Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы және оның қылмыстық-құқықтық көрініс нысандары

Сыбайлас жемқорлық ұғымы. Кез келген құбылысты зерттеуді оның ұғымын  анықтаудан бастау қажет. Бұл тек ғылыми ізденісті жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар оның нәтижелерін зерттеушілердің жете түсінуін жеңілдетеді. "Сыбайлас жемқорлық" термині заңдылық, оның ішінде қылмыстық-құқықтық ұғым болып табылмағандықтан,оның  құқықтық  анықтамасы  белгілі  бір  қиындық  туғызады. Сыбайлас жемқорлықтың халықаралық атауы – ''коррупция'' терминінің этимологиясы латынның "corruptіo" (паралап сатып алу) ұғымын білдіреді. Бірақ 1978 жылғы 17-ші желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылдаған кодексте: Коррупция ұғымы, лауазым иелерiнiң құқықтық мiнез құлқы, лауазым иелерiнiң iстеген немесе iстеуге мүмкiн iс-әрекеттерi үшiн заңсыз салық алуы, уәде берулерi ұлттық құқық нормаларымен анықталуы қажет делiнген.

Н.Ф. Кузнецова сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік көлеңкелі құбылыс деп көрсетіп, оның бір тұлғаны екінші бір тұлғаның сатып алуынан тұратынын анықтайды [1 25-26 бб.]. А.И.Долгова осындай пікірді қолдай отырып, коррупцияны мемлекеттік немесе басқа да қызметкерлердің жеке басының пайдасы үшін ресми қызметтік өкілеттіліктерін және соған байланысты беделдері мен мүмкіндіктерін сатуы немесе сол үшін сатылуы деп атап көрсетеді [2, 50 б.]. Бұл дегеніміз коррупция ұғымы парақорлықпен теңестіру деген сөз. Басқалар коррупцияны шенеуніктердің өз қызмет бабын жеке басының пайда табуы мақсатында қолдануға негізделген басқару аппаратының іріп-шіруі деген анықтама бередi [3. 30 б.; 4. 34 б.; 5-22 б.]. Бұл жағдайда олар ''cor'' (дене) сөзін негізге алып, коррупция деген сөзге латын тілімен сөзбе сөз ''дененің іруі'' іріп-шіру процесі деп  анықтама келтіреді. Б.В. Волженкин ''Сыбайлас жемқорлық дегеніміз әлеуметтік құбылыс болып табылатын биліктің іріп-шіруі, мемлекеттік функцияны атқаруға өкілетті мемлекеттің немесе басқа да соларға теңестірілген адамдардың өз қызмет бабымен қызмет статусы мен беделін жеке басының баюы мақсатында немесе топтық мүдде үшін пайдалануы'' деп анықтама береді [6, 8 б.].

Осы анықтамадан сыбайлас жемқорлықтың парақорлық шегінен шығып кететінін және оның мемлекеттік билікті жеке өзінің, басқаның пайда табуы мақсатында асыра пайдаланудың кез келген түрін айтамыз.

Осылайша заң әдебиетінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты екі түрлі көзқарас қалыптасқан: тар мағынадағы сыбайлас жемқорлық (парақорлық) және кең мағынадағы сыбайлас жемқорлық (мемлекеттік билікті пайдалану пайдакүнемдік мақсатта асыра пайдаланудың кез келген түрі).

Біздің пікіріміз бойынша сыбайлас жемқорлықтың кең көлемдегі түсінігін қолдану дұрыс сияқты. Сатып алу сыбайлас жемқорлықтың тарихи бірінші көрініс болса да, сыбайлас жемқорлықты парақорлыққа теліп қою дұрыс болмаған болар еді. Осындай мұқият қарауды талап ететін заңдылық мәселені жеңіл шешу позициясын ұстану дұрыс болмайды. Осыған орай шешу  сыбайлас жемқорлыққа анықтама бермес бұрын осы құбылысқа тән негізгі сипаттарды теориялық жағынан белгілеген мәнді болады.

