Жаза өтеуден босатудың әлеуметтік функциясын: мемлекеттік репрессияны экономдауда; қылмыстық заңнаманың ізгілігінде; белгіленген институттың алдында тұрған мақсат толық не жартылай қол жеткізілген кезде оны қолдану жөнсіздігінде; босатылған адамды құқықтық мінез – құлыққа ынталандыруда; тергеу органдарын және түзеу мекемелерін «жеңілдетуде» көру дәстүрлі [1; 67-71, 10].
Жалпы айтылған көзқарастарда нақты теориялық маңыздылықты тани отырып, олардың біреуі де жаза өтеуден босату сияқты құбылыстың әлеуметтік – құқықтық тағайындалуы туралы адекваттық көрініс бере алмайтындығын атап өту қажет.
Біріншіден, «репрессияны экономдау» терминін пайдалану қарсылық тудырады. Қылмыстық құқық доктринасында, ол біркелкі түсіндіруді таппағаны мәлім. Әдетте авторлармен жаза тағайындау және оны орындауда жазаның кішігірім көлемдерімен шығу қажеттілігі көрсетіледі.
Осылай, С.Н. Сабанин және А.Я. Тупица, мемлекеттік репрессияны пайдалану - қылмыстық жазаны қолданудың әртүрлі мүмкін салдарын мұқият өлшеуді және қылмыстық – құқықтық әсер етудің қатал емес шарасын жеткілікті негіздер болғанда таңдауға бағдар алуды болжайды [2; 20]. Н.А. Стручков репрессияны экономдауды жазаны орындауда қылмыстық шараны жеңілдету деп қарастырды [3; 91 - 92].
Біздің пікірімізше, «қылмыстық репрессияны экономдау» түсінігі бірінші жағынан, кінәлі адамның қылмысының ауырлығы және қоғамға қауіптілігіне мөлшерлес (шамалас), әділетті жаза тағайындау, екінші жағынан – жаза мақсаттарына жетуге қабілетті, қылмыстық – құқықтық әсер етудің шамасын анықтау ретінде сипатталатын жазаны жекелендіру қағидасына қарама – қайшы келеді [4; 9, 75, 20, 7]. Сот жаза тағайындағанда да, жазаны өтеуден босатуда да мемлекеттік – мәжбүрлеп әсер етуді «экономдауға» құқығы жоқ деп ойлауға болады. Әйтпеген жағдайда бір жағдайда жаза әділетсіз болады, екіншісінде олардың алдында тұрған мақсаттарға жету қиынырақ болады деп анық айтуға болады.
Екіншіден, жаза өтеуден босатудың әлеуметтік тағайындалуын - түзеу мекемелеріне жүктеменің төмендеуінде деп қарастыру дәйекті емес шығар. Жаза өтеуден босату түзеу мекемелерінің материалдық, ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерінің бар немесе жоқтығына байланысты болмауы керектігі анық. Бұдан басқа, мұндай әдістемеде пенитенциарлық ортада әртүрлі қиянат жасаушылықтар үшін кең мүмкіндіктер туады, бұл әрине, жаза өтеуден адамды негізсіз босатумен көрініс табуы мүмкін.
Үшіншіден, зерттеліп отырған феноменнің әлеуметтік функциясы ретінде ізгілік туралы әңгімелер онша көңілге қонымды емес. Расымен де, жаза алдында тұрған мақсаттарға жартылай жеткен жағдайда да, оны әрі қарай өтеу мағынасыз болып көрінеді. Қылмыстық заңнамада жаза өтеуден босатуды туралы нормаларды бекіту сотталған адамға мемлекеттің ізгілікті қатынасы туралы куәландырады, осындай қатынасты сипаттайды, бұл сұрақ бойынша қоғамның ұстанымын бөліп көрсетеді деп айтатын көпшілік авторлармен келісейік. Жаза өтеуден босатудың әлеуметтік – құқықтық мәнін осылауша түсіндіруде жалғыз ғана түсініксіз жәйт – субъектіге осындай ізгілік қатынас не үшін қажет екендігі? Ізгілік қатынастың өзі үшін бе, немесе соңғысы бәрібір де қандай да бір мақсатқа жету үшін тәсілді (тәсілдердің бірін) білдіре ме? Екінші түсіндіру шындыққа жақын екен деп ойлаймыз.
Заң тыңдайтын азаматтарды алуда мүдделі бола отырып, мемлекет, жаза тағайындаудан босату туралы нормалар белгілейді, осылайша субъектінің тез түзелуіне және, нәтижесінде, әрі қарай құқық тыңдайтын мінез – құлыққа ынта құра отырып, түзеу мекемелерінде тұруға тән, сотталған адамның әлеуметтік дезадаптациясынан қашуға тырысады. Демек, жаза өтеуден босатудың әлеуметтік функциясы болып сотталған адамның тез ресоциализациясы табылады [5; 448].
Ресоциализация арнайы әлеуметтік пайдалы нәтиже ретінде келесі факторлар есебінен жетіледі.
Соттың айыптау үкімін қаулы етуі кезінде қолданылатын, жаза өтеуден босатудың кейбір түрлерінде, ол адамды соттау (рақымшылық) арқылы не соттау және одан туындайтын құқық шектеушілік (шартты түрде соттау) арқылы іске асырылады.
Құқық шектеушілік, осы арна үшін қажетті субъекттің мінез – құлқын реттеу және түзеу нәтижелерін тексеру жүзеге асырылатын, адамдардың құқықтық мәртебесінің шараларын тарылтатын, рестриктивтік сипатқа ие. Шартты түрде соттауда құқықшектеушілік болып, мысалы, қылмыстық – атқару инспекциясына тіркелуге адамның келуі шығады.
