Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Талап қою құқығын іске асыру мәселесінің теориялық аспектілері

Талап және онымен байланысты талапқа құқық ұғымдары азаматтық іс жүргізу құқығы теориясында  ең  күрделі ұғымдардың  бірі болып  саналады.  «Талап» рим  құқығында белгілі болған «actio» терминінен шыққан, латын тіліндегі бұдан өзге атауы – «petitio». Орыс тілінде «иск» деген терминмен белгіленген. Азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша әдебиеттерде талаптың түсінігіне қатысты әртүрлі көзқарастар айтылады және олар белгілі бір дәрежеде осы құқық саласындағы ғалымдардың әртүрлі топтарының ой - пікірлерін, ұстанымдарын білдіреді.

Талап қою құқығын қарастырғанда талаптың және талапқа құқықтың екі мағынадағы түсініктеріне сүйеніп, оған талапқа құқықтың процессуалдық мағынасы ретінде талдау жасаймыз. Талап қою құқығы талапқа құқықтың процессуалдық мағынасы ретінде субъективтік құқық немесе заңды мүддені қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын білдіреді. Бірақ бұл жерде талап қою құқығының сотқа жүгіну құқығы көрінетін жалғыз нысан емес екендігін айта кету керек. М.А. Гурвичтің айтуынша, мұндай нысандарға талап қою құқығына қоса талап бойынша жауап беру құқығы, басталған процеске қатысу құқығы, талантты қамтамасыз ету құқығы, шешімге шағым жасау құқығы, мәжбүрлеп орындату шараларына құқық жатады. Сотқа жүгіну құқығының барлық нысандары істің ілгерілеу үрдісіндегі оның даму және ашылу фазаларын білдіреді [1].

Әдебиеттерде талап қою құқығының заңдық табиғаты және оның пайда болуының шарттары туралы мәселеге байланысты әртүрлі пікірлер айтылады. Бір авторлар сотқа жүгіну құқығын субъективтік материалдық құқықты соттық немесе өзғе заңи қызмет арқылы мәжбүрлеп жүзеғе асыруға құқық ретінде қарастырады. Мысалы, Н.И. Авдеенко былай деп жазады: "Азаматтық субъективтік, оған қатысты мүмкіндіктер жүзеге аспайынша, болмайды. Субъективтік құқықтың мұндай түсінігінде ерекше, материалды құқықтардан   бөлектенген құқық құруда  қажеттілік болмайды, бұқара көпшілік құқықтың құқық өкілеттігі мемлекетке құқығын қорғау мақсатында жүгіну түрінде болады, яғни іс жүргізу мағынасында – арыздану құқығы болып табылады" [2].

Басқа ғалымдар тобы сотқа жүгіну құқығын азаматтық процессуалдық құқық қабілеттілігін білдіреді деген көзқарасты ұстанады. Бірақ бұл ойды әр ғалым әртүрлі негіздейді. Мысалы, О.В. Иванов сотқа жүгіну құқығы тікелей процессуалдық құқық қабілеттіліктен туындайтыны, өйткені оның туындауы үшін қандай-да бір заңды фактінің пайда болуы қажет еместігі жөнінде ой айтады [3]. В.Н. Щегловтың ойынша, сотқа жүгіну құқығы азаматтық іс жүргізуге құқық қабілеттілік болып табылады, ол нақты іс бойынша азаматтық процестің пайда болуына әкеледі [4]. К.И. Комиссаровтың пікірінше, сотқа жүгіну құқығының иесі ретінде кез-келген процессуалдық құқық қабілеті бар түлға бола алады [5]. Сотқа жүгіну құқығын былайша түсіну революцияға дейінгі процессуалдық әдебиетте кең тараған болатын. Мысалы, Е.В. Васьковский былай деп жазған: "Іс жүргізудегі құқық қабілеттілік азаматтық құқық қабілеттіліктердің іс жүргізудегі көріністерінің бірі. Шын мәнінде, кімде-кім заңдық қатынастарға түсіп, құқықтарды иелену қабілеттілігі берілген болса, яғни оған өз құқығын құқық бұзушылықтан қорғау қажеттілігі жағдайында, сонымен қатар, сотқа шағымдану құқығы да берілуі тиіс, ондай болмаған жағдайда оның құқығының бағасы жоқ, еш шын мағынасы жоқ, сондай ақ құқықтарының жүзеге асуы жазаланусыз заңды бұзатын өзге тұлғалардың еріктеріне тәуелді болар еді" [6].

