Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қорқыту, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу жолдары

Шынында да, күннен - күнге алға қарай қадам басып, дамып отырған қоғамда жат қылықтың орын алып, көбейіп келе жатқандығы баршаға мәлім. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  өзінің  2007 жылы 28 ақпанда Қазақстан халқына  арнаған жолдауында «Мемлекет те, қоғам да ешқандай ымыраға жол бермейді. Қоғам қаншалықты мейірбанды, адамгершілігі болса да, қылмыстық іс-қимылға, әсіресе, жоғарыда аталған адамдардың қылмыстық әрекетіне жайбарақат қарап отыра алмайды, қайта оларға қатысты мемлекеттік  мәжбүрлеудің ең қатал шараларын қолдануы тиіс» , - деп, қылмыстың алдын-алу шараларының маңызына тоқтала кеткен болатын. Қорқыту мен күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың санының күн сайын артып келе жатқандығынан, ондай қылмыстардың алдын-алу жолдарын іздестіру бүгінде өзекті мәселенің бірі болып отыр. Сондықтан да қорқыту, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыс құрамдарын зерттеуді осы қылмыстардың объективтік және субъективтік белгілері тұрғысынан жүзеге асыру-күш қолданып жасалатын қылмыстардың алдын-алуды ұйымдастырудың басты мәселелерінің бірі болып отыр. Өйткені, қорқыту, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыс түрлері күнделікті өмір өзгерісіне сай көбейіп келе жатыр, тек қана көбейіп емес, сондай-ақ әдіс-тәсіл түрлері де жаңашаланып, кейбір жағдайларда мұндай қылмыстық әрекеттерді жүзеге асырушыны анықтау мүмкіндігі де болмай, сөйтіп қылмыс ашылмай қалып отыр (жалдамалы кісі өлтіру). Қорқыту, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру оны ұйымдастырушы субъектілердің әрекеттерімен тікелей байланысты. Заңгерлердің зерттеу жұмыстары арқылы әртүрлі қылмыстардың, оның ішінде, қорқытып, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын-алудың «теориялық жоспары» жасалған.

«Күш қолдану, қорқыту арқылы жасалатын қылмыстардың алдын-алу туралы ғылыми база жасау қажет» - , деп С.Б.Бородин жазса, Л.Д.Гаухман «Күш қолдану, қорқыту арқылы жасалатын қылмыстардың алдын-алу жұмыстарын ұйымдастырудың көптеген тәсілдері мен құралдарын білгенімізбен, жоғарыда көрсетілген тәсілдерді қолданып қылмыс жасаушылардың саны азаймағандықтан бұл тәсілдер мен құралдардың әлі де жеткіліксіз екендігін байқадық»-, деп жазды. Л.Д.Гаухманның пікірімен келісе отырып, шынында да, ғалымдардың ұсынған қылмыстардың алдын-алуды ұйымдастыру жөніндегі жобалары әрқашан да өзекті мәселені шешудің  бірден–бір жолы болып  табылмайды,  өйткені,  қылмыстардың  алдын-алу шараларының  жүйесі сол қылмыстық оқиға жүзеге асқан уақыттағы жағдайлармен де тікелей байланысты. Сондықтан да жоспарға төмендегідей нақты сұрақтардың жауабын табу жөніндегі мәселені де енгізу керек:

  • қандай тұлғалар тұрғысында, кімдердің арасында профилактикалық жұмыстар жүргізуді жүзеге асыру керек;
  • профилактикалық жұмыстармен нақты кімдер айналысуы керек;
  • профилактикалық жұмыстар қалай жүзеге асырылуы керек;

Алғашқы сұрақ, қорқытып, күш қолданып қылмыс жасайтын тұлғаларды анықтап, оларды арнайы есепке қойып, олар жөнінде нақты мәліметтер жинауды көздейді. Екінші сұрақ, бойынша профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыратын органдар мен службаларды анықтап, олардың әрқайсысына тиісті міндеттерді бөлуді қарастырады. Үшінші сұрақ, профилактикалық жұмыстардың мазмұнымен тікелей байланысты, яғни ұйымдастыру формалары, қажетті құралдар, пайдаланатын әдіс-тәсілдер және профилактикалық жұмыстың бағыты.

