Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Каспий аймағының қоршаған ортасын ластаудан қорғаудың құқықтық мәселелері

Каспий теңізінің су ресурстары қазіргі таңда Каспийдің коммерциялық байлықтарының ішіндегі маұнайдан кейінгі екінші орынды алады. Соңғы жылдары теңіз ортасына лас ағынды сулардың төгілуіне байланысты, тірі табиғаттың экологиялық тепе-теңдігінің нашарлауына және биологиялық сан алуандықтың сақтауына қауіп төндіру секілді жаңа экологиялық мәселе алып келіп отыр.

«ҚР 2005-2007 жж. арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасының негізінде жүргізілген зерттеулер бойынша, соңғы 100 жыл бойы Қазақстанда мұнай-газды игеру салдарынан. Каспий аймағында экологиялық ахуалдың нашарлауына алып келгенін көрсетіп отыр. Топырақтың ластануы, теңіз жағалауындағы әртүрлі мұнай амбарлары мен кен орындары, сондай-ақ танкер флоттары, Каспий теңізіне токсинді заттар арқылы ластаудың бірден-бір көзі болып табылады. Мұнай өндіру мекемелерінде ағынды суларды тиімді пайдалану (утилизациялау) жүйесінің жоқтығы, аймақта химиялық-токсиндік заттардан құралған өлі көлдердің пайда болуына алып келіп отыр [1]. Сондай көлдердің бірі Ақтау қаласында сегіз шақырым жерде орналасқан - Қошқар ата көлі. Бұл уран кенін өңдейтін химия кешені құрамындағы күкірт қышқылы зауыты, химия-гидрометаллургия зауыты сияқты алып кәсіпорындардың қалдық сулар мен қоқыстарын ешбір залалсыздандырмастан табиғи ойпаңға айдау нәтижесінде пайда болған жасанды көл. Тіршілік белгісі жоқ, өлі көл. Бұрын көл айдынының астында қымталып жатқан қатерлі қалдықтар жоғарыда аталған кәсіпорындардың ішінара немесе толықтай тоқтап, көлге құйылатын судың кемуі, соның салдарынан жағалауының құрғап, жалаңаштануы нәтижесінде өлкедегі ең қауіпті экологиялық ошаққа айналып отыр.

Теңіздің басты ластаушысы, сөзсіз түрде мұнай болып табылады. Мұнаймен ластану теңіздің биологиялық тепе-теңдігіне қатты соққы береді, мұнай жайылмалары күн көзін өткізбейді, судағы ауаның жаңаруын азайтады және биологиялық өнімділік азаяды. Көбінесе мұнайдың улы қоспалары балықтың, теңіз құстарының қырылуына себеп болады, теңіз хайуандарының етінің дәмдік сапасына қарсы әсер етеді. Мұнаймен улану қаупі оның жиынтығының көбеюіне байланысты өрши түседі. Су ортасының токсикалылығы 1мг/м жиынтықталған кезде көрінеді. Кейбір аурулардың мұнаймен ластануға байланысты екендігін куәландыратын зерттеулер қатары бар. Қанның және қан жасайтын органдардың ауруы Қазақстанның солтүстік    аймақтарында республикаға қарағанда 2-4 есе жоғары.

Сонымен қатар Солтүстік Каспийдің ихтиофаунасының өзеруі салдарынан, аймақтағы бекіре аулаудың үш есе кемуіне алып келді [2].

Осы фактілердің барлығы Каспий аймағы экологиялық мәселелерді шешуде мемлекеттік органдардың басты назар аударуын талап етуде.

«Каспий теңiзiнің теңiз ортасын қорғау жөнiндегі негiздемелiк Конвенциясының (Тегеран, 2003 ж. 4 қараша)» 14-бабына сәйкес уағдаласушы тараптар Каспий теңiзiнiң биологиялық ресурстарын қорғауға, сақтауға, қалпына келтіруге, сондай-ақ ұтымды пайдалануға ерекше көңiл бөледi және мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

а) адамдардың тамаққа сұраныстарын қанағаттандыру мен әлеуметтік және экономикалық мақсаттар кезiнде экологиялық тепе-теңдiктi сақтау және қалпына келтiру мақсатында биологиялық ресурстардың әлеуетiн дамыту мен арттыру;

ә) тиiсті экологиялық және экономикалық факторлармен және түрлердiң арасындағы арасалмақты назарға ала отырып анықталатын өндiрудiң ең тұрақты көлемiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн деңгейлерде теңiздегi түрлердiң популяцияларын қолдау немесе қалпына келтiру;

