Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы

Заңды тұлға өзінің іскерлік беделін белгілі бір қызметті жүзеге асырған кезде иеленеді. Бұл кызмет занды тұлғаның органдары мен қызметкерлері, ал заңмен көзделген жағдайларда - қатысушылары, ретінде шығатын азаматтардың әртүрлі іс-әрекеттерінде көрініс табады. Сөйтіп, азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына бағытталган мәмілелері, яғни занды әрекеттерді занды тұлға оның мүдделеріне сай, адал және орынды әрекет етуге міндетті өзінің органдары мен қатысушылары арқылы жүзеге асырылады. Міндеттерді орындау мен құқықтарды жүзеге асыру заңды тұлға тарапынан тек өзінің органдары арқылы ғана емес, оның қызметкерлерінің әрекеттері арқылы да жүзеге асырады. Бұндай әрекеттер сол занды тұлғаның әрекеттері болып саналады. Сондықтан да, мысалы, занды тұлғаның өз мәмілелерін жүзеге асырғанда шындыққа сай емес ақпаратты беретіні туралы жарияланым, заңды тұлға мәмілелерін жасататын адамдар туралы мәліметтерді де (ашық болмаса да, бірақ дәлелдеуге, идентификациялауға оңай) береді.

Қазақстандық қылмыстық құқықта заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы институтының болмауы аталмыш мәселе тек шетелге ғана тән деген сөз емес.

Біріншіден, біздің елде де Қылмыстық кодекс жобаларының біріне бұндай жауаптылық түрін енгізу ұсынысы болды. Атап айтсақ, 18 тараудан:

«Заңды тұлға егер:

  • Біріншіден, белгілі бір қызметті жүзеге асыруды міндетттейтін не тыйым салатын тікелей заң талаптарын орындағаны немесе өз дәрежесінде орындамағаны үшін кінәлі болса;
  • Екіншіден, құрылтай құжаттарына немесе хабарланған мақсаттарына сәйкес келмейтін қызметті жүзеге асырғаны үшін кінәлі болса;
  • Үшіншіден, жеке адамға, қоғамға және мемлекетке зиян келтірген не келтіру қаупін туғызған әрекет осы заңды тұлғаның мүддесі үшін жасалса немесе заңды тұлғаны басқару функциясын жүзеге асырушы адам оған жол берсе, санкцияласа, мақұлдаса, пайдаланса, қылмыстық заңда көзделген әрекет үшін қылмыстық жауаптылықта болады» деген жолдарды оқимыз.

Екіншіден, Қазақстан БҰҰ-ның толыққанды мүшесі, бірте-бірте өзге де халықаралық ұйымдарға өтуде. Ендеше, ол осы ұйымдарға мүше мемлекеттердің бір бөлігі белгілі бір дәрежеде заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын мойындайтындығын елемей-ескермей қала алмайды. Сондықтан да ең болмаса өз заңдарын халықаралық заңдармен үйлестіруге ұмтылуы тиіс. Экономика алдыңғы кезекте тұрған шақта, мемлекет дамуы үшін өмірдің барлық саласындағы, соның ішінде, құқық саласындағы ынтымақтастық керек.

Қылмыстық құқықтың ықпал ету аясына заңды тұлғаларды енгізу үрдісі осы ғасырдың 80- жылдарында, әсіресе 90-жылдарда бірқатар мемлекеттердің жаңа Қылмыстық кодексін қабылдау қарсаңында жандана түсті. Ал жалпы тарихта заңды тұлғаларды қылмыстық жауапқа тарту мысалы аз кездеспейді. Мысалға, заңды тұлғалардың жауаптылығы Нидерландта – 1976 ж. Португалияда – 1982 ж., Францияда 1992 ж., Финляндияда – 1996 ж., көрші Қытайда 1997 ж. орнықтырылды. Бұл күні бұндай жауаптылық түрі АҚШ-та, Англияда, Канадада, Шотландияда, Данияда және т.б. мемлекеттерде бар. Германия мен Швецияда квазиқылмыстық (әкімшілік қылмыстық ) деп аталатын заңды тұлғалардың жауаптылығы бекітілген. Бельгияда салық, кеден және ауыл шаруашылығы салаларындағы квазиқылмыстық жауаптылыққа жол берілген. Прецеденттік құқықтың ролі зор англосаксондық құқық жүйесі үшін заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптық институтын енгізу қиынға соқпағандықтан біз бүгін романа–германдық құқық қағидаларының негізінде әңгіме өрбітпекпіз.

