Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Экономикалық өсу теориясындағы бәсекелі екі концепция

Әлемдік экономиканың бүгінгі таңдағы жай-күйін бағамдайтын болсақ, оның экономикалық тұрақсыздық тұзағында тұрғанын байқар едік. Мәліметтер көрсеткендей, жылдар бойына екі таңбалы өсу көрсеткішінен бір танбаған Қытай экономикасы 2015 жылы 7%, Қазақстан экономикасы 4%-ға өседі деп жорамалданса, Еуроодақ елдері тоқыраудан шығу жолдарын жанталаса іздестіріп, АҚШ рецесияны еңсергеніне риза болып дегендей деректер қаулап тұр. Мұның өзі экономикалық өсу мәселесінің әлемдік шаруашылықтың ағымдағы жағдайы мен одан әрі дамуы үшін аса өзекті болып қала беретінін көрсетсе керек.

Экономикалық өсудің жаңа сапасы мен мазмұнын қалыптастыру үшін заманауи теория мен практиканың іргетасын қалап, бастауы болған классикалық экономикалық өсу теориясының жасақталу барысын ой елегінен өткізіп зерделеу әдіснамалық жадты жаңартумен қатар, мәселеге кешенді көзқарастар негізінде көшелі байламдарға бағдар болары даусыз.

Сонымен, дамыған Батыс елдерінің атақты экономист-ғалымдары атсалысқан Кембридж (Ұлыбритания) пікірталастарында қарастырылған негізгі төрт проблеманың бірі экономикалық өсу мәселесі болған еді. Бұл жерде, әсіресе атап өтетіні экономикалық өсудің теориялық проблемалары бойынша кейнсиандық және неоклассикалық концепциялардың тартысы болды.

Неоклассикалық концепцияның ең маңызды постулаты орнықты даму деп аталатын теорияға сәйкес капиталистік экономика өзінің табиғаты бойынша орнықты және сондықтан да тепетеңдік пен толық қамтуға (жұмыспен) ұмтылады деп жариялады. Дегенмен, неоклассикалық теория «толық қамтуды» жоспарлы экономикадағыдай  жұмыссыздықтың  жоқ  болуы  деп  емес, ол «жұмыссыздықтың табиғи деңгейі» деп аталатын жұмысшы күші санының 5,5-тен 6,5 пайызы шектерінде орын алуы тиіс депжорамалдады [1]. Капитализм еңбектің резервтік армиясы болуына мүдделі, олар каптализмге қызмет көрсетуге дайын болуы тиіс, сондықтан «толық» қамту дегеніміз капитал қажеттілігін атқару деңгейіндегі жұмыспен қамту болып есептеледі.

Капиталистік экономиканың әрбір 10-12 жылда құлдырауы мен  өрлеуінің  қайталанып  келе  жатқанына  қарамастан  жүз жылдан астам уақыт бойына неоклассиктер рыноктың өзін-өзі реттелуі мүмкіндіктеріне мызғымас сенімін сақтап және қорғап келеді. Бұл сенім классикалық мектептің өкілі Жан Батист Сэйдің тауар және қызмет көрсетулер өндірісі үдерісінің өзі өндірілген тауарлар құнына тең табыс жасайды. Өндірістің өзі жасалған игіліктер мен қызмет көрсетулерді сатып алуға қажетті табысты автоматты түрде қамтамасыз етеді. «Ұсыныс өзіне сәйкес сұранысты туындатады, яғни ұсыныс пен сұраныс арасында сәйкессіздіктің болуы мүмкін емес» дейтін белгілі формуласына негізделді. Бірақ, өткен ғасырдың 30-жылдары орын алған екі тарихи оқиға бұрынғы бір ауыздылықты бұзды. Мұның біріншісі капитализмге баламалы Кеңестер Одағында жоспарлы экономикалық жүйе пайда болып өсудің әлемде болмаған жоғары қарқынын көрсетуі неоклассиктер мадақтаған капитализмнің артықшылықтарына күмән келтірді. Екінші оқиға 1929-1933 жж. Ұлы күйзеліс капитализмнің беделіне зор нұқсан келтірді. Нәтижесінде неоклассикалық теорияның сұраныс пен ұсыныс сәйкестігі туралы (Сэй), рынокқа қатысты күштердің тепе-теңдікке ұмтылуы туралы (Вальрас, Маршалл) және жұмыссыздықтың ерікті сипаты туралы көзірлі қартасы соғылды.

Сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздіктің асқынғаны соншалықты Дж. М. Кейнс өзінің «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» еңбегінде оны терістеудің  өзін артық санап, түсіндіруге кірісті. Дәл осыны тепе-теңдік пен жұмыссыздық туралы да айтуға болады. Осы мәселелер бойынша Кейнс берген түсіндірмелердің негізгілері тиімді сұраныстың шешуші рөлі туралы, экономиканы реттеу мен толық қамтуды жүзеге асырудағы инвестицияның рөлі туралы мәліметтер Хар-  род пен Домар талдап жасаған экономикалық өсу теориясының негізін қалады. Неоклассикалық келіске баламалы кейнсиандық концепция марксистік концепцияға бір табан жақындығын көрсетті. Аталған екі концепция да капитализмнің ішкі тұрақсыздығына және автоматты түрде әрекет етуші рыноктық күштердің тепе-теңдікті, жұмыспен толық қамтуды және үздіксіз экономикалық өсуді қолдауға шарасыздығын дәлелдеп бақты. Мүмкін, осыдан шығар көптеген зерттеушілер Харрод пен Домардың кейнсиандық теориясы мен Г.А. Фельдманның марксистік теориясы арасында байланыс бар екендігін атап көрсетті [2].

Әрине, зерттеу объектісінің әртүрлілігіне байланысты  қолданылған  тәсіл,  келістерде  де айырмашылықтар болд. Г.А. Фельдман тиім-  ді сұранысты берілген шама ретінде қарастырса, Харрод пен Домар ішкі себептермен әрекет етуші рыноктық күштер толық қамту мен экономикалық өсу қарқынын кепілдендіруге жеткілікті деңгейде жиынтық сұранысты автоматты түрде ұстап тұруға қабілетсіз деген кейнсиандық дәлелдерге сүйенеді. Осыдан барып мемлекеттің инвестициялар мен жұмыспен қамтуды реттеуі арқылы жиынтық сұранысқа әсер етуі қажеттілігі туындайды. Мұнда Харрод-Домар теориясы неоклассикалық мектептің тұжырымы бойынша инвестицияны анықтайтын жинақ дегенге емес, керісінше жинақты инвестиция анықтайды және экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күші болып табылады деген кейнсиандық концепцияға сүйенеді. Дж. М. Кейнстің белгілі жақтасы және ізбасарларының бірі Дж. Мид оның негізгі идеясын келесідей тұжырымдайды: «Кейнстің интеллектуалдық революциясы жинақ деп аталатын иттің инвестиция деп белгіленген құйрықты бұлғақтатудан, инвестиция деп аталатын иттің жинақ деп белгіленген құйрықты желпуін экономистердің жадына мықтап енгізді» [3].

Орнықты өсу үшін инвестицияны реттеуде тұрғындарды жұмыспен толық қамтуға  неме-  се жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейін ұстап тұруға қол жеткізу қажет. Осындай жағдайда жиынтық сұраныстың бір бөлігі ретіндегі инвестициялар мультипликаторды іске қосады да өсу орнықты сипат ала бастайды. Басқаша айтқанда, инвестициялармен бірге халықтың табысы мен жиынтық сұранысы да өсе түседі, ал мұның өзі кейнсиандық концепция бойынша экономикалық өсудің негізгі моторы (қозғалтқышы) ретінде қарастырылады.

Харрод пен Домар өсу теориясын бір-бірінен тәуелсіз талдап жасағандықтан олардың тәсілдері мен шешулерінде белгілі бір айырмашылықтардың болуы әбден түсінікті [4]. Соның өзінде олардың сараптаудағы мақсатты ұстанымдары мен алғышарттары бірыңғай немесе өте жақын.