  1. Сыбайлас жемқорлықтың орын алатын салалары жергілікті өзін - өзі басқару және мемлекеттік билік органдары болып табылады. Кейбір авторлар бұл салаға коммерциялық және басқа да ұйымдарды қосып кеңітеді [1, 11-27 бб]. Ал бұған толық негіз жоқ. Сыбайлас жемқорлықтың қауіптілігі сол, мұндай қоғамға қауіпті іс-әрекет орын алған кезде мемлекеттің және жергілікті өзін- өзі басқару органдары беделіне зор нұқсан келтіріп, нәтижесінде олардың әлсіреуіне әкеліп соғады.

Коммерциялық құрылымдардың қызметкерлерімен өзге де ұйымдардың қызметкерлері қызмет бабын асыра пайдаланған жағдайда ондай нұқсан келмейді және олардың әлсіреуіне әкеліп соқпайды [7. 237-238, бб.]. Әрине, осындай өкілеттіктерді теріс пайдаланушылық көп материалдық шығынға ұшыратуы және басқа да ауыр жағдайға ұщыратуы мүмкін, ал ол үшін сол коммерциялық және өзге ұйымдардағы кінәлі адамдар тиісті жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Жергілікті Мемлекеттік басқару және басқару органдарына келетін болсақ,оларды сыбайлас жемқорлықтың орын алған саласына қосу принципті түрде маңызды болып табылады.  Бірақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 8 бөлігіне сәйкес аталған органдар мемлекеттік өкімет органдары жүйесіне кірмейді, ал конститутциялық құрылымның негізін анықтайтын осы баптарды бөлім етіп алу кездейсоқ емес. Баптардың мазмұны мен орны жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқаруды осындай негіздің бірі ретінде қараудың куәсі болып табылады.

  1. Сыбайлас жемқорлықтың субъектілері мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті адамдар, не оған тексертілген адамдар, лауазымды адамдар, лауазым иелері болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлер танылады. Егер лауазым иелерінің сыбайлас жемқорлық субъектілеріне қатысы жайлы әдебиетте бірыңғай пікір қалыптасқан болса, лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің осы санатқа жату мәселесі даулы болып табылады. В.С.Коммисаров сыбайлас жемқорлық субъектісін мемлекеттікқызметкерлер ретінде қарау қағидасы дұрыс емес деп есептеп,оны төмендегі ойларға байланыстырады. Біріншіден, бұл дегеніміз қылмыстық жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін едәуір ұлғайтады деген ұғымды білдіреді, ал бұл болса қылмыстық саясатты дамыту пәрменділігімен толық дәрежеде сәйкес келмейді. Екіншіден, бұл түбірімен дұрыс еме, себебі сыбайлас жемқорлықтың мәні билік өкіллеттілігі болмағандықтан олар сыбайлас жемқорлық әрекет жасай алмайды, ал бірақосындай қыллмыстарға қатысушы болуы мүмкін [7, 42 б.].

Н.Ф. Кузнецова лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлерді коррупциялық қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту криминологиялық негізсіз деп есептейді. Оның пікірінше, бұл адамдардың қоғамдық қауіптілігі антиәлеуметтік криминалдық дәрежеге жетпейді [1, 29 б.]. Басқа да авторлар осындай пікірді ұстанады [8, 33 б.].

Біздің пікірімізше лауазым иесі болып табылмайтын Мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлық қылмыстардың субъектісі қатыстарына қосу төмендегі жағдайларға байланысты:

а) Сыбайлас жемқорлықтың соңғы кездегі ұлғаю көлемі биліктің барлық тармақтарының сыбайлас жемқорлықпен байланыса, оларға қарсы қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының ең тиімді жолдарын іздеуге, соның ішінде коррупциялық қылмыс субъектілерінің шеңберін кеңейту  жолымен де негіз болды. Егер ''қылмыстық саясатты дамыту тенденциясы'' деген сөздерден қылмыстық заңдарды ізгілендіруді түсінсек, онда мұндай ізгілендіру жемқорлық қылмыстың белең алып тұрған қазіргі кезінде де, онымен табысты күресте де өзін-өзі ақтамайды [9, 153-160 бб.].

