Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Әлемдік экономика дамуының заманауи үрдістері

Соңғы жылдары әлемдік экономика өте тез жылдамдықпен өзгерді. Әлем елдері дамуының біркелкі болмауынан әлемдік экономикада түбегейлі өзгерістер орын алды. Соның арқасында әлемдік экономика, бір жағынан, өзінің симметриялық қалпын өзгертіп, көпполярлы болды, келесі жағынан, ол тепе-теңсіздік жағдайына түсті.

Жаһандану үдерісі елдерге экономикалық дамуына мүмкіндіктер берумен қатар, көптеген қиыншылықтар туындатты. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев осы мәселе бойынша айтқан идеясын еске түсіре кетсек: «жаһандану қазіргі әлемге әлсіздік әкелді. Лаңкестік, ақпараттық соғыстар, экологиялық апаттар да шекарадан өтіп, бүкіл адамзатқа жаһандық қауіп төндірді. Әлемде әлеуметтік-экономикалық даму тепе-теңсіздігі күшейді. Жаһанданудың жағымды әсерлерін әлемнің өте дамыған елдерінің азғантай топтары ғана сезінді» [1].

Сондықтан, алдыңғы қатарлы елдердің құрамына кіру немесе периферия рөлін ойнау проблемасы Қазақстан үшін өзекті болып табылады.

Экономикалық әдебиетте осы проблемаға қатысты көптеген ғылыми еңбектер зерттелді. Дегенмен, оның ауқымының кең болуынан, ол әлі де болса түрлі талдауларды қажет етеді. ХХ ғасырдың 60-80 жылдары бұл проблеманы көптеген халықаралық ұйымдар, социал-демократиялық партиялар мен олардың теоретиктері, дамушы елдердің ғалымдары зерттеді. Ал қазіргі уақытта оның жеке аспектілерін жаһандану үдерісімен және оның салдарымен байланыстырады. Әсіресе, осы бағытта антиглобалистердің зерттеулері ерекше көңіл аудартады.

Қазіргі әлемдік экономика асимметриялық, тепе-тең емес дамумен сипатталады. Тепе-теңсіздік диахрондық және синхроникалық аспектілерде қарастырылады. Ол барлық әлеуметтік-экономикалық жүйелерден тұратын өндірістің кезеңдік дағдарыстары мен құлдырауларында көрініс тауып, тарихи үдерістің өте маңызды ерекшелігі болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық жүйелердің арасындағы экономикалық тепетеңсіздік тауарлар, еңбек, капитал және ақпарат нарықтарының даму дәрежесіне, еңбек бөлінісінің тереңдігіне және әлемдік экономикаға араласуына, халықты әлеуметтік қорғау деңгейі мен нысандарына байланысты [2].


Жалпы айтқанда, әлем елдерінің, сонымен қатар жеке мемлекеттердің даму тепе-теңсізді-  гі әлемдік экономиканың бір ерекшелігі болып табылады. Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі тепе-теңсіздік экономикалық мүмкіндіктері мен әлемдік аренадағы орындарының әртүрлі болуынан туындайды.

Солардың ішінде экономикалық теориядағы ең көрнекті тұжырымдамаларды қарастырайық.

Канадалық ғалым А. Бэттлер қазіргі жаһанданушы әлемді экономикалық даму деңгейі бойынша үш «әлемге» бөледі [3]. Ол әрбір үш әлемге келесідей сипаттамалар береді (1-кесте).

1-кесте – А.Бэттлердің үш «әлемі»  

 Дегенмен, жаһандану жағдайында экономикалық даму тепе-теңсіздігі салыстырмалы түрде қарапайым сызбаларда көрсетуге  келмейтін күрделі нысандарға ие болды. Халықаралық жүйелердің даму динамикасын тек жан-жақты зерттеулермен ғана сипаттауға болады. Мұндай мүмкіндікті геоэкономикалық әдіс ұсынады. Оның маңызды аспектілерінің бірі поляризация түсінігі болып табылады. Поляризация экономикалық даму тепе-теңсіздігінің экономикалық және кеңістіктік түсінігіндегі жаңа жағдайын көрсетеді. Бұл түсінік экономикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылып жүр.

