Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шәкәрімнің “базаралы-тәкежан” дауына қатысуы

Қазақ елінде көп уақыттарға дейін көшпелі өмір салты үстемдік құрып келді. Бұл қоғам өмірінің, оның ішінде қоғамдық санада өзінің ізін қалдырып отырғаны баршамызға белгілі.

Мал шаруашылығына негізделген өмірдің ХІХ ғасырларға дейін созылып келуінің негізгі ерекшеліктерін этнограф ғалым Ж. Артықбаев былай түсіндіреді: “Основным видом материального производства в Казахстане вплоть до последних десятилетий ХІХ в. было скотоводство. Как земледелие для оседлых обществ, так скотоводство для кочевников являлось главным источником благосостояния и богатства. Образ жизни, обычаи и нравы - словом, вся жизнь и деятельность кочевников - казахов была тесно связано с вечными переездами. Но не следует представлять перекочевки как беспорядочное блуждание по степи. Для кочевника особенно важно найти места для зимних стоянок, к ним предъявляется гораздо больше требований, чем к летним. «Места для зимовок избирают с большим расчетом и сметливостью и преимущественно такие, которые бы совершенно удовлетворяли всем требованиям кочевой жизни. Для жизни от ветров и заноса снега зимовки строятся подле лесов, камышей, гор, высоких берегов реки. Наилучшими пастбищами для мелкого скота зимою являются земельные прогалины, откуда снег выдувается сильными ветрами отмечает известный этнограф М. Чорманов. Для летних же стоянок желательно иметь свободные открытые пространства с хорошим водоснабжением на берегах озер или рек, к тому же такие места, где скот и люди меньше будут страдать от насекомых”. [1, с. 201]

Мал шаруашылығына негізінен басымдық берген көшпелілер үшін жер пайдаланып, егін салу екінші кезекте тұрған болатын. Оны В.Ф. Шахматов өзінің зерттеулерінде былай түсіндіреді: “Тот факт, что в условиях кочевого скотоводства, до тех пор, пока оно оставалось преобладающим занятием населения, сложились общинное землепользование и общинная, а не частная собственность на землю, во многом определялся самой спецификой и системой кочевого скотоводства как типа хозяйственной деятельности человека. Отношение кочевника к земле проявлялось не непосредственно, а через коллектив, т.е. племя, род, общину. Земли - пастбища использовались сообща, именно поэтому собственников земли становится коллектив-община” [2, с. 55]. Қай кезеңде болмасын көшпелі қоғамда жерге жеке меншік емес, қауымдық меншік басым болғаны белгілі. Көшпелі шаруашылық жеке меншікті қоғамдық қажеттіліктің деңгейіне көтере қоймады. Ол қоғамда ондай қажеттілік туындамады. Оның орнына малға деген құрмет қоғамда кең етек алды. Қазақтың мақалдарында: “Қойдың сүті қорғасын, қойды соққан оңбасын”, “Түйе аяғы маймақ, төре аяғы тайғақ”, “Қырық атан ұстама, қырық тамыр ұста” т.б. [3, 66-70 бб]. Мұндай нақыл сөздерді орта ғасырлық ойшыл М. Қашқаридің еңбектерінде де көптеп кездестіруге болады. Соның бірінде: “Қой, түйе, жылқы болса қолыңызда, дәулеті жарар өмір - жолыңызға” [4, 82 б], - дейді. Кезінде қазақ даласына келген орыс шенеуніктері, саяхатшылары да, қазақ халқының кіндігі малмен үзілмес бірлікте екендігін талай айтты. Мәселен, Фальк: “Скотоводство у киргизов самый распространенный, почти единственный. В сущности промысел. У них необыкновенно большие стада прекраснейших скотов” [5, с 118], - деп таңғалғанын жасырмады.

“Мал ашуы-жан ашуы”, - деп есептейтін қазақ төрт түлік үшін туындаған ерегіс өзара келісім арқылы бітпей жатса, ондай таластарын би алдына дейін барып шешуден еш тайынбайтын.