Сонымен, экономикалық өсудің кейнсиандық концепциясының бастауларын құрайтын негізгі шарттарды қысқаша көрсетуге болады. Кейнсиандық теоретиктер экономикалық өсуді сараптауға қолданған қағидатты жаңа тәсілдердің мәні мынада:

  • экономика жағдайының негізгі параметрлерін, сондай-ақ оның өсу факторларын анықтаудағы жиынтық сұраныстың шешуші рөлі;
  • экономикалық сараптауды уақыттан тыс және абстрактілі қисынды постулаттардан, шығарылым, күрделі қор, инвестициялар мен еңбек секілді айнымалылардың өзара әрекетін зерделеу жолымен шынайы жазықтыққа ауыстыруы;
  • жинақтардың ұлттық табыстың тұрақты бөлігі болып табылатындығын есептеп, дәлелдеуі.

Харрод есептеп шығарған экономикалық өсудің «іргелі теңдеуі» келесідей:

GA             (1)

мұндағы S-жинақ нормасы, V-өнімнің капитал сыйымдылығы.

Ендеше жинақтап қорытындылайтын болсақ, экономикалық өсу қарқыны жинақ-инвестицияларға тікелей пропорционалды да, капитал сыйымдылығы көрсеткішіне кері пропорционалды  болады.  Харрод  мәселені  келесідей қояды:

«Егер өсу қарқыны байқаулар мен қателіктерге негізделген жиынтық жеке-дара шешімдермен шартталатын болса, онда ол негізгі ережелер талап ететін жағдайлардан басқаша болады, сонда осы қарқынды негізгі ережелер анықтайтын өсу жолына бағыттап, түзетуге ұмтылатын күштер табыла қояр ма екен» [4].

Бұл сұраққа Харрод теріс жауап береді. Мұның өзі оның теориясы қисынына сай келеді. Қолда бары мен қажеттісі айырмашылықтарының әрдайым-ақ үлкен ықтималдығы болады, сондықтан басқа да кейнсиандықтар секілді Харродтың да пікірі бойынша капиталистік экономиканың механизмі де олардан ада емес. Керісінше егер, өсудің шын мәніндегі траекториясы тепе-теңдік деп атауға болатын траекториядан ауытқыса болғаны бұл механизм ондай сәйкессіздікті күшейте түседі.

Егер шын мәніндегі өсу қарқыны кепілдендірілгеннен артық болса, онда аз инвестициялар жағдайында көбірек өнім алуға болады. Бұл кезде инвестицияның акселераторы мультипликатор механизмін іске қосады да, экономикалық өсуді жеделдетеді. Егер кері ситуация орын алып шын мәніндегі капитал сыйымдылығы күтілгеннен артып кетсе (яғни шығарылым бірлігіне көбірек күрделі қаржы қажет болғанда), онда бұл инвестицияны қысқартуға белгі болады да мультипликатор өнім шығарылымын төмендету жағына қарай әрекет етеді. Мұның расында солай болатындығын «өздігінен күшейетін процесс» ретінде қарастыруға болады.

Харродтың экономикалық өсу теориясы идеяларынан шығатыны, капиталистік экономиканың орнықты өсуі үшін жұмысшы күшін толық қамту мүмкіндігіне сәйкес инвестициялар мен  жиынтық  сұранысты  реттеу  қажет. Бұған Харродтың өсуге қажетті жағдайлар жасаудың практикалық қиыншылықтары туралы пікірін де қоса айтуға болар.

Харрод-Домар зерттеулері күні бүгінге дейін пікірталастарға дем беріп келеді. Бұл пікірталастардың басты мәселесі мынада: «пышақтың жүзінде» теңселу Харрод-Домар теориясының әлсіздігі ме, жоқ, әлде капиталистік экономиканың тұрақсыздығын көрсете ме? Бұл сұраққа көптеген жауаптар белгілі. Бірақ, ең көп тараған, танымал жауап 1987 жылғы Нобель сыйлығының иегері Р. Солоу қайтарған жауап болып саналады. Ал, Р. Солоу экономикалық өсудің неоклассикалық теориясын жасаушы ретінде есептеледі. Енді экономикалық өсудің  неоклассикалық концепциясын қарастырайық. Бұл концепцияның негізгі постулаты: «капиталистік экономика тұрақты түрде өсу және тепе-теңдік жағдайында болады, ал егер ол орнықты өсу траекториясынан ауытқыған болса, оны рыноктың  өзін-өзі  реттеу  әрекеті  бастапқы  траекториясына қайтарады» [5].