б) шамадан тыс пайдаланудан биологиялық түрлердiң құрып кету қаупiне ұшыратпауды қамтамасыз ету;

в) балықтардың өнеркәсiптiк түрлерiн аулау және өнеркәсiптiк емес түрлерiн аулау кезiнде ең аз шығынға әкелетiн таңдалған әдiстер мен тәсiлдердi дамытуға және қолдануға жәрдемдесу;

г) эндемидтi, сирек және құрып кету қаупi төнген биологиялық түрлердi қорғау, сақтау және қалпына келтiру;

ғ) сирек және құрып кету қаупi төнген түрлердiң, сондай-ақ әлсiз экожүйелердiң биологиялық әралуандылығы мен мекендеу ортасын сақтау үшiн қолда бар озық ғылыми деректердiң негiзiнде барлық қажеттi шараларды қабылдайды [3].

Әзірбайжанда балық аулау мен биологиялық  сан  алуандылықты  қорғауды  құқықтық реттеу,«Жануарлар әлемі туралы» (1999 ж.), «Қоршаған ортаны қорғау туралы» (1999 ж.), «Балық шаруашылығы туралы» (1998 ж.) заңдарымен, 1998 ж. 22 қаңтарында қабылданған «Су жануарлары мен балық аулауға және оны молайтуға арнайы рұқсат (лицензия) беру ережесін бекіту туралы» Министрлер Кабинетінің қаулысымен жүзеге асырылады. Пайдаланушылар болып кез келген азаматтар мен ұйымдар табылады. Әрбір пайдаланушыларға лицензия, жыл сайын белгіленетін квота негізінде балық аулаудың шекті мөлшері белгіленеді. Сонымен қатар жоғарыдағы ережеде балық қорын, қызыл кітапқа енгізілген су жануарлары мен өсімдіктерін қорғау мақсатында, қорықтар мен басқада қорғау су объектілерін құру көздеген. Кез келген химиялық, улау және жарылғыш заттарды пайдалануға тыйым салынған. Жануарлар әлемін пайдалану ақылы болып табылады. «Балық шаруашылығы» туралы заңы, балықтарды молайту мен қайта қалпына келтіру, әсіресе бекіре тұқымдас балықтарға қатысты мәселелерді шешеді. Жалпы балық қорын молайту мемлекеттің мақсатты бағдарламаларының негізінде, ғалымдардың қатысуымен жүзеге асырылады.

Иранда балық және жануарлар әлемін қорғау, «Балық қоры мен аң ауланатын жануарлар туралы» (1967 ж.), «Каспий теңізінде және Парсы шығанағында заңсыз балық аулауға жауапкершілік туралы»,«Су  биоресурстарын пайдалану және қорғау туралы» заңдарымен жүзеге асырылады.

Ресейда  биологиялық сан алуандылықты қорғау және  балық шаруашылығының тәртібі, «Жануарлар әлемі туралы» федералды заңымен белгіленеді. Балық аулауды жүзеге асыруға рұқсат, ұзақ мерзімді мемлекеттік лицензия нысанында беріледі. Аулау жағдайы, маусымдық шектеулер, сондай-ақ аулау құралы мен орны арнайы берілген рұқсатта нақты көрсетіледі. Каспийде және т.б. су қоймаларында балық аулау, жыл сайын белгіленетін квота негізінде жүзеге асырылады.

Каспийге қатысты, 1974 ж. бекітілген «Каспий теңізінде балық аулау ережесімен» арнайы балық аулаудың талаптары белгіленген. Атап айтқанда, аулаудың техникалық құралдарының талаптары, аулау орны мен уақытының арнайы талаптары. Бұл ереже 1996 ж. мемлекеттік балық аулау комитетінің бұйрығымен жалғасын тапты. Бұйрық бойынша 2000 ж. дейін балық аулаудың уақытша режимі белгіленген болатын. Каспий аймағындағы Ресей Федерациясы субъектілерінің балық аулауды қорғау мен реттеу саласында басты орынды алады. Мысалы: Астрахан облыс әкімшілігінің шешімі бойынша, Жайық өзенінің қайраңында балық аулау квотасы беріледі. Квота беру туралы шешімдерде бекірі тұқымдас балықтарды аулауға қатысатын ұйымдардың тізімі көрсетіледі. Ресей Федерациясы мен федерация субъектілерінің арасындағы су ресурстарын пайдалану және басқару саласындағы өкілеттіліктері арнайы келісімшарттар негізінде жүзеге асырылады.