Кінәлі дәстүрлі қылмыстық-құқықтық мағынасында құқық бұзушы субьектінің өз әрекетіне психикалық қатынасы деп түсінсек, бұл қатынасты заңды тұлғадан таба аламыз ба? Демек, заңды тұлға қылмыстық әрекетті кінәлі түрде жасай алмайды. «Кінә» біздің қылмыстық құқықта да бетке басар шіркеу болды. Көпшілік ғалымдар басты назарды осыған аударады. Айталық, Е. Қайыржанов

«қылымстық реакция тек ойлай және сезе білетін, жеке адамдарға қарсы қолданылуы мүмкін, заңды мұндай қасиеттерден адал», - деп жазады. «Кінә» тек психологиялық емес, саяси-әлеуметтік те ұғым. Онда қылмыстық құқықпен қорғалатын, бекітілген қоғамдық қатынастарға деген адамның теріс қатынасы көрініс табады. «Жеке адамдардың қылмыстық жауаптылығын» ғана қолданушылар заңды тұлғалардың «жалғандығын» осыдан көреді.

XIX ғасырдың ортасында «фикция теориясы» немесе «кейіптеу теориясы» дами түседі, оның негізін қалаушы неміс заңгері Фридрих Карл Савиньи (1774-1861). Бұл теорияның мәні: заңды тұлғалар «қарапайым фикцияға орай әрекет жасайтын» құқықтың жасанды субьектілері, әрекет қабілеттілігі тек заңды тұлғалардың адамдардан тұратын органдарында ғана бар. Заңды тұлға – фикция, заң техникасы арқылы жасанды жолмен құрылатын өмірде жоқ құбылыс. Бұл орайда тарих қойнауында жатқан 1245 ж. Рим папасы IV Иннокентидің айтқаны қызықсыз болмас. Оның   ойынша:

«Заңды тұлға – фикцияның арқасында тек ұғымда ғана өмір сүреді, оның тәні жоқ, демек еркі де жоқ. Корпорацияның өзі емес, тек мүшелері ғана әрекет ете алады, сол себепті де ол қылмыс жасай алмайды».

Заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын қолдаушылар жоғарыда келтірілген уәждерге («жалғандық теориясын» қоса алғанда) заңды тұлғалардың азаматтық жауаптылығын алға тарата отырып, тойтарыс береді. Өйткені заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық жауаптылығы үшін де кінә қажет.

1994 (27. XII.) қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 359-бабы кінәнің мазмұнын мінез-құлық категориялары арқылы ашады; міндеттемені орындау үшін заң бұзушы субъект өзіне байланысты барлық шараларды қолданбайды. Сондықтан да заңды тұлғаның кінәсі болып, міндеттемені орындамауға немесе дұрыс орындамауға әкеліп соққан қызмет барысында көрініс табатын заңды тұлға қызметкерлерінің кінәсі түсініледі. Жеке адамдар мен заңды тұлғалардың кінәлі жауаптылығы әр түрлі нәрсе екендігі бәріне аян. Алғашқысында психологиялық мазмұн болса, соңғысында әлеуметтік-этикалық негіз басым. Дегенмен, кімді жеке тұлға (жеке адам) дейміз?

«Ұғымға абстракция, идеализация, қорыту, салыстыру, анықтау сияқты логикалық әдістер мен әрекеттер кіреді.

Адамның жеке өзі құқық субъектісі бола алмайды. Оны субъекті жасайтын құқы пен азаматтық қоғам құрған институтттар. Техникалық жағынан ол фикцияның көмегімен жасалады. Бұдан шығатын қорытынды жеке тұлға – тек адам, ал заңды тұлға – тек адамдар жиыны ғана емес. Бұл фикциялар шынайы әлем мен құқық әлемін жалғастырушы  дәнекерлер.

  1. Жеке тұлға да, заңды тұлға да абстракция, ал, құқық (азматтық, қылмыстық) осы тұлғаның құрылуына жәрдемдесетін қалып деген тұрғыдан қарасақ әлеуметтік пен нарықтық экономика жағдайында заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылықтан тыс қалуы бәрінен бұрын қылмыстық заңның кемшілігі екендігін мойындағанымыз абзал.
  2. Келесі қарсылық жауаптылық қағидасы мен қылмыстық жауаптылық пен жазаның жеке даралығы қағидасына байланысты. Заңды тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тарта отырып біз оны бір немесе бірнеше нақты жеке адамдардың – басшылардың әрекеті үшін жауапқа тартамыз.

