Жергілікті бюджет - бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және басқарудың жергілікті органдардың қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы туралы категория. Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: кәсіпорындар мен мемлекет арасындағы, меншіктің барлық нысандарындағы макроэкономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері арасындағы, бюджет жүйесінің буындары арасындағы, мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді.
Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні олардың мынадай арналарында көрінеді:
- басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру;
- бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында бөлу.
Жергілікті бюджеттер басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызмет қаржысының негізі болып табылады, олардың экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомствоға қарасты аумақтарда оларға инфрақұрылымды дамытуға, аумақтық экономикалық әлеуетін кеңейтуге, қаржы ресурстарының резервтерін ашып пайдалануға мүмкіндік жасайды [1].
Бюджеттік қабілеті экономиканы тұрақты дамытуға зор ықпал етеді. Әрбір облыстың, ауданның бюджеттік қабілеті (қабілетсіздігі) БҚ(Қ) дегеніміз - тек кірістерінің (салық және салық емес және капитал операцияларынан кірістері) бюджеттік шығындарын (арнайы бюджеттік шығындар) қамтамасыз ету мүмкіншілігі.
Бюджеттік қабілетсіздіктiң ылғи да төмендей беруінің екі жақтық себебі бар. Бірі, бюджеттік мекемелер арқылы халықты қамтамасыз етуді тұрақты түрде өсіру болса, екіншісі, бюджет тапшылығына трансферттердің көбейген сайын бюджет қаржысын үнемдеудің болмауы немесе жергілікті бюджеттің көздерінен дами түсуіне әкімшіліктің назар бөлмеуiнен деп қорытындылауға болады.
Бюджетті қабілеттендіру, тек әрбір жергілікті бюджеттің кірістерін көбейту арқылы ғана іске асады. Ал оның жалғыз көзі салықтар мен түсімдерді молайтуға байланысты шағын және орта кәсіпті дамыту. Бұл мәселелердің шешімі тек бюджет алшақтығына айып тақпай, оны жабудағы (толықтыруға) трансферттердің экономикалық қайтарымы (оның тиімділігі) қанша екендігін айту, диссертацияның алға қойған зерттелім мәселесінің бірі. Сонымен, бюджеттің экономиканы және әлеуметтіктің дамытуға тигізетін тиімділік өлшемін анықтау мақсаты туындайды.
Бюджеттің өзіндік қабілеттіліктегі экономиканы тұрақтандыруға бюджет қорларынан несие берудi ұйымдастыруда бюджеттен берілетін несиенің ең басты мақсаты оны пайдаланушылар өсім құнымен қайтарып бермей, ол ауыл шаруашылығын өркендетуге арналғандықтан өндіріс процесінен табатын қосымша құн есебінде ұлғаймалы дамуын мақсаттап тұрақтандыру. Бірақ бюджеттен берілген несиені уақтысында қайтармау жалпы бюджет ресурстарын тұншықтыру. Мұндай жағдай оның арнайы жұмсалымбау (пайдаланбау) себептерінен де туады. Ал бұл мәселе аудан әкімшілігінің басшылық бостығының дәлелін анықтаса керек. Яғни, несиелеу-заңды және жеке тұлғаларға бюджеттен қайтарымды негiзде ақша қаражатын бөлу. Жергілікті бюджеттен экономиканы несиелендірудiң ауданаралық үлес салмағының өзі, оның дәлелді сұраныстарын қанағаттандырудан туады.
Ауданаралық экономиканың тұрақты дамуына берілген бюджеттің әр түрлі үлестіліктерде болуы әрбір ауданның бюджеттік кірістер жасау мүмкіншілігіне және трансферттік қаржының жеткiлiктi (жеткiлiксiз) бөлінуіне байланысты деп те ұғынуға болады. Бюджеттік несиенің берілуінің негізгі мақсаты - аумақтық, аймақтық экономикадағы жалпы ішкі өнімдерді өндіруді ұлғайту арқылы пайда салмағын арттыру, оны ұлғаймалы экономиканың өсуiне пайдалану, және де экономиканы тұрақтандыру негiзiнде бюджет түсiмдерiн молайту. Экономикадағы пайда табу үлесі өскен сайын бюджет жүйесi арқылы әлеуметтіктің тұрақтылығы да көтеріледі. Себебі одан бюджет түсімдері көбейіп, әлеуметтік саланы және әлеуметтiк күрделi құрылыс салаларын барынша дамыта түседі. Осыған орай әрбір жергілікті бюджет өз мүмкiншiлiгiндегi бюджеттік несие қорын жасап, оны пайдаланушыларға беру, қайтарып алу тетіктерін жетілдіре түсуі керек.