Поляризация  көрнекі  түрде  экономика-  лық   полюстердің   қалыптасуынан   көрінеді. А. Бэттлер полюске келесідей анықтама  береді:

«Геоэкономикалық кеңістікте жаһандық  немесе аумақтық полюс – бұл артынан келе жатқан басқа субъектінің экономикалық потенциалынан минимум 2 есе басым болатын экономикалық қуаты бар субъект. Осыдан экономикалық потенциал қуаттың синонимі болып табылмайтындығы анықталады. Дәл осы қуаттың болуы полюсті туындатады» [3].

Оның пікірі бойынша, аумақтық полюстер келесідей:

  • Латын Америкасында Бразилия (артында келе жатқан Мексиканы 2 есеге басып озады);
  • Африкада ОАР (одан кейін нигерия келе жатыр);
  • Таяу және Орталық Шығыста Түркия (одан кейін Иран);
  • Шығыс Азияда Жапония (оның артында ҚХР);
  • Шығыс Еуропада Ресей (оның артында Польша) [3].

Жаһандық полюс болып артынан келе жатқан Жапонияны басып озатын АҚШ есептеледі. Осылайша, Бэттлер күш орталығы және полюс түсініктерін ажыратады. Осы күш орталықтарын және полюсті қолдану белгілі бір мемлекеттің әлемдегі орнын немесе рөлін, оның сыртқы саясатының мүмкін болатын  нәтижелерін анықтауға мүмкіндік береді.

Жалпы айтқанда, экономикалық даму тепетеңсіздігі проблемасы жаңа бағытта, яғни периферия, экономикалық қуат, полюс түсініктері тұрғысынан талданды.

Жоғарыда аталғандар ғалымдардан басқа, экономикалық даму тепе-теңсіздігі проблемасын зерттеуге қазіргі антиглобалистер де өз үлестерін  қосты.  Олардың  экономикалық  даму тепе-теңсіздігін жаһанданудың салдары ретінде қарастыруы көңіл аударуға тұрарлық, өйткені олар жаһандану табиғатын жан-жақты талдай келе, бұл баламасы жоқ үдеріс екендігін көрсетеді. Олардың қимылдардың негізгі мақсаты: жаһанданудың салдарына қарсы күрес және әлемді құрудың балама тұжырымдамасын ұсыну болып табылады.

Жаһандану үдерісінің артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар. Артықшылықтары ретінде халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі және өндіріс тиімділігінің артуы сияқты маңызды нәтижелерді айтуға болады.

Дегенмен, барлық антиглобалистер, көбі-  не, елдердің экономикалық даму деңгейлерінің тепе-теңсіздігін арттыратын жаһанданудың жағымсыз салдарын сипаттайды. Осылайша, антиглобалистер жаһандану үдерісі әлем елдеріне жағымсыз әсер етіп, экономикалық даму тепетеңсіздігінің одан әрі өрістеуіне алып келеді деп есептейді.

Жаһанданудың маңызды жағымсыз себепсалдарының бірі – дамыған және дамушы елдер арасындағы әлеуметтік-экономикалық алшақтықтың одан сайын артуы. Яғни, жаһандану көптеген дамушы елдердің әлемдік экономикалық жүйеде өздеріне тиесілі орындарын алу мүмкіндігінен айырады.

Осылайша, антиглобалистер экономикалық даму тепе-теңсіздігін жаһанданумен тығыз байланыстырып, оны түсінуге айтарлықтай зор үлес қосты. Дегенмен, олар сияқты әлемде туындап жатқан проблемалар тек жаһандану үдерісінен орын алып отыр деп есептеу қате. Себебі, жаһандану барлық елдерге бірдей мүмкіндіктер береді, алайда, кейбір мемлекеттер ол мүмкіндікті дұрыс қолдана алмауынан экономикалық даму тепе-теңсіздігін одан әрі күшейтеді.

Қазіргі әлемдік экономикада экономикалық дамудың капиталдан басқа тепе-теңсіздікпен байланысты халықаралық фактор ғылыми-техникалық прогресс болып табылады. Әлемдік өркениет ХІХ ғ. соңында техногендік даму жолына түсті, ал жаһандану үдерісінің тереңдеуінен оның әсері одан әрі күшейді.

