Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мұсылмандық құқықтың мазһабтары

Мазһаб дегеніміздің құқықтық мәні – құқықтық мектеп дегенге саяды. Х-ХІ ғасырларға келіп, ислам діні көп аумақты қамтуы нәтижесінде мұсылмандық мектептер пайда болып, орнығуы себепті исламдық жолдар қалыптасты. Ислам екіге бөлініп, бірі-суниттік, екіншісі – шииттік жолды ұстанды. Оның үстіне суниттер: имам Ағзамдық, ханбалиттік, мәликиттік және шафийлық жолдарға, ал шииттер  өте  көп  ағымдарға  жіктеле  түсті.  Сондықтан  да,  дінтанушы,  Мысырлық  ғалым Шафик Шиһат: «Верно, что после оформления различных толков в эпоху Аббасидов (750-1258) судья стал в принципе обращаться к произведением, созданным фикхами» [1, 10 б.] деген тұжырымы өте дұрыс. Өйткені, әрбір мектеп не болмаса ағымдар өз факиһтары жазған кітаптарға ғана сүйенетін еді. Сол үшін Й. Шахтта: «Мусульманское право представляет собой замечательный пример, права юристов». Оно было создано и развивалось частными специалистами. Первая наука, а не государство играет роль законодателя; учебники имеют силу закона» деп, әрбір мектеп немесе ағымдардың негізін салушылар еңбектеріне сүйенгенін ескертіп отыр. Р. Давид: «Мусульманский судья не должен толковать коран, авторитетное толкование этой книги дано докторами права, и именно на их труды может ссылаться судья» [2, 388 б.] деп нақтылап көрсетеді. Сөйтіп, әрбір мектеп (мазһаб) немесе ағымдар өздеріне мұсылмандық заң-қағидалардан тұратын доктрина жасап алды. Әрине бұл исламдық заң-қағидаларының өзара қайшылықтарына әкеліп соқты. Кезінде, Мұхаммед пайғамбар өз үмбеттерінің 73 ағымға бөлініп кететіні жайлы ескерткен әрі оны қолдамаған болатын. Тек, осылардың арасына имам Ағзамдық жолдың дұрыс та, шынайы екенін айтып кеткен. Қазір Сунниттік имам Ағзам жолын ұстанушылар мұсылмандардың басым бөлігін құрайды. Алайда, өзге мектептер мен ағымдардың қағида – ережелері ығыстырылмай, бір қағидаттар жүйесінде қызмет етіп, қоғамдық қатынастарды реттейді. Қайсы Мазһаб немесе ағымдарды алсақ та, олардың қағидаттарының негізін Құран мен Сунна құрайды.

Омеядтар билікке келген дәуірде ислам діні көптеген аумаққа тарап, мұсылмандар суннит және шиит деп аталатын жіктерге бөлінген болатын.

Суннит пен шиитке бөлінуге алдымен Әлиден кейін Мұхаммед пайғамбардың тікелей әулеттері билік басына отырмауына байланысты болды. Шииттер Араб Халифатын тек Мұхаммед әулеттері басқаруы тиіс деп, алғашқы үш Халифаның (Әбу Бакр, Омар, Оспан) өкілетті билік шешімдеріне, құқықтық қағида шығармашылығына заңсыз деп қарады. Оның үстіне шииттер тек Құранды басшылыққа алуға, ал суннадан тек Құранда барын алуды үгіттеді.

Осындай қиын-қыстау, бөлшектену дәуірінде Сунниттік Мазһабтар пайда болды. Олар: имам Ағзам, имам Мәлікит, имам Ханбалит және имам Шафий мазһабтары (жолы) еді. Бұл мазһабтар арасындағы кішігірім қайшылықтарға қарамай бір тудың астына топталды. Осы мазһабтың ішіндегі ең беделге ие болғаны Нуъман ибн Сабит салған Әбу Ханифилік жол еді. Өзі имам Ағзам (ұлы имам) атағына ие болды. Әлі күнге мұсылмандар арасында ол салған жол ұлы жол, ұлы заң болып отыр.