Оны орындау процесінде жаза өтеуден босатуда ресоциолизация - соттау және жазалық әсер ету көмегімен жетіледі.
Шара жаза мәні болып табылады [6; 17]. Шектеу және айыру жүйесі арқылы жүзеге асырылатын жазалық әсер ету сотталған адамда, оның есінде көп уақытқа қалатын және ешқашанда оны қайтадан сезінбеуге тырысуын тудыратын ерекше уайымдаулар тудырады. Сотталған адамның санасында айыру және шектеулер туралы жағымсыз естеліктер қаншалықты көп терең із қалдырса, оған душар болуға тап болу соншалықты тіленбестей болуы керек [7; 89]. Уайымдаулар, жапа шегулер сотталған адамды режимнің талабын орындауға, өзінің өмірлік ұстанымдарын және мінез – құлқын қайтадан ойлауға ниеттендіреді. Үрей, алаңдаушылық тудыратын жағдай тек адамды әбіржітіп қана қоймайды, ол сонымен қатар оны нақты ой жүгіртуге, өзін - өзі байқауға иетрмелейді де. Және бұл өзін - өзі байқау, егер ол бір ғана айыруды және де жапа шегулерді қабылдаудан ғана емес, әділетті жазаны сезінуге негізделсе, сотталған адамның түзелуі үшін қажет тиімділік береді [8; 59].
Осылай, қылмыстық жаза мәні болып табылатын жаза қолдану, оның алдына қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған.
Жаза өтеуден босатуда ресоциализацияға жетудің басқа тәсілі соттың айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты. Ескіру мерзімінің барлық мерзімі аралығында адам әр кезде жазаның орындалуының басын күтіп, стресс жағдайында болады. Іс жүзінде сөз сотталған адамның мінез – құлқын бақылау туралы емес, мемлекеттік мәжбүр ету шарасын іске асыру қаупінде болумен шарттасқан, өзін - өзі байқау туралы болып отыр. Бұл жағдай рестриктивті шара болатын әсер етулерге ұқсас, себебі сол және өзге жағдайда индивид жазаның түсу мүмкіндігін сезінеді. Және егер ұзақ уақыт аралығында субъект осындай жағдайда болса, оның тұлғасында позитивтік өзгергерістерді танымауға ешқандай себеп жоқ деп ойлауға болады.
Айтылғандарды ескере отырып, жаза өтеуден босату институтының әлеуметтік тағайындалуын сотталған адамның тез ресоциализациялығында мемлекеттің тікелей, ерекше мүдделілігі көрінеді.
Жаза өтеуден босату кешенді салааралық институттар қатарына жатқызылады, себебі оның құқықтық реттелуі тек қылмыстық нормаларға емес, сонымен қатар қылмыстық – атқаруға да, қылмыстық іс жүргізу нормаларына да негізделіп жүзеге асырылады. Қылмыстық атқару құқығы «Жазаны өтеуден босату. Жазасын өтеуден босатылған сотталғандарға көмек және оларға бақылау жасау» ҚР ҚК ҚАК VII тарауындағы нормаларында, ал қылмыстық іс жүргізу – ҚР ҚІЖК 453 – 452 - 445 баптарында көзделген, мәселен сөз шартты түрде босатуды ауыстыру туралы болып отырған нормаларда көрсетілген.
Айтылғандарға негізделе отырып, жаза өтеуден босатуға келесідей анықтама беруге болады. Оны заңмен қарастырылған негіздерде жаза тағайындауды орындау жөнсіз болып табылатын адамдарға қатысты қолданылатын кешенді, саларалық институт деп түсіну керек.
Әдебиеттер
- Егоров B.C. Теоретические вопросы освобождения от уголовной ответственности. - М., 2002. – С. 67-71; Мирзаджанов К. Вопросы советского уголовного права. - Ташкент, 1980. – С. 10.
- Сабанин С.Н., Тупица А.Я. Понятие и виды освобождения от уголовной ответственности или наказания. - Свердловск, - С. 20.
- Стручков Н.А. Уголовная ответственность и ее реализация в борьбе с преступностью.- Саратов, 1978. – С. 91-92.
- Бабаев М.М. Индивидуализация наказания несовершеннолетних. - М, 9 б. Мельникова Ю.Б. Дифференциация ответственности и индивидуализация наказания. - Красноярск, 1989. – С. 75; Бажанов М.И. Назначение наказания по советскому уголовному праву. - Киев, 1980. - С. 20; Салихов И.Н. Индивидуализация наказания при его назначении судом по Российскому уголовному праву: Автореф. дис. ... канд. юрид. наук. - Казань, 2002. - С. 7.
- Ресоциализацию можно охарактеризовать как приспособление осужденного к социальной среде, усвоение им правил, норм, социальных позиций, установок, приобретение навыков, позволяющих нормально жить в обществе (см.: Уголовно-исполнительное право России / Под ред. В.И. Селиверстова. - М., 2000. - С. 448).
- Фатхутдинов А.И. Цели наказания и правовое регулирование механизма их достижения по УК РФ: Автореф. дис.... канд. юрид. наук. - Казань, 2003. - С.
- Рябинин А.А. Проблемы наказания на новом этапе совершенствования уголовного и уголовно-исполнительного законодательства. - Домодедово, 2000. - С.
- Стручков Н.А. Курс исправительно-трудового права: Проблемы Особенной части. - М., 1985. - С.