Заң жүзінде де, ғалымдардың зерттеулерінде де бұл сұрақтардың жауабы беріліп көрген жоқ, тәжірибе тек жалпы қағидаларды ғана басшылыққа алады. Осыған қарамастан ғылым, қылмыстардың алдын-алу жұмыстарының маңызы нендей жағдайларға тікелей байланысты деген сұрақтың нақты жауабын беруі керек. Заңгерлер қылмыстың алдын-алуды ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін түрлі қағидалар мен тәсілдерді ұсынады. Тәжірибе жүзінде барлығын бірдей пайдаланбағанымен, оларды басшылыққа алатыны сөзсіз.

А.Э.Жалинский мен М.В.Костицкийдің пікірі бойынша, қорқытып, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын-алу жұмыстары төмендегідей жүйе бойынша жүзеге асырылуы керек:

  • қорқытып, күш қолданып қылмыс жасау ниеті бар тұлғалардың өткені мен қазіргі уақыттағы өмір сүру жағдайын салыстыра отырып, оларға әлеуметтік бақылау ұйымдастыру;
  • қорқытып, күш қолданып қылмыс жасауға ниеті бар тұлғаларды, осы тәсілдерді пайдаланып қылмыс жасап жазасын өтеп келгендерді әкімшілік бақылауға алып, тұратын жері бойынша ұдайы тексеру ұйымдастыру;
  • қылмыс жасаудың осы тәсілдерін қолданатындармен ұдайы жедел іздестіру, тексеру іс-шараларын өткізіп тұру;
  • осы тәсілдерді пайдаланып қылмыс жасаған тұлғалардың қылмыстарын тез арада әшкере ету, жаза тағайындауды қолға алу;
  • жазасын өтеу мекемелерінде қылмыс жасаудың осы тәсілдерін пайдаланып қылмыс жасаушылармен арнайы іс-шаралар өткізіп тұру;
  • осы тәсілдерді пайдаланып жасалған қылмыстар бойынша жәбірленушілерді анықтау.

Алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жасалатын қылмыстарға толықтай, әрі нақты талдау жасамай және алдын-алу жұмыстарының оң әсері жайлы ұсыныс енгізбейінше мүмкін емес. Қылмыстың алдын-алу және тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу үшін бүкіл құқық қорғау органдары жүйесіндегі субъектілердің жұмысын бір бағытқа қарай ұйымдастыру абзал. Қорқытып, күш қолданып жасалатын қылмыстардың алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыруда басты рөлді Ішкі Істер өлімдері атқарады. Алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыруда бұл органдар бар күш-жігерін осы тәсілді пайдаланып қылмыс жасаушылармен күрес ұйымдастыруға жұмсайды, әрі болдырмауға тырысады. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу арқылы қорқытып, күш қолданып қылмыс жасаушыларды, олардың қылмыс жасау себебін және жасаған қылмыстарының түрлерін анықтайды.

