Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кепіл туралы шарттың жасалу мәселелері

Көп жағдайда кепіл туралы шарт құқық қатынастарының пайда болуының негізі болып табылады. Кепіл туралы шарттың маңызды жағдайларының бірі, ол заңмен көрсетілгендей тараптардың арасында кепіл мен оны бағалау құны, кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің мәні, мерзімі мен мөлшері жөнінде келісім болу қажет. Бұл жағдай міндетті түрде кепіл туралы шартта көрініс табуы керек. Сонымен қатар кепіл туралы шартта кепілге салынған мүліктің қай тараптың иелігінде қалатындығы жөнінде және сол мүлікті пайдалануға болатындығы не болмайтындығы жөнінде міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Кепіл туралы шартта осы аталған мән- жайлардың көрініс таппауы, оның жарамсыздығына әкеп соғады.

Мүліктің құрамы жөніндегі мәліметтер кепіл туралы шарттың өзінде көрсетілуі мүмкін не болмаса шартқа қосылатын қосымша да көрсетілуі мүмкін. Кепіл мәнін сипаттауға үлкен көңіл бөлу керек, мүліктің өзіне тән ерекшеліктерін және белгілерін мұқият сипаттап жазу керек. Неге десеңіз кепіл затын басқа көптеген заттардан бөліп алу мүмкіндігі болу керек немесе кепіл затының топтық белгілерінің ерекшеліктерін жазу қажет. Айналымдағы тауарларды кепілге салу кезінде мұның маңызы үлкен болуы мумкін. Кепіл туралы шартта кепіл пәнінің құны шарттың болуы маңызды роль атқарады.

Біріншіден кепіл мәні болып белгілі бір құны бар мүлік болады. Себебі егер борышқор  кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған жағдайда несие беруші сатылған мүлік құнынан өз талабын қанағаттандыруы керек емес пе. Сондықтан да кепіл пәнінің іс жүзіндегі құнын алдын-ала болжап, шартта көрсету негізгі міндеттеме бойынша несие берушінің өз талабын қанағаттандыруына мүмкіндік береді.

Екіншіден, кепіл пәнінің құнын алдын-ала болжамды түрде анықтау, кепіл пәнінің кездейсоқ бүлінуі немесе жойылу жағдайында керек болуы. Кепіл туралы шартта көрсетілген құн болжамды болғандықтан, екі тарапта оның іс жүзіндегі құны жөнінде дау тудыра алады. Егер кепіл ұстаушының иелігіне берілген мүлік бүлініп не жойылып қалса, кепіл ұстаушының жауапкершілігін анықтау мәселесінде кепіл беруші мүліктің шартта көрсетілген құны, іс жүзіндегі құнынан жоғары екенін дәлелдеуге құқы бар өз кезегінде кепіл ұстаушы оған қарсы шығуына құқы бар.

Кепіл туралы шарттың маңызды шарттарының бірі міндеттеменің мәні дегеніміз - сол міндеттеменің пайда болуына түрткі болған мән-жайлар. Осы аталған мән-жайлар міндетті түрде кепіл шартта көрсетілуі керек /1/.

Азаматтық кодекстің 307 бабында орын алған бұл мән-жайлар абсолютті сипатта емес. Кодекспен кепілдің кейбір түрлеріне байланысты шарт жасалғанда, онда қосымша мән-жайлардың көрсетілуін талап етілуі мүмкін. Мәселен айналымдағы тауарларды кепілге салу туралы шартта кепіл пәні ауыстырылуы мүмкін тауарлардың түрлері сипатталып жазылуы қажет.

Ал, Азаматтық Кодекстің 307 бабының 2 тармағында көрсетілгендей кепіл туралы шарт жазбаша түрде жасалуға тиіс. Бұл тарапты орындамау шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.

Егер де кепілге салынған мүлік мемлекеттік тіркеуге жататын болса, онда кепіл туралы шартта кепілге салынған мүлік тіркелетін органда тіркелуі қажет. Демек кейінгі салынатын мүлік тіркелетін органда, сол мүлікті кепілге салу туралы шарт тіркелмей, одан заңды салдар туындамайды, яғни шарт жарамсыз болып табылады.

