Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Діни экстремизм» ұғымы және оның кешенді түрде талқылануының кейбір қырлары

«Діни экстремизм» ұғымы қазіргі уақытта әр түрлі ғылым салалары бойынша талқыланып жатқандығы рас. Әрине бұл құбылыс кешенді, обьективті, жан-жақты зерттелу деңгейінде емес. Оның мынандай негізгі себептері мен күрделі мәселелері бар: біріншіден, әлі күнге дейін әр түрлі ғылым салаларының зерттеу жұмыстары кешенді түрде жүргізілмеуі; екіншіден, аталмыш ұғымның мәнін түсінудегі түрлі  талқылаудың орын алуы; үшіншіден, «діни экстремизм» ұғымына қатысты ғылыми пікір-таластардың теология мен ғылым салаларынын арасында туындауы; төртіншіден, оны зерттеудің теориялық-әдістемелік және тәжірибелік аспектілерінің кешенді түрде жүйеленбеуі; бесіншіден, осы құбылыстың халықаралық сипат алуы. Міне, осындай себептер мен  күрделі  мәселелердің  орын алуы,  сонымен  қатар олардың әлі де реттеліп шешілмеуі «діни экстремизм» ұғымының кешенді түрде талқылануына кедергілер келтіретіндігі ақиқат. Соған  қарамастан «діни экстремизм» ұғымына қатысты мәселелерді зерттеуге тиісті ғылым салалары бойынша талқылануы мен оны зерттеушілердің талдаулары қарастырылады.

Саясаттанушы және басқа да ғылым салалары бойынша зерттеушілердің көпшілігі «діни экстремизм» ұғымын қолданудан гөрі, одан да «діни-саяси экстремизм» ұғымын қолдану қажет деп есептейді. Мысалы, А.А. Нуруллаев пен Ал.А. Нуруллаев аталған терминді қолдануды жөн көреді. Олардың пікірі бойынша «соңғы ондаған жылдардан бері кең құлаш жайыла бастаған экстремистік құбылыстар діни  постулаттармен байланысты болады, алайда саяси шеңберде жүзеге асуда. Сол себептен «діни экстремизм» ұғымы бұларды толыққанды  қамти алмайды».  Олар  «діни-саяси экстремизм»  ұғымына анықтаманы  мына мазмұнда    береді:

«діни-саяси экстремизм – бұл мемлекеттік құрылымды өзгертуге немесе өкіметті зорлықпен басып алуға, мемлекеттің тәуелсіздігіне және аумақтық тұтастығын бұзуға, қарулы құрылымдарды заңсыз құруға, діни немесе ұлттық жауыздық пен жеккөрушілікті қоздыруға бағытталған діни мотивацияланған немесе діни бүркемеленген іс-әрекеттер» [1,84]. Ал, А. Журавский мына бір қисынды тұжырым жасайды: «сараптама – бұл диагнозды анықтау. Егерде пациентке дұрыс емес диагноз қойылса, онда оны емдеу нәтижелі болмайды немесе өлімді болуы мүмкін. Өйткені, мемлекет пациент ретінде болады, оған ондай саяси диагнозды қойып ойнау тым қымбатқа түседі. Сондықтан сарапшылық көзқарас тұрғысынан «діни экстремизм» термині толыққанды дұрыс» [2]. Оның осы тұжырымы дұрыс. Өйткені, көптеген зерттеушілер дін мен діни  экстремизмнің айырмашылығына, ерекшеліктеріне, шығу тектеріне және басқа да жағдайларына толыққанды мән бере бермейді. Сол себептен де қателеседі. Жоғарыда аталған екі зерттеуші діни-саяси экстремизмді саяси экстремизмнің бір түрі болып табылады, -деген ой-пікірін білдіреді [1,84]. Бұл ой-пікір қисынды емес. Өйткені саяси экстремизм мына эволюциялық тізбекте қалыптасып дамиды: саяси радикализм – саяси экстремизм – саяси лаңкестік. Ал, діни экстремизм мына тізбек бойынша қалыптасып дамиды: діни радикализм – діни экстремизм – діни лаңкестік. Бұл екі термин экстремизмнің ең негізгі түрлері болып табылады. Сондықтан екеуін біріктіріп экстремизмнің «жаңа» түрін шығаруы қисынсыз. Саяси экстремизмнің ең басты мақсаты саяси билікке қол жеткізу. Онда діни мемлекетті құру деген мақсат қойылмайды және діни экстремистік идеологиялық база мүлдем жоқ. Тек оны қосымша идеологиялық құрал ретінде пайдаланады. Сол сияқты діни экстремизмде саясатты тек қосымша идеологиялық құрал ретінде пайдаланады. Әр қайсысының өзіндік идеологиялық базалары болады. Сонымен бірге олардың идеологиялық мақсаттары да өзгеше болып келеді. Идеологиялық база мен идеологиялық құрал делінген ұғымдар бір-бірінен өзгеше ерекшеліктерімен болады. Сонымен бірге саясатты және діни экстремистік идеяларды этникалық негіздегі лаңкестік пен сепаратизмде де қосымша идеологиялық құрал ретінде пайдаланады. Демек, «діни экстремизм» ұғымына анықтаманы саяси боямамен беру ешқандай нәтиже бермейді.