Қазақ қоғамында мүлік үшін талас та негізінен мал шаруашылығында пайдаланатын немесе мал шаруашылығымен байланысты мүлікке таластан туып жататын. Айталық, малдың терісі үшін, немесе ер-тоқым, қамшы, киіз-алаша, киіз үй жабдықтары сияқты мүлік түрлері үшін дау-дамай аз болмайтын. Мүлік дауының екінші түрі - керуен талаудан бастау алатын даулар еді. Мұндай даулар, әсіресе жаугершілік замандарда өршіп кететін”. [6, 83 б]

Мал көшпелі қоғамда ақша бірлігінің рөлін атқарды. Айырбас құралы болып табылды. Еліміздің белгілі ғалымдарының бірі, ол жөнінде былай деген: “Главный предмет, которым обменивались между собой и соседями казахи, были скот и продукты скотоводства (шерсть, войлок, кожа). Возможность и необходимость обмена обусловливались тем, что каждый вид скота имел свою потребительскую стоимость. В кочевом скотоводческом хозяйстве баран, лошадь и верблюд имели определенное назначение во всем воспроизводстве”. [7, с 114]

Көшпелі елде ежелгі дәуірлерден бері мал ұрлығына өте қатал қараған. Мал ұрлығы үшін ерекше қатал жаза белгіленетін. Түркі қағанатындағы малдың маңызын көшпелілердің құқықтық өмірін зерттеп жүрген ғалым: “Отбасы меншігі - мал болған. Оның аз - көптігі, қай түліктен болуы әрі төрт түліктен  түгел  болуы,  сол  отбасының  ру  ішіндегі,  қала  берді  қағанат  ішіндегі  орнына, билігіне ықпалына қарай болды” [8, 179 б] - деп ойын айтады. Жоғарыдағы ойымызды Ө. Өмірзақов: “Қазақ әдет-ғұрып заңдарында ұрлық-қарлық, тонау мен қарақшылық та үлкен тарамды қамтиды. Өйткені, мал-мүлік әркімнің меншігі саналып, оған қол сұғушылар әр қоғамда да қатаң жазаланып отырғаны тарихи деректерден белгілі” [9, 32 б], - дейді. Шын мәнінде, қазақтың негізгі заңы болып саналған, “Жеті жарғыда” да мал ұрлығына қатал жаза белгіленген. Н. Өсерұлы: ““Жеті жарғыда” ұрлық істеушілерге қатаң қарап, ұрлаған нәрсесі үшін үш тоғыз айып салған. Яғни, кімде-кім, мысалы, бір түйе ұрласа - 27 түйе және бір қызметші, екі түйе ұрласа - 54 түйе және екі қызметші, т.с., егер бір жылқы ұрласа - 27 жылқы және бір түйе, ал екі жылқы ұрласа - 54 жылқы және екі түйе т.с., егер бір қой ұрласа, онда 54 қой және 2 ат, т.с.с, орасан зор өсіммен қайтарып отыруға міндеттенген” [10, 6 б],- деген норманың болғандығын айтады. “Ұры мал ұрласа, одан үш тоғыз (27 қара)” айып алынады. Өзінде болмаса ағайыны төлейді. Әдетте ұры бір қараға жеті қара төлеген. Үйме – үй отырып ағайынды қараған ауыл ұрыларына бір қараға жеті қара төлетіп, өзін елден қуған” [11, 202 бб], - десе қазақ ауыз әдебиетінің білгірі Ә. Қоңыратбаев. Түрік ханымы С.М. Арсал: ““Жеті жарғыда”, сонымен қатар, мынандай талаптардың болғандығын айтады: “Егер, ұрлағаны түйе болса, қайтармақшы түйелеріне қосымша бір құл беруге, ал ат болса, қосымшасына түйе беруге міндетті. Ұрланғаны қой болса, қосымшасына бір ат беруі керек. (100 түйе 300 атқа немесе 1000 қойға тең)”” [12, 5 б], - деп санайды. Біз тілге тиекке еткен “Жеті жарғы” нормаларында, қайсысын алып қарамасақ та, мал ұрлығы үшін қатал жаза қабылданған.