Келесі ғалымдар тобы сотқа талаппен жүгіну құкыгын белгілі бір заңи фактілердің негізінде пайда болатын, азаматтық іс жүргізу заңымен көзделген субъективтік азаматтық іс жүргізушілік құқық ретінде қарастырады. Мысалы Д.М. Чечоттың пікірінше, объективтік құқық барлық субъективтік құқықтардың базасы болып табылады, бірақ ол субъективтік құқықтарды тура және тікелей туғызбайды, тек субъектілерде олардың белгілі бір шарттар болған жағдайда ғана пайда болу мүмкіндігін туғызады. Кез-келген субъективтік құқықтың қалыптасу үрдісі міндетті түрде заңи факті сатысынан өтеді [7]. Сотқа жүгіну құқығының іс жүргізушілік құқық екендігіне Л.А. Ванеева келесідей дәйек келтіреді: "Сотқа шағымдану құқығы сот өндірісінде конституциялық құқықтың сот арқылы қорғалуын қамтамасыз ететіндіктен, іс жүргізу құқығы болып табылады, жүзеге асуы анықталған іс жүргізу құқығының нормаларымен бекітілген" [8]. Бірінші көзқарас бойынша, сотқа жүгіну құқығы материалдық құқықтың элементі болып табылады деу азаматтық процестің міндеттеріне қайшы келеді. Өйткені сот қана істің мән-жайларын зерттеу арқылы құқықтың бұзылғаны немесе бұзылмағаны туралы жауап айта алады. Талаппен сотқа жүгіну құқығы кез-келген тұлғада оның құқығының іс жүзінде бұзылғанына немесе бұзылмағанына қарамастан болады. Екінші пікірдің кемшілігін ғалымдар орынды атап көрсетеді. С.В. Курылевтың айтуынша, құқық қабілеттілік - бүл тұлғаның құқыққа ие болуын тану, бірақ ол өз бетімен ешқандай шынайы игілікті қамтамасыз етпейді, тек заңмен көзделген субъективтік құқықтар мен міндеттерге ие болуға мүмкіндік береді, яғни құқыққа ие болудың қажеттігі алғы шарты ретінде болады [9]. А.Н. Кожухарьдың ойынша, азаматтық іс жүргізуге құқық қабілеттілік - бұл белгілі жағдайларда субъективтік азаматтық іс жүргізу құқықтарына, оның ішінде, нақты іс бойынша сотқа жүгіну құқығына ие болуға мүмкіндік қана [10]. А.А. Мельниковтің пікірінше, субъективтік азаматтық іс жүргізушілік құқық - өзінде бар мүмкіндік, жедел жүзеге асыруға дайын болу. Субъективтік азаматтық іс жүргізушілік құқыққа ие болу мүмкіндігі іс жүргізуге құқық қабілеттіліктің болуына байланысты, демек ол субъективтік азаматтық іс жүргізушілік құқықтың міндетті қажетті алғы шарттарының бірі болып табылады [11].

Жоғарыда айтылған сын-пікірлерге сүйеніп, үшінші пікірді қолдауға болады. Талап қою құқығының процессуалдық ұғым болып табылатыны бұл құқықтың болуының мүдделі тұлғада қорғалуға жататын субъективтік құқықтың немесе заңды мүдденің бар болуына тәуелді еместігінен де көрінеді. Әдебиетте талап қою құқығы мүдделі тұлғаның бірінші сатыдағы сотта белгілі бір нақты материалдық-құқықтық дау бойынша ісінің сотта қозғалуына және шешімін табу мақсатында қаралуына құқығы ретінде анықталады [12]. Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында талап қою құқығы туралы ілімнің даулы мәселесінің бірі - талап қоюға субъективтік құқықтың пайда болу сәтінің қалай анықталатыны жөнінде. Ғалымдар бүл мәселеге байланысты әртүрлі пікірлер білдіреді.

Бір авторлар талап қою құқығын оның жүзеге асырылуы иесіне толығымен байланысты болатын біржақты құқықтылық ретінде, яғни талап қоюшының өз әрекеттеріне құқы ретінде қарастырады. Әрқашан бір тұлғаның немесе тұлғалардың міндеті сәйкес келетін субъективтік құқыққа қарағанда, біржақты құқыққа ешкімнің міндеті сәйкес келмейді. Біржақты құқық сотқа жүгінген сәттен бастап субъективтік құқыққа айналады, сөйтіп оған судьяның істі қозғауға байланысты міндеті сәйкес келеді [13]. Бұл пікірдің ұтымсыз екенін келесі ғалымдар орынды атап көрсеткен. С.В. Курылев былай деп жазады: "Іс қозғалуы үшін жеке әрекеттер жасауға құқық иелену жеткілікті емес, өйткені іс қозғаудағы судьяның әрекеті – ол арыз беруге қатысты арызданушының әрекеттерінің заңдық рефлексі емес, ол – шағымдану құқығын жүзеге асыру әрекеті" [14]. Г.Л. Осокинаның айтуынша, егер талап қоюға субъективтік құқықтың пайда болу сәтін мүдделі тұлғаның сотқа жүгіну және азаматтық істің қозғалу сәтіне сәйкестендірсек, онда талап арызды қабылдаудан бас тартудың сипаты мен салдарын түсіндіру және талап арызды қабылдаудан бас тартуға шағымдану мен наразылық келтіру институтын теориялық тұрғыдан негіздеу мүмкін емес болар еді. Сондай-ақ, егер талап қоюға субъективтік құқық азаматтық істің қозғалу сәтінен бастап пайда болады деп санасақ, онда іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға болмайды, өйткені іс қозғалып, процесс басталғаннан кейін талап қоюшыда процеске құқық пайда болды. Бірақ іс сотта қозғалғаннан кейін мүдделі тұлға сотқа жүгінген және азаматтық іс қозғалған сәтте онда талап қоюға құқық мүлде болмағандықтан процесс қүқыққа сай емес пайда болды деп танылып, қысқартылуы мүмкін. "Бір жақты құқықтың" субъективтік талап қою құқығына айналуы талап қоюшының сотқа қорғалу үшін жүгінуі фактісімен байланысты болғандықтан, мүдделі тұлғада талап қою құқығының болмауына орай іс бойынша іс жүргізуді қысқарту қисынсыз болар еді. Сондай-ақ, мына сұрақтар да жауапсыз қалады: неліктен бір жағдайда судья талап қоюшыны сол талаппен сотқа қайтадан жүгіну үмітінен айырып, ал тағы бір жағдайда мұндай үмітті қалдырып, талап арызды қабылдамайды ? [15]