Криминология жалпы ғылымның маңызды саласына жатады. Себебі ол құқықтану, қылмыстық құқық және басқа да құқықтық пәндермен тығыз қатынаста, сонымен қатар әлеуметтану, халықаралық құқық, оның ішінде халықаралық қылмыстық құқық, статистика, криминалистика, психология, саясаттану мен конфликтология және де басқа да ғылым салаларымен бірге біршама пәнаралық қатынастары бар. Қазіргі кезде әлемнің көп жерінде лаңкестік актілер болып жатқандығы рас. ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап, лаңкестіктің конфликтогендік әлеуеті айрықша көтеріліп келеді. Бүгінгі таңда жер жүзінде заңсыз 500-ден астам лаңкестік ұйымдар бар. 1960 – 1980 жылдар аралығында 6700 – дей лаңкестік актілер болды, соның нәтижесінде 3668 адам өлді және де 7474 адам жараланды [3,19]. Ал, Ресей Федерациясы аумағында ресми мәлімет бойынша, 2003 жылы 561 лаңкестік актілер тіркелді. Осы мемлекетте 2007 жылы 48 лаңкестік актілер болды [4,4]. Әрине мұндай лаңкестік актілер әлемнің көптеген мемлекеттер аумағында болып өтті. Жалпыәлемдік лаңкестік актілер туралы статистикалық мәліметтер туралы жоқтың қасы деуге болады. Бұл жағдайлар әсіресе статистика мамандарына, әлеуметтанушылар мен криминологтарға қиындық туындатады. Сол себептен лаңкестік немесе діни экстремистік бағыттағы қылмыстардың ахуалын, құрылымын және динамикасын толыққанды деңгейде зерттеп саралауға және жалпы бақылауға, сонымен қатар стратегиялық болжамдар айтуға кедергі келтіреді. Криминология пәні аясында жалпы қылмыстылықты зерттеуден басқа, жеке тұлға жөнінде зерттеулер жүргізіп келеді. Лаңкестер арасында 18 – 29 жастағылар 68,5% пайызды құрайды, ал лаңкестер болып табылмайтын барлық қылмыскерлер - 50,6% ; 40 – 49 жастағылар 5,2% және 16,3%. Лаңкестер арасында 50 жастан асқандар болмады, сол кезде барлық қылмыскерлер арасында 5% . Сонымен лаңкестердің орта жасы – 27,9 жас, ал  басқа қылмыскерлердің орта жасы – 32,1 жас [5,70]. Ал Л.С. Рубанның келтірген дерегі бойынша этникалықаралық қақтығыстардың жаппай (90% дейін) және белсенді қатысушылары ретінде жастар болып табылады, өйткені олар әлеуметтік тәжірибиесі аздығынан алдап-арбауға тез көндігеді [6,178]. Шынында барлық лаңкестік ұйымдар өздерінің қатарына жастарды тартуға мүдделі. Себебі жастар лаңкестік актілерді жүзеге асыруға икемді, әрі оларды оқып-үйрету жеңіл. Олар әлеуметтік орны тұрғысынан жасы келіп қалғандарға қарағанда лаңкестерге өте тиімді болады.