Кепілге салынған мүлікті жария саудаға салып сатқан ретте, сондай-ақ оны сату мүмкін болмаған ретте тоқтатылады. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені борышқор орындамаған жағдайда, несие берушінің талабын кепілге салынған мүлік құнынан қанағаттандыру үшін сақталады /2/.

Бірақ мұндай да негізгі міндетттеме бойынша борышқордың міндеті тоқтамайды. Егер кепілге салынған мүлікті сату нәтижесінде алынған ақша сомасы несие берушінің талабын толық көлемде  қанағаттандыра алмаса, онда несие беруші борышқордың басқа мүлкінен қанағат алуына құқығы бар. Бір ескере кететін нәрсе бұл жағдай да несие берушінің кепіл ұстаушыға берілетін артықшылқ құқығы болмайды. Міне осы көрсетілген жағдайларда кепіл тоқтайды екен. Егерде кепіл тіркелуге жататын болса онда кепіл туралы шарт тіркелген реестрде белгі соғылуы тиіс.

Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме орындалғаннан кейін және жоғарыда көрсетілгендей (АК-тің 322 бабында 3 тармағы) кепіл берушінің талабы бойынша (АК-тің 312 бабы 3 тармағы) кепіл тоқтатылғанда кепіл ұстаушы иелігінде кепілге салынған мүлікті кепіл берушіге дереу қайтаруы керек. Кепіл ұстаушы бұл міндетін орындамаса, онда ол осы орындамаудан туындайтын кепіл берушінің шығындарын көтереді, өтейді (АК-тің 366 бабы).

Кейінгі салынған мүлікті мемлекет мемлекеттің қажеттеліктері үшін заң құжаттарына сай негіздер мен тәртіптер бойынша алып қойса, яғни сол мүлікке деген меншік құқығы тоқтатылса, сонымен қатар реквизициялау немесе ұлт меншігіне айналдыру салдарынан тоқтатылса және сол үшін кепіл берушіге басқа мулік немесе тиісінше өтем ақы берілсе, кепіл құқығы оның орнына берілген.

Бұл жөнінде Азаматтық Кодексің 310 бабында айқын жазылған. Қазір біз кепілге салынған мүлік тіркеуге жатса, онда сол мүлікті кепілге салу туралы шартта тіркеуге жатады деп айтып кеттік.

Енді мемлекеттік тіркеуге жатпайтын қозғалатын мүлікті кепілге салу туралы шартта тіркеуге жатады. Бұл жөнінде 1998 жылы 30 маусымда шыққан Қазақстан Республикасының заңның 5 бабында көрсетілгендей кепіл туралы шарттың немесе кепіл мәні жазылған басқа шарттың тараптарының біреуінің талабы бойынша; егер кепіл  туралы шартпен  немесе кепіл  мәні  жазылған шартпен  кепілге  салынған мүлікті  кейінгі  кепілге салуға тыйым салынса, кейін осы көрсетілген жағдайларда қозғалатын мүлікті кепілге сату міндетті түрде тіркелуі қажет.

Азаматтық Кодекстің 308 бабына оралсақ кепiлмен қамтамасыз етiлген борыштық талап қоюдың сипаты мен мазмұны өзгерген кезде, банктiк қарыз шартының тараптары шарт бойынша сыйақы мөлшерiн немесе есептеу тәртiбiн, сондай-ақ осыған байланысты iс-әрекеттердi өзгерту және өтеу мерзiмiн өзгертудi қоса алғанда, төлем кестесiн өзгерту мүмкiндiгi көзделген жағдайларды қоспағанда, қосымша тiркеу жүргiзiледi. Кепiлге салынған мүлiкке меншiк құқығы басқа адамға көшкен жағдайда реестрге кепiлдi жаңа меншiк иесiне ауыстыру         туралы                                               жазба        жасалады. Неге десеңіз, Азаматтық Кодекстің 323 бабына сай кепiлге салынған мүлiктi ақылы немесе тегiн иелiктен айыру нәтижесiнде не әмбебап құқықты мирасқорлық тәртiп бойынша мүлiкке меншiк құқығы немесе шаруашылық жүргiзу құқығы кепiл берушiден басқа адамға көшкен ретте кепiл құқығы сақталып қалады.