б) В.С. Комиссаровтың лауазым иелері болып табылмайтын қызметкерлердің билік өкілеттілігі болмайды деген пікірмен келісе отырып, келесі мәселені атап өткен жөн. Сыбайлас жемқорлықтың мәні адамның жеке басының мүддесі үшін өз қызмет бабын, билік өкілеттілігін пайдалануда. Қызмет бабын пайдалану деген тек билік өкілеттілігін пайдалану ғана емес, сонымен бірге оның белгілі бір лауазымдық орынға ие болуына байланысты берілген мүмкіндіктерімен беделін пайдалану деген сөз. Осылайша мемлекеттік қызметкерлер лауазым иесі болмаса да және олардың билік өкілеттілігі болмаса да олар өздерінің қызмет бабына байланысты берілген мүмкіндіктері мен беделін пайдакүнемдікке немесе басқа жеке мақсатта пайдалану мүмкіндіктері бар.

в) Мемлекеттік билікпен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қарсы кез келген қызметкер (нұсқаушы, референт, хатшы, көмекші) жоғары дәрежеде қауіп төндіре алады. Б.В. Волженкин дұрыс атап көрсеткендей, іске осылай қарау ұсақ қызметкерлерді жауапқа тарту керек деген ойды білдірмесе керек, себебі, қызмет бабындағы қылмыстың көпшілігі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартудың міндетті шарты заң қорғайтын мүддеге – елеулі түрде бұзу, зиян келтіру болып табылады, ал мұндай әрекетті олар өздерінің қызмет бабының шектелуіне байланысты әдетте жасай алмайды [10. 55 б.]. Егер қызметкер өзінің қызмет бабын жеке мақсатта пайдаланып, құқық қорғау мүддесіне орасан зор нұқсан келтірсе, онда оны жауапқа тарту керек.

  1. Іс-әрекеті жеке адам, мемлекет, қоғам мүддесіне қарсы келіп және ол пайдакүнемдік басқа да жеке мүддені көздеу сипатына ие болады. Осылайша, сыбайлас жемқорлық тек пайдакүнемдікпен ғана байланысты емес сонымен қатар ол басқада жеке мүддеге байланысты (басшыға жағымпаздану, туыстық қамқорлық жасау, рулық қатынасты қоздыру және т. б.)

Сыбайлас жемқорлық әрекеті нәтижесінде жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің құқық қорғайтын мүддесін елеулі түрде бұзу орын алады. Тек осы белгі бойынша сыбайлас жемқорлық қылмысын әкімшілік тәртіптік, азаматық-құқықтық жауапкершілікке тартып коррупцияның болмашы түрін айырып алуға болады.

Заң әдебиеттерінде сыбайлас жемқорлықты қоғамға қауіпті iс-әрекеттердi үнемі жасау деп түсіндіру көзқарасы қалыптасқан [11, 13 б.]. Бірақ бұл біздің көзқарасымызға сай емес,  өйткені мұндай түсінік коррупциямен күресті өте қиындатып жібереді, себебі үнемі жасау ұғымын сипатын дәлелдеу қажеттілігі туады. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлықтың қауіптілікті оның қылмыстық- құқықтық қорғау объектісін елеулі түрде бұзады. Осы келтірілген зиянды қол сұғушылықтың санына қатысты қарап бағалау дұрыс емес. Қызмет өкілеттілігін бір рет теріс пайдаланудың өзі жеке адам, қоғам, мемлекет мүддесіне онша қауіпті емес бірнеше сыбайлас жемқорлық қылмысты жасаудан гөрі көп зиян келтіруі мүмкін. Сонымен біз сыбайлас жемқорлыққа тән негізгі белгілерді анықтадық. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықта төмендегідей қылмыстық-құқықтық анықтама беруге болады. Сыбайлас жемқорлық деп мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамнан, не оған теңестірілген адамның, лауазымды адамның қызметтік өкілеттігін өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделерін керағар пайдалану нәтижесінде жеке адамның заңды құқықтары мен мүдделеріне, қоғам, мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеліп соққан заңсыз іс-әрекеттерді айтамыз. Көріп отырғанымыздай, бұл анықтама құбылыстың нақты көріністерінің кең шеңберін қамтып отыр.

Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтың көрініс нысандары: Сыбайлас жемқорлықтың көрініс түрлері жайлы көптеген пікірлер бар. Бірақ олардың құқықтық дәлдігі мен толық түсінігі жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа анықтама бере отырып, біз, бұл құбылыстың тек парақорлықпен ғана шектелмейтінін атап өтіп, оның белгілі іс-әрекет түрлерінің жиынтығы екенін айттық. Бірақ, осы жиынтықты құрайтын нақты іс-әрекет турасында әдебиеттегі пікірлер әр түрлі.

В.С.Комиссаров сыбайлас жемқорлықтың нақты қылмыстық-құқықтық көрініс нысандары ретінде қызмет өкілеттігін теріс пайдалану мен пара алуды айтады. Оның пікірі бойынша кез келген лауазымдық қылмыс сыбайлас жемқорлық болып табылмайды, бірақ кез келген сыбайлас жемқорлық қылмыс лауазымдық қылмысқа жатады [7, 28 б.].

Г.Н. Борзенков қылмыстың: талан-тараж, парақорлық және қызмет өкілеттілігін пайдакүнемдік мақсатта теріс пайдалану сияқты үш тобын сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыс деп көрсетеді [3, 30 б.].

П.Н. Панченко сыбайлас жемқорлықтың: қызмет өкілеттілігін теріс пайдаланып құқық бұзу, қызмет өкілеттілігін теріс пайдаланып талан-таражға салу, қызмет бабын пайдаланып пара алу сияқты нысандарын анықтады [11. 13 б.].

Л.А. Жуков коррупциялық құқық бұзуды шартты түрде пара-сыйлық, параға сатып алу және коррупциялық сыбайластық деп бөледі [12, 13 б.].

Сыбайлас жемқорлық көрініс нысандары жайлы бірыңғай келісілген пікірдің болмауы бұл терминді өз бетінше және қарама-қарсы мағынада мемлекеттік билік және басқару органдарының нормативтік-құқықтық актілеріне қолдануға әкеліп соқты.

Сыбайлас жемқорлық көрініс нысандық анықтамасы көптеген нақты қылмыс құрамының түрлері көрсетілген халықаралық құжаттарда аталып кеткен.

Біздің пікіріміз бойынша, сыбайлас жемқорлық көрінісінің қылмыстық-құқықтық нысандарын тек ғана парақорлыққа әкеліп тіреу дұрыс емес. Бұл коррупция сияқты күрделі де әрқилы құбылысқа жеңіл-желпі қарау болып есептеледі. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық бұзу субъектісінің ауқымы парақорлық субъектісі ауқымынан кең екенін де есте сақтау қажет.

Осылайша, біз сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтық көрініс нысандарына:

а) мемлекеттік билікке қарсы, мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің мүдделеріне қарсы қылмыс;

б) лауазым иелерінің басқа да кез келген қылмыстары, сонымен қатар лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің;

в) қызмет бабын пайдакүнемдік немесе басқа да жеке мүддесі үшін пайдаланып жасаған қылмыстарды жатқызамыз.

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күресте  қылмыстық  заңдылықты  дамытудың  маңызды  ерекше.

Бұрын айтқанымыздай, сыбайлас жемқорлықпен күресте қылмыстық жаза маңызды роль атқарады.

