Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасында парақорлыққа - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған іс-шаралардың көрінісі

Пара алу мен пара беру - біздің қазіргі қоғамымызда жыл сайын түрліше сипатпен түрленіп, қауіп төндіріп тұрған күрделі мәселелердің бірі. Сыбайлас жемқорлық Қазақстанда пайда болған және оған тән құбылыс емес, ол белгілі бір мөлшерде кез келген мемлекетке тән дерт. Сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністері мен және барлық деңгейлерден оған қарсы күрес жүргізетін жүйе болғанша қазіргі кезеңде Қазақстанның алдында тұрған ауқымды міндеттерді іске асыру мүмкін емес.

ХХ ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басы сыбайлас жемқорылыққа байланысты мәселеге ерекше мән берумен бірге, осы тұрғыдағы құбылыспен күрес жүргізуге арналған сан қырлы ғылыми ізденістердің өсуімен де ерекшеленеді.

Парақорлық тез өсетін қылмыстар тенденциясы арасынан бірінші орындардың біріне ие. Елбасымыз жалпы құқық жүйесіне, соның ішінде әсіресе сыбайлас жемқорлықпен күресті тұрақты әрі табанды жүргізу мәселесіне ерекше мән беруде. Елбасының айтуынша, республиканың мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық мәселесі бүгінде аса өткір тұр. осындай керітартпа құбылыстың тамырына балта шабу – қазақстандық қоғамды одан әрі түрлендіру, дамыту міндеттерін табысты шешудің кепілі болып табылады. Елбасы мойындап отырған бұл жағымсыз құбылыс – парақорлық бүгінгі күні біздің қоғамның өзекті мәселесі болып отыр. Статистикалық мәліметтерге қарағанда заңи негізде жазылатын газет, журналдардағы мақалалардың екіден бірі осы тақырыпқа  арналады.

Біздің елде парақорлықтың өмір сүріп отырғанын бәрі біледі. бұған қоса көптеген адамдар осы қауіпті әлеуметтік қылмыс көрінісін өз бастарынан өткізген. парақорлық әлеуметтік құбылыс ретінде бейімделгіштігімен сипатталады, ол үнемі түрін өзгертіп және жетіліп отырады. Парақорлықтың ең негізгі өзіне тән сипаты – оның латенттілігі. Парақорлық атқарылатын істердің келісімділік сипатымен қатар, көлеңкелі сипатқа ие. Әдетте оның соңынан шағым түспейді, себебі екі жақта заңсыз жасалған келісіммен пайда табады. Парақорлық термині көп мағыналы, оны латын тілінен аударғанда – «сатып алу» деген ұғымды білдіреді. «corrumpire» анықтамасы рим құқығында кең көлемде сындыру, бүлдіру, күйрету, фальсификациалау, сатып алу сияқты сотқа қатысты заңсыз әрекеттерді  білдіреді.  Бұл  ұғым  латынның  «coorrei»  -  бір  затқа  бірнеше адамның  қатысуын және «rumpere» - сындыру, бүлдіру, бұзу деген ұғымдар қосындысынан шыққан. Осының нәтижесінде бірнеше адамның қоғамдық істерді басқару процесінің қалыпты жағдайын «бұзу», «бүлдіру» мақсатында жасайтын іс-әрекеті деген жеке термин пайда болады.

Мемлекеттік қызметкерлердің пара алуы кәсіпкерлік шығындарды өсіріп, шетелдік және отандық капиталдың инвестициялық потенциалын азайтып, өнеркәсіптің өсуіне кедергі келтіріп, ең ақыры қарапйым халықтың негізгі бөлігінің өмір сүру деңгейін төмендетеді. Кейбір елдерде парақорлық кең тараған, бір де бір ел одан бос емес, парақорлық дүниежүзілік мәселеге айналды. Коррупцияның тарихи тамыры бар. Ол барлық уақыттада өмір сүрді, осылайша, парақорлық кеңес үкіметі кезінде де өмір сүрді, бірақ ол қатаң бақылауда болды. Әдетте коррупциялық заңсыздықты биліктің жоғарғы эшалонындағы шенеуніктер жасады. Бұл лауазым иелерінің мемлекеттік лауазымдық қызмет атқару кезінде мемлекеттік меншікті өздерінің жеке мақсаттары үшін пайдаланды, бірақ бұл әрекет кеңес мемлекетінде меншіктің басқа фотмасын болмауына байланысты құқықтық регламентация алмады. КОКП кезінде бұрынғы партия функционерлері меншік заң жүзінде мемлекеттік қызметтің биік сатысында болып және өздерінің іс жүзінде иемденіп отырған меншіктерін заңдастыру мәселесі ғана тұрды [1].

