Контрабанда, ең алдымен, мемілекеттің эканомикалық мүддесіне нұқсан келтіреді,себебі мемлекеттік органдардың қызметі, біріншіден - әкелінетін және шығарылатын тауарларга белгіленген алымдар бюджетке түспейді. Екіншіден , елдің эканомикасы үшін өте қажетті болғандықтан сыртқа шығаруға тыйым салынған тауарлар (стратегиялық мақсаттағы шикізат) әкетіледі. Контрабанданың негізгі тікелей объектісі – мемілекеттің қаржылық қызметі. Қосымша объектісі – ҚР кедендік шекарасын кесіп өту ережесі.
Контрабанданың затына және субъектісіне байланысты оның факультативті объектілеріне қоғамдық қауіпсіздік, ҚР саяси мүддесін, Қазақстан халқының денсаулығын, қоғамның моральдық бастауы, Қазақстан халқының тарихи – мәдени мұралары жатады.
Қылмыстың заттары - тауарларымен басқадай заттар. ҚР Президенттің 1995 жылғы 20 шілдедегі «ҚР кеден ісі туралы» заң күші бар Жарлығының 18- бабының 18- тармағында сәйкес, тауар дегеніміз – материялдық дүниенің кез келген материялдық заты, оның ішінде валюта, валюталық құндылық, қуаттың электр, жылу немесе басқа түрлері және баптың 25 – тармағында көрсетілген көлік құралдарынан басқа көлік құралдары, ал осы баптың 21 – тармаында сәйкес көлік құралдарына «халықаралық тасымалдау және тауарлар үшін пайдаланылатын кез келген құрал, оған контейнер мен басқа да көліктік құрал – жабдықтар жатады ». Сонымен қатар, кедендік шекара арқылы алып өту үшін арнаулы ереже белгіленген, кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған заттар мен құндылықтар да бұл қылмыстың заты бола алады.
Кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған салынған заттардың тізбесі ҚР Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 ақпандағы «ҚР шекарасы арқылы алып өтуді декларатциялау және оның тәртібі туралы» қаулысының № 5 тіркемесінде берілген. Оған мемлекеттік және қоғамдық құрылысты күйретуге бағытталған, соғысты, террорды, зорлықты, нәсілшілдікті насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұндағы материалдар, өнер туындылары, көне заттар және басқа едәуір көркемдік, тарихи, ғылыми немесе мәдени құндылығы бар заттар кірген. ҚР кедендік шекарасы арқылы алып өтуге шектеу салынған заттар тізбесі сол қаулының №6 тіркемесінде берілген. Оған ғылыми, көркемдік, тарихи немесе мәдени құндылығы бар заттар, есірткі затына жатпайтын дәрі – дәрмектер, радиоэлетрондық құралдар, байланыс құралдары және жоғары жиілікті құрылған құрылғылар, жарқырауық тастардың (құнды тастардан басқа), коллекциялық және сирек минералдардың, палеонтологиялық қалдықтардың үлгілері, авто, мото көлік құралдары және басқалар кірген.
Қылмыстық объективтік жағы – осы кодекстің 250- бабында көрсетілгендерден басқа тауарларды және басқа заттарды ірі мөлшерде кедендік шекара арқылы алып өтуге бағытталған белсенді әрекетпен сипатталады. Жоғарыда аталған Жарлықтың 18-бабының 9-тармағына сәйкес ҚР кедендік шекарасы арқылы алып өту дегеніміз – «тауарларды және көлік құралдарын кез келген тәсілмен ҚР кедендік аумағына алып кірумен немесе сол аймақтан алып шығумен байланысты әрекет жасау, оған халықаралық жіберулермен өткізу, құбыр мен тасымалдау көлігін және электр жүйесін пайдалануда кіреді».
Көрсетілген әрекеттерге мыналар жатады: ҚР кедендік аумағына тауарлады және көлік құралдарын алып кіру, оның ішінде, еркін кедендік қоймалардың аумағына ҚР кедендік аумағының қалған бөлігіне алып кіру – ҚР кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өту; басқа жағдайларда – ҚР кедендік аумағынан тыс жаққа, не еркін кедендік зоналар аумағына, немесе еркін қоймаларға тауарлармен көлік құралдарын алып шығу ниетін жүзеге асыруға тікелей бағытталған әрекеттер жасау, атап айтқанда – «кедендік декларация беру».
Сонымен, тауарларды немесе басқа заттарды алып кірген ҚР кедендік шекарасы іс жүзінде кесіп өтіледі, ал алып шыққанда – кедендік декларация беріледі.
Сондықтан да, ҚР кедендік аумағында алып кіргенде, оның ішінде кедендік зоналар аумағы мен еркін қоймалардан кедендік аумақтың басқа бөлігіне алып кіргенде тауарлар мен басқа заттардың кедендік шекараны іс жүзінде кесіп өткен кезінен бастап, ал тауарларды кедендік аймақтан алып шыққанда, сондай- ақ оларды ҚР кедендік аумағының қалған бөлігіне еркін кедкендік зоналар аумағына және еркін қоймаларға алып кіргенде – кедендік декларация берген кезден бастап контрабанда аяқталған қылмыс болып саналады.
Әдебиеттер
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқық кодексі 2005ж.
- Уголовное право Росси Кудрявцева В.Н, Наумова А.В.
- И.Н.Голованов, В.Е.Перекислов, В.А.Фадеев. Теневая экономика и легализация преступных доходов., СПб:2003.
- Ю.Гармаев. Преступления в сфере ВЭД как объект уголовного права и криминалистики./ Уголовное право. № 2002.
- С.Душкин, С.Русов., Уголовное законодательство стран дальнего зарубежья о преступлениях в сфере таможенного дела./ Уголовное право. №2.