Бұл шаралар панацея емес – олар белгілі бір жағдайда ең бір тиімді мүмкіндік беретін күрестің қажетті бір бөлігінің бөлінбейтін факторы. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексі сыбайлас жемқорлықпен күресте қарсы қазіргі заман талаптарына толығырақ жауап береді, бірақ сонда да болса қылмыстық кодексте бұл тұрғыдан алғанда кейбір кемшіліктер бар. Сыбайлас жемқорлық көрінісі құбылмалы, міндетті түрде және тез жаңа түрге өзгеріп тұрады. Жеткілікті қылмыстық құқықтық нормасыз онымен күресу мүмкін емес. Сондықтан да үнемі қылмыстық заңдылықты жетілдірудің белгілі қажеттілігі туындайды.

Бірақ бұл процесс мақсат болып табылмайды, оның нақты теориялық базаға негізделуі, ішкі және халықаралық тәжірибелердің тарихи дәстүрлер ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Сондықтан да іс жүргізудегі пайда болған қажеттіліктерді объективті жағдайларда абайлап және орынды түрде өзгерту керек.

Жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып осы тұрғыдағы заңдылықты жетілдірудің негізгі ұсыныстары мынадай:

Мемлекеттік қызметтер атқаруға өкілетті адамның не оған теңестірілген адамның және лауазым адамының өз қызмет бабы бойынша берілген мүмкіндіктерін пайдалана отырып жасаған кез келген қылмысы оны жасауды жеңілдетедіжәне оның қоғамдық қауіптілігін арттыратынын есепке ала отырып "лауазым иесінің, сонымен қатар лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің өздерінің қызмет өкілеттілігін пайдалана отырып қылмыс жасауын" жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қарастырған дұрыс болар еді (ҚР ҚК 54-бабы).

  1. Қызмет бабын пайдалана отырып қылмыс жасағандарға соттар белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру сияқты жаза түрін өте сирек қолданады. Ішінара біз зерттеген 40 қылмыстық іс бойынша Қызылорда облысы аудандық және қалалық соттары 2000-2004 жылдар ішінде оның тек 9%-ғана осындай жаза қолданған. Жазаның осындай түрін негізсіз сирек қолдану сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандардың қызметіне өзінің негізгі жазасын өтеп келгеннен соң орналасуына мүмкіндік береді. Осындай мүмкіндікті, әрине олар ''бұрыңғы байланыстарын'' және, сонымен қатар оларға ''қарыз'' адамдарды пайдалана отырып іске асырады. Осының бәрі халықтың әлеуметтік әділеттілікке деген сенімін қалпына келтіре алмайды, сонымен қатар жазаның өз мақсаттарына жетуiне көмегін тигізбейді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, өз қызмет бабын пайдаланып қылмыс жасаған адамдарға міндетті түрде белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кәсiппен айналасу құқығынан айыру сияқты жазаны қолданған өте дұрыс болады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 41-бабын осыған байланысты төмендегі келесі мазмұнда толықтыру ұсынылады: ''Белгілі бір қызмет лауазымды атқару немесе белгілі бір кәсiппен айналысу құқығынан айыру жазасы, егер ол осы кодекстің Ерекше бөлімінде тиісті бапта сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жаза ретінде қаралмаса, егер сот бұл қылмысты лауазым иесі, лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлер өз қызмет өкілеттілігін пайдалана отырып жасағанын анықтаса бұл қосымша жаза ретінде қолданылады'' .

  1. Заң шығарушы әділ түрде көптеген қылмыстарды өз қызмет бабын пайдалану арқылы жасалатынын көрсетеді. Осы жағдай бұл қылмыстың қоғамдық қауіптілігін арттырады, себебі мұндай қылмыстар субъектісінің қызмет өкілеттілігін пайдалану арқылы жасалады және сондықтан да бұл қылмысты жасау жеңіл болады.

