Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанда жерге орналастыру заңнамасының қалыптасу және даму кезеңдері (XVIII-XIX ғғ.)

Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге бағытталған шаралар Қазақстанда XVIII-XIX ғасырларда өз ерекшеліктерімен сипатталды. Жерге орналастыру заңнамасының қалыптасуы мен құқықтық реттелуінің ерекшелігін революцияға дейінгі кезең және Кеңес дәуіріндегі кезең деп қарастыруға болады.

Революцияға дейінгі кезеңде, жер өңдеуге жарамды жер көлемі есепке алынбады. ҚазАКСР үкіметінің бекітілген отырықшы жерлер тізіміне сәйкес, олардың көлемі – 11 млн 577 мың 783 га, оның ішінде жер өңдеуге жарайтыны – 8 млн 812 мың га болды. Бір мәліметтер бойынша абсолютті қажетсіз жерлер 50 млн десятина, ал басқа мәліметтер бойынша – 75,5 млн десятина  болды. Қазақстан территориясының көп бөлігі шөлейт сипаттағы дала кеңістігімен сипатталады, кейбір бөліктерінде Қазақстанның 61 % құрайтын шөлейт жерлер болды. В.М. Боровский мен У. Успановтың зерттеулерінде Қазақстанның шөлейт және шөл жерлерін оның барлық көлемінің 64%-ын құрайды деп көлемін өсіріп көрсетілген. Қазақ шаруашылығының формалары әр аймақтың табиғи ерекшелігіне байланысты болды. Қазақстанда шаруашылық жүргізудің негізгі белгілері бойынша шаруашылықтың 3 түрін бөліп көрсетуге болады. Біріншісі жер – мал шаруашылығы – Солтүстік зоналарды қамтыды, яғни бірінші табиғи-тарихи аймақта және Оңтүстіктің кейбір бөліктерін де қамтыды. Табиғи-географиялық аймақтарды зерттегенде Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанның жер зоналары бірдей еместігі анықталған. Шаруашылық жүргізудің екінші түрі (мал шаруашылығы мен жер игеру) орташа жылдық жауын көлемі 200-ден 250 мм болатын зонада,яғни екінші типті табиғи- тарихи зонаға сәйкес келді, сондай-ақ жер игерумен қатар мал бағумен сипатталынды. Орталық Қазақстан территориясына мал шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғызды, алайда оның солтүстік бөлігінде қара топырақты және қара қоңыр топырақты жерлер болғанымен,жер иегерумен қатар мал шаруашылығы да бірдей қалыптасқан.

Шаруашылық жүргізудің үшінші түрі (таза мал шаруашылығы) Оңтүстік және Орталық Қазақстанда болды, орташа жылдық жауын көлемі 250 мм-ден төмен болатын, шаруашылық жүргізу көшіп-қонумен сипатталынды. Осылайша, Қазақстанның жер ресурстарын рационалды игеру мен қазақ халқын жерге орналастыру негізгі мәселелері Қазақстанның климаттық ерекшеліктеріне байланысты анықталды және де соның нәтижесі ретінде «ылғалсыз жерлер» деп аталатын және олардың өнімі тұрақсыз жерлердің таралуын айтамыз.

Көшпелі және жартылай көшпелі аудандарда революцияға дейінгі кезеңде жерді пайдаланудың қоғамдық формасы дамыды. Қазақ халқының жерді пайдаланудың қоғамдық-туыстық формасы шаруашылықтың даму сатыларына байланысты көп түрлерге ұласты. Таза көшпелі аудандарда жерді пайдаланудың қоғамдық-туыстық формасы белгілі бір қыстық тұрақтарсыз дамыды. Олар көбінесе жаз айларында жайлауда, қыс айларында қыстақтарда қоныстанды. Көбінесе қазақ елінде тұрақты және белгілі бір егістіктері болған жоқ, бытыраңқы болды, өйткені Қазақ халқы көшпелі мал шаруашылығымен айналысқандықтан, бос жерлерді пайдаланды, яғни малға жайлы, табиғи климаттық жерлердің ыңғайлысына қоныстанды. 2-3 жылдан соң сол жерлер ауыстырылып отырылды (1, 48-50 бб.).

1889 жылы 12 шілдеде «Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы туралы» арнайы ереже бекітілді. Бұл ережеде, негізінен, жерді бөліп берудің нақты мөлшері көрсетілмеген, дегенмен жергілікті өкімет органдарына өз қалауы бойынша белгілеуге құқықтары белгіленген. Тіпті қазақ шаруалардың құнарлы жерлерднен шөлейт жерлерге күшпен көшіру және қазақтардың көшетін жолдары орыс поселкаларының үстінен өткендігіне алым төлету фактілері де орын алған. Міне, осындай қолайсыз жағдайлар салдарынан қазақ ауылдарының ауыл шаруашылығы да құлдырауға ұшырады, мал шаруашылығының өркендеуіне кері әсерін тигізді.