Сунниттер салған ұлы заң жолы шариғат заңдарының негізі болды. Өйткені, олар:

  1. Құранды бес саусақтай білді; Құқықтық қағидаларды жүйелеп, оларды салаларға бөліп, тармақтады; арабтардың және өзге де халықтардың әдет-ғұрып заңдарын жетік меңгерді.
  2. Хадистердің шығу мен мазмұнын, мәнін жете түсінді; олардың қасиетті Құранмен арақатынасын шеше алды; Құрандағы заңдар мен қағидаларды жатқа білді.
  3. Өздері өте білімді әрі иманды, ақыл мен парасаты биік, салиқалы тұрмыс кешті.
  4. Шариғатқа қатысты барлық пәндерінің ғылыми жүйесін бүге-шігесіне дейін білді.

Жік жікке, топ – топқа бөлудің алдын алу, барлығын Сунниттік жолмен жасалған шариғат заңдары аясына бас біріктіру үшін сол замандағы аса көрікті заңгерлер: Ибн Жаррах (Меккеде), имам Мәлік (Мәдинада), әл-Аузам (Сирияда), Хымад би Мүсілім (Басрада), Муъмар (Йеменде), Суфн ас- Саури (Куфада), Әбу Ханифа (Куфа мен Орта Азияда), имам Шафий (Қап тауында), имам Ханбал (Африкада), имам Дауд (Анделуизияда) тынбай еңбек етті. Жүрген жерлерінде Сунниттік идеяларды заңдастырып, исламдық шариат заңдарын жүйелеп әрі әдет - ғұрып заң нормаларын кірістіріп, біртұтас іргелі жүйе етуге еңбектерін сіңірді.

Қазір имам Ағзам жолын Араб елдері, Индия, Турция, Орта Азия, Ресей, Қазақстан, имам Шафий жолын Ресейдегі Шешенстан, Мысыр, Ява, Цейлон аралдары тұрғындары; имам Мәлік жолын Солтүстік Африка мен Испания мұсылмандары; ал имам Ханболиттік жолды мұсылмандардың өте аз бөлшегі (Арабия, Балх) ұстанады.

Әбу Ханифа мектебі басқаларына қарағанда өзінің көнімпаздылығымен, биік дәрежедегі адамгершілігімен, әділеттілігімен, демократиялық сипаттарымен, икемділігімен, әсіресе  қиясы қайнар көзіне көп көңіл бөлуімен ерекшеленеді. Қылмысқа берілетін жазалары да мейірімділеу, тәрбиелік жағы басымдау.

Ал имам Мәлік (Мәдинада) салған жол Әбу Ханифа салған жолға қарағанда  өзінің қатаңдығымен, хадистерге көбірек үңілуімен көзге түседі.

Шафий салған жолдағылар жоғарыда аталған (имам Ағзам және маликиттік) екі ағым ортасын иеленеді. Қылмысқа берілетін жазалары да тым қатаң, не тым жұмсақ емес.

Ханбал мектебін ұстанушылар Құранға көбірек сүйенеді. Содан болса керек, олардың қылмысқа берілетін жазалары да тым қатаң, қазіргі заман талаптарына икемделуі екі талай. Олар өзге діндегілерді Мекке түгіл, өзге мешіттерге кіруге де тыйым салады.

Әбу Ханифийлер болса Мұхаммед алайһис салам кезінде көп құдайға сенетін Сақиф тайпасын мешітке паналатқанын бетке тұтып, оларға да кітап түскен ретінде қарап, рұқсат етеді. Тек жат дінді ұстанушыларды әдейі күштеп, мәжбүрлеп мешітке енгізуге тыйым салады. Жат діндегілерге имам Ағзам жолы үйленуге, өлсе мұсылмандар қабырстанына жерлеуге рұқсат етсе, қалғандары рұқсат етпейді.

Алайда, төрт мазһабқа сенушілер бірін-бірі құрметтеп, бірін-бірі қолдайды. Имам Ағзам мазһабына ерекше құрметпен қарайды, имам Ағзам мүшелерінің басқа мазһабқа өтуіне тыйым салады, ал басқа мазһаб мүшелеріне бір-біріне не болмаса имам Ағзам мазһабына өтуге рұқсат етеді.

Мазһабтардың негізін салушылардың арасындағы шоқтығы биігі, тірі кезінің өзінде биік  абырой - беделге ие болған Әбу Ханифа (697-767) аса көрнекті ғалым, заңгер болған. Ол жайлы әңгіме – деректер жетерлік. Мұхаммед алейһис саламның өзі Әбу һурайра (Хадис жинаушы) жеткізуінше былай деген: «Жақын арада мен әкелген діни бірлестікте Әбу Ханифа атты адам пайда болып, ахирет күні ол діни бірлестіктің шамшырағы болады». Тағы да хадисте: «Ол (Әбу Ханифа) мұсылман қоғамын гүлдендіреді» делінген [3, 27 б.].

