Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қытайдың Орталық Азия өңіріне экономикалық енуі: ахуалы, мәселелері және дамуы

Қытай мен Орталық Азияның саясат пен эконономика тығыз көрініс тапқан қарым-қатынастары бай тарихи жолмен ерекшеленеді. Дәстүрлі орталықазиялық бағыт Қытайдың негізгі экономикалық саясатының бірі болып табылады. Ұлы Жібек Жолының гүлденуі кезеңіндегі (II-ші ғасырдың ортасына дейін) қазіргі Орталық Азия территориясында орналасқан мемлекеттік құрылымдар Қытай мен Еуропаның арасындағы транспорттық көпір қызметін атқарды.

Аталған кезеңдері Қытай аймақтың (Орталық Азия) сыртқы экономикалық локомотиві және ғылыми білімдер мен алдыңғы технологиялардың басты көзі болды. Ұлы географиялық ашылымдар дәуіріндегі (XVI ғасыр) теңіз тасымалының дамуы Ұлы Жібек Жолы негізін қалаған әлемдік сауданың құрлықтық бөліктен теңіз жолдарына ауысуын жеделдетті. Теңіз транспортының арзанға түсуі Орталық Азияның экономикалық-географиялық оқшаулануына алып келді.

Орталық Азияның XIX ғасырдың екінші жартысында Ресей империясының құрамына кіруіне байланысты өңірдің Қытаймен экономикалық байланыстары әлсіреп, Ресейге бағытталды. Бұл өзгеріс Орталық Азияның экономикалық-географиялық оқшауланудан шығып, экономикалық байланыстардың айтарлықтай сапалылануына ұшыратты. Ресей империясының құлауымен ресейлік-орталық азиялық экономикалық байланыстардың ұстамды жаңа кезеңі басталып, КСРО-ның өмір сүруімен Орталық Азия елдерінің экономикасында қарқынды даму байқалды. Кеңес Одағының құлауына дейін Ресейдің өзі Орталық Азияның экономикалық дамуының локомотивін атқарып, өңірдің қазіргі экономикалық келбетінің түзілуіне шешуші ықпал жасады. Аталған кезеңдері Қытай мен Орталық Азияның экономикалық байланыстары тәжірибелік түрде іске аспады. 1991 жылы КСРО-ның ыдырауы Орталық Азияның (ОА) – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан елдері арасындағы Ресеймен экономикалық байланыстар тұйыққа тіреліп, біруақытта Қытай Халық Республикасымен (ҚХР) экономикалық қатынастардың дамуы басталды.

ҚХР-дың Орталық Азиядағы экономикалық саясаты Пекиннің Қытайды экономикалық жаһандану мен әлемдік саясаттың  орталығына  айнылдыру  тұжырымнамалық  стратегиясының бір бөлігі саналды. 1990-шы жылдардың бірінші жартысы Қытайдың жаңа қалыптасқан мемлекеттермен сауда байланыстары ақырын, бірбағытты сипатқа ие болып, негізінде алып-сатарлық бизнеспен шектелді. Екі жақты экономикалық қатынастардың ол уақыттағы толыққанды дамымау деңгейін, Қытайдың ОА-ғы саясатының жалпы күн тәртібінде белгіленбеуі және Орталық Азиямен шекарадағы Синьцзян Ұйғыр автономиялық ауданы (ШҰАА) мүддесі тұрғысынан жүргізілуімен түсіндіріледі. Тұтас Қытай үшін, ОА мен экономикалық қатынастар басымдыққа ие болмады. Бұл біріншіден қытайлық ұзақмерзімді мүдделердің өңірдегі анық емес және шектеулі мүмкіндіктерімен байланысты болды (экономикалық, саяси-дипломатиялық және т.б.)