Азаматтық Кодекстің 308 бабының 2 тармағында қарастырылған талаптарды орындамау тіркеуді жүргізетін органның жауапкершілігіне әкеп соғады. Сонымен қатар заң бойынша берілуге болатын және берілуге тиіс мәліметтерді қасақана өзгерту, жасыру іс-әрекеттері заңмен пайдаланған тәртіпте қудаланатындығы жөнінде ескертілген.

Азаматтық Кодекстің 322 бабына сәйкес негізгі міндеттеменің борышқорымен орындалуына байланысты кепіл шарты өз күшін жояды, соған орай осы баптың 2-ші тармағында көрсетілгендей кепілдің тоқтатылғаны туралы кепіл туралы шарт тіркелген реестрде белгі соғылуға тиіс. Негізгі міндеттемені орындаған кепіл беру реестірдегі кепіл туралы жазбаның жойылуын талап ете алады. Оған қоса кепіл берушінің талабы бойынша кепіл ұстаушы тіркеуді жүргізетін органга қажетті құжаттар мен жазбаша арыздарды табыс  етуге міндетті. Кепіл ұстаушының кепіл берушінің талабын орындамаған не мерзімінде орындамағандық салдарынан кепіл берушіге белгелі бір зиян келетін болса, кепіл ұстаушыдан келтірілген зиянның орнын өтеуді талап етуіне кепіл берушінің құқығы бар.

Сонымен кепіл құқығына тоқталайық.

Кепіл құқығы дегеніміз - кепіл пәнінің сақталуын қамтамасыз ететін кепіл ұстаушыға берілген мүліктік құқықтарының жиынтығы осы мүліктік құқықтарына тоқтала кетейік, мәселен Азаматтық кодекстің 303 бабының 2 тармағында көрсетілген кепілге берілген кепіл пәнін иелену құқығы (кепiлзат - кепiлге салынған мүлiктi кепiл берушi кепiл ұстаушының иелiгiне беретiн кепiл түрi. Кепiл ұстаушының келiсiмiмен кепiлге салынған зат кепiл ұстаушының құлпы салынып, мөрi басылып, кепiл салушыда қалдырылуы мүмкiн.  Кепiл мәнi кепiл туралы куәландырылатын белгiлер салынып (анық кепiл), кепiл берушiнiң иелiгiнде қалдырылуы мүмкiн) немесе АК-тің 312 бабының 2 тармағында қарастырылған кепiл ұстаушы және кепiл берушi басқа тарапта тұрған кепiлге салынған мүлiктi құжаттар бойынша және оның iс жүзiнде бар екендiгiн, көлемiн, жай- күйiн және сақталу жағдайын тексеруге құқығы, 311 жзне 315 баптарында көрсетілген, кепіл берушінің кепілге салынған мулікке билік ету құқығын шектеу құқығы. Міне осы аталған құқықтарға қоса кепіл құқығына АК-тің 299, 317, 318 баптарында қарастырылған борышқор кепілімен қамтамасыз етіп міндеттемені орындамаған жағдайда кепіл ұстаушының кепілге салынған мүліктен ақы өндіріп алу құқығы да кіреді. Міне осы аталған құқықтар және Азаматтық кодекстің 316 баптарында, 318 бабында көрсетілген құқықтар кепіл құқығын құрайды.

Азаматтық кодекстің 310 бабы кепіл құқығының пайда болуына арналған. Осы бапка сай кепiл туралы шартта өзгеше көзделмегендiктен, кепiл құқығы кепiлi тiркелуге жататын мүлiк жөнiндегi шартты тiркеу кезiнен бастап, басқа мүлiк жөнiнен - бұл мүлiктi кепiл ұстаушыға берген кезден бастап, ал егер ол беруге жатпаса, кепiл туралы шарт жасасқан кезден бастап пайда болады.