Исламдық құқықты және оның көкейкесті мәселелерін пікір таластың қақ ортасында жүріп байыта түсті. Ибн Абединнің айтуына қарағанда имам Ағзам әр кезде қиын, толғақты мәселелер туындағанда ғұлама ғалымдарды шақырып, олардың пікірлерін тыңдай келе өз шешімін айтатын әрі ол шығарған шешімдерді қайдан, нендей қайнар көздерге сүйене отырып шығарғанын нақты көрсететін. Көбіне мұндай кездерде мешіттің құранды және оның қағидаларын, хадистерді жетік білетіндер отыратын еді.

Хабиб Хауарданның дерегі бойынша Әбу Ханифа шариғат мәселелеріне тиісті 63 мың қарар- шешім шығарған. Бұл қарар-шешімдерді Құран мен оның қағидаларын, хадистерді жетік білетін заңгерлер Фикһ ілімімен салыстыра отырып, келісімін беретін. Содан соң Әбу Ханифа шығарған шариғат қарар-шешімдерін хатшысы Әбу Юсуф қағазға түсіретін әрі шешім-қарар сол күні-ақ халық арасына тарайтын.

Мәликейлер мазһабының негізін салушы Әбу Абдолла Мәлік би Әнес (719-795) әкесі Әнес Мұхаммед пайғамбардың ең жақын досы, кейін Мәдинаның әмірі болған. Жастайынан хадиске әуестенген имам Мәлік аптасына төрт күн ораза тұтып, дінді қатты құрметтеген. Биліктің сайланбалы негізін қолдаған.

Шафийлік мазһабтың негізін салушы имам Шафий (767-819) небәрі 54 жас жасағанымен артында көп еңбек қалдырған. Ол алғашқылардан болып исламдық ілімді заңға қабастырып, оның салалық құрылымдарының жүйесін түзген. Хадистерді екшеп, сақтықпен, сын көзімен қараған. Ол Сунна тек Құранды толықтыратын қосымша ғана, ол салыстырылып, аралық шешім шығару үшін Құранға балама материал бола алмайды. Тек мадиналық хадистерге күмәнсіз қарады.

Ханбалиттер мазһабының негізін салған ибн Ханбалдың толық аты Ахмед Әбу Абдолла ибн Ханбал Аш-Шайбани (780-854). Ол Құран мен оның пайда болуы жайлы сөз ете отырып, ол Алланың сөзі, мәңгілік жаратылыс, даяр толық күйінде түсірілген, Мұхаммед тарапынан құрастырылмаған деген ойларды айтқаны үшін 218 һижда, 833 миладише жылы Халифа Муттасим зынданға салған. Алайда, Муттасидің ұлы Муттауакия 847 жылы бостандыққа шығарады. Осыдан кейін Ханбалдың атағы мұсылман әлеміне дүрілдеп шығады. Ибн Ханбал өлгенде 800 000 ер адам, 80 000 әйелдер онымен қоштасуға келгеннің өзі де оның абыройға бөленгенін көрсетеді.

Әрбір жоғарыда айтылған Мазһабтың негізін салушылар өз заманында өте білгір, жоғары мінез- құлықты ғалымдар болған. Олардың әрқайсысы да исламдық құқық – шариғатты сомдап, кескіндеуде айрықша еңбек сіңірді, зор үлестерін қосты. Өкінішке орай, әр мазһабтың өкілдерін өздерінің жолын қуушылар марапаттап, мұсылмандарға имандық құқықтың ең үздік өкілі ретінде көрсеткісі келеді. Дегенмен де, бұлардың арасында Әбу Ханифа алғашқы болып түрен салған, ол тек бірінші жол ғана емес, исламдық құқықтың қазіргі бейне-тұрпатын жасаған, оның ішіндегі қағида-ережелерді, адамзат өркениетінің құндылықтарын Құранмен бір тұтастыра, сомдай білген ғалым.

