде аяғына  дейін бармайды. Тергеу комиссияларының саны тергелетін фактінің күрделілігіне тәуелді және парламентпен дербес анықталады. Комиссия құрамында барлық фракциялардан өкілдер болуы тиіс[22]. Ұлыбритания парламентінде парламенттік тергеуді Қауымдар палатасының жанынан құрылған мамандандырылған тұрақты комитеттер жүзеге асырады. АҚШ Конгресінің тәжірибесін негізге ала отырып 1979 жылы Ұлыбританияның Қауымдар палатасы министрліктер мен ведомстволардың қызметін тексеру және тергеу мақсатында сала бойынша мамандандырылған тұрақты комиттерді құрды [23]. Қазіргі кезде олардың саны он төрт және олар негізінен минситрліктердің санына сәйкес анықталып отырады. Бүгінде келесідей комитеттер жұмыс істейді: қорғаныс; ішкі істер; сыртқы істер; қаржылық және азаматтық қызмет; энергетика; өндіріс және сауда; көлік; ауылшаруашылығы; демография; қоршаған орта; білім, ғылым және өнер; әлеуметтік істер; шотланд істері саласы; валлистер ісі бойынша құрылған комитеттер. Сондай-ақ европа заңнамалары бойынша, заң шығару өкілеттілігі берілген заңнамалар бойынша, жария есептер бойынша, парламент уәкілінің  ісі бойынша құрылатын арнайы комитеттер де өз құзыреті аясында тергеу жүргізе алады.

Қазақстандық парламентаризм тарихының сахнасында бір кездері болған және үлкен саяси қызығушылық тудырған парламенттің тергеу жүргізу комиссиясы бүгінгі таңда да өзектілігін жойған жоқ. ТМД құрамына кіретін көршілес мемлекеттерде де (Ресей, Өзбекстан) бұл институт соңғы жылдары қайта қалпына келтіріліп, маңызды мәселелер бойынша жұмыс істеуде. Қазақстан Республкасы Конституциясында көзделген мемлекеттің негізгі қасиеттерін жетілдіру және адам мен азаматтың, тұтастай алғанда қоғамның құқықтары мен бостандықтарын, заңи мүдделерін қамтамасыз ету мақсатын көздеп, парламенттік тергеу институтын арнайы заң қабылдау арқылы құқықтық өмірге енгізу қажет деп есептейміз.

 

 Әдебиеттер

  1. Стенина В.К. Парламентский контроль и парламентские расследование в президентских и полупрезидентских республиках // Юридический мир,- 2007. № 4. 60-б.
  2. Французская Республика. Конституция и законодательные акты: пер. с франц. / Ред.кол.: В.А.Туманов идр.; Сост. В.В.Маклаков и В.Л.Энтин. – М.: Прогресс, 1989. – 448 с.
  3. Қараңыз: Конституционные акты Великобртании // Конституции зарубежных государств: Учеб. пособие. / сост. В.В.Маклаков. – М.,
  4. Конституции зарубежных государств. Учебное пособие. / сост. В.В.Маклаков. – М.: Издательство «БЕК». – 432 с.
  5. Испанияның Конституциясы, 29.12.1978ж. қабылданған // Конституции государств Европейского Союза/Под. общ. ред. Л.А.Окунькова. – М.,
  6. Австрияның Конституциясы, 10.11.1920 ж. қабылданған // Конституции государств Европы: В 3 т. Т. 1 / Под. общ. ред. Л.А.Окунькова. – М.,
  7. Дания Корльдігінің Конституциясы, 05.06.1953ж. қабылданған // Конституции государств Европы: В 3 т. Т. 1 / Под. общ. ред. Л.А.Окунькова. – М.,
  8. Жапонияның Конституциясы, 03.05.1947ж. қабылданған // Конституции зарубежных государств. Учебное пособие. / сост. В.В.Маклаков. – М.: Издательство БЕК. – 432 с.
  9. Словения Республикасының Конституциясы, 12.1991ж. қабылданған // Конституции государств Европы: В 3 т. Т. 1 / Под. общ. ред. Л.А.Окунькова. – М., 2001.
  10. Литва Республикасының Конституциясы, 25.10.1992ж. қабылданған // Конституции государств Европы: В 3 т. Т. 1 / Под. общ. ред. Л.А.Окунькова. – М.,
  11. Самый громкий скандал XXI века Дело «Энрон» // http://www.dengi-info.com/archive/read
  12. Сурков К.В. Предмет парламентских расследований // Правовая система “Консультант-Плюс”. 17 марта.
  13. Қараңыз: Крутоголов М.А. Парламент Франции. Организация и правовые аспекты деятельности. – М.: Наука, 1988. С.120.
  14. Маклаков В.В. Парламент Франции // Парламенты мира: Сб. – М., 1991.- С. 429-430
  15. Керимов А.Д. Парламентское право Франции. – М.: Издательство «НОРМА», 1998. С.
  16. Қараңыз: The Rules of the House of Representatives for the 107th Congress adopted January 3, 2001 // http://www.house.gov/house/Orgops.html
  17. Керимов А.Д. Парламентское право Франции. – М.: Издательство «НОРМА», 1998. С.
  18. Қараңыз: The Rules of the House of Representatives for the 107th Congress adopted January 3, 2001 // http://www.house.gov/house/Orgops.html
  19. Қараңыз: Standing Rules of The Senate // http://www.rules.senate.gov/senaterules.htm
  20. Коврякова Е.В. Парламентский контроль в зарубежных странах. – диссертация на соискание ученой степени кандидата юридических наук. – М.,2002. С.
  21. Лафитский В.И. Контрольные полномочия Конгресса США // Институты конституционного права иностранных государств. – М., С. 338
  22. Конституции зарубежных государств. Учебное пособие / Сост. В.В.Маклаков. – М.: Издательство «БЕК». С. 21.Қараңыз: Коврякова Е.В. Указ. соч.- С. 155.
  23. Стенина В.К. Парламентскй контроль и парламентское расследеование в парламентских республиках и монархиях // Международное публичное и частное право. №2.- С.50.
  24. Тимошенко И.Г. Палата общин и Палата лордов Парламента Великобритании // Институты конституционного права иностранных государств. – М., 2002.- С.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.