Бірақ та бұл ережелерде қолдану барысында біз бір жағдайды ескеруіміз керек. АК-тің бабында жазылғандай кепіл тек кана іс жузіндегі талапты қанағаттандырады. Сондықтан да кепіл шарттың  жасалып оның тіркелгеніне қарамастан немесе кепіл пәнінің кепіл ұстаушыға берілгеніне қарамастан, кепілмен қамтамасыз етілген борышқордың міндеттемесі пайда болмай, кепіл құқығы пайда болмайды. Мұндай жағдай қарыз шартын жасау негізінде пайда болуы мумкін. Қарызда қамтамасыз ететін кепіл шартын жасағанмен борышқор ақша сомасын алмай кепіл құқығы пайда болмайды.

Енді осы баптың 2-ші тармағына көшейік, мұнда АК-тің 327 бабына сілтеме жасалған. Сол бапқа сай, кепiл берушi иелiктен айырған айналымдағы тауарлар оларды алушының меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе оралымды басқаруына көшкен кезден бастап кепiлге салынған нәрсе болудан қалады, ал кепiл берушi сатып алған, кепiл туралы шартта аталған тауарлар оларға кепiл берушiнiң меншiк немесе шаруашылық жүргiзу құқығы пайда болған кезден бастап кепiлге салынған нәрсеге айналады. Өздеріңізге белгілі АК-тің 322 бабына сәйкес, кепіл пәнінің толық бүлінуі немесе жойылуы кепіл құқығының тоқталуына әкеп соғады. Бірақ  кепіл пәні сақтандырылған болса, онда кепіл құқығы кепіл ұстаушының кепілге салынған мүлік кімнің пайдасына сақтандырылғанына қарамастан, оның жоғалғаны немесе бүлінгені ушні төлейтін сақтандыру өтемінен қанағат алу құқығына ауысады. Бұл жағдайда жоғалу немесе бүліну кепіл ұстаушының кінәсынан болмауы тиіс.

Әмбебап құқықты мирасқорлық тәртiп бойынша мүлiкке меншiк құқығы немесе шаруашылық жүргiзу құқығы кепiл берушiден басқа адамға көшкен ретте кепiл құқығы сақталып қалады. АК-тің 323 бабы осы мәселеге арналған.

Кепілге салынған мүлік ақылы немесе тегін иеліктен айыру нәтижесінде кепіл берушіден басқа адамға көшкен реттерде кепіл құқығы сақталып қалады. Мәселен, кепілге салынған мүлік сатылып жіберілуі немесе сыйға тартылуы мүмкін. Сонымен қатар әмбебап құқықты мирасқорлық тәртіп бойынша мүлікке меншік құқығы немесе шаруашылық жүргізу құқығы кепіл берушіден басқа адамға (тұлғаға) көшкен ретте де кепіл құқығы сақталып қалады. Мәселен, мұрагерлік жолмен мулікке ие болғанда, заңды тұлғаны қайта құру жолымен мулікке ие болғанда. Кепілге салынған мүліктің жаңа меншік иесі немесе сол мүлікке деген шаруашылық басқару құқығына ие болған ұйымның мүліктің кепілге салынғанын, салынбағанын білген, білмегеніне қарамастан кепіл құқығы сақталып қалады.