Г.А.Аванесов бұл жөнінде мынандай пікір айтады: «әрбір құқық қорғау органдарының қызметкерлері өздеріне берілген құқықтарын пайдалана отырып, қылмыстың алдын-алу шараларын іске асыруы керек, оның ішінде қоғамға қауіптілік дәрежесі жоғары болғандықтан қорқытып, күш қолданып жасалатын қылмыстарға көп көңіл бөлгені жөн». Қорқытып, күш қолданып жасалатын қылмыстардың алдын-алу жұмыстарын жүргізуде прокуратурамен тығыз байланыста болмайынша өткізілген іс – шаралардың оң нәтиже беруі мүмкін емес. Прокуратура тарапынан арнайы іс  – шаралар жүзеге асырылуы керек. Ол қорқытып, күш қолданып жасалатын қылмыстарға арнайы талдау жасау нәтижесінде ұйымдастырылып, оған барлық құқық қорғау  органдарының қызметкерлері жұмылдырылады, мысалы, тапсырыс арқылы адам өлтіруге байланысты алдын-алу шараларын өткізу т.б. Қылмыстың бұл түрі бойынша арнайы іс – шара өткізу үшін құқық қорғау органдары арасында мәліметтермен алмасу жүзеге асырылады. Бұл жерде қажет болған жағдайларда денсаулық сақтау органдары да қатыстырылады, өйткені, қылмыс жасаушы адам немесе қылмыстың жәбірленушісі ауруханаларда есепте тұратын адамдар да болуы мүмкін. Мұндай арнайы іс – шараларды жүргізудің маңызы – қылмыс жасауға дайын тұратын азаматтарға жүйелі түрде әрекеттерінің салдарын ескерту болып табылады. Қорқытып, күш қолданып жасалатын қылмыстардың алдын-алу жүргізілетін жалпы профилактикалық жұмыстар тұрғындардың назарын қорқытып, күш қолданып жасалатын қылмыстардың түрлері мен жасалу жағдайларына, жасалатын орындарына,  қылмыстың  ықтимал  жәбірленушілеріне  және  қылмыс  жасаушыларға қолданылатын жазалар жайлы назар аудару мақсатында жүргізіледі. Құқық қорғау органдары тарапынан жүргізілетін қылмыстың алдын алу-жұмыстары бұл-белгілі бір мақсаттағы қылмыстық әрекетті анықтау, болдырмау, болу себебін және жағдайын анықтау. Ол жұмыс ұйымдастыру әдістемелік, құқықтық, тәрбиелік және басқа да іс-шаралар мен әдістердің жиынтығынан құралады. Бұл іс- шаралар белгілі бір тәртіппен нақты жағдайларға байланысты құқық қорғау органдарының бөлімдері және қызметкерлерінің қатысуымен жүзеге асырылады және оған төмендегідей іс – шараларды жатқызуға болады:

  • құқық қорғау органдарының қызметкерлері отбасында ұдайы жанжал тудырып көзге түсіп жүргендермен, ішімдік ішуге, есірткі пайдалануға және ұрыс-төбелес шығаруға әуес тұлғалармен арнайы жұмыстар жүргізу;
  • жүйке ауруымен ауырып, соның салдарынан еш жерде жұмыс істемейтін, ұрыс-жанжалға жақын тұратындармен жұмыстар жүргізу;
  • тіркеуде тұрған қару-жарақтары бар, өздері ұрыс-жанжалға, ішімдік ішуге, есірткі пайдалануға, төбелеске жақын тұратындармен жұмыстар жүргізу;
  • жазасын өтеу мекемелерінен оралғандарды әкімшілік бақылауда ұстау;
  • бас бостандығынан айыру жазасынан басқа жаза тағайындалғандармен арнайы жұмыстар жүргізу.