Екі қарсы тұрған концепция (кейнсиандық бір жағынан және неоклассикалық қарсы жағынан), әрине бір-бірінен ерекшеленеді. Бірі капиталистік экономиканың орнықтылығын дәлелдесе, екіншісі тұрақсыздығын көрсетіп бағады. Өсу теориясының үш авторының (Харрод, Домар, Солоу) алғашқы екеуі капитализмге сыни көзқарасы үшін марапаттардан қағылса, үшіншісі капитализмді позитивті бағалауы арқасында Нобель сыйлығының иегері атанды. Идеологиясыз заман жоқ деген осыдан болар.

Уақыт өте келе өсу проблемасы өткірлене түсіп, өзектілігі артқаны соншалықты, оған жайбарақат қарау мүмкін болмай қалды. Жоғары-  да келтіргеніміздей Солоу жұмысының сипаты ерекше болды, оны арнайы әдебиетте экономикалық өсудің неоклассикалық моделінің эталоны ретінде бағалай бастады.

Солоу бастапқыдан өзінің мақсаты «Харродтың кепілді және табиғи өсу қарқынына іргелі (фундаменталды) оппозиция болу» деп жариялады. Харрод пен Домардың ұзақ мерзімді кезеңде капиталистік экономика ең жақсы дегенде «пышақтың жүзінде теңселеді» деген идеясын сынға ала отырып былай деп жазады: «Харродтың түсінігінде тепе-теңдіктің шешуші мәселесі өсудің табиғи қарқыны мен, ал, мұның өзі техникалық өзгерістер жоқ кезде қамтылғандар санының өсуіне тәуелді, өсудің кепілді қарқынын салыстыруға жетелейді, бұлар, өз кезегінде үй шаруашылықтары мен фирмалардың жинақтау мен инвестицияға әдеттенуіне тәуелді» [6].

Солоу атап өткен қорытындылар Харрод-Домар жүйесі үшін кейнсиандық сараптау әдіснамасымен анықталған болатын. Кейнсиандық әдіснамаға сәйкес болашақтың белгісіздігі және осыған байланысты сақтану шаралары кәсіпкерлік рух пен жиынтық сұранысты шектейді, сонысымен экономиканы «пышақтың жүзінде» ұстап тұрады. Дағдарысқа тайып кетпеу үшін дейді Харрод пен Домар іскерлік белсенділікті ынталандыру және инвестицияларды реттеу жолымен жұмыспен толық қамтуды жүзеге асыру қажет. Р. Солоу өзімен өзі болған экономика тиісті пропорцияларын икемді өзгерту қабілетін игерген, сондықтан ол өсу мен тепе-теңдіктің жаңа траекториясын бағындыра алады», – дейді [6].

Р. Солоу өзінің моделін талдап жасауда Харродтық сараптауды бастапқы  шарттар  ретін-  де қабылдады, тек қана сараптауға белгіленген коэффициенттер үшін еңбектің орнын капиталмен еркін толтыруды енгізді. Сөйтіп, проблеманы пайымдауды басқа негізге – неоклассикалық аргументтердің бүкіл жиынын пайдалануға иек артты.

Еске түсіретін болсақ, өсудің неоклассикалық теориясы (neoclassical growth theory) модельдері мыналардан бастау алады:

  • өндірістік функциядан, мұнда еңбек пен капитал өсу факторлары ретінде қарастырылады;
  • бәсекелік механизмнің мүлтіксіздігі мен рынок агенттерінің рынок конъюнктурасының кез келген өзгерістеріне жедел және дәл жауап қайтаруынан;
  • өндіріс факторларын қосқанда бүкіл тауарларға, қызмет көрсетулерге баға жасау еркіндігімен;
  • бір фактордың орнын басқа фактормен еркін ауыстыру, сондай-ақ капиталдың бір сферадан басқа сфераға еркін ағылуынан және т.б.

