Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Меншікке қарсы қылмыстардың XXI ғасырдағы құқықтық жағдайының қарқынды дамуы

«Меншікке қарсы қылмыстар» тек Қазақстанда ғана емес сондай-ақ бүкіл әлемде өте жақсы дамыған қылмыстар болып табылады. Әсіресе біздің ХХІ ғасырда, ақпарат, технология және адаманың ой-санасы дамыған кезінде бұл қылмыстардың орындау тәсілдерінің көптеген қулық түрлері пайда бола бастады. Соған қоса әлемдік дағдарыстың барлық капиталистік елдердің экономикалық және әлеуметтік жағдайының құлдырауы қылмыскерлерге одан да қатты себеп туғызып отыр. Меншiкке қарсы қылмыстар, оның iшiнде тонау қылмысы, оны өзiне ұқсас басқа қылмыстардан ажыратып дәрежелеу құқық қорғау қызметкерлерiнiң басты мiндетi болып саналады.

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқықтық принципiнiң бiрi жауаптылықтан құтылмайтын принцип. Бұл принцип бойынша әрбiр кез келген адам лауазымдық түрде жауапты болады. Сондай-ақ, осы принциптiң жүзеге асырылуы құқық қорғау және құқық қолдану органдарына мiндет жүктейдi. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан кейін, барлық егеменді мемлекеттің, я оның халқының өмірін құрайтын құқықтық жүйесін түбірімен қайта құру қажеттілік туындайды. Бұл бағытта біраз іс жасалды: көптеген заңдар мен үкімдер жобаланды және ендірілді. Бұл заңдар мен актілер республиканың алғы қатарлы құқықтанушы ғалымдар мен тәжірибелі заңгерлер терең талқыланды, ал олардың ішінде маңыздысы, мысалы, Негізгі Заң – Қазақстан Республикасын Конституциясы бүкілхалықтық республикалық референдумда қолдау тапты. Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-бабында «Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады». Конституцияның 26 бабында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншікте ұстай алады делінген.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 235-бабына сәйкес, заңды түрде алған мүлік болып – ол мүлікті дайындаған, жасаған, сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлікті иеліктен айыру туралы өзге мәміленің негізінде, мұрагерлікке алу жолымен иеленген мүлік болып есептеледі.

Қазақстан халқы өз алдына тарихи мақсат ретінде – құқықтық мемлекет құруды қойды. Мұндай құқықтық мемлекет құру үшін, қоғам өмірін гуманизациялау және демократизациялауға, жынысына қарай, ұлтына, қоғамдағы мүліктік жағдайына, әлеуметтік жағдайына, беделіне қарай төмендетудің кез-келген нысанын жоюға бағытталған жаңа құқықтық жүйе құру қажет болды.

Біздің мемлекетімізде жеке меншік пен мемлекеттік меншік тең дәрежеде танылады және қорғалады. Жеке меншік  құқығы  заң-  мен қорғалады. Әркімнің меншігіндегі мүлікті иеленуіне, пайдалануына және оған билік етуіне құқығы бар. Ешкімді де өз мүлкінен сот шешімімен болмаса, айыруға болмайды. Меншікке қарсы қылмыстар деп иелік ету құқығын бұзумен, меншік иесіне басқа да тәсілдермен мүліктік зиян келтірумен немесе осындай зиян тигізуге қауіп-қатер жасаумен байланысты әрекетті айтады. Қолданыстағы заңдарда қарастырылған меншікке қарсы қылмыстардың түрлері әрекетті жасау ниеті мен тәсілдері арқылы ерекшеленеді. Пайдакүнемдік ниеттің бар немесе жоқтығына байланысты барлық қылмыстар пайдакүнемдік және пайдакүнемдік емес деп екіге бөлінеді. Өз кезегінде пайдакүнемдік қылмыстар екі топқа бөлінеді: бөтеннің мүлкін ұрлау және меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік қылмыстар. Ұрлықтың мынадай нысандары бар: ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету. Меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік мақсаттағы қылмыстардың тобына қорқытып алушылық, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу, сондай-ақ автокөлікті немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау, мақсатсыз, заңсыз иелену кіреді. Пайдакүнемдік мақсатынсыз жасалған меншікке қарсы қылмыстарға мыналар жатқызылады: жерге қатысты мүліктік құқықтарды бұзу, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру.