Адам құқығын бұзу саласының ең қауіпті көрінісі парақорлық болып табылады, ал бұл дегеніміз - мемлекеттік қызметкерлердің сатылғыштығы мен оларды сатып алу. Мемлекетіміздің саяси және экономикалық тұрақтылығына нұқсан келтіретіндер: Әр түрлі қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлердің қоғам есебінен өзіне, өз туысқандарына, аталастарына пайда келтіру мақсатындағы протекционизм. Қазіргі жағдайда парақорлықтың көбею себебі неде деген заңды сұрақ туады?

Сыбайлас жемқорлық сияқты дертпен жекелеген мемлекеттер өз бетімен күресе алмайды, әсіресе жаһандану заманында сыбайлас жемқорлықпен шегі жоқ, ол бір елден екіншісіне оңай көшіп жүре береді. Онымен жұмыла күресу қажет. Бұл оңай іс емес. бұл дерттің тамыры тереңде жатыр. Мұның дәлелі XV ғасырдың өзінде британ парламентінде осы даулар орын алған. көптеген мемлекеттік және жекелеген құрамдас жүйелерде сыбайлас жемқорлық төңірегінде қалыптасқан жағдай белең алып бара жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғаламдық және ұлттық деңгейлердегі маңызды қадамдарға қарамастан, оның халықаралық қауамдамтықтың алдына қойып отырған кедергілері әлі де бар.

Тарихта сыбайлас жемқорлықтың пайда болуымен күресудің көптеген әдістері бар. Біріншіден, заңды қатайтып және орындалуын қатаң қадағалау, сол арқылы жазалау қаупін күшейту. Екіншіден, лауазымды адамдарға ержелер мен заңдарды бұзбай өздерінің кірістерін көбейтуге мүмкіндік беретін экономикалық механизмдерді туғызу. Үшіншіден, нарық пен бәсекелестіктің рөлін күшейту сол арқылы сыбайлас жемқорлықтан түсетін ықтимал пайданың көлемін азайту. Соңғысына мемлекеттік қызмет көрсетудегі бәсекелестік, яғни бір мемлекеттік органдардың басқа органдардың функцияларын орындауы да жатады [2].

Әр заманның өз моралі, өз қағидалары бар. Кеңестік дәуірде коммунизм құрылысшыларының моральдық кодексі болды. Ал бүгінгі демократиялық қоғам тұсында мемлекеттік қызметшілердің ар- намыс кодексі жасалынды. Бұл кодекстің әр сөзіне мән беріп, тәрбиелік жағына көңіл бөліп орынды қолдана білетін болсақ, ол да жоғарыда аталған кодекстің ұстанымынан ешбір  кем  түспейтін маңызды  құжаттардың  біреуі.  Осының  айғағындай,  оның  5-  тармағында  мемлекеттік қызметші «мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, әділ де сапалы атқаруға, ол үшін өзінің жұмыс уақытын тиімді пайдалануға» десе, 7-тармағында «сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға» деп көрсетеді. Бұл арада 5-тармақтағы – адал, әділ деген сөзбен адам бойындағы барлық теріс қылықтардың сыйыспайтындығына мән беретін болсақ, бұл кодекстің адамгершілік тұрғыдағы абзал міндетін әлі е болса жоғары бағалай білу жағы жетіспей жатқан тәрізді.

Осы тұрғыда қазіргі замандағы мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік лауазымдар арасына осы кодекстің талаптарын орындап отыру барысындағы жұмыстар салғырт, баяу, солған дәрежеде жүргізіліп жатқандығындай сыбайластық қылмыстардың алдына біржолата тосқауыл қоюға кедергі келтіруде. Бүгінгі күні құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізіп жатқанмен оның алдын алу толығымен жою мүмкін болмай отыр. Олай дейтін себебім – бұл қылмыс бір жағынан әлеуметтік мәселелерге маталып, сол шырмаудан шыға алмағандар жең ұшынан жалғасушылардың жемсауына түсуде. Көптеген жерлерде арзан пәтерге ие, жұмысқа орналасу, дәрігерге қаралу, баласын оқуға түсіру үшін пара берушілер мен пара алушылар қатары сиремеуде. Осындай мақсаттармен, жасырын жолдармен беріліп жатқан паралар мен сыйақысының қолынан ұстап, қайсысының жағасына жармасуға болады. Бұл нәрселер қазір жалпыға аян нәрсе болғандықтан, оны жоюда да жалпы жұртшылық болып атқаратын ісі болып қалуда [3].

Қазақстан сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік–экономикалық Даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететіндігін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретінін сезінеді. Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңнамалық базасын және жүйесін әзірлеуде алдыңғы қатарлы орын алады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР заңының мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп- қатерден ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидаларын айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді. Бұл заң демократиялық негіздерді, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталған [4].