Ресейлік саясаттанушы Н. Косолаповтың айтуы бойынша, «мұндай бағыт бастапқыда әлемдік шаруашылық шеңберінде де, жеке елдер шеңберінде де индустриалды даму орталықтары мен артқа қалушы перифериялардың пайда болуына және әлемдік шаруашылықтың иерархиялық құрылымына әкелді. Бір елдер мен аумақтар индустриализация жарысында артықшылыққа ие болса, ал басқалар, мұндай артықшылыққа  ие болмай, минералды және аграрлы өнімдердің тасымалдаушылары болды. Әлемдік дамудың техногендік моделінде периферия бағынышты орынды алады. Периферия бұл жағдайды капитализмнің барлық алдыңғы эволюциясының ең жоғарғы материалды нәтижесі ретінде техносфера дамуының индустриалды түріне қосылу арқылы ғана өзгерте алмақ» [4].

Техносферада мемлекеттердің орналасуына байланысты олардың иерархиясы құрылды. Техносфераның орталығында – жоғары дамыған елдердің бірнеше топтары қызмет етеді: біріншіден, елдер – шикізат пен энергия ресурстары көздері; екіншіден – кең сыйымды өткізу нарығына ие елдер. Тағы бір елдер тобы жетекшілермен   қарама-қайшы   қатынастарда  орналасады бұл елдер – техносфераға кіруге үміткерлер. Олар, бір жағынан, негізгі орталықтармен бірге қызмет істейді, басқа жағынан, өздерінің артықшылығы арқылы олармен бәсекелестікке түседі (мысалы, Үндістан). Соңында өздерінің артта қалуына немесе саяси мотивіне байланысы техносфера қызметіне қатыспайтын елдер тұрады (мысалы, КХДР).

Айта кететін жайт, экономикалық даму тепе-теңсіздігін талдау кезінде техникалық прогреспен байланысты тағы бір үрдіс байқалды: тепе-теңсіздік толқын тәрізді сипатта жүрді. «Бірінші толқынның» «жаңа индустриалды елдері» (ЖИЕ) – Гонконг, Сингапур, Тайвань, Корея Республикасы өндірістің техногендік дамуына біртіндеп өтіп, әлемдік шаруашылықта олардың биігіне ие болатын «екінші толқынның» ЖИЕ (Малайзия, Тайланд, Индонезия және т.б.) үшін орын босатады. Осы уақытта «үшінші толқынның» ЖИЕ (Туркия, Тунис, Пәкістан, Вьетнам және т.б.) қалыптаса бастайды.

Жаһандану үдерісі техносферадан шынында пайда таба алатын дамушы елдерді (Мексика, Чили, Оңтүстік Корея, Пәкістан, Сингапур, Тайвань) ғана өзіне қосуда. Ал басқа дамушы елдерге келсек, олар айтарлықтай аз дәрежеде жанама түрде (егер қатысса) жаһандану үдерісіне қатысады. Бұдан басқа, жаһандану салдары көптеген дамушы, әсіресе, африкалық-азиялық аумақтағы елдердің одан ары жетілуіне және әлеуметтік өзгерістеріне үлкен қауіп төндіреді.

Осылайша, елдердің дәл осы техносфераға қатысуы немесе қатыспауы оның даму деңгейін, әлемдік экономикадағы орнын анықтап береді. Яғни, техносфера иерархиясында қандай орынды иеленсе, сәйкесінше әлемдік экономикада да сол орында тұрады.

Танымал экономист Дж. Сакстың айтуынша, қазіргі жаһандық әлемнің ең маңызды ерекшеліктерінің бірі – оның терең  «технологиялық бөлінуі». Әлем халқының тек 15% ғана өмір сүретін өте дамыған елдер қалған әлемнің барлығына жуығын қазіргі заманғы технологиялармен қамтамасыз етеді. Ғаламшар халқының жартысы шоғырланған елдердің екінші тобы өздерінің өндіріс пен тұтыну жүйелеріне осы технологияларды енгізеді. Ғаламшардың жуықтап алғанда үштен бір бөлігін алатын әлемнің қалған бөлігі технологиялық ажыраған болып табылады: ол өзі қазіргі заманғы технологияларды өндірмейді және шетелдік технологияларды баяу енгізеді [5].

Осылайша, әлемдік шаруашылық дамуының индустриалды дамуы экономикалық даму тепе-теңсіздігін туындатып, оның маңызды себебі болып табылады, әлемдік экономика дамуының орталық-перифериялық сипатын тудырады.