Малға қазақ ерекше құрметпен қараумен қатар, оның жай - күйін жақсы біліп отырған. С.Е. Толыбеков: “Живое орудие производства - скот тоже имеет свой срок службы, как и любое орудие производства. Износ механического орудия труда можно сравнить со старением скота, его порчу - с болезнью и смертью животных. Каждый кочевник, хорошо знал продолжительность жизни различных видов скота. Средняя продолжительность жизни овцы и козы равна 6 - 7 годам, лошади 18-19, верблюда 20-25, после чего животные утрачивают свое производственное значение, выходят из производственного процесса и поступают в индивидуальное потребление в виде мяса, сала и кожи.

Каждый кочевой скотовод стремится обеспечить расширенное воспроизводство своих стад и табунов. Он стремится пополнить с превышением отхода стада и табуны за счет нового приплода, постоянно обновляя их здоровым и пригодным для производства поголовьем. Поэтому казахские скотоводы, как и другие кочевники, никогда не забивали на мясо здоровое маточное поголовье производителей. Обычно летом на мясо шли слабые и хромые из числа годовалых баранов (бойдақ, серкешік), чаще всего дефективные экземпляры молодняка текущего года (қозы, лақ), а осенью – старые, неспособные к плодоношению или к перенесению зимних холодов, животные. Отсюда казахская пословица: “Қараша қауыс, кәрі құртаңды тауыс” (”Надо забивать к ноябрю весь старый и бракованный скот”)” [13, с. 48], - деп мал шаруашылығының экономикалық тиімділігіне ерекше мән береді.

Жоғарыда біз мал шаруашылығының қазақ қоғамы үшін өте маңызды болғандығын талдадық. Міне, осы ерекшелікті байқаған Шәкәрім де өзінің туысы болса да, мал дауына қатал шешім айтқан. Шәкәрімнің мал дауына байланысты кейбір шешімдері М. Әуезовтің “Абай жолы” романында сөз етіледі. Әрине, кеңестік кезеңдегі талапқа сәйкес, жазушы оны жағымсыз кейіпкер ретінде көрсетеді.

Шәкәрімнің мал дауына қатысуын ел ішінде “Базаралы-Тәкежан” дауынан көреміз: “Базаралы - Тәкежан дауы” деген бәлеге бүкіл бір ояз, Семей оязының болысымен жуандары ат салыса бастады. Аршалы Керейінен-Рақыш, Бәсентиіннен-Әлі, бурада -Алдоңғар, Ылди бойынан-Нүрекеннің Темірғалиы, Көкеннің Уағынан-пысық болыс Нұрке, Қарағай ішіндегі, ішкі жақтағы белағаш болысынан-Ширақ, Шебер Айтқазы, Семейтау болысынан-Шынжы сияқты бүтіл бір ояз ел сабағы қосылған. Әрі әкім, әрі жуандар қазір қалада Құнанбай балаларының айналасына қатарын қосып, білегін де, тілегін де біріктіріп алыпты.

Оразбай болса, елде жатып алды. Жігітек пен Ырғызбайдың мынау тұста қатты қағысқанын ол ішінен ұнатпайды емес. Қайта, “түрт сайтан!” деп отыр. бірақ көрініп Жігітек жағына шығу былай тұрсын, қайта Құнанбай ауылдарына тіл жеткізеді деген кісілердің көзінше ол да, Абыралы да құйрықты сыртқа салып, бұлаң береді. “Құдай көрсетпесін! Бұндай бәлені Тәкежан басына тілейтін аталы жау емеспін. Бәлекеті өзімен кетсін Базарылының! Бүйтіп насырға шабады деген  кімнің ойында бар? Тіпті, бүгін Олжай іші екі жарылып, жасақ жиятын болса, мен тек Тәкежан қасынан табыламын”, - деп Тәкежан жағына осындай сыбыс сөздерін де жөнелтіп жатқан.