М.В. Ломоносов атындағы ММУ–нің ғалымдары өткізген әлеуметтік зерттеулерге сәйкес азаматтардың 2- 3% пайызы агрессияның әрдайым ұстанушылары болып табылады (экстремизмге бейімделген), ал 10 - 15% төңірегінде экстремистік идеология мен үгітке ұшыраған [7,22]. Жалпы адамдардың кейбіреулері сезімге берілгіш келеді. Психологиялық сезім адамның рухани жағының ең нәзік жері болып табылады. Сондықтан лаңкестік және діни экстремистік ұйымдар мұны сөзсіз пайдаланады.

М. Вершинин өзі жазған еңбегінде лаңкестік ұйымның қатарына кіргізу кезіндегі «арбаудың» психологиялық үрдісін қысқаша былайша түсіндіреді: «рухани жиһад» өз кезегінде «арбаудың» психологиялық үрдісінің бір бөлігі болып табылады және ол үш саты бойынша жүзеге асырылады: «еріту», «өзгерту» және «қатырып тастау» (К. Левиннің «өзгертулер теориясы» бойынша). «Арбау» үрдісі кезінде арбалған жеке тұлғаға манипулятивтік әдістердің жәрдемімен және де психикасына әсер ету арқылы оны өз басшысының бақылауына алынғанға дейін жалғасады. Бұл аталған техника «сананы бақылаудың техникасы» деп аталынады және әлеуметтік психологияда тыңғылықты зерттеледі [8]. Діни экстремистік ұйымдардың барлығы осындай психологиялық үрдістерімен өздерінің діни экстремистік идеологиясын адамдардың санасына қалыптастыруға іс-әрекеттер жасайды.

Н.В. Володинаның пікірінше «діни негіздегі экстремизм – бұл дінде ең шеткі көзқарастар мен  іс- әрекеттерді жақтаушылық. Мұндай экстремизмнің негізін демагогиямен байланысқан зорлық, ең шеткі қатыгездік пен агресшілдік құрайды» [9]. Бұл зерттеушінің дін мен діни негіздегі экстремизмді бір тұтас қарауы дұрыс емес. Себебі мұндай негізсіз ой-пікірлермен әуелі өзін, содан кейін басқаларды сөзсіз шатастырады. Ол дін мен діни экстремизмді обьективтік тұрғыдан ажыратпайды. Тек субьективтік көзқараспен қарайды. Біздің көзқарасымыз  бойынша  «діни негіздегі  экстремизм» ұғымын қолдану қисынға  келмейді.  Өйткені  дін атаулы «экстремизм» ұғымын негіздемейді. Ал «діни экстремизм» ұғымын қолдану дұрыс. Бұл құбылыс қылмыс құрамының субьективтік жағының міндетті белгісі болып табылатын «кінә» ұғымы және діни заң тұрғысынан қолданатылатын «күнә» ұғымы бойынша сараланады.

А. Журавский өз мақаласында «әрине, әлеуметтік орта көбін анықтайды, саяси элита өздерінің саяси мүдделеріне сенушілер мен өз халықтарын пайдаланады. Экономикалық мәселелерде маңызды. Бірақ, барлық этникалық және діни құбылыстарды экономикалық-саяси негізге апарып телуге болмайды», - дейді [2]. Оның ой-пікірімен келісуге тұрарлық.

