Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Инновациялық қызмет кәсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде

«Инновациялық қызмет» түсінігі –инновациялық процесс бөлігі. Тәжірибеде маркетингтік қызмет инновациялықпен қатар болуы да мүмкін. Кейде ол алға шығуы да ықтимал, мысалы  енгізу процесінің басталмаған кезінде саралау жүргізу, жарнама жасаушылармен жұмыс жүргізу, т.б.

Сондықтан балама ретінде инновациялық қызметтің бастамасын жаңаны енгізу кезеңімен біріктіруге болады.

Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» заңының 1- бабында инновация өндірістің және қоғамды басқарудың түрлі салаларына енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді және (немесе) әлеуметтік, экологиялық тұрғыдан маңызды болып табылатын, зияткерлік меншік объектісі болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі ретінде анықталады, сәйкесінше инновациялық қызмет инновацияны өндірістің және қоғамды басқарудың түрлі салаларына енгізілуі жолымен пайдалану. Инновацияны кәсіпкерлік қызметтің спецификалық объектісі ретінде қарастыруға болады. Инновациялық кәсіпкерлік үшін тек инновацияның болуы жеткілікті емес, сонымен қатар үнемі жаңаны іздеу, кәсіпкерлердің оны жасауы үшін мақсатты қызметінің болуы қажет.

Инновация-коммерциялық таратылатын, бәсекеқабілетті, зияткерлік творчестволық қызметтің тиімді нәтижесі.

Инновациялық қызмет жаңа идеяларды, ғылыми білімді, технологияны және өнім түрін өндірістің әртүрлі саласына енгізуге бағытталған қызмет ретінде анықталады.

Инновацияны тарату - кәсіпкерлік қызметтің негізі.

Й. Шумпетер кәсіпкерлікті экономикалық дамудың негізгі факторы ретінде қарастыра отырып, кәсіпкерлікті жаңаны енгізуге негізделген инновациялық қызмет ретінде қарастырады [1].

Инновациялық қызмет-идеяларды трансформациялаумен байланысты.

В. Рассудовский инновациялық қызметті кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі ретінде коммерциялық нәтиже (кіріс) алу мақсатында жаңаны пайдалануға бағытталған қызмет ретінде қарастырады. Ғалымның пікірінше, инновациялық қызмет жаңа тауарлар мен қызметтерге деген қажеттілікті тиімді қанағаттандыруды ұйымдастыру үшін, өндірілетін өнімді жақсарту, жаңа өнімді алу мақсатында жүзеге асырылатын қызмет [2].

Инновациялық қызметті кәсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде қарастыру немесе инновациялық қызмет кәсіпкерлік қызмет болуы мүмкін емес деген де пікірлер бар. Біз кәсіпкерлік қызметтің өзін шаруашылық қызметтің бір түрі ретінде қарастыратын болсақ, инновациялық қызмет - шаруашылық қызметтің бір түрі. Яғни, шаруашылық қызмет топтық ұғым ретінде болады. Бұл жерде шаруашылық қызмет пайда табуға бағытталса кәсіпкерлік қызмет ретінде қарастырылатындығын ескерсек, инновациялық қызмет кәсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде болуы үшін пайда табуға бағытталуы тиіс. Бүгінгі нарық заманында жаңаны енгізу мен сату тұлғаларға инновация нәтижесін коммер- цияли-зациялауды меңзейді. Бұл жерде біз кәсіпкерлік қызметтің белгілерін анықтау нәтижесінде инновациялық ықзмет кәсіпкерлік қызметке жата ма деген сұраққа жауап табуымызға болады.

Біз кәсіпкерлік қызметтің белгілері бастамашылық, дербестік, тәуекел мен  мүліктік жауапкершілік және пайда табуға бағытталғандық екенін білеміз. Инновациялық қызметпен айналысатын субъектілер өз бастамасы бойынша жаңаны қалыптастыруға бағытталған әрекеттерді жүзеге асырады. Инновациялық қызметпен айналысатын субъектілер пайда табуға бағытталған қызметті жүзеге асырады, яғни өнімді сатудан немесе қызмет көрсетуден кіріс алуды көздейді. Кәсіпкер рыноктың талаптарына сәйкес, тұтынушының сұранысын қанағаттандыратын жаңаны жасауға талпынады. Мұндай жағдайда сатып алушылық сұранысқа әсер ететін факторларға саралау жасай отырып, болашақ өнімнің түрін таңдайды.

Кәсіпкерлік қызметке тән дербестік - қажетті ресурстарды табу, нені өндіру, кімге сату, қаржыландыру жағдайы деген сұрақтарды шешумен байланысты.

