Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ақпараттық соғыстың геосаяси аспектісі

Қоғамның барлық салаларына заманауи технологиялардың енгізілуі ақпараттық инфрақұрылымдарды әлемдік саясаттағы маңызды акторлар қатарына шығарып отыр. Ғаламдық ақпараттану үрдісі халықаралық қауымдастық деңгейінде жаңа мәселелерді туындатып отыр. Бұл ең алдымен ақпараттық қауіпіздік және ақпараттық соғыс мәселесіне байланысты. Ортақ әлемдік ақпараттық кеңістіктің қалыптасуы, халықаралық қатынастар және геосаяси субъектілер арасындағы ақпараттық теке-тірестерді   туындатты.   Қазақстан-2050   стратегиясында «әлем ауыр дүниетанымдық және құндылық дағдарысты бастан кешіріп отыр. Өркениеттер қақтығысын, тарихтың ақырын, мультимәдениеттің күйреуін жариялайтын үндер жиі естіледі. Жылдар бойы сыннан өткен құндылықтарымызды қорғай отырып, біз үшін осынау кертартпа көзқарастан тартынуымыздың принципті маңызы бар» [1], – деп айқындалғандай, ақпараттық үрдістердің ғаламдануы жағдайында ақпараттық соғыстың геосаяси мәніне үңіліп, аражігін ажырату қазіргі таңда қажетті, өміршең зерттеу болып табылады. Сонымен қатар ақпараттық соғыс түсінігінің теориялық негізі және оның геосаяси астары әлі күнге дейін толыққанды зерттелмей отырғандығы да біздің осы бағытта зерттеу жүргізуге талпынуымыздың басты мақсаты болып табылады.

Ақпараттық қоғамды, ақпараттық кеңістіктегі қайшылықтарды, ақпараттық соғыстың геосаяси астарын зерттеумен ғалымдар Р. Шафранский, Р. Кеохейн, Дж. Най, И. Масуда,    Д. Белл, М. Кастельс, М. Либики, В.А Лисичкин, Л.А. Шелепин, Д.А. Волкогонов, Н.И. Живейнов, А.Г. Караяни, М.Ю. Павлютенкова, Д.А. Швец, В.С. Пирумов, М.А. Родионов, Г.Г. Почепцов, И.Н. Панарин айналысып жүр. Аталмыш авторлардың еңбектерінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында ақпараттың, оның ішінде ақпараттық соғыстың ықпалын ескере отыра, ақпараттық басқарудың жаңа тұжырымдарын жүзеге асыру қажеттілігі айқындалады. Ақпараттық соғысты психологиялық теориялар аясында қарастыра отыра, В.А. Лисичкин және Л.А. Шелепин, ақпараттық соғыстың нысаны ретінде жеке тұлғаның когнитивті-сезімдік саласын көрсетеді, ал басты мақсаты ретінде – писхологиялық және әлеуметтік үдерістерді басқаруды қарастырады. А.Г. Караяни зерттеулерінде ақпараттық және психологиялық тайталастарды ортақ мәнде, қоғамдық психология салалары арқылы тұлғаның санасына айла-шарғы жасауға бағытталған идеологиялық ықпал ету құралдары ретінде қарастырады. Д.А. Швец пікірінше, ұлттық стратегия мүдде ретінде ақпараттық үстемдікке жетуге бағытталған коммуникативті технология. Ақпараттық құралдардың қазіргі таңдағы алатын орны, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында зерттеу жүргізіп отырған қазақтандық ғалымдардың ішінен Ғ.Ж. Ибраева, Е.К.Алияров, Р.Ш. Бердібаевтарды атауға болады.

Біздің зерттеуіміздің нысаны болып табылатын ақпараттық соғыстың геосаяси тәсілдерінде, ақпараттық соғыс – сыртқы саяси міндеттерді әскери техникалық күштерден және қарау-жарақтан тыс, коерсивті бақылау технологияларын қолдана отыра шешуге бағытталған мемлекетаралық қайшылықтар ретінде айқындалады. Ресей геосаясатшысы И.Н. Панарин пікірінше, ақпараттық соғыс – бұл ноосфера және әлемдік ақпараттық-психологиялық кеңістікті өз мүдделеріне сәйкес пайдалана отырып билікке жетудің жоғарғы тәсілі [2, 223 б.]. Ғалымның ойынша, қазіргі кездегі мемлекеттік қайраткерлер тиімді ақпараттық тайталас жүргізуге қабілетті болуы тиіс.