Біздің көзқарасымыз бойынша «діни экстремизм» құбылысының таралуы мен дамуының себептік- факторлық кешенін тек дәстүрлі «сыртқы» мен «ішкі» детерминаттардан ғана емес, ең негізгі ықпал ететін діни экстремистік идеологияның «ашық» жәнe «жасырын» детерминаттарынан болады. Негізгі «сыртқы» детерминаттарға мыналар жатады: әмбебаптық халықаралық шарттарда, аумақтық ұйымдар мен екіжақты мемлекетаралық  халықаралық-құқықтық  актілерде,  сонымен  бірге  ұлттық  заңнамаларда  лаңкестік, әсіресе «діни лаңкестік» пен «діни экстремизм» ұғымдары туралы анықтамалардың толыққанды болмауы, миграция, еңбек миграциясы, трансұлттық қылмыстың көбейгені, наркобизнес, діни экспансия, көптеген мемлекеттердің лаңкестік және діни экстремизммен күресуге арналған халықаралық шарттарды ратификация жасамауы немесе өздерінің міндеттерін толыққанды орындамауы, лаңкестер мен діни экстремистерге қатысты экстрадициялау мәселелерінің шешілмеуі, кейбір мемлекеттердің діни экстремистік ұйымдарды тікелей немесе жанама негізде қолдауы, оларды пайдалануы, мемлекеттердің де халықаралық-құқықтық жауапкершілігі халықаралық- құқықтық тұрғыдан толыққанды жүзеге аспауы әрі реттелмеуі және тағы басқа жағдайлар сыртқы себептік негіздер болып табылады.

«Діни экстремизм» ұғымының туындауының «ішкі» детерминаттарына мыналар жатады: «мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға ұмтылуының самарқаулығы; діни экстремизммен күресудің құқықтық, идеологиялық, тактикалық және стратегиялық тұжырымдамалардың жоқтығы немесе төмендігі; кейбір мемлекеттердің діни экстремизммен күресуге арналған ұлттық заңнамаларын халықаралық шарттарға сәйкестендіру мәселелерінің реттелмеуі, мемлекет ішінде ұлтаралық және дінаралық татулық пен толеранттықты сақтауға бағытталған іс-шаралардың дұрыс жүзеге аспауы немесе мұндай тұжырымның мүлдем болмауы; мемлекеттің дінге және діни ұйымдарға нақты мемлекеттік саяси тұжырымдаманың болмауы; діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу үрдісі кезіндегі бірлескен теологиялық-құқықтық сараптаманың мүлдем немесе толыққанды жасалмауы; теология мен құқықтануды жақсы игерген арнаулы сарапшы мамандардың аздығы және т.б».

«Діни экстремизм» ұғымының туындауына ең басты негіз болушы діни экстремистік идеологиядан бастау алатын «ашық» детерминаттың мәнін былайша түсіндіруге болады. Біріккен Ұлттар Ұйымының 30 жылдық талдаулары немесе әлемге белгілі американдық стратегиялық орталық болып табылатын РЭНД ( RAND) корпорациясы мына маңызды жәйтті анықтайды. Ақиқатында «саяси лаңкестік» құбылысына қарағанда «діни лаңкестік» құбылысының халықаралық қауымдастыққа және қоғамға қауіптілік дәрежесі мен қылмыстық зардаптарының көбейгендігі  [8]. «Діни экстремизм»  ұғымының туындауына  ең басты  қозғаушылық беретін «ашық» детерминаттарға мыналар жатады: біріншіден, діни экстремистік ұйымның ең басты мақсаты - діни мемлекетті құру болып табылады. Мұны діни экстремистік ұйымның идеологиялық тұрғыдан тұжырымдалған құжаттарында айқындалып жазылады; екіншіден, діни экстремистік ұйымдар өз қатарларын толықтыру әрі көбейту үшін адамдардың «діни экстремистік және саяси санасын» қалыптастыруға бағытталатын түрлі идеологиялық, психологиялық және басқа да арбаушы әдістер мен іс-әрекеттер арқылы жұмыс жасау; үшіншіден, діни мемлекетті құруды шұғыл түрде жүзеге асыру мақсатында діни радикалды және діни экстремистік іс-әрекеттерге, соңында діни лаңкестік актілерге жалпы жоспарлы дайындық жасаудың діни экстремистік идеологиялық тұрғыдан негізделуі бойынша арнаулы өз-өзін өлтіру, яғни өз-өзін жарып жіберу арқылы алғашқы шабуылдарын жүзеге асыру; төртіншіден, өздеріне қарсы жасалынған операцияларға қарсылықтар жасау; бесіншіден, діни экстремистік ұйым өз мүмкіншілігін арттыру және күшейту мақсатында басқа да лаңкестік, сепаратистік, діни лаңкестік және діни экстремистік ұйымдармен қаржыландыру, соғыс отрядтарын құру және тағы басқа да бірлескен мақсаттары бойынша ынтымақтасуы.