Әдебиеттерде дербестік басқа субъектілерден тәуелсіз өз атынан қызметті жүзеге асырудың заңды түрде қамтамасыз етілген мүмкіндігі ретінде қарастырылады [3].

Инновациялық қызметпен айналысумен байланысты дербестік рынокқа жаңаша бейімделу, жаңаны іздеу бағыттарын айқындау, жаңа идеяларды жетік меңгеру, оларды іске асыру, инвестиция салу үшін объектілерді таңдау, қаржыландыру көздерін табу, инвесторлармен тиімді инновациялық шарттарды жасаумен байланысты болады. Сондықтан инноватор бүгінгі күнгі сұраныс емес, болашақта болатын сұранысты да болжауы қажет.

Ал келесі белгі ретінде қарастыратын тәуекел Б.Н. Мезриннің айтуынша орташа мүмкін болатын қолайсыз әлеуметтік нәтиже. Сонымен қатар ғалым тәуекелдің дәрежесін де сипаттайды, яғни үлкен немесе кіші зиянның болу мүмкіндігі [4].

В.А. Ойгензихтің пікірінше, тәуекел – субъективтік категория және ол кінәмен қатар өмір сүреді, ол онымен бірге өмір сүруі мүмкін болатын субъектінің өзінің әрекеттерінің нәтижесіне психикалық қатынасы [5].

Келесі ғалым О.А. Пастухин тәуекелді кенеттен болатын қауіп ретінде мүліктік игіліктердің бүліну немес құру қаупі, бұны заң нақты құқықтық салдардың туындауы ретінде байланыстырады деп қарастырып кеткен  [6].

Инновациялық қызметтің бастамасы инновациялық жобамен байланысты екендігін ескерсек, кез келген инновациялық жобаларды жүзеге асыру материалдық, қаржылық қаражаттардың жұмсалуын қажет етеді. Бұл барлық жағдайда тәуекелмен байланысты, себебі біз алдын ала қай жоба коммер- циялық болуы мүмкін немесе жаңа өнімге әр кезде тұтынушы табыла ма жоқ па білмейміз. Яғни, жоғарыда атап өткендей инновациялық тәуекел орын алады. Инновациялық тәуекел – кәсіпкердің өндіріске жаңа өнімді, қызметті шығару немесе ескіні өңдеу кезінде рынокта күтілген нәтижеге сұраныстың болмауынан салынған қаражаттарды жоғалту тәуекелі ретінде заңнамаға енгізуіміз қажет.

Кейбір авторлар инновациялық кәсіпкерлікте келесідей тәуекелдің түрлерін қарастырып өтеді: қате инновациялық жобаны таңдау тәуекелі; инновациялық жобаның қажетті қаржыландырылмау тәуекелі; инновациялық жобалардың нәтижесін өткізудегі маркетингтік тәуекел; инновация нәтижесіне байланысты шарттарды орындамау тәуекелі; болжанбаған шығындар тәуекелі; кірістің азаю тәуекелі; бәсекелестіктің күшею тәуекелі; инновациялық жобаға меншік құқығын қамтамасыз етумен байланысты тәуекел [7]. Инновациялық тәуекел өндіру сатысында да жүзеге асыру сатысында да болуы мүмкін. Алғашқысында өндіріс мақсатына жетпейді, жоспарланған жаңа жасалмауы немесе жасалған өнім жаңа болмауы мүмкін. Екінші жағдай бойынша инновациялық өнімге тұтынушы- лардан сұраныс болмауы мүмкін немесе болса да күтілген нәтиже бермеуі мүмкін.

Инновациялық қызметтің басқа шаруашылық қызметтерден айырмашылығы жаңа өнімді жасау мен жүзеге асыруға бағытталғандығы. Ал, егер де жаңа өнім болмаса бұл жай кәсіпкерлік қызмет түрінде болады.

Инновациялық кәсіпкерлікте негізінен екі мақсат болады: бірінішісі - инновациялық болып табылатын тауар немесе қызметті жасау, соңғысы - инновацияны таратудан жоғарғы таза пайда алу. Инновациялық қызмет субъектілерінің соңғы мақсатқа жетуі жүзеге асырылған қызметінен пайда табу және шаруашылық қызмет аясының дамуына нақты ғылыми-техникалық салым салу. Сонымен инновациялық қызмет кәсіпкерлік қызмет бола отырып, жоғары тәуекел, капиталсыйымдылық, инновацияны жасау және жүзеге асыруға бағытталу секілді арнайы сипаттайтын белгілерге ие.