«Алдын-алу шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруда жедел іздестіру бөлімі ерекше рөл атқарғандығымен, барлық іс – шараларды тек қана сол бөлімшенің қызметкерлерінің жүзеге асыруы мүмкін емес, өйткені, олар көп жағдайда ұйымдастырушының, бағыттаушының ролін атқаруы да мүмкін». Алдын-алу шаралары тұрғылықты мекен-жайына байланысты полицияның учаскелік инспекторы арқылы жүзеге асырылады. Олар қорқытып, күш қолданып қылмыс жасауға таяу жүретін және қылмыс жасаудың осы әдісін пайдаланып қылмыс жасауы мүмкін деген тұлғаларды, жазасын өтеп келгендердің арасынан осы әдісті пайдаланып қылмыс жасағандарды есепке алады  және олармен арнайы жұмыстар жүргізеді. «Қорқытып, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстар бойынша қылмыстың алдын-алу жұмыстарын жүзеге асыруда ең көп жұмыс жүргізетін полицияның учаскелік инспекторлары, өйткені олар өз микро участоктарындағы полиция бастығының ролін атқарады да ондай тұлғалар жайлы өте көп білуге тырысады». Біздің пікірімізше, қорқытып, күш қолданып жасалатын қылмыстардың алдын-алуда ең бастысы осы жұмыстар жүргізілуге тиісті тұлғаларды анықтау және оған байланысты іс – шараларды барлық құқық қорғау органдарының бірігіп жүзеге асыруы. Күш қолдану және қорқыту арқылы жасалатын қылмыстарды қылмыс жасаудың алдыңғы сатыларында (дайындық және оқталу) тойтарса, ол қылмыс жасау ниеті барларға үлкен әсер етеді. Іс жүзінде ондай қылмыстар туралы көбіне дайындық сатысында емес, оқталу сатысында ғана белгілі болады, бұл қылмыстың алдын-алу шараларының кеш жүретіндігін көрсетеді. Жедел іздестіру бөлімдерінің қызметкерлерінің талдауларына сәйкес, қорқытып, күш қолданып жасалатын қылмыстардың – 60%- ын бұрын қорқытып, күш қолданып алдын-ала келісіп, аса қатыгездікпен, пайдакүнемдік мақсатпен, бұзақылықпен, бірнеше рет қылмыс жасағандар жасайтын көрінеді. Қорқытып, күш қолданып қылмыс жасағанға дейін олардың көбінің қылмыс жасауға бейімі болған, тек 40%-да ғана қылмыс жасау ниеті болмаған. Қорқытып, күш қолданып қылмыс жасағандардың 50% бұрын сотты болғандар, оның ішінде қарақшылық, алаяқтық, тонау, зорлау, адам өлтіру, бұзақылық, дене жарақаттарын салу сияқты қылмыстар жасағандар. Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, қорқытып, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстарды топ болып жүзеге асырғанда, топ мүшелерінің 50% бұрын сотты болған болса, 50%-ның соттылығы болмаған. Сондықтан да, қылмыстың алдын-алу іс – шараларын жүргізген кезде бұрын сотты болмағандар мен бұрын сотты болғандарға қатысты шараларды қатар жүзеге асыру керек. Қорқытып, күш қолданып жасалатын қылмыстардың алдын-алуда алғашқы іс – шаралар, осы тәсілді пайдаланып қылмыс жасауға бейім тұлғаларды анықтау болып табылады. Одан соң ол тұлғаларды жан-жақты зерттеп есепке алып, жұмыстар жүргізіледі.

Қылмыстың алдын-алу шаралары жүргізілетін келесі топ, ол бұрын қылмыс жасап, жаза тағайындалғандар. Олармен жұмыс істеу арқылы, жоғарыда көрсетілген тәсілдерді қолданып қылмыс жасау ниеті бар тұлғалар анықталады. Көбірек көңіл бөлуді қажет ететін топтар ол бұрын қорқытып, күш қолданып қылмыс жасағандар тобы, бұларға арнайы әкімшілік бақылау ұйымдастырылады. Қорқытып, күш қолданып қылмыс жасаушылардың жоғарыдағы екі тобымен жұмыс жүргізуді келесі бағыттар бойынша жүзеге асырған орынды:

  • қорқытып, күш қолданып жасалатын қылмыстардың себебін анықтап, ондай жағдайларды болдырмауды жолға қою;
  • қорқытып, күш қолданып қылмыс жасайтын тұлғаларды анықтау;
  • қорқытып, күш қолданып бұрын қылмыс жасап, жасасын өтегендерді анықтау және олардың қазіргі кездегі айналысып жүрген әрекеттерінен хабардар болу;
  • қорқытып, күш қолданып қылмыс жасағандар тарапынан осы тәсілді қолданып қылмыс жасауға итермелеуді, үйретуді болдырмауды жолға қою.