«Діни экстремизм» ұғымының туындауына қосалқы демеу беретін «жасырын» детерминаттарға мыналар жатады: біріншіден, тактикалық және стратегиялық тұрғыдан тұжырымдалған латенттік іс-шараларға көшу; екіншіден, ресми түрде тіркеуге алынатын діни ұйымдар немесе діни бірлестіктерді құруды және де соған құпия түрде лайықты тұлғаларды дайындауды ұйымдастыру; үшіншіден, олармен тығыз байланыс пен ынтымақтастықта болу мақсатында басқа мемлекетте ресми тіркелген діни ұйым, діни бірлестік немесе діни- ағарту орны арқылы қаржыландырып отыру.

Н.В. Степановтың тұжырымдамасы бойынша «саяси және діни экстремизмнің қылмыскерлікпен байланысы көп жағдайда былайша көрінеді: себеп-салдарлық, шарттық, корреляциялық (статистикалық) байланыс, жағдаяттар байланысы және т.б.» [10,3]. Әлбетте оның криминологиялық талдауының негізінде «діни экстремизм» ұғымының қылмыскерлікпен байланысты аспектілерін көрсетуі негізінен дұрыс. Асылында бұл аспектілер көбінесе ішкімемлекеттік жағдайда өрбиді. Алайда діни экстремизм трансұлттық немесе халықаралық сипатқа ұласқанда, аталған аспектілер халықаралық-құқықтық ерекшеліктерімен көрінеді.

Д. Назировтың көзқарасы бойынша «діни, исламистік экстремизм» - бұл мемлекеттік құрылымға қарсы тұруға, өкіметті зорлықпен басып алуға, исламдық тәртіптерді орнатуға бағытталған саяси құбылыс» [11,13]. Көптеген отандық және шетелдік ғалымдар осы анықтамамен мазмұндас ой-пікірлерін білдіртіп жатады. Мұндай көзқарастар ғылыми тұрғыдан дұрыс емес. Себебі, діни лаңкестер мен экстремистердің ұстанған дініне қарап ондай негізсіз ой-пікірлерді айту қисынды емес. Мұндай ой-пікірлер «діни экстремизм» құбылысымен күресуге сөзсіз кедергілер келтіреді.

Э.В. Улезко Солтүстік Кавказдағы республикалардың материалдары негізінде теориялық-әдістемелік және конфликтологиялық талдауы арқылы мынандай тұжырымды білдіреді: «ұлттық және діни (ислами) экстремизм - өзара өтуші, әрине қақтығыссыз да емес, сонымен қатар өзара бірігуі қиындау болып табылады. Зерттеуде негізгі термин ретінде «этнодіни экстремизм» қолданылады» [12,7]. Әрине Солтүстік Кавказ республикаларында түрлі ұлттар мен этностар шоғырланған, сонымен бірге олар ислам және христиан дінін ұстанады. Автор аталмыш аймақтағы сепаратизм, ұлттық және діни экстремизмнің қалыптасуы мен дамуын біршама дұрыс саралаған. Сондықтан бұл аймақта сепаратизм, саяси, этникалық және діни экстремизмдердің туындауы мүмкін. Бірақ, ол аталған құбылыстардың өзіндік ерекшеліктері мен өзара қатынастарын еш қарастырмаған. Осы құбылыстар бойынша іс-әрекеттер жасайтын ұйымдардың бір-бірінен идеологиялық база тұрғысынан өзгешілігін, сонымен бірге өзара саяси ықпалдастық қатынаста болатындығын және бір-бірінін идеологиялық базасын емес, тек ғана идеологиялық құралдарын пайдаланып әрі қолданатындығы автордың назарында болмаған. Сондықтан «этнодіни экстремизм» терминін қолдану қажет емес. Өйткені, ғылыми айналымда экстремизмнің ең негізгі түрі болып табылатын «этникалық негіздегі экстремизм» термині қолданылады.