Егер де зардап көпшілік қабылдаған нәтижесінде келсе, не себепті ол шешімге қарсы дауыс берген азшылықты (заңды тұлғаның мүшелері) қылмыстық жауапқа тартуға тиіспіз? Бұл ойдың назар аударуға тұратындығына күмән жоқ. Бірақ, бұл бәрінен бұрын шешімін таппайтын техникалық сипаттағы мәселені - қылмыстық жауаптылықтың айыру проблемасын алға қояды.

Француз заңгерлері (М. Расса, т.б.) мәселені басқаша шешу, яғни заңды тұлғаның қылмыстық әрекеті үшін тек қана оның басшыларын жауапқа тарту ауырырақ зардапқа ұшыратады деп есептейді.

Ал бұл шынында да жеке жауаптылық қағидасы, яғни әркім өз қолымен жасағанды мойнымен көтеру қағидасына қайшы келген болар еді.

Өйткені, біріншіден, басшылар заңды тұлғаның басқару кеңесінің немесе жалпы жиналысының шешімдерін орындаушы органдар ғана, екіншіден, басшылар өзгергенмен заңды тұлға орнында қала береді.

Соңғы жағдайға байланысты қылмысты әшкерлеу сәтіндегі заңды тұлға басшысын одан бұрыңғы басшысының ісі үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мүлде дұрыс емес. Бұған қоса, жәбірленуші жеке адамның (сондай-ақ айыппұл, сот шығындарын төлетуде мемлекеттің) мүддесін қорғау тұрғысынан келсек, жеке адамдар – басшылар – келген шығын мен зардаптың орнын толтыруға әманда қабілетті емес, ал заңды тұлға болса ешқашан тесік қалта болып отырмайды, яғни мәселеге экономикалық әрекет қабілеттілігі жағынан келсек, заңды тұлғалардың қылмыстың жауаптылығы ойлануға тұрарлық жайт.

Шын мәнінде, жаза адам санасы мен психикасын әсер етуге бағытталған мемлекеттік шара. Егер де осы тұрғыдан қарасақ, заңды тұлғаға жаза қолдана отырып, оның сазайын тарттыру, түзету мүмкін бе?

Заңды тұлғаның қылмыстық жауаптылығын жақтаушылар бұған жауап ретінде шынында да, дәстүрлі жазалардың кейбірі, мысалыға, түрмеге қамау заңды тұлғаға қолданылмайды дейді. Рас, заңды тұлғаны түрмеге қамауға болмас, бірақ өзге санкцияларды қолдануға болады ғой. Заңды тұлғаларға барлық классикалық жазаларды қолдануға, жазаны оның қызметімен телімдестіруге (қызметіне шек қою, тыйым салу), беделіне ықпал етуге (сот шешімін жариялау не жарнамалау) неге болмасқа?

Заңды тұлғалар екі категорияға бөлінеді.

Алғашқысы – жеке құқықтың заңды тұлғалары: коммерциялық қоғамдар, қауымдастықтар, қорлар, азаматтық-құқықтық бірлестіктер, сондай-ақ заңды түрде құрылған жеке топтар және кәсіподақтар.

Екінші категорияны жариялы құқықтың мемлекеттен басқа заңды тұлғалары құрайды.

Францияның 1992 жылы қабылданған Қылмыстық Кодексінің 121-2-бабында заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы сол әрекеттерді жасау кезінде тікелей орындаушы не  өзге  қатысушы болған жеке адамдардың қылмыстық жауаптылығы жоққа шығармайтындығы айтылған.

Қазақстан заңгерлері бұлай жасалған жағдайда қағида бұзылады бір әрекет үшін екі рет жазалауға болмайды деп есептейді. Осы жерде бұдан қоссубъектілік проблемасы туады.

Француз заңгерлері мұндай жағдайда заңды тұлғамен қоса сол әрекеттің (әрекетсіздіктің) тікелей орындаушысын да жауапқа тартудың ешқандай өрескелдігі жоқ деп есептейді. Мысалы, банктің басшысы болып табылмайтын өкілдің алаяқтығы арқасында банк мол пайда табады. Бұл жағдайда банкті де, қылмысты тікелей орындаушы-өкілді де қылмыстық жауапқа тартуы әбден мүмкін.

Қағида бұзушылық өз бағыныштысының қылмыстық әрекеті үшін онымен қоса басшысын да жауапқа тартқанда болады. Бұл ереже қағидадан ауытқу болып табылады. Ойымызды жалғай келе, қоссубъектілік проблемасы, әлі тек қылмыстық құқықта ғана месе өзге де салаларда түпкілікті шешілмегенін айта кеткіміз келеді.