Бюджеттік несиелендірудің негізгі басты түрлері:
- ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру шығындарын бюджеттік несилендіру;
- күрделі құрылыстарды бюджеттік несиелендіру;
- әр түрлi меншiктегi кәсіпорындар мен шаруашылықтарды несиелендіру (оның ішінде: жергілікті жердегі ішкі кәсіпкерлікті дамытуға).
Ауыл шаруашылығын несиелендірудің өзі мал шаруашылығына және егін шаруашылығына бөлінеді. Бюджеттік несиені пайдалану мен қайтару ауыл шаруашылық өнім өндіру пайдасына тікелей байланысты. Ал нарықтық экономикада ауылшаруашылық өнiмдерiнiң пайда табуы тек өндiрiс шығындарындағы үнемнен басқа, оның саудасындағы ұсыныстар мен сұраныстарға да тiкелей байланысты.
Ауыл шаруашылығындағы бюджеттік несиені арнайы қолдану көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге және астық пен тұқым, тыңайтқыш т.б. сатып алуға беріледі. Ауыл шаруашылығына бөлінген бюджеттік несиенің берілуі белгілі лимитпен алдын ала шектеледі [2]. Оған мысалдар:
- жағар-жанар майға берілетін бюджеттік несие лимиті (шектiк сомасы);
- тұқым сатып алуға берілетін бюджеттік несие лимиті (шектiк сомасы);
- тыңайтқыштарды сатып алуға берілетін бюджеттік несие лимиті (шектiк сомасы);
- бөлшек заттарды сатып алуға берілетін бюджеттік несие лимиті (шектiк сомасы);
- техника арендасына берілетін бюджеттік несие лимиті (шектiк сомасы);
- техникалар сатып алуға берілетін бюджеттік несиенiң шектiк қаржы мөлшерi.
Демек, әрбір берілетін бюджеттік несиенің пайдалану айырма түрлеріндегі айтары бар. Ауыл шаруашылығына берілетін бюджеттік несиенің өзіндік өзгешелігі - шығындар жасау мен өнімдерді өткізу уақытын қамтуы мен оны қолданудағы (пайдаланудағы) өсім құнының оны берушiге өтелмеуі. Бюджеттік несие айналымының (берілуі мен қайтарылымы) қатынастық түрлері:
- бюджеттік қаржы мекемесі мен алушы кәсіпкерлік пен шаруашылықтар арасындағы шартты қатынастар және оның орындалу нәтижелерi;
- бюджеттік қаржы мекемесінің банктер жүйесі арқылы кәсіпкерліктер мен шаруашылықтарда қамтамасыз ету мүмкiншiлiк қатынастары;
- бюджет несиесiн алудағы, қайтарудағы банктер, кәсiпкерлiктер мен шаруашылықтар арасындағы қатынастар. Бұл қатынастар жетiлмейiнше экономиканың тұрақтылығын орнату мүмкiн емес.
Бюджеттік несие иесi бюджет болып табылады. Сондықтан бюджеттік несиені берушілер:
- мемлекеттік бюджет иелiгiндегi несиелер;
- республикалық бюджет иелiгiндегi несиелер;
- жергілікті бюджет (оның ішінде: ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық бюджет) иелiгiндегi несиелер.