Адамның құқықтары мен бостандықтары жүйесінде меншікке құқықтың алатын орны ерекше, себебі ол адамның жеке басының сәттілігін сипаттайтын көрсеткіш. Бұл құқықтар экономикалық қатынастарды реттейді, сондықтан да олардың атқаратын міндеті көп.

Бұл қылмыс туралы мәселені қарастырар алдында, «меншік құқығы дегеніміз не?» деген сұрақ туындайды. ҚР Азаматтық кодексінің 188-бабының 1 тармағында  көрсетілгендей:

«Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттар арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы». Ал меншікке қарсы қылмыстар осы заңнамамен белгіленген құқығымызға қол сұғады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы ең көп тараған қылмыстардың бірі – меншікке қарсы қылмыстар болып табылады. Сондықтан бұл қылмыстармен күресу, оның алдын алу мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар бүкіл қоғамның міндеті болып табылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміндегі қылмыстарға теориялық талдау берілген. Ерекше бөлім қылмыстың нақты құрамына қолданатын қылмыстық-құқықтық ұғымдармен, Жалпы бөлімнің санаттарымен тығыз байланысты қылмыстардың тізімін  ұсынады.  Меншікке  қарсы  қылмыстар– адамның құқықтары мен бостандықтары жүйесінде меншікке құқықтың алатын орны ерекше, себебі ол адамның жеке басының сәттілігін сипаттайтын көрсеткіш. Бұл құқықтар экономикалық қатынастарды реттейді, сондықтан да олардың атқаратын міндеті көп. Меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Меншікке қарсы қылмыстарды кейде мүліктік қылмыстар деп те атайды. Қылмыстың объектісін дұрыс анықтаудың маңызы зор. Меншікке қарсы жасалған әрбір ұрлық және басқа да қылмыс қоғамға қауіпті, себебі ол көрсетілген қатынастарды бұзады. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің «Меншікке қарсы қылмыстар» тарауында бекітілген баптардың диспозицияларының мазмұны бұл қарастырылып отырған қылмыстардың тікелей объектісі бөтеннің меншігі екендігін көрсетеді. Меншікке қарсы жасалған кейбір қылмыстарда құрамының объективтік жағының міндетті түрдегі элементі қылмыс жасаудың тәсілі болып табылады. Қылмыстарды дұрыс саралау үшін қылмыс ұғымы, қылмыс объектісі мен көздеп отырған заты анықталады. Меншікке қарсы қылмыстың субъектісі заңда белгіленген жасқа жеткен, есі дұрыс адам бола алады. Осы тақырыпты игеруде қылмыстың берілген құрамының бір-біріне жақын қылмыстармен ұқсастығын табуға мүмкіндік беретін белгілерін аша білуге, табылған белгілер бойынша оны жақын құрамдардан дұрыс ажырата былу керек. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің «меншікке карсы қылмыстар» тарауын толық жеткілікті түрде игеруге мүмкіндік береді [1].

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, «соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен  айыруға  болмайды.  Меншік субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi» деп көрсетiлген, яғни ата заңымызда азаматтардан және мемлекеттiк меншiгi қылмыстық қол сұғушылықтан заңмен қорғалатыны анықталған [2].

Қазіргі кезде, тепсе темір үзетін тұлғалардың жұмыс істемей ұрлыққа баруына не себеп болды деген сұраққа жұмыссыздық десеңіз, қазіргі уақытта қаншама кіші және орта деңгейдегі кәсіпкерлердің жұмыс орнымен қамтамасыз етуі мемлекетімізде өте көп, жергілікті әкімшілік жағынан «жол картасы» тағы басқа да шаралар арқылы жеке тұлғаларды жұмысқа баулау жыл сайын жүргізіліп отырса, сонда осы тұлғалардың осындай жолға түсу себебі неде деген сұраққа ең алдымен адамның ізгі қасиетінде екендігіне ой тастайсың.