Ақпараттық соғысты қазіргі кездегі геосаяси процестер аясында қарастыра отыра И.А. Михальченко, бір топтардың екінші топтарды гуманитарлық мәнде бағындыруға бағытталған постиндустриалдық қоғамның көрінісі ретіндегі тұтастай технология ретінде түсіндіреді [3, 15 б.]. А.Б. Губарев, А.М. Соколова, Д.Б. Фролов пайымдауларында, ғаламдану үрдісінде қалыптасқан ерекше геосаяси қатынастарда, халықаралық процестің бір акторлары, екінші акторлардың ақпараттық саласына белсенді түрде ықпал ете отыра, экономикалық, саяси және басқа да салаларда үстемдікке ұмтылуда [4 ].

Американдық саясаттанушы, неолиберализм мектебінің өкілдері Роберт Кеохейн және Джозеф  Най пікірлерінше, ақпараттық соғыс «қырғи-қабақ соғысы жылдарында» жүргізілген әскери күштерден мүлдем ерекшеленеді және ақпараттық қоғамның қазіргі таңдағы шынайылығына бейімделу арқылы халықаралық аренада үстемдік орнатуға болады [5], дей отыра Натан Ротшильдтің «кім ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді» қанатты сөзінің дәлелі ретінде, постиндустриалды қоғамды ақпарат менеджерлері басқарады деп жалғастырған.

Ақпараттық соғыс мемлекеттер, одақтар, экономикалық және әскери құрылымдардың арасында, ақпараттық соғыс субъектілерінің қатысуымен жүргізіледі. Ақпараттық соғыс геостратегиялық жағдайға, саяси және әскери міндеттерге, дамыған елдердің ақпараттық кеңеюге құлшынысына, біржақты үстемдікке негізделген бірқатар факторлардың ықпалынан тууы мүмкін. Ақпараттық соғысты жүргізудің негізгі бағыттары: қарсыластың өмірлік маңызды – саяси, экономикалық, әскери, қоғамдық, ғылыми-техникалық құрылымдарының қалыпты қызметін жою, бұрмалау арқылы ақпараттық ресурстарын жеңіліске ұшырату.

Ақпараттық соғыс ұғымын екі мәнде қарастыруға болады: дәстүрлі – ақпараттық-психологиялық соғыс және ақпараттық-технологиялық деңгей – қарсыластың байланыс құралдарын, коммуникациялық тораптарын жою, вирустар енгізу.

Қазіргі таңдағы ақпараттық соғыстар теориясының негізін қалаушылардың бірі Мартин Либики пікірінше, ақпараттық соғыс – бұл өзіндік ақпараттарды және ақпараттық жүйелерді қорғай отыра, қарсыластың ақпараттарын бұрмалай отыра өзіне қарсы бағыттау болып табылады [6, 53 б.].

1995 жылы АҚШ Ұлттық қорғаныс институтында жарияланған «Ақпараттық соғыс дегеніміз не?» атты еңбегінде Мартин Либики ақпараттық соғыстың жеті түрін айқындайды:

  1. Ұжымдық басқару.
  2. Барлау.
  3. Психологиялық.
  4. Хакерлік.
  5. Экономикалық.
  6. Электрондық.
  7. Кибер соғыс [6, 55 б.].