Бюджеттік несие беру ереже тәртібін басшылыққа алудағы арналған оның теориялық негізгі мазмұнындағы бағыттарына анықтама беретiн болсақ:
- әрбір бюджеттік несиені алушы (аудандар т.б.) лимиттік (шектік) алу қаржыларын анықтау және берілген лимитті игермеген жағдайда пайдаланылмаған қаржыны жалпы негіздерде қайта бөлу;
- бюджеттік несие алушылардың ішкі тәуекелдiк мүмкiншiлiгiндегi қаржылық жауапкершілігi;
- бюджеттік несиені беру, алу, жарату, қайтару мәселелерін әкімшілік бақылауды жүргiзу басшылығы үшін ведомоствоаралық комиссияның атқаратын қызметтерiнiң жауапкершіліктерiндегi анықтамалары;
- бюджеттік несие қорларын мақсаттық жұмсалуына және қайтарылуына әкімшілік қызмет- теріндегі іс-шараларды басшылыққа алу құқықтары мен несие берушілер және несие пайдаланушылардың мақсатты құзiретi;
- бюджеттік несиенің қайтарылу сыйақысын нольдік, яғни өсімсіз мөлшерi бойынша жүргізілуі немесе қайтарылу уақытысын белгiлi сомаға ұзартуындағы өсiм құнының енуi. Бюджет несиесi айналымнан табылған пайда оны қолданушылар есебінде қалып тұрақтылықты көтеруді көздеу және салық түсiмдерiн молайту болып табылады. Экономикасы тұрақтанған шаруашылыққа несиені қайта бөлуден, жаңа құрылымдағы шаруашылықтарға беру тәртібі;
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 19 маусымда 2367 нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 21 мамырындағы “Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне, республикалық бюджеттерге бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша өтелмеген борыштың сомасын есептен шығару ережесін бекіту туралы” №206 бұйрығына сәйкес мерзімінде қайтарылмаған бюджеттік несиелер иелерін барлық шығыс операциялары тоқтатып, бюджет шоттарының есептерінен шығарылып тасталыну мақсаттары;
- бюджеттік несиемен қаржыланатын шаруашылықтардың салық төлеу құқықтары мен тәртiбi, есебi мен есептесу мерзiмдерi;
- бюджеттік несиені алудағы конкурстық іріктеу мүмкіншіліктері: бизнес-жоспарының техникалық-экономикалық негіздемелері; меншікке иелік құқықтығы туралы мемлекеттік тіркеу куәлігі (заң құжаттарының нотариалдық көшірмелері), жер иелігі мен көлемі, жарғы қор мәліметтері мен құрылтайшылар құжаттарының көшірмелері, кепілділік түрі мен мүлік тізбесі, өзіне қызмет көрсететін банктегі есеп айырысу шоттарындағы мәліметтер және бюджеттік салық қарыздық пен бюджеттік қаржылану жағдайлары. Осы құжаттар бойынша бюджеттік несие лимиті мен оны алу, қолдану, қайтару кезеңі анықталып, оны принциптi түрде қатаң сақтау міндеттемесі жүктеледі. Бюджеттік несиені өтеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі №832 қаулысымен бекітілген;
- ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге нақты бюджеттік несиелік қаржылық қолдау көрсету Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес және “Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы” заңының 27 бабындағы 4,5 тармақтарына жүгіне отырып, облыс әкімшіліктерінің қаулыларында арнайы шешімдер шығара алады.
Ауыл шаруашылық шығындар жобаларын бюджеттік несиелендіру арқылы дамыту ерекшеліктері:
- Отандық ауыл шаруашылығындағы тауар өндірушілеріне қолдау көрсетуінде бюджеттік несиелендіру 0,01 пайыздық жылдық сыйақы көлемінде бекiтiлген банктер жүйесі арқылы жүргізілуі.
- Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің жобаларына бюджеттік несие берілуі үшін конкурстық іріктеу жүргізілуі. Конкурстық бюджет қорларынан несие берілуінің түрлері: инвестициялық бағдарламаларды іске асыру; сүт пен жүн өнімдерін дайындау; ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін және қайта өңдейтіндерге; цехтарды қайта құру мен айналым және негізгі қорларды толықтыруға. Бюджеттік несиені ауылшаруашылық жобаларға беру мен алудың негізгі талаптары: жобаның нақты тиімділігі, жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіншілігі, өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің толық өтімділігі мен оның импорттық алмастырушылығы қосымша жұмыс орнын қамтамасыз ету мүмкіншілігі.
- Бюджеттік биліктегі қаржы мекемесі, банк жүйесі және ауыл шаруашылық өндіріс араларындағы қаржылық қатынастардағы құқықтығы мен басқару тетіктерін анықтайтын үш жақты келісім шарт жасалынғаннан кейін, несие беруші банктерде несие алушыларға арналған қызмет көрсететiн банктердiң несиелік есеп шоттары ашылады. Несиелік келісімдер негізінде бюджеттік несие осы есеп шоттарға түсіріліп, сұраныстарды қаржыландыруды басқару орталықтандырады. Жобаға берілетін бюджеттік несиенің өзгешелігі банктердің несие беру принциптерінің қатаң сақталынуында құқықтануы. Олар: өтемділік, уақыттылық, құндылық, мақсаттылық. Өтемділік - берілген бюджет несиесінің қызмет көрсетіп, банктерге, содан бюджетке өтелуі. Уақыттылық жобаға берілген бюджеттік несиесін жобаның орындалатын уақтысын толығымен қамтылуы.
Соңғы ерекшеліктегі қаржылық бақылау құзыретін жүзеге асырудың құқықтық механизміне ерекше көңіл аудару керек.
Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің ақша-қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе және ол төмендегідей бірнеше бөліктерден тұрады: 1) бақылау субъектісі; 2) бақылау объектісі; 3) бақылау заты (тақырыбы); 4) бақылаудың мақсаты; 5) бақылауды іске асырудың әдістері [3].