Бірақ та 90-шы жылдардың ортасынан бастап, Қытай өңірге экономикалық ену бойынша бірқатар мақсатты және тәжірибелік маңызды қадамдар бастады. Оның үстіне, Орталық Азияда сол уақыттарға дейін мұнай мен газдың және басқа да шикізат ресурстарының айтарлықтай қоры бары анықталып, Пекиннің «Үлкен Батысты» игеру ұлттық стратегиясының бір тұрғысында қарастырыла бастады. Орталық Азия елдері сонымен бірге, 55 миллионға жуық тұрғындары арқылы, өткізудің сыйымды нарығын да арттырды [1].

Экономикалық-географиялық күштермен басқа да факторларға байланысты «Үлкен Батысты» игеру стратегиясының басты міндеті ШҰАА-ның дамуы болды [1, 85 б.]. Орталық Азия елдерінің географиялық жақындығын пайдалана отырып, Пекин өңірдің шикізат ресурстарын Синьцзянды индустрияландыруда қолдануға және өзінің өнімдерін өткізу арқылы шекара аймағындағы экономикалық өсімді қамтамасыз етуге ұмтылды. Сондықтан, 90-шы жылдардың екінші жартысынан ҚХР-дың Орталық Азия мемлекеттерімен қауіпсіздік саласындағы өзара ынтымақтастығымен қоса (оның ішінде «Шанхай бестігі» аясында), біршама күштер экономикалық қатынастарды дамытуға жұмсалды. Бұл алдымен ҚХР-дың ОА-да инвестициялық жобалар қызметінің басталуында (мұнай-газ салаларында) және сауда ауқымының кеңеюінде (алып-сатарлық сауданы қосқанда) көрінді. Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы сауда қатынастарының жылжуына 1998 жылғы Ресейдегі қаржы-экономикалық дағдарыста септігін тигізді. Аталған дағдарыс ресейлік-орталық азиялық экономикалық қатынастардың төмендеуіне алып келді.

Өңірдің елдері қытайлық өнімдерді қолдануға уақыт өткен сайын қызығушылық арттырып, машина, құрылыс, кең-қолданыстағы тауарлар айналымы өсе түсті. ШҰАА ірі сауда алаңына айналып, қытайлық-орталық азиялық сауданың 60-70% қамтыды [2].

XXI ғасырда Қытайдың ОА өңіріне белсенді экономикалық кірігуі бірінші кезекте ел экономикасының қарқынды дамуымен байланысты. Қытайдың экономикаық даму қарқыны 9-11% құрайды. ЖІӨ-нің өсуімен энергияны тұтыну көлемі де артты [2, 114 б.]. ҚХР-дың өзіндік мұнай-газ ресурстары жетіспейді. Осыған орай, ҚХР сыртқы елдерден энерго ресурстарын белсенді іздестіру жұмыстарын жалғастырады. Қытай мұнай мен газды негізінен Таяу және Орта Шығыс елдерінен тасымалдайды Алайда, аталмыш аймақтағы саяси тұрақсыздық және теңіз бұғаздарындағы (Ормуз және Малак бұғаздары) коммуникацияның қатерлері Пекинді басқа ресурс алаңдарына назар аударуға итермеледі. Қытай өзінің сыртқы энергетикалық стратегиясын тұжырымдап анықтады. Ол келісідегідей бағыттарда жүреді:

  • импортталушы шикізат түрлерінің, мұнай импортының, сонымен қатар, оны тасымалдаудың формалары мен бағыттарын диверсификациялау;
  • басқа елдерде көмірсутек кеніштерін өңдеуді іске асыруда қытай компанияларының қатысуы;
  • атом энергетикасы саласында Ресей және Франциямен алдағы техникалық әріптестікті жалғастыру [3].

