Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Түркістан Республикасының халық комиссарлар кеңесінің қызметі

Түркістан өлкесінде кеңес өкіметінің орнап, оның одан әрі қарай дамуында республиканың Халық Комиссарлары Кеңесінің рөлі ерекше болды. Түркістан республикасының басқару жүйесінде Халық Комиссарлар Кеңесі жоғары атқарушы билік тармағын қалыптастырды. Түркістан республикасы 1918-1924 жж. аралығында өмір сүргені көпшілікке мәлім. Осы уақыт аралығында Халық Комиссарлары Кеңесінің даму тарихын шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең 1918-1920 жж. аралығын қамтиды. Бұл уақыт аралығы қалыптасу кезеңі немесе Түркістан республикасының алғашқы конституциясының әрекет ету аралығындағы комиссариат қызметі.

Бұл кезеңде Халық Комиссарлар Кеңесінің атауы Комиссарлар Кеңесі деп аталды. Себебі, сол кезеңде РСФСР үкіметі де Халық Комиссарлар Кеңесі деп аталатын. Сондықтан да ол Комиссарлар Кеңесі, ал халық комиссарлары комиссарлар деп аталды. Комиссарлар Кеңесі Конституцияға сәйкес Түркістан республикасында жалпы істерді басқарды және өз өкілеттігі шегінде бұйрықтар, өкімдер мен нұсқаулықтар шығаруға құқылы болды. Және де республиканың қалыпты және қауіпсіз өмір сүруі үшін қажетті басқа да шараларды жүзеге асырды [1].

Комиссарлар Кеңесі көптеген мүшелерден тұрды және олардың әрқайсысы республиканың маңызды деп саналатын салаларын басқарды. Комиссарлар Кеңесі мен  комиссарларды Түркістан ОАК қалыптастырды. Конституцияның 12-бабына сәйкес республикада атқару билік жүйесін 15 комиссариат құрды. Олар:

  • Сыртқы істер;
  • Әскери істер;
  • Ішкі істер;
  • Әділет;
  • Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру;
  • Оқу-ағарту;
  • Пошта және телеграф;
  • Қаржы істері бойынша;
  • Көлік байланысы;
  • Жер шаруашылығы;
  • Тамақтандыру;
  • Мемлекеттік бақылау;
  • Ұлт мәселесі бойынша;
  • Денсаулық сақтау;
  • Орталық халық шаруашылығы кеңесі.

Әр бір  комиссариат келесідей  негізгі бөлімдерден  тұрды:

  1. Комиссариат алқасы;
  2. Бөлімдер;
  3. Бөлімдер алқасы;
  4. Халық комиссариатының кеңсесі;
  5. Комиссарлар [2].

Комиссариат жанынан комиссар төрағалық ететін алқалар құрылды, олардың мүшелерін Комиссарлар Кеңесі бекітіп отырды. Алқаның шын мәніндегі құқықтық мәртебесі тек формальды сипатқа ие болды. Комиссар өзінің тиісті комиссариатының құзыретіне жататын барлық мәселелер бойынша жеке-дара шешім қабылдауға құқылы болды. Комиссар әрбір жүзеге асырылып жатқан шаралар жөнінде алқаға мәлімет беріп отырды. Міне, осы тұста ғана алқа немесе оның мүшелері комиссардың шешімімен келіспеген жағдайда Комиссарлар Кеңесі немесе Түркістан ОАК Президиумына аталған шешімнің күшін тоқтатпай шағымдануға мүмкіндікке ие болды.

Комиссарлар мен комиссариат жанындағы алқалар толығымен Комиссарлар Кеңесі мен Түркістан ОАК алдында жауапты болды. Ал Комиссарлар Кеңесі өз  кезегінде Түркістан  Кеңестерінің съезді мен Түркістан ОАК алдында жауапты болды. Комиссарлар Кеңесі өздерінің қабылдаған барлық шешімдері мен атқарған жұмыстары жайлы Түркістан ОАК хабарлап отырды.

Түркістан ОАК Комиссарлар Кеңесінің кез келген қаулылары мен шешімдерінің күшін жоюға немесе тоқтата тұруға құқылы болды. Комиссарлар Кеңесі өздерінің қарауына жататын жалпы саяси маңызы бар қаулылар мен шешімдерді Түркістан ОАК мақұлдауына жіберіп отырды.