Бірақ та біздің пікірімізше, заң шығарушының бұл мәселеде белгілі бір дәйектілік ұстанымы жоқ. Кейбір қылмыс құрамын белгілеген кезде - қызмет бабын пайдалану іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін арттыратын белгі ретінде көрсетілмеген. Қылмысты адамның қызмет бабын пайдаланып жасауы белгілі бір іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі дәрежесін арттырады, сондықтан бұл белгі тиісті заңда көрініс табуы қажет. Мысалы мұндай құрамдарға ҚК–тің 181-бабы 3-бөлігі, 180-бап 2-бөлігі, 196-бап 3-бөлігі, 206-бап 3-бөлігi, 207-бап 3-бөлігi, 251-бап 4-бөлігi, 259-бап 4-бөлігi және т.б. жатады. Осындай құрамдардың ауырлататын түрі ретінде қызмет өкілеттілігін теріс пайдалануды көрсету өте орынды болар еді.

  1. Сыбайлас жемқорлық көлемінің өсуі билік органдарын бұл құбылысқа қарсы күреске бағытталған көптеген нормативті-құқықтық актілерді қабылдауға мәжбүр етеді. Бірақ мұндай шаралардың тиімділігі, оны бірінші болып міндетті түрде орындауға тиісті лауазым иелерінің оны елемеуіне байланысты өте төмен. Бұны соңғы кездері жүргізілген көптеген зерттеулер дәлелдеп отыр. ''Мемлекеттік қызмет туралы'' заңның негізгі ережелері де қағаз жүзінде қалды, ал онда мемлекеттік қызметшілерді табыстары және мүліктік жағдайы жайлы декларация толтыруға міндеттейді. Декларация толтырудан бас тарту – жұмыстан шығаруға негіз болады. Осыған қарамастан, бұл талап орындалмайды. Шенеуліктердің сыбайлас жемқорлық туралы заңды мүлде елемеуінің мұнан басқа да мысалдарын келтіруге болады. Оны бұзғаны үшін қолданылатын әкімшілік шаралардың тиімділігінің төмендігі күмән тудырмаса керек. Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заңдылыққа әдейі орындалмағаны үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін арнаулы қылмыстық- құқықтық норманы белгілеу қажет.

Әрине сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған шаралар деп нені түсінуге болады деген сұрақ тууы мүмкін. Мұны түсіндіру үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының ''Соттардың парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңды қолдану тәжірибесі туралы'' 1995 жылғы 22 желтоқсанындағы Қаулысы ҚР Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы №18 ''Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау практикасы туралы'' нормативтік қаулыларын келтіруге болады. Соңғы қаулыда сыбайлас жемқорлыққа байланысты заңды бұзушылық деп мемлекеттік міндеттерді атқаратын, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін және басқа да өзінің өкілеттіктерін пайдалана отырып, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен сол артықшылықтар алуы сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғаларға аталған игіліктері мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы деп түсіну керек делінген (13).

  1. Коррупциямен ұйымдасқан қылмыс бөлінбейтін, бөлшектенбейтін криминальды одақты құрады. Ұйымдасқан қылмыстың қанатының кең жайылуына коррупцияланған ұйымдар себепші. Н.Л.Павленконың дұрыс пікірі бойынша ''Коррупция дегеніміз ұйымдасқан қылмыс пен мемлекеттік органдарының бірігіп кетуінің басты тәсілі'' [14, 109 б.]. Егер басқа елдерде ұйымдасқан қылмыс мемлекеттік шеңберге кіруге енді ғана талпынып жатса отандық ұйымдасқан қылмыстың әуел бастан өз құрылымдары бар. Сондықтан да Қазақстандағы коррупция дегеніміз – тамыр-таныстық қана емес, сонымен қатар көп пайда табуға жетудің тәсілі. Осы тұрғыдан қарағанда Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық дегеніміз ұйымдасқан қылмыстың негізі деген ғалымдардың пікірлері логикалық тұрғыдан дұрыс. Шын мәнінде ''ұйымдасқан қылмыстың ерекшеліктеріне коррупциямен байланыс жасау жатады, ал бұд экономика саласында маңызды операция жасауға қажетті ақпарат алуға, дер кезінде құқықтық жазадан құтылуға мүмкіндік береді'' [15, 145-154 бб.].