Инновация ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі ретінде анықталғандықтан, бұл түсініктерді де қарастыруымыз қажет. Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» заңының 1- бабына сәйкес ғылыми-техникалық қызмет – технологиялық, инженерлiк, экономикалық, әлеуметтiк, гуманитарлық және өзге проблемаларды шешу үшiн жаңа бiлiм алуға және оны қолдануға, ғылымның, техниканың және өндiрістiң бiртұтас жүйе ретiнде жұмыс істеуiн қамтамасыз етуге бағытталған қызмет [8].

Аталған заң ғылыми-зерттеу қызметiн (бұдан әрi - ғылыми қызмет) зерделенiп отырған объектiлерге, құбылыстарға (процестерге) тән ерекшелiктердi, заңдылықтар мен заңдарды анықтау мақсатымен қоршаған болмысты зерделеуге және алынған бiлiмдi практикада пайдалануға байланысты қызметтiң түрi ретінде қарастырады.

Біз қарастырғандай, ғылыми-техникалық қызмет - ғылыми қызметтің кең ауқымды түсінігі. Ғылыми-техникалық қызмет нақты тапсырмалар мен тәжірибелік мақсаттарға жету үшін жаңа білімді пайдалануға бағытталған. Сондықтан бір жағынан инновация анықтамасын анықтау кезінде бұл ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет деп қайталаудың да қажеті жоқ деп санаймыз.

Сонымен қатар инновация зияткерлік меншік объектісі ретінде анықталады, соның ішінде енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді өндірістік меншік ретінде анықталады.

Негізінен бұл анықтамаға заң шығарушы бірден келген жоқ. «Инновациялық қызмет туралы» заңның (бүгінде бұл заң күшін жойған) 1-бабында инновациялық қызмет - нәтижелерi экономикалық өсу мен бәсекелестiк қабiлеттiлігі үшiн пайдаланылатын, өндiрiстiң және қоғамды  басқарудың әртүрлi салаларына жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдердi, технологиялар мен өнiм түрлерiн енгiзуге бағытталған қызмет ретінде анықталды.

Инновациялық қызмет анықтамасы енгізу қызметі тиімді экономикалық нәтиже беретін қызмет ретінде түсінілді.

Болашақта экономикалық тиімді болатын жаңаны өңдеуге қатысты ғылыми қызметті инновациялық қызметке жатқызуға бола ма? Жоғарыда қарастырып кеткен анықтаманы ескерсек, бұл мүмкін емес, ал «жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдердi» түсініктерін тереңірек қарастырсақ ғылыми қызметті инновациялық кәсіпкерлік қызмет ретінде түсінуге болады, егер де экономикалық тиімді нәтиже берсе. Бұл жерде ойланатынымыз экономикалық тиімділікті анықтау критерийлері.

Сонымен қатар жоғарыда аталған заңымыз инновациялық қызметтің түрлерін анықтаған болатын.

Инновациялық қызметке мынадай қызмет түрлерi:

  • қоғамды басқару саласына жаңа идеялар мен ғылыми бiлiмдердi енгiзу;
  • экономикалық айналымда iске асырылатын жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiмдi (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi), жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялық процестi жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу, жобалау, iзденiс, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау мен оларға қызмет көрсету;
  • инновациялық тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу рыногын ұйымдастыру;
  • өндiрiстi технологиялық қайта жарақтандыруды және дайындауды жүзеге асыру;
  • жаңа технологиялық процестердi, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сертификаттау мен стандарттау мақсатында сынақтар өткiзу;
  • бастапқы кезеңде инновациялық жоба өтемдiлiгiнiң нормативтiк мерзiмiне жеткенге дейiн жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) өндiру және (немесе) жаңа немесе жетiлдiрiлген технологияны қолдану;
  • инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту;
  • инновациялық қызмет нәтижелерiн насихаттау және инновацияларды тарату;
  • игеру және iске асыру мақсатында интеллектуалдық меншiк объектiлерiне (оның iшiнде ашылмаған ғылыми, ғылыми-техникалық және технологиялық ақпаратқа) құқықтарды қорғау, беру және иемдену;
  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инновациялар жасауға бағытталған өзге де қызмет түрлерiн жатқызды. Бұдан инновациялық қызметке тек жаңаны енгізумен байланысты емес, өндірісте қолданылатын ғылыми нәтижелерді өңдеуге байланысты, инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту, т.б. жатады деген қорытынды жасауымызға негіз болады.

Бұдан шығатын қорытынды творчестволық қызмет объектісімен байланысты, енгізілуі экономикалық тиімді  болып табылатын кез келген қызмет инновациялық кәсіпкерлік қызмет.