1999 ж. «Өнеркәсіптік кемелердің қызметін, су биологиялық ресурстарына мониторингтің, бақылау мен қадағалаудың салалық жүйесін құру туралы» Үкіметтің қаулысына сәйкес, Каспий теңізінде  балық  аулау  кемелерінің  орналасқан  жеріне,  ауланған  балықтардың  көлеміне қадағалау мақсатында, арнайы техникалық жабдықтармен жабдықталуы тиіс. Ал егер кеме техникалық талаптарға сай келмесе, теңізге шығарылмайды және балық аулауға арналған лицензия берілмейді [4].

Түрікменстанда балық шаруашылығы «Түрікменстан ішкі су қоймаларында және аймақтық суларды балық шаруашылығын реттеу мен балық қорын қорғау туралы ереже» (1998 ж.) негізінде жүзеге асыралады. Ереже негізінде мемлекеттік балық шаруашылық комитеті, бір жылдан аспайтын мерзімге аймақтық сулар мен ішкі су қоймаларында балық аулауға рұқсат беретін орган болып табылады. Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың кез келген түрін, өнеркәсіптік, әуесқойлық және спорттық аулауларға тыйым салынған.

1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасы «Биологиялық сан алуандылық туралы» Конвенцияның қатысушысы болып келеді. Бұл халықаралық келісім, биологиялық ластану мәселелерін шешу саласындағы мемлекеттік органдардың тиісті өкілеттілігін белгілейтін бірден-бір құқықтық құжат болып табылады. Каспий аймағы мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларында биологиялық ластанудан қорғану саласындағы арнайы заңдар жоқ болғанымен, келісімге қатысушы тараптар үшін міндетті. 1999 жылы Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар Министрлігі (қазіргі Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі) биологиялық сан алуандылықты пайдалануды теңеру және қорғау қызметінің Ұлттық стратегия мен жоспары жасалған болатын. Бірақ ресми құжат ретінде бекітілген жоқ. Сондықтан Ұлттық стратегия мен жоспарда көрсетілген барлық талаптар іске асырылмады.

Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамаларында «биологиялық ресурстар» терминінің орнына «табиғи ресурстар» термині жиі қолданылып жүр. «Табиғи ресурстар» - тұтынушының құндылығы бар табиғи объектілер [5]. Табиғи ресурстар термині ауқымырақ, себебі оның құрамына барлық тірі табиғаттың объектілері кіреді. Қоршаған орта бұл - табиғи объектiлердiң, өзара қарым- қатынастағы атмосфералық ауаны, Жердің озон қабатын, жер бетіндегі және жер  асты суларды, жерді, жер қойнауын, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиынтығы.

Биологиялық сан алуандылық туралы Конвенцияның (КБР) 8-бабы бойынша, «қатысушы мемлекеттер, табиғи жануарлар дүниесi мен өсiмдiктер әлемiне тән емес, әрi жат, араласуы мен бейiмделуi су және жер бетiндегi экожүйелерге белгiлi бiр дәрежеде зиян келтiруi мүмкiн түрлердiң жерсiнуiн болдырмау жөнiнде тиiстi шаралар қолдануға міндетті».

Сонымен қатар қатысушы–мемлекеттер, Конвенцияның талаптарын негізінде міндетті:

  • биологиялық сан алуандылыққа байланысты мәселелері секторлы және сектораралық жоспарларға, бағдарламалар мен саясатқа қосу қажет (Конвенцияның 6-бабы);
  • биологиялық сан алуандылықтың тұрақты дамуына қолайсыз әсер ететін шаруашылық қызметтердің категориялары мен процесстеріне мониторинг жүргізу (Конвенцияның 7-бабы);
  • қоршаған ортаның жоспарларына, бағдарламаларына және саясаттарына бағалау жүргізу, сонымен қатар алмасу және басқа көрші мемлекеттерден кеңес алу және т.б. (Конвенцияның 14- бабы) [6].

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген, жойылып кету қаупі бар тірі организмдерді қоспағанда, Республикада ресурстарды басқарудың өзіндік аймақтық ерекшеліктері бар. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жануарлар әлемін пайдалану Конституциямен және 2004 ж. 9 шілдесінде қабылданған «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заңымен негізделеді. Заң бойынша жануарлар дүниесі мемлекеттің меншігінде.