Егер адамның ізгі қасиеті сақталып, жоғалмаса орта оған әсер ете алмайтыны анық, оған өзі ұмтылып, талпынса ғана оның бойындағы ізгі қасиет оянып нәтиже берері сөзсіз. Дұрыс тәрбиеленген адам қарапайым еліктегеннен саналы тәртіпке көшеді, мақсатты әрекетпен айналысуға, сыртқы жағдайлар мен шарттарға белсенді әсер етуге, оларды дұрыс бағалап, нақты әрекет жасауға және оларға тәуелді болмауға мүмкіндік алады.

Ұрлық жасап олжаға батамын деп жүріп, қолға түсіп, сотталған қылмыскерлердің «Ұрлық түбі – қорлық» деген халық даналығының ақиқаттығына ой тастап, ақыл тоқтатар деген ойдамын.

Сот тәжірибесінің материалдары көрсеткендей, меншікке қарсы қылмыстар Қазақстан Республикасында тіркелетін қылмыстардың басым көпшілігін құрайды. Пайдакүнемдік қылмыстылық көбейген қазіргі жағдайда меншіктің құқықтық қорғалуы ерекше мағынаға ие болып отыр. Меншікке қарсы шағын қылмыстар көп таралған, олар жиі жасалады және көптеген тұлғалардың мүдделеріне шек қояды. Сонымен қатар, сирек жасалғанымен де, адамдардың жеке басына ғана емес, сондай-ақ денсаулығына, дербес құқықтылығына, қоғамдық қауіпсіздікке қастандық келтіретін ең қауіпті қылмыстар қоғамға ең көп зиян келтіреді.

Социалистік меншік мемлекеттің экономикасының негізі ретінде қорғауға бағытталған Кеңестік қылмыстық заңнамасында меншік түріне қарай мүліктік қылмыстар үшін әр жақты жауапкершілік белгіленгеннен бері көп уақыт өткен жоқ.

Құқықтық саясат ішінде қылмыстылықпен күресу саясатының маңызы зор, өйткені ол құқық бұзушылықтардың, әсіресе меншікке қарсы қылмыстылығымен күресу қызметімен тікелей байланысты. Қылмыстық саясатты жүзеге асыру барысында меншікке қарсы қылмыстылығымен күресуді тиімді ұйымдастыру, оның ішіндегі бұзылған мүліктік құқықты қамтамасыз ету мәселелері қазіргі Қазақстанның ең маңызды деген стратегиялық бағытын құрайды. Өйткені, меншік бүгінгі таңдағы әлеуметтік дамуды анықтайтын негізгі фактор болып табылады.

Қылмыстылықтан сақтандыруды ұйымдастыру жүйесінде елімізде біршама түбегейлі оң өзгерістер байқалады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев бастаған құқық қорғау органдарының жүйесін реформалау, қылмыстық құқық саласын ізгілендіру, қылмыстылықпен күресуде мүліктік құқықты жоғары дәрежеде қорғау алдыңғы орынға қойылды.

Құқық қорғау органдарының күнделікті қызметінде криминологиялық мониторингті талдай білу де қылмыстылықтан сақтандыру жүйесінің жұмысының тиімді қызмет етуіне оң әсері сөзсіз. Мүлікті алудың қасақана сипаты кез-келген бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің тек тікелей ниетпен ғана жасалуы мүмкін екендігін білдіреді. Бұл жағдайда кінәлі мүлікті заңсыз алып отырғанын түсінеді, онымен иеленушіге немесе мүліктің иесіне мүліктік зиян келтірілетінін біледі және мақсаты пайдакүнемдік  болғандықтан сол зиянды келтіргісі келеді.

Пайдакүнемдік мақсат деп мүлікті заңсыз қайтарымсыз алуға мүдделі болуды айтады. Пайдакүнемдіктің өзі пайданы, олжаны білдіреді. Дальдің сөздігінде пайдакүнемдікке: «тегін табысқа, олжаға құмарлық; ақшаға, байлыққа ашкөздік, тойымсыздық, алыпсатарлыққа үйірлік; пайда, олжа, түсім» деген анықтама берілген.