Жоғарыда келтірілген Франция Қылмыстық кодексінің бабынан заңды тұлғаның жауаптылығы мынандай екі жағдайда түсіндірілетінін көруге болады: алдымен, қылмыстық әрекет заңды тұлғаның пайдасына жасалуы, екіншіден, әрекетті оның басшысы не өкілі жасауы тиіс.

Заңды тұлғаның «пайдасына» қылмыс жасау дегеніміз - қылмыс арқылы заңды тұлғаының олжа табуы. Көбіне ол мүліктік пайда, дегенмен пайданың өзге түрлері де болуы мүмкін. Айталық, заңды тұлға пайдакүнемдікпен емес, оның саяси, діни не өзге әрекетімен байланысты террорлық әрекеті үшін жауапқа тартылуы ғажап емес.

Мұның Қылмыстық кодексте қамтылған мемлекеттік қылмыстарға да қатысы бар (әскери әрекеттер жасау мақсатында шет мемлекеттермен байланыста болу).

Міндетті шарт қылмысты заңды тұлға өкілінің не басқаруышысының жасауы. Өзге тұлғаның әрекеті үшін, тіпті, ол заңды тұлғаның пайдасына жасалса да қылмыстық жауаптылық туындамайды. Заңды тұлғаның біткен қылмысы үшін ғана емес, ақталуы үшін де,  жеке адамдардың орындаушылығы үшін ғана емес, сонымен қоса, қатысуы-көмектескендігі не болмаса азғырғандығы үшін де жауапқа тартылады.

Франция Қылмыстық кодексінің 131-37 және 131-39-баптарында заңды тұлғаларға қолданылатын арнайы жазалар қарастырылған.

Жоғары мөлшердегі айыппұлдар (қылмыстың ауырлығына байланысты) басты орынды алады. Айыппұл заңды тұлғаның кез келген түріне қолданылады. Заңды тұлға қылмыс не басқа теріс қылық жасау үшін құрылған болса, немес өзінің заңды мақсатынан қылмыс жасау үшін (жеке адамдар 5 жылдан артық түрмеге қамалатындай) ауытқыған жағдайда сот жаза ретінде оның қызметін тоқтатуы мүмкін. Заңды тұлғаның қызметін ішінара тоқтататын жазалар: а) Соған  байланысты қылмыс жасалған қызмет түрін жүзеге асыруға тыйым салу (медициналық, коммерциялық, банкілік, т.б. қызмет); б) Заңды тұлғаның қылмыс жасалаған қандай да бір мекемесін  кәсіпорнын  (ресторан, казино, т.б.) жабу; в) мемлекет пен шартқа отыруға тыйым салу (5 жылға дейін); г) қаржы-несие саласындағы жазалар: халықтың салымдарына тыйым және чекпен несие карточкаларын қолданысқа жіберуге тыйым салу. Қабылданған сот шешімдерін жарнамалау немес ақпарат құралдары не өзге де аудиовизуалдық құралдар арқылы ақпараттар тарату (Бұл заңды тұлғаның беделіне қатысты).

Қылмыс әрекеті заттарын не оның нәтижесінде табылған заттарды тәркілеу. Белгілі бір мерзімге сот қадағалауында ұстау (қылмыстың ауырлығына қарай).

Жоғарыдағы жаза түрлеріне назар аудара отырып, Қазақстан Республикасының аумағында да заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын енгізу қажет деп нық сеніммен айтуға болады.

Ескерту есебінде: қылмыстық құқықтың жоғарыда талданған институттарына жаңаша көзқарас қажет, екіншіден, жетілген институттарды; денсаулық сақтау (дәрі шығарушы заводтардан,  т.б. бастап дәріханаларға дейін), санаткерлік меншік (кино өнімдер, т.б. авторлық құқықтар),банк, экология, көлік, т.б. салаларынан бастап біртіндеп еңгізу, біздің ойымызша қылмыстық жауаптылықты жауаптылықтың өзге түрімен (айталық, азаматтық) ауыстыру орынсыз. Аталған жауаптылық қылмыс жасау кезінде өзінен - өзі туындайды.

 

Әдебиеттер

  1. Е. Каиржанов Уголовное право РК, общая часть. - А., 1998. - С. 90-91.
  2. Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. - М., 1912. - С.133.
  3. Граждансский кодекс РК, толкование и комментирование (общая часть). Выпуск – А., 1997.
  4. Философский Энциклопедический словарь, статья «Понятие».
  5. Грешников И.Г. Понятие юридического лица в гражданском праве и законодательстве. А., С. 44-45.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.