Қазіргі кезде иновациялық қызметтің заңдық түсіндірмесі– зияткерлік меншік объектісі ретінде қарастырады. Ал өз кезегінде интеллектуальдық меншік адам дамуының және ілгерілеудің қажетті және негізгі элементі.

Интеллектуальдық меншік түсінігін халықаралық-құқықтық, қазақстандық ұлттық құқықтың қайнар көздерінен табуға болады. Бұл Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің нормаларынан бастау алады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 14-бабына сәйкес азаматтардың құқыққабілет- тілігінің негізгі мазмұнында интеллектуальдық қызмет нәтижелеріне құқығының болуы қарастырылған.

Сонымен қатар ҚР АК-ң 59-бабы шаруашылық серіктестіктестіктердің жарғылық капиталына салым ретінде интеллектуальдық меншікті салу құқығын қарастырады.

Интеллектуальдық меншік объективтік нысанға келтірілген адам фантазиясы, идеялары, адам ақыл ойы және интеллектісі [9].

Қазақстан Республикасының заңнамаларын қарастырсақ, атап айтқанда ҚР АК-ң 125, 961- баптарына сәйкес интеллектуальдық меншік түсінігі интеллектуальдық творчестволық қызмет нәтижесінің объектілерімен айқындалады.

Егер де заңда бекітілген интеллектуальдық меншік объектілерінің тізіміне көз жүгіртсек, олардың бір-бірінен мәнді айырмашылықтарының бар екендігін көруімізге болады. Бірақ олардың  бәріне ортақ белгілер материалдық емес сипатта болуы, интеллектуальдық творчестволық қызметпен байланысы, айырықша құқықтарды бекіту.

Сонымен қатар оларды төмендегі белгілер біріктіреді:

  • олардың барлығы ақыл-ойдың нәтижесі;
  • құндық бағалау мүмкіндігі, барлық адам еңбегінің жемісі секілді коммерциялық талаптармен тауар айналымына енуі мүмкін;
  • интеллектуальдық меншік объектілері – нақты ақпаратты алып жүрушілер;
  • мұндай объектілердің көпшілігі авторларға ие, олардың есімдері объектілерді алып жүреді;
  • интеллектуальдық меншік ақыл-ой нәтижесі объективтік нысанға айналған кезде өмір сүреді [10].

Сонымен қатар интеллектуальдық меншік объектісі бірмезгілде бірнеше тұлғалардың қолданылуына болуы мүмкін.

«Ғылым туралы» заңның 11-бабына сәйкес, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің кез келген ақпарат жеткізушіде тіркелген нәтижесі ғылыми санаткерлік меншік құқығының объектісі ретінде анықталған.

Ғылыми санаткерлік меншік құқығының объектісі кез келген ақпарат жеткізушіде тіркелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі болып табылады [8]. Біз бұл анықтамаға сәйкес, ғылыми интеллектуальдық меншікті анықтау ғылыми емес интеллектуальдық меншікті анықтауымызды қажет етеді. Инновация түсінігі интеллектуальдық меншік объектісінен тиімді экономикалық нәтижені қажет етеді және бұл интеллектуальдық меншіктің бір түрі ретіндегі өндірістік меншік туралы сөз етеді. Бұдан шығатын қорытынды интеллектуальдық меншіктің барлық түрі инновация түсінігін қамтымайды, толықтырмайды.

Өндірістік меншіктің кең мағынадағы түсінігі бойынша ол тек өнідіріс пен саудаға ғана қатысты емес, ауыл шаруашылық өндірісіне, қазба өндірісіне және өндірістік өнімдерге немесе табиғи өнімдерге де қатысты.

Қорыта келе, өндірістік меншік объектілерін біріктіретін белгі олардың өндірістік қолданылуы.

Инновация оларды енгізу экономикалық тиімді болатын интеллектуальдық меншік объектісі ретінде анықталған. Заң шығарушы өзге де тиімді салдарын, яғни оларды енгізудің әлеуметтік және экологиялық маңызын анықтаған.

Өндірістік меншік объектілерінің барлығы енгізушілік қабілетіне ие болмайды, мысалы, дараландыру құралы инновация болуы мүмкін емес.