Аталған сыртқы экономикалық стратегияда Орталық Азияның рөлі зор еді. Қытай өзінің энерго ресурстарын Орталық Азия өңірі арқылы қамтамасыз етуге жаңа ғасырдан бастап айрықша кірісті. Сонымен бірге, Қытайдың аймаққа экономикалық енуіне АҚШ пен Ресейдің түрлі қадамдармен өз стратегиялық ұстамдарын орнатуға ұмтылуы да себеп болды. XXI ғасырдың басталуымен АҚШ-тың Орталық Азияда басым қатынасу факторына байланысты Қытай  өңірге экономикалық кірігу саясатын күшейтті. Пекин үшін бастысы өзіне тиімді емес жоспардағы ахуалдардың ОА-да дамымауы және бай ресурстарға кедергісіз шығуды кепілдендіру болып табылды. Осыған байланысты бұрын экономиканы құрайтын қатынастар екінші санатты болса (мысалы, қауіпсіздік және саяси-дипломатиялық мәселелермен салыстырғанда), енді жаңа ғасырда экономикалық енулерді өз стратегиясының басты элементі ретінде тұжырымдады.

Осыған орай, Қытай сауда көлемін ұлғайту, жобалық-инвестициялық және қыржы қызметтерін сапаландыру әсіресе өңір мемлекеттеріндегі маңызды саналған экономика салаларын кредиттеу жоспары арқылы өз ұстанымдарын нығайтуға ұмтылды.

Пекин сауда-экономикалық қатынастарда көп күшін қытайлық тауарларды, машина жә-  не құрылғыларды өткізуге, қызмет көрсету саласын ұлғайтуға салды. 1992-2011 жылдардың ағымында ОА елдерінің Қытаймен сауда қатынастарының көлемі 40 – 50 есеге артты. Осы тұрғыда, 1991 жылы ОА-ның ҚХР-мен тікелей сауда байланыстары жоққа тең болса, онда XX ғасырдың бірінші онжылдығында оның деңгейі өңірдің Ресеймен арадағы сауда қатынастарымен теңесті. Оның ішінде алып-сатарлық сауда түрі қарқынды дамуға ие болды [4]. Қытайдың сауда қатынасының өсімі Ресейдің 1990-шы жылдардағы әлсіреуімен және ресми Мәскеудің бұрынғы жоғалтқан ұстамдарын қайта қалпына келтірудегі төмен қадамдарымен байланыстыруға болмайды.

Негізінде қытайлық өндірушілердің өңірдегі қатынасу ауқымы халықаралық құрылымдар мен Орталық Азия елдерінің статистикалық мәліметтерінің ескеруіне қарағанда айтарлықтай жоғары болып табылады. Статистикалық мәлеметтерде Қытайдан тасымалданатын алып-сатарлық сауданың көлемі шынайы көрсеткіштерге сәйкес келмейді. Бұл туралы ҚХР-дың статистикалық органдарының мәлеметтері дәлелдендіреді. Ол бойынша қытайлық-орталық азиялық елдер арасындағы тауар айнылымы шамамен 35-40% артық жүреді [5].

Негізінде Қытайдың орталық азиялық сауда саясатында маңызды орынға өңірдің шекаралас және территориясы бойынша ең ірі елі Қазақстан иеленеді. Ол біріншіден, Қазақстанның ҚХР-мен жоғары сапалы транспорттық байланысымен, тұрғындардың жоғары тұтынушылық қабілеті және сыртқы саудадағы либералды бағыттарымен анықталады. Өз кезегінде Орталық Азия елдерінің ішіндегі жалғыз ДСҰ-ға мүше Қырғызстан Қытай үшін өнімдерді өткізу нарығы ретінде емес, алдағы қытайлық тауарлардың реэкспорты жоспарында қызықты болып табылады.

