Отбасы қоғамның ең басты ұясы. Сондықтан, мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кімде кім болсын сырттан заңсыз араласуына жол бермейді және қорғайды. Әрине некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекетте белгілі бір талаптар қояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ғана, мемлекет неке отбасына қамқорлық жасау туралы міндеттемелер қабылдайды. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар азаматтардың кемелденуіне және қоғамның мүдделеріне байланысты туындайды. Сондықтан отау тігу үшін заңда көзделген шарттарды сақтау қажет. Отбасы және неке мәселесі коллизиялық сауалдардың ішіндегі ең күрделісі десе де болады. Некеге тұрушылардың екеуінің екі мемлекеттен болуы, олардың некелеріндегі жастарының айырмашылығы, әрекет қабілеттігі, сонымен қатар, некенің қай уақытта тоқтатылатындығы, неке бұзылған соң алимент өндіру туралы мәселелер шешілуі қиын мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында «Неке және отбасы» Заңы шетел мемлекетінің азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтарына да қолданылады. Шетел мемлекеттерінің отбасы заңнамаларының заңды күші бар нормалары Қазақстан Республикасын азаматтарының отбасы қатынастарын реттейді. Сондықтан шетел мемлекеттерінің отбасы заңнамаларының нормалары Қазақстан Республикасының отбасы қатынасын реттейтін заңнамасына байланысты реттеледі. Шетел мемлекеттерінің азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтар неке және отбасы қатынастарын реттеу кезінде олар Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең құқықта болады. ҚР Президентінің 1995жылғы 19маусым №2337 «Қазақстан Республикасында шетел мемлекетінің азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» Жарлығының 14бабы бойынша Қазақстан Республикасында шетел мемлекетінің азаматтары Қазақстан Республикасы азаматтарымен некеге тұруға және некені бұзуға, сонымен қатар халықаралық және Қазақстан Республикасының заңнамаларына қатысты Қазақстан Республикасы азаматтарымен бірге отбасы қатынастарында тең құқықты және міндеттері бар [1].
Ата-аналар мен балалардың өзара отбасы қатынастарын құқықтық реттеу келесі коллизиялық нормаларда халықаралық шарттарды реттелген. Шетелде алиментті өндіріп алу туралы 1956 жылғы 20 маусым, Нью-Йорк қаласы) Конвенцияның мақсаты: Шетелде тұратын адамдардан алимент алуда мұқтаждық танытып, күн көрiсi соған байланысты болып отырған адамдардың жағдайынан туындайтын күн гуманитарлық проблеманы шұғыл шешу қажеттiгiн назарға ала отырып, алименттiк талаптар жөнiндегi сот iсiн жүргiзу немесе шетелде өндiрiп алу елеулi құқықтық және iс жүзiндегi қиыншылықтарға байланысты екенiн назарға ала отырып, осындай проблемаларды шешудiң және осындай қиындықтарды еңсерудiң құралдарын қамтамасыз етуге тiлек білдiре отырып, уағдаласушы тараптар төмендегілер туралы келiстi: Конвенция қандай да бiр уағдаласушы тараптың аумағында тұрып жатқан, төменде талапкер деп аталатын кез келген адамның, ол сендiрiп отырғандай, қандай да бiр басқа уағдаласушы тараптың құқықтық құзыретiне жататын, төменде жауапкер деп аталатын басқа адамнан алуға құқығы бар алименттi өндiрiп алуын жеңiлдету мақсатын көздейдi. Бұл мақсатты төменде табыс етушi және аралық инстанциялар деп аталатын органдар жүзеге асырады. Осы Конвенцияда көзделетiн құқық қорғау құралдары iшкi немесе халықаралық құқық бойынша құқық қорғаудың қазiргi барлық басқа құралдарын толықтырады, бiрақ алмастырмайды.
Жалпы ереже бойынша өз балаларын асырау кезінде ата-ананың алименттік міндеттемелері сол ата-ананың және баланың тұрып жатқан мемлекеттің заңнамаларымен реттеледі, егер ата-ананың және баланың бірге тұрмайтыны анықталса, баланың азаматтығы қай мемлекетте тіркелген сол мемлекеттің заңнамалары бойынша баланың ата-анасының алименттік міндеттемелері реттеледі. Талап арыз беруші баланың тұрақты тұрып жатқан мемлекеттің заңнамаларын баланың алимент төлеуге міндетті ата-анасына қолдануды талап етуге құқылы [2, 78].