Жаһандану үдерісінің шығындары мен ұтыстары қатысушылар арасында тепе-тең бөлінбеген. Бір полюстің өнімділікті арттыруы, шығынды қысқартуы, пайдаларды өсіруі және тұрмыс жағдайды жақсартуы басқа полюсте белгісіздіктің, тәуекелділіктің, тепе-теңсіздік пен кедейшіліктің арттыру арқылы орын алмақ.

Егер бұл проблемаға елдер деңгейінде қарасақ, онда зор басымдылықты бай елдер алады. Жаһанданудан түскен игіліктерді әділ бөлмеу аймақтық, ұлттық және халықаралық деңгейде шиеленістер туындатуы мүмкін.

Шиеленістер кедей елдер бай елдерге қарағанда өте жоғары қарқынмен дамыған кезде ғана шешілмек. Жылдам өсу Оңтүстік-Шығыс Азияның жаңа индустриалды елдеріне тән. Дегенмен, олардың жаһанданудан алатын пайдасы аз.

Көптеген елдер үшін табыстарды  теңесті-  ру емес, олардың поляризациясы маңызды. Бұл үдерісте тез дамыған елдер бай мемлекеттер құрамына кіреді, ал кедей елдер, керісінше, одан сайын артта қала береді.

Егер жаһандану артықшылықтарын бөлу тепе-теңсіздігі проблемасын салалық аспектіде қарасақ, онда қысқа мерзімді келешекте өңдеуші өнеркәсіптегі, қызметтер саласындағы өзгерістер сыртқы саудадан пайда алатын және экспортпен байланысты салалар капиталдың үлкен ағынына және білікті жұмыс күшіне ие болатындығын көрсетті, ал басқа салалар болса, нарықтың тым ашықтығынан өздерінің бәсекелестік артықшылықтарын жоғалтып, жаһандық үдерісте жеңіліске ұшырайды.

Осылайша, жаһандану – өздігінен әлемдік экономика және оны құраушы ұлттық шаруашылықтар үшін қауіпті болып табылмайтын халықаралық экономикалық өмірдің  объективті үдерісі. Бұдан басқа, мұнда жеке мемлекет шеше алмайтын жаһандық проблемалар шешілуі мүмкін.

Біз мұнда жаһандануды теріске шығаруға емес, оның қазіргі нысанының қаншалықты әділ екендігін анықтауға ұмтылдық. Жаһанданудың қазіргі кезеңінің негізінде, түптеп келгенде, экономикалық мүдделер жатыр. Батыс қауымдастығы әлі де өзінің ұлттық мүдделерін қорғау позициясы тұрғысынан ғана әрекет етуде.

Сондықтан, көпполярлы әлемнің баламалы тұжырымдамасы қажет. Бұл жағдайда барлық ұлттық шаруашылықтар дамуының негізгі көзі шикізат пен отынды, т.б. алу мақсатында нашар дамыған елдермен эквивалентті емес айырбас жасамай, ақпараттық технологияларға негізделген тауарлар мен қызметтер өндіру қажет.

Осылайша, барлық ғалымдар жаһандануды әртүрлі аспектіде қарастыра отырып, жаһанданумен байланысты қайшылықтардан және экономикалық жаһандануға бағытталған объективті үрдістен де қашып құтыла алмайтынымызды мойындайды.

Әлемдік аренада белгілі бір интеграциялық топқа бірікпеген бірде-бір мемлекетті кездестіру мүмкін емес. Сонымен қатар, қазіргі кезде мемлекет жеке өзі емес, белгілі бір топтың құрамында болып араласуы көптеп белең алуда. Бірақ, интеграция үрдісінің сипаты қандай екені пікір-талас туындатады. Соған байланысты қазіргі әлемдік экономиканы келесідей 3 негізгі үрдіспен сипаттауға болады.

Жаңа конвергенция әлемдік экономика дамуының бірінші үрдісі болып табылады. Нобель сыйлығының лауреаты, даму мәселелерімен айналысқан Артур Льюис: «Соңғы жүз жылда дамушы елдердегі өндіріс көлемінің өсу қарқыны әлемнің дамыған елдеріндегі өндіріс көлемінің өсу қарқындарына байланысты болды. Дамыған елдерде өсу қарқыны жоғарғы болған жағдайда, дамушы елдердің өсу қарқыны да жоғары болды, ал дамыған елдерде өсу қарқыны төмендегенде, сәйкесінше, дамушы елдерде де төмендеді. Бұл байланыстан құтыла аламыз да?», – 1979 жылы өзінің лекциясында айтқан болатын.