Заң әдебиеттерінде пайдакүнемдік міндетті түрде мүліктік пайданы келтіруі тиіс емес деген пайымдаулар кездеседі. Пайдакүнемдік мақсат жымқырып отырған тұлғаға пайда әкелуі тиіс. Мұндай пайда мүліктік те, басқа да мүддеде болуы мүмкін. Осының негізінде бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсірудің міндетті белгілерінен «пайдакүнемдікті» шегеріп тастау туралы ұсыныстар енгізіледі. Алайда бүгінде мұндай пайымдаулар қажетсіз болып қалды. Олар заңға сәйкес емес. ҚК-тің алтыншы тарауының 189 бабында аталған ескертпесінде бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсіруді – бұл бөтен мүлікті пайдакүнемдік мақсатпен заңсыз қайтарымсыз алып қою және айналдыру деп анық айтылған.

Мүлікті өз пайдасына немесе өзгенің пайдасына алу және айналдыру  –  белгілері өзара тығыз байланысты және бір-бірін толықтырып отырады. «Мүлікті алу» және «айналдыру» түсініктерінің ұғым ретінде бір-бірінен мазмұны жағынан айырмашылықтары бар. Олар кінәлінің қалыптасқан әлеуметтік байланысты – меншік қатынастарын бұза отырып, басқа тұлғаның мүліктік аясынан материалдық құндылықтарды заңсыз алатынын және бөтен мүлік иелігін бұзып немесе иелігіндегі мүлікті өз меншігіне айналдыру. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігі мен дербестігін алғаннан кейін, нақты осындай құқықтық жүйе құрыла бастады. Қазақстан Республикасының бірнеше жыл дербес өмір сүру кезінде халық өмірінің көптеген жақтарын жақсартуға бағыттылған заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер орасан зор мөлшерде қабылданды. Осы мезгіл ішінде заң шығару процесі үлкен жылдамдықпен жүрді.

Заң адамның өмірін және денсаулығын, оның бостандығын, ар-намысы мен абыройын оның табиғи құқықтарына қол сұғушыдан қорғауға міндетті. Сондықтан, барлық адамдар оларды қорғайтын құқықтарды білуге  міндетті. Заңдарды мұқият зерттеу бізге Қазақстанда қандай мемлекет құрылып жатқанын, азаматтар қандай құқықтар мен бостандықтар бар екендігін, сондай-ақ егер де олардың құқықтар мен бостандықтарын лауазымды тұлғалармен, басқа азаматтармен бұзылған жағдайда олардың заңды мүдделерін кімдер қорғайды.

Бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсіру заты ретінде бөтен мүлік ұрланған мүліктің өзге адамға тиесілі екендігін білдіреді. Ол ұрлаушы үшін бөтен болып табылады. Ұрлаушының ол мүлікті иеленуге шамаланған да, нақты да меншік құқығы немесе заңды иелену құқығы жоқ. Басқаша айтқанда, бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсіру заты болу үшін мүлік қастандық жасаған сәтте ұрлаушыдан басқа тұлғаның меншігінде немесе заңды иелігінде болуы тиіс. Әрекет жасалған сәтте ұрлық жасап отырған тұлғаның меншігінде немесе заңды иелігінде болған мүлік бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсіру заты болуы мүмкін емес. Оның үстіне, аталған тұлға ұрланған мүлікке меншік құқығы жоқ екендігін ескеріп немесе заңды иелену құқығы негізінде өзінікі еместігін біле тұра әрекет жасайды [3].

Соңғы белгісі – мүліктік меншігіне материалдық зиян келтіру. Мүліктің өтеусіз алынып отыруының өзі иеленушіге немесе басқа тұлғаға (мысалы, мүліктің иеленушісіне) мүліктік зиян келтіріліп отырғанын білдіреді. Қылмыстық-құқықтық ғылымда бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсіру кезінде «қылмыскер алған мүліктің құны», яғни нақты (оң) зиян материалдық зиян болып табылады деген пікір басым болып отыр. Бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсіру кезіндегі зиянның мазмұнына аңғарылмай қалған пайда кірмейді. Оның себебі, бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсіру кезінде мүлік иеленушінің немесе заңды иеленушінің қолма-қол қорларынан алынатынында. Иеленуші өзінің қолмақол мүлкінің белгілі-бір үлесінен (сомасынан) айырылады, ал ұрлаушы сондай сомаға бөтен мүлікті заңсыз иеленеді.