ҚР НжОЗ-ның 212-бабына сәйкес, басқа мемлекеттердің неке-отбасы заңдарының нормалары оларды қолдану Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келген жағдайда қолданылмайды. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады.[3] Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері, сонымен қатар балаға деген алимент, біздің заңнама бойынша талапкердің талабы бойынша баланың қай мемлекетте тұрақты тұрады, сол мемлекеттің заңнамасы қолданылуы мүмкін. Бұл норма, яғни баланың басқа мемлекеттің азаматы, бірақ тұрақты тұратын мемлекеттің заңнамасының қолданылуы. Заңнама баланың тұрақты тұратын жердің заңнамасын қолдану туралы сотқа міндет артпайды, сот талапкердің талап етіп отырған заңнамасы егер де баланың мүддесіне қайшы келмейді деп шешетін кезде ғана қолданады. Тұлғаның қай мемлекетке жататыны және қай мемлекеттің заңы қолданылуы мүмкін екенін сот шешім қабылдағанша шешеді. Егер бала бір мемлекеттің азаматы болып, шешім шыққанша басқа мемлекеттің азаматы болып танылса, онда сот соңғы азаматтығына қарайды. Егер ерлі-зайыптылар неке шартын және алимент төлеу туралы келісімшартқа отырмаса, ортақ азаматтығы жоқ немесе бірге тұрмаса, олардың белгіленген құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін белгілі мемлекеттің заңнамасын таңдай алады.
Кәмелетке толған балалардың ата-аналарының пайдасына алименттік міндеттемелері, сондай-ақ басқа да отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері аумағында олардың бірге тұратын жері бар мемлекеттің заңдарымен белгіленеді. Бірге тұратын жері болмаған жағдайда мұндай міндеттемелер алимент алуға құқығы бар адам азаматы болып табылатын мемлекеттің заңдарымен белгіленеді. Мысалы, егер шетел мемлекетінің азаматы болып табылатын әйел баласымен басқа елде тұратын болса, қазақстандық азаматынан Астана қаласында тұратын алимент өндіру туралы біздің елдің сотына талап арыз берген болса, сот бұл дауды қарастыру барысында, баланың қай мемлекеттің азаматы болса, сол мемлекеттің заңнамасын қарастыру керек. Ал бала мен ана Қазақстан жерінде тұрып, басқа мемлекеттің азаматынан алимент өндіру туралы талап арыз түскен жағдайда, сот егер бала Қазақстан азаматтығында болса, біздің елдің заңнамасын қолданады.
АҚШ-та жаңа өзгерістер енгізіліп, алимент төлемейтін азаматтармен жақсы күрес жолын тапты деп айтуға болады, мысалы, 1998 жылының жаз айынан бастап, шетелге шығатын азаматтардың мемлекеттік департамент егер алиментті уақытылы және қасақана төлемейтін және алимент мөлшері 2500 доллардан асатын жағдайда паспортын уақытылы бермейді. Алимент төлеуге міндетті азамат алиментті толық жапқан соң, паспортын алу үшін ресми сұрау жасайды, ал төленген ақшалары штат әкімшілігі қазынасынан әрі қарай баланың асыраушысына жіберіледі екен.
Шетел элементі бар отбасы қатынастарын құқықтық реттеу ең бастысы Қазақстан Республикасының Конституциясы, шетел азаматтарының құқықтық мәртебесін қарастыратын ережелер көзделген «Неке және отбасы» Заңы, Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы №2337, 19маусым 1995жылғы «Қазақстан Республикасында шетел азаматтарының құқықтық жағдайы» (1997жыл 19маусымда ҚР Заңы N 134-1- өзгерістер енгізілген). Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiк азаматтығын куәландыратын құжаты бар тұлғаларды шетел азаматтары деп танимыз. Ал Қазақстан Республикасының азаматтары болып танылмайтын және өзiнiң басқа мемлекеттiң азаматтығын куәландыратын құжаты жоқ тұлғаларды азаматтығы жоқ тұлғалар деп танылады.
Некелiк және отбасылық қатынастары. Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер Қазақстан Республикасының азаматтарымен және басқа адамдармен некеге тұрып және оны бұза алады, Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей некелiк және отбасылық қатынастардағы құқықтарды пайдаланады және мiндеткерлiкте болады.
Біздің заңнамаға сәйкес, ерлі-зайыптылар тұрғылықты жерді таңдауға ерікті болып табылады. Ерлі- зайыптылар бірге де, бөлекте тұруға құқылы. Бір тұлғаның өзінің тұрғылықты жерін ауыстыру екінші тұлғаға сонын артынан ілесуді талап етпейді. Ерлі-зайыптылар бір-біріне материалдық көмек көрсетіп тұруға міндетті. Егер ерлі-зайыптылардың бірі еңбекке жарамсыз болып қалатын болса, онда біздің заңнама бойынша, оның екіншісі оған материалдық көмек көрсетуге міндетті болып табылады [4, 72].
Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын материалдық қамтамасыз етуге міндетті, сонымен қатар, еңбекке қабілетсіз балаларды да асырауға міндетті болып табылады. Егер отбасы ажырасатын болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оларға алимент төлеу қарастырылған. Егер тұлға Қазақстан Республикасының аумағынан тыс шығып кететін болса, Қазақстан Республикасының аумағында қалған өз баласына, алимент төлеуге міндетті. Мұндай алименттерді төлеу міндетті Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тұратын балаға да төленуі болып табылады. Алименттік міндеттемелерге байланысты нормалардың қолданылуын анықтайтын коллизиялық нормалар біздің заңнамада жоқ. Бірақ Ресейлік халықаралық жеке құқық теориясында бұған байланысты ресейлік заң қолданылады деп шешілген болатын. Ата-ана мен баланың арасындағы қатынастардың реттелуіне байланысты қолданылатын нормалар құқықтық көмек көрсету туралы түрлі шарттарда көрсетіледі. Бұл шарттарға сәйкес ата-ана мен балалардың арасындағы қатынас ата-ана мен бала қай елде тұрады, сол мемлекеттің заңымен реттелуге жатады. Бірақ келісімге келуші мемлекеттердің бірінде ата-ана тұрып, екіншісінде баланың өзі тұратын болса, онда олардың арасындағы қатынас сол бала тұрып жатқан мемлекеттің заңы бойынша анықталатындығын айту қажет. Мысалы, егер әкесі Ресейде тұрып жатқан болса, ал оның баласы Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жатқан болса, онда әкенің барлық міндеттері, сонымен қатар, оның алименттік міндеттемелерінің барлығы осы Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша анықталады, яғни баланың құқығын қорғаушы бір элемент болып табылады. Сонымен, баланың анасы, әкесі Қазақстан Республикасынан тыс тұрып жатқан бала әкесінен өз елінің соты бойынша алименттерді мәжбүрлеп орындатуы мүмкін.
Алименттік міндеттемелерін бұзғандық үшiн жауапкершiлiк негiздерi. Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзған шетелдiктерге, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленгеннен басқа жағдайларда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей негiздерде жауапкершiлiк жүктеледi.
Басқа мемелекетте тұратын шетел азаматтарынан алимент өндіру бойынша құқықтық көмек және азаматтардың бір қатар құқықтарын жүзеге асыру мақсатында құқықтық реттелетін нормалардың бірі Қазақстан Республикасының Минск конвенциясына қосылғанын айта аламыз. 1993 жылы қаңтар айында Минскіде ТМД он мемлекеттерінің басшылары арасында (Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Украина Республикасы) азаматтық, отбасылық, қылмыстық істер бойынша құқықтық өзара көмек беру туралы Минск конвенциясына қол қойылды. Кейін бұл конвенцияға Грузия мен Әзірбайжан мемлекеттері қосылған болатын. Бұл келісімшарт азаматтық, отбасылық, қылмыстық істер бойынша соттардың және құқыққорғау органдарының арасында және қай жерде тұратынына қарамастан, азаматтардың тең құқықтарын қамтамасыз ету мақсатындағы механизмі мен күш көрсететін тұтқасын шығарды десек те болады. 2000 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Жоғарғы Сот құрамына кіретін соттар әкімшілігі Комитеті құрылған болатын. Жоғарғы Сот құрамына кіретін соттар әкімшілігі Комитеті алимент өндіру туралы істермен айналысатын орган болып табылады. Жоғарғы Сот құрамына кіретін соттар әкімшілігі Комитетінің жұмыс көрсеткішіне анализ жасайтын болсақ, көптеген өтініштер шетел мемлекеттері азаматтарынан алимент өндіру істері басымдылыққа ие болып отырғанын көре аламыз. Осы конвенцияның 1-бабына сәйкес, келісілген тараптар өз азаматтық құқықтарын еркін және кедергісіз конвенцияда бекітілген қатысушылары азаматтық, қылмыстық, отбасылық істермен айналысуға құзыреті бар сотқа, прокуратураға, өзге де мемлекеттік мекемелерге жүгіне алады. Сонымен қатар, талапкер сол органда өз құқығын жеке жүзеге асыратын болса, өтініш беріп және басқа мемлекеттің азаматымен тең құқыққа ие болып, еркін процессуалдық әрекеттерді жүзеге асыра алады. Осы конвенцияға сәйкес, мүдделі тұлға басқа мемлекеттің құзыреттілігіне кіретін сотына соттың шығарған шешімін мәжбүрлі түрде орындатуы үшін өтініш береді. Өтініш беру кезінде, өтінішке қосып тіркелуі қажет: соттың шешімі, немесе сот шешімінің нотариалдық куәландырылған көшірмесі, соттың анықтамасы (соттың шешімі заңды күшіне енді, орындалуға жатады деген); құжат (сот анықтамасы) процеске қатыспаған екінші тарап, сотқа уақытылы келмегені туралы. Өтініш және оған қоса тіркелген құжаттардың қай мемлекетке жіберіледі сол мемлекеттің тіліне немесе орыс тілінде арнайы куәландырылған тәртіппен аудармасы болуы қажет. Бұл Минск конвенциясына қол қойылып келісілген мемлекеттер территориясында ғана заңды күші бар. 1999 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасы шетел мемлекеттерінен алимент өндіру туралы конвенцияға (БҰҰ 1956 конвенция) қосылды. Бұл конвенция мақсаты шетел мемлекеттерінде тұратын тұлғалардан алимент өндіру арқылы мұқтаж болған тұлғалардың әлеуметтік қажеттіліктерін шешу болып табылады.