Екінші ғалымдар тобы (А.А. Мельников, С.В. Курылев, М.А. Викут, Е.А. Крашенинников) субъективтік құқықтың пайда болуы мен оның іске асуын ажыратып қарастырады. Олар сотқа жүгінуге субъективтік құқықтың сот процесіне дейін, яғни азаматтық іс қозғалғанға дейін пайда болатынын және талап қою мен азаматтық істі қозғау арқылы іске асырылатынын, талап қоюға субъективтік құқықтың өзінің іске асырылу сәтіне дейін процессуалдық қатынастардан тыс өмір сүретінін көрсетеді [16]. Бұл пікірді қолдауға болады.

Қорыта айтқанда, талап қоюға субъективтік құқықтың пайда болуы белгілі бір мән-жайлармен байланысты. Олар заңның абстрактілі сипаттағы нұсқауларына сәйкес құқықтық қатынастың нақты белгілі субъектілерінің субъективтік құқықтары мен заңды мүдделері аясына енгізетін "тетік" ретінде болады. Субъективтік құқық бар жерде оған қарсы полюс ретінде заңды міндет те болады, сондықтан «субъективтік кұқық әрқашан белгілі бір заңдық қатынас ауқымында өмір сүреді».

 

 Әдебиеттер

  1. Гурвич М.А. Право на иск. - М.-Л.: АН СССР, 1949. - 216 с.
  2. Авдеенко Н.И. Иск и его виды в советском гражданском процессуальном праве: автореф.... канд. юрид. наук. - Л., - 21 с.
  3. Осокина Г.Л. Право на защиту в исковом судопроизводстве (право на иск) / Под ред. В.Н. Щеглова. - Томск: Томск, гос. ун-т, 1990. - 156 с.
  4. Мельников А. А. Правовое положение личности в советскомгражданском процессе. - М.: Наука, 1969. - 247 с. Комиссаров К.И. Право на иск и прекращение производства по гражданскому делу (некоторые вопросы) // Уч. труды института /вердл.юрид. ин-т. - Вып. 9. - Свердловск, 1969. - С. 159-182.
  5. 6.Иванов О.В. Право на судебную защиту // Советское государство и право. - 1970. - № 7. - С. 40-48. 7.Щеглов В.Н. Гражданское процессуальное правоотношение. - М.: Юридическая литература, 1966. -168 с.
  6. Васьковский Е.Г. Учебник гражданского процесса / Е.В. Васьковский: МГУ им. М.В. Ломоносова, юрид. фак., каф. граждан, процесса, КубГУ, юрид. фак., каф. граждан, процесса и трудового права. (Классика российской процессуальной науки) - Краснодар, 2003. - 528 с.
  7. Чечот Д.М. Субъективное право и формы его защиты. - Л.: Изд. Ленингр. ун-та, -72с.
  8. Ванеева Л.А. Реализация конституционного права граждан СССР на судебную защиту в гражданском судопроизводстве.
  9. Владивосток: Изд.-во Дальневост. ун-та, 1988. - 152 с.
  10. Курылев С.В. Формы защиты и принудительного осуществления субъективных прав и право на иск. // Труды Иркутского гос. ун-та. - т. 22.Серия юридическая. - Вып. -1957. - С. 159-215.
  11. Кожухарь А.Н. Право на судебную защиту в исковом производстве / Под ред. Е.Г. Мартынчика. - Кишинев: Штинца, - 140 с.
  12. Мельников А.А. Советский гражданский процессуальный закон.Вопросы теории гражданского процессуального права. - М.: Наука,
  13. Советское гражданское процессуальное право: Учебное пособие / Отв.ред. М.А. Гурвич. - М.: Высшая школа, 1964.- 536 с
  14. Щеглов В.Н. Иск о судебной защите гражданского права: Лекция для студентов / Под ред. Г.Л.Осокиной. - Томск: Томск, гос.ун-т,1987.168 с.
  15. Осокина Г.Л. Право на защиту в исковом судопроизводстве (право на иск) Под. Ред. В.Н. Щеглова. Томск: Томск, гос. Ун-т, 1990. -156 с

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.