Р.Х. Дашаевтың пікірі бойынша «діни лаңкестіктің идеологиясын лаңкестік ұйымдардың қасақана мақсаттарына жетуі үшін, зорлықты қолдануға теориялық негіздеумен (діни догмаларды пайдалануымен) бағытталған, ең шеткі радикалды идеялық негіздердің жиынтығы ретінде анықтауға болады» [13,8]. Бұл автордың діни лаңкестіктің идеологиясы жөніндегі анықтамасы жалпы біршама дұрыс жасалған. Алайда ол мынандай негіздерді жүйелі түрде толықтырмаған: біріншіден, әр түрлі себеп-салдарға байланысты діни тұрғыдан радикалды, экстремистік және лаңкестік ең шеткі көзқарас пен санада болатын тұлғалар, одан кейін діни экстремистік идеялар негізінде идеология қалыптасып, кейінен ол діни экстремистік және лаңкестік идеялар мен идеология діни экстремистік және лаңкестік ұйымдарда идеологиялық база болып орнайды; екіншіден, осылардан кейін еріктілік кезеңде нақты діни экстремистік және лаңкестік ниет пен мақсат қалыптасады, ал оған дейін діни экстремистік және лаңкестік ұйымдардың ең алғашқы негізін салушы тұлғалардың санасында, яғни интеллектуалдық кезеңіңде қылмыстық ниеттер пен мақсаттар бастамалы тұрғыдан қалыптасады; үшіншіден, идеологиялық база мына тізбек бойынша қалыптасады, яғни жеке тұлғаның идеясы – тұлғалардың, топтардың идеологиясы – ұйымдардың идеологиялық базасы.

А.В. Резникова қазіргі таңдағы діни экстремизмнің құрылымдық және динамикалық сипаттамаларын қарастыра келе мынандай тұжырым жасайды: «Діни экстремизмді әр түрлі тұрғыдан зерттеп талдануы нәтижесінде негізгі екі тұжырымдаманы бөліп қарастыруға болады, яғни теологиялық және ғылыми. Діни жүйелер ішінде «экстремизм» термині негізсіз, сол себептен діни құндылықтар жүйелері аясында «діни экстремизм» ұғымы орынсыз болып табылады. Бірақ, дін кейде өзінің сенімінің артта қалуын күштеу әдістерімен санкциялайды және барлық «дұрыс емес» нәрселерге қарсылық етеді, сондықтан онда саясаттану және әлеуметтану ғылымында «діни экстремизм» деп атау алған құбылыстың орны бар» [14,9]. Әлбетте «діни экстремизм» ұғымына қатысты ғылыми-пікір таластар мен көзқарастар әлі де бір арнаға келе алмауда. Автордың  «діни  экстремизм»  ұғымына қатысты негізгі пікір-талас  теология мен ғылым арасында   өтіп жатқандығын туралы ой-пікірі дұрыс. Алайда ол әртүрлі діндердің арасында ғана емес, сонымен қатар әр түрлі ғылым салалары арасында әлі де «діни экстремизм» ұғымына қатысты кешенді зерттеулері жеткіліксіз екендігін, тіпті жүйеленбегендігін ескермеген. Әр түрлі діндердің аталған ұғымға қатысты тұжырымдары талданып, соңында объективтік тұрғыдан позитивтік теология ғылымы тарапынан теориялық тұжырымданың жасалмағандығы оның назарында болмаған.

Негізінде мақалада «діни экстремизм» ұғымына қатысты әр түрлі ғылым салалары бойынша зерттеулердің кейбір қырларын ғана талқылауды мақсат еттік. Себебі, аталған құбылысқа қатысты теология мен ғылым салалары арасындағы пікір қайшылықтары мен ғылыми пікір-таластарды басқа арнайы мақалада қарастыруды қажет еттіреді. Бір жағынан позитивтік теология ғылымының ғылыми әлеуеті әлі жетілмеген деуге болады. Соған қарамастан аталған ғылым саласы жоғарыда аталған екі жаққа бірдей төрелік міндетін атқарып, тиісті ғылыми мәселелерді объективті түрде шешуі тиіс. Сонымен осы мақалада қарастырылып талқыланған ой- пікірлер мен тұжырымдамаларды талдай келе, біздің көзқарасымызға сәйкес мынандай ой-пікір тұжырымдамалады және бір ұсыныс етіледі: талқылау барысында әр түрлі ғылым салалары бойынша «діни экстремизм» ұғымына байланысты түсініктік аппараттың біркелкі емес екендігі анықталды.