Аталмыш жорамалдарға сүйенген неоклассикалық теоретиктердің түгелі бір нәрсені дәлелдеп бағады: өзінің табиғаты бойынша капиталистік экономика орнықты және тұрақты түрде жалпы тепе-теңдікке ұмтылады, егер орнықтылықты қайсыбір сыртқы жағдайлар бұзатын болса оны залалсыздандыратын қалпына келтіру механизмі әрекет ете бастайды.

Р. Солоу өсудің кейнсиандық моделіне қарсы өзінің бірегей дәлелдерін келтіреді және олар бойынша экономика спонтанды (ішкі әсерлер, өз мүмкіндіктері) түрде орнықты өсуге қабілетті, ал ауытқу болған жағдайда қалпына оралады. Кембридж пікірталастары барысында Солоу және басқа да неоклассиктердің теориялары үш бағыт  бойынша  қатты  қарсылыққа  тап болды:

а) капиталды қалай түсіндіру керек;

б) орнықты өсудің бір траекториясынан екіншісіне спонтанды өту үшін қанша уақыт қажет;

в) мұның өзі қаншалықты және қалайша шынайы болмыспен қабысады.

Солоудың өсу теориясы агрегирленген капитал мен қайтарымның кеми түсуі заңының неоклассикалық концепциясына негізделген. Техникалық прогресс күрделі қаржының арта түсуін қалайтындықтан, ал қосымша жұмыс күшін пайдалану мүмкіндіктері жалақы мөлшерлемесі өсуімен шектелгендіктен капиталдың кеми түсетін қайтарымы экономикаға берілген өсу траекториясында орнықтылық импульсін сақтау үшін жинақ нормасын жоғарылату арқылы жүзеге асуы мүмкін. Сонымен бірге бір жұмыскерге шаққандағы шығарылым (басқаша айтқанда еңбек өнімділігі) өндірістік капитал функциясы ретінде пайымдалады. Мұның өзі, біріншіден өндіріс факторларына бағалардың арақатысы мақсатқа сай болған жағдайда еңбектің орнын капиталмен толтыруға және керісінше әрекеттерді кедергісіз атқаруға қабілетті, екіншіден рыноктан бірінші белгі түсе салысымен кез келген бағытқа еркін бет түзей алады.

Капиталды осылайша түсіндіруді көптеген ғалымдар шынайылықтан алыс және ада деп бағалады. Сондықтан Кембридж пікірталастары, негізінен капиталды түсіну төңірегінде қыза түсті. Сол пікірталастарға белсенді қатысушы Фергюсон былай деп жазды: «Бөлу және өсудің неоклассикалық теориясы туындылар болып табылады, бұлардың біріншісі едәуір дәрежеде өндіріс теориясына сүйенсе, екіншісіне капитал теориясы дем береді. Капитал және өндіріс теориялары тығыз байланысты және іргелі. Ал, неоклассикалық теория болса өзінің қарапайым және қарапайым емес түрінде капитал деп аталатын «заттың» іргелі табиғатына тәуелді» [7].

Капиталды ұғыну аспектілерінің бірі-ол гомогенді (біртекті) немесе гетерогенді (біртекті емес) деген сұраққа келіп тіреледі. Егер капитал біртекті болса жеңіл бөлшектеніп желе (тоңба) тәрізді кез келген формаға құйыла береді, яғни онымен айла-әрекет (манипуляция) жасап кез келген тұтынуға лайықтап алуға болады. Бірақ оппоненттер капиталдың кез келген формаға құйылу қабілетін терістейді. Олардың айтуынша капитал өзінің заттық құрамы бойынша біртекті емес, әсіресе қазіргі өндіріс құрал-жабдықтарының шектен тыс көбейіп, капиталдың жансыздануы (омертвление) жағдайында ол біртекті бола алмайды. Қазіргі құрал-жабдықтардың көптүрлілігі соншалықты, оларды басқа қажеттіліктерге қолдану мүмкін болмай қалды. Неоклассиктердің тілімен айтқанда машиналар және басқа да техникалық құрал-жабдықтардың капитал сыйымдылығы коэффициенті бірінің талабына сай келсе басқа капитал сыйымдылығы коэффициентінің шарттарына мүлде жанаспайды.