Сонымен қатар, 1994 жылы 9 қыркүйекте Москва қаласында Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Түрікменстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Украина Республикаларының Үкіметтері жасасқан қол қойылған әлеуметтік жәрдемақы, балалы отбасыларға өтемақы төлеу және алимент төлеу саласындағы азаматтардың құқықтық кепілдіктері туралы келісімге отырды. Бұл келісімнің мақсаты балалы отбасыларға және алимент төлеу саласындағы азаматтарға құқықтық кепілдіктер беру болып табылады. Тараптардың азаматтарына алименттер белгілеу мен өндіріп алу (төлету) олар тұрған аумақтағы тараптың ұлттық заңдарына көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Бұндағы тараптар, азаматтығы жоқ азаматтар және шетел азаматтары болып табылады. Тараптар өздерінің аумағына тұрақты немесе уақытша келген жеке адамдардың алименттері, балалы отбасыларының әлеуметтік жәрдемақылары бойынша ақша қаражаттарын банк немесе пошта байланысы мекемелері арқылы еркін аударады және төлеуді басым тәртіппен қамтамасыз етеді. Балалы отбасыларына алименттер мен басқа да өтемақылар төлеу бойынша ақша қаражатын аудару әлеуметтік мәні бар пайызсыз төлемдер бойынша азаматтарға ақша қаражатын аудару туралы үкіметаралық келісіммен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады[5].
Кишинев конвенциясы 2002 жыл 7 қазан, екі жақты құқықтық көмек көрсету туралы көзделген, егер ата-ана мен балалар екі бөлек тұратын болса, шарттың бір бөлігін баланың азаматтығы қай мемлекетте болса сол мемлекетке жіберіледі [6].
Ата-аналардың кәмелетке толған балаларына деген алимент және отбасының басқа да мүшелерінің алименттік міндеттемелері (мысалы, ағалар мен апалар алименті, немерелер алименті және т.б.), бірлесіп тұратын мемлекеттің заңнамасы қолданылады. Егер де бірлесіп тұрмайтын болса, онда алимент алуға мүдделі азаматтың азаматтығына қарай заңнама қолданылады.
Минск конвенциясы бойынша ата-аналардың кәмелетке толған балаларына деген алименттік міндеттемелер және басқа да отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері өзара бірлесіп тұрған мемлекеттің заңнамасымен анықталады, егер бірлесіп тұрмаған болса, алимент алуға құқығы бар талапкердің азаматтығына байланысты сол мемлекеттің заңнамасы қолданылады.
Әдебиеттер
- 1.Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы №2337, 19маусым 1995жылғы «Қазақстан Республикасында шетел азаматтарының құқықтық жағдайы» (1997жыл 19маусымда ҚР Заңы №134-1-өзгерістер енгізілген).
- Иванова С.А. Процессуальные особенности рассмотрения дел о взыскании алиментов. Учебное пособия.- Изд. М.: «Московского университета», 1975.- 88бет.
- Неке және отбасы туралы Қазақстан Pеспубликасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321-I Заңы. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 23, Жанұялық құқық.- Алматы: «Юрист» 2005.- 139бет.- ҚР 24.12.2001ж., №276-II, 20.12.2004ж. №13- III Заңдарымен енгізілген өзгерістермен
- Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық.- Алматы: Жеті жарғы, 2006.- 165 бет.
- Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысы 1995 жыл 24 ақпан №202.
- О ратификации конвенции о правовой помощи и правовых отнощениях по гражданским, семейным и уголовным делам Закон РК от 10 Mарта 2004года №531-ІІ, Международное частное право.- Изд. «Юрист», Алматы: 2004жыл 84бет.