Суретте әрбір экономика саласы бойынша тұрған жеке механизмдік құрылымның басқару тетіктері арқылы өзіндік дамуы болғанымен олардың бір-біріне қатынастарының дамуын реттеу арқылы әкімшілдік ықпалдылықтағы басқару тетіктері мүмкіншіліктерінің жетілуі керек. Ол үшін жергілікті жердің жалпы механизмдік құрылымдар дәрежесіндегі жалпы тұрақты даму бағасын (ТДБ) анықтағаннан кейін әр түрлі әкімшілдік шешімдер қабылдауға болады.
Сонымен, жергілікті жердің (біртұтас облыс немесе оның ішіндегі аудандар мен қалалар) экономикалық және әлеуметтілік тұрақтылығының өзін бюджеттерге жергілікті жерден түсетін көздеріндегі үлес салмағы мен оның шығыстарды қамтамасыз ету мүмкіншілігімен салыстыра қарап білуге болады. Бірақ жергілікті жердегі экономиканың сала құрылым түрлері бойынша оның әр түрлі механизмдік құрылымдары бар. Осы механизмдік құрылымдарда басқару жиынтығы негізіне байланысты жалпы даму деңгейіне баға беруге болады. Жергілікті жердегі жалпы әкімшіліктің басқаруындағы экономика саласының механизмдік басқару құрылымы жүйелерінің түрлері жоғардағы суретте қаралған.
Бюджет несиесiнiң құндылығы - берілген бюджеттік несиені қолдану (пайдалану) кезiнен кейiн өндiрiс сферасында туатын пайда табу құндылығы. Бюджет несиесiнiң мақсаттылық - тек конкурста жеңіп алған мақсаттарға ғана бағытталынуы. Жобаға берілетін бюджеттік несие қайтарылымы оның орындалу уақытысымен сәйкестенеді.
Экономиканы тұрақтандырудың келесі жолы - бюджеттің шығыстарын қамтамасыз ету мақсатындағы бюджет арқылы трансферттiк қатынастардың жетiлуi. Бұл бюджеттік демеу бағыты.
Бюджеттік демеу дегеніміз - жергілікті бюджеттердің сұраныстарын трансферттiк қанағаттандыру. Бірақ бюджеттік трансферт белгілі арнайы шығындар мақсаттық емес, тек оны толықтау үшін берілуі, оның мақсатсыздығы мен меңгеру тапсырмасының жоқтығын білдіреді. Бюджеттік сұраныстарды трансферттік қанағаттандыруда, ауданаралық талдау нәтижесінен белгілі болатыны тәртіптегі нормативті құжаттар, актілер, нұсқамалар, нұсқаулар қолданбайтынын айғақтайды. Мысалы, бюджетті толықтау сұранысының жоспары толық қанағаттандырылған жағдайларда да оның орындалуы өте жоғары артық дәрежеде (керек емес қаржы нәтижесінде) орындалуы мүмкiн немесе керісінше. Бұл мәселе әлi де болса алдағы уақыттарда ғалымдар мен әкімшілік басшыларының назар аударуына тұратын мәселе екенін баса айтқан жөн. Өйткені жергілікті жердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы қалай болса, солай дамуына жол беруге болмайды. Немқұрайлы қарау әрқашанда жауапкершілікке тартылуы тиіс.
Қорыта келгенде, біздің ойымызша, әрбір жергілікті бюджеттің өзіндік несие қорлары болуы керек. Бұл қор жыл өткен сайын бюджет көздерiнен толығуы арқылы көбеюі қажет. Себебі, бюджеттік несие берiлiмi бюджет шығыстар есебінен емес, бюджеттік несие қорынан қайтарымды қаржыландырылуы тиіс. Бюджеттік несие қорының даму көзі бюджет мүмкіншілігі мен несие қайтарымдылығында. Ол әркез жергілікті мәслихатта қаралып бекітілуі қажет. Бұдан әрі бюджеттік несие, қаржы жағдайы оңалған кәсіптер мен мекемелерге беріліп, оның өсім құны бюджеттік жергілікті қорды дамытуы тиіс. Бұл, әрине, бір күнде шешіле қоятын мәселе емес.
Әдебиеттер
- Құлпыбаев С., Баязитова Ш., Баязитова А. Қаржы теориясы. - Алматы, 2001. - 176 б.
- Жамбыл облысы әкімшілігінің көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кредит беру туралы қаулысы. 12 ақпан, 2004.
- Ағдарбеков Т., Әлайдар А., Алайдаров А. Құқық негіздері. - Алматы: Заң әдебиеті, 2008. - 162 б.