Егер Әбу Ханифа болмағанда исламдық шариғат адамгершілік ой өрісімен қарағанда Құранмен қабысып, әлемдік құқық жүйесінің ең әділ де қуатты саласы болып, басқадай жүйелерге қарағанда жылдам қарқынмен дамымас еді. Әбу Ханифа исламдық шариғатты жүйелеп оның әдістемелері мен шариаттық сот ісін жүргізуде бірден бір өркениетке жақын, нағыз демократиялық әдемі жолдың түренін салып берді, исламды заң кодекстерін әдеп-ғұрып заң нормаларымен құйыластыра отырып, қалыптастырып, иінін тапты. Сол үшін де мұсылмандар Әбу Ханифаны ерекше ілтифаттарына орап, мәңгіге биікке көтере береді. Оның жолын ұстанушылар күн өткен сайын көбейе түсіп, қазір 2 млрд- тан астам әлем мұсылмандарының көпшілігі осы жолды ұстанады.

Дегенмен де, қазақ даласына хақ дін ислам және оның шариат заңдары қылыштың күшімен таралмағанын,  келген  исламдық  имам  Ағзам  жолымен  өзге ағымдардың  әсер  ете алмағанын баса айтқанымыз жөн. Бұл жайлы Мұртаза Жүнісұлы Бұлұтай, алғашқы кезеңде болған қате саясаттардың кері әсеріне қарамастан хақты көксеген һәм хаққа ынтызар болған тұран халықтарының, саяси биліктің немқұрайлылығына және бақталастығы басқа діндердің айла-шарғысына қарамастан, көп таңдаудың ішінде тура хақ дін исламды тауып, таңдап алғанын аса қайрандықпен айтып, сол ата- бабаларымыздың тұңғиық ақылы мен берік иманын ерекше құрметтеп, ілтипатпен  атап кетуіміз керек деп, ата-бабаларымыз дұрыс жол таңдағанын көзде тұтады.

Қазір елімізде ваһабистер, мужтаһидтер, т.б. өкілдері толып жүр. Ағымдардың көпшілігі шиитік негізінде пайда болғанын айтқанымыз жөн. Олар: исмаилидтер, жафариттер, зейдтер, т.б. әрине, ағымдардың көпшілігі саясаттық әсерден, билікке құмарлықтан пайда болғанына дау жоқ. Орта азия және Қазақстанда осы ағымдардың ешқайсысы да өз ұстанымдарын тарата алған емес. Тек Имам Ағзамдық мазһаб еніп, таралды. Қазір бұл жол әлемдегі ең көп таралған, әсіресе, Египет, Турция, Индия және т.б. көптеген мұсылман мемлекеттерінде исламдық имам Ағзам жолы ұстанылады. Өйткені, Әбу Ханифа салған бұл жол әдет-ғұрыпты лақтырып тастамай, оны мұсылмандық құқық жүйесіне кіріктіреді әрі шариаттың қайнар көзінің бірі деп санайды.

Шариат мүліктік және отбасы қатынастарын реттеуге әдет-ғұрыптық қағида-ережелерді көзде тұтады. Алайда, кез келген дау-дамайларды қарастырғанда мұсылмандық сот моральдық, этикалық және құқықтық сипаттарға мән береді. Келісім - шарт мұсылмандық құқық бойынша құқықтық тұрғыдан қарастырылғанымен Алламен байланыстырылып қарастырылады. Ал, міндеттемелер екі жақты, көпжақты, мерзімді-мерзімсіз, тегін, не ақылы түрлерге бөлінді. Ал, отбасы құқығы болса, әрбір мұсылманның діни міндеттемесі болып саналады. Шариат азаматтық құқық мәселелерін жеке қарастырмай, бір заңдылық аясында қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, отбасы, т.б. бөлмей қарастырады. Міне, осы сипатымен де мұсылмандық құқық өзге сот жүйелерінен ерекшеленеді.

 

Әдебиеттер

  1. Шиһат Ш. Аль-Иттижаһат ат-тасирийа Фи Кауани ал-бирад ал-рабийа. – Каир,
  2. Давид Р. Сравнительное право: Очерки сравнительного права (сборник). – М., 1981 – 486 б.
  3. Өсерұлы Н., Өсерова А.Н. Исламның қазақтардың әдеттік және заңтаным жүйесіне әсері. 1-бөлім (Исламның ағымдары және Алла міндеттеген құқықтар). Қолжазба – 248 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.