Қазақстан мен Қырғызстанға қарағанда Қытайдың сыртқы сауда саясатында өзінің ауқымды тұтынушылық нарығына қарамастан (28 млн. тұрғыны бар), Өзбекстан аз рөл ойнайды. Ол – Өзбекстанның  сыртқы  сауда  режимінің  төмен либералдылығымен, консервативтілігімен және жалпы шекараға ие болмауымен түсіндіріледі. Бұл ретте Тәжікстан, Түркіменстан секілді өңір мемлекеттері де Пекиннің экономикалық саясатында ерекше мәнге ие емес. Оның себебі аталған мемлекеттердің тұтынушылық қабілеті мен нарық деңгейінің көлемсіздігімен, Түркіменстанның Қытайдан географиялық алшақ орналасуымен айқындаймыз.

Нәтижесінде 1992 – 2009 жылдардың барыстарында анағұрлым жоғары сауда көлемдері Қытай мен Қазақстан арасында байқалып, жалпы қытайлық-орталықазиялық тауарайналымының 80-86%  құраса,  Өзбекстанның  үлесіне  – 6-9%,Қырғызстанға – 1-8%, Түркіменстанға – 1-2% және Тәжікстанға – 0,1-4% тиеслі болды. Осымен байланысты ОА елдері  ҚХР-дың  қандай  да бір маңызды сауда әріптестері болып табылмайды (әрине, стратегиялық маңызы бар мәселеге жататын көмірсутекті шикізатты жеткізуден басқа) [3, 2 б.]. Алайда, Қытай тиісінше өңір елдерінің барлығына басты сауда әріптесі болып қалыптасты.

XXI ғасырдың алғашқы онжылдығында Пекин ОА елдеріне қытайлық тауарлар мен қызметтер үшін өңірдің нарықтарына жеңілдетілген шартпен мақсатты кредиттерді жеткізе бастады. ОА елдерін кредиттеумен негізінен ҚХР-дың Экспорттық-импорттық банкі (ЭКСИМ-банк) айналысып, кредиттердің өзі басты ретте қытайлық компаниялармен игерілді. ҚХР-дың ОА-ғы қаржылық  ресурстарының  көлемі (инвестициялар, кредиттер мен сатып алынған активтерді қосқанда) 25 млрд. АҚШ долларына бағалануда. Егер, 1990-шы жылдардың соңында Орталық Азия елдеріндегі қытайлық қаржы ресурстары 1 млрд. АҚШ долларынан асса (инвестициялардың басым бөлігі тек мұнай-газ секторына бағытталды),  XXI  ғасырдың  алғашқы онжылдығында оның көлемі 20 есеге өсті [6].

Қытайдың жобалық-инвестициялық және тұтастай алғандағы қытайлық компаниялардың ОА-ғы басым экономикалық қызметтері көміртекті мол әлеуетке ие Қазақстан мен Түркіменстанның мұнай-газ саласы маңына шоғырланған. Мұнай-газ секторы Қытайдың Орталық Азиядағы экономикалық саясатының басты бағыты болғанына қарамастан, саларалық қытайлық активтерде айтарлықтай маңызға ие болады.

Мұнай-газ саласымен қоса, соңғы жылдары өңірдегі қытайлық мүдделер бағдары Қазақстандағы атом энергетикасы, Тәжікстандағы электроэнергетика  және  транспорт  пен  телекоммуникациялар, құрылыс және түсті металлургия, сонымен қатар, химия мен жеңіл өнеркәсіп салаларынан көрініс табады. Қытайдың Орталық Азиядағы экономикалық ықпалының барыстары нәтижесінде оның өрісі біртіндеп өнеркәсіптің көмірсутек қорларына ие емес Тәжікстан мен Қырғызстанға, мұнай мен газдың қорларына ие, бірақ, оларды экспорттау бойынша жоғары мүмкіндіктерді айқындамайтын Өзбекстанға да таралып жатыр.

ҚХР-дың сауда-экономикалық стратегиясы және ұлттық инновациялық-өнеркәсіптік даму Жобасы аясындағы кредитті-қаржылық, жобалық-инвестициялық саясатпен қатар, Қытай мемлекетаралық экономикалық өзара әрекетті көпқырлы дамытатын жаңа тетіктерді жүзеге асыру үстінде. Ол бірінші кезекте Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) аясында іске асуда. XXI ғасырдың бірінші онжылдығының екінші жартысында ШЫҰ аясында Банкаралық бірігу және Іскерлік кеңесі сынды тетіктер мен алаңдар қалыптасып, оларда Қытай өзінің жеткіші ұстамдарын орнықтырды.