Осылайша мемлекеттік билік органдарына сенімді және кең сыбайлас жемқорлық байланысы болмаса ұйымдасқан қылмыс өмір сүре алмайды. Міне сондықтан да біз жоғарыда атап   өткеніміздей ұйымдасқан қылмыс табысының заңсыз пайдасының 50% дейіні пара алуға кетеді. Мемлекеттік аппаратпен коррупциялық қарым-қатынасы бар ұйымдасқан қылмыстық топтардың көбеюі қауіп тудырып отыр. Егер 2002 жылы 8 коррупциялық байланысы бар 78 ұйымдасқан қылмыстық топ (4,8%) анықталса, ал 2003 жылы 37 (12,9%) анықталды.

Айтылғандарды түсіндіре келе мынандай қорытынды жасауға болады: мемлекеттік аппаратпен ұйымдасқан қылмыс арасындағы байланысты бұзу сыбайластыққа салынған қызметшілермен ұйымдасқан қылмысқа берілген мықты соққы болып табылады. Әрине бұл өте күрделі мәселе.Мұны орындау үшін ұйымдасқан қылмысқа қарсы кешенді бағдарлама жасау қажет. Осындай шаралардың өз өкілеттіліктерін ұйымдасқан қылмыстың топ мүддесі үшін пайдаланатын қызметшілердің қылмыстық жауапкершілігін күшейткен жөн болар еді

 

 Әдебиеттер

  1. Кузнецова Н.Ф. Коррупция в системе уголовных преступлений //Вестник МГУ, право. - №1. - 1993. 40 б.
  2. Криминология: Учебник /под общей пер. А.И.Долговой. - М., 1997. - 640 б.
  3. Борзенков Г.Н. Уголовно-правовые меры борьбы с коррупцией. // Вестник МГУ, право №1, 1993 г. 30-15 б.Гальперин Г.И. Организованная преступность, коррупция, уголовный закон. //Социалитическая законность, №4, 1989 г. 34-16 б.Мишин Г.К. Коррупция: Понятие, сущность меры ограничения, лекция. – М., 1991. - 28 б.
  4. Волженкин Б.В. Коррупция. – СПб. - 1998. 180 б.
  5. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, - 540 б.
  6. Комиссаров В.С. Уголовно-правовые аспекты борьбы с коррупцией //Вестник МГУ, право. - №1. - 1993. - 42 б.
  7. Королева М.В. Уголовный закон и уголовная политика на фоне современных криминологических реалий

//Преступность и законодательство. - М., 1997. - 180 б.

  1. Волженкин Б.В. К вопросу о субъекте коррупционных правонарушений //Актуальные проблемы  борьбы  с коррупцией и организованная преступность в сфере экономики (Материалы научно-практической 18-19 апреля 1995 г.). – М., 1995. - 65 б.
  2. Панченко П.Н. Уголовно-правовая характирестика коррупций /(Материалы научно-практической конференции, 18-19 апреля 1995 г.). - М., 1995. - 120 б.
  3. Жуков Л.А. К вопросу о коррупции. //Материалы научно-практической конференции, 18-19 апреля 1995 г.//Выпуск - М., 1995. - 180 б.
  4. Заң газеті, 9 қаңтар 2002 ж.
  5. Американо-Российская конференция по вопросам экономики и преступности (Москва, март 1996 г.//Вестник МГУ, серия право. - №4. - 1996. - 112 б.
  6. Ромашенко Л.С. Социологический анализ коррупции как основного признака организованной преступности//Вестник Саратовской государственной академии права. №2, 1995 г. 164 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.