Ақпараттық соғыстың ерекшелігі, мұнда бірыңғай стратегиялық мақсат ерекше айқындалып, тактикалық деңгейдегі нақты жоспарлаудың болмауы. Ядролық соғыстың жер шарының жойылып кетуіне ықпал етуіне байланысты, ақпараттық соғыс қазіргі таңда идеологиялық, саяси, экономикалық текетірес барысында қолданылатын соғыстардың ең ықтималды түрі ретінде қабылданып отыр. Бұл жаңа мыңжылдықта ерекше сипатқа ие болып отырған соғыстың жаңа түрі. Ақпараттық соғысты мемлекеттер немесе әскери блоктар жүргізбейді, бұл соғысты қазіргі таңда ғаламдық құрылымдар жүргізіп отыр. Тұрмыстық, қоғамдық-саяси, энергетикалық, әскери-стратегиялық ақпараттар алынатын техникалық жүйелер маңызды өмірлік артерияларға айналып келеді. Түрлі желілік құрылымдар (байланыс құралдары, масс-медиа, трансұлттық корпорациялар, діни ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар) ортақ түрлі тектегі құрылымға айналып отыр.

Ақпараттық қоғам дәуірінде әлемнің геосаяси мәні толыққанды өзгеріске ұшырап отыр. Ақпараттану дәуірінің негізгі қайнар-көзі ретіндегі ақпараттар және ақпараттық технологиялар, дәстүрлі геосаяси акторларды ығыстыра отырып, алдыңғы шепке шықты. Ғаламдық ақпараттық-телекоммуникациялық желілердің пайда болуымен, құрлықтық және теңіз державаларының ашықтығы немесе оқшаулануы, қашықтық факторлары түгелдей өзгеріске түсті. Халықаралық сахнаға, трансұлттық провайдерлік корпорациялар геосаяси қатынастардың жаңа субъектілері ретінде еніп отыр.

Ақпараттық соғыстардың мақсаты – ғаламдық деңгейде ақпараттық құралдар, жаңа коммуникациялық технологиялар арқылы ғаламдық бақылау орнату. Ақпараттық соғыстар негізінен түрлі-түсті революцияларда кеңінен пайдаланылуда. Атап айтқанда Украинадағы толқу, 2011 жылы басталған «араб көктемінде» Египет, Тунис жастарын алаңға «Фейсбук» желісі арқылы жинақтау түрінде көрініс табуда.

Зерттеушілер қазіргі таңдағы «ақпараттық соғыстардың» төрт негізгі принциптерін айқындайды:

  • ақпараттар алмасу бойынша жетілген мүмкіндіктерге ие желілік күштерді құру;
  • түскен ақпараттардың сапасын арттыру арқылы жағдайға талдау жасау;
  • жағдайға бақылау жасау, тез арада шешім қабылдау;
  • жағдайға қатысты іс-әрекеттер жасау [7, 86 б.]. Ақпараттық қоғамдағы геосаяси бәсекелес­ тіктің жаңа жағдайларын және мазмұнын ай­ қындаушы ретінде  төмендегі көрсеткіштерді жатқызуға болады:
  1. Геосаяси кеңістік және геосаяси бәсекелес­ тік түсініктерінің кең мағынаға ие болуы – бұл ақпараттық басымдыққа жетуге, жетілген ақпараттық қорларға бақылау жасауға бағытталған геосаяси субъектілердің және олардың коалицияларының күресінің геосаяси бәекелестіктің негізгі бағытына айналуымен сипатталады.
  2. Стратегиялық маңызды қорларды ба­ ғалаудың өзгерістерге ұшырауы – ақпараттық ағымдарды, ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді, олардың инфрақұрылымдарын, ақпараттық қайнар көздерді, ақпаратты талдау-  ға бағытталған ғылыми-зерттеу орталықтарын қамтитын ақпараттық қоғамның ақпараттық қорлары, геосаяси бәсекелес субъектілерінің маңызды стратегиялық қорлары болып табылады. Сондықтан да оларға қол жетімділік үшін геосаяси күресте бір субъектілер келесі субьектілерден ерекшеленіп, артықшылықтарға ие болады. Ал бұл өз кезегінде қауіпсіздікке үлкен ықпалы бар күш ретінде танылады.
  1. Геосаяси күрестегі дәстүрлі одақтас­ тар және қарсыластарды таңдау және баға­ лаудың өзгеріске ұшырауы – ақпараттық қоғамда геосаяси күрестегі дәстүрлі одақтастар және қарсыластарды таңдау, дәстүрлі теңіздік және құрлықтық географиялық орналасудан тыс, ақпараттық қорлардың деңгейіне және деңгейдің ұлттық идеологиямен ұштасуына байланысты айқындалады.
  2. Геосаяси бәсекелестіктің жаңа субъекті­ лері (виртуалды коалициялар) – ғаламдық және аймақтық деңгейде іс-әрекет жасайтын, мемлекет және мемлекетаралық коалицияларды қамтитын дәстүрлі геосаяси субъектілерімен қатар, ақпараттық-психологиялық кеңістікте геосаяси күреске, мемлекеттерді, трансұлттық корпорацияларды, медиа-холдингтерді қамтитын виртуалды коалициялардың тартылуымен айқындалады.
  3. Геосаяси қатынастардағы ынтымақтас­ тық және қайшылықтардың әскери қақтығыс­ қа жол бермеуімен айқындалады [8, 152 б.].