Сол орайда қалаға келген Күнту оязға барып, крестьян начальнигіне кіріп: “Ел ішінде үлкен бәле, бүлік басталды. Менің жазығым жоқ. Өзім Бөкенші деген аз атамын. Саны көп, тентек ауылдар арасындағы бұзарларды тыйып ұстауға әлім келмейді екен. Қазір мынандай үлкен бәлеге қатынасып отырған адамдарының бәрі менен мықты да жуан. Меңгере алмадым. Осы себепті орнымнан түссем екен”,  -  деген”  [14,  99-100  бб].  Бұл жерде өзінің  туысы,  әрі ел  ішіндегі дауға  араласып,  ысылып қалған Шұбарды, яғни Шәкәрімді салып отыр. Шәкәрімге деген үлкен сеніммен қатар, рулы елдің абыройын ойлайды деген үміт тағы бар. Оқиға желісі одан әрі қарай былай өрбиді: “ - Дәл осы жолғы дауға менің малымның жоқшысы етіп сені саламын. Шебер тіліңді, шалымды ойыңды осы жолым үшін жалдап алдым! Әрі Құнанбай баласының намысы, әрі менің басымның кегі! Бәрі де бір сенің қолыңа беріледі. Даугерім сен боласың! – деген. Осы сөз байлау болды. Енді, міне, Базаралы мен билер алдында жүгініске түсетін боп, Шұбар шықты. Бұл тұста Шұбардың өз есебі және ең алдымен жөнге беттейді. Тәкежанмен болса өз елінің және қазір бар Семей оязының аталы, абыройлы жуандарымен бастас боп араласып қалады. Олар алдында бар Ырғызбай, Құнанбайдың дауын жалғыз мұның ұстап шығуы Шұбар басына үлкен атақ әпереді, даңқын асырады. Абай емес, одан да өтімді болғандықтан дауға осыны салыпты деген лақап тарайды. Мансапқұмар Шұбарды бұл жай, әсіресе, қызықтырған болатын. Семей оязының бұл істі тергейтін болысы мен билері бай Нұркеннің кең созылған қонақ үйінде жиын екен. “Билер шақыртады” деп үй ішінен хабар келгенде, Базаралы өзінің екі жолдасымен қораның ішінде отыр еді. Қазір ол тік басып, салмақты, ойлы жүзімен билер алдына қарай жүрді. Қасындағы екі жолдасын қалдырмай, “сендер де қасыма еріңдер”, - деді.

Бай үйінің кілем, сырмақ жайылған алдыңғы бөлмесіне кірісті. Нұркеннің приказшигі Атамбай дейтін қошқар тұмсық, ұзын бойыл қара саудагер билер үйі мен бұл үйдің арасында хабаршы, даяршыда жүр екен. Базаралы тура тартқан бойымен билердің үстіне кірмек еді. Атамбай, қолын созып, “аз тоқта” деп, осы бөлмеге отырғызып қойды. Ішкі есіктен шыққан Шұбарға да Атамбай: қолын созып, “аз тоқта” деп осы бөлмеге отырғызып қойды. Ішкі есіктен шыққан Шұбарға да Атамбай: “Мырза! Сізге де тоса тұрсын десті” деп, оны да осы бөлмеге аялдатты.

Арада аз уақыт үнсіз өтіп еді. Базаралы бөлме ішін енді барлап қараса, елден келген болыс, билердің саптама етіктері, қасқыр ішіктері, жалпақ төбелі үлкен тымақтары осында бір қабырғаға үюлі, сүйеулі тұр екен. Етік, тымақ бейнелері Тобықты үлгісіне ұқсамайды. Кейбір етіктер жарма қоныш, кейбірінікі қаздиған биік өкше, кейбір мол пішілген тымақтардың төбесі өрескел жалпақ келген. Базаралы осы киімдерге көз тастап, Шұбарға қарап, салмақты мысқыл айтып қойды.

- Мынау жалпақ төбелер үстіне кіргізбей, сен екеумізге етігін күзеттіріп қойды  -  ау! Мені қойшы! Бай мен жуанның қай қырына ілінбей, шыдамай жүрген жанмын. Ал, бірақ, Шұбар мырза, сен қайтіп шыдарсың? – деп сақылдап күлді.