Осы тұста Комиссарлар Кеңесінің құрылымы мен қызметі жөнінде республика басшыларының арасында көптеген қарама-қайшылықтар туындап отырды. Кейбірулер Комиссарлар Кеңесін тарату туралы ұсыныстар жасады: «По решению административной секции восьмого съезда Советов Туркестана в сентябре 1919 года Совком Туркреспублики был упразднен. Этим якобы достигалось объеденение законодательной и исполнительной властей. Члены  административной секции ошибочно полагали, что Совком – изличняя инстанция. Ошибка, допущенная восьмым съездом Советов по вопросу упразднения СНК, была исправлена в марте 1920 года. До принятия Конституции Туркестанской АССР 1920 года восстановленный Совком действовал на основании Временного положения о Совете комиссаров Туркреспублики, утвержденного ТуркЦИКом 12 марта 1920 г.» [3].

Түркістан республикасының атқарушы билік органы – Халық Комиссариатының екінші даму кезеңі 1920-1924 жж. аралығын қамтыды. Бұл уақыт арлығы Халық Комиссариатының даму тенденциясын көрсетті. Және де республиканың екінші конституциясының қабылдануы мен Түркістан республикасының таратылу аралығын қамтыды.

1920 жылғы жаңа Конституцияның қабылдануымен Халық Комиссариатының құрылымдық жүйесі көптеген өзгерістерге ұшырады. Халық Комиссариаты ендігі жерде Халық Комиссариатының Кеңесі деп аталып, комиссариаттар саны мен құрылымдары өзгеріске ұшырады. Ендігі  кезеңде Халық Комиссариатының Кеңесі келесі комиссариаттардан тұрды. Олар:

  • Ішкі істер;
  • Әділет;
  • Еңбек;
  • Әлеуметтік қамсыздандыру;
  • Оқу-ағарту;
  • Пошта және телеграф;
  • Қаржы;
  • Көлік байланысы;
  • Жер шаруашылығы;
  • Тамақтандыру;
  • Жұмысшы-шаруа инспекциясы;
  • Орталық статистикалық басқарма;
  • Денсаулық сақтау;
  • Орталық халық шаруашылығының кеңесі [4].

Конституция бойынша Халық Комиссариаты Кеңесінің құрамында Үлкен және Кіші Халық Комиссариатының Кеңесі жұмыс жасады. Үлкен Халық Комиссариатының Кеңесі қоғамның жалпы саяси және экономикалық өмірін қамтитын декреттердің жобалары мен қаулыларды талқылады, бекітті немесе қажет болған жағдайда оны Түркістан ОАК бекітуге жіберіп отырды. Сонымен бірге мемлекеттік мекемелердің қызмет ету тәжірибесіне; республиканы басқаруға қатысты жалпы сұрақтарды қамтитын қаулылардың жобаларын; әр түрлі ведомостволардың штаттық кестесін қамтитын қаулылар жобаларын және т.б. әкімшілік құрылымға қатысты қаулылар жобаларын қарастыруға құқылы болды.

Ал Кіші Халық Комиссариатының Кеңесі тиісінше Халық Комиссариатының Кеңесінде қаралатын сұрақтарды алдын ала қарауға; республикада ведомоствалық деңгейде жүзеге асырылатын бағдарламаларды қарастыру және бекіту; әрбір комиссариаттың алдына қойылған міндеттер мен атқарылған жұмыстар жөнінде жүйелі түрде есептерін тыңдау және т.б. ағымдағы мәселелерді қарастыру мақсатында құрылған болатын [5].

Қорыта келгенде, Түркістан республикасының басқару жүйесінде Халық Комиссариаттарының Кеңесі өлкеде кеңес өкіметінің орнап, өлкені қамтыған азаматтық соғыс жылдары өзінің кәсіби атқарушы билік тармағының өкілі екенін көрсете білді.

 

Әдебиеттер

  1. Конституция Туркестанской Республики Российской Социалистической Советской Федерации, принятая VI-м Туркестанским Съездом Советов от 15 октября 1918 года. – Ташкент, 1918. – 8 стр.
  2. ЦГА Республики Узбекистан. Ф.17; Оп., 1, д.18. л.14.
  3. Уразаев Ш.У. Туркестанская АССР – первое социалистическое государства в Средней Азии. – М.: Юридическая Литература, 1961. – 126 стр.
  4. Конституция Туркестанской Республики Российской Социалистической Советской Федерации, принятая IX-м Туркестанским Съездом Советов от 24 сентября 1920 года. – Ташкент, 1920. – 10 стр.
  5. ЦГА Республики Узбекистан. Ф.17; Оп., 1, д.496. л.38.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.