Жалпы, ғаламдық ақпараттық кеңістіктің қатысушыларының негізгі алты тобы айрықшаланады:

  1. Мемлекет.
  2. Ірі бизнес.
  3. БАҚ саласындағы трансұлттық корпорациялар.
  4. Азаматтық институттар, коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдар.
  5. Әлеуметтік бағытталған бұқаралық ақпарат құралдары.
  6. Бұқаралық ақпарат құралдары [9, 33 б.]. Ақпараттық қорларды қолдану  геострате-

гиялық жоспарлаудың маңызды элементі болып табылатындығына қатысты, ғаламдық ақпараттық кеңістікте үстемдік жасау үшін күрес осы акторлар арасында, мемлекеттер арасында ақпараттық кеңістіктер арасында маңызды рөлге ие болып отыр. Ғаламдық ақпараттық кеңістіктегі геосаяси қайшылықтар төмендегідей қағидаттарға негізделеді:

  1. Ақпараттық және идеологиялық экспания.
  2. Әскери күш және экономикалық блокада қолдану қаупін жариялайтын ақпараттық экспансия.
  3. Геосаяси бәсекелестің ақпараттық күшінің үнемі сыннан өткізіліп отыруы.

Ақпараттық соғысты жүргізудің негізгі салалары төмендегілерді қамтиды:

  1. Саяси.
  2. Дипломатиялық.
  3. Қаржылық-экономикалық.
  4. Әскери.

Ақпараттық соғысты жүргізу барысында бұқаралық ақпарат құралдары, американдық Г. Ласуэлл айқындаған БАҚ төрт негізгі функцияларын атқарады:

  1. Ақпараттарды жинақтау және тарату.
  2. Жиналған ақпараттарға түсініктемелер беру.
  3. Ақпараттар негізінде қоғамдық пікірді қалыптастыру.
  4. Қолайлы мәдени стереотиптерді тарату.

Ақпараттық соғыстың негізгі белгілері:

  1. Мемлекеттік мүдделерге нұқсан келтіру мақсатындағы іс-әрекеттер.
  2. Құпия ақпараттық-психологиялық операциялар.
  3. Ақпараттық қаруды қолдану.

Ақпараттық қаруға төмендегілер кіреді:

  1. Компьютерлік вирустар.
  2. Логикалық бомбалар – әскери немесе азаматтық инфрақұрылымдардың ақпараттық-басқару орталықтарына енгізілетін бағдарламалық қондырғылар, оларды қажет кезеңде іске қосуға болады.
  3. Тестілік бағдарламалардың күшін жою.
  4. Нысанның бағдарламалық қамтамасыз ету тетіктеріне нысанды түрде енгізілетін қателіктер [9, 33 б.] .

Ақпараттық қоғамдағы күрес, саяси мәжбүрлеудің және саяси мақсаттарға қол жеткізудің бірден-бір құралы ретінде танылады, сонымен қатар ақпараттық соғыс арқылы геосаяси процестердің бағыты өзгеруі мүмкін.