Сарбас пен Әбді қаланың тәртібінен, байлардың сәні мен қырынан тартыншақтанып, қысылғандай еді. Мынау жерде олар Базаралының мінезіне сүйсініп, қатты күлісті.

Бұл сөз әдейі Шұбарды мұқату үшін, жүгініс алдында аз да болса жасытып алуға айтылып отырған арбасудың әзілі екенін Сарбастар жақсы түйген.

Шұбар да осыны сезбей қалған жоқ. Бірақ ішінен Базаралымен бұл арада ырғасуды өзіне қажет деп білмеді. Оның аузында айтар сөз, сөз ғана емес, от сияқты лапылдап тұрғандай көрінеді. Әзілмен ырғасу оңай да емес. Шұбар Базаралыдан алдын - ала соққы жемекші еді. Және онымен бұл арада жауаптасуды да өз басына кішілік санар еді. Осыны ойлап ол Базаралы сөзін естімеген кісі болып, қалтасынан күміс портсигар алып, папиросын тұтатты. Қала тігіншісі тіккен ұзын қара мәуіті бешпентінің қалтасына қол салып, әрлі-берлі тік басып жүрді.

Базаралымен қатар Шұбарды да осында бөгелтіп отырған анау үйдегі билердің есебі “екі жаққа теңбіз” деген ажарды танытпақ. Бірақ ол билер арасында Құнанбайдың өзге балалары: Тәкежан, Оспандар отырғанын көрмегенсиді” [15, 104-105бб]. Бұл даудың шешімі төмендегідей болып бітеді: “Бұл жүгініске шешен Шұбар сөйледі. Орай дауын базаралы да айтты. Көп билер дау ұзаққа созылмайтынын ашық білсе де жылдам тауысқысы келмей, Базаралыдан қағу сөздерді, тергеу, тексеру сөздерді көп сұрасқан. Кейбір болыстар қолдарына қағаз, қарындаш алып, Базаралымен бірге аттанған қырық жігіттің аты-жөнін тізіп алмақ та болды. Базаралы ондай жерге келгенде қысқа ғана, кесікті сөздер айтады.

  • Кісі атын мен атамаймын. Алдыңа өзім келіп отырмын. Бастаған да мен! Барды көтеретін де мен! Тағы да өзімді ұстап алып, байлат та, айдат! Бірақ ендігі артымен ерген елімді көгендетіп тізгінге алмаймын! – деді.
  • Шұбармен қатты қағысқан айтыстың бір кезегінде, “Тәкежан менің құныкерім” деп те айтып салды.
  • Ағам-Балағаз осының айдатуымен өлді. Інім – Оралбай, осылар шырмаған кесірдің салдарынан, елден безіп жүріп, қу дала, қу медиенде көмусіз қалды. Тәкежанға бар істі істеген менің өзім. Оны істеткен менің бас кегім. Дәл өз басымның кегі. Елден қума, өзімнен қу! Өлтіріп тынасың ба!? Тірідей қара жерге көмдіріп тынасың ба? Есебіңді айырғанда, бір өзіммен ғана айырасың! – деген.

Даудың сайып келгенде екі ұдай қайшылығы осында болатын. Шұбар болса: “Бар бәле - түгел Жігітекке орнаған бәле! Атам  Құнанбай,  Бөжей  тұсынан  келе жатқан өштік-қастық бар. Базаралы соны ұстап, істеп отыр. Ендеше, мұның бір басы маған керек емес. Қырым ет жоқ қу басын неғыламын? Жауапты түгел Жігітек береді және ағайынды елдің арасында естіп көрмеген қастық істеді. Құба қылмақ заманын орнатты, шауып алып, қырып отыр. Сол малымның төлеуі ғана емес, әр тұяғымның айыбы ан-жысы бірге айтылмаса, бітімім жоқ. Өзге осындай содыр кедейлерге сойқаны тиіп, бәлес жұқпасын. Орнынан тұрмастай ғып тепкі, соққы берілсін. Мал-пұлдың жазасы аямастай түгел айтылсын. Менің тілегім, талабым Тәкежанның сегіз жүз жылқысы қырылды ғой, соның үлкені, кішісі бар тұяқ басына үш бестіден төлеу кесілсін! Шартым осы!”, - деді.