Әлемдік экономикада конвергенцияның жаңа дәуірі шамамен 1990 ж. экономикасы дамыған елдердің өсу қарқындарына қарағанда нарығы қалыптасып келе жатқан елдер мен дамушы елдердің жан басына шаққандағы табыстарының өсу қарқындары тез артып келе жатқан кезде басталды.

ХІХ ғ. басынан бастап және ХХ ғ. ортасына дейін өте бай мен өнеркәсіптік дамыған Солтүстік және нашар дамыған Оңтүстік арасындағы жан басына шаққандағы орташа табыс 3-4-тен 20-ға дейін немесе одан да көп есеге артқан болатын [6]. Бұл алшақтық Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін және колониализмнен кейін қысқарды, бірақ салыстырмалы табыстағы алшақтық 1950 ж. және 1990 ж. орташа алғанда тұрақты күйде қалды.

Дегенмен, соңғы 20 жылда қалыптасып келе жатқан нарығы бар елдер мен дамушы елдердегі жан басына шаққандағы табыс экономикасы дамыған елдерге қарағанда 3 есеге жуық тез ұлғайды (Азиядағы 1997-1998 жж. дағдарыстарға қарамастан). Нарығы қалыптасып келе жатқан елдерде өсу қарқыны 1990 ж. артты, кейіннен нашар дамыған елдердің де өсу қарқыны артқаны байқалды (1-сурет).

Бұл жаңа конвергенция 3 құбылыспен түсіндіріледі. Біріншіден, жаһандану – нығайған сауда байланыстары және өсіп келе жатқан тікелей шетелдік инвестициялар арқылы – импорт мөлшері бойынша экономикалық өсу қарқынына жетуге және артта қалушы елдердің ноу-хау мен технологияларға тезірек бейімделуіне көмектеседі. Көбіне, технологияларды жасағаннан гөрі оған бейімделу оңайырақ.

1-сурет – Экономикалық өсу және циклдер (жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің өсу қарқыны, пайызбен)

 Екіншіден, халық өсуінің баяулауымен сипатталған көптеген нарығы қалыптасып келе жатқан елдердің және барлық дамушы елдердің демографиялық ауысуы экономиканың капитал сыйымдылығын арттыруға және жан басына шаққандағы өсу қарқынының тездетілуіне көмектесті.

Конвергенцияның үшінші маңызды себебі табыстар үлесінің өсуі болып табылады: қалыптасып келе жатқан нарығы бар елдер мен дамушы елдердегі салымдар соңғы онжылдықта ЖІӨ-нің 27%-ын, ал дамыған елдерде 20,5% алды. Инвестициялар еңбек өнімділігіне көп капитал салып, тек оны арттырып қана қоймай, олар жиынтық факторлық өнімділікті – капитал мен еңбектің жалпы өнімділігін де арттырды. Сонымен қатар, жаңа өндіріс технологиялары мен білімдерін енгізіп, ауыл шаруашылығы сияқты өнімділігі төмен секторлардан өңдеуші  өнеркәсіп сияқты өнімділігі жоғары секторларға өтіп, экономикалық өсу қарқынын тездетеді. Осы үшінші фактор, инвестиция нормасын көбейту, көбіне Азияда маңызды, бұл басқа елдерде, әсіресе, Қытайда ерекше байқалады.

Циклдік өзара байланыстылық 1997-1998 жж. Азияда болған дағдарыс кезінде жақсы көрінді және кейіннен арта берді [7]. Өзара байланыстылық дамушы елдер арасында байланыстың күшеюінен одан сайын күрделене түсті (2-сурет).

2012 ж. басында айтарлықтай жоғары дәрежеде макроэкономикалық басқару мен қаржылық секторды басқару проблемаларының туындауынан әлемдік экономика өсу қарқынының төмендеуі осы бүкіләлемдік өзара байланыстылықты айқын көрсетеді [8].

Осылайша, бұл себептердің барлығы өсудің ұзақ   мерзімді   трендтерінің   нығайғанын және циклдік өзгерістер корреляциясының сақталғанын көрсетеді. Соның нәтижесінде, әлемді экономика жаһандық және аймақтық факторлар есебінен өзара байланысты бір бүтінге айналмақ.