Геосаяси қатынастардағы ақпараттық-психологиялық соғыстың негізгі нысандары төмендегідей түрде:

  1. Әлеуметтік қатынастар жүйесі.
  2. Саяси қатынастар жүйесі.
  3. Психологиялық қатынастар жүйесі. Геосаяси қатынастардың  негізгі субъектіле-

рінің ақпараттық соғыс жүргізу тәсілдерінің бағыты, мақсаты ортақ болғанымен, өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады:

Әлемдік геосаяси орталықтың біріне айналған Қытай Халық Республикасы ақпараттық соғыс жүргізу бойынша көшбасшы рөлге ие болып отыр. Қытайда алғаш рет ақпараттық соғыс терминін 1985 жылы ғалым Шэнь Вэйгуан қолданған [2, 215 б.] .

Ақпараттық соғыс жүргізу бойыша Қытайдың негізгі тәсілдері төмендегідей түрде:

  1. Теориялық тұрғыда үрей туғызу.
  2. Ақпараттық стратегиялардың бәсекелестігі.
  3. Әскери ақпараттандыруды арттыру.
  4. Экономикалық ақпараттық агрессия.
  5. Мәдени ақпараттық агрессия.

Қытайда ақпараттық қауіпсіздік шеңберінде түрлі әдіс-тәсілдер мен құралдардың көмегімен мемлекеттің ақпараттық ресурстарына, ақпараттық қауіпсіздік нысандарына қатер төндіруші сыртқы қауіптерден қорғану жүзеге асады. Мәселен, 2009 жылдан бастап «Facebook» желісіне қол жетімділік Қытайда ресми түрде тоқтатылған. Бұл жергілікті әлеуметтік желілерге бәсекелестік тұрғыдан тиімді. Қытайда сонымен қатар, батыстық БАҚ New York Times, Bloomberg, Washington Post, Тайваньдық БАҚ таратылуы тоқтатылған.

Америка Құрама Штаттарында «ақпараттық соғыс» терминін 1976 жылы Boeing компаниясына дайындаған «Қару жарақ жүйесі және ақпараттық соғыс» атты есебінде Томас Рон қолданған болатын. Т. Рон есебі жарияланғаннан кейін американдық әскерилер бұл бағытты кеңінен зерттеуді бастаған. Ал «ақпараттық тектірес» (Information Warfare) түсінігін, радиоэлектрондық күрес түрлері ретінде 1992 жылдан  бас-  тап АҚШ қорғаныс министрлігі кеңінен қолдана бастаған. 1991 жылғы Ирактағы «Даладағы дауыл» операциясынан кейін ақпараттық соғыс түсінігі, жаңа ақпараттық технологиялар аясындағы қарсыласқа бағытталған әскери күш ретінде қарастырылды. 1996 жылы американдық «Рэнд» корпорациясының есебінде (Strategic Information Warfare. A New Face of War) бұл термин әскеристратегиялық мәнде, ал кейіннен саяси астары бар ұғым ретінде қолданыла бастады.

1998 жылдың соңында АҚШ армиясы штабының басшыларының Комитеті ақпараттық операцияларды өткізу Доктринасын жариялады. Бұл құжатта бейбіт және соғыс жағдайларында ақпараттық операцияларды жүргізу көзделген. 1996 жылы АҚШ кибернетикалық соғыс жүргізу орталығы құрылды.

Ресей Федерациясында жүргізіліп отырған ақпараттық соғыс технологияларының бағыттары төмендегідей түрде айқындалады:

  1. Әскери уақытта мемлекеттік және әскери басқару инфрақұрылымдарына ықпал жасау.
  2. Ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелердің элементтеріне электромагниттік ықпал жасау.
  1. Байланыс желілері бойынша берілетін ақпараттық ағымдарды барлау арқылы алу.
  2. Хакерлік соғыстар түрін жүргізу [8, 281 б.]. Ресей Федерациясында «Ақпараттық талдау бюросы» құрылған. 1500 арнайы мамандарды қамтитын құрылымның құрамына «Электронды бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы»,«Баспасөз бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы», «Интернет басқармасы» сияқты салалар тартылған.