Сонымен, Солоу сызған бір траекториядан екінші  траекторияға  өту  сызбасы  қағазда   ғана теп-тегіс. Ал іс жүзінде мұндай өту көптеген қиыншылықтарға тап болады, кәсіпкерлердің қате шешімдерінен бастап миллиардтаған қаражатты бір машиналар мен технологиялық жүйелерден екіншілеріне, олардың құнын өтеу мерзіміне дейін ауыстыру тіптен мүмкін болмай қалады.

Екінші қағидатты қарсылық орнықты өсудің бір траекториясынан екіншісіне өту мерзімдеріне байланысты. Бұл сұраққа Солоу жауап бермейді. Оның назары түгелдей осылайша өтудің дербес мүкіндіктеріне біржолата ауған. Дегенмен, жапон экономисі Сато бұл мәселені тәптіштеп зерттеуі нәтижесінде капитал сыйымдылығының бір коэффициентінен басқасына өту, сөйтіп жаңа траекторияға шығу, егер мұны шынайы жағдайларға максималды жақындата зерделесе орташа есеппен алғанда 100 жылдай уақыт алады екен. Өзінің жұмысын қорытындылай келе Сато былай деп жазады: «Өсудің неоклассикалық моделін пайдалана отырып біз экономиканың бір тепе-теңдіктен басқасына жылжуы бойынша оның параметрлері шамасы мен лайықтау кезеңі арасындағы өзара байланысты анықтадық. Әртүрлі экономикалар үшін модельді қолдану нәтижесінде лайықтау кезеңінің өте ұзақ екендігін көрсеттік. Бір тепетеңдіктен басқа тепе-теңдікке өту жағдайында экономиканы толық лайықтауға, шын мәнінде ешқашан қол жеткізу мүмкін емес. Біздің есептеулер бойынша толық бейімделудің 90 пайызына қол жеткізу үшін шамамен 50-ден 100 жылға дейін уақыт қажет болады»[8]. Айта кететін бір жәйт, Сато өзінің есептеулерінде жинақ нормасына шамалы ғана өзгерістер енгізген болатын. Сатоның қорытындылары, әрине, өсудің неоклассикалық теориясының ғылыми құндылығын объективті көрсетуге бағытталғаны даусыз. Жүз жыл ішінде кез келген елдің экономикасында жорамалданған модельдің параметрлері шеңберіне сай емес түбегейлі өзгерістер орын алады. Қазақ мәтелімен айтқанда, елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Самуэльсон П., Нордхаус У. Экономикс. – М.: Бином, 1997. – С.221-222.
  2. Фельдман Г.А. К теории темпов роста народного дохода// Плановое хозяйство – 1928. – №11. – С.146-170.
  3. Keynes J.M. The Keynesian Revolution.– Cambridge. –«CambridgeUniversity Press». – 1975. – 111-113.
  4. Харрод Р.К. К теории экономической динамики // Классики кейнсианства – 1997. – №2. – С.68-69.
  5. Solow P.M. Growth Theory.– Oxford. – Oxford University Press. – 1970. – 171-174.
  6. Solow P.M. Cambridge and the Real World // Times Literary Supplement– 1975. – №3. – P.58-61.
  7. Ferguson E.The Neoclassical Theory of Production and Distribution. – Cambridge: Cambridge University Press, 1989.–Р.97-69.
  8. Sato R. Fiscal Policy in Neoclassical Growth Model: An Analysis of the Time Required for Equilibrating Adjustment// Review of Economic Studies – 1963. №5 P.103-105.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.