Жануарлар дүниесiн пайдалану жалпы және арнайы пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады. Жануарлар дүниесiнiң объектiлерi Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес пайдалануға берiледi. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн мекендейтiн ортасынан алу арқылы пайдалану жатады. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерiн мекендейтiн ортасынан алмай пайдалану жатады. Жануарлар дүниесiн  мемлекеттiк орман қорының аумағында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда пайдалану Қазақстан Республикасының орман заңдары мен Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарының талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар дүниесiн пайдаланудың мынадай түрлерiне жол берiледi:

  • аң аулау;
  • судағы омыртқасыз жануарлар мен теңiз сүтқоректiлерiн қоса алғанда, балық аулау;
  • аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану;
  • жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда пайдалану;
  • жануарлардың пайдалы қасиеттерiн және тiршiлiк ету өнiмдерiн пайдалану [7].

Жануарлар дүниесін биологиялық қару жасау мақсатында  пайдалануға  жол берілмейді.

Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану үшiн:

  • аңшылық және (немесе) балық шаруашылығын жүргiзу кезiнде - биологиялық-экономикалық тексерудiң, аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беруге арналған конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарының, аңшылық шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдарын дамыту жоспарларының негiзiнде конкурстық комиссия айқындайтын аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру кезеңiне қарай он жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi;
  • қалған түрлерiне бiр жылдан аспайтын мерзiмдер белгiленедi.

Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану үшiн пайдалану мерзiмдерi белгiленбейдi.

Су объектілерін пайдалану мен қорғау саласындағы биологиялық ресурстар қатынастары арнайы заңдардан басқа, ҚР Су кодексімен де реттеледі. Бұл нормативті-құқықтық актіде келесе нормалар көрсетілген:

  • су қорын пайдалану және қорау саласындағы өкілетті мемлекеттік органдардың келісілген қосымша келісімдерін талап ететін нормалар;
  • тыйым салуларды белгілейтін нормалар;
  • пайдаланушыға қосымша міндеттер жүктейтін нормалар.

Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік Конвенцияға қосылып және оны 2005 ж. 13 желтоқсанында ратификациялап, 2006 ж. 12 тамызында заңды күшіне енгізген сәттен бастап, Қазақстанның Каспий теңізінің қоршаған ортасының жағдайын мейлінше жақсартудағы жауапкершілігі өсті.

Биологиялық сан алуандылықтарды сақтау, құқықтық дамуда нақты қиындықтарды туындатады. Заңды тұрғыда биологиялық сан алуандылықтың нақты анықтамасы жоқ болғанымен, оның құрамына жануарлар мен өсімдіктер әлемін жатқызамыз. Бұл саладағы заңнамалар дәстүрлі құқықтық механизмдерді пайдалану арқылы жүзеге асыралады. Ал Каспий аймағы мемлекеттерінің бірде- біреуінде биологияық сан алуандылық туралы арнайы заң актісі жоқ.

 

Әдебиеттер

  1. Копбасарова Г.К. Правовая охрана окружающей среды от трансграничных загрязнений // Вестник КазНУ. Серия юридическая, 2007, №3.
  2. Аманова А. Правовые проблемы защиты окружающей среды Каспийского моря, связанные с разработкой ресурсов Каспия// Нефть Газ и Право Казахстана, - №1. – С. 40-48.
  3. Каспий теңiзiнің теңiз ортасын қорғау жөнiндегі негiздемелiк Конвенциясы. Тегеран, 2003 ж. 4 қараша
  4. Каспийская экологическая программа. Парвовое и организационные меры охраны и использования природных объектов экосистемы каспийского моря в прикаспийских государствах Азербайджан, Иран, Казахстан, Россия, Туркменистан // Спарвочная правовая система ЮРИСТ, 07.2008
  5. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 9 қаңтар 2007 жылғы. Алматы: Юрист 2007 жыл.
  6. Қазақстан Республикасының биологиялық сан алуандық туралы Конвенцияны мақұлдауы және онда көзделген мiндеттемелердi орындауды ұйымдастыру жөнiнде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 19 тамыз 1994 ж. № 918
  7. Жануарлар дүниесiн  қорғау,  өсiмiн  молайту  және  пайдалану  туралы  Қазақстан  Республикасының  2004  жылғы 9 шілдедегі N 593 Заңы

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.