Жан басына шаққандағы табыстың жалпы конвергенциясынан және түрлі елде экономикалық белсенділіктің циклдік өзара байланыстылығынан басқа, елдер арасындағы тепе-теңсіздіктің артуы және әлемнің ең бай мен ең кедей халықтары арасында алшақтықтың өсуі ең жоғарғы және ең төменгі табыстар арасында айырмашылықтарды туындатып отыр. Ол – әлемдік экономикадағы үшінші негізгі үрдіс.

Қазіргі уақытта әлемдік экономикада жаһандық та, ұлттық та аспектіге ие үлкен жаңа алшақтықтар пайда болды. Жалпы алғанда, әлемде табысты бөлу полюстері арасындағы арақашықтық да артты.

2-сурет – Циклдік өзара байланыстылық (жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің өсу қарқыны, пайызбен)

  Көптеген елдерінде ең жоғарғы табысқа ие 1% халық және басқа халықтар болып бөліну жаңа көрінісі болып табылды. Ең жоғарғы табысқа ие 1% халық үлесінің артуы АҚШ пен ағылшын тілді елдерде және аз дәрежеде Қытай мен Үндістанда анық байқалады.

Әлемдік экономиканың болашағы, көбінесе ел бойынша орта табыстардың конвергенциясы арасында өзара әрекеттесуіне, түрлі елдердің өзара байланыстылығының артуына және ел ішінде де, жалпы әлем халықтары үшін де табысты бөлудің ең жоғарғы және ең төменгі деңгейлері алшақтығының ұлғаюына байланысты. Бұл үрдістер саяси, әлеуметтік және геостратегиялық салдарды туындатады [8].

«Қазіргі уақытта экономикалық белсенділіктің орталығы батыстан шығысқа қарай ауысуда, ал Қазақстанның әлемдік экономикадағы рөлі қалыптасқан тәртіпті бұзатын және ел үкіметі мен компания басшыларының өзіндік дүниетанымын өзгертетін, жаңа қызмет әдістерін енгізетін үрдістердің әсер етуі нәтижесінде өзгеретіні сөзсіз», – деп «Нерядовой прорыв: четыре глобальных фактора, меняющих все тенденции» атты MGI кітабының шығуына арналған прессконференцияда MCKinsey аға серіктесі және MCKinsey Жаһандық институтының (MGI) директоры Ричард Доббс айтқан болатын.

MCKinsey Жаһандық институтының сарапшысының пікірі бойынша, 2050 ж. қарай Қазақстан әлемдік экономиканың «ауырлық орталығы» болады [9].

Осылайша, әлем болашақта көпполюсті және өзара тығыз байланысты болмақ, әлемдік нарықтар қарқынды экономикалық прогресске мүмкіндіктер ашады. Бұл потенциалды жүзеге асыру халықаралық ынтымақтастық, туынды әсерлерді ескеріп, елдердің макроэкономикалық саясаттарын қаншалықты тиімді ете алатындығына және экономикалық өсу табыстарын бөлу теңгерімділігі мен әділдігіне жетуді қаншалықты дәрежеде ынталандыра алатындығына байланысты.

 

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Назарбаев Н.Ә. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. // Егемен Қазақстан. –– № 115 (24368).
  2. Астапов К.Л. Стратегия развития в постиндустриальной экономике // Мировая экономика и международные отношения. – 2006. – №2. – C.
  3. Бродель Ф. Материальная цивилизация, экономика и капитализм XV-XVIII вв. Время мира. – М., 1992. – Т.  –  С. 41.
  4. Хопкинс Т.К., Валлерстайн И. Заметки о структурных трансформациях //http://www.tuad.nsk.ru/~history/Author/ Engl/W/WanersteinI/hopwal-w.htm
  5. Бэттлер А. Контуры мира в первой половине XXI века и чуть далее (теория) // Мировая экономика и международные отношения. – 2002. – № 1. – С.
  6. Дж. Сакс. Технологическое разделение мира // Экономист. 01.2001. (http://wd.org.ua)
  7. Maddison, Angus, 2007, Contours of the World Economy,1–2030AD (Oxford, United Kingdom: Oxford University
  8. Milanovic, Branko, 2012, «Global Inequality: From Class to Location, from Proletarians to Migrants,» Global Policy, 3, No. 2, pp. 125–34.
  9. Қазақстанның қатысуымен халықаралық және мемлекетаралық ұйымдардың рейтингі // «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі. 02.10.2012 // http://agencyrating.kz/rating-organizaciy-kz/?lang=kz

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.