Жоғарыда  көрсетілген  іс  –  шараларды өткізуде  мақсатқа  жету үшін жан-жақты тексерілген мәліметтер қажет, ол мәліметтер жедел іздестіру жұмысына қатысты болуы керек. Сұрау салынған 78 жедел іздестіру бөлімі қызметкерлерінің 60-тан астамы қылмыстық оқиғаларға байланысты мәліметтер алатын көздердің жоқ екендігін атап өтті. Осыған қарап жедел іздестіру бөліміне мәліметтер жинаумен, талдаумен айналысатын көмекші службаның қажет  екендігін көруге   болады.

«Жедел іздестіру жұмысын ұйымдастыру жөніндегі заңға» сәйкес ұйымдастырылатын іс – шаралар күш қолданып, қорқытып жасалатын қылмыстардың алдын алу жөніндегі өзекті мәселені шешуде толықтыруды қажет ететін секілді. Атап айтқанда, қылмыстық іс қозғалмаған, қылмыстық ниет пен әрекет жасырын түрде іске асырылып жатқан латентті қылмыстарды есепке алып, оның алдын-алуда бақылау жүргізу үшін «агентураның» қызметін жақсарту қажеттігі туындап отырған сияқты. Кейбір заңгерлердің пікіріне сүйенсек, латентті қылмыс жоқ. Бірақ бұл тіптен де олай емес, жоқ деген пікір латенттілікті қалай түсінетіндікке байланысты.

К.К.Горяинов ., А.П.Исиченко және Л.В.Кондратюктердің пікірі бойынша «Латентті қылмыс дегеніміз-бұл дер кезінде қылмыстық оқиға туралы мәлім болмай, соның салдарынан қылмыстық іс қозғалып, алдын-ала тергеу жұмыстары жүргізілмей құқық қорғау органдарынан жасырын қалған қылмыстар». Жоғарыдағы келтірілген пікірмен толықтай келісе отырып, латентті қылмыстар бар, болды және бола береді, сондықтан да, ондай қылмыстардың алдын-алу жұмыстарын бір сәтке де тоқтатпау керек, өйткені, ондай қылмыстар көбіне із-түссіз жоғалып кеткендермен, белгісіз мәйіттермен, қылмыстық әрекетті дұрыс сараламаумен тікелей байланысты болуы да мүмкін деген пікір білдіреміз. Бүгінгі күн тәртібінде тұрған тағы да бір өзекті мәселенің бірі латентті қылмыстар жайлы да мәліметтер жинау. Мұндай мәліметтер қорқытып, күш қолданып жасалатын қылмыстардың алдын-алуда шешуші рөл атқарады, өйткені, іс – шараларды жүзеге асыруда негізгі әдіс-тәсіл және бақылауды жүзеге асыру түрі алынған мәліметтерге тікелей байланысты. Толық және жан-жақты алынған мәліметтерге сәйкес, құқық қорғау органдары ұйымдастыру жұмысын нақты бағыттар бойынша жүргізе алады және одан күткен қортындыны да ала алады, ең бастысы мәліметтер нақты болса, өткізілетін іс – шаралар да соған сәйкес болады. Бір-бірімен өзара тығыз байланыстағы және бір-біріне өзара қатысы бар мәліметтердің: әлеуметтік, психологиялық, криминологиялық, қылмыстық–құқықтық, криминалистикалық, құқықтық–атқарушылық, жедел– іздестірушілік т.б. бірнеше түрі бір-бірімен қабаттасып жатуы да мүмкін. Осылардың барлығы жиылып мәліметтер жүйесін құрайды, мұнда бастысы алдын-алу шараларын ұйымдастыруда қай мәлімет маңыздырақ және араларындағы байланыс қандай деген сұрақтардың нақты жауабын табу. Мысалы, жазасын өтеу мекемелеріндегі қорқытып, күш қолданып жасалатын қылмыстардың алдын-алу үшін, олардың жазасын өтеу кезіндегі басқа да жазасын өтеушілермен арадағы байланысы, жазасын өтегенге дейінгі және жазасын өтеу кезіндегі мінез – құлық көрінісі т.б жайлы мәліметтер болу керек. Бірақ, мұнда толық емес мәліметтер де өте көп мәліметтер сияқты алдын-алу шараларын жүргізуге залалын тигізеді.