Кепілге салынған мүлікке құқықтық мирасқорлық тәртібінен болған жаңа меншік иесі немесе мулікке деген шаруашылық басқару құқығына ие болған тұлга бірден кепіл туралы шарттың тарабы болып шыға келеді де, кепіл берушінің құқықтары мен міндеттеріне ие болады. Егер де кепілге салынған мүлік құқықты мирасқорлық тәртібімен бірнеше тұлғаның иелігіне өтсе екі тарап қатысқан кепіл туралы шарт дереу бірнеше  кепіл берушілер қатысатын кепіл туралы шартқа өзгертіледі. Жалпы ереже бойынша бұл жағдайда әрбір кепіл беруші өз иелігіне өткен салынған мүліктің бөлігінің көлемі бойынша жауапкершілікте болады. Егер де құқықты мирасқорлық тәртібімен бірнеше тұлғаға өткен кепілге салынған мүлік бөлінбейтін болса, онда  кепілге салынған мүлік құқықты мирасқорлардың ортақ бірлескен меншігіне айналады. Сондықтан да құқықты мирасқорлар ортақ кепіл берушілерге айналады. Ортақ кепіл берушілердің жауапкершілігі ортақ бірнеше меншіктегі кепіл салынған мүлік құнымен шектеледі. Тағы бір айта кетер нәрсе ортақ бірлескен меншіктің пайда болуына тек қана мүліктің бөлінбейтіндігі түрткі болмайды, басқа негіздерде ортақ бірлескен меншіктің пайда болуына әсер етуі мүмкін.

Кепіл туралы шарт бойынша құқықтарды беру АК-тің 339-347 баптарымен реттеледі. Кепіл ұстаушы кепіл туралы шарт бойынша несие берушінің құқықтарын беру туралы ережелерді сақтай отырып өз құқықтарын басқа тұлғаға бере алады /3/.

Кепіл институты әлі де болса терең, жан-жақты зерттеуді қажет ететін институт болып табылады. Өкінішке орай, бізде кепіл институтына арналған зерттеуге бағытталған әдебиеттер, мақалалар өте аз, саусақпен санап алуға болады. Мұның бір себебі кепіл құқығынан туындайтын даулы мәселелердің аздығынан болса керек. Сонымен қатар, кепіл құқығын реттейтін нормативтік құжаттардың өзінде кемшіліктер байқалады. Мәселен, Азаматтық Кодекстің 311-бабының 2-тармағында «егер кепіл туралы бұрынғы шарттарда тыйым салынбаса, қайтадан кепіл салуға жол беріледі» деп көрсетілген. Осыған байланысты Д.Братусь өз еңбегінде «кейінгі кепіл туралы бірнеше шарттармен тыйым салынбайды, тек кепіл туралы бір ғана шартпен тыйым салынады. Сол себептен Азаматтық Кодекстің 311 бабының 2-ші тармағын өзгертіп, сәйкесінше жазу қажеттілігі көрініп   тұр» /5/, деп өз пікірін білдіреді.

Біз бұл пікірді толық қолдаймыз, неге десеңіз шынында да кепілге салынған мүлікті кепіл берушінің басқа міндеттемесі бойынша қайтадан кепілге салуға кепіл туралы шартпен тыйым салынса, онда кепіл беруші кепілге салынған мүлікті қайтадан кепілге салуға құқығы жоқ. Сол себепті біз өз тарапымыздан Д.Братусьті қолдай отырып, Азаматтық Кодекстің 311 бабының 2-тармағына сәйкесінше өзгертіліп жазылса деген ұсыныс білдіргіміз келеді. Сонымен қатар Д.Братусь  аталған Азаматтық  Кодекстің 305 бабының 2-ші тармағын сынға алып, мына мәтінде жазылса деп ұсыныс жасайды: «Затты кепілге беруші болып меншік иесі не меншік иесінің келісімімен оған шаруашылық жүргізу құқығы бар тұлға немесе заң құжаттарымен қарастырылған басқа тұлға да бола алады» деп ұсыныс жасайды. Өте орынды айтылған ұсыныс.

 

Әдебиеттер

  1. Кассо Л.А. Понятие о залоге в современном праве. - М., Статут,
  2. Диденко А.Г. Гражданское законодательство Республики Казахстан: Статьи, комментарии, практика. Выпуск 11. - Алматы ТОО «Баспа», 2001.
  3. Гражданское право. Том І. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. Алматы, 2000г.
  4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлім, 27.12.94ж. – Алматы: «Жеті жарғы»,
  5. Братусь Д. Основные элементы понятия залога. Гражданское право. Учебник пособие. // Под. ред. А.Г. Диденко, Алматы.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.