Күні бойы ырғасқан билердің өзара кеңесі сол күні кешке дейін созылды. Ымырт жабыла бере Базаралы, Шұбарларды билер қайта шақырып алып, Нұркеннің аузымен ең соңғы кесіктерін жариялады. Жігітек түгелімен қанды мойын жауапкер аталды. Бір Базаралы айыпты болғанымен ағайыны қоса күймей құтыла алмайды. Отқа жақынның қолы күйеді. Тентегі үшін келесі қарыздар болмаса, бұзақы-бүлік қалай тыйылмақ? Олай болса, Базаралының бар ағайыны барлық мал- мүлкімен жауап береді. Тәкежанның сегіз жүз жылқысы үшін Жігітек жағы сол жылқының тұяғына екі бестіден, мың алты жүз бесті береді! – деп кесік айтты.

Осы қыс бойында бұл билік түгелімен іске асты. Барлық Жігітектен Құнанбай балаларымен іштесе, табысып кеткен-Үркімбай, Байдалы, Жабай сияқты бай ауылдары аман қалды. Қалған ота шаруа және көбінше кедей ауыл үйлері тақыр, таза, бар малынан айрылды. Жаз шыға бергенде Тәкежан жылқыларына екі бестіден айып-жаза тартып, зорға құтылды” [16, 107-108 бб].

Көріп отырғанымыздай, Шәкәрім мал дауына жас та болса, араласып өзінің тегеуірінді биге айналғанын көрсетеді. Мал дауында Шәкәрім негізінен әділеттілікке жүгіне отырып, елдің ортасына да жарық түспеуін ойлайды.

 

Әдебиеттер

  1. 1.Артыкбаев Ж.О. Казахское общество: традиции и инновации. - Астана: Парасат әлемі, 2003. – 290 с. 2.Шахматов В.Ф. Казахская пастбищно-кочевая община. - Алма-Ат, а1964. - 207 с.
  2. 3.Қазақ мақал-мәтелдері / Құраст. Ө. Туманжанов. - Алматы: Ана тілі, 1997. - 184 б. 4.Қашқари М. Түбі бір түркі тілі . - Алматы: Ана тілі, 1993 . – 192 б.
  3. .Прошлое Казахстана в источниках и материалах / Под ред. С.Д. Асфендиярова и П.А. Кунте. - Алматы: Қазақстан, 1997. - Т. 1. - 382 с.
  4. .Мыңбатырова Н.Қ. Төле бидің соттық шешімдері және қазақтың әдет-ғұрыптық құқығы: заң ғыл. канд. дис. - Алматы, - 115 б.
  5. .Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в ХYІІ – начале ХХ века. - Алма-Ата: Наука, 1971. - 633 с.
  6. .Ғаббасұлы Ғ. Түркі қағанатының әдет заңы туралы // Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштер: халықаралық ғылыми- теориялық конференция материалдары. - Алматы, 2001. - 580-584 бб.
  7. .Өмірзақов Ө. Ресейге қосылғаннан не ұттық? – Алматы: Санат, 1999. – 195 б. Өсерұлы Н. Ант беру мен қарғану // Заң газеті. – 1997. - 9 шілде.
  8. .Қоңыратбаев Ә. Шешендік сөздер дәстүрі // Жұлдыз. - №5. – 1984. – 102-103 бб.
  9. .Садри Максуди Арсал. Қазақтардың Тәуке ханнан қалған заңдары // Ана тілі. – 1992. – 21 мамыр. Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в ХYІІ – начале ХХ века. - Алма-Ата: Наука, 1971. - 633 с. 14.Әуезов М. Абай жолы: Роман-эпопея. Алматы. Жеті жарғы, 1997. –3 кітап. – 320 б.
  10. 15.Әуезов М. Абай жолы: Роман-эпопея. Алматы. Жеті жарғы, 1997. –3 кітап. – 320 б. 16.Әуезов М. Абай жолы: Роман-эпопея. Алматы. Жеті жарғы, 1997. –3 кітап. – 320  б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.