Сонымен мақаланы қорытындылай келе, төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:

  1. Ақпараттық соғыс – бұл бір топтардың екінші топтарға гуманитарлық үстемдік жүргізу мақсатында жасалатын тұтастай стратегия, ол ақпараттар арқылы санаға айла-шарғылар жасау арқылы жүргізіледі. Басты және жетекші рөлді бұл бағытта БАҚ, ақпараттық кеңістіктің субъектілері атқарады.
  2. Дәстүрлі геосаяси текетірес әдістері сияқты ақпараттық текетірестің мақсаты жаңа кеңістіктерді игеру болып табылады. Ол алдымен идеологиялық тұрғыда, кейіннен экономикалық, саяси тұрғыда жүргізіледі. Ақпараттық соғыс империялық ықпал жүргізудің жаңа буыны болып табылады. Ұлы географиялық ашылулар кезеңінен басталған отарлау саясатының түрлері, нысандары өзгергенімен оның мәні өзгеріске ұшыраған жоқ. Империализм  дәуіріндегі отаршыл компаниялардың орнын, ақпараттық соғыс кезеңінде трансұлттық корпорациялар, ақпараттық агенттіктер басып отыр.

Дәл қазіргі таңда Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігіне төнуші қауіп-қатерлердің ішінен, қандай да бір болмасын мемлекет тарапынан ішкі саяси жағдайларды ушықтыруды көздейтін бұрмаланған ақпараттың тартылуы, мемлекеттік маңызы бар ақпараттарды иемденуге тырысушылық, үшінші елдер тарапынан Қазақстан Республикасына қарсы жүргізілген радиоэлектронды күрес, рухани, мәдени  жә-  не идеологиялық экспансияның өрістеуі мен жас ұрпақтың сыртқы ақпараттық құралдарға деген тәуелділігінің артуы, батыстық мәдени экспансиясын, исламдық террористік топтардың бейне таспалары, деструктивті секталардың тарататын анықтамалық сипаттағы материалдарын, қоғамды азғындатуға бағытталған қатігездік, кісі өлтіру, қанішерлік, есірткі тарату т.б. сияқты мың санды ақпараттар ағыны жатқызылады.

Осы жағдайда Қазақстан Республикасы халықаралық ақпараттық кеңістіктегі өз орнын анықтап, осы бағыттағы саяси тетіктерін жетілдіруі қажет. Ақпараттық экспансияларға дер кезінде тосқауыл қоя отырып, халықтың сана-сезімін түрлі айла-шарғылардан қорғау елдің басты мақсаты болып табылады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 ж 14 желтоқсан.: URL: https:// «www.strategy2050. kz».
  2. Панарин И.Н. Информационная война и геополитика. – М.: Поколение, 2006. – 560 с.
  3. Михальченко И.А. Информационные войны и конфликты идеологий на рубеже XXI века // Безопасность информ. технологий. – 1998. – № 3. – С. 14–17.
  4. Губарев А.Б. Информационные войны как объект политологического исследования: автореф. дисс. … канд. политич. наук. – Уссурийск, 2005. – 170 с.; Соколова А.М. Информационные войны в условиях глобализации: социально-философский анализ: автореф. дисс. … канд. филос. наук. – Красноярск, – 174 с.; Фролов Д. Б. Информационное противоборство в сфере геополитических отношений: автореф. дисс. … д-ра полит. наук. – М., 2006. – 426 с.
  5. Keohane R.O., Nye J.S. Power and Interdependence in the Information Age.// Foreign Affairs. –1998. –№ 5 (77) URL: http://www.ksg.harvard.edu/prg/nye/power.pdf 02 11 2006 (Дата обращения 10.2015)
  6. Libicki М. What is Information Warfare//National Defense University. ACIS. P 3. 1995.
  7. Мурклинская Г. Геополитические шахматы. Искусство побеждать без войны. – Махачкала, 2008. – 236 с.
  8. Макаров В.Е. Политические и социальные аспекты информационной безопасности: монография. – Таганрог: Издль С.А. Ступин, 2015. – 349 с.
  9. Гуменский А.В. Управление международной информацией// Международные процессы. – 2010. – №1. – С. 31-43.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.