Қазан революциясынан кейінгі орнаған Кеңес үкіметінің басқаруы көптеген салаларға өзгерістер әкелді. Социалистік жер қатынастары Кеңес үкіметі орнауымен пайда болды. Кеңес дәуірі орнағаннан кейінгі кезеңде қалыптасқан жерге орналастыру 1917 жылғы 26 қазандағы Жұмысшылар әскері және шаруалар депутаттарының II Бүкілресейлік съезінің Жер туралы Декретінен бастау алады. Мұнда жерге орналастырудың мақсаты тәркіленген жерлерді жүзеге асыру болып табылады. Болыстық жер комитеттері басқарды, олар тікелей сайлау арқылы құрылады. Болыстық жер комитеттерінің міндеттерін крепостной құрылысының барлық қалдықтарын тезірек және біржолата жою, барлық әділсіздік олқылықтарды, оның ішінде: норматикалық орындаушылық жүйесін натуралдық  жалдау т.б толығымен жоюға жатады. Болыстық жер комитеттеріне болыс аумағындағы жер туралы барлық құжаттарды жинап алу, сонымен қатар жерді пайдаланудың алқаптарға бөліну мәліметтері жинау міндеттері жүктелді. Малды азықтандыруға керекті жайылымдық мөлшерін анықтау (орман, шабындық жерлерін) селолар мен деревняларға бөліп беру жүктелді. Жерлерді жалға алу ақысын белгілеп және төлеу тәртібін тексеріп отырды. Жер реформасының жобасын дайындады. Тәртіп бойынша қабылданған жер заңдарын жүзеге асыру үшін орталық және жергілікті жер комитеттері құрылды. Жергілікті жер комитеті орталық жер комитетінің басшылығымен әрекет етеді. Жергілікті жер комитетінің құрамында губерниялық (облыстық), уездік, окургтік, облыстық жер комитеттері кіреді. Жер комитетінің жер және ауыл шаруашылық қатынастарын реттеу туралы нұсқау бар. Оның жерді есепке алу қожалықтарды құнсызданудан қорғау, жерді тең бөлу және басқа да бөлімдері бар (2).

1918 жылдың 18 тамызында ВЦИК-тің қаулыларында қозғалмайтын мүлікке және меншікті құқығын жою туралы декрет қабылданды. Декретке сай жеке тұлғалардың және өнеркәсіптің, кәсіпорындардың және ведомоствалар мен мекемелердің жеке меншігіндегі құрылыс  орналасқан және орналаспаған жерлеріне жеке меншігі жойылады, меншіктеніп алынған жер жергілікті үкімет органына беріледі және жергілікті үкімет органдары кәсіпорын салушыларға жер беру құқығын пайдаланады (3).

1919 жылдың 14 ақпанында «Социалистік жерге орналастыру» және социалистік егін шаруашылығына өту шаралары туралы тәртіп қабылданды. Мұның 3-бабында былай делінген: Адамды адам қанайтын барлық қанаушылықты жою үшін, социализм негізінде ғылым мен техникалық барлық жетістіктерін қолданып, ауылшаруашылықты ұйымдастыру үшін, еңбекшілер көпшілігін социализм рухында тәрбиелеу үшін, сондай-ақ пролетариат пен деревня кедейлерін капитал мен күресті ұйымдастыру үшін, жер пайдаланушыларды жеке меншік түрінен ірі кеңестік серіктерге, қожалықтарға және басқа да серіктестіктерге көшіру алға қойған мақсатқа жетудің ең артық құралы болып табылады. Ірі кеңес қожалықтары коммуналар қоғамдық жер өңдеу және басқа серіктестік жер пайдаланушылар қойған мақсатқа жетудің ең озық құралы болып саналады. Сондықтан барлық жеке меншік жер пайдаланушыларды өтпелі кезең деп қарауы керек. Осы мақсаттарға жету үшін жер бөлімдердің жерге орналастыру міндеттерінің шеңберіне мыналар кіреді:

а) ауыл шаруашылығының жерлерін басқа жерлерден шекарасын бөлу;

б) ауыл шаруашылығы қорынан жеке меншікке бөліп беруге жатпайтын жердің шекараларын анықтау;

в) алыс жерлерді,аралас алқаптарды жою;

г) ауыл шаруашылық қорды ауылшаруашылық қожалығын жүргізу үшін еңбекші халыққа бөліп беру;

д) басқа қажеттілік үшін бөліп беру;

е) ауылшаруашылық қорды кеңейту үшін іздестіруді жүргізу;

ж) жер қорының және жер пайдаланушы халықтың есебін жүргізу.