Әр түрлі ғылым салалары мен әр түрлі діндер арасындағы ой-пікірлер мен ғылыми пікір-қайшылықтар обьективті түрде зерттелмеген. Сонымен қатар әр түрлі діндер мен позитивтік теология ғылымынан бөлек, басқа да ғылым салалары арасында да зерттеулер бір жүйеде емес. Бұл мәселелер ғылыми айналымға ұсынылатын мынандай жаңа термин аясында шешіледі. Ол «кешенді зерттеулер жүйесі» термині. Осы термин бойынша «діни экстремизм» ұғымына қатысты кешенді зерттеулердің теориялық-әдістемелік және тәжірибелік негіздерін бір- бірімен байланыстыру қажет. Бұл күрделенген мәселелер ішкімемлекеттік деңгейде емес, халықаралық деңгейде зерттеліп шешілуі керек. Демек, «діни экстремизм» құбылысын зерттейтін әр түрлі ғылым салалары көмегімен «халықаралық ылыми интеграция» аясында жаңа көзқарастарға бейімделген ғылыми еңбектер жазылуы тиіс.

 

Әдебиеттер

  1. Нуруллаев А.А., Нуруллаев Ал.А. Религиозно-политический экстремизм // Вестник Российского университета дружбы народов.- Сер.: Политология. – 2003. - № 4. – с.84.
  2. Журавский А. Религиозный экстремизм: реальность или фикция? //Религия и СМИ. // http: //www.regilare.ru/article htm
  3. Наматов Н. Религиозный экстремизм в Центарльной Азии. //http: // www. ca-c.org/ datarus/ namatov. Shtml
  4. См.: Нургалиев Р. «Главным критерием о работы является доверие граждан» // Независимая газета. – 02.2008. 5) Гришко А.Я. Личность террориста. //Криминологический портрет. - 2006.- с. 70.
  5. Рубан Л.С. Дилемма 21-го века: толерантность и конфликт. М.: - 2006. – с.178.
  6. Добрынина В., Кухтевич Т. Экстремизм как проявление девиантности и деликтвентности // Наука, культура, общество. - 2006. - №7.– с. 22.
  7. Вершинин М. Методы вербовки и идеологической работы террористических религиозных движений в Повольже, на примере «Хизб- ут-Тахрир». //http: //psyfactor.org/lib/vershininhtml
  8. Володина Н.В. Актуальные проблемы современного экстремизма и терроризма на религиозной основе. Российское Обьединение Исследователей Религии. //http.//rusoir.ru/news/ 23-03-2005-3.html
  9. Степанов Н.В. Криминологические проблемы противодействия преступлениям, связанным с политическим и религиозным экстремизмом: автореф. … канд. юрид. наук:. 2003. – М.: Научно-исследовательский институт проблем укрепления законности и правопорядка при Генеральной прокуратуре РФ, 2003. – с.
  10. Назиров Д. Проблемы терроризма, религиозного экстремизма и пути их преодоления: автореф. … док. филос. наук:. – Душанбе.: Институт философии имени академика А.М. Богоутдинова Академии наук Республики Таджикистан, 2009. 
  11. Улезко Э.В. Противодействие экстремизму в этнорелигиозной сфере: проблемы и перспективы эволюции государственной политики (региональный аспект): автореф. … канд. полит. наук:. – Ростов-на-Дону.: Северо-Кавказская академия государственной службы, – с. 7.
  12. Дашаев Р.Х. Религиозные аспекты современного исламского терроризма (криминологическое исследование): автореф. канд. юрид. наук:. – М.: Московская государственная юридическая академия, 2007. 
  13. Резникова А.Н. Структурные и динамические характеристики современного религиозного экстремизма: автореф. канд. соц. наук:. – Ростов-на-Дону.: Ростовский государственный педагогический университет, 2005.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.