Осы «Меншікке қарсы қылмыстар» тақырыбына мақаланы жаза отырып, бірнеше мағлұматтар мен меншікке қарсы қылмыстардың түсінігін, түрлерін игердім. Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы түсінігі және түрлері Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылыды және қорғалады. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді. Меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқықтық нормамен, сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады. Меншікке қарсы қылмыс мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіру қаупін тудырумен байланысты Қылмыстық кодексте көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе абайсыздық іс-әрекеттерді айтамыз. Бұл тарауда  меншікке  қарсы  қылмыстардың  заты болып – азаматтық құқық бойынша меншік объектісі деп танылған кез келген бұйымдар мен мүліктер танылады. Меншікке қарсы қылмыстардың объективті жағынан кінәлі адамның бөтеннің мүлкін өзінің немесе басқа адамның пайдасына заңсыз тегін айналдыру үшін құқыққа қайшы түрде алып қоюы арқылы сипатталады. Ал субъективтік жағынан міндетті белгілеріне – пайдакүнемдік ниет және мақсат жатады. Меншікке қарсы қылмыстар іс-әрекетінің істелу тәсіліне және қылмыстық ниетке қарай меншікке карсы қылмыстардың пайдакүнемдік және пайдакүнемдік емес болып бөлінеді. Осы мақаланы қортындылай келе Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жетінші тарауында «Меншікке қарсы қылмыстар» туралы түсініктің мағынасын анық берілген.

Жалпы қылмыстық кодекстің нормалары халықаралық стандарттарға сай болса да біздің елдің негізгі проблемалардың бірі ол бізідің  құқықбұзушылықпен айналысатын адамдардың дайын еместігі болып табылады. Біріншіден қылмыстардың жасалу жолдары олармен күресу жолдарынан қарағанда өте жақсы  қарқынды дамуда. Екіншіден, елдің нормалары қандай жақсы жазылған болса да оларға қатаңдықтың жетіспеушілігі анық көрінеді, сол үшін қылмыскерлерге келтірілетін жазасы қатаң болса басқа адамдарға өте керемет сабақ болады. Үшіншіден әрқашанда елдің халқымен заңдарды және оларды бұзғаны үшін келтірілетін жазасын мектеп кезінен түсіндірсе, сол кезден бастап біздің елімізде жаңа тәрбиелі ұрпақ әртүрлі қылмыстарды тоқтата алады. Бірақ оны жүзеге асыру үшін қазірден бастап ол өзгерістерді енгізіп, өте көп жұмыс жасау керек.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының «Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып, басқа қылмыстар жасағаны үшiн жауапкершiлiк туралы заңнаманы қолдануының кейбiр мәселелерi туралы» 21 маусым 2001 жылғы № 2 нормативтiк қаулысы. – Астана, 2001. – 5 б.
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – 1995 жыл, 30 тамыз (өзгертулер мен толықтырулармен). http:// www.akorda.kz/kz/official_documents/constitution
  3. Жукенов А.Т. Квалификация хищений: Теория и судебная практика. – Алматы: «Норма-К» 2008. – 261 с.
  4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. – Алматы: «Жеті-жарғы», 2010. – 520 б.
  5. Меншіке қарсы қылмыстар құжат http://kontrosha.net/1546958591330063877.html
  6. Миндагулов А.Х.Уголовная политика и право в сфере предупреждения преступности. Монография. – Алматы: Московский центр правовых исследований, 2009-10.
  7. Қазақстан Республикасы Конституциясы http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1300001009
  8. Меншікке қарсы қылмыстар анықтама,https://kk.wikipedia.org/wiki/%D

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.