Қолдану мүмкіндігі мен енгізудің экономикалық тиімділігі бір түсінік пе? Біздің ойымызша өндірістік қолдану, экономикалық тиімділік, және әлеуметтік және экологиялық маңыздылық сәйкес келмейді. Экономикалық тиімділік дегеніміз - «бағалау түсінігі». Қазақстанда азаматтық құқықтағы бағалау әдісінің концепциялары А.Г.Диденкомен өңделуде. Инновацияны анықтау дегеніміз оны тек экономикада қолдану фактісі ғана емес, енгізілетін интеллектуальдық меншік объектілерінің инновация ретіндегі тиімді экномикалық, әлеуметтік, экологиялық маңыздылығын ескеруіміз.

Сондықтан жоғарыда аталып өткен жағдайларды қортындылай келе, инновацияның жаңа анықтамасы жетілдіруді қажет етеді. 2002 жылғы «Инновациялық қызмет туралы» заңда берілген (инновациялық қызмет - нәтижелерi экономикалық өсу мен бәсекелестiк қабiлеттiлігі үшiн пайдаланылатын, өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдердi, технологиялар мен өнiм түрлерiн енгiзуге бағытталған қызмет) кеңірек берілген ұғым болатын. Ал 2006 жылғы «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» заңда берілген (инновациялық қызмет - инновацияларды өндірістің және қоғамды басқарудың түрлі салаларына енгізу арқылы пайдалану) тар мағынада берілген түсінік.

Біріншіден,бұл нақты объектімен-интеллектуальдық меншік объектілерімен байланысты.

Екіншіден, бұл объектілерді енгізуден экономикалық, әлеуметтік, экологиялық  тұрғыдан маңызды болуы тиіс.

Үшіншіден, бұл енгізу қызметімен тар байланыстағы ұғым. Соңғысына байланысты инновациялық қызметке енгізуден басқа инновацияны өңдеу қызметінің де қажет екенін естен шығармауымыз қажет. С.З. Зимановтың пайымдауынша, заң ғылымында түсініктерді дамыту және жетілдіру белгілі ұғымдарды біріктіру, оларды анықтау және нақтылау, ескі түсініктерді жаңа түсініктермен ауыстыру, себебі алғашқылары өзгерген нақты қатынастарды қамти алмайды және енгізе алмайды және бізге белгілі, немесе жаңа түсініктерді анықтау арқылы бұл түсініктерді қалыптастырамыз немесе алып тастаймыз [11]. Сондықтан біз инновацияға мынадай анықтама береміз, инновация - өндірістің және қоғамды басқарудың түрлі салаларына енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді және әлеуметтік, құқықтық, экологиялық тұрғыдан маңызды болып табылатын, зияткерлік меншік объектісі болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдіс түріндегі жаңа өнім, тауар, қызмет.

 

 

 Әдебиеттер

  1. Шумпетер Й. Теория экономического развития. / Пер. с нем. В.С. Автономова, М.С. Любского, А.Н. Чепуренко / Общ. ред. А.Г. Милейковского. – М.: Прогресс, 1982. С. 158-159. – 456 б.
  2. Рассудовский В. Интеллектуальная собственность и инновационное предпринимательство // Российская юстиция, - №12. - С.10-13.
  3. Амирханова И.В., Романкова В.А. Правовое обеспечение индивидуального предпринимательства: проблемы теории и практики: Учебное пособие. - Алматы: Қазақ университеті, - 209 с.
  4. Мезрин Б.Н. О юридической природе риска в советском гражданском праве // Гражданское право и способы его защиты. Сб.учен.тр. - Свердловск, – 192 с.
  5. Ойгензихт В.А. Проблема риска в гражданском праве (часть общая). - Душанбе: Ирфон, - 224 с.
  6. Пастухин О.А. Категория риска в советском гражданском праве // Гражданское право и способы его защиты. Сб.учен.тр. - Свердловск, – 192 с.
  7. Медынский В.Г., Скамай Л.Г. Инновационное предпринимательство: Учеб. пособие для вузов. Москва: ЮНИТИ- ДАНА, – 589 с.
  8. Ғылым туралы 2001 ж. 9 шілдедегі № 225-II Қазақстан Республикасының Заңы// Параграф ақпараттық жүйесі
  9. Каудыров Т.Е. Право интеллектуальной собственности по законодательству Республики Казахстан // Актуальные вопросы коммерческого законодательства в Республике Казахстан и практика его применения: Материалы семинаров. Т.1. – Алматы: Эдилет-Пресс, 1996. – С. 290-307.
  10. Гальперин Л.Б., Михайлова Л.А. Интеллектуальная собственность: сущность и правовая природа // Советское государство и право. – 1991. - №12. - С.37-42.
  11. Зиманов С.З. О понятиях в теории государства и права.// В кн.: Актуальные проблемы теории социалистического государства и права. – М.; 1974. - С.76-78.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.