Бүгінгі таңда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы функциясын құқық  қорғау органдарының жұмысы тұрғысынан ғана қарау мүмкін емес. Мемлекет басшысының басатамыс бойынша басталған әкімшілік және конституциялық реформаларды іске асыру ерекше маңызға ие болуда. Елбасы атап көрсеткендей, әкімшілік реформаның мәні мен мазмұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, азаматтардың құқықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған. әлемнің қазақстанды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатаң және дәйекті күрес жүргізуші ел ретінде қабылдауын жақсарту үшін сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі туралы елдік рейтинг беретін тиісті халықаралық ұйымдармен жүйелі жұмыс жолға қойылады. Бүкіл мемлекет аумағында бұл қауіпті де зұлым құбылысқа қоғамда сыбайлас жемқорлықты қабылдамау ахуалын қалыптастыруға бағытталған идеологияның қарсы қойған жөн. Ол тәрбие мен білім беруді, адамдар арасындағы және өзара іскерлік қатынастарды, этика мен құқықтық танымды қоса алғанда қоғамның бар саласын қамтуы керек. Халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын жұмысының деңгейі мен сапасын арттыратын кез келді деп айтуға болады. Адамдар өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да  бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігін нақты жолдарын толық білулері қажет деп есептеймін.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудың нақты стандарттарын енгізу ықпалды шара болуы керек, ол мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге, қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттыруға, қоғам мен билік арасында кері байланыс тетігін жасауға мүмкіндік береді. Халықтың кірістеріне жалпыға ортақ дикларация жасаудың да  сыбайлас  жемқорлықтың белгілерін қысқартуда белгілі бір рөлі болуға тиіс. Біздің мақсат – үкіметті жаңғырту, жоғары кәсіби мемлекеттік қызметпен тиімді басқару құрылымын жасақтау – президент Н.Ә. Назарбаев. Бұл қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. азаматтық қоғамның барлық институттарының күш- жігерлерін біріктіріп қана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады [5].

Халқымыздың біртуар ұлы қаһарман майдангер Бауыржан Момышұлы кезінде, «тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген сөзінде ұлы шындық жатыр. Қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, болашақта өркениетті әрі әділетті қоғам құруды мақсат еткен мемлекет ең алдымен өзіндегі заңдар жүйесін жетілдіре білуі керек. Себебі заң дегеніміз – тәртіп, адамдардың тәжірбиесін қоғам иелігіне пайдаланатын адамзат даналығының ең жоғары көрінісі. тек шынайы әрі пәрменді заңдары бар және сол заңдардың мемлекет аумағында мүлтіксіз орындалатын қоғамда ғана әділеттік болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру және жетілдіру жөнінде және жемқорлықтың алдын алу үшін менің ойымша, экономикалық және саяси сипаттағы кешенді шаралардың шешілуі қажет:

  1. Мемлекеттік қызметкерлердің материалдық жағдайын көтеру;
  2. Азаматтардың жемқорлықты болдырмауға қатысты құқықтық, парасаттылық, патриоттық, имандылық, адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру қажет;
  3. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің кәсіпқойлылығы;
  4. Мемлекеттік қызметкерлердің табыстарының тиімділігі мен нақтылығы және заңдылығына бақылау жасауды қамтамасыз ету;

Әлеуметтік кеселге айналған сыбайлас жемқорлықты бір ғана құқық қорғау органдарының күшімен жеңу мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлықпен күресу жеке адамдардың немесе жекелеген топтардың ғана емес, мемлекеттік органдардың, үкіметтің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осыны адал орындау үшін әрбір лауазым иесі өзінің жан дүниесін ұдайы таза ұстауы тиіс. Тек сонда ғана оларға қарапайым халықтың сенімі артып қоғам түзелер еді. Бүкіл мемлекет ауқымында бұл қауіпті де зұлым құбылысқа қоғамда сыбайлас жемқорлықты қабылдамау ахуалын қалыптастыруға бағытталған қарымды идеологияны қарсы қойған жөн, ол тәрбие мен білім беруді, адамдар арасындағы және өзара іскерлік қатынастарды, этика мен құқықтық танымды қоса алғанда, қоғамның бар саласын қамтуы керек. Сонымен қатар адамдардың имандылық көзқарасын ашу керек себебі  алланың  елшісі  Мұхаммед  пайғамбардың  хадистерінде  осы  зұламат  әрекетке  байланысты «кімде-кім пара алса, пара берсе онда ол тозақ отында жазасын алады» деп айтылған.

Осы қоғамға кері ықпалын тигізіп отырған сыбайлас жемқорлық мәселесінде қарсы күрес тек мемлекеттің міндеті деп қана қоймай, әр Қазақстан Республикасының азаматы өз тарапынан қандай да болмасын өз үлесін қосып осы күресті табанды жүргізетін болсақ, сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоймасақта оны қандай да бір мөлшерде, пайызын азайтар деп есептеймін.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.