Кез-келген іс – шараларды алдын-ала ұйымдастыру белгілі бір бағыттағы мәліметтерді жинақтау және оған талдау жасау арқылы жүзеге асады. Біз қарастырып отырған жағдайда нақты мәліметтер күш қолданып және қорқытып жасалған қылмыстар жайлы жиналады. Ондай мәліметтер тіркелген қылмыстық әрекеттерде, статистикалық құжаттарда, қозғалған немесе қозғаудан бас тартылған қылмыстық істердің материалдарында, қысқартылған қылмыстық істер материалдарында, арыздар мен өтініштерді тіркеу журналдары мен кітаптарында, қылмыстарды және қылмыскерлерді  есепке алу жөніндегі бірыңғай статистикалық құжаттарда болады. Қазіргі ақпараттық құралдардың дамыған заманында мұндай ақпараттық мәліметтер компьютер желісіне салынса да жеткілікті, сөйтіп мәліметтер банкін жасап алуға болады. Мәліметтер жинаумен қатар, қылмыстың алдын-алуда жүргізілген іс– шаралар бойынша кейбір құқық қорғау органдары салаларының жұмыстарына, олардың бұл іс– шараға қатысына, іс– шараның қортындысына талдау жасау орынды. Күш қолдану және қорқыту арқылы жасалатын қылмыстармен күрес жүргізу жұмыстарын көбіне жедел іздестіру бөлімдерінің қызметкерлеріне жүктейді, шын мәнінде олардың басты мақсаты жасалған қылмыс бойынша қылмыскерді іздестіру, қылмысты ашу. Мәліметтерді жинақтау және сол бойынша ұйымдастырылатын іс– шаралардың жоспарларын жасау негізінен штаб қызметкерлеріне жүктелуі керек сияқты, өйткені, олардың жинақтаған мәліметтерін басшылыққа ала отырып, жедел іздестіру бөлімінің арнайы бөлімшесі немесе қызметкері басқа да қылмыспен күрес жүргізуші бөлімдердің қызметкерлерімен бірлесе отырып, алдағы уақытта жүргізілетін нақты іс– шаралардың жоспарын жасар еді. Сапалы жинақталған мәліметтер мен жүргізілген талдау жұмыстары күш қолданып, қорқытып жасалатын қылмыстардың орнын ғана емес, сол сияқты объектілерін де анықтайды, бұл қылмыс жасаушы субъектілермен күрес жүргізуде нақты жетістіктерге жетудің кепілі. Бұл бағыт бойынша  жүргізілген  жұмыстардың  қортындысы  бір  жерде  жинақталғаны  дұрыс,  атап  айтқанда, қылмысты іздестіру бөлімінде, бірақ іс жүзінде олай емес, мәліметтер жинауда жіберілген қателіктер өте көп, атап айтқанда, мәліметтер әртүрлі есепке алу құжаттарында (статистикалық отчеттарда, таблицаларда) есепке алу профилактикалық іс– қағаздарында, жеке тұлғаларға толтырылған картотекаларда, фотоальбомдарда жинақталған. Қылмыстың алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыруда ең маңызды мәселе – ол атқарылатын іс – әрекеттердің жоспарын жасау. Жоспар жасауда атқарылатын күрделі де, жан – жақты іс– шаралар, оған қолда бар күштер мен құрал – жабдықтарды жұмылдыру, іс – әрекеттерді жүзеге асыратын органдардың өзара байланысы есепке алынуы керек. Еліміздің кейбір қалалары мен аудандарында мұндай жоспар 3-5 жылға арналып жасалған. Кейбір құқық қорғау органдарында мұндай жоспарлар маңызды деп есептелмегендіктен өз алдына жеке жоспар болып жасалынбай, жалпы жоспардың бір тарауы ретінде ғана жасалады да, онда құқық тақырыбына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, жедел іздестіру бөлімінің жұмысын  жақсарту деп қана көрсетіледі, арнайы іс– шаралар ұйымдастыру мәселесі тіпті де ескерілмейді. Қылмыстың алдын-алу жұмыстарының сапалы жоспарларын жасау үлгілері арнайы әдебиеттерде көрсетілген, бірақ, жергілікті жерлердің, қолдағы бар күштері мен құралдарды, басқа құқық қорғау органдары мен өзара байланысты есепке ала отырып, жоспар жасау мәселесі дұрыс шешуін таппай отырған мәселелердің бірі болып қалып отыр. Жасалған жоспар жүзеге асу үшін құқық қорғау органдары мен олардың бөлімшелері арасындағы өзара байланыс екі түрлі формада жүзеге асуы керек:

  • жеке әрбір орган немесе бөлімше жоспарда көрсетілген өз функциясын жүзеге асырады;
  • бірлесіп ортақ міндеттерді жүзеге асырады

Жоспарланған жұмыстың орындалуына әсер ететін бір жайт, ол іс жүзінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ситуацияны басқаруға дайындығы. Анкета жүргізу нәтижесі бойынша сұралғандардың 68% өзара байланыста жұмыс істеуді ортақ міндетті шешуде бірлесіп жұмыс істеу деп түсінеді, сондықтан да, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне бірлесіп жасалған жоспарды жүзеге асыруда қолданылатын әдіс-тәсілдер, формалар жайлы, қылмыстың алдын-алу  мәселесін қалай шешу керек екендігін ұдайы айтып түсіндіріп отыру керек. Зерттеу жүргізу нәтижелері көрсеткендей қорқыту, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын-алуда құқық қорғау органдары субъектінің үш тобымен ұдайы байланыста болуы керек:

  • басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерімен, службалармен;
  • мекеме, кәсіпорын әкімшіліктерімен, оқу орындарының оқытушылар ұйымымен;
  • қоғамдық және жастар ұйымдарымен, барлық тұрғындармен

Басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерімен, службалармен арадағы байланыс бірлесіп жүргізген жұмыстарға талдау жасау, қылмыс жасау ниеті барларды анықтау, қылмыс көп жасалатын орындарды анықтау мүмкіндігін береді. Мекеме, кәсіпорын әкімшіліктерімен, оқу орындарының оқытушылар ұйымымен бірлесіп жұмыс жүргізу, болған қылмыстар жайлы уақытында біліп, тиісті шаралар қолдану, қылмыстардың жасалу себебін және жағдайын анықтау мүмкіндігін береді. Осы мәліметтер және құқықтық кеңестер, үгіт-насихат жұмыстары, ұжымдағы құқықтық тәрбие, есепте тұратындармен бірлесіп жұмыс істеу қылмыстың алдын-алу шараларының жоспарына арқау болады.

Қоғамдық және жастар ұйымдарымен, барлық тұрғындармен өзара байланыста болу бірлесіп профилактикалық іс– шаралар жүргізу, кәмелетке толмағандардың қылмысының алдын-алу, «қиын балалар» үшін әскери- спорттық және еңбек- спорттық лагерлерінің жұмыстарын ұйымдастыру мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, жедел іздестіруді ұйымдастыру бөлімінің және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекцияның қызметкерлері жастар құрылымдары қызметкерлерін кәмелетке толмаған құқық бұзушылар мен, қылмыс жасау ниеті бар жасөспірімдермен жұмыс жүргізу, іс– шаралар өткізуге үйретеді. Жоғарыда ұсынылған қылмыстың алдын-алуды ұйымдастыруға байланысты іс– шаралар түрлерінің күш қолданып, қорқытып қылмыс жасаудың алдын-алуда пайдасы тиеді деген үміттемін.

 

Әдебиеттер

  1. Н.Ә. Назарбаев. 28 ақпан 2007 жыл. Қазақстан халқына арнаған жолдауы.
  2. Гаухман Л.Д. Проблемы борьбы с убийствами // Предупреждение насильственных преступлений. –М.,1996.
  3. С.Н. Абельцев. Личность преступника и проблемы криминального насилия. Москва.2000
  4. Заң газеті. 2008 жыл №39

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.