Жерге орналастыру жұмыстары жер бөлімдерінің бастамасы мен губерния көлемінде жүргізілді. Жер бөліп беру жұмыстары жерге орналастыру жұмыстарының жоспарлары  негізінде жүргізілді. 1919 жылы 11 наурызда социалистік жерге орналастыру туралы тәртіпті қолдану жөнінде егін шаруашылығы халық комиссариатының нұсқауы қабылданды. Бұл ережеде: «РСФСР-да барлық жерлер, кімнің қарамағында болса да біртұтас мемлекеттік жер қорын құрайды», - делінді (4).

1920 жылы жерге орналастыруға байланысты нормативтік құқықтық актілер «Азық-түлік және ауылшаруашылығы халық комиссариатының мемлекеттік жайылым қорын құру және оны пайдалану туралы» қаулысы қабылданды. 1920 жылы 30 сәуірде жерді пайдалану мақсаттарына қол жеткізе алмағандықтан «Жерді қайта бөлу туралы» Декрет қабылданды (5).

Кейін 1922 жылы 22 мамырда ВЦНК-нің «Еңбек пен жер пайдалану» заңы қабылданды, бұл заңда мынадай тәртіптер көзделінген. Осы қаулы қабылданғаннан бастап, әрбір жер қоғамы, жер пайдалану түрін сақтап қалуға, жер пайдаланудың әртүрлі әдістерін таңдап алуға құқылы. Сондай ақ РСФСР 1922 жылы қабылданған Жер кодексінің ІІІ бөлімінде, - «Жерді оналастыру және қоныс аудару туралы» 165-175 баптарында жерді оналастыру жұмысының тәртібі анықталған. 1923 жылы 10 мамырда  ВЦИК-тің  Түркістан АКСР-нің  көшпелі және жартылай көшпелі аудандарында жерге орналастыру туралы декрет пен ереже қабылданған. Декретте: «Бұл ереженің қабылдау мақсаты жер пайдалануды шаруашылықтың жағдайына қарай ыңғайластырылған, дұрыс және тұрақты қамтамасыз ету», - деп көрсетілген (6).

1928 жылғы «Жерге орналастыру мен жерді пайдаланудың жалпы бастамалары» Декретінде барлық шаруашылық мұқтаждықтарына берілген жер алқаптарын дербес категория етіп бөлмеді. Жерге орналастыру органдары алдында жеке жер пайдалану нысанының ірі социалистік жер пайдалану нысанына ауыстыру мақсаты тұрды.

Сонымен, халықты жерге орналастырудың негізгі мақсаты жер ресурстарын рационалды игеру болып табылатындықтан, жерге орналастыру сипатындағы іс-шараларды өткізгенде, ең алдымен жерді утилизациялаудың ауыл шаруашылық формаларына Қазақстанның табиғи-климаттық ерекшеліктерін ескеріле отырып, шаруашылық жүйесін бөлу мен халықты жерге орналастыруға арнайы нормативтік актілердің қабылданып, мемлекеттік уәкілді органдардың жер заңдарының нормаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі қызметінің жүйесі мен іс-шаралары қалыптасқан.

Жер құқық қатынастардың жаңа сапалы моделін жасауды және жер құқықтық  тәртіптерді заңдарда оңтайлы орнықтыру, қалыптастыру, жер құқық нормаларын іске асыру теориялық өзекті мәселелер болып табылады (7, 21б.). Сондықтан жоғарыда айтылған Қазақстандағы жерге орналастыру заңнамасының қалыптасуымен даму кезеңдерінің тарихынан жер құқығының пайда болуынан бастап, жерге орналастыру мен жер процессуалдық нормалардың қатар дамығаннын, оларды қолдануын жерге орналастыру іс-шаралары жер заңдарының орындалуына ықпалын тигізгенін көре аламыз (8, 8-9 бб.).

 

Әдебиеттер

  1. Ибраимова Г. Землеустройство казахского населения в первой трети ХХ века» (теория и практические подходы). Источник. – Караганда, 2006. - 48-50 б.
  2. СУ РСФСР 1917г №1
  3. СУ РСФСР 1918г №62
  4. СУ РСФСР 1919г№4
  5. СУ РСФСР1919г №39-40
  6. СУ РСФСР.1928 - 69-642 бб.
  7. Әбдірайымов Б.Ж. Земельный процесс в Республике Казахстан. Учебное практическое пособие.-Алматы: Юрист, 2001. – 88 с.
  8. 8 Нұғыманов Е.Е. Қазақстан Республикасында жерге орналастыру - жер қатынастарын құқықтық реттеудің әдістемесі.
  9. Автореферат заң ғылымдарының кандидаты. - Алматы, 2007. - 8-9 бб.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.