Жалпы, Қытайдың Орталық Азияға экономикалық ену сипаты 2001 жылдан соң, өңіраралық мәртебеден шығып, халықаралық стратегияның бір бөлшегіне ие болады. XXI ғасырдың келуімен ҚХР жетекшілігі экономиканы ОА-ғы саясатының негізгі өзегі ретінде қарастырды. Бұның маңызды индикаторы ретінде көлемді қытайлық қаржы ресурстарының артуын атаймыз [7].

Қазіргі таңда ҚХР-дың ОА-ғы экономикалық саясаты, Пекиннің модернизациялау жоспарындағы сыртқы ахуалдарды жақсарту бойынша жалпы стратегиясына қатаң бағынуымен ерекшеленеді. Қытайдың жаңа ғасырдағы сыртқы саясатының бағыттары елді экономикалық жаһанданудың басты ортасына айнылдыруға саяды. Аталған мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында ҚХР жобалық-инвестициялық және кредит беру көлемдерін ұлғайту арқылы өзінің Орталық Азиядағы көпбағытты экономикалық ұстамдарын орнықтыруға күш салады.

Ресми Пекиннің өңірді өзінің геоэкономикалық ықпалының орбитасына сатылы айналдыру саясатын жоққа шығаруға болмайды. Алайда Қытай саяси топтары аталған саяси бағдарды ақырын, геосаяси және саяси мүдделерін жария етусіз іске асыруда. Қытайдың Орталық Азияға экономикалық енуі ең алдымен өңірдің минералды-шикізат ресурстарын игеру мен импорттауға, жан-жақты қытайлық тауарлар мен қызметтерді экспорттауға бағытталуда. Қытай-Орталық Азия сауда қатынастары «дайын өнімді – шикіге алмастыру» формасында қалыптасып, елдердің шикізаттық мәртебесін қалыптастыруда.

ҚХР-дың ОА-ға экономикалық енуі басым ретте шынайы және субьективті себептермен түсіндіріледі. Ең алдымен өңірде бірыңғай экономикалық кеңістіктің (бірінші кезекте өнеркәсіптік және транспорттық), экономикалық ықпалдасу белгілерінің жоқ болуымен айқындау жеткілікті.

 

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Сотрудничество и безопасность в Центральной Азии в условиях политических и социально-экономических трансформаций. – Алматы: Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте РК, 2007. – 85 с.
  2. Сыроежкин K.Л. Проблемы современного Китая и безопасность в Центральной Азии. – Алматы: Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте РК, 2006. – 113 с.
  3. Число нефтегазовых буровых установок в мире упало до пятилетнего минимума. [07.05.2015 ж.] http://www.inform. kz/ru/article/2774144
  4. Хафизова К. Казахско-китайская граница в прошлом и сегодня / под ред. М.Б. Олкотт и А. Малашенко // Многомерные границы Центральной Азии. Вып. 2. – М., 2000. – 58 с.
  5. Центральная Азия: состояние и перспективы регионального взаимодействия: Материалы VI Ежегодной Алматинской конференции [г. Алматы, 11 июня 2008 г.] / отв. ред. Б.К. Султанов. – Алматы: КИСИ при Президенте РК, – 148 с.
  6. Экономическое проникновение Китая в Центральную Азию: состояние, проблемы и перспективы Регион/экономика. [14 июня, 2012 г.] http://www.ca-portal.ru/article:2903
  7. Мозиас П., Яковлева В. Внешнеторговая политика Китая после присоединения к ВТО // Мировая экономика и